Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес тиімділігінің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Августа 2013 в 08:59, курсовая работа

Краткое описание

Елімізде жүргізіліп жатқан реформаны іске асыру және барлық заңды мүдделерді қорғау үшін қылмыстылықпен күрес шараларын күшейтуді қажет етеді. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” дей отырып қоғамға, адамзатқа қарсы іс-әрекеттерді жасауға тыйым салады [1. 1-бап]. Қолданылып жатқан, құқықтық және ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр және техниканың дамуы мен көбеюіне, өндірістік қызметтердің қарқынды жүргізілуіне байланысты заңмен қорғалатын құндылықтарға абайсызда зардаптар келуінің мүмкіндігі де артуда.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЖАЗА.doc

— 465.50 Кб (Скачать документ)

12.Қылмыстық заңның практикада қолданылуын жүзеге асыратын лауазымды адамдардың қызметіне бақылау орнатудың деңгейін көтеру;

Себеп-салдардан кейін  В. М. Коганның пікірінше тиімділікті  зерттеудің объектісі болып келетін  қылмыстық құқық нормасын қалыптастыру деңгейі нақтыланады. Оның пікірінше «Қылмыстық құқық нормасын қалыптастыру деңгейіне құқықтық нормалардың төмендегі талаптарға сай келуі керек.

1.Белгілі бір әрекеттің басқаларынан өзгешелігін (қылмыстық және  қылмыстық емес) қамтамасыз ететін қылмыс құрамының 
айқындылығы;

2.Белгілі қылмыс құрамына белгіленген жазаның  
қылмыстық кодекстегі жаза жүйесімен ықпалдастығы;

Егер қылмыстық құқық  нормаларының себеп-салдары құқық  нормалары тиімділігі қоғам алдындағы  қылмыспен күреске байланысты мәселелерде  «мүдде құқығы» ретінде қарастырылса, онда тұжырымдау деңгейі бойынша қылмыстың құрамын айқындау талаптары мен жазаның келісімді болуы құқықтық негізде қарастырылады.

Заңның нақты қалыптасуына тікелей бағытталған бұл құқықтық талаптар, қоғамдық қатынастарды қорғауға байланысты міндеттер де өз көрінісін табады». [9; 53 б.]

 

 

1.3 Жазаны қолдану  барысындағы қазіргі мемлекеттік  саясат және оның ерекшеліктері

 

 

Қылмыстық құқық нормаларын қалыптастыру заң шығару қызметінде күрделі процестің бірі болып табылады. Бұл республикамыздағы қылмыстық заңды реформалау барысында нақты қарастырылуынан да көрінеді. 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі қылмыстық құқық ғылымы мен оның практикасының қылмыстық заңға арналған негізгі талаптарын ескере отырып қабылданған. Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде қылмыстық құқық нормалары диспозициясы қылмыс құралы талаптарын белгілей отырып, нақты, әрі айқын көрсетілген. Жазасының төменнен жоғарыға қарай қағидасы негізінде қойылуы, жасалған қылмыстың мән-жайын ескере отырып қолданылуы - қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 2-бабының 2- тармағында мынадай міндеттерді жүзеге асыру  шаралары көрсетілген: «бұл міндерттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылықтың негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді».

Профессор Ю. А. Афиногенов Ресейдің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты сол елдегі қылмыстық саясат және заң шығармашылығына қатысты мәселеге баға бере отырып былай деп жазады: «Біздің қоғамымыздың негізгі бағыты - нарықтық экономикаға өту, меншік нысананың көптігін қалыптастыру, заң билігінің, адам мен азаматтың құқықтарының бұзылмауын нақты қамтамасыз ету болып табылады. Осы процестегі құқықтың орнын бағалау аса күрделі мәселе». [10; 107-109 б.]

Мемлекетпен қоғамның тұрақты  дамуын қамтамасыз ететін элементтерінің бірі - әлеуметтік жағынан дәлелді де әділ, қазіргі заман талаптарына сай келетін қылмыстық заң жасау. Осындай заңның әділет жүйесімен бірігуі экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени құрылымдарда құқықтық мемлекеттің пайда болуын әкеле алады.

Ю. А. Афиногеновтың Ресейде қалыптасқан қылмыстық саясатты жүргізу мен заң шығарушылыққа байланысты пікірлерін аз ғана өзгерістермен КСРО күйрегеннен кейінгі Қазақстан жағдайымен де салыстыруға болады. Біздің республикамыздың жаңа нарықтық экономикаға өту процесі қоғам өмірінің барлық саласындағы құқықтық, мәдени, экономикалық, саяси қиындықтармен қоса жүргізілді. Сол кездегі астаң-кестең дағдарыстың салдары күні бүгінге дейін қоғамға өз әсерін тигізуде. Заң шығарушылық қызметте мұндай салдар көбіне заң мәтінін жасау мен дайындау техникасы ережелерінің талаптарға сай қабылданбағанынан, оның ішінде қылмыстық заңның бүгінгі қоғамдық дамуға сай келмейтіндігінен байқалады. Әділ, әлеуметтік талаптарға сай, тиянақты дайындалған заңдарды қабылдау мақсаты дегеніне жетпеуде. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыстағы Қылмыстық кодекске әлі күнге дейін толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, әлі күнге дейін қайта жасалуда.

Қылмыстың жекелеген  түрлерімен күреске байланысты қабылданатын заңдар кейде қылмыстық заңға  қайшы келеді. Мысалы, 2 шілде 1998 жылғы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының мазмұны біздің республикамыздың қылмыстық кодексіне қайшы.

Профессор З. О. Ашитов аталмыш  заңға талдау жасай отырып төмендегідей тұжырым жасайды: «2 шілде 1998 жылғы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектілерінің құрамын қажетінше толық қамтыған. Бұл заң бойынша, оларға: барлық лауазымды адамдарды, Парламенттің, мәслихаттардың депутаттары, судьялар, сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген өзге де жеке адамдар, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдар жатқызылған.

Сыбайлас жемқорлыққа  қатысты құқық бұзушылық субъектілері қатарына мемлекеттік ұйымдардың немесе жарғылық капиталында мемлекеттік меншіктің жиынтық үлесі кемінде отыз бес процент құрайтын ұйымдардың лауазымды адамдары теңестіріледі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңның 3-бабының 4-тармағы). Келтірілген Заңда, заңға қайшы мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды иеленетін заңды тұлғалардың әкімшілік және тәртіптік жауапкершілігімен қатар, қылмыстық жауаптылығын да  қарастырып отыр. Заңның бұл позициясы Қазақстан Респбликасы Қылмыстық кодексінің 14-бабына қайшы келсе де, дұрыс деп есептейміз. Ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 14-бабына сәйкес,  қылмыстық жауаптылыққа тек жеке адамдар ғана тартылады»- дейді З.О. Ашитов. [11; 12-13 б.]

Профессор З. О. Ашитов сонымен  қатар, қылмыстық құқықта заңды  тұлғаның жауаптылығын тануға байланысты өз пікірін айтып,  заңды тұлғалардың жауаптылығы туралы ережелерді де қылмыстық заңға енгізу жөнінде ұсыныс жасайды. [12; 13 б.]

Әрине, заңды тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін бір «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес туралы» заң жеткіліксіз. Ол үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне де жаңа өзгерістер енгізілуі қажет. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның нормалары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 14-бабына қайшы келетіндіктен қолданылмайтындығы да даусыз. Мұндай жағдайда заң шығарушылардың жекелеген заңдарды қабылдауда құқық нормаларының негізсіз бәсекелесу жағдайын құруға бастама жасап отырғанын ескере кеткен жөн.

Профессор С. В. Бородин  айтқандай қазіргі кездегі қылмыстық  саясатта жылдар бойы қалыптасқан стереотиптерден  бас тартып, қоғамда демократизациялаудың, ізгіліктің, әлеуметтік әдәілеттіліктің оңды тенденцияларын, адамның тұлға ретіндегі қоғамдағы орнымен құнын көтеру және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын күшейту секілді оң шешімдерді дереу қабылдап, оларды белсенді түрде жүзеге асыру қажет. Қылмыспен күресте пайдалы нәтижелерді дамытатын қазіргі кездегі қылмыстық саясаттың басты бағыттары тек осы база негізінде ғана ойдағыдай қалыптасуы мүмкін. С. В. Бородиннің пікірінше қылмыстық саясат бағыттарынан мыналарды көрсетуге болады:

«1) барлық қылмыстық әрекеттермен күрес жүйесін демократиязациялау, атап айтқанда, қылмыстық, қылмыстық  іс жүргізу мен қылмыстық атқару заңдарын және олардың қолданылу  практикасына және алдын-ала тергеу жүргізу барысына, тергеушілер, прокурорлар мен судьялардың қызметіне, еңбек ұжымдарының, қоғамның, халықтың араласуын қамтамасыз ететін мүмкіндіктер туғызу;

2) қылмыстан адамның  жеке басын қорғау, қылмыстық  сот өндірісінде олардың құқықтары  мен заңды мүдделерін қорғау, бас бостандығынан айыру секілді жазасын өтеп келгеннен кейін күнделікті өмірге бейімделу мақсаттарында заңдарды және қылмыстық әділет органдарының қызметін жолға қою;

3) құқық қорғау органдарының  қызметі мен қылмыстық сот  өндірісінде барлық азаматтарға  қатысты әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету; азаматтардың ұстанған дініне, ұлтына, қызметіне қарамастан сот және заң алдындағы теңдігі;

4) заңдылықтың бұзылу  себептерін зерттеу мен олардың  алдын алудың, заңды қолданудың  тиімді механизмін жасау және  олардың сақталуына кепілдік ету мүмкіндігін нығайту;

5) қылмыстық әділет  органдары қызметінің жариялылығын  қамтамасыз етіп, олардың қызмет  барысы мен нәтижесі жайлы  барлық мәліметтерді басылымдарда  жариялау, қоғам өкілдеріне аталмыш  органдардың қызметін бақылау  үшін, сондай-ақ басылымдарда жариялау мақсатында барлық мемлекеттік мекемелерге бақылау жасау мүмкіндігін кеңейту, олардың еркін кіріп-шығуын қамтамасыз ету;

6) қылмыспен күресті  жүргізу үшін ең алдымен, әлеуметтік  алдын алудың жалпы және арнайы  шараларын пайдалану арқылы алдын алу әдістерін қолдану;

7) қылмыстық әділет  органдарының күш-жігерін қоғамдық  тәртіпке жұмылдырып, жеке адамдарға  қарсы қылмыстардан, латенттік қылмыстан,  қылмыстық жауаптылықтан жалтармауға  бағыттау;

8)жаза тағайындау барысында жасалған қылмыстың ауырлығын, әлеуметтік себеп-салдарын ескере отырып, қылмыспен күресте ең басты құрал ретінде қылмыстық заңды ғана тану;

9)қылмысқа қарсы күреске ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін, криминология ғылымының ұсыныстарын, сонымен қатар өзге де құқық пен гуманитарлық ғылымдардың жетістіктері мен ұсыныстарын пайдалану;

10)қылмыстық сот өндірісіне бақылауды жақсартып, олардың бір-біріне тәуелсіз болуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық әділет органдарын қайта құру;

11) қылмыстық заңда  айқындалған шекте қылмыстық әділет органдарының қызметін ведомостовалық немесе партиялық негізде емес, мемлекеттік негізде жүргізу;

12)қылмыстық әділет органдары қызметіне жағдай жасау үшін және сол органның қызметкерлерінің шығармашылық еңбектерінің өнімді болуын қамтамасыз ету мақсатында оларды қаржыландыру мәселесін шешу, айлық жалақыларын көтеру;

13)қылмыстық әділет органдары ұжымында адамдар арасындағы адамгершілік қатынастарды қалыптастыру;

14)қылмыстық әділет органдары кадрларын жаңарту, олардың кәсіби шеберлігін шыңдау». [13; 10-12 б.]

Бұл ғалымның тұжырымдарын Қазақстандағы қылмыстық саясатты қалыптастырып, оны жүзеге асыру  үшін қолдануға толық болады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының  Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2002 жылғы 22 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының  құқықтық саясатының тұжырымдамасы» мемлекеттің жүргізіп жатқан қылмыстық саясатын оны демократияландыруға, ізгілендіру мен ырықтандыруға бағытталған.

Тұжырымдамада мына мәселелер  ескерілген: «Қылмыстық заңмен қорғалатын адамның құқықтары мен еңбектерінің ең жоғарғы әлеуметтік құндылық ретіндегі басымдылығы танылуы қажет; қылмыстық заңнаманы жетілдіру қылмыстық құқық қағидаларының тікелей сақталуынан көрінуі қажет.  Оларға мыналарды жатқызамыз:

- әрекеттің   қылмысты   және жазалы болуы қылмыстық   заңмен ғана анықталатындығынан көрінетін заңдылық қағидасы;

- азаматтардың сот  және заң  алдындағы теңдігі.  Барлық қылмыс жасаған азаматтар  тұрмысына, әлеуметтік, лауазымы  мен мүліктік жағдайларына, ұлты  мен жыныстық белгілеріне, сол  сияқты басқа да ерекшеліктеріне қарамастан заңмен сот алдында    тең    екендігі;

- кінәлі   жауаптылық. Адам кінәсі дәлелденген жағдайда  ғана, қоғамға қауіпті әрекеті  мен соған байланысты туындаған  қоғамға   қауіпті салдары үшін  күшіне енген соттың үкімімен  дәлелденген жағдайда ғана қылмыстық жауапқа тартылады;

- әділеттілік қағидасы. Сот қызметіндегі әділеттілік  қағидасы дегеніміз, іс жүргізу  нәтижесі бойынша қылмыстың мәні  мен қоғамға қауіптілік сипатын,  қылмыскердің жеке басын, жаза  мен жауаптылықты жеңілдететін  немесе ауырлататын жағдайларды ескере отырып, әділ жаза тағайындау;

- қылмыстық қудалаудың  ізгілігі мен тиімділігі дегеніміз,  жаза тағайындалғаннан кейін, қылмыс жасаған адамға адамгершілікпен қарау, оларға байланысты қорлау және қинау тәсілдерін қолданбау, оларды қылмыстық жауаптылықпен жазалаудан босатуға еш негіз болмаған жағдайда ғана жазаға тарту, қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмысқа байланысты жазаны қолданғанда егер, жеңіл жаза мақсатқа  жетуді қамтамасыз етпеген жағдайда ғана, оған жазаның ауыр түрін тағайындау;

- қылмыстық жауапкершілікпен  жазаның бұлтартпаушылығына, қылмыс  жасағаны үшін кінәлі тұлғалардың  барлығы да қылмыстық  заңда  көрсетілген жаза мен жауаптылыққа  тартылу керектігі;

- жәбірленушілердің,  сонымен қатар, мемлекеттің де  құқықтары тең дәрежеде қорғалады;

Қазақстан Республикасындағы  қылмыстық саясатты жүзеге асыру  жоғарыда көрсетілген қағидаларға  сәйкес дамуы және заңды шаралардың мынадай бағыттарын қамтуы қажет:

1. өлім жазасын қолдану аясын бірте-бірте азайтып, өлім жазасына мораторий жариялау, сонымен қоса өлім жазасын біржолата алып тастау мүмкіндіктерін жан-жақты қарастыру;

2. экономикалық қылмыстардың жеке түрлеріне байланысты мүліктік санкция қолдануды кеңейту, орташа ауыр немесе ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырудан басқа жазалардың бұдан да  жеңіл түрлерін қарастыру;

3. қылмыс жасаған адамдар жасаған қылмысына өкініп, қынжылған жағдайда оларға байланысты ынталандыру шараларын кеңінен пайдалану;

4. орташа  ауырлықтағы қылмыс жасағаны  үшін жасөспірімдерге бас бостандығынан айыру жазасын қолдануды қарастырмау;

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес тиімділігінің теориялық негіздері