Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 22:35, лекция

Краткое описание

1. Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері.
2. Статистика пәні мен міндеттер. Статсиканың негізгі ұғымдары мен катеориялары.
3. Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері
4. Статистикалық әдіснаманың ерекшеліктері
5. ҚР мемлекеттік статистиканы ұйымдастыру

Прикрепленные файлы: 1 файл

stat.docx

— 222.31 Кб (Скачать документ)

Такырыпты тексеруге жеке кәсіпорындардың белгілі бір  формасы немесе оның жеке көрсеткіші ғана алынады.

Жинақты (комплексті) тексеру кезінде кәсіпорынның барлык есеп беру формалары түгелдей тексеріледі. Ал жаппай тексеруде барлық есеп беретін кәсіпорындардың белгілі бір есеп беру формасы немесе көрсеткіші толығымен тексеріледі.

Ұлттық статистика агенттігі мен оның жергілікті органдарыныц алдарына қойған негізгі мақсаттары есеп беру формаларындагы мәліметтердің дұрыстығын және сапасының жоғары. болуын қадағалап отыру. Егер есеп беру формаларында түрлі себептерге байланысты жіберілген қате болса, онда оны түзетіп қана қоймай, сонымен бірге негізгі себебін анықтайды, талдау жасайды, соңынан сол кәсіпорынның, ұжымның атына жіберілген кемшіліктерін қалай жою керек екендігі туралы жазбаша нұсқау береді Кейбір жағдайларда, тексерудің қоры-тындысы бойынша әдейі қосьш жазу, бұрмалау, өтірік ақпарлар беру кездессе, онда статистика органдары бұл туралы жергілікті әкімшілікті және заң орындарын хабардар етеді, ал кінәлі адамдар жауапқа тартылады.

Қорытынды:

Статистикалық бақылау зеттеу кезеңдерінің ең алғашқысы және маңыздысы болып  табылады. Сондықтан оның бағдарламасын  нақты және түсінікті етіп жасау  маңызды мәселелердің бірі. Бақылау  кезінде оның түрін және жүргізу  тәсілдерін таңдау да ерекше маңызға  ие. Бақылау кезінде болатын қателіктерді дұрыс анықтап, оны тексеруге  ерекше назар аудару қажет. Жоғарыда көрсетілгендерді нақты білу осы  тақырыптың қорытынды түйіні болып  табылады.

Дәріске әдістемелік нұсқау:

Дәрістің тақырыбымен жұмыс  жасау барысында бақылаудың маңыздылығына, бақылау бағдарламасына кіргізілетін сұрақтарға аса назар аудару қажет. Бақылаудың түрлерін, тәсілдерін, бақылау  кезінде жіберілетін қателіктердің ерекшеліктерін жете білу керек. Олардың әрқайсысын нақты білу үшін, әдебиеттердегі осы тақырыпты салыстырып оқу қажет.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Громыко Г.Л. «Статистика». Издательство МГУ, 1976
  2. Гольдберг А.М.,  Козлов В.С.  «Общая теория статистики». М. 1997
  3.      Елисеева И.И., Юзбашев М.М. «Общая теория статистики». М. Финансы  и статистика, 1996
  4. Ефимов   М.Е.,   Рябцев   В.М.   «Общая  теория   статистики».   М. 1991
  5. Левин А.Е. «Статистика». М. 1984
  6. Ряузов Н.Н. «Общая теория статистики». М. 1979
  7. Ряузов   Н.Н. «Практикум  по   общей  теории   статистики».   М. 1979
  8. Рожков     В.С. «Автоматизированные системы обработки экономической информации». М. 1988
  9. Рябушкин Т.В., Ефремов М.Р. «Общая теория статистики». М. 1981
  10. Сураганова С.К. «Общая теория статистики». Астана. 1998
  11. Шмойлова    Р.А.    «Практикум    по    теории    статистики».    М. Финансы и статистика, 2000
  12. Ызғарбек Әміре-ұлы «Статистиканың    жалпы    теориясы». Алматы. Экономика, 1998

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Статистикалық бақылау дегенді қалай түсінесің?
  2. Статистикалық бақылаудың бағдарламасы мен ұйымдастыру мәселелеріне нелер жатады?
  3. Статистикалық бақылаудың формалары және оларға түсініктеме беріңдер.
  4. Статистикалық бақылаудың түрлеріне не жатады?
  5. Статистикалық бақылаудың тәсілдеріне не жатады?
  6. Бақылау кезінде жіберілетін қателер және түзету әдістері туралы түсіндір.
  7. Арнайы ұйымдастырылған бақылау дегеніміз не?
  8. Ішінара бақылау дегеніміз не?
  9. Статистикалық қате дегеніміз не?
  10. Жинақты (комплексті) тексеру дегеніміз не?
  11. Жаппай бақылау дегеніміз не ?
  12. Жартылай бақылау дегеніміз не?

 

 

ТАҚЫРЫП 4: Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру (0,5 сағат)

 

  1. Статистикалық мәліметтерді жинақтау мазмұны ме міндеттері.
  2. Статистикалық мәліметтерді топтау әдісі мен  оның түрлері.
  3. Статистикалық топтау мен жіктемелерді құру қағидалары
  4. Статистикалық таратпа қатарлары
  5. Статистикалық кестелер туралы жалпы түсінік, құрастыру қағидалары мен негізгі элементтері.

Дәрістің мақсаты: Статистикалық зерттеудің екінші кезеңі жинақтау және топтаудың ерекшеліктерін және түрлерін ажырата білу. Топтау кезінде қолданылатын формулаларды тәжірибеде қолдана білу.

Тақырып бойынша негізгі  түсініктер: статистикалық жинақтау, жай жинақтау, күрделі жинақтау,  статистикалық топтау, бір үлгідегі типтік топтау, құрылымдық топтау, тадаулық топтау, жай топтау, күрделі топтау, қайта топтау.

Дәрістің конспектісі

1 сұрақ. Статистистикада зерттеу жұмыстары үш кезеңге бөлінеді:

    - статистикалық бақылау

    - статистикалық мәліметтерді  жинақта, топтау

    - статистикалық мәліметтерді  қорытындылау,талдау.

Статистикалық мәлiметтердi жинақтау — статистикальқ зерттеудiң екiншi сатысы больп табылады жене ол әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердiң өзгерiсiн  зерттеуде шешушi рөл аткарады. Бұның  негiзгi мақсаты — статистикалық  бакылау нәтижесiнде жиналған мәлiметтерге қорытынды жасау.

Бастапқы алынған мәлiметтердi жинақтауды дұрыс ұйымдастыру аса күрделi және жауапты іс болып саналады. Себебi каншама бай, толъқ  материалдар жиналғанымен, жинақтау жұмыстары дұрыс ұйымдастырылмаса, ғылыми жүйеде өңделмесе, онда ол өзiнің мағынасън жоғалтады. Іс жүзiнде кұнсызданады жене одан нәтижелi талдау қорытындылары жасалынбайды. Сондықтан, статистикальқ баылаудьң нәтижесiнде жиналған мәлiметтердi дұрыс жинақтап, өңдеудiң әлеуметтiк-экономикалык маңызы өте жоғары.. Сол үшін алдын-ала мәлiметтердi жинақтаудың жоспары жасалады. Онда, негiзiнен, жинақтау кезiнде кiмдердiң қандай жұмыс атқаратындығы және оның қашан, кай уақытта орындау қажеттiгi толық карастырылады. Сонымен бiрге жиналған  мәлiметтердi өңдеу тәсiлдерi анықталып, кестелердiң үлгiлерi жасалынады.                                                                                                                                                  Статистикалық мәлiметтердi жинақтау жай және күрделi болып екігебөлiнедi.                                                                                            

Жай жинақтау дегенiмiз - жиналған материалдарды  топқа бөлмей, қорытынды керсеткiштерiн  есептеу. Бұл - жинақтаудың ең жеңiл  түрi және ол жиналған мәліметтердiң  керсеткiштерiн қосу арқылы есептеледi. Мысалы, республикамыздағы студенттердiң  жалпы санын анықтау үшiн барлық жоғары оқу орындарындағы оқитын студенттердiң санын есепке алып, қосамыз.

Күрделi жинақтау дегеніміз алдын-ала  жасалынған бағдарлама бойынша жиынтық  бiрліктерiн топқа бөлу және әрбiр  топ бойынша сол жинақтардың  жалпы мөлшерiн есептеп  шығару. Мысалы, республикамыздағы студенттердің  жалпы санын мамандықтары бойынша  анықтау керек болса, онда әрбiр  жоғары оқу орындарында оқитын студенттердi мамандықтарына қарай қосу аркылы есептеймiз  жене т.с.с.

Статистикалық мәлiметтердi жинақтау екi түрлi жолмен ұйымдастырылады. Ұйымдастырудың бiрiншi жолы — барлық мәлiметтердi бiр  орталыққа жинап, осында қорытынды  жасау. Мысалы, баланың тууы, адамның  өлуi, некелесу жене ажырасу туралы есептеулердi алуға болады. Ұйымдастырудың екiнші жолы алғашқы мәлiметтер төменгi сатыдағы  мекемелерде жинақталып, қорытынды мәлiметтер жоғарғы сатыдағы мекемелерге тапсырылады.

Сонымен, жалпы алғанда, статистикакалық  жинақтау деп, бақылау нәтижесiнде  жиналған бастапқы мәлiметтердi ғылыми жүйеде өңдеудi және жиынтық бiрлiктерiн  өздерiне тән белгiлерi бойынша топқа  бөлiп, қорытынды корсеткiштердi есептеудi айтады. Демек, мәлiметтердi жинақтау жұмыстары көптеген аса күрделi есептеу тәсiлдерiн колдануды талап етедi.

2 сұрақ. Статистикалық топтау әдiсi деп, қоғамдық құ6ылыстар мен процестердi өздерiне тән белгiлерiне өзара ұқсастығына немесе аса маңызды өзгешелiктерiне, түрлерiне, үлгiлерiне  сәйкес бiр-бiрiнен ажыратуға болатын топтар мен iшкi топтарға бөлудi айтады. Топтау әдiсiнiң алдына қойған өз максаты мен мәнi бар. Оның басты мақсаты — жиналған мәлiметтерге талдау жасау үшiн ретке келтiрiп, ықшамдау, өзгермелi белгiлерiне қарай iрiктеу, жиынтық бiрлiктерiн қанша топқа бөлу керек екендiгiн анықтау жеке керсеткiштер жүйесiн белгiлеу. Статистикалкалық топтау   бiр үлгiдегi типтік, құрылымдық және талдаулық болып үш түрге бөлiнедi.                                                                                      Бiр үлгiдегi (типтiк) топтаудың мақсаты бiртектес топтарды, типтердi, сыныптарды әлеуметтiк-экономикалық түрлерiне қарай саралау болып табылады. Бiр үлгiдегi топтау төмендегi тәртiп бойынша жүргiзiледi:

1) алдын-ала, пайда болатын типтердi, сыныптарды өздерiне тән сапалық  белгiлерiне қарай анықтап, белгiлеп  қою; 

2) топтау белгiлерiне сай топтарды  анықтау; 

3) жиналған сандық көрсеткiштердi  белгiленген топтарға бөлу.                                                                                                           
        Бір үлгiдегi топтау экономикалық, әлеуметтiк, демографиялық зерттеу жұмыстарында жиi қолданылады. Сонымен, бір үлгiдегi (типтiк) топтау дегенімiз статистикалық  бақылау арқылы жиналған әр түрлi бағыттагы жиынтьқ  көрсеткiшiтердi сапалық  жағынан бiр жүйеге келтiрiп, топтарға бөлуi және оның  қорытынды көрсеткiштеріне талдау жасауды айтады.  
        Құрылымдық топтау  бiртектес, бiркелкi жиынтық бiрлiктерiнің өзгерiсiн өздерiне тән белгiлерiне қарай бөлудi  айтады. Бұл топтау әлеуметтiк-экономикалық кұбылыстар мен процестердiң құрамын зерттеу кезiнде кеңiнен қолданады.

 Талдаулық топтау.   Бiр-бiрiне әсерiн тигiзетiн талдаулық  топтаудың себептiк белгiлерi қоғамдық, құбылыстың өзгергендiгiн, ал нәтижелiк белгiлерi сол себептердің тигiзген әсерiн, көрсетедi. Мысалы, жұмысшылардың мамандық дәрежесiн   жоғарылату себептік белгiге жататын  болса, ал осының салдарынан еңбек өнімділігінің өсуi нәтижелік белгiге жатады. 

Статистикалық топтау әдісінің ішіндегі негізгісі қайта топтау тәсілі. Қайта  топтау деп алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштерді жаңа топтарға өзгерту әдісін айтады.

Бастапқы топтастырылған топтық көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен  процестерге талдау жасағанда қойылған талаптарға толық жауап бермейтін  болса  онда қайта топтау әдісі  қолданылады.Ол екі түрлі тәсілмен жүргізіледі:

- бастапқы топтастырылған ұсақ  топтардың деңгей аралығын қосып,  яғни оларды көбейту арқылы  ірі топтарға айналдыру;

- әр жерде жиналып, әр түрлі  өңделген топтық көрсеткіштерді  бір-бірімен салыстыру үшін бір  жүйеге келтіру керек болғанда  проценттік үлес бойынша қайта  топтастыру.

3 сұрақ. Статистикалық мәліметерді топқа бөлу кзінде әрбір топқа көптеген сандық бірліктердің енгізілуі керек. Және оның мағынасы анық көрсетілуі керек. Мұның барлығы топтау көрсеткіштерінің сандық және сапалық белгілеріне қатысты. Топтау негізгі сапалық белгілеріне қарай берілген болса, онда топтар саны сол белгілердің санына сәйкес келеді. Мысалы, халықтың жыныстық құрамы екі топқа –еркектер мен әйелдерге бөлінсе, ал ұлттық құрамы – сол жерде қанша ұлт тұратын болса, сонша топқа бөлінеді.

Егер  топтау  негізінде   сандық  белгілер  алынатын  болса, онда топтар саны сол белгілердің мөлшеріне (көлеміне) және олардың өзгермелілігіне байланысты болады. Сонымен, сипатталатын   топтау   өздерінің   өзгермелі   мәндеріне   сәйкес   бүтін және деңгей аралықты топтауға бөлінеді. Топтау кезінде топтық  белгілері бүтін санмен берілетін   болса,   онда   ол  бүтін санды  өзгермелі  топтауға   жатқызылады. Ал  ондағы  бөлшекпен алынған топтар саны сол берілген белгілердің мәніне сәйкес келеді. Мысалы, жұмысшылардың мамандық дәрежесі немесе отбасындағы баланың саны және т.б. Мұндай топтауды жүргізу  жеңіл  болады  және  сандық көрсеткіштері  анық көрсетіледі.

Егер топтау белігілері бүтін санмен емес, деңгей аралықты санмен   берілетін  болса,   онда   деңгей   аралықты  топтау   деп аталады. Денгей аралықты топтауды жүргізбес бүрын,  ең алдымен топтық саны мен деңгей аралығының шамасын анықтап алуымыз қажет.  Мұны шешу алға қойылған топтаудың мәні мен мақсатына, зерттеу зерзатының (объектісінің)  көлеміне,   сандық   көрсеткіштердің   мөлшеріне   қарауымыз   керек. Статистикалық  топтау   кезінде   әрбір  топтың деңгей   аралығының  шамасы   тұрақты,   бірдей   немесе   тұрақсыз   әр   түрлі өзгермелі   сандармен   берілуі   мүмкін. Егер   топтау   белгісінің сандық шамасында онша көп ауытқу болмаса, онда тұрақты 
денгей аралықты топтау  әдісін  қолдануға  болады. Тұрақсыз деңгей аралықты шама үдемелі немесе кему  бағытында  болуы   мүмкін,   ал  тұрақты   деңгей  аралықты  шамада,   шектік сандық   көрсеткіштер   барлық   топтар   үшін   бірдей   болады. Денгей аралығының тұрақты шамасын есептеу алдында ең үлкен және ең кіші сандық мәнінің шамасын анықтап алу қажет. Онда оның тұрақты шамасы мына формула бойынша анықталады:

Информация о работе Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдістері