Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2013 в 20:14, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамзаттың саяси өмірі мен ол құрған мемлекеттердің саяси жүйелерінің дамуының басым бағыттарының бірі – құқықтық мемлекет болуына байланысты. Сондықтан құқықтық мемлекет құру мәселесін жалпыадамзаттық құндылықтар қатарына батыл жатқызуға болады. Құқықтық мемлекеттің жалпылық сипаты болғанымен, бұл құбылыс өте күрделі саяси феномен. Құқықтық мемлекеттің әр елде қалыптасу үрдісін зерттеудің қиындығы да күрделілігі де оның осындай санқырлы қасиеті мен табиғатына байланысы. Құқықтық мемлекет фундаментінде демократиялық, әлеуметтік және өркениетті мемлекетте жасалады.
1995 жылы
қабылданған қазіргі
Қазақстандағы
философиялық және саяси ой тарихы,
олардың жетістіктері қазіргі Қазақстан
қоғамын жаңалау ісіне қызмет
етуге қабілетті деп ой қорытуға
болады. Бүгінгі саяси элита және
саяси партиялар мен
3.1 Сот-құқықтық реформа - Қазақстандағы құқықтық мемлекет қалыптасуы мен дамуының негізі
Қоғамды
демократияландыру – жас
- қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің төмен деңгейі;
- бұқара
халықтың және жекелеген
- халыққа
құқықтық қызмет көрсетудің
- құқық
қолдану механизмдерінің
- қолданыстағы заңнама мен оларды қолдану тәжірибесіндегі алшақтықтар;
- жеке
тұлға мен жекеменшікке қарсы
құқық бұзушылықтар мен
- әділеттілік
орнату барысындағы
- тар
ведомстволық мүдделердің
- мемлекеттік
органдардың құқық қорғаушы
- заңдық
қызмет көрсету нарығына
Аталған кемшіліктердің барлығы да құқықтық мемлекет құру ісін тежейді: бір жағынан, азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен өзіндік мүдделерінің сақталуына нұқсан келіп, еліміздегі құқық бұзушылықтардың өсуіне тікелей әсер етсе, екінші жағынан, құқық қорғау органдарының республика халқы тарапынан, халықаралық және отандық қоғамдық ұйымдар тарапынан сынға ұшырауын айтпағанның өзінде, Қазақстанның құқықтық саясатына деген сенімді жойып, оның саяси имиджіне көлеңке түсірері анық.
Бұл тұрғыда Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың: “Құқық қорғау мен сот органдарының қызметін жетілдіре беру басты мәселелердің бірі болып қала береді. Бұл мәселені ең алдымен азаматтардың ажырағысыз құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету тұрғысынан қарау керек деп санаймын”, – деп ой тұжырымдауының мәні мен маңызы зор [93, 3 б.]. Осы қадамдар арқылы біз әлемдік қауымдастықтағы егеменді еліміздің беделін асқақтататын боламыз.
Құқықтық
мемлекет құру саяси жүйенің реформасын
жүргізудің міндеттерін жүзеге асыру,
азаматтардың жеке құқықтары мен
мүдделерін қорғау, құқықтық тәрбиенің
қалыптасқан жүйесін қайта
Демократиялық-құқықтық елдерде адам құқықтарының ерекше құрметке бөленіп, оны кез-келген жағдайда қорғаудың қарекеті жасалатыны белгілі. Бұл процестің ойдағыдай жүзеге асуы көбінесе құқық қорғау органдары мен сот билігінің әділ де тиімді қызметіне тікелей байланысты болғанымен, азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейі шешуші роль атқарады. Сондықтан да, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың демократиялық құқықтық қоғам құрудағы жүргізіп отырған саясатының басым бағыттарының бірі - халықты құқықтық сауаттандыру болып отыр. Әсіресе құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті дамыту процесі біздің аса маңызды әлеуметтік мәселелеріміздің бірі болып табылады. Яғни, азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру және заңды құрметтеуді бойға қалыптастыру құқықты мемлекет құрудағы өзекті мәселе ретінде қажеттілікке айналып отыр. Бұл қажеттілік “Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасын” дүниеге алып келді [94].
Аталған
тұжырымдамада көзделген
Әділет
органы құқықтық реформаның мемлекеттік
бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі
міндеттері мен қызметіне сәйкес,
демократиялық, құқықтық мемлекет құруға
көмекті қамтамасыз етіп отырған
бірден-бір құрылым болып
Сондай-ақ, аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында қалалық және аудандық деңгейдегі әділет органдары құрылды. Бұл дегеніміз – жергілікті аймақтарда тұрғылықты халықтың арасындағы құқықтық насихатты дұрыс жолға қою, құқықтық көмек көрсету, әділет органдары қызметін нақтылау әрі халыққа жақындату, өткізілетін құқықтық шаралардың тиімділігін арттыру деген сөз.
Әділет органдары облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдардағы құқықтық насихатқа әдістемелік басшылықты атқарады. Яғни, құқықтық насихат саласында әділет органдары Қазақстан Республикасының “Әділет органдары туралы” заңының 12-ші және 13-ші баптарына сай құқықтық насихатты ұйымдастырудың ведомствоаралық басшылығын жүзеге асырады [96]. Бұл міндетті жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынас жасауға баса назар аударылуда. Газет журналдар мен теле-радио тарату саласында арнайы рубрикадағы хабарлар дайындалып, заңдық кеңес беру ісі жолға қойылуда. Алайда көптеген шалғай аудандарға бұқаралық ақпарат құралдарының таралмауы бұл міндетті толық шешуге кедергі келтіруде.
Құқықтық насихат мәселесін көтергенде өскелең ұрпақты назардан қалдыру әбестік болар еді. Республикамызда кәмелетке жасы толмағандарға үздіксіз құқықтық білім беру ісіне ерекше көңіл бөлінуде. Әділет және білім беру салаларының бірлескен іс-қимылы арқылы “Құқық негіздері” пәнінен облыстық (республикалық) олимпиада өткізу қолға алынды. Құқықтық сауаттандыруды дұрыс жүзеге асыру құқықтық дайындықтың ұйымдастырушылық түрінің дұрыстығына тәуелді. Мұнда сапалық жағынан тұрақты жұмыс істейтін құқықтық білім беру мектептерінің ролі зор.
Сонымен қатар, Әділет органдары өз құзіретінің шеңберінде мемлекет қызметін құқықтық жағынан, яғни, мемлекет органдарының, ұйымдардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді.
Келесі
бір маңызды мәселе - Қазақстанның
әлемдік қауымдастыққа кірігуі
пенитенциарлық жүйенің реформалануына
әкелуі болып табылады. Қазақстан
Республикасы Президентінің 2003 жылғы
23 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының
мемлекеттік басқару жүйесін
одан әрі жетілдіру бойынша іс-
Бұл шаралардың ұтымды жері: Ішкі істер органдарына қарағанда Әділет органдары азаматтық министрліктер қатарына жататын болғандықтан, бас бостандығынан айрылғандарға қатысты заңдылықтардың сақталуына, оларды ұстау жағдайын жақсарту мәселелеріне баса назар аудырылары даусыз.
Әділет
министрлігі мұрындық болған игі
шаралардың бірі – түрмелерде тұрақты
түрде “ашық есік күндерінің”
ұйымдастырылуы түзету орындарына азаматтық
қоғам тарапынан бақылауды
Осы мәселе бойынша қайыра айтсақ, құқықты мемлекеттің деңгейін бас бостандығынан айырылған азаматтардың құқықтары мен бостандықтары сақталуы да анықтайтынын ескерсек, еліміздегі бұл үрдістің қарқынды дамуына көңіл толарлық.
Келесі
бір өзекті мәселені - қылмысқа қатысты
құқық аясын одан әрі ізгілендіруді
(гуманды етуді) Президентіміз Н.Ә.Назарбаев
2005 жылғы ел халқына жолдауында басты
міндеттердің бірі деп көрсеткен-ді.
Осыған орай Қазақстан Республикасы
Президентінің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы
“Өлім жазасына мораторий енгізу
туралы” Жарлығын іске асыру мақсатында
өмір бойына бас бостандығынан
Басқаша айтсақ, БҰҰ-на мүше 189 елдің 108-і заңды түрде немесе іс жүзінде өлім жазасынан бас тартып отыр. Ал Қазақстан Республикасы болса қазір жоғарыда көрсетілген төртінші топтан үшінші топтың қатарына қарай өте бастады.
Әділет саласындағы реформаның бірі - Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес, әділет органдары 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтарды төлқұжаттармен және жеке куәліктермен құжаттандыру, сондай ақ азаматтарды тұрғылықты жерлері бойынша есепке алу және тіркеу қызметтерін орындауға кірісті. Елбасы Жолдауында қойылған “бір терезе” принципін жүзеге асыруға барынша күш салынуда [100]. Ал бұл шара өз кезегінде еліміздегі электронды үкіметті қалыптастырып, одан әрі дамытуға негіз болмақ [101].
Еліміздің экономикалық өрлеуі азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарының бекуіне, кедейшіліктің төмендеуі мен еңбекпен қамтылудың артуына, халықтың табатын табыс деңгейінің артуына ықпал етті. Бұл өз кезегінде өркениетті елдерде қолданылып жүрген, бұрын біздің қоғамымыз үшін тосын болып келген жаңа институттар мен механизмдердің туындауына ықпал етіп отыр. Солардың бір көрінісі ретінде адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын соттың көмегінсіз қорғайтын институттардың қалыптасып дамуын айтсақ болады.
Осы орайда
омбудсмен институтының маңызы ерекше
екенін айта кету орынды: оған Президентіміз
Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан
халқына арнаған әрбір
“Омбудсмен” терминінің түпкі мағынасы швед тілінде - “umbud” - күш, бедел деген мағына береді [102, С.12.]. Яғни, омбудсмен - чиновниктердің қызмет бабын жеке басына арам пиғылмен пайдаланғаны, құқықтары мен бостандықтарын аяққа таптағаны туралы азаматтардың арыз-шағымын қарауға арналған парламенттің өкілеттігі болып табылады. Бүгінгі таңда омбудсмендер әлемнің 100-ден астам елдерінде бар. Тіпті кейбір елдерде салалық омбудсмендер де бар: Америкада – университеттік, түрмелік, ал Германия мен Израильде – армиялық, Швецияда - әйелдер мен еркектердің тең құқықтығы жөніндегі, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі омбудсмендер қызмет етсе, Ұлыбританияда – денсаулық сақтау саласы мен Солтүстік Ирландия жөніндегі омбудсмендер бар [103, С.52.].
Қазақстанда бұл институт енді ғана қалыптасу үстінде, кейбір жағдайда бізде оны ҚР Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі өкілеттігінің институтымен де шатастырып жатады, ол дұрыс емес, шынайы омбудсмен чиновниктердің әрекетіне парламенттік бақылау орнатуға көмектеседі. Омбудсмен шынайы жұмыс істесе бір жағынан, ең жоғары өкілеттікке ие заң шығарушы орган ретіндегі Праламенттің құзіретін кеңейтуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан азаматтардың шен-шекпенділермен қарым-қатынасындағы қанша проблемалары шешімін табар еді: азаматтарға, оның ішінде кәсіпкерлерге мемлекеттік органдар тарапынан жасалатын қысымға, бітпейтін түрлі негізсіз тексерістерге тосқауыл қойылар еді. Ал түптеп келгенде коррупцияға үлкен тежеуіш фактор іске қосылып, еліміз құқықты мемлекет құру жолындағы үлкен бір белесті артқа тастамақ.
Информация о работе ҚР азаматтық қоғамның қалыптасу мәселелері