ҚР азаматтық қоғамның қалыптасу мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2013 в 20:14, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамзаттың саяси өмірі мен ол құрған мемлекеттердің саяси жүйелерінің дамуының басым бағыттарының бірі – құқықтық мемлекет болуына байланысты. Сондықтан құқықтық мемлекет құру мәселесін жалпыадамзаттық құндылықтар қатарына батыл жатқызуға болады. Құқықтық мемлекеттің жалпылық сипаты болғанымен, бұл құбылыс өте күрделі саяси феномен. Құқықтық мемлекеттің әр елде қалыптасу үрдісін зерттеудің қиындығы да күрделілігі де оның осындай санқырлы қасиеті мен табиғатына байланысы. Құқықтық мемлекет фундаментінде демократиялық, әлеуметтік және өркениетті мемлекетте жасалады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дипломная вся гот.docx

— 121.46 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттің саяси табиғаты оның тәуелсіздігінен  анық көрінеді. Қоғамның саяси жүйесі, бөліктерінің мүдделері және барлық гамма қажеттіліктер тек тәуелсіздікке  келіп жиналады. Тәуелсіздікке байланысты ғана мемлекеттік және мемлекеттік  емес ұйымдардың мүдделері біріктіріледі, адал құқықтың теңдігі және еркін  дамуы қамтамасыз етіледі. Енді құқықтық мемлекеттің негізгі белгілеріне  көшейік:

1. Барлық  қоғам өмірінің аясындағы заң  деңгейінің жоғарылығы. Құқық жүйесіндегі жоғарғы құқықтылықтың нысанына ұйымдарды және адамдардың бостандығын қорғаушы заң жатады. Заңда мемлекет бәріне тәртіп жолын белгілейді, адалдық пен теңдіктен бастау алып, қоғам дамуындағы объективті қажеттілікті толық есепке алады. Міне, сондықтан да заң – жоғары заңдылық күшке ие. Басқа құқықтық актілер заңға сай болуы қажет. Заң қоғам өміріндегі ең маңызды қажеттілікті, жағдайларды реттейді. Ол өмірге, маңызды ортадағы бостандықтың мөлшерін белгілейді, қоғамның адамгершілік құндылығын қорғайды (мысалға, меншік туралы заңдар, кәсіпкерлік туралы баспа т.б.). Қосымша заң актілері (подзаконные акты) оның ішінде ведомстволық, қажетті кезінде, заңдардың кейбір қағидаларын анықтайды, бірақ заңды ешқашанда «жетілдірмейді», «түзетпейді», «ауыстырмайды». Сонымен бірге, құқықтық заң, оны шығарушылардың өз еркіне жібермейді. Заңда бекітіліп жатқан қоғамдық қатынастардың объективтігі, олардың дамуы және өз-өзінен жаңалануы көрсетілуі қажет. Заң шығарудағы әр түрлі тежеулік жүйе, субъективтік сипаттағы тыйым салу, құқықтық мемлекеттің негізіне зиян келтіреді, қоғамдық прогресті тежейді.

Құқытық мемлекеттің негізгі – конституциясы. Онда мемлекеттік және қоғамдық өмірдің  құқықтық принциптері көрсетілген. Конституция қоғамның жалпы құқықтық моделін көрсетеді, барлық ағымдағы заңдар, соған сәйкес келуі міндетті. Мемлекеттің ешқандай құқықтық актілері конституцияға қарама-қайшы келмейді. Конституцияның артықшылығы – құқықтық мемлекеттің бөлінбейтін бөлігі. Сондықтан құқықтық мемлекет – конституциялық мемлекет.

2. Жеке  адамның құқығының шындығы, оның  еркін дамуын қамтамасыз етуінде. Әлеуметтік, саяси өмірде, адам бостандығы оның құқығы ретінде көрінеді. Құқықтық мемлекет жеке адамдарға белгілі бостандықтың болуын қолдайды, ол мөлшерден әрі қарай мемлекеттің араласуы дұрыстыққа жатпайды. Мемлекеттік биліктің «араласпауы» міндеттілігі, адамдардың өз құқығын сақтауды талап етуіне сәйкес келеді. Егер белгіленген құқық бұзылса, ол соттың қорғауымен қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдай, нағыз құқықты бостандыққа айналдырады. Құқық жалпыға бірдей, көлемді және бір деңгейдегі бостандық. Оның шын көрінісі мына формулада қамтылады: «тұлғаға тыйым салынбаған нәрседен басқаның бәріне рұқсат етіледі».

Жеке  адамдардың құқықтық сипаттағы бостандығы, қоғамның әр түрлі жағдайынан көрінеді. Қазіргі демократиялық мемлекетте объективті құқық бостандығы, өзінің әр қыйлы мазмұндарына байланысты жеке адамның субъективтік құқығымен  іске асырылады. Ондағы ең маңыздысы  – жеке адамның құқығы, оның мүддесін орындауға ұмтылған мемлекеттің  қимылы (әрекеті), жеке адамның дербес құқығына, білім алу, әлеуметтік қамсыздандырылу, сотпен қорғалу, мемлекеттің көлемінде  еркін жүру жатады.

3. Мемлекет  пен жеке адамның арасындағы  жауапкершілік. Саяси  өкіметті алып жүруші мемлекет пен оның құрылуын іске асыруға қатынасушы азаматтың арасындағы қатынас, теңдік және адалдық негізінде болуы қажет. Мемлекет жеке адамның бостандық деңгейін заңда белгілей отырып, сондай мөлшердегі өзі қабылдаған шешімінде, қимылында өзін тежейді. Ол әр азамат туралы адалдықты қамтамасыз етуді міндетіне алады. Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдары оның жарлығын бұза алмайды және бұзғаны үшін, не ол міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылады. Заңның міндеттілігі, мемлекеттік билікке кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі, ол жағдай әкімшілік басынушылықты жояды. Оған жататындар: депутатардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілігі (депутатты кері шақырып алу), үкіметтің өкілетті органдар алдындағы жауапкершілігі, әкімшілік, азаматтық-құқықтық не болмаса, мемлекет қызметкерінің қандай деңгейде болмасын белгілі құқық субъектілерінің алдында өзінің міндеттерін орындамағаны үшін, қылмыстық жауапкершілігі. Сондай құқықтық бастама негізінде, мемлекет алдында жеке адамның жауапкершілігі құрылады. Мемлекеттік мәжбүрлеуді пайдалану, құқықтық сипатта болуы қажет, жеке адамның бостандық деңгейін бүлдірмеу, болған құқық бұзушылық оның ауырлығына сай жазалануы қажет. Мемлекет пен жеке адамның бірге жауапкершілігіндегі құқықтық сипаттама – қоғамдағы құқықтың объективті құрылуының маңызды бөлігі, мемлекет еріктілігінің нәтижесі емес. Құқықтық талаптарды сақтау – ең алдымен, мемлекеттің және барлық адамдардың да заңды міндеттері. Осыдан адамның табиғи құқығын, құқықтық мемлекетте көре аламыз.

Құқықтық  мемлекеттің құрылуы мен қызметінің негізгі принциптеріне биліктің бөлінуі жатады. Бұл принцип, бір  жағынан заң шығарушы өкіметтің  мәртебесі (жоғарылығын) белгілейді, ал екінші жағынан – орындаушы және сот басқарылуының бірлігін көрсетеді. Мемлекеттік билікті өзінше, жекелеген  және тәуелсіз үш салаға бөлу, өкіметті пайдасына пайдалануға және құқықпен қатынасы жоқ тоталитарлық мемлекеттің  пайда болуына жол бермейді. Мемлекеттік  билік жүйесінде сол биліктің әрқайсысы өз орнында, өздеріне тән  тапсырмаларын және басқа қызметтерді  орындайды. Биліктің теңдігі арнаулы  ұйымдастыру – құқықтық тәсілдерімен қолдану табады және бірігіп жұмыс  істеуде, белгілі мөлшерде бірінің-бірі қызметтерін тежеп отырады. Сонымен  қатар, олар бір биліктің екінші биліктегі, сол қызметтерінің мөлшеріндегі тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Заңдар қабылдайтын өкіметтің үстінен  қарайтын жағдайының, себебі ол мемлекеттік  және қоғамдық өмірдің құқықтық бастамасын, елдің ішкі және сыртқы негізгі саясатын белгіледі, сондықтан, сайып келгенде, құқықтық ұйымдастырудың және орындаушы, сот қызметтерінің нысандарын белгіледі. Құқықтық мемлекеттің тетігіндегі (механизміндегі) заң қабылдаушы органдардың  маңыздылығы, олардың қабылдайтын  заңдарының жоғарғы заңдалық күшін  қамтамасыз етеді, сонда көрсетілген  құқық нормаларына жалпы міндеттілік  сипат береді.

Бірақ, заң  қабылдаудағы өкіметтің жоғарылығы абсолюттік сипатта болады. Оның қимылы құқық принциптерімен, адамның табиғи құқықтарымен, адалдық және еркіндік идеяларымен шектеледі. Ол халықтың және арнайы конституциялық органдардың  бақылауында болады, соның көмегімен  заңдар күшінің конституцияға сәйкестігі қамтамасыз етіледі.

Атқарушы  үкімет өзінің органдары арқылы құқық  нормаларын іске асыруымен шұғылданады. Оның қызметі заңға негізделуімен  бірге, заң көлемінде іске асырылуы қажет. Орындаушы органдар және мемлекеттік  лауазым иелері заңмен белгіленбеген, азаматтардың және ұйымдардың жаңа құқығын, міндеттерін белгілейтін жалпы бірдей нормативті актілерді қабылдауға құқығы жоқ. Орындаушы биліктің тежелінуі мемлекеттің өкілетті органдарының алдындағы есеп беретіндігімен жауапкершілігінің арқасында іске асырылады. Құқықтық мемлекетте әр азамат қандай болмасын орындаушы үкімет органдарының, лауазым иелерінің заңсыз әрекеттерін сотқа шығым жасау арқылы шешеді.

Сот билігі, құқықтық мемлекеттің құқықтық негізін, қоғамдық өмірді әр түрлі қылмыстан, оны кім істесе де, қорғау үшін құрылған. Әділ сот билігі құқықтық мемлекетте, тек сот органдары арқылы іске асырылады. Ешқандай орган, сот қызметін орындай алмайды. Сот өзінің құқық  қорғау қызметінде, тек заңға сүйенеді, құқықпен және заң шығарушы, орындаушы  биліктен және үкімет органдарының субъективтік ықпалынан тәуелсіз болады.

Тәуелсіздік және заңдылық, әділ сот – азаматтардың құқығының еркіндігінің кепілі, тұтас  алғанда құқықтық мемлекеттілік  те жатады. Бір жағынан, сот заң  шығаратын өкіметпен орындайтын үкіметтің қызметтерін өзіне  иемдене алмайды, екінші жағынан, оның маңызды мақсаты, ол органдардың  нормативті актілеріне құқықтық бақылау  жасау болып табылады. Сот органдары, сонымен, құқықтық қағидалардың бұзылуына  жол бермейтін тежеушілік фактор ретінде көрінеді, әсіресе конституциялық заң шығарушы, орындаушы мемлекеттік  органдар жағынан, шын мәнісіндегі, өкіметтің бөлініп басқаруын  қамтамасыз етеді.

Басқа мемлекеттерде  конституциялық, құқықтық бақылау функциясын, конституциялық соттар орындайды. Өздерінің  сондай қызметтерімен, заң шығарушы органдардың құқықтық-шығармашылық қызметінің үстемдігіне конституциялық кепілдік жасайды. Біздің Қазақстан  мемлекетінде ондай қызметті Жоғарғы  Сот органдары орындайды. Ал екі  ғасырдан бері АҚШ-тың конституциясы  өзінің беделін және өз кезеңінің  ықпалды дамуын қамтамасыз етіп келеді.

Құқықтық  мемлекеттің негізгі сипаттамысы  осында. Онда мемлекеттік қоғамның ұзақ даму процесінде пайда болған жалпы адамгершіліктің құны жинақталған. Адамзат өмірінің табиғи дамуындағы процесс, іс жүзіндегі құқықтық мемлекеттің  құрылуына, оның теориясына жаңалықтар қосатындығына күмән жоқ.

Құқықтық  мемлекет – саяси ұйымның билігі, адамның, азаматтың құқығын, бостандығын толық қамтамасыз етуге жағдайлар жасайды және мемлекеттік билікті құқықтың негізінде өз пайдасына пайдалануға мүмкіндік берілмейді.

Құқықтық  мемлекеттің негізгі екі принципі бар:

  1. Адамның және азаматтың құқығын, бостандығын толық түрде қамтамасыз ету, жеке адамдарға құқықтық ынталандыру режимін жасау (әлеуметтік, мазмұнды жақтары);
  2. Құқықтың көмегімен, мемлекеттік билікті біртіндеп байланыстыру, мемлекеттік бөлімдер үшін құқықтық тежеу режимін құру (формалды – заң жағы);

Бірінші принцип – Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-баптың 2-тармағында мынандай сөздермен бекіген. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

Құқықтық  ғылымға, қазіргі кезде, табиғи түрінде  мойындалатыны азаматтық (жекелеген), саяси, экономикалық, әлеуметтік және жеке адамның мәдениеті, ол «Адам  құқығының 1948 жылғы жалпыға бірдей Деклорациясында» және басқа да халықаралық  актілерде бар.

Басқа негізгі  принциптің жүзеге асырылуы мынадай жолдарды пайдалану арқылы жүргізіледі:

  • биліктің заң шығару, атқару және сот органдарына бөлу мақсатын теріс пайдалануға жол бермеу;
  • Федерализм көлденең бөлінген билікті, тағы да жоғарыдан төмен бөлу арқылы толықтыру жүргізеді;
  • Заңның үстемдігі (барлық конституциялық талаптарды қатаң сақтау арқылы жоғарғы билік органымен қабылданған заң, атқарушы билікпен өзгертілуге не жойылуға жатпайды);
  • Мемлекет пен жеке адамның екі жаққа бірдей жауапкершілігі;

Жоғарыдағы  көрсетілгеннен басқа, әр түрлі деңгейде оларға жағдайлар жасайтын принциптерді бөліп айтуға болады. Оған: қоғамдағы  жоғарғы деңгейдегі құқықтық сана және құқықтық мәдениет азаматтық қоғамның болуы және барлық құқық субъектілерінің  жағынан заңдардың орындалуына  бақылау жүргізуді ұйымдастыру  кіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

2 Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қалыптастырудың мәселелері

 

     2.1 Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекеттің құрылуы

 

Кеңестік  Социалистік Республикалар одағы  ыдырап, жойылуы нәтижесінде қазақ  кеңестік Социалистік  Республикасы (КазКСР-і ) дербес, егемен мемлекет болды. 1991 жылы тәуелсіздік жарияланған  кезден бастап бес жыл ішінде Қазақстанда  мемлекеттіліктің негізгі атрибуттарын қалыптастыру процесі жүргізілді.

Қазақстан Республикасының  егемендігімен тәуелсіздігінің  қалыптасуы – жай процесс емес деп жазды Г.Ганиев,- әрбір мемлекет басқа мемлекеттің егемендігін  силауға, өзінің жеке аумағы шектерінде заң шығаруы, атқарушылық, әкімшілік  және сот биліктерін жүзеге асыру  құқығын сыйлауға міндетті.

      Бұл 1970 жылы 28 қазанда  қабылданған  БҰҰ жарғысына сай мемлекеттер  арасындағы  достық қатынас пен  ынтымақтастыққа қатысты халықаралық   құқық қағидалары декларацияда  өрбиді.

      А.К.Котовтың айтуынша  Қазақстан  әрқашан ел болды, алайда  коммунистік  партиялық- мемлекет ірі  жүйе  құлағаннан кейін тәуелсіз мемлекет  болып,  халық өмірінің әлеуметтік  экономикалық және қазақ жерінде  өзінің барлық азаматтарының  құқығы мен бостандығын қорғауға  және қамтамассыз етуге қабілетті  мемлекет ретінде дербес даму  қажеттілігіне тап болды.

       Қазақстан тәуелсіздік алғаннан  кейін егемен мемлекет пен  оның барша азаматтарының өмірі  қалыптасатын барлық құқықтық  базаны нақты қалыптасатын барлық  құқықтық базаны нақты қайта  құру қажеттілігі туды. Бұл тұрғыда  біраз шаруа атқарылды: мемлекеттік  басқару, экономика, ұлттық  қорғаныс, сыртқы саясат,  қоғамдық –саяси, табиғатты қорғау, құқықтық тәртіпті  қорғау салаларына қатысты көптеген  заңдар мен жарлықтар әзірленді.  Бұл заң актілерінің бәрі де  тәуелсіз беделді халықаралық  сараптамадан өтті.

        Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін  алып, толық мемлекеттік егемендікке  ие болғасын азаматтық қоғам  мен  құқықтық мемлекет құру  бағытын ұстанды, Осылайша  тоталитарлық  құрылымдағы зорлық- зомбылық пен  заңсыздықты жоюға мүдделігіне  және гумманистік құқықтық құндылықтарды,  адам құқығы мен бостандығын  басымды деп санайтынын білдірді. Өткен жылдар ішінде мемлекеттіліктің  негізгі институттарының саяси-құқықтық  мазмұны өзгерді. 1995 жылы қабылданған  Республика Конституциясына сәйкес  парламенттік – президенттік  басқару нысаны  таза президенттік  нысанға өзгертілді. Президенттік  институты мемлекеттік жүйенің  басты институты болып, елдегі  ахуалға, биліктің барлық үш тармағының қызметіне, ішкі және сыртқы саясаттың қалыптасуына анықтаушы ықпалын тигізеді.

Информация о работе ҚР азаматтық қоғамның қалыптасу мәселелері