ҚР азаматтық қоғамның қалыптасу мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2013 в 20:14, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамзаттың саяси өмірі мен ол құрған мемлекеттердің саяси жүйелерінің дамуының басым бағыттарының бірі – құқықтық мемлекет болуына байланысты. Сондықтан құқықтық мемлекет құру мәселесін жалпыадамзаттық құндылықтар қатарына батыл жатқызуға болады. Құқықтық мемлекеттің жалпылық сипаты болғанымен, бұл құбылыс өте күрделі саяси феномен. Құқықтық мемлекеттің әр елде қалыптасу үрдісін зерттеудің қиындығы да күрделілігі де оның осындай санқырлы қасиеті мен табиғатына байланысы. Құқықтық мемлекет фундаментінде демократиялық, әлеуметтік және өркениетті мемлекетте жасалады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дипломная вся гот.docx

— 121.46 Кб (Скачать документ)

Көне  дәуірдің өзінде-ақ билік әрекетінің әділдік талаптарына сәйкес болу қажеттілігі идеясы пайда болды. Кейіннен құқық пен мемлекет туралы ойдын тереңдеу процесінде тым ерте әділ (яғни құқыққа сәйкес келетін) мемлекеттік билік туралы-көпшілік биліктің мойындауы мен қолдауы арқасында құқық жалпыға міндетті заңға, ал құқықты мойындайтын, реттелген, тиісінше құқықпен әрі шектелген, әрі ақталған көпшілік – билік күші (онын күш көрсету және т.б. мүмкіндіктерімен) әділ мемлекеттік билікке айналатын адамзаттың қоғамдық өмірінің саяси нысанының ақылдығы мен әділдігі туралы идея қалыптасты.

Көптеген  ежелгі грек мифтарында адамдардың полистік өмірінің әділ құрылымы идеясы анық көрінеді. Гомер өз поэмаларында әділдікті  адамзаттың қатынастаға күш мен  күштерге қарсы қояды. Гесиод Эвномияны (игі заң) дәриптейді. Эвномия аңыз бойынша Дикенің қарындасы және ең басты құдай Зевс пен құдай  ана Фемиданың (мәңгі табиғи-құдай  тәртіптің кейіптік көрнісі) қызы, Эвномия  өзінің кейпімен қоғамдық құрылымның заңдылығының бастамасы, заңдылық пен  полистік тәртіптің ішкі байланысының белгісі. Кейіннен «Эвномия» сөзі жақсы  әділ заңдарға негізделген полистік басқаруды сипаттау үшін шешуші түсініктердің  біріне айналды.

«Құқық (әділдік) – күштеу (зорлық)» антитезасы тұрғысында Гесиодтың келешек «темір ғасырды» қатты сынауын келтіруге  болады. Оның айтуынша: «Шындықты жұдырық  алмастырады… Күш қайда болса, құқықта  сонда болады» [1, 67].

Полистік  істердегі заңдар үстемдігінің негіз  құраушы мәнін Ежелгі Грецияның  «жеті данасының» көбі ерекше атады. Олардың кейбіреулері басқарушы  немесе заң шығарушы бола отырып, өздерінің  саяси – құқықтық идеяларын іс жүзінде жүзеге асыруға біршама  күш жұмсаған. Биант, Хилон, Питтак, Солон және басқа да ежелгі грек даналарының көзқарастарына сай, заңдарды орындау – жайластырылған полистің елеулі де ерекше белгісі. Мысалы Биант  қай жерде азаматтар заңнан құдда  қатыгез билеушіден қорыққандай  қорқатын болса, сол жердің мемлекеттік  құрылымы ең жақсы деп есептеді.

«Заңға  бағын», - деп шаққырды спартандық Хилон, «Өзіңді өзің таны» деген әйгілі афоризмнің авторы. Бұл афоризм Дельфадағы Апполон храмында жазылған және ежелгі грек ойында елеулі роль атқарған болатын  Хилон азаматтары шешендер мен демагогтардан  гөрі заңдарын сақтайтын полисті  ең үздік деп санаған. «Жеті дананың» бірі – Солон (шамамен б.ғ.б. 638-559 ж.ж.) - әйгілі афинаның реформатор, мемлекеттік  қайраткер және заң шығарушы. Аристотельдің  бағалауынша, Солонның заң шығаруы  реформаларынан Афиныда «демократия  басталды».

Солонның  өзіндік болмысы жағынан конституциясы  заңдары күресуші тараптардың байлар мен қарапайым халықтың құқықтық мүдделері компромисінің идеясына негізделді. Солон жүргізген күресуші күштер арасындағы компромисті заң  арқылы бекіту идеясы және осының арқасында  азаматтық келісімге қол жеткізу  идеясы, Жаңа дәуірдің жетілген конституционализміне құқықтық мемлекеттілік фундаменті ретінде үлгі болды.

Құқықтық  заң және құқықтық мемлекет идеялары тұрғысында Солон өз реформаларын күш  пен құқықты біріктіріп, «заң билігінің» көмегімен жүргізгені үлкен қызығушылық  тудырады. Күш (бұл жерде ресми  мемлекеттік күш) пен құқық үйлесімі ретіндегі заң билігінің терең  сипатталуымен бірге Солонның ережесінде мемлекеттегі қайта құруды тек заңды  жермен, ресми және жалпыға ортақ  заң негізінде жүргізу керек  деген парасатты ой жатыр.

Бұрыңғы ойшылардың күш пен құқықты біріктіру  туралы мемлекеттік құқықтық идеясы күш құқықты туғызады, күштінікі  әрқашан дұрыс және т.б. сияқты көзқарастарға  қарсы бағытталғаны анық.

Әділдік, құқық, заң ежелгі гректердің ойынша дәстүрлі түрде ғарыштың және жердегі  тәртіптің атрибуттары, күштеу, зорлық-зомбылық, тәртіпсіздіктің антиподтары саналды. Бүгінгі уақытта бұрынғылардың  заңға бағынушылығын, заң мен  заңдылықты қатты сыйлағандығын  сөз еткенде бұны күштің диктаты  емес, тиісті түрде белгіленген, парасатты, әділ (құқықтық деуге болады) заңдар, қасиетті дәстүрлер салдарыннан  болғанын ұмытпауымыз керек.

Заңға деген  осындай көзқарас Афиныдың кәмелетке  толған (18 жас) жас тұрғындарының  азаматтық антында да бар. Бұл  антта мынадай сөздер болды: «Мен тұрақты өкіметті тыңдаймын, белгіленген  заңдарға, сонымен қатар халықпен белгіленетін кейінгі заңдарға бағынамын. Егер де кім де кім бұл заңдарды жоққа шығарса немесе оларға бағынбаса, мен ондайға бармаймын, бірақ  бұл заңдарды өзім де бәрімен бірге  де қорғаймын».

Ежелгі  гректердің саяси-құқықтық ойларының  одан кейінгі дамуында құқық пен  мемлекеттің өзара байланысы  туралы, саяси-билікке қатынастарын құқықтық реттеу нысандары мен тетіктері (механизмі) туралы зайырлы, теориялық  пайымдаулары одан әрі тереңдетіледі.

Б.э.б VI-V ғасырларда қоғамдық және саяси-құқықтық тәріпті философиялық (парасатты) негізде  қайта құру қажеттігі идеясын  Пифагор мен Пифагоршылар алға тартты.

Бұл терең  идея философиялық сана мен шынайы білімнің идеалды құрылым мен  жетілдірілген басқаруды орнату үшін анықтаушы ролі туралы кейінгі  көзқарастардың негізін қалады. Бұндай көзқарастардың айқын мысалы – белгірлердің басқаруы туралы Сократ ережесі, Платон жасақтаған философтардың басқаруындағы  идеалды құрылыс жобасы, Мораль, құқық, мемлекет саласында лауазымдық нормалар туралы философиялық сананың  санатты императивтері (Кант), Гегельдің  парасаттылық пен шынайылықты анықтау  тұжырымдасы. Осындай көзқарастар  жаңартылған түрде қазіргі кездегі  қоғамдық мемлекеттік және құқықтық өмірді ұйымдастырудың, заң шығару, басқару және басқа да мемлекеттік  қызмет нысандарын ғылыми негізде жүзеге асырудың әділ де саналы тәсілінің  тұжырымдамаларында кездеседі.

Осындай ойлардың жалпы қатарында тарихи-материалистік  философия тұрғысынан алғанда құқық  пен мемлекет жөніндегі негативті  марксистік философиялық тұжырымы ерекше орын алады. Маркстік философиялық сананың  негізгі нәтижесі мен қорытындысы  – құқық пен мемлекет саналылығын  мойындамау, олар пролетарлық революция  және жетілдірілген коммунистік құрылысты салу кезінде негативті феномен ретінде жойылуға жатады.

Пифагоршылар  үшін әділ заң үстемдік ететін қала-мемлекет идеал болып табылды. 

Демокрит  мемлекетті полис мүшелерінің «ортақ ісі» ретінде қарастырды. Бұл ретте  ел мемлекетті (полисті) басқару өнерін «өнердің алды» деп санады. «Мемлекеттік істі,- деп жазды ол,- басқа істерден әлдеқайда маңызды санау керек; әркім мемелекеттің  жайластырылуы  үшін жұмыстануы керек, бұл ретте  үлкен алғысқа ұмтылмау, ортақ  іске пайдалы емес үлкен билікке  қол жеткізуге тырыспау лазым. Тура жолмен  жүретін мемелекет –  үлкен тірек. Мемлекетте игілік болса, бәрінде береке бар, мемлекет күйресе, бәрі де құриды».  

Демокрит  деспоттық билікті мойындамады  және азаматтық бостандыққа негізделген  демократиялық полисті жақтады. «Бостандық құлдықтан қалай жақсы  болса, демократиядағы  кедейлік те аталмыш игіліктен жақсы», - деп  айтты ол. 

Саяси-құқықтық құбылыстарға деген зайырлы, адамзаттың көзқарас б.э.б. V – IV ғасырларда софистермен  негізгі түрде дамытылды (Протагор, Гиппей, Антифонт және басқалар). Олар өздерінен бұрынғы ойшылдарға қарағанда  индивидтің саяси өмірдегі орны мен  роліне, саясаттағы субъективті бастамаға, адамның полис заңдарымен қатынасындағы  табиғи құқықтарына, билік пен заңның әлеуметтік түсінігіне қоғамның түрлі  топтарының мүдделерін білдіру нысандары  ретінде ерекше көңіл бөлді.

Софист  Пифагордың (шамамен б.э.б. 481-411 ж.ж.) «Барлық нәрсенің өлшемі – адам»  деген әйгілі қағидасы дүниінің адамзаттың өлшеміне, соның ішінде саяси-құқықтың қатынаста, өмірдің барлық саласында  адамзаттың, творчестволық бастаманы  игеруге бетбұрыс жасады.

Полистегі заң үстемдігі идеясын Сократ пен Платон дамытты. Платон өзінің «Заңдар» атты соңғы еңбегінде мемлекеттің  екі түрін бір-біріне қарсы қояды: біріншісінде бәрі басқарушыларға тәуелді, екіншісінде басқарушылар да заңдарды аттай алмайды. Заңдылық мемлекетін жақтаған  Платон былай деп жазды: «Заң өз күшін жоғалтқан және әлдекімнің билігі астында болған мемлекеттің  ғұмыры келте екенін көремін. Басқарушыларын заң билеген, басқарушылары заңның құлы болған жерден мемлекеттің құтқарылуын  және құдайлардың мемлекетке сыйлай алатын барлық берекені сеземін».

Әрине, Платонның  заңдылық мемлекетін құқықтық мемлекетке балау дұрыс болмас. Алайда, олардың  арасындағы айырмашылықтармен қатар, ұқсастық та кездеседі: табиғи құқықтық көзқарасы бар Платон  міндетті түрде кез келген биліктің орнауын  айтып отырған жоқ, тек саналы да әділ, жалпыға ортақ ережелер, «сана анықтамасы» жөнінде айтады. Бұндай заңның және мемлекеттің де негізгі қасиеті, Платонның бағалауы бойынша, ортақ мүддені қорғау болып  табылады. Платонның ойына сай, онсыз  заң да, мемлекет те, әділдік те болмайды, тек қана күш қолдану, саяси бақталастық  шағын топтардың мүдделерінің үстемдігі  жағдайында аталмыш түсініктерді өз пайдасына қолдану болады.

«Санаулы  адамның мүдделері үшін қызмет ететін заңдар бар жерде мемлекеттік  құрылым жөнінде айтуға болмайды, онда тек ішкі бақталастық бар, ал ондағы әділдік дегеннің атына заты сай емес».

Ежелгі  философтың осы бір парасатты  пікірін құқықтық мемлекет пен құқықтық заңның қазіргі жақтауышысы қолдар еді.

Саналы  заңдардың басқару тұжырымдамасын табиғи-құқықтық тұрғыда Аристотель де (б.э.б. 384-322 жылдар) негіздеді. «Сонымен, - деп жазды ол, - кім де кім заңның билік етеуін талап етсе, құдай  мен сананың билік етуін талап  ететін секілді, ал кім де кім адамның  билік етуін талап етсе, өзінің талабын жануар элементіне негіздейді, өйткені құмарлық хайуанатқа тән, ашу-ыза  да билеушілердің қаншалықты дұрыс  адамдар болғандығына қарамастан, оларды тура жолдан кері бұрады; керісінше  заң-теңдестірілген сана» (Аристотель. Политика, III, 11, 4, 128 в 5). «Заң билігі жоқ жерде, - деп айтады, ол мемлекеттік (полистік) құрылымның қандай болмасын нысанына орны жоқ».

Аристотельдің түсіндіруінде саяси (мемлекеттік) құрылымының түрлі нысандар әділдік  принципі мен құқық идеясына сәйкес келеді, яғни, басқаша айтқанда құқықтық сипаты бар. «Сонымен, - деп жазды  Аристотель (Политика, ІІІ, 4, 7, 1279а 26), - мемлекеттік құрылымның жалпыға  ортақ пайдалы ойлайтын нысандары  ғана сөзсіз әділдік принципіне сай  дұрыс болып табылады; ал тек басқарушылардың  жеке игілігін ойлайтын нысандардың  бәрі де қате және дұрыстардан ауытқушылықтары  бар; олар деспоттық принципке негізделген, ал мемлекет еркін адамдардың қарым-қатынасы болып табылады». Деспотизмге қарсы  қойылатын саяси және құқықтық нысандардың  осындай принциптік жиынтығы мен  заттай-мағыналық бірлігі Аристотельдің  ілімінде мемлекеттің құқықтық концепциясы  бар деп айтуға негіз болады.

Жалпы алғанда  Аристотель мен әзірленген саяси  ғылым полистік өмірдегі барлық негізгі  мәселелердің табиғи-құқықтық түсінігіне сүйенді. Аристотельдің «адам табиғи болмысынан саяси жан» (Аристотель. Политика І, 1, 9, 1253 а 16) деген әйгілі қағидасының да табиғи-саяси мағынасы бар.

Қазіргі тілмен айтқанда, Аристотельдің ілімінде мемлекеттің саяси құқықтық сипаты бар. Оның саяси ғылыми мемлекет пен  заң туралы құқықтық ілім, өзінің бойында  құқықтық заң мен құқықтық мемлекеттің  бастапқы идеяларын қамтиды.

Бұл тұрғыда  ежелгі грек ойшылдарының (Платонның, Аристотельдің, олардан кейін Полибийдің) айтарлықтай жетістігі-мемлекеттің  үздік нысаны ретінде аралас басқару  туралы ілім.

Аристотельде  мемлекеттің ең үздік нысаны болды. Бұл демократия мен олигархия  принциптерін тиісті түрде үйлестіру («араластыру»).

Бұл ретте  Аристотель көбіне Платонға ерді. Платон өзінің «Заңдар» еңбегінде лайықтылығы  бойынша екінші мемлекет ретінде  аралас басқаруды суреттеді –  «монархиялық және демократиялық құрылымның арасындағы орта: мемлекеттік құрылым  әрқашан аралық деңгейде болуы керек» («Заңдар», 757) Аристотель Платонның  аралас басқарудың артықшылықтары туралы идеясының өзіне келісе отырып, сонымен  қатар жетілген мемлекет туралы платондық тұжырымдамада әңгіме шындығында демократиялық элементті монархиялық емес, олигархиялық элементпен үйлестіру туралы деп ескертеді.

Іс жүзінде  аристотельдік полития жалпы  билік етудің саяси (сонымен бірге-құқытық) нысанының теориялық конструкциясы  болып табылады. Бұл рет ол эмпириялық түрдегі мемлекеттік нысандар үшін эталон ретінде және олардың деспоттығының, құқық пен саяси әділдік нормаларының талаптарынан ауытқушылығының шамасын  анықтау үшін критерий ретінде қызымет  етеді.

Полития Аристотельдің ойы бойынша оның этикалық және саяси ілімінің негізгілерін ескере отырып құрылады. Полития –  мемлекеттің «ортаңғы» нысаны, оңдағы «орташа» элемент барлығында да басым: талғамда жайлылық, мүлікте – орташа күй, билікте – орта тап. «Орташа» адамдардан тұратын мемлекет ең үздік  мемлекеттік құрылымға ие болады (Политика, IV, 9, 6, 1295 в18). Аристотельдің  ойынша, мемлекет үшін ең үлкен игілік – азаматтарда орташа, бірақ жеткілікті меншіктің болуы.

Аристотельдің пайымдауынша ортаңғы элементтің көптігі  халықтың күресуші партияларға бөлінуіне  жол бермейді және партиялар арасындағы таластарды әлсіретеді.

Аристотельдің ойынша, политияда ортаңғы элемент  шеткі элементтерден күштерек болуы  керек. Жоғарғы билік күштірек болуы керек. Жоғарғы билік азшылықтың емес көпшіліктің қолында болуы керек. Ал осы құрылымды жақтаушылар саны ерікті халықтың жалпы санындағы қарсыластардың санынан басым болуы керек. Политияда (олигархияда, демократияда) заң шығарушы мемлекеттік құрылымның сол нысанындағы ортаңғы элементке көңіл болуы керек.

Информация о работе ҚР азаматтық қоғамның қалыптасу мәселелері