Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Августа 2013 в 08:59, курсовая работа
Елімізде жүргізіліп жатқан реформаны іске асыру және барлық заңды мүдделерді қорғау үшін қылмыстылықпен күрес шараларын күшейтуді қажет етеді. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” дей отырып қоғамға, адамзатқа қарсы іс-әрекеттерді жасауға тыйым салады [1. 1-бап]. Қолданылып жатқан, құқықтық және ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр және техниканың дамуы мен көбеюіне, өндірістік қызметтердің қарқынды жүргізілуіне байланысты заңмен қорғалатын құндылықтарға абайсызда зардаптар келуінің мүмкіндігі де артуда.
Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалар сотталғанға жазалауды қамтамасыз ететіндей бағытта қолданылуы керек. Осы шаралар жүзеге асырылған жағдайда, біздің республикамыздағы абайсызда жасалған қылмыс түрлерімен күресте, сотталғандарды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды қолдану тиімділігін арттыруына әсер етер еді.
ХХ-ғасырдың аяғы мен ХХ1-ғасырдың басындағы заң әдебиеттерінде қылмыстылықпен күрес жөнінде сирек (бұл күресте ымыраға келу мүмкіндігі жөнінде жиі) айтылатын «күрес» сөзі, жазаның әлеуметтік мақсатын дұрыс айқындайтын,-дейді жалғастырады А.А. Мальцев. Бұл жерде басқа мәселе немесе бағыт маңызды сияқты. Қылмыстылыққа қарсы күрес жүргізу жиілігі оның деңгейімен ескеріледі. Қылмыстық заңды қайта қалыптастырудың әлеуметтік шарттарының бірі ретінде қылмыстылықтың деңгейі есепке алынады. Осыған байланысты қылмыстылықтың әр деңгейіне, құқықбұзушыларға қолданылатын жазалау шаралары да тиісінше болуы керек.
Жаза – қылмыстық құқықтың құрылымына кіретін әлеуметтік құбылыс ретінде, қылмыстық заң нормаларының барлық жүйесі арқылы әлеуметтік процесстерге әсер етеді. Бұл жүйеден тыс жазаның әлеуметтік мәнін түсінуге болмайды, одан тыс кез-келген жаза туралы норманың әлеуметтік дәрежесін де, қоғамға қауіпті әрекет түрлері үшін қылмыстық жауапкершіліктегі кемшіліктерді де анықтауға мүмкіндік болмайды. Сонымен қатар қылмыстық құқық та «біртұтас» ретінде оның «бір бөлігі» де жазаға әсер етеді. Осыдан әлеуметтік қызметтердің мазмұнын анықтау (әлеуметтік негізділігі) қылмыстық құқықтың міндеттерімен үйлеседі және қылмыстық заңның (басқаша айтқанда, әлеуметтік негізділігін ескермегенде) жалпы әлеуметтілік негізділігі тұрғысының өзінің жалпы көрінісінен алғанда, қылмыстық құқықтың жалпы жүйесінің сапалық айқындылығын сақтау үшін оның үш басты міндеттерін бөліп шығару қажет: қорғау, реттеу, әділеттілікті қамтамасыз ету.
Жазаның әлеуметтік салдары елдегі қылмыстылықпен күрес тиімділігінің дәрежесін анықтайтын қоғамдағы адамдардың жүріс-тұрыс бейнесін және психологиясын қалыптастыратын әлеуметтік-психологиялық әсер ету фактілерінен көрінеді. Жазаның әлеуметтік салдарына байланысты мәселелерді зерттеу, зерттеушіні жазаның әлеуметтік мақсаты мен әлеуметтік негізділігін дұрыс анықтау мәселелерін шешуге әкеп соқтырады. Бір жағынан қарағанда, жазаның әлеуметтік салдарын дұрыс бағалау мақсаты, үлкен мәселенің бір бөлігін, жалпы қылмыстылықтың әлеуметтік салдарын дұрыс сипаттау мәселесін құрайды.
Көптеген ондаған жылдар барысында қоғамдық санада жаза деп кінәліні қоғамнан оқшаулау деп түсінетін, ал түзеу жұмыстарын, айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту, бостандығын шектеу және басқа да қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды дұрыс қабылдамайтын және қылмыстық жаза деп есептемейтін тұрақты пікір қалыптасқан. Сондықтан осы уақытқа дейін соттардың қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды сирек қолданатыны байқалады.
Кеңестік дәуір кезінде
мемлекеттің қылмыстық саясаты
қылмыс жасағандарға көбінесе жазалау
шарасы ретінде бас бостандығынан
айыру жазаларын қолдануға
Профессор В.В. Лунеев қылмыстық жаза шараларының даму қарқынын ұғыну арқылы сотталғандардың көпшілігіне бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды қолдануға бағытталған кеңес үкіметінің жүргізген жазалау шараларының саяси және идеологиялық негіздерін ашты. В.В. Лунеев былай деп жазады: «Соттылықтың дамуын талдау кезінде қылмыстық жазалардың басқа да түрлерінің дамуын айналып өтуге болмайды. Ол әділ соттың, қылмыстық саясаттың қойған талаптарына әсерлі әрекетін, қылмыспен соттылықтың дамуымен өзінше өзгеріп, түзетіліп отырады.
Қылмыстың өсуі кезеңінде, -деп өз ойын жалғастырады В.В. Лунеев, одан кейінгі бас бостандығынан айыру жазасы үлесінің кемігені, жазаның жаңа түрлерінің ойлап табылғаны, жыл сайын бас бостандығынан айырылғандарды шартты түрде босатып, міндетті түрде еңбекке тартуға жіберілгенімен де бас бостандығынан айырылғандарды қажетті орындармен қамтамасыз ете алмады. Бірақ бұл бас бостандығынан айыру жазасы үлесінің өсуін іс жүзінде тежеуші күш болды. Сотталғандарды түзеу саясатындағы жазаларды ізгілендіру-қайта құру кезінде де күшейді. 1987 жылға бас бостандығынан айыру жазасы 33,7 пайызға дейін төмендеді, бірақ қылмыстың өсуі 1990-жылы бұл көрсеткішті 36,2 пайызға дейін өсірді. Қортындысында бас бостандығынан айыру жазасының үлесі отыз жылда екі есеге кеміді, ал бас бостандығынан айыруға сотталғандардың саны соңғы отыз жылда 14107959 адамды құрады. [36; 799-802 б.]
Егер осы шартты жазаның екі түрін қоссақ, түзеу жұмыстары сияқты, оның басымдық салмағындағы даму өзгерістерінің ұқсастығын байқау қиын емес.
Қылмыстық жазалар құрылымында бас бостандығынан айыру жазасының үлесі айрықша басымды болуына, қылмыстық-құқықтық нормалардың санкцияларында бірінші кезекте негізгі жаза ретінде бас бостандығын айыру жазасы ұсынылып, ал қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды балама жаза ретінде қолдануды ұсыну әсер етуі мүмкін. Сондықтан сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды қолдану, іс жүзінде судьяның субъективті қарап шешуіне жатты. Судья мұндай жазаны қолданудың әрбір жағдайында оның пікірінше сотталғанды қоғамнан оқшауламай-ақ түзеліп кететінін, қайтадан қылмыс жасамайтынын негіздеп, мән-жайларды жете зерттеп, дәлелдеп ол жөнінде үкімде келтіруі тиіс болатын. Сот практикасында сотталғандарға қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды тағайындау кезінде жалтақтық, абайлаушылықпен қарау көріністері байқалады. Мұндай құбылыстар қолданыстағы қылмыстық-құқықтық нормаларының санкциясының басым көпшілігінде, әсіресе абайсызда жасалған қылмыс үшін бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды бірінші кезекте қолдануға бағытталған болса да, қазіргі уақытқа дейін кейбір құқық қорғау органдары қызметкерлерінің санасында сақталып қалған. Бұл жерде, бас бостандығынан айыру- ерекше жағдайда қолданылатын жаза шарасы деп саналатын қылмыстық құқық ережесінің сақталмайтынын айтып отырмыз.
Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды жеткілікті түрде тиімді қолданбау, заңдарда орын алған аталған жаза түрлерін қолдану тәртібінің олқылықтарымен де түсіндіруге болады. Мысалы, «Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды атқару тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 11 желтоқсан 2001 жылғы №151 бұйрығымен бекітілген Нұсқаулығында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалардың барлық түрлері қамтылмаған. [37; 60-74 б.] Әрине, Нұсқаулық заң емес, бірақ кейбір мәселелердің заңмен реттелмеген жерлерінде, іс жүзінде заңға тәуелді актілер басшылыққа алынады. Сондықтан аталған Нұсқаулыққа сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес барлық жазалардың атқарылу тәртібін белгілеуге бағытталған тиісті өзгерістер мен түзетулер енгізуге болар еді. Ал қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды қолдану және атқару тәртібін реттейтін қолданыстағы заңдарға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілсе дұрыс болар еді.
Нарықтық қатынас үстемдік етіп отырған заманда түрлі санаттағы қылмыстылықпен күресте айыппұл жазасы басты роль атқарады. Бірақ, аталған жазаны кеңінен қолдануға қазіргі қылмыскерлердің басым көпшілігінің криминологиялық ерекшеліктері (олардың қоғамдық пайдалы еңбекке тартылмауы және жеткілікті құнды мүліктері мен ақша қаражаттарының болмауы) кедергі келтіреді. Заң жүзінде ұсынылған айыппұл шеңберінің мүмкіндіктері жеткіліксіз. Заң шығарушының бұл жерде қылмыскерлердің басым көпшілігінің миллиондаған доллармен есептелетін табыстары бар екенін елемей отырғанын да ескеруге болады. Осыған байланысты шет елдердің практикасын қолдану қажет.
Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалардың саны көп сияқты болып көрінгенімен, қазіргі кезде бас бостандығынан айыру және сотталғанды қоғамнан оқшаулауды көздейтін басқа да жазалармен ауыстыруға тең келерлік жаза ретінде қалыптаспай отыр. Сондықтан заң шығарушы шартты соттаудың құқықтық тәртібін үнемі жетілдіре отырып, соттарды іс жүзінде оны кеңінен қолдануына итермелеуде.
С.Ф. Милюковтың ойынша «Шартты түрде соттауға үлкен пәрменділік танытуға ұмтылу-заң шығарушыны оның мәжбүрлеу потенциалын арттыра беруге мәжбүрлейді. Жазадан босатудың бір түрі екенін заңды түрде есептей келе, шартты түрде соттау біртіндеп нақты жазалардың біріне айналып келеді. Бұл қылмыстық құқық институтының белгіленген екі жақтылығы сотталғанды аса ұтымсыз жағдайға қалдырады: ол ұзақ уақыт барысында елеулі құқықтық шектеулерге ұшырайды. Оған қоса сынақ мерзімі ұзартылып, құқықтық шектеулер толықтырылуы мүмкін. Бірақ шартты соттаудың күші жойылған кезде өтелген (адал өтесе де) сынақ мерзімінің бірде бір күні есепке алынуға жатпайды.
Бұл тығырықтан шығудың жолы шартты түрде соттауды өзіне қатысы жоқ мәжбүрлеу белгілерінен «тазалап», бір немесе бірнеше қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлерін жетілдіруден көрінеді», -деп атап өтеді С. Ф. Милюков. [38; 208-211 б.]
Осы жағдайда жазалар
жүйесіне «түзеу орталығына жіберу»
деген жаңа жаза түрін жүзеге асыруға
болады. Осы ұсынылып отырған жазаның
қылмыстың мазмұнына сай сәйкес
Профессор С.Ф. Милюковтың
сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен
байланысты емес жазалар жүйесінің
одан әрі жетілдіруге қатысты
концептуалды ережелері мен тұжырымдары бізд
Шынында да сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалардың жекелеген түрлерін талдауға алар болсақ, С.Ф. Милюков көрсеткендей ресейлік жағдайдағы зерттеулердің негізіндегідей нәтижелердің пайда болатынын байқауға болады.
Біздің республикамызда
да айыппұл жазасын кеңінен
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 63-бабының 3-бөлігіне сай, шартты түрде соттау тағайындалған кезде сот сотталған адам мінез-құлқымен өзінің түзелгенін дәлелдеуге тиіс сынақ мерзімін белгілейді. Сынақ мерзімі бір жылдан үш жылға дейінгі ұзақтықта тағайындалады». Ал, Қылмыстық-атқару кодексінің 184-бабының 3-бөлігіне сай «Жеткілікті негіздер болған жағдайда қылмыстық-атқару инспекциясы сотқа сынақ мерзімін бір жылға дейін ұзарту туралы ұсыныс жібереді».
Яғни, Қылмыстық және Қылмыстық-атқару кодекстерінің нормаларында шартты жазаға соттау кезіндегі сынақ мерзімдерінің осы екі заңда әртүрлі болып белгіленуінен тұратын елеулі айырмашылықтардың бар екені байқалады. Мұндай қарама-қайшылықтарды жою үшін Қылмыстық кодекстің 63-бабының 3-бөлігімен сәйкес келмейтіндіктен, қылмыстық-атқару кодексінің 184-бабының 3-бөлігін алып тастау қажет.
Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалар сотталғанға жазалауды қамтамасыз ететіндей бағытта қолданылуы керек. Осы ұғымдар негізінде профессор Д.С. Чукмаитовтың «айыппұлды кінәлінің мүліктік мүддесіне әсер ету жолымен, жазалау шарасын сотталғанды түзеудің мақсатына жеткізуге жеткілікті түрде қамтамасыз ететін кезде қолданған жөн» деген тұжырымдарының толық негізі бар. [39; 26 б.] Сонымен қатар айыппұл сияқты қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрін қолдануда шет елдік практикаларды назарға алуға болады.
Профессор С.Ф. Милюков айыппұл салу жөніндегі шет ел практикасындағы келесі мысалдарды келтіреді:
«Немістің Росток қаласында
20 жасар мароккандық студент
Тағы бір мысал. Егде тартқан ер кісі 16 жасар жасөспірім қыздарға олардың өздерінің 7 доллар ақшасына бір қорап сыра сатып алып бергені үшін 1000 АҚШ долларына айыппұл мен 24 сағатқа міндетті еңбекке тарту жазасына сотталған. Өйткені, Калифорния штатындағы қолданыстағы заң бойынша жасөспірімдерге спирт ішімдіктерін, оның ішінде сыраны сатып алуына көмектесуге тыйым салынған.
Францияда қосымша жаза ретіндегі айыппұлдың мөлшері 50 миллион франкіге дейін жетеді». [40; 96 б.]
Сондықтан заң шығару қызметінде және құқық қорғау практикасында айыппұлдың жазалаушылық әсерінің тиімділігін арттыру мақсатында шет елдердің қылмыстылықпен күрестегі айыппұл салу тәртібі мен негіздерін қолдану орынды. Сондай-ақ қылмыс заңмен өзге де жаза мәселесін қарастыратын құқық салаларында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлері де қайта қаралып, одан әрі дамытылып, жетілдірілуге жатады.
Осы барлық шаралар, олар жүзеге асырылған жағдайда, республикамыздағы абайсызда жасалған қылмыс түрлерімен күресте, сотталғандарды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалардың тиімділігін арттыруына әсер етер еді деп санаймыз.
2.3 Жаза қолдану қызметінің болашағы туралы теориялар
Жаза-сотталғандарды түзеудің әр түрлі құралдарын, әдістерін және жолдарын қарастырады. Жазаның шаралары сияқты түзеу, қайта тәрбиелеу құралдары да жасалған қылмыстың, сотталушының жеке басын ескере отырып қолданылуы тиіс.
Қылмыстық құқық философиясында
қылмыскерге жазаның түзеу әсер
Мысалы, Ад.Франк, Кузеннің жұмысын келтіре отырып, былай деп жазған: «Тәртіптің бірінші заңы қоғамға, соның ішінде әділ сот билігіне қатысты сенімді, қайырымды болу. Егер де кімде-кім бұл заңның талаптарын орындамаса, тәртіптің екінші заңы, теріс қылығын өтеуді талап етеді, ал теріс қылықты тек жазамен өтеуге болады. Публицистер осы күнге дейін жазаның құқықтары үшін негіздемелерді іздеуде. Өздерін ұлы саясатшы деп санайтындар, жазаны тобыр үшін пайдалы деп табады, олар жазаның қорқыту, қауіп-қатер, оның сақтандыру күші арқылы қылмыс жасаудан бас тартқызуға болады деп санайды. Шынында, мұнда жазалаудың бір мағынасы ғана көрінеді, бірақ мұнда оның негізі көрінбейді, себебі егер жаза кінәлі емес адамға қолданылса да, ол одан сайын қорқыныш әкеліп, қылмыстың алдын алуға себеп болады. Адамгершіліктен үміттенетін басқалары, жазаның заңдылығын қылмыскерді түзеу арқылы, оның өзіне әкелетін пайдадан көреді. Расында, мұнда жазаның бір мүмкін салдары көрінеді, бірақ оның негізі мұнда емес. Жаза қылмыскерді түзеу үшін, оның өзі қолданылып жатырған жазаны әділетті деп санауы керек. Сонымен, алдымен жазаның әділеттілігі жөнінде мәселені шешу қажет. Жазаның шын негізі әділеттілік, ал қоғам мен жеке адамның пайдасы, оның тек салдары түрінде көрінеді.