ҚР азаматтық қоғамның қалыптасу мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2013 в 20:14, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамзаттың саяси өмірі мен ол құрған мемлекеттердің саяси жүйелерінің дамуының басым бағыттарының бірі – құқықтық мемлекет болуына байланысты. Сондықтан құқықтық мемлекет құру мәселесін жалпыадамзаттық құндылықтар қатарына батыл жатқызуға болады. Құқықтық мемлекеттің жалпылық сипаты болғанымен, бұл құбылыс өте күрделі саяси феномен. Құқықтық мемлекеттің әр елде қалыптасу үрдісін зерттеудің қиындығы да күрделілігі де оның осындай санқырлы қасиеті мен табиғатына байланысы. Құқықтық мемлекет фундаментінде демократиялық, әлеуметтік және өркениетті мемлекетте жасалады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дипломная вся гот.docx

— 121.46 Кб (Скачать документ)

       Заң шығару билігі институты  да  өзгерді. Кезінде бірқатар  маңызды актілерді (мемлекеттік  егемендік туралы Декларация, “Қазақстан  Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі  туралы” заң, 1993 жылғы Конституция,  меншік туралы, азаматтық туралы  және т.б. заңдар) қабыладанған  бұрыңғы бір палаталы жоғарғы  Кеңес қызмет тұрпаты өзгерген  екі палаталы Парламентке орын  берді. Ол азаматтардың құқықтары   мен бостандығын заңды түрде  қамтамассыз ету және оларға  кепілдік беру бойынша,  демократияны  дамытуға, нарықтық қатынасқа өтуге,  жеке меншікті енгізуге және  кәсіпкерлік құрылымдарды қолдауға  қатысты жұмысты жалғастырады.

        Үкіметтің тікелей басқаруымен  атқарушы билік қызмет атқарады. Оған экономикалық реформаларды  жүзеге асыру, елді дағдарыстан  шығару жөніндегі  шараларды  әзірлеу және асыру, заңдардың  орындалуын ұйымдастыру, күнделікті  мемлекеттік басқару жүктелген.  Сот билігі де өзгеріске ұшырады.  Жалпы және арбитражды соттар  бір жүйеге біріктірілді. Бұл  жүйені қазір жоғарғы сот басқарады.  Үш жыл қызмет атқарған (1992-1995) бұрыңғы Конституциялық Соттың  орнына Конституциялық Кеңес  құрылды. Құқық қорғау органдарының  жүйесі қайта құрылуда.

       Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің  атрибуттарын қалыптастыру  аяқталып  келеді, әскер бар, ұлттық гвардия  құрылды, мемлекеттік символика  бекітіліп, пайдалануда. Республика  ұлттық валютаға көшті.

        Құқықтық мемлекет – біздің  болашағымыз, оған баратын жол  жақын да, оңай да емес,  бірқатар  даму кезеңдерін қамтиды және  мемлекеттік органдардан,  лауазымды  тұлғалардан, жұртшылықтан, халықтан  елеулі күш –жігерді талап  етеді. Мемлекеттік және қоғамдық  қызметке салаутты дем беру  керек, жемқорлық жолына бөгет  қою қажет, қылмыспен күресу  керек, қоғамның заңы және моральды  – адамгершілік негіздерін дамыту  қажет. Құқықтың жаңартылуын жеделдету,  оның өнімдерін қолдану және  қорғау механизмдерін жетілдіру  туралы қамдану, азаматтардың  бойында  оларды сыйлау қасиетін  дарыту, қоғамдағы нақты құқықтық  қатынас пен басқа да заңды  байланыстарды құрайтынның бәрін  жүзеге асыру шараларын белгілеу  қажет.

       Осындай кешенді тәсілдеме құқықтық  мемлекет пен азаматтық қоғам  құру міндеттерін жүзеге асыруды  жеделдетуге мүмкіндік береді.

           Қазақстан мемлекетінің демократиялық  сипаты конституциялық қағидаларда  анықталады. Мемелекетті ұйымдастырудың  негіз құраушы қағидаларының  бірі – мемлекет басшысын, парламент  депутаттарын, жергілікті өкілетті  органдарды сайлау. Демократиялық  мемлекет қызметінің  басқа бір  негіз құрушы қағидасы – мемлекеттік  өмірдің ең маңызды мәселелерін  демократиялық әдістермен шешу. Референдум өткізу, Парламентте  дауыс беру тәртібі осыған  жатады.

      М.Сәрсенбаев көрсеткендей, тәуелсіздікке  қол жеткізілгеннен кейін қазақстандық  мемлекеттің құрылысы, оның сыртқы  саясатын әзірлеу, қазақ халқының тарихындағы тарихи, рухани тамырларын, оның ұлттық мемлекеттілігін зерделеу басталды. Біздің заманымыздағы жаңа болмыс тұрғысындағы осы ой ислам дінінің, мұсылман құқығының түркі тайпаларының олардың рухани, құқықтық мәдениетінің дамуында қазақ мемлекеттілігінің бастапқыда пайда болуында белгілі рөл атқарғанын көрсетеді.

Қазақстан мемлекетінің зайырлы сипаты ресми, мемлекеттік діннің болмауынан көрінеді. Көптеген діни ілімдердің бір де бірі міндетті немесе артықшылықты болып  танылмайды.

Мемлекеттік органдар діни бірлестіктердің істеріне заңсыз араласуға жол бермеуіне, сондай-ақ діни бірлестіктерге мемлекеттік  органдардың функцияларын жүктемеуі  қажет. Сонымен қатар мемлекет діни бірлестіктерге  мемлекеттік органдардың  функцияларын жүктемеуі қажет. Сонымен  қатар мемлекет діни бірлестіктерді қаржыландырмауы қажет. Сондай-ақ діни негіздегі саяси партиялардың қызмет атқаруына жол берлімейді.

       Діннің мемлекеттен бөлек болуы  мемлекеттік оқу орындарында  діни догмаларды оқытуға болмайды  дегенді білдіреді. 

      Қазақстан мемлекетінің  зайырлы  сипаты діни бірлестіктерді мемлекет  тарапынан қаржыландыруға жол   бермеуден де көрінеді.

       Дербестік жолға түскен Қазақстан  құқықтық мемлекет идеясын   бірден қабылдады. Құқықтық мемлекет - ұзақ тарихи дамудың жемісі. Осы жағдайды ескере отырып, Қазақстан  Республикасының 1995 жылғы Конституциясы  ақырындап  құқықтық мемлекет  идеясына  жақындайды. Конституцияның 1-бабы Қазақстан Республикасының  құқықтық мемлекетті бекіту жолына  түскенін, мемлекет құру жолына  түскенін білдіреді. Қазақстан   халқы алдына жоғарғы мақсат  қояды – құқықтық мемлекет  құру. Бұл мақсатқа жету оңай  емес. Құқықтық мемлекетте заңдар  белгілі бір бөлігінің емес, баршасының  шынайы еркін білдіреді, онда  заң үстемдік етеді. Ең жоғарғы  лауазымды тұлғадан бастап қатардағы  азаматқа дейін – барлық адам  заңдардың барша халықтың мүддесі  үшін қабылданып, әрекет ететінін, әр адамның құқығы мен бостандығын  қорғайтынын, адамдардың оқуы  үшін, отбасы құру үшін, жұмыс  істеуі үшін,  өздері таңдаған  іспен шұғыладну үшін, лайықты  өмір үшін пайда табуы мақстатында,  өздерін ерікті сезінуі үшін, қоғамдық өмірге қатысу үшін  қажет болатын қоғамдық тәртіп  белгілейтін түсінулер қажет.  Азаматтардың өзідері  бұзылған  құқықтарын қорғауға үйренулері  керек. Ол үшін соттар обьективті  болуы керек, азаматтар өз құқықтарын  қорғау үшін сотқа жүгіну керек.

            Құқықтық мемлекеттің негізгі  белгісі заңның қоғам өміріндегі  үстемдігі, жоғарлылығы. Қоғам  өмірінің анағұрлым маңызды жақтары  заңдар арқылы реттелуі керек.

         Мемлекет тек дамыған ұлттық  құқықтық жүйенің болуымен, оның  шынайы жұмыс істеуімен ғана  құқықтық мемлекет болып танылмайды. Мемлекеттің құқықтың сипатының  деңгейі барынша демократиялық,  прогессивті және гуманистік  құқықтың идеялардан тұратын  халықаралық құқық тұрғысында  өзін қалай сезінетінімен анықталады. Конституцияда Қазақстан Республикасы халықаралық құқық қағидаларымен нормаларын құрметтейді деп жазылған. Қазақстан Рсепубликасының қолданылып жүрген құқығына республиканың халықаралық келісімі –шарттық және басқа да міндеттемелері кіреді. Республикамен ратификацияланған халықаралық келісім- шарттың және басқада міндеттемелері кіреді.  Республикамен ратификацияланған халықаралық шарттар оның заңдарынан басым болады және халықаралық шартқа  сәйкес оның қолдануына заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа басқа уақытта тікелей қолданылады. Аталмыш конституциялық қағидалар құқықтық мемлекеттердің негізгі заңдарының деңгейінде қолданылады.

        Қазақстан Республикасының  әлеуметтік  мемлекет  ретінде қалыптасу процесінде.

        Қазақстан Республикасының Конституциясы  бойынша біздің мемлекетіміздің  әлеуметтік базасы - бүкіл халықтық, барша тұрғындар. Осылайша, әлеуметтік  – экономикалық жағынан да  халық (әлдебір тап емес) қоғамның  жалғыз әлеуметтік субьектісі  болып табылады. Сондықтанда қалыптасып  келе жатқан мемлекеттік үлкен  сенімділікпен әлеуметтік мемлекет  деп атауға болады. Оған қосымша  дәлел – конституцияның халықаралық  құқығының жалпыға ортақ нормаларында  көрсетілген жалпы адамзаттың  құндылықтарға бағытталуы.

         Мемлекеттік құрылым жағынан  Қазақстан Республикасы әкімшілік  – аумақтың бірліктерден тұратын  унитарлық мемлекет болып табылады.

        Қазақстан Республикасының Унитарлық  құрылымы оның аумағының, мемлекеттік  билік органдары жүйесінің біртұтас  заңаманың және азаматтықтың  бастамасы болып табылатын бірқатар  принциптерге негізделеді.

  1. Қазақстан Республикасының аумақтың және мемлекеттің біртұтастығы;
  2. Мемлекеттік билік жүйесінің бірлігі;
  3. Заңнама жүйесінің бірлігі;
  4. Бір азаматтық;

Қазақстанда басқарудың республикалық нысаны бекітілген. Басқарудың осындай нысаны таңдау үшін мынадай конституциялық қағидалар  заңды негіздеме болады: парламентариум халықтың мемлекеттік биліктің жалғыз көзі ретінде қарастырылуы; мемлекеттік  биліктің үш тармаққа (заң шығарушы, атқарушы және сот) бөлінуі;  халық  қабылдаған конституцияның үстемдігі  мен жоғары заңы күші.

Басқарудың  республикалық формасы жайғана  халықтың еркіне негізделмейді. Ол мемлекеттік  органдарға азаматтардың құқығы мен  бостандығын, заңды  мүдделерін қорғауға олардың мүдделерін мемлекет мүдделерімен үйлестіруге бағыт – бағдар береді. Бұл ретте адам құқығы мен бостандығының  мемлекеттік мүдделерден басымдылығы  қамтамассыз етеді. Мемлекет конституциясы  тікелей көзделген жағдайлардан басқа кезде адамның, азаматтың  құқығы мен бостандығын шектей алмайды

 

 2.2 Құқықтық мемлекет қалыптастырудың конституциялық негіздері

 

Құқықтық мемлекет қалыптастыру мәселесі тек дамыған Батыстық демократия үлгілеріне сәйкес орындала салатын қысқа мерзімді  саяси және әлеуметтік реформалар кезеңі емес. Құқықтық мемлекет жасалуы процесі ұзақ, әрбір елдің ішкі сапаларының жетілуіне байланысты болатын құбылыс. Сонымен қатар құқықтық мемлекеттің дамуы әлемдік глобалдық үрдіске жатады деп есептеуге болады. Демек, әр мемлекеттегі құқықтық қоғам қалыптасуына сыртқы факторлардың үлгісі болды. Осы үлгілер ықпалымен әр елдегі құқықтық мемлекеттің ішкі сапалары қалыптасады. Бірақ та сыртқы үлгілерге негіздеп жасанды құқықтық мемлекет қалыптастыру қиын, мемлекеттің пайда болуын және негізін сол елдің дамуы талаптарынан өмірге келген ішкі факторлер анықтайды. Ал құқықтық мемлекет институттарының қалыптасу үрдістері сыртқы факторлар немесе әлемдік құқықтық мемлекеттер тәрбиесі арқылы қалыптасады. Себебі әр елдің ішкі тәжірибесі толыққанды құқықтық мемлекет жасауға жеткіліксіз.

Бұл ойдан  құқықтық мемлекет қалыптасуы процесінің ішкі арнасы және сыртқы арнасы болады деген қорытынды шығады. Құқықтық мемлекеттің болуының ішкі арнасы ұдайы  күрделене беретін қоғамдық қатынастарды заңмен ғана реттелуі керектігінен туындайды. Елдегі әлеуметтік, этникалық, топтық, экономикалық, т.б. қайшылықтарды заңмен реттеу тиімді. Заңдылық демократиялық  қоғам орнатып, өркениетке жылжудың кепілі. Қоғамдық келісім саясаты  заңдылықтың жетістігінің көрінісі болып табылады. Ал сыртқы арна –  ол әлемдік құқықтық мемлекет орнату тәжірибесі. Оның белгілері түгелдей барлық мемлекеттерде қайталануы міндет емес. Сонымен қатар құқықтық мемлекеттің  біршама сапалары барлық құқықтық мемлекеттерде  қайталанады деп айтуға негіз  бар. Олар: конституцияның басқа заңдар алдындағы басымдылығы, заң алдында  барлық азаматтардың бірдей болуы, билік  иелерінен бастап, қарапайым азаматтарға  дейін заңдарды орындауға міндеттілігі, заңдарды бұзғандарды міндетті түрде  жауапқа тарту, заңды қорғайтын  органдар мен институттардың атқарушы билікпен тәуелсіздігі сияқты құқықтық мемлекет сапалары мен заңдылықтары.

Қазақстан Республикасы өзінің саяси жүйесінің  құқықтық мемлекеттің қалыптасып дамуымен байланыстырады. Бұл бағытта атқарылып  жатқан істер баршылық. 1991 жылдан кейінгі  уақытта тәуелсіз мемлекетіміздің  барлық салаларын қамтитын 1,4 мыңнан астам заңдар, заңдылық актілер, заңдық күші бар президенттік жарлықтар  қабылданды. Елдің Конституциясында құқықтық мемлекет құру стратегиялық міндет ретінде күн тәртібіне  қойылды. Қазақстан қоғамын реформалау мен модернизациялау процесінде заңнамалық негіз шешуші рөлге ие бола бастады. Қазақстандықтар заңдық кеңістікте өмір сүру дәстүріне үйрене бастады.

Бірақ та Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптасуы ісінде елеулі олқылықтар мен қайшылықтар  бар. Бірінші қайшылық – басқарушы  элита өкілдері мен қатардағы азаматтардың заңды бұзуға немесе орындамауға жол беретіндігі. Осының нәтижесінде заңдар жұмыс істеуге қабілетсіз болады. Екінші қайшылық Қазақстанда құқықтық қоғамның Батыстық стандарттарына ұмтылудан туады. Қазақстан қоғамының тарихи тәжірибесі мен саяси дүниетанымының түп-тамырлары ескерілмеген. Үшінші қайшылық, қазақстандықтардың саяси-құқықтық мәдениетінің ұлттық дәстүрлерден, ең алдымен қазақ этносының танымдық кеңістігінен қол үзуге байланысты.

Демек, Қазақстанда  құқықтық мемлекет қалыптасу ісіне  қазақ ұлтының тарихи ой-санасы мен  саяси мәдениетінің озық үлгілері қызмет етуі шарт.

Қазақ этносының  тарихи дамуы кезеңдерінде қоғамдық қатынастарды реттеу және жетілдіру  мақсатында түрлі заңдар үнемі қолданылып отырған. Қазақ этносының түрлі  ойшылдары елде заңның күшінің орнауы қажеттілігі хақысында көптеген пайдалы ойлар мен идеяларды  айтқан. Қазақстанда құқықтық мемлекетті қалыптастыруға бағытталған конституциялық және заңнамалық іс-әрекеттердің барлығы  қазақ этносының саяси және заң  шығарушылық тәжірибелерін есепке ала отыра қызмет етуі пайдалы.

Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік егемендігін  жариялаған сәттен бастап құқықтық мемлекет құруға батыл қадам жасады. Тәуелсіздік  алғаннан бергі уақытта елімізде 1400-ден астам заң қабылданғаны белгілі. Олардың ел өмірінің түрлі  сапаларын реттеудегі маңызы зор. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында республиканың  саяси, әлеуметтік-экономикалық және сот  праволық реформаларының негізін айқындайтын  көптеген заңдар қабылдады. Бұл үрдіс  Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының  атауын өзгерту туралы 1991 жылғы 10 желтоқсандағы  Заңнан басталды. Осы заң бойынша  ел Қазақстан Республикасы болып  аталды. Ел атауы өзгерген соң “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 16 желтоқсандағы конституциялық Заңы қабылданды [77; 6].

Информация о работе ҚР азаматтық қоғамның қалыптасу мәселелері