Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2013 в 20:14, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамзаттың саяси өмірі мен ол құрған мемлекеттердің саяси жүйелерінің дамуының басым бағыттарының бірі – құқықтық мемлекет болуына байланысты. Сондықтан құқықтық мемлекет құру мәселесін жалпыадамзаттық құндылықтар қатарына батыл жатқызуға болады. Құқықтық мемлекеттің жалпылық сипаты болғанымен, бұл құбылыс өте күрделі саяси феномен. Құқықтық мемлекеттің әр елде қалыптасу үрдісін зерттеудің қиындығы да күрделілігі де оның осындай санқырлы қасиеті мен табиғатына байланысы. Құқықтық мемлекет фундаментінде демократиялық, әлеуметтік және өркениетті мемлекетте жасалады.
Кіріспе
Мемлекеттік
өз жұмысын заң негізінде іске
асыратын ұйым ретіндегі ойлар адам
баласының өркениетті дамуындағы алғашқы
кезеңдерінде пайда бола бастаған.
Жетілген және қоғам өмірінің адал
нысандарын іздеу құқықтық мемлекет
идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар
(Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель,
Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік
билік арасындағы қарым-қатынасты
көрсетуге талаптанғандағы
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамзаттың саяси өмірі мен ол құрған мемлекеттердің саяси жүйелерінің дамуының басым бағыттарының бірі – құқықтық мемлекет болуына байланысты. Сондықтан құқықтық мемлекет құру мәселесін жалпыадамзаттық құндылықтар қатарына батыл жатқызуға болады. Құқықтық мемлекеттің жалпылық сипаты болғанымен, бұл құбылыс өте күрделі саяси феномен. Құқықтық мемлекеттің әр елде қалыптасу үрдісін зерттеудің қиындығы да күрделілігі де оның осындай санқырлы қасиеті мен табиғатына байланысы. Құқықтық мемлекет фундаментінде демократиялық, әлеуметтік және өркениетті мемлекетте жасалады. Құқықтық мемлекет әлеуметтік әділеттілік саясатын, демократиялық бостандықтар мен еріктерді қамтамасыз ету саясатын, басқарушы билікті тежеу саясатын жүзеге асырудың кепілі болып табылады.
Сонымен бірге Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптастыру идеялары, ой-пікірлері мен тарихи тәжірибесі де бар. Қазақстанда құқықтық, заңға бағынатын мемлекеттер құру идеяларын көне түркі қағандары, орта ғасыр ойшылдары мен Алаш қайраткерлері мәселе етіп көтерсе, қазақ хандығы дәуірінде заңға бағынатын қазақ мемлекетін құру тәжірибесі де болды. Өкінішке орай, этникалық саяси тәжірибе тарихи шындықта іске толық асырылмады. Қазақ халқы Ресей империясының боданына айналғаннан кейін де, кеңестік империя заманында да қазақ жұрты отаршыл империяның заңдарына бағынып өмір сүрді. Елде тоталитарлық саяси жүйеге қызмет ететін этатистік заңдар үстемдік етті. Қазақ халқы өзінің ұлттық құндылықтарын қорғайтын заңдар жүйесінде өмір сүре алмады, этникалық өмірді жандандыратын саясат жүргізе алмады.
Сондай-ақ
зерттеу тақырыбының өзектілігі
қазіргі Қазақстан қоғамын
Қазақстанның
өркениетті мемлекет белгілерін қалыптастыру
әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін
маңызды заңдық күші бар құжаттардың
бірі – “Қазақстан Республикасының
Құқықтық саясат тұжырымдамасының”
орындалуының маңызы зор. Бұл тұжырымдама
елдің саяси билігінің және бүкіл
саяси жүйесінің құқықтық мемлекет
принциптеріне сәйкес қызмет жасауына
бетбұрыс жасады. Зерттеудің өзектілігі
Қазақстанда осы аталған
Ертедегі
ғалымдардың ойынша құқықты мойындайтын,
сонымен қатар құқықпен тежелген
мемлекеттік билік адал мемлекеттік
болып саналған. «Заңның күші жоқ
жерде, - деп жазды Аристотель,- мемлекеттік
құрылымның қандай болмасын нысаны жоқ.
Цицеронның айтуынша мемлекет – «халықтың
ісі», құқықтық араласу және «жалпы
құқықтық тәртіп». Ежелгі Грецияның
және Римнің мемлекеттік –құқықтық
идеялары, институттары құқықтық мемлекет
туралы кейінгі прогрессивтік
Феодализм ыдырауының алғашқы кезеңдеріндегі құқықтық мемлекеттілік идеяларын сол кездегі прогрессивті ойшылдар Н.Макиавелли және Ж.Боден айтқан. Макиавелли өзінің теориясында өз заманының қажеттілігіне анағұрлым жауап беретін идеяларда мемлекеттің нұсқасын салуды көздеді. Мемлекеттің мақсатын мүлікті еркін пайдалану мүмкіндігі мен адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп білді. Боден мемлекетті көптеген отбасыларды және олардың иелігіндегі заттарды құқықтық басқару деп анықтады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Буржуазиялық революциялардың кезеңінде құқықтық мемлекет тұжырымдасының дайындалуына прогрессивті оқымыстылар (ойшылдар) маңызды үлес қосқан: Г. Гроций, Б. Спиноза, Т. Гоббс, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д. Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон және басқалар.
Гроций табиғи-құқықтық мектептің алғашқы теорияның маманы болды. Оның теориясы бойынша, мемлекеттің мақсаты – көпшіліктің келісімі бойынша әр адамға өз мүлкін еркін пайдалануды қамтамасыз ететіндігі құқықтық бекітулер арқылы жеке меншікті қорғау.
Спиноза заңдар мен байланысуы салдарынан азаматтардың шынайы құқықтары мен еріктерін қамтамасыз ететін демократиялық мемлекеттің теорияның негіздемесін жасады. Оның айтуынша мемлекет әрбір азаматтың өмірін қорғап қана қоймай, сонымен бірге олардың мүдделерінің қанағаттандырылатынына кепілдік берсе ғана күшті болады. Ол өз заманындағы билеушілерді жеке меншіліктің, қауіпсіздіктің, ар-ұяттың бостандықтың және басқа да игіліктің сақталуы қажеттігін ескертті.
Гоббс қоғамдық өмірдегі құқықтық үстемдігі туралы бірқатар прогрессивті еңбектер жазды. Оның еңбектерін кейіннен буржуазиялық революция оқымыстылары жетілдірді, дамытты. Сонымен қатар заң алдындағы формалды теңдікті дәлелдеді және келісімнің тұрақтылығын көрсетті.
Локк та табиғи, бөлінбейтін құқықтық меншікті, жеке бостандықты және теңдікті қамтамасыз ететін заң үстемдігі туралы айтты.
Монтескье құқықтық мемлекеттің құрылуын азаматтың қоғамдағы саяси бостандықтың қажеттілігі деп түсіндірді. «Бостандық заңдармен рұқсат етілген әрекеттерді жүзеге асыру. Егер азамат заңдармен тыйым салынған әрекет етсе, оның бостандығы болмайтын еді. Өйткені өзгелерде сондай әрекеттер жасаған болар еді». Демек, Монтескьенің көзқарасы бойынша, саяси бостандық – заңдылық пен қауіпсіздікті сақтау.
Осы кезеңде
құқықтық мемлекеттің негізгі
Кант
құқықтық мемлекет теориясының философияның
негізін жан-жақты зерттеген
Батыс Еуропаның
саяси-құқықтық ой иелері құқықтық мемлекет
теориясының элементтерін өз кезеңдеріндегі
көзқарастарға тәжірибелеуге
Құқықтық мемлекет идеялары қазақ саяси-құқықтық ойда да кең орын алды. Олар Ы. Алтынсарин, С. Асфендияров, М. Шоқай т.б. ойшылдардың еңбектерінде келтірілген. Қазан революциясынан кейін құқықтық мемлекет идеясы революцияның құқықтық сана талаптарымен алмастырылды, ал кейін мүлдем алынып тасталды.
Кейінгі жылдары реформалық процестердің нәтижелерінде мемлекет пен құқыққа ғылыми көзқарас пайда болды.
Құқықтық мемлекет туралы Қазақстан Республикасының Конституциясында да айтылған: «Қазақстан Респубикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметті мемлекет» (1б. 1-ші сөйлемі).
Зерттеудің пәні демократиялық даму жолына түскен тәуелсіз Қазақстанның құқықты мемлекет ретінде қалыптасып даму процесі болып табылады.
Зерттеудің обьектісі құқықты мемлекет қалыптастыру жағдайындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтары, оларды сақтауға бағытталған құқықтық-саяси, әлеуметтік және экономикалық механизмдер мен тұжырымдамалар, билік тармақтарының қызметі, азаматтық қоғам институттарының құқықтық мемлекеттегі ролі, құқықтық мемлекет қалыптастырудағы әлемдік тәжірибенің қазақстандық үлгіде ұлттық ерекшеліктерімізбен сабақтасуы болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - өзін адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылықтар деп санайтын өркениетті демократиялық ел ретінде айқындаған Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет қалыптастырудағы мемлекеттік саясатын кешенді түрде зерттеу. Диплом жұмыстың мақсаты төмендегідей зерттеу міндеттерін туындатады:
қазіргі заманғы саяси теориядағы құқықтық мемлекет ұғымының мәні мен мазмұнын, табиғаты мен даму эволюциясын айқындау арқылы құқықтық мемлекет құру саясатының тұжырымдамасы және әдістемелік принциптерін негіздеу;
қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптастырудың конституциялық және заңдық негіздерін саралау;
құрылымдық-қызметтік талдау арқылы құқық қорғау органдарының қызметін демократияландырудың құқықтық мемлекетті құруға ықпалын анықтау;
салыстырмалы-саяси тәсілді қолдана отырып, әлемдік саяси тәжірибедегі құқықтық мемлекет қалыптастырудағы заң-құқықтық реформаның маңызын көрсету;
Қазақстан
Республикасының жалпыұлттық
Қазақстанның құқықтық мемлекет
ретінде қалыптасып дамуына азаматтық
қоғамның әсерін, өзара байланыстары
мен өзара тәуелділіктерін
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері саяси ғылымдағы кең танымал жүйелілік, салыстырмалы-құрылымдық, құрылымды-функционалдық, саяси-салыстырмалы талдаулар, контент-анализ, сараптамалық және логикалық талдау және сонымен қатар әдістемелік негізін философияда, әлеуметтануда, әлеуметтік психология, құқық тарихы және теориясында, азаматтық құқықта қалыптасқан ұстанымдар мен таным категориялары құрады. Жұмысты жазу барысында құқықтық мемелекет құру идеясы істерін таңдамалы түрде оқып, зерттеп, талдау жасалды.
Диплом жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тарау, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Мемлекеттік
өз жұмысын заң негізінде іске
асыратын ұйым ретіндегі ойлар адам
баласының өркениетті дамуындағы алғашқы
кезеңдерінде пайда бола бастаған.
Жетілген және қоғам өмірінің адал
нысандарын іздеу құқықтық мемлекет
идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар
(Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель,
Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік
билік арасындағы қарым-қатынасты
көрсетуге талаптанғандағы
Қазіргі құқықтық мемлекеттің ерекше теориялық тұжырымдама және тиісті практика ретінде – ұзақ және сабақ болардың тарихы бар.
«Құқықтық мемлекет» терминінің өзі XIX ғ. басында неміс заң әдебиетінде (К.Т. Велькер, Р. фон Моль және басқалардың еңбектерінде) пайда болып бекілді, ал кейіннен кеңінен таралды [1, 286].
Мазмұнды мағынада құқықтық мемлекеттіліктің бірқатар идеяларды ежелгі дүниеде және ортағасырлық Еуропада пайда болды. Ал құқықтық мемлекеттің теориялық тұрғыдан дамыған тұжырымдамалары феодализмнен капитализмге өту және жаңа әлеуметтік – саяси құрылымның пайда болу жағдайында қалыптасты. Тарихи жағынан бұл буржуазиялық саяси және құқықтық ойдың прогрессивтік бағыттарынның пайда болуының және жаңа (феодалдыққа қарсы, зайырлы, антитеологиялық, антиклерикалды) заңдық дүниетанымның қалыптасуы мен дамуының, феодалдың әлімжеттік пен заңсыздықты, абсолютистік және полиция режимдерін сынаудың, адамгершілік (гуманизм) идеяларын, барлық адамдардың бостандығы мен теңдігінің принциптерін, адамның айырылмас құқықтарын бекітудің, сан түрлі мемлекекеттік – құқықтық құралдарды, құрылымдар мен нысандарды (мемлекеттік биліктің бөлінуі, конституционализм, заң үстемдігі және т.б.) іздеудің жалпы ағымында жүзеге асты.
Құқықтық
мемлекеттің теориялық
Ежелгі дәуірдің кейінгі құқықтық мемлекет теориясына ықпалының түрлі аспектілері саяси қатынастарды құқықтық ресімдеу тақырыбы айналасында топтасады. Бұл тақырып ең алдымен ежелгі мемлекет-қала (полис) құрылымының, оның өкіметі мен заңдарының әділдігі, мемлекеттік түрлі органдарының арасында өкілеттіліктерді әділ бөлу, басқарудың дұрыс және дұрыс емес нысандарын айыру, полистік өмірде мемлекет пен азаматтық өзара қарым-қатынастарын анықтауда заңның айқындаушы ролі, түрлі басқару нысандарының жіктелу және сипатталу критерилері ретінде заңның мәні сияқты аспектілерді қамтиды.
Информация о работе ҚР азаматтық қоғамның қалыптасу мәселелері