Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2013 в 20:14, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамзаттың саяси өмірі мен ол құрған мемлекеттердің саяси жүйелерінің дамуының басым бағыттарының бірі – құқықтық мемлекет болуына байланысты. Сондықтан құқықтық мемлекет құру мәселесін жалпыадамзаттық құндылықтар қатарына батыл жатқызуға болады. Құқықтық мемлекеттің жалпылық сипаты болғанымен, бұл құбылыс өте күрделі саяси феномен. Құқықтық мемлекеттің әр елде қалыптасу үрдісін зерттеудің қиындығы да күрделілігі де оның осындай санқырлы қасиеті мен табиғатына байланысы. Құқықтық мемлекет фундаментінде демократиялық, әлеуметтік және өркениетті мемлекетте жасалады.
Президентті орнынан кетіру мәселесін көтерген сәтте Парламенттің өкілеттілігін тоқтатуға Президент себепті оңай таба алады. Сонымен бірге “Президентке мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың қабылданбауы оның қай кезеңде де осы мәселенің қаралуына себепті болған. Мәжіліс депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соғады”. Бұл талаптың өзі Мәжіліс депутаттарына Президентке қарсы шығудың қауіпті екендігін алдын ала ескертеді.
Құқықтық
мемлекеттің негізгі
Конституцияда,
өкінішке орай, сот және прокурор органдары
Президентке тәуелді. Себебі осы
заң органдарының басшыларын Президент
Сенат келісімімен тағайындайды
немесе Президент ұсынуымен Сенат
сайлайды. Конституцияның осы баптарынан
елдегі құқық қорғау органдарының басшыларының
Президентке тікелей
Құқықтық
мемлекетке жылжу барысында Қазақстанда
биліктің бір қолға шоғырлану
құбылысын жеңу маңызды. Ол үшін алдымен
Конституциялық Кеңес төрағасы, Республика
Бас Прокуроры, Жоғарғы Соттың төрағасы
атқарушы билікке ешқандай тәуелді
болмағаны дұрыс. Құқық қорғау органдарының
бірінші басшыларын Парламент сайлауы
кезінде депутаттармен бірге
сайлап, олар Президентке ант беріп,
Парламент пен Президент
Құқықтық мемлекетке орталық билік пен жергілікті билік арасында нақты билік бекінісі болады. Жергілікті билікте сол жерге қатысты мәселелерді шешуге толық шешетіндей дәрежедегі билік болуы қажет. Жергілікті атқарушы биліктің басшылары халық және халық сайлаған өкілетті органдар алдында жауапты болуы шарт. Қазақстандағы жергілікті билік орындарын басқаратын әкімдер тікелей орталықтан тағайындалады, орталықтың айтқанын орындайды және мәслихаттардың алдында формальды түрде есеп береді.
Елдегі
әкімдер жүйесі транзитті даму кезеңінде
позитивті жұмыс істеді деп бағалауға
болады. Бірақ та нарықтық қатынастардың
қалыптасуы, елдің саяси жүйесін
демократияландыру талаптары
Өркениетті құқықтық мемлекеттер тәжірибесі жергілікті басқару органдарының сол жердің сайланып қойылатын халық өкілдерінің жиналысының алдында есеп беруін және оған жауапты болуын қалайды. Демек осы бағытта да ел Конституциясына өзгерістер енгізу қажеттігі бар.
Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы Конституциясы
толыққанды құқықтық қоғам орнату мәселесін
әлі де болса толық шеше алмайтын
құжат деп бағалауға болады. Себебі,
бұл Конституцияда вертикалды президенттік
билік тым күшейтіліп жіберілген.
Ал биліктің заң шығарушы, сот тармақтары
тым әлсіретілген. Олардың атқарушы
билік тармағын бақылауға, шектеуге,
заң талаптарын орындағанын тексеруге
құқықтары жетіспейді. Қазақстанда
заңдардың бұзылуының, экономикадағы
жемқорлықтың себептері осында. Атқарушы
биліктің жауапкершілігінің аздығынан
Қазақстандағы көлеңкелі
Аталған фактілер атқарушы биліктің және оларға қарасты финанс органдарының жүгенсіздігін дәлелдейді. Ел байлығының тек табыс бөлшегінің 10 пайыздан астамын атқарушы биліктің “көмегімен” түрлі алаяқтар талан-таражға түсіріп отырған. Заң шығарушы және сот органдары атқарушы биліктің әрбір қадамына, шешіміне бақылау жасай алмайды, мемлекеттік бюджеттік қаржыны қалай пайдаланып жатқанын білмейді. Биліктің бір тармағының екінші тармағын бақылауға, жауапқа тартуға мүмкіндігі болмағандықтан, Қазақстан ұйымдасқан жемқорлық деңгейінің өсуінен әлемдегі алдыңғы орындарға шығып отыр.
Бұдан Конституциядағы
қиғаштық немесе биліктің атқарушы тармағының
күшеюі елдегі түрлі девенттық құбылыстардың
өрістеуіне себеп болып отыр деген
қорытынды шығаруға болады. Әсіресе,
ұйымдасқан жемқорлықтың, парақорлықтың
шектен шығуына атқарушы биліктің бақылаусыз
болуы себеп деп есептейміз. Құқықтық
қоғамға тән билік
Қазақстанда,
өкінішке орай, атқарушы биліктің тежеусіздігі
қоғамдағы заңдылықтың жиі
Бұл деректерден Қазақстанда құқықтық мемлекетті жылдам қалыптастыру қажеттілігін байқаймыз. Бірақ та бұндай маңызды мемлекеттік шараны шешу үшін саяси жүйенің де, халықтың да құқықтық мәдениеті қалыптасуы қажет. Әр азамат заңды бұлжытпай орындаудың және басқалардан да заңдылық шеңберінде қызмет етуді талап етуінің маңызы үлкен. Ол үшін Қазақстандағы ішкі саяси процестерді сапалық жаңа деңгейге және тұрлаулы реформалардың траекториясына шығару дұрыс. Президенттік вертикалды билікті шектеу арқылы Парламенттің рөлін арттыру, атқарушы билікті орталықсыздандыру, сот жүйесін реформалау арқылы заңдылықты нығайту, сыбайлас жемқорлықты ауыздықтау мақсатында батыл қадамдар жасау құқықтық мемлекеттің нақты шындыққа айналуына көмектеседі.
Қазақстан қоғамы біртіндеп, сатылап құқықтық алаңға келе жатыр. Құқықтық мемлекеттің құрылуының негізгі белгісі – күш көрсету органдарының шектен шыққан билігінің болмауы. Қазақстан Кеңес Одағы құрамында болғанда ЧК, ОГПУ, НКВД, КГБ сияқты органдардың теперішін әбден көрді. Кейбір деректерге қарағанда Қазақстанда 30-шы жылдарда ғана 75000 адам жазықсыз репрессияға ұшыраған. Күш көрсету органдары “халық жауы” деген жалаумен, заңсыз қандай азаматты болмасын қамауға ала алатын. Ондаған мың адамдар жазықсыз зорлық-зомбылық, қинау мен қорлауды көрді. Бүкіл қоғамды қорқыныш биледі. Сот, прокуратура, милиция органдары халықты емес, саяси жүйе мен саяси идеологияны ғана қорғады. Ол қорғау халықты қорқыту, шошыту және репрессиялау саясаты арқылы жүзеге асырылды. Конституция мен заңдылық Кеңес Одағында саяси жүйе мүддесіне бағындырылды. Халық мүддесі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары сөз жүзіндегі бос ұрандар ретінде қалды. Сондықтан Кеңес Одағы жылдарында, әсіресе сталинизмнің билік құрған кезеңінде заңдылық принциптері, құқықтық мемлекет идеясы өрескел бұрмаланды. Кеңес халықтарының заңдылық күшіне деген сенімі жоғала бастады. Заңның бұрмалануы және әлсіреуі қоғамды сатқындыққа, өтірікке, екіжүзділікке тәрбиелейді. Тоталдық сенімсіздік, сексоттық психология қалыптасты. “Хомо советикус” деп аталған идеология үшін жақындарын жау көретін, мансап үшін адал адамдарды оққа байлап беретін сатқын, жалқау, өтірікші адам типі қалыптасты.
Кеңес Одағында
адамның конституциялық құқықтары
мен бостандықтары, заң жүзіндегі
қорғалуы сөз жүзінде жақсы
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, соттардың, прокуратура мен полицияның қызметтерінің мазмұны өзгерді. Олардың Кеңес Одағы жағдайындағы шектелмейтін билігі тоқтатылды. Әрбір құқық қорғау органы өзіне тән заңдармен белгіленген функционалдық қызметтерін ғана орындайтындай заңдық алаң қалыптаса бастады. Олардың адам құқықтарына, саяси қозғалыстар мен партиялар қызметтеріне заңсыз араласуына қатаң тыйым салынды.
Қазақстанда
құқықтық мемлекет қалыптасуы елдің
өз мемлекеттік қауіпсіздігін
Қазақстан
Республикасының билік
Қазақстанда
құқықтық мемлекеттің фундаменті берік
түрде құрыла бастағандығын елдің
құқықтық кеңістігі мен саяси
жүйесіндегі келесідей
Біріншіден, Қазақстан азаматтары өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға болатындығына көз жеткізді. Мемлекет өзінің адам құқықтарын қорғау функциясын орындауын қамтамасыз етті. Адамдар өздерінің еркіндіктері мен бостандықтарын қорғай білуді үйренді.
Екіншіден, елде өркениетті елдерге тән құқықтық қоғам құрушы басты инструмент – жаңа үлгідегі сот жүйесі қалыптасты. Сот жүйесі адамдардың жеке басының бостандықтарын қорғауда ғана емес, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жаңару, реформалар процесінде заңдылықты орнатушы күшке айналды.
Үшіншіден, Республика Конституциясы негізінде құқықтық қоғамның негізгі белгілі мемлекеттік биліктің үш тармаққа бөлінуінің нақты үрдісі басталды. Мемлекеттік құрылым жүйесінің құқықтық сипатының нақты белгісі болып табылатын “сот билігі” өзіне тән сипатын және мақсаттарын айқындады.
Төртіншіден, сот билігінің атқарушы билікпен тәуелсіздігі бекітілді. Заңдарды, адамдар мүдделерін, экономиканың дамуын заңмен реттеу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету органдарының қызметтерін заңдылыққа бағындыру, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету, жалпы айтқанда қоғамдық дамудың негізгі салаларында құқық пен заңның біртұтас үстемділігін қамтамасыз ету арқылы сот билігі құқықтық мемлекет құруға үздіксіз жағдай жасай бастады.
Бесіншіден,
құқықтық мемлекетке бастайтын заң
шығарушы орган қос палаталы Парламенттің
рөлі күшейе түсті. Өзінің заң шығарушылық
қызметі жағынан Сенат пен
Мәжіліс палаталары өркениетті елдердің
парламенттерімен бірдей қызмет ете
алатындықтарын дәлелдеді. Мысалы, 1995
жылдан 2005 жылға дейін елімізде 1400-ден
аса заң қабылданған. Олардың 300-ден
астамы толық заңдар (өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы заңдардан
бөлек). Мұның өзі Қазақстанда
демократиялық жолдармен
Алтыншыдан,
Қазақстанда Конституция
Информация о работе ҚР азаматтық қоғамның қалыптасу мәселелері