Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Августа 2013 в 08:59, курсовая работа
Елімізде жүргізіліп жатқан реформаны іске асыру және барлық заңды мүдделерді қорғау үшін қылмыстылықпен күрес шараларын күшейтуді қажет етеді. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” дей отырып қоғамға, адамзатқа қарсы іс-әрекеттерді жасауға тыйым салады [1. 1-бап]. Қолданылып жатқан, құқықтық және ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр және техниканың дамуы мен көбеюіне, өндірістік қызметтердің қарқынды жүргізілуіне байланысты заңмен қорғалатын құндылықтарға абайсызда зардаптар келуінің мүмкіндігі де артуда.
Қылмыстылықпен күрес тиімділігін арттыру мәселесін шешудегі аса маңызды бастамалардың бірі, ол қылмыстық құқықтың қағидаларына және заңдардың қатаң сақталуына негізделген, республикадағы қылмысты ауыздықтау және оның өркендеуіне сенімді кедергілер қою мақсатында, қылмыстылыққа іс жүзінде әлеуметтік бақылау жүргізуге бағытталған қылмыстық саясаттың мемлекеттің барлық жерінде іске асырылуын тану керек.
Қылмыстылықпен күрестің тиімділігін арттыруға қазіргі кезде заңда көзделмеген, бірақ құқықтық саясат Тұжырымдамасында белгіленген қағидалардың республика қылмыстық құқында заң жүзінде көрсетілуі мәселесінің шешілуіне ықпал еткен болар еді.
Іс жүзіндегі мәселелерді
шешу жасалған қылмыстар үшін жаза
шараларын қолдану кезінде
Мемлекетіміздегі
Жасалған әрекеттер үшін қолданылатын жазалардың тиімділігін арттырудың нақты негіздерін құру үшін үлкен маңызы бар шарттардың бірі, ол шет елдердің озық үлгілерін пайдаланып, оны біздегі абайсызда жасаған қылмысы үшін сотпен кінәлі деп танылған адамдарға қатысты қарқынды қадағалау қызметі ретінде пайдаланылған дұрыс.
Жекелеген жаза түрлері тиімділігінің шарттарына қатысты мәселелерді зерттеуде, қылмысты абайсыздық үшін қолданылатын жекелеген жаза түрлерінің мақсатын дұрыс анықтаудың маңызы бар. Қазіргі кезде заң әдебиеттеріндегі жаза мәселесі жөніндегі пайда болған өткір пікірталастар жазаның түсінігі, белгілері және мақсаттарын сипаттау төңірегінде орын алған. Кейбір зерттеушілер айтқандай, жазаның мақсатына жету құралының бірі ретіндегі жазалаудың, есе қайтарудың маңызын есептен шығаруға болмайды. Өйткені, жазалау, есе қайтару нақ сол немесе басқа жазаны нақты мазмұнымен толықтыра түседі.
Абайсызда жасалған қылмыстар үшін көп жағдайларда кінәліні қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлері тағайындалады. Мұндай жағдайда осындай жазалардың жазалау ерекшеліктері мен белгілері жөнінде күмәнді пікірлер туындауы мүмкін. Бірақ біздің ойымызша, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларда жазалау қызметтерін атқарады. Өйткені, қылмыскерге белгілі қиындықтар, ыңғайсыздықтар келтіру арқылы сазайын тарттыру сияқты жазалаудың ажырамас элементтері, кез-келген жаза түрінде кездеседі.
Келешекте қылмыстың алдын алу тиімділігін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасында «Қылмыстылықтың алдын алудың мемлекеттік жүйесінің негіздері туралы» Заңын қабылдап, онда қылмысты абайсыздықтың алдын алу мәселелеріне қатысты бөлек тарау арналса орынды болар еді.
Жасалатын қылмыстар
үшін қолданылатын жазалардың тиімділігін
арттыруға, қазіргі кезде құқық
қорғау практикасында кеңінен
Мәселелерді зерттей отырып жаза тағайындауда әділдік принципінің шешуші, маңызды қызмет атқаратынын еске ала отырып мына төмендегі басты қорытындыларға тоқталамыз.
Қоғам дамуының көп ғасырлық даму кезеңінде жаза барлық уақытта да адамзатпен бірге болды.
Барлық халықта, барлық уақытта ол нақты әлеуметтік экономикалық бірлестіктің тарихи дамуының айқын бөлігіне пайдалы болды.
Жаза барлық уақытта қылмыстық заң алдында мәселені шешуші негізгі құрал болды. Оның түпкілікті тарихи жағдайларға байланысты жаза түрі, мазмұны, қолдану тәртібінің өзгергеніне қарамастан өзгеріссіз қалды.
Жаза түсінігі Қазақ ССР-нің 1959 жылғы қылмыстық кодексіне енгізілген болатын, бірақ 1998 жылы 1 қаңтарда күшіне енген Қазақстан Республикасы Қылмыстық жаңа кодексіне дейін оның нақты заңдылық анықтамасы болған емес.
Қылмыстық құқық теориясында пайда болған жаза түсінігін анықтауда мынадай қортындыға келуге мүмкіндік береді, жазаны екі аспектіде қарауға, біріншіден, жасалған қылмысқа мемлекеттің жауабы немесе жаза реакциясы, Екіншіден, қылмыс жасаған тұлғаға шара немесе жаза акциясы.
Жаза реакциясының өзі жазалауды ұсынады, мемлекеттік мәжбүр ету көлемін қылмыстың қоғамға қауіптік деңгейі және мәні, жасалу жағдайы және кінәлінің жеке басы ерекшелігінен анықталады. Жаза акциясы бұл да жазалау болып табылады, қылмыс жасаған тұлғаны азап шегуге мәжбүр етеді.
Заңда жаза анықтамасы көрсеткен белгілерді зерттеу, мәжбүр ету Қылмыстық кодексте көрсетілген қылмыс жасаған тұлғаның құқығын және еркіндігін шектеу немесе одан айыру, мәжбүр етуді жазаның, материалдық белгісі ретінде қарауға мүмкіндік береді.
Жаза жасалған қылмыстың нәтижесінде пайда болады, ол негативтік жағдайды жоюға немесе бейтарап етуге шақыру болып табылады. Оның жүзеге асырылуы үшін, Республикасының Қылмыстық кодексінің 38.2 - бабында көрсетілген мақсаттар жүзеге асырылуы тиіс.
Жаза мақсатын әлеуметтік
әділдікті қалпына келтіру «
Жазаның мақсаты әлеуметтік әділеттілік, сотталғандарды түзеу, соттағандарды да, басқа адамдарды да қылмыс істеуден сақтандыру.
Жазаның әлеуметтік нәтижесі шындыққа сай, ал жазаның өзі әділ болуы үшін жеке даралау және жіктелу принциптері міндетті түрде сақталып тағайындалуы тиіс.
Осы принциптердің мазмұнының басқа принциптер арасынан дұрыс анықтау үшін, олардың рөлін және қылмысты атқарушы саясатта, жаза дамуы теориясында арнайы көрсетіп, анықтау қажет. Осы мәселені шешуде әртүрлі теориялық негіздер бар. Оның мәселесін және шешілу деңгейін іскен асырудың түрлі амалдары бар.
Жазаның жіктелу мақсаты кінәлінің жеке басын және қылмыстың жасалу жағдайын, қылмыстың ауырлығының мәнімен сәйкес келуінің үйлесімділігін қамтамасыз ету болып табылады немесе басқаша айтқанда жаза көлемінің қылмыскердің жеке басына және қылмыстың қоғамға қауіптігі деңгейімен сәйкес келуін қамтамасыз ету болып табылады.
Осы мақсатқа екі мәселені шешу арқылы жетуге болады. Бірінші жаза көлемінің қылмыстық құқық деңгейіндегі қылмысты және қылмыскерді сипаттаушы факторлармен сай келуін қамтамасыз етуден тұрады. Бұған жаза тағайындауды анықтау ережесі арқылы санкция белгілеу, шартты соттау, шартты мерзімінен бұрын босату және басқа институттардың болуы арқылы анықталады. Екінші мәселе қылмыстық атқару деңгейі арқылы іске асырылады: сотталғандарды түзеу мекемелерінің түріне бөлу мүмкіндігін анықтау, жаза өтеу жағдайының өзгеруі, жазалау және көтермелеу институтары және т.б.
Көріп отырғанымыздай көрсетілген екі деңгей бір бірімен тығыз байланысты, бірінші деңгейдің өзгеруі екінші деңгейге де әсер етеді.
Жаза жіктелуі осы әртүрлі өзгерістердің жүзеге асырылулардан қортындысы, көрінісі ретінде көрінеді.
Жаза жіктелуі заң шығарушы органдардың норматворчестволық қызметінің көрінісі, жаза жіктелуі қылмыс санаттарына, қылмыскерлердің жеке тұлғасының ерекшеліктеріне сай жаза түрлерін әділ белгілеуге мүмкіндік береді.
Осы қызметтің қортындысы ретінде жаза жіктелуі өз мазмұны бойынша өзіндік жаза жүйелерін ұсынады. Құқықтық ережеде бекітілген қылмыстың қоғамға қауіптігі дәрежесі мен мәніне жаза сәйкестігін реттеуші, оның жасалу жағдайын және кінәлінің жеке басын жаза мақсатына жету үшін қолдану.
Жаза жіктелуі жаза түрінің әртүрлілігі ретінде әртүрлі ереже және институтар арқылы көрсетілуі мүмкін. Барлық жаза жіктелуі қылмыс пен жеке тұлғаға жазаның үйлесімді сәйкестігін қамтамасыз етуде қызмет етеді. Осылайша заң жаза жіктеулерін қатаң басшылыққа алса, барлық факторлар оларды толық өңдеуді қамтиды, жаза арқылы бағалауы қылмыстық іс-әрекеті мен қызметке үйлесімді баға беріледі.
Сонымен жаза жіктелуі жүйелілігі жүйесі бар қылмыстың қоғамға қауіптігі дәрежесі, жасалу жағдайы және кінәлінің жеке басына әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру мақсатында әділ жазалау, сотталғанның түзелуін және сотталғандарға, басқа тұлғаларға, жаңа қылмыстар жасамауға ескерту болып табылады.
Жаза жеке даралығы оның жіктелуі арқылы ғана мүмкін. Қылмыскерді көп немесе аз санаттарға топтастыру және кінәлі топтың өзіндік типтік негізінде жаза талдап қорыту арқылы жауапкершілік нысаны айқындалады.
Бұл жағдайда жаза жеке даралығы мен жіктелуі жазаның бірығай принципі ретінде айтуға мүмкіндік береді. Жаза жеке даралығының негізі оның жіктелуі болып табылады. Нақты жеке басқа жаза қолданғанда сот істелген іс-әрекеттің заңда көрсетілген санатының қылмыстың қайсы санатына жататынын, оларға қайсы жаза жіктемесі сәйкес келеді, осылардың барлық жиынтық есебінен анықтайды. Бұл қызмет заң негізінде тек нақты тұлғаға қатысы практикалық деңгейде жүзеге асырылады.
Жаза жеке даралығының жіктелуден айырмашылығы жалпы жағдайдан және критериден заңмен анықталған жеке жағдайларға өтіп кетеді. Сонымен жаза жеке даралығы мен жіктелуі елеулі айырмашылығы бар, екі өзіндік салааралық принциптер.
Көрсетілген принциптер өзара тығыз мазмұнды және мақсаты аспектте байланысты. Бұдан тысқары олар өз алдына іске асырылмайды, олар бір бірін толықтырады және комплексті іске асырылады, жаза жіктелуі мен жеке даралығы принциптері әрекеттестігі толық жүзеге асырылады.
Жаза жіктелуі принципі көп жағдайда әділдік принципі арқылы қамтамасыз етіледі. Онымен сәйкес келеді, оны дамытады және толықтырады. Егер әділдік принципі мазмұны негізі қылмыстың, жеке бастың жазамен сәйкес келуі болып табылса, ал жаза жіктелуі принципі жазалардың бөлінуін (түрі, көлемі т.б.бойынша) оның қолданылуы қылмыскердің әртүрлі тобына, әртүрлі жағдайы есебінен жаза жіктелуі принципі әділдік принципінің іске асырылуын қамтамасыз етеді, қылмысты, қылмыскерді сипаттаушы факторлардың жазамен сәйкестігін анықтауға қажетті жағдай болып табылады.
Өзінің іске асырылуын
заң және практикалық деңгейде табушы
әділдік принципінен
Жаза мен қылмыстың сәйкестігі - бұл әділдік принципі негізі. Осы сәйкестікке жету немесе жақындау үшін егер заң бір жағынан қылмысты, оның жасалу жағдайын, жеке басын сипаттаушы факторлады бөлсе, екінші жағынан жаза арқылы осы факторлардың дәрежесін анықтайды. Басқаша айтқанда әңгіме жаза жіктелуі туралы болып отыр. Тек жаза жіктелуі бағалауға жататын заңдық мәні бар факторлар мен бағалаушы жаза арасындағы сәйкестікке жету мүмкіндігін анықтайды. Сондықтан жаза жіктелуі әділдікке жету құралы болып табылады.
Жаза жіктелуі әділдік принципін, оның заңда пайда болу деңгейінің бәрін қамтамасыз етпейді, ол тек қылмыскердің (сотталушының) жеке басын, оның жасалу жағдайының жазамен сәйкестігінде ғана қамтамасыз етеді.
Әділдік санаты секілді жаза жіктелуі әлеуметтік қамтамасыз етілген мәнге ие. Әділдік санатымен бірге тарихи дамуда жаза жіктелуі заңдық мәні бар факторлардың бөлінуін қамтамасыз етті, қылмысты сипаттаушы, қыл-мыскердің жеке басы, қылмыстың жасалу жағдайы және көрсетілген фактор-лардың біреуіне немесе бірнешеуіне жазаны бағалаушы (шарасы, көлемі) ретінде анықтады.
Жаза жіктелу принципі қылмыстық заңның басқа принциптеріменде байланысты және олармен бірге әрекеттестікте іске асырылады. Ол өзіндік әлеуметтік және құқықтық бағалылыққа ие, біздің көзқарасымызша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде ол жеке құқықтық принцип ретінде бектілуі тиіс.
Жаза әділ болуы тиіс. Жаза тағайындау заңда қарастырылған жағдай негізінде және белгілі бір арнада қатал іске асырылуы тиіс. Республикасының Қылмыстық кодексі жаза тағайындаудың жалпы негіздерін нақтылаушы және бөлшектеуші ережелерді белгілеген арнайы критерийлерді ережелер жүйесінің тізімін береді.
Бұдан әділдік критериі жүйесі жаза тағайындауда нормалар тобының үш жүйесі арқылы ашылады, а) жаза тағайындау принципі, б) жаза тағайындау-дың жалпы негіздері, в) заңның жеке жағдайы, жаза тағайындауды жалпы нақтылаушы және толықтырушы, жаза тағайындаушы институттарға біріктірілген.
Сот жеткілікті түрде анық белгіленген ережелерді басшылыққа ала отырып жеке жаза тағайындауы үшін, белгіленген заң мақсатына жетуді қамтамасыз етуді (әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандарға, басқа тұлғаларға жаңа қылмыс жасамауға ескерту) қамтиды.
Әділдік критериінің барлық жүйесі қылмыстық құқықтың жалпы және салалық принципіне сәйкес жаза тағайындау принципіне негізделеді, Атап айтқанда принциптер сәйкестігі (әділдік, заңдылық, заң алдындағы теңдігі, кінәләлігі үшін жауапкершілігі, адамгершілік) іс-әрекетке баға беру ең терең дәлелдеуден тұрады және жаза тағайындау қортындысының әділ көрінісі болады.
Принципті заңды белгілеудің қорытындысы жаза тағайындау институт-тарымен байланысты жаза қолданудың жалпы бастамасының методоло-гиялық, идеологиялық негізін құра отырып жаза жеке даралығы бойынша сот қызметінің мазмұнын анықтауға, қорытынды жасауға мүмкін-дік береді. Сондықтан оны жаза тағайындаудың принципі деп атауға болады. Бірақ осы принциптер ішінен авторлар әділ соттылық мәселесін анықтауда үлкен әсер етуші әділдік принципін бөліп зерттейді.