Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2013 в 20:14, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамзаттың саяси өмірі мен ол құрған мемлекеттердің саяси жүйелерінің дамуының басым бағыттарының бірі – құқықтық мемлекет болуына байланысты. Сондықтан құқықтық мемлекет құру мәселесін жалпыадамзаттық құндылықтар қатарына батыл жатқызуға болады. Құқықтық мемлекеттің жалпылық сипаты болғанымен, бұл құбылыс өте күрделі саяси феномен. Құқықтық мемлекеттің әр елде қалыптасу үрдісін зерттеудің қиындығы да күрделілігі де оның осындай санқырлы қасиеті мен табиғатына байланысы. Құқықтық мемлекет фундаментінде демократиялық, әлеуметтік және өркениетті мемлекетте жасалады.
Мүмкін,
осы жағдайлардағы мемлекеттік
құрылымның үздік ұйымы, Аристотельдің
ойынша, оның негізгі үш элементтерін
құрудың және олардың қызмет ету
тәсілдерінің түрлі шарттарын тиісті
түрде үйлестіруде байланысты болар.
Аристотель кез келген мемлекеттің
үш элементі барын атады: бірінші
– заң шығаруға жиналған орган, екінші
– магистратура, үшінші – сот
органдары. Осы үш элемент, оның бағалауы
бойынша, әрбір мемлекеттің негізін
құрайды, сондықтан мемлекеттік
құрылымның ерекшелігінің өзі осы
элементтердің түрлі
Алайда Аристотельдің бұл ойларында құқықтық мемлекет теориясына тән билікті бөлу тұжырымдамасы әлі болмаған. Бұл құқықтық мемлекет теориясы бойынша мемлекетті құрылымның түрлі нысандарының айырмашылықтары ойшыл атаған элементтердің әрқайсысының түрлі ұйымдастырылуына ғана емес, сонымен қатар (дәл құқықтық мемлекет теориясы мен практикасы үшін елеүлі болатын) сол элементтер арасындағы қатынастардың сипатына, олардың өзара байланыстыруының нысанына, олардың өкілеттіліктерін шектеу тәсілдеріне, жалпы мемлкеттің биліктік өкілеттілігінің барлық жиынтығын іске асыруға қатысу шамасына байланысты.
Одан екі ғасыр өткеннен кейін Полибий (б.э.б. 210-128 ж.) дайындаған аралас басқару тұжырымдамасы билікті бөлу теориясы тұрғысынан алғанда әлде-қайда жетілген болды. Спартада, Карфагенде және Римде аралас басқарудың болғанын атай отырып, ол осы нысанның түрлі құрамдас элементтерінің өзара тежелу және бір-біріне қарсы әрекет ету сияқты артықшылығын ерекше атайды. Бұл жалпы алғанда саяси құрылымның тиісті түрдегі тұрақты ұйымдастырылуына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бұл-билікті бөлу теорясының да маңызды идеаларының бірі.
Полибий «Жалпы тарих» еңбегінде (VI, 4-10) мемлекеттің алты негізгі нысанының (патшалық өкімет, тирания, аристократия, олигархия, демократия және охлократия) пайда болу және ауысу тәртібін «табиғат заңы» бойынша болатын табиғи процесс ретінде сипаттайды.
Полибийге сәйкес, патша үкіметі, аристокрастия және демократияның ерекшеліктері бірігетін басқару нысаны анағұрлым жетілген болып табылады.
Басқарудың осындай аралас нысанының басты айырмашылығын Полибий тирания, олигархия және охлократия сияқты арнайы басқару нысандарына өтуге жол бермейтін мемлекет тұрақтылығын қамтамас етуден көреді.
Полибий пікірінше осыны ең алғашқы болып түсінген және аралас басқаруды ұйымдастырған спартандық заң шығарушы Ликург болды: «оның құрған басқару нысаны қарапайым емес және біркелкі емес, бірақ ол басқарудың үздік нысандарының бірі шектен тыс қатты дамымауы үшін және сол арқылы өзіне жақын теріс нысанға айналмауы үшін, олардың бәрі өздерін өзі тежеу үшін, біріне-бірі қарсы тұруы үшін сол үздік нысандардын барлық артықшылықтарын біріктірді (Полибий. Жалпы тарих, VІ, 10).
Өз заманындағы жағдайларға қарап, Полибий Рим мемлекетінің ең үздік басқару жүгісімен ерекшеленетінін атайды. Онда ол үш билікті атайды: консулдар билігі, сенат билігі және халық билігі. Олар тиісінше патшалық, аристократтық және демократиялық бастауларды білдіреді.
Римдегі
үш биліктің арасындағы мемлекеттік
өкілетіктердің бөлінуін сипаттай келе,
Полибий қайсыбір биліктерідің қажетіне
қарай біріне-бірі кесел келтіретіндей
немесе керісінше өзара қолдау көрсететіндей
тұрақталған саяси процедуралар
мен тәсілдерді қарастырады. Бұл
ретте бір биліктің өзіне қатысты
сәйкессіздің туралы наразылығы тиісті
түрде басқа биліктердің
Аралас
басқарудың ежелгі тұжырымдамасы мен
одан кейінгі билікті бөлу теориясы
арасындағы барлық тарихи және әлеуметтік
– саяси айырмашылықтарға қарамастан,
оларда айтарлықтай маңызды ортақ
тұстар бар екенін оңай байқауға болады.
Басқарудың аралас нысанында (әсіресе
Полибий ілімінде анағұрлым анық)
басқарудың түрлі нысандары өкілдерінің
өкілеттіктері (билікті бөлу теориясындағы
түрлі биліктің өкілеттіктері секілді)
біртұтас бастамаға бірікпейді және
өзіндік ерекшеліктерін жоғалтпайды,
бөлінген күйде, біршама дербес болып,
қала береді, өзара әрекет етеді, үйлеседі
және қатар өмір сүреді, тұрақты
бүтіндік – мемлекеттік құрылым
шектерінде өздерін-өзі тежейді. Екі
жағдайда да бір мақсат – басқару
тетіктері бір орталықта
Мемлекетке деген құқықтық көзқарас (мемлекетті құқықтық түсіну және талдау).
Рим авторларының шығармашылығында елеулі түрде дамытылды және тереңдетілді.
Бұл тұрғыда мемлекетті адамдардың келісімді құқықтық араласуы және «жалпы құқықтық тәртіп» ретінде түсіндіретін Цицеронның табиғи құқықтық ілімі үлкен жетістік болды (Мемлекет туралы, I, XXXII, 49).
Цицероның тұжырымдамасынан мемлекет заңдарының табиғи құқық талаптарына сәйкес болу қажеттілігі туындайды. Тек осындай заңдар ғана әділ болады. Әділетсіз заңдарға келетін болсаң, олар «заң атауынан гөрі ортақ келісім бойынша қараушылар қабылдаған шешімдерге тең» (Цицерон. Заңдар туралы, ІІ, 13). Ол маңызды мемлекеттік-құқықтық жағына жасайды: «Бәрі де заң күшінің ықпалында болуы керек» (Цицерон. Заңдар туралы, ІІІ, 17) .
Цицерон
ойынша азаматтардың құқықтық теңдігіне
патшалық басқару, аристократия және демократия
элементерінен құралатын
Цицерон мемлекеттің аралас нысанының бір бағытына қарай ауытқудың қауіптілігін атайды және олардың арасында «құқықтарды, міндеттерді және өкілеттіктерді тең бөлу» арқылы олардың өзара тепе-теңдігін жақтайды (Цицерон. Мемлекет туралы, I, XXXI II, 57).
Мемлекеттің халық ісі және жалпы құқықтық тәртіп ретінде жүзеге асуы, Цицеронның ойынша, көбінесе бүкіл халықтың (тұрғындардың) саяси және құқықтық белсенділігіне байланысты.
Себебі азаматтың бостандығы – оның құқықтары, яғни жалпы құқықтық тәртіптің, бүкіл мемлекеттің негізгі бөлігі.
Мемлекетке деген құқықтық көзқарастың дамуы мен оның құқықтық сипатын зерттеу үшін Рим заңгерлерінің құқықты жеке және көпшілікке бөлуінің елеулі мәні бар. Мемлекетті жалпы-құқықтық жағынан түсіндіру мемлекет ұғымын заңдастыруға ықпал етті және оның құқытық табиғатының түсінігін тереңдетті.
Ежелгі авторлардың идеялары мен конструкцияларға орта ғасырдағы еуропалық және жаңа дәуір ойшылдарының шығармаларында одан әрі дами түсті.
Құқықтық мемлекеттік идеяларының тарихы тұрғысынан орта ғасыр бос, жоғалған уақыт болған жоқ. Керісінше, ортағасырдың саяси-құқықтық ой (ортағасырлық юриспруденция, саяси ғылым, философия теология) ежелгі дәуір мен жаңа дәуір идеяларының арасында маңызды байланыстырушы роль атқарды.
Бұл ретте
ортағасырлық теологияның беделді
өкілі Фома Аквинскийдің (1225-1274) саяси-құқықтық
көзқарасы танымды болып
Жаңа жағдайларда ол ежелгі авторлардың ең алдымен Аристотельдің (адамның саяси табиғаты туралы, басқарудың саяси нысаны және т.б.туралы) және Рим заңерлерінің (табиғи-құқықтық әділдік және т.б. туралы) саяси-құқықтық идеяларының бірқатарын христиандық тұрғыда дамытты.
Фома
Аквинскийдің ойы бойынша, табиғи заң
өзің-өзі сақтауға және ұрпақ қалдыруға,
шындық пен шынайы Құдайды іздеуге
ұмтылумен қатар, Жаратушы өз бетімен
және кейпімен жасаған саналы жан
ретіндегі адамның беделін
Аристотельдің
және басқа да ежелгі ойшылдардың
қағидаларын пайдалана отырып, Фома
Аквинский шексіз (абсолютті) монархтия
мен саяси монархияның
Ежелгі авторалар секілді Фома Аквинский монархияны (шексіз және саяси) тирандыққа қарсы қояды және халықтық (шіркеудің келісімімен) тирандық өкіметті күшпен құлату құқығын мойындайды. Фома Аквинский мойындаған халықтың тирандыққа қарсы шығұға құқығында халықтың егемендік идеясы бар.
Осы дәуірде Марсилий Падуанский (1275-1343) өзінің мемлекет пен құқық туралы зайырлы ілімінде халықтың егемендікті анағұрлым анық мойындады және қорғады. Оның ойынша халық-барлық биліктің (зайырлы да, рухани да) көзі, егемендікті иеленуші және жоғарғы заң шығарушы. Шындығында ол «халық» деп қоғамның ортақ игілік үшін қам жеген үздік, білімді бөлігін атады.
Саяси ой тарихында Марсилий Падуанский алғашқылардың бірі болып «Дүние қорғаушысы» еңбегінде мемлекетегі заң шығарушы және атқарушы биліктерді заң шығарушы биліктің үстемдігі мен атқарушы биліктің жалпыға міндетті заңмен байланыстылығы негізінде бөлу тұжырымдамасын негіздейді.
Марсилий
Падуанский алға тартқан барлық лауазымды
тұлғалар мен мемлекеттік
Мемлекет пен қолданылып жатқан позитивтік құқықты (табиғи құқық тұрғысынан) заңды түсінудің және талқылаудың тереңдетуге ортағасырлық заңгерлер (Г. Брэктон, Р. Лулий, Балдус және басқалар) елеулі үлес қосты. Юрист Балдус табиғи құқықтық мемлекет алдындағы басымдығын (үстемдігін) негіздей отырып, табиғи құқық принципаттан, яғни басқарушы билігінен күштірек деп атады.
Феодализмнен капитализмге көшу кезеңінде өңдіріс күшінің өсуі қоғамдағы әлеуметтік және саяси қатынастардың өзгеруі мемлекетке және оның қоғамдық істерді ұйымдастырудағы ролін түсінуге деген жаңа көзқарастар тудырады. Оларда билікті бір адамның немесе билік органының қолына беруге жол бермейтін, заң алдында бәрінің тең екенін дәлелдейтін, құқық арқылы жеке бостандықты қамтамасыз ететін мемлекеттік өмірдің құқықтық ұйымдастырылуына қатысты мәселелер басты орында тұрады.
Феодализм
ыдырауының алғашқы кезеңдеріндегі
құқықтық мемлекеттілік идеяларын
тарихи тұрғыда сол кездегі
Буржуазиялық
революциялардың кезеңінде
Спиноза
демократиялық мемлекеттің
Информация о работе ҚР азаматтық қоғамның қалыптасу мәселелері