Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2013 в 20:14, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамзаттың саяси өмірі мен ол құрған мемлекеттердің саяси жүйелерінің дамуының басым бағыттарының бірі – құқықтық мемлекет болуына байланысты. Сондықтан құқықтық мемлекет құру мәселесін жалпыадамзаттық құндылықтар қатарына батыл жатқызуға болады. Құқықтық мемлекеттің жалпылық сипаты болғанымен, бұл құбылыс өте күрделі саяси феномен. Құқықтық мемлекеттің әр елде қалыптасу үрдісін зерттеудің қиындығы да күрделілігі де оның осындай санқырлы қасиеті мен табиғатына байланысы. Құқықтық мемлекет фундаментінде демократиялық, әлеуметтік және өркениетті мемлекетте жасалады.
Континенталдық Еуропада құқықтық мемлекет тұжырымдамасы элементтерінің алғашқы кезеңі, құрылымына сай тарихи алғышарттардың жоқ кезінде өтті.
Жаңа
кезең (уақыт) оқымыстылары (Н.Макиавелли,
тирандармен күресушілер Э.
Жоғарыдағы
көрсетілген жағдайлар, белгілейтін
элементтердің мемлекет пен адамға
қатынасын табуға мүмкіндік берді
– құқықтың принциптерінің артықшылығын
көрсетті. Бірінші рет оны (толық
емес құрастырған) көрсеткен, Гуго Гроций
болды. Оның ойы бойынша жақсылықтың
және мемлекеттің тағайынды болуы
жетілген құқыққа байланысты, мемлекеттің
қызметі құқық принциптеріне
сай болуы керек – деген
ой, И.Кантқа жатады. Халық егемендігінің
қағидаларына сай, негізгі маңыздылығы,
атқарушы биліктің, заң шығарушыдан
айырылғандығын және оның қызметін тежейтін
принципті белгілегеніне, яғни халық
өзі туралы өзі шешім қабылдай
алмайды, заң шығарушы халық жөнінде
шешім қабылдай алады. И.Канттың
мына ойына құлақ салуға болады:
заңның құқыққа сай келуіне
Осы күнгі анық түсініктемелердің біріне жататындар:
Құқықтық
мемлекет – көпшілік-саяси биліктің
құқықтық нысандағы құрылған қызметі,
индивидтермен құқық субъектісі
ретіндегі оның қарым-қатынасы. Құқықтық
мемлекеттің негізгі
Бірінші белгінің мәні, құқық пен заңды айырып көрсеткенінде. Қандай жағдайларда да ондай бөлінгіштік болғанмен олардың негізгі мақсаттары – заңның, әр түрлі нормативті актілердің және басқа да жалпы билік қызметтерінің бір-біріне сай келуін қамтамасыз ету. Тек құқық, заң шығарушыдан тәуелсіз әлеуметтік феномен, жалпылама өлшем және еркіндіктің тең деңгейі ретінде жалпы биліктің әр түрлі қызметіне, теңдік және адалдық принциптеріне қызмет етеді. Құқық пен заңды салыстырғанда көрсетілген өлшем жоғалады және жалпы билік өзі шығарған негізінде (құқыққа сай келмейтін) заңдылықты сақтау түрлеріне сай емес зорлық-зомбылық жасауы мүмкін. Сонымен қатар, жалпы билік ондай «заңдармен» байланысты емес, олардың билікке бағынушыларға ғана маңызы бар. Еліміздің тарихы ондай мысалдарға бай екенін айта кету қажет. Мысалы ХХ ғасырдың 30 жылдарында заңдылықты бекіту ұранына байланысты Кеңес үкіметі азаматтарының әлеуметтік-экономикалық, саяси және жеке адамдардың құқына шабуыл басталды. Мемлекеттік билікті жүргізу тәртібіне корпоративтік элементтері кіргізіліп, азаматтардың жекелеген қоғамдық ұйымдары реформаланды, яғни, кәсіптік одақтар еңбек халық комиссариатына қосылды. 1933 жылы кәсіподақтардың атқарушы органдарымен еңбек ақының мөлшерін белгілеу туралы, ұжымдық келісім-шарт жасалуына тыйым салынды. 1931 жылғы қабылданған заң бойынша, жұмыстан кешіккендер, белгіленген уақытында келмей қалғандар жұмыстан шығарылған және баспанасынан айырылатын болған. Ондай адамдардың жұмыстары сот органдарына жіберілмей әкімшілік органдары арқылы шешілген. 1934 жылы көне объективті мойнына жүктеу принципі қолданылған (бұл Хаммурапидің 1150ж. заңына жатады): сотталған (сатқын ретінде) адамдардың отбасылары сайлауға қатынасу құқығынан айырылған және 5 жылға жер аударылған. 1934 жылғы заң бойынша 10 күннің ішінде террорлық қылмыс тергеліп, сот мәжілісіне бір күн қалғанда ғана айыптау қорытындысы берілген, сот процесінде ондай істер айыпталушымен куәларсыз-ақ шешілген, кешірім сұрау мүмкіндігі жойылған, айыптының арыз жазуына тыйым салынып, орындалуы (ату) тездетілген. 1935 жылғы заңдар бойынша көптеген қылмыстар үшін жауапкершілік 12 жастан басталған. 1937 жылы қуғын-сүргін өзінің ең шыңына жетті, құқық деформацияға түсіп, шын мәнісінде жұмыс істемеген. Қуғын-сүргінді жүргізетін мемлекет аппараты тәсілімен және пайдаланатын құралдарымен орта ғасырдағы инквизицияға ұқсаған. Тергеудегі адамдарды ресми түрде жауап беруі үшін қинауға рұқсат берілген. Оның барлығы заңды орындау үшін жасалған. Құрылып жатқан қоғамдағы құқықсыздық, өмір сүруге арналған құқықты жою, өркениетті қоғамның болуына, дамуына өте қауіпті. Құқықтық мемлекеттің екінші белгісі, құқықтық сипатта болып (құқықтық нысанды) индивидтердің қарым-қатынасын және жалпы билікті қолдайды. Теңдікті мойындау, сонымен бірге индивидтердің еркіндіктері мен құқықтарын және олардың құқықтық кепілділігін бекіту – жалпы биліктің және оның агенттерінің міндеті. Құқық және еркіндік және оларды шын қорғауға мемлекеттің көнуі, қайырымдылығы емес, бекітілген және құқықтық қабілеттілігі ретінде адамға және азаматқа тән нәрсе.
Адамның
құқығы туралы түсінік ХYІІ-ХYІІІ
ғасырларда құрылды. Бірінші рет
адам құқығы Вирджинидің құқық
Жоғарыдағы құжатттардың авторлары және басқа да зерттеушілер адам құқығын көне оқымыстылармен құрылған табиғи құқықпен байланыстырады. Олардың айтуы бойынша адам табиғаттан жаралған және адамның мынадай табиғи құқықтары: өмір сүру құқығы, меншіктілік, жеке басының дербестігі, еркін жүру құқығы. Олардың ойынша бұл табиғи құқықтар адамдармен бірге жаралған, өзгермейтін жеке адамнан бөлінбейтін құқықтар. Әрине, қандай жағдайда болмасын адам құқығын ертедегі тарихтан бөліп зерттеуге болмайды.
Жаңа
уақыттың ғалымдары, философтары және
заңгерлері адам құқығы проблемаларын
зерттеуде көп жетістіктерге
жетті. ХІХ ғасырдың аяғында жаңа
жағдайларға сай, адам құқығы туралы
гуманистік тұжырымдама құрылып, индивидтердің
қорғалуын тек ұлттық не болмаса
әлеуметтік белгілері арқылы шешпей,
жәй ғана адам екендігін есептеп
шешу кіргізілді. Құқықтың дамуы және
еркіндік, өзінің нәтижесінде адамға
халықаралық дәреже берілуіне жеткізді.
БҰҰ-ның жарғысы алғашқы рет, сол
деңгейде адам құқығын сыйлау қажет
екендігін жариялады және оны
қорғайтын мүмкіншілікті
Кейінгі жылдары адам проблемасы біздің елімізде үлкен әлеуметтік, саяси және адамгершілік маңыздылыққа ие болуда. Өзекті мақсат – Қазақстан Республикасының Конституциясында жарияланған саяси және әлеуметтік-экономикалық құқықтарды барлық мемлекеттік органдардың мүлтіксіз орындауын қамтамасыз ету.
Тарих тәжірибесі көрсеткендей, сот реформасы – ең тиімді және құқық пен бостандықтың кепілі. Ол мақсат үшін кең түрде, барлық өркениетті өмірдегі жалпы соттар, арнайы соттар біздің Қазақстанда да пайдаланылады. Адам құқығын қорғайтын мемлекеттік органдар да бар. Көптеген халықаралық органдар адам құқығын қорғауды, қамтамасыз етуге құрылған: БҰҰ-ның адам құқығы туралы комиссиясы, адам құқығы туралы комитет, адам құқығы туралы Еуропалық комиссия, Адам құқығы туралы Еуропалық сот.
Жалпы биліктің ұйымдастыру – құқықтық құрамы, құқықтық талаптарға сай болуы қажет және оларды орындауға бейімделуі қажет. Осындай құқықтық мемлекеттің үшінші белгісі, ол басқа екі компоненттердің іске асуын қамтамасыз етеді. Мұндағы маңыздысы, әр түрлі құрылымдардың құқығы биліктегі бір адамға шоғырлануына мүмкіндік бермеуі қажет (мысалы тоталитарлық кеңес мемлекеті және басқа да бұрынғы социалистік мемлекеттердегідей). Ондай мақсатқа билікті бөлу қағидалары – ертедегі мәдениеттің ұлы жетістерінің біріне жатады және Ертедегі Грецияда, Римде сыннан өткен. Платон мен Аристотельдің саяси құрылыммен басқару нысандарын талдағанда, сол принциптерді Ағарту кезеңінде негізделуге жағдай жасалды. Осындай ойды, жаңа уақытта бірінші рет Дж.Локк айтқан болатын. Ол билік құдіретін, заң шығарушыға және атқарушыға бөлді, олардың міндетіне сай және әскери жағын жатқызды. Локктың идеясын Монтескье дамытты, оны осы күнгі түсінушілікке жеткізді. Оған тағы да, әр түрлі билікті тежеу жүйесі жатады, себебі онсыз бөліну жүйесі жұмыс істемес еді.
Аристотель өзінің «Политике» деген ғылыми еңбегінде мемлекеттік құрылымдағы, «үш элементті» көрсетті: заң шығаруға – жиналған орган, магистратура және сот органдары. Одан екі ғасыр өткеннен кейін Полибий «Жалпы тарих» еңбегінді, ондай басқару нысанының артықшылығын атап өтті және бұл элементтердің бір-біріне қарсы тұрып, өздерін-өздері тежейтіндігін тұжырымдады.
Билікті бөлу қағидасы, теориялық және күнделіктілік жағынан барлық демократиялық мемлекеттермен қабылданды. Дәстүрлік кеңестер идеологиясы бұл қағиданы мойындамады, себебі олар мынандай жағдайларға сүйенді: «елдегі билік халық сайлаған Кеңестерге қарайды», яғни «маркстік-лениндік теория биліктің бөлінуін мемлекеттің таптық табиғатына қарсылық ретінде қабылдамады. Дегенмен 20 жылдардың басында белгілі заңгер-ғалым А.М.Рейснер бірінші рет, осыған былай көңіл аударған: «кеңес депуттары мен атқарушы орын ығыстырылуда». Кейіннен шын мәнісінде, атқарушы орындар партиялық аппаратпен ығыстырылды.
Қазір билікті бөлу қағидасы бізде, Қазақстан Республикасының Конституциясымен жүзеге асырылады.
Ондай билік үшеу: заң шығарушы билік (заң шығаратын органдар), атқарушы билік (орындаушы органдар), сот билігі (сот органдары). Билікке бөліну мемлекеттік биліктің бірлігін бұзбауға тиіс. Сол мақсатта қызмет істейтін институт – мемлекет басшысы (мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті), барлық үш билік бірдей және бір-бірінен тепе-теңдікте болып бірін-бірі тежейді, бір биліктің асып кетуіне жол берілмейді. Атқарушы билік «өзінің табиғатына байланысты» басым болуға ерекше бейім, оған көптеген деректер (фактілер) көмек береді: өзімен құрылған бюрократтық аппаратқа сүйену, мәжбүрлеу органдарының оның бақылауында болғандығы, ақпаратты пайдалану т.с.с. Сайып келген жағдайда, атқарушы билік авторитарлыққа, ал заң шығарушылар, атқарушы және сот органдарын өзіне бағындырып – тоталитарлыққа айналулары мүмкін. Сондықтан, мемлекеттік биліктердің жеке болғанының маңызы, ондай биліктердің, тек бір органға жиналуына мүмкіндік бермейді. Бұл проблема тарихи дәстүрлеріне, мәдениетіне және басқа жағдайларына сай әр елде, әр түрлі шешіледі.
Мысалы, АҚШ-тың Конституциясында және Конституциялық қызметінде биліктерді тежеу және бірін-бір тең ұстау, қалай реттелгеніне көңіл аударайық.
Конституция Конгреске (парламентке) заң шығару билігін белгілі деңгейде бекітіп береді. Бірақ Конституцияда Конгрестің дінді белгілеу, не болмаса еркімен дінді уағыздауға тыйым салу, сөз және басылым еркіндігін тежейтін заңдарды шығаруға келісім берілмейді. Конгрестің өзінде (Сенат және өкілеттік Палатасы) бір-бірімен қатынасында, төменгі палаталардың уақыт өзгерісіне байланысты өзгеріп тұратын жағдайлары үшін, олардың шешімдеріне тежеушілік жүргізеді. Сонымен қатар, лауазымды адамдардың құқық бұзғандығы үшін жауапқа тарту, өкілеттік Палатаға жатады. Президенттің Конгресті таратуға, заң шығаруға құқығы жоқ, бірақ заң жобасын және Конгрестің шешімін тоқтатуға құқығы бар, соның негізінде ол заңдарды өзінің ойына сай қайта қарауға жібере алады. Заң жобасы ең алдымен Конгресте көпшілік дауыспен қабылданады, ал Президенттің ветосы көпшілік дауыспен тоқтатылуы мүмкін. Өз жағынан, Конгресс әкімшілік актіге вето жасауға және Президентке не болмаса, министірлерге, олардың шығарған актілерін жоюға нұсқау беруге құқығы бар.
Биліктің бөлініп істейтін қызметтерінің белгілі кепілі болатын бағыныштылық және үкіметтің құрылу тәртібі. Соған байланысты президенттік және парламенттік басқару нысандарына бөлінеді.
Билікті
бөлу қағидасының мемлекеттік
Құқықтық мемлекет – көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс.
Құқықтық мемлекет – көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс. Қоғамдық прогресте ол жаңа қасиеттерді бойына жинайды. Қоғамның дамуындағы белгілі жағдайлардың деңгейіне сай келетін жаңа мазмұндармен толығады.
Құқықтық мемлекет – бұл мемлекеттік билік қызметінің ұйымдасу нысаны, ол құқық нормаларының қарым-қатынастарымен бірге құрылады. Құқық алдыңғы рөлді тек сол кезде ғана атқарады, егер ол көпшіліктің және жеке адамдардың бостандық мөлшеріне сай болса, қызметтегі заңдар шын мәнісінде, халықтың және мемлекеттің мүдделеріне қызмет етсе, оларды пайдалану шындықтың іске асқандығы. Өткендегі тәжірибеге көңіл аударсақ, тоталитарлық мемлекеттерде құқықтық актілер үзілмей шығарылып тұрды, оларды іске асырудағы қаталдық қамтамасыз етілді, бірақ, мұндай құқықтық реттеу, құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларына қарсы болды.
Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізіне әр түрлі меншік формаларына, көп тәртіпке сүйенген өндірістік қатынастар (мемлекеттік, ұжымдық, арендалық, жекешеленген, акционерлік, кооперативтік т.б.) тең құқықты және бірдей мөлшердегі заңмен қорғалғандар жатады. Құқықтық мемлекетте меншіктік, тікелей өндірушілерге және тұтынушыларға жатады, жекелеген өндірушілер өзінің жеке еңбегінің нәтижесі мен өнімдердің меншіктенушісі болып есептеледі.
Мемлекеттіліктің құқықтық бастамасы, тек өзін-өзі билегенінде, меншіктік бостандығында. Құқық үстемдігін экономикалық жағынан қолдап, өндіріске қатысушылардың теңдігін, қоғамның қолайлы жағдайының тоқтаусыз өсуін және оның өзіндік дамуын қамтамасыз етеді.
Құқықтық
мемлекеттің әлеуметтік негізін
құраушы – өзін-өзі реттейтін
азаматтық қоғам. Ол қоғамдық прогрестің
иелері – бос азаматтарды біріктіреді.
Мұндай мемлекеттің дәл ортасында,
өзінің әр түрлі мүдделерімен адам
тұрады. Әлеуметтік институттардың жүйесі,
қоғамдық қатынастар арқылы, әр азаматтың
шығармашылық, еңбек мүмкіншіліктеріне
қажетті жағдайлар жасауына болады,
ой плюрализмі, жеке адамның құқығы
және бостандығы қамтамасыз етіледі. Тоталитарлық
басқару тәсілінен құқықтық мемлекеттікке
көшу, мемлекеттің әлеуметтік жұмысын,
тез арада өзгеше бағытқа бұрумен
тікелей байланысты болады. Мемлекеттің
әлеуметтік негізінің беріктігі, оның
құқықтық тіреуінің тұрақтылығын алдын
ала белгілейді. Құқықтық мемлекет
– бір мезгілдегі әлеуметтік мемлекет.
Құқықтық мемлекеттің адамгершілік
негізін, жалпы адамдық гуманизм
принципі және адалдық, теңдік жеке адамның
бостандығы, оның ары және адамгершілігі
құрайды. Құқықтық мемлекеттің режимін
шын мәнісінде, адамның жоғарғы
адамгершілік құндылығы бекітеді, олардың
қоғам өміріндегі басқару рөлін
қамтамасыз етеді, жеке адамға жасалатын
басынушылықты, күшейтуді жояды. Дәлірек
айтсақ, ол мемлекеттік басқарудың
демократиялық тәсілінен, сот процесінің
адалдығынан, жеке адамның мемлекетпен
қарым-қатынасындағы құқығының
Құқықтық
мемлекет – бұл тәуелсіз мемлекет,
ол өз бойына бүкіл халықтың, ұлттың
және елді мекендейтін аз ұлттардың
тәуелсіздігін жинайды. Мұндай мемлекет
үстемдікті, бәріне бірдейлікті, биліктің
толықтығын, ерекшелігін іске асыру
арқылы, адалдыққа негізделген
Информация о работе ҚР азаматтық қоғамның қалыптасу мәселелері