Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Августа 2013 в 08:59, курсовая работа
Елімізде жүргізіліп жатқан реформаны іске асыру және барлық заңды мүдделерді қорғау үшін қылмыстылықпен күрес шараларын күшейтуді қажет етеді. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” дей отырып қоғамға, адамзатқа қарсы іс-әрекеттерді жасауға тыйым салады [1. 1-бап]. Қолданылып жатқан, құқықтық және ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр және техниканың дамуы мен көбеюіне, өндірістік қызметтердің қарқынды жүргізілуіне байланысты заңмен қорғалатын құндылықтарға абайсызда зардаптар келуінің мүмкіндігі де артуда.
Бұл сөздерде даусыз шындық бар, бірақ ол моральдық тұрғыдан заң шығарушыға рұқсат берілетін немесе жасауға міндетті нәрселерді көрсетпей, тиым салынатындарды ғана көрсетеді. Бұл шындықтың бөлігі үш ережеден тұрады. «Адамгершілік тұрғыдан алғанда жасалған әрбір жаман әрекет жазаға лайық, әрбір жаза әділетті болуы тиіс, тек осы арқылы ғана ол қорқыту құралы немесе түзеу құралы ретінде пайдалы бола алады; жазаны қолданатын адамда қылмыскерді жазалауға даусыз құқығы болмаған жағдайда, бұл жалғандықтың актісі ретінде, қиянат жасау ретінде болады». [41; 109-110 б.]
Адамгершілік және құқық тұрғысынан жазаны қабылдау және бағалау жөніндегі ішкі механизмдерді сипаттайтын қылмыстық құқықтың келтірілген философиялық ережелері осы күндері де қылмыстық жазаның түзеу қызметін түсіну бағытында өз өзектілігін және мағынасын жоғалтқан жоқ.
Қолданыстағы заңға және қалыптасқан қоғамдық құқықтық санаға сәйкес, қылмыстан соң жаза орын алады. «Жаза жасалған қылмысқа сәйкес болады: қылмыс қаншалықты ауыр болса, жаза да қаталырақ болады, егер қылмыс жекелеген адамдардың қоғамға қауіпті әрекеті болса, жаза сол үшін мемлекет тарапынан қылмысқа жауап ретінде қолданылатын пайдалы әрекетті білдіреді. Егер бұл жауап елеулі болса, онда ол қылмыстың жасалуы арқылы келтірілген залалды өтеудің мағынасы болуы керек. Қылмыс қоғамдық қатынастарды бұзу болып табылатындықтан, келтірілген залалды осы жерден іздеу керек және оны өтеудің мүмкіндігін де осы арадан іздеу керек. Яғни, абайсыздықта қылмыс жасаған қылмыскердің түзелу тиімділігінің дәрежесі тағайындалған жазаның абайсызда жасалған әрекеттің ауырлығы дәрежесімен тікелей байланыста болады.
Қылмыстылықпен күрестің негізгі бағыттарын анықтай отырып, қылмыстық саясат жазаны орындау аясында тәжірибелі қызметті жүзеге асыратын қылмыстық-атқару саясатын да құруға негіз жасайды.
Қылмыстық-атқару саясаты (немесе бұрынғы «еңбекпен түзеу саясаты» деп аталған) мемлекеттің жалпы бағыттан бөлек, ерекше бір саясат түрі деп саналған емес. Қылмыстық-атқару саясаты ел өмірінің мемлекеттің және қоғамның барлық салаларында өткізілген бүкіл саясаттың ажырамас бөлігі ретінде танылған.
Н.А. Стручков жазғандай:
«Еңбекпен түзеу саясаты
Әлеуметтік, қылмыстық және еңбекпен түзеу саясаты күрделі қарым-қатынаста екендігі жөнінде жоғарыда айтылған ережені нақтылай қарастырайық,– деп жалғастырды өз ойын Н.А. Стручков. Олардың қорын әлеуметтік саясат құрайтыны даусыз. Одан өз бастауларын қылмыстық саясат алады және ол арқылы еңбекпен түзеу саясаты түзіледі. Сонымен қатар, еңбекпен түзеу саясаты тікелей адамның жеке басын қалыптастыру, адамдар арасындағы дұрыс қарым-қатынастарды қабылдау, бірігіп тұру ережелері туралы әлеуметтік саясаттың ережелеріне сүйенеді. Еңбекпен түзеу саясаты жазаны атқару барысында, ауытқымалы жүріс-тұрыспен күрестің жалпы ережелерін нақтылауға мүмкіндік бере отырып қылмыстық саясатқа да, әлеуметтік саясатқа да кері әсерін тигізеді». [42; 93-94 б.]
Демек, қылмыстық-атқару саясатының өзі мемлекеттің қылмыстылыққа әсер ететін дербес бағыты болып табылады. Сонымен қатар, қылмыстық-атқару саясаты мемлекеттің жүргізіп жатқан қылмыстық және әлеуметтік саясатымен өзара ажырамас байланыста және өзара негізділікте болады. Өз кезегінде елде жүргізіліп жатқан қылмыстық атқару саясаты тиімділігінің дәрежесі мемлекеттің жүргізіп жатқан әлеуметтік және қылмыстық саясаттың тиімділік дәрежесін есепке алған кезде ғана дұрыс объективті бағаға ие бола алады.
Қазіргі уақытта біздің республикамызда мемлекет тарапынан халықтың өмірін жақсартуға бағытталған кең көлемдегі әлеуметтік өзгерістер жүргізуді қарастыруда. Ал мемлекет қылмыстық және қылмыстық-атқару саясаттарын жүргізуде адамгершілік және заңдылық, демократизм және ізгілендіру қағидаларын қатаң сақтауға бағыт алынған.
Қылмыстылықпен күрестің тиімділігін әрі қарай арттыру үшін қылмыстық-атқару саясатына немесе қасақана және абайсызда жасалған қылмыстармен күреске жеке-даралық әдісін белсендірек енгізген жөн.
М.Т. Исмаилов 2004 жылдың 2 тамызы күні ВАЗ-21013 маркалы жеңіл автокөлігін басқарып келе жатып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, ГАЗ-322132 маркалы «Газель» автокөлігіне соғып, автокөлікте отырған Д. Ілиясованың денсаулығына абайсызда орташа ауырлықтағы зиян келтірген.
Сотталушы М. Исмаиловқа Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 1-бөлігімен айып тағылған.
Соттың пікірі бойынша, іс материалдарына назар аударғанда сотталушы М. Исмаиловтың жауаптылығын ауырлататын мән-жайлардың жоқ екенін, ал жеңілдететін мән-жайларға оның шын-жүректен қынжылып өкінуін, бұрын сотты болмағандығын, материалдық жағдайының ауырлығын, анасы мен екі інісінің асыраушысы екенін, көлік құралымен күн көріс табыс тауып отырғанын, мүмкіндігінше келтірген залалдың орнын толтыратын уәдесін есепке алған.
Сот сотталушы М.Т. Исмаиловты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп тауып, оны көлік құралын жүргізу құқығынан айырмастан, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына соттап, бірақ Қазақстан Республикасы ҚК 63-бабын қолданып, оған үкім бойынша тағайындалған жазаны шартты деп санап, 1 жыл сынақ мерзімін белгілеуге үкім еткен. [43]
Осы келтірілген мысалдардан анық көрініп отырғандай, абайсызда жасалған қылмыстар үшін жаза тағайындау кезіндегі мәселелерді шешу туралы сот практикасында, жазаны дұрыс жекешелендіру және қылмыстық қудалау шараларын үнемдеу мақсатында, кінәлінің жеңілдететін, ауырлататын мән-жайларын, сондай-ақ әрекеттің жасалу себебін анықтау қажет. Іс материалдары бойынша бөтеннің автокөлігін ұрлау орын алғанда, соңынан оны айдап әкету, жол жүру ережесін өрескел түрде бұзу және жеңілтектікпен, жауапсыздықпен қарау салдарынан жасалған әрекеттермен қатар, қасақана қылмыс жасаумен ұштасқан қылмыстар жасалғаны анықталған жағдайларда, сот бас бостандығымен айырумен байланысты қатаң жаза түрлерін тағайындайды.
Ал егер көліктегі қылмыстар қылмыс жасаушының жеке өміріндегі ауыр жағдайларына байланысты жасалған болса және кінәлінің жасаған әрекетіне шын-жүректен өкініп, келтірілген залалдың орнын толтыруға барынша шаралар қолданғанына көзін жеткізсе, сот оны бас бостандығынан айырса да, оған жазаны шартты түрде тағайындап, сынақ мерзімін белгілейді.
Яғни, сот кінәлінің жеке басы мен қоғамға қауіптілік дәрежесін ескере отырып, қылмыстық-түзеу әсерінің өлшемін таңдайды. Бірақ, соттардың әрқашан да абайсызда жасалған әрекеттің себебін толығымен анықтай бермейтінін, абайсызда болған оқиғаларға көбінесе жәбірленушінің кінәсі басым болғанымен де, жәбірленушінің кінәлілік дәрежесіне жеткілікті түрде назар аудара бермейтінін айта кеткен жөн.
Қазақ КСР Жоғарғы Сотының 23 қыркүйек 1983 жылғы Қаулысының 4-тармағында «соттар жазаны жекешелендіру туралы заңының талаптарын қатаң сақтауы, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған жолда жүру және автокөлік құралдарын пайдалану ережелерін өрескел түрде бұзған кінәлілерге босаңдық танытуға жол бермеуі керек. Сонымен қатар, жазаның түрі мен көлемін таңдаған кезде, апатты жағдай туындауына себеп болған жәбірленушінің кінәсінің дәрежесін де ескерген жөн» - деп көрсетілген. [44; 115 б.] Айта кететіні, келтірілген Қазақ КСР Жоғарғы Сотының осы Қаулысы өз күшін әлі жойған жоқ. Бірақ, келтірілген құжаттардағы қылмыс түрлерін, сондай-ақ жәбірленушінің әрекеттеріне байланысты оның орындалуы жөніндегі бөлігінде бірқатар қиындықтар туындауда.
Көптеген оқиғаларда, әсіресе техникамен байланысты салаларда жәбірленушілердің өздерінің тараптарынан өрескел абайсыздықтар жіберіледі. Бұл жол-көлік оқиғаларында жүргіншілердің өздерінің белгіленбеген жерлерден жолды кесіп өтуі немесе мас күйлерінде автокөлік және басқа да көлік құралдарының астына түсіп, жолда жүру ережелерін бұзуынан көрінеді.
Бас бостандығынан шартты түрде айыру институты толық қайта қарап, қайта құруды қажет етеді. Негізінен, шартты соттау қағаз жүзінде және белгілі бір дәрежеде дерексіз сипатта көрініп, оның сотталғанға түзеу-ескерту шарасы тиімділігінің нақты деңгейі соншалықты жоғары емес. Осыған байланысты келешекте шартты соттау-жазаның жаңа түрі ретінде ауыстырылғаны дұрыс. Сондай-ақ түзеу жұмыстарына тарту жазасын тағайындаған кезде, сотталушының табысынан мемлекет пайдасына ұсталынатын алым мөлшерін, мысалға 10 пайыздан 30 пайызға дейін деп көтерсе, сонымен қатар, қоғамдық жұмысқа тарту жазасындағы міндетті қоғамдық пайдалы жұмыстардың уақытын 100 сағаттан 300 сағатқа дейін арттырса әділетті болған болар еді.
Жоғарыда айтып кеткендей, жазаның түзеу-ескерту қызметінің дәрежесін көтеру, жасалған әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесі мен қылмыскердің жеке басы жан-жақты ескеріле отырып тағайындалатын жазаны жекелендіру және қылмыстық-құқықтық жазалау шараларын үнемдеу қағидаларын қатаң сақтаумен, сондай-ақ қолданыстағы заңдардың барлық жүйесін одан әрі жетілдірумен, сонымен қатар қылмыстың алдын алуға бағытталған жаңа, арнаулы заңдардың қабылдануымен байланысты.
И. Бентамның тұжырымы бойынша «кез келген жаза - зиян, кез келген жаза өздігінен қиянатты білдіреді, ол тек қандай да болса да үлкен қиянатты жою мүмкіндігі болғанда ғана рұқсат етіледі». [45; 221 б.] Яғни, қолданылатын жазаның ескерту мақсаты жаңа қылмыстың алдын алудан тұрады. Ал мұны жаза тағайындау кезіндегі жоғарыда келтірілген қағидаларды сақтаған жағдайда ғана қол жеткізуге болады.
Осы зерттеулердің ішінде профессор Д.С. Чукмаитовтың «Қылмыстылықтың алдын алудың мемлекеттік жүйесінің негіздері туралы» арнайы заң қабылдау жөніндегі ұсынысы назарға алуға тұрады.
Д.С. Чукмаитов «Бұл арнайы заң қылмыстылықтың алдын алудың құқықтық реттелуін қамтамасыз ете отырып, қылмыстылықпен күрес саласындағы құқықтық бастамаларға жол ашады. Заң-тәуелділік тобына жатқызылған және профилактикалық есепке алынған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігін анықтап, оны қамтамасыз етуі тиіс. Мұндай кепілдіктерге:
- қабылданған шешімнің негіздерін, оған шағымдану тәртібін түсіндіре отырып, адамға ресми түрде хабарлама беру;
- алдын алу қызметі
кезінде, сондай-ақ адамның
- құқық қорғау органдарының
профилактикалық есепке алу
Сонымен қатар, бұл заңда қылмыстың жасалуына себеп болған және себеп болатын мән-жайларды жоюға бағытталған шараларды атқару жөніндегі азаматтар мен ұйымдардың міндеттері көрсетілуі керек». [46; 180-181 б.]
Әрине, мұндай заңды қабылдаудың қажеттілігі және оның уақыты келгендігі жөнінде ешкімнің де таласы жоқ. Сонымен қатар, мұндай нормативтік актінің құрылымы нақтылауды қажет етеді және абайсыздықта жасалған қылмыстардың қасақана жасалатын қылмыстарға қарағанда қоғамға қауіптілігінде, жасалу себептерінде өзгешелік болатындықтан және оларға жаза мәселесін анықтауда, алдын алу шараларын шешуде айырмашылықтары болатындықтан, қасақана және абайсызда жасалатын қылмыстардың әрқайсысы бойынша жеке-жеке қылмыстың алдын алу тәртібінің шараларын анықтауды қажет етеді.
Қылмыстылықпен күресте қылмыстық жаза күрестің жалғыз ғана және негізгі де құралы емес. Біздің қоғамның дамуы, оның ұдайы демократизациялануы, қылмыстық жазаның гуманизациясын талап етеді, жекелеп айтқанда, өлім жазасын алып тастау, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруды шектеу. Алайда осы күнге дейін жазаның қылмысқа сәйкестиігін көрсететін нақты критерий анықталмаған, әсіресе егер қылмыстық жаза санция салыстырмалы анықталған болса.
Бұл қиындықтар
жазаның бір түрін екінші
Ары қарай батыс
елдерінің қылмыстық жазаның
балама шараларын, әсіресе
Нарықтық экономикасы
дамыған елдерде мүлікті
Қазіргі уақытта
жазаның осы түрін сақтап
Істегі қылмыстық заңнамаға сәйкес мүлікті тәркілеу тек қана қосымша жаза ретінде ғана қолданылады. Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілігіне байланысты заң тәркілеуді қолданудың міндетті немес мүмкінді болуын белгілейді.