Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Августа 2013 в 08:59, курсовая работа
Елімізде жүргізіліп жатқан реформаны іске асыру және барлық заңды мүдделерді қорғау үшін қылмыстылықпен күрес шараларын күшейтуді қажет етеді. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” дей отырып қоғамға, адамзатқа қарсы іс-әрекеттерді жасауға тыйым салады [1. 1-бап]. Қолданылып жатқан, құқықтық және ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр және техниканың дамуы мен көбеюіне, өндірістік қызметтердің қарқынды жүргізілуіне байланысты заңмен қорғалатын құндылықтарға абайсызда зардаптар келуінің мүмкіндігі де артуда.
Әділдік принципі құрамына
қосылатын заңдылық, заң алдында
теңдігі, кінәлілігі үшін жауапкершілігі,
адамгершілік, жеке даралық
және жіктелу принциптерін,
жаза мөлшерін және түрін анықтау үшін
заң шығарушы, сондай-ақ сот
қылмыс жасаған тұлғаға
жаза қолданғанда басшылыққа алғаны міндетті.
Заң шығарушы норма қолдануын органға әрекет етуі үшін үлкен немесе аздаған кеңістік ұсынады, осындай жолмен барлық деңгейде құқықтық ереже мақсатына жетуге тиіс. Егер норма қабылдаушы орган өзінің жұмысына немқұрайды қараса, ереже қолданушы жағдай мағынасына мән бермесе онда оның шешімі заңсыз және әділсіз болады.
Әділ жазаның жүзеге асырылу шарты судьяның кәсіптілігі, сатылмайтындығы, адал ниеттігі, оның адамгершілігі.
Жаза жеке даралығы бойынша бір қатар жұмыстарды зерттеу қылмыстық құқық заңы жаза тағайындауды реттеуші, қылмыстық құқық санаты жүйесінде жаза орнын анықтауға мүмкіндік береді және қылмыстық құқық принциптері негізінде сот қызметінде нақты тұлғаға нақты жаза түрі мен мөлшерін тағайындауды жалпы негіздерге сәйкес дәл анықтауға мүмкіндік беретінін көрсетіп отыр.
Жаза тағайындаудың жалпы бастамасы бұл құқықтық мемлекетте демократиялық түрде жүзеге асатын қылмыстық саясатта әділдік, адамгершілік туралы ұсыныстарды, идеялардың пайда болуын, критерилерді қоғамдық мүддеге сәйкес ережелерді қолдану шегін алдын ала анықтаушы басты идея.
Көріп отырғанымыздай,
жаза тағайындаудың жалпы негізі
бастаманы толықтырушы
Сондықтан жаза бұл бәрінен бұрын жазаның жасалған қылмыс ауырлығына сәйкестігі. Әділ жазаға жету жолы қылмыс ауырлығына әсер етуші барлық жағдайдың жан жақты толық есепке алу арқылы іске асырылады.
Әділ жаза бұл бәрінен бұрын жазаның жасалған қылмыс ауырлығына сәйкестігі. Әділ жазаға жету жолы қылмыс ауырлығына әсер етуші барлық жағдайдың жан жақты толық есепке алу арқылы іске асырылады.
Соттың әділ үкім шығаруына қылмыстың барлық жағдайы жүйесі тек тұтас есепке алынуы мүмкіндік береді, мұндай мәселенің алдын ала дұрыс шешілуі, қылмыстың ауырлығына қарай оларды топтастыруды дұрыс жүргізу, әрбір қылмыстың жеке түрі үшін әділ санкцияны анықтау.
Сотқа тікелей байланысты әрбір нақты жағдай бойынша екі мәселе шешілуі тиіс. 1. қылмыс ауырлығын анықтау, 2. әділ жаза тағайындау. Екінші мәселенің табысты шешілуі, бірінші мәселе дұрыс шешілген жағдайда ғана болатындығы түсінікті. Сондықтан қылмыстық құқықтың нақты қылмыстың қоғамға қауіптігі, оның осындай санатын өте толық қарау керек.
Заң нормасы бабы диспозициясында аталған, бәрінен бұрын қылмыстың құрам жиынтығына айналушы барлық белгілер нақты қылмыстың қоғамға қауіптік деңгейі мен мәніне әсер етеді. Егер біз қылмыстың қоғамға қауіптігіне әсер етуші жағдайдың иерархиялығын анықтауға ұмтылсақ, онда келесі қорытындыға келеміз.
Басты фактор, қылмыстың қоғамға қауіптік деңгейі мен мәніне әсер етуші қылмыстық ниет болып табылады. Бұл туралы заң тәжірибесінен білеміз. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 32-бабында айтылған әрекет осы Кодекстің Ерекше бөлімінде қарастыырылған, яғни мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке мүддені қорғауда қажетті қорғану шегінен аспаған, осы әрекет қылмыс болып саналмайды. Екінші факторлар мәні бойынша (ниеттен басқа) қылмыстың ауырлығына әсер етуші кінә қатысады, яғни жасалған қауіпті әрекетке және оның зардабына, адамның психикалық қатынасы. Абайсыз-дыққа қарағанда барлық жағдайда қасақана қылмыс қатал жазаланады.
Кінәлінің жеке басында қылмыстың ауырлығына өз үлесін қосады. Олар жасалған әрекетке қылмыс ауырлығын анықтауда, оның ауырлығына әсер етуші фактордың бірі ретінде қатысады. Қылмыстық құқық саласы теоретиктері жеке басқа қатысты рецедивистерге, олардың қоғамға қауіптілігіне сәйкес күшейтілген жаза қолдануды ұсынады.
Әділдік принципі аспектісінде ешкім жасаған бір қылмыс үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, қылмыскер жасалған қылмыстық әрекеті үшін жазаға тартылуы тиіс, бұрынғы озбырлық қылмысы үшін жаза тартқан, қайтадан жасаған қылмысы үшін қылмыскерді мемлекет қатал жазаға тартуы тиіс.
Қылмыскерге қолданылатын
қылмыстық құқық мәніндегі
Қылмысты қайталау (рецидив) институттары рөлі қылмыстық құқықта қатал жаза тағайындауға әсер етеді, авторлардың есебі бойынша, соңғы жазаның мақсаты мен мәнін толық талдап барып, оны тағайындау барысында бұрынғы сотталғандығын есепке алып дәлелді және заңды екендігі туралы айтуға болады. Бұдан тысқары ұқсас құқық бұзушылық үшін теңдей жауапкершілікке тарту және ұйғару құқық бұзушылық үшін теңдей жауапкершілікке тарту және ұйғару заң алдындағы теңдік принципін бұзушылық болып табылады.
Жазаны ауырлататын және жеңілдететін жағдайлар әділ үкім шығаруда өте маңызды, кінәсін мойындап келуі және қылмысты ашуда толық мүмкіндік көмек беруі - өзіндік жеңілдететін жағдай, әділ шешім қабылдауда есепке алынуы тиіс.
Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарының талдаулары онда балама және біршама айқын санкциялар саны көп екендігін көрсетеді. Бұл ретте әрбір нақты жағдайда әділ жаза тағайындауда, оны тағайындаушы судьяның субъективтік пікірі үлкен рөль атқарады. Қылмыстық құқық санкциясында қарастырылған жаза мөлшері мен түрінің әділдік белгілерін мүмкіндігінше заң деңгейіде айқындау қажет, бұл өз кезегінде әділдік жаза тағайындауда сот қызметінің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі