Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 22:35, лекция

Краткое описание

1. Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері.
2. Статистика пәні мен міндеттер. Статсиканың негізгі ұғымдары мен катеориялары.
3. Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері
4. Статистикалық әдіснаманың ерекшеліктері
5. ҚР мемлекеттік статистиканы ұйымдастыру

Прикрепленные файлы: 1 файл

stat.docx

— 222.31 Кб (Скачать документ)

       Үйлестік қатысты  шамалары деп жалпы жиынтықтың  жеке бөліктерінің өзара қатынастарын  айтады. Үйлестік қатысты шамаларды  есептегенде жалпы жиынтықтың  құрамдас  бөліктерінің біреуін  салыстыру негізі (базалық) ретінде  алып, қалған бөліктерінің осыған  қатынасын табады.

Үдемелілік (пәрменділік) қатысты  шамалар аттас емес көрсеткіштердің  қатынасын сипаттайды. Олар жинақтың әр түрлі көрсеткіштерінің қатынасын  немесе бір-бірімен байланысты екі  жиынтық көрсеткіштер қатынасының  белгілі бір ортаға таралуын көрсетеді.

Салыстырмалы қатысты шамалары деп бір уақытта әр түрлі обьектілерге немесе әр түрлі аймақтарға жататын  бір тектес, аттас шамалардың қатынасын  көрсетуді айтады. Салыстырмалы қатысты  шамалардың өлшем бірліктері коэффициентпен немесе процентпен  беріледі және салыстырып отырған көрсеткіштердің бірбірінен қанша есеге көбейгендіін не азайғандығын көрнекті түрде көрсетеді. Сондықтанда, оны  кейбір жағдайларда көрнекті қатысты шамалар деп те атайды.

Дәрежелік қатысты шамалар дегеніміз-әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың даму немесе кему процестерін  жан басына шаққандағы шығатын көрсеткіштермен  көрсете білу. Мысалы, жан басына шаққанда келетін халық шаруашылығы  өнімдерінің көлемі, ұлттық табыс  пен ұлттық байлықтың көлемі және т.б.

        Сонымен, жоғарыда  көрсетілген нақты және  қатысты  шамалардың қайсы түрін қолдану  керек екендігін анықтау үшін, сол берілген көрсеткіштердің  сандық мәндеріне көңіл бөлуіміз  керек және оның саралану маңызын  анықтауымыз қажет.     

3 сұрақ. Графикалық әдіс статистикалық кестенің табиғи жалғасы болып саналады, кез-келген кестенің мәліметтерін график түрінде көрсетуге толық болады.

Статистикалық график - берілген сандық көрсеткіштердің мазмұнын геометриалық сызықтар, нүктелер және фигуралар  арқылы бейнелеу немесе географиялық картосхемалар арқылы көрнекті түрде  кескіндеу үшін салынған сурет.

Графиктің   негізгі бөлшектері. Статистикалық   графикті геометриялық жазықтықта бейнеленген шартты белгілері  дей отырып,   әрбір   графиктің   төмендегідей   негізгі  бөлшектерін  ажырата  білуіміз керек: графиктің  негізі  -геометриялық белгілер, яғни нүктелердің, сызықтардың, фигуралардың көмегімен бейнеленген статистикалық  шама жиынтығы; графиктің өрісі - бұл  оның кеңістікте бейнесі мен белгілері  орналасатын орны; кеңістік бағыты (нысаны),  яғни геометриялық белгілердің  графиктік  өрісі  бойынша  орналасуын  анықтау; масштабтың  бағыты, яғни  осы  белгілердің сандык,  өлшем  бірліктерін,   мөлшерін  анықтау; графиктің экспликациясы, яғни графиктің  атымен  оның  жеке   бөліктеріне, геометриялық белгілеріне сәйкес сөзбен түсініктеме беру.

Геометрияық белгілердің қолданылуына қарай  графиктер нүктелі  және  сызықты  болып  екіге бөлінеді. Нүктелі график деп график негізінің жиынтықтары нүкте ретінде,  ал  сызықтық график деп  сызықтардың қолдануына    байланысты    болатын    жол-жолды,  төрт бұрышты,  шеңбер тәріздес және т.б түрінде  берілгендерін,   айтамыз,   Кейбір   кездерде   графиктер  геометриялық   емес   фигуралармен   (әр   түрлі   суреттермен;   көмескі,   бұлдыр   кескіндермен)   белгіленеді. Мұндай графиктердің түрлерін бейнелі график деп атайды.

Статистикада  графиктік  әдіс төмендегі  келтірілген  мәселелерді шешу үшін маңызды:

1) статистикалық кәрсеткіштерді  салыстыру;

2)  зерттелетін жиынтықтың құрамы  мен құрылымын сипаттау;

3) уақыт мерзіміне   сәйкес  құбылыстағы   болған   өзгерістердің  өсіңкілігін бақылау;

4)  кұбылыстардың, өзара байланыстылығын  білу;

5)   кеңістіктегі   орналасуын   және   таратпалық   дәрежесін  анықтау үшін маңызды.

4 сұрақ. Графикалық әдістің ішіндегі ең жиі колданылатын және көп тараған түрі. Диаграмма – (diagramma) ~ грек сөзі. Бейне, сурет, сызба деген мағынаны білдіреді.

Бағаналы диаграмма. Бұл - статистикалық  көрсеткіштерді өзара салыстыру  үшін ең көп қолданылатын диаграмманың жай түрі Мұны құрастыру кезінде  әрбір көрсетілген көрсеткіштердің  ені бірдей, ал биіктігі сандық мәліметтерге байланысты әр түрлі, бірақ  масштабтары  біркелкі болып келеді. Бағаналы диаграмманы  құру үшін алдымен тік бұрышты  жазықтық жүйесінің кординатын сызып  алу керек, Содан кейін (шаманың  негізін бірдей мөлшерде абцисса  өсіне, ал бағананың биіктігін сандық мөлшерге қарай координата өсіне  орналастырамыз.

Егер сандық көрсеткіштерді бейнелейтін  тік бұрыштағы бағаналарды тігінен  емес, көлденеңінен орналастыратын болсақ, ондағы құрылған графигіміз жолды немесе ленталы диаграммаға айналады.

Құрылымды диаграмма статастикалық жиынтықтардың құрамьн салыстыру үшін қолданылады. Құрылымның салыстырмалы көрсеткіштері жалпы жиынтықтың жеке бөлшектерінің үлесін, яғни оның бірнеше бөліктерге бөлінуін көрсетеді. Құрылымды диаграмманың сандық көрсеткіштері нақты түрде және процент есебімен берілуі мумкін.

Шаршылы диаграмма. Кейбір жагдайларда  статистикалық сандық көрсеткіштерді салыстыру үшін бейнелеудің шаршылы  түрі қолданылады. Оның баганалы немесе жолды диаграммалардан айырмашылыгы сол, мұнда бейнелеуге құбылыстың көлем  мөлшері алынады. Сондықтан салыстыруга  берілген статистикалық мәліметтерді бейнелеу үшін алдымен саңдық көрсеткіштердің  шаршы түбірден шығатын мәнін  тауып алуымыз қажет.

Шеңберлі диаграмма. Негізгі біркелкі берілген нақты шаманың өзара қарым-қатынасын шеңбер көлемі арқылы бейнелеуді шеңберлі диаграмма дейміз,

 Секторлық диаграмма. Мұнда  берілген мәліметтер шеңбер арқылы  көрсетіледі, яғни құрылымньң  салыстырмалы көрсеткіштері жиынтықтың  жеке бөліктерінің үлесін көрсетеді.  Ол үшін сызылған шеңбердіц  360 градусын 100 процентке тең деп  аламыз (I проценті 3,6 градусқа тең).

Сызықтық диаграмма. Диаграммалардың  іішндегі ең жиі кездесетіні - сызықтық диаграмма. Осы түр өсіңкілік  қатарларды немесе өзара байланысты көрсеткіштерін көрнекті бейне арқылы көрсету үшін қолданылады.

Сызықтық диаграмманың басқа түрлерімен салыстырғанда ар-тықшылығы мынада: көрсетілген өсіңкілік қатардын, көрсеткіштері үзіліссіз сызық  түрінде көрсетіледі. Сондықтан  мұны құру үшін тік бұрыштың координаты қолданылады, яғни графиктің абсцисса өсіне уақыт мерзімі, ал координата өсіне өсіңкілік қатардың көрсеткіштері  орналастырылады.

Картограмма немесе статистакалық карта деп, кестеде көрсетілген көрсеткіштер жиынтықтарын көрнекті түрде әр түрлі белгілері арқылы жеке бейнелеуді, яғни экономикалық-географиялық бірліктері (ауыл, аудан, облыс, мемлекет) бойынша құбылыстарды, процестерді, өзгерістерді түрлі-түсті бояулар контурлы картада көрсету жолдарын айтады. Графикалық әдістің бұл түрі бір шаршы километрге келетін халықтың орташа тығыздығын сипаттау үшін қолданылады.

           Картограмма  құрылыстық мәніне, қолданылуына қарай бедерлі және нүктелі больш екі түрге бөлшеді Осының ішіндегі жиі қолданылатыны — бедерлі түрі оны кейбір жағдайларда белгілі бір фон үстіндегі бедер деп те атайды. Картограмманың бұл түрі берілген көрсеткіштердің мәліметтердің арасьнда өзара айырмашылықтар болған жағдайда қолданылады, яғни сол өзгерістерді түрлі-түсті бояулар арқылы жеке суреттейді. Кейде бояулардың орнына түрлі (штрихты) сызықтар сызу аркылы да көрсетіледі. Бірақ көрсеткіштің мөлшері артқан сайын бояумен сызықтар қоюлана түседі.

Картодиаграмма географиялық контурлы картаға әр түрлі белгілер арқылы диаграммалар түсіру деген ұғымды білдіреді. Түсірілген бейнелеріне байланысты картодиаграмма бағаналы, тік бұрышты, шаршылы және шеңберлі болып төртке бөлінеді. Бірақ сандық көрсеткіштеріне байланысты көрсетілген түрлі белгілеріміздің көлемдері өзгеріп отырады.  

Картограмма мен картодиаграммада да өздеріне тән кемшіліктер кездеседі. Олардың кемішліктері - жеке бөлік ішіндегі сол кездегі айырмашылықтар мен өсіңкіліктерді нақты көрсете алмауы. Соған карамастан статистикалық мәліметтердің графикалық бейнесін көрсету үшін жиі қолданылады.

Қорытынды:

Тақырыпты қорытындылайтын болсақ, жоғарыда көрсетілген нақты және  қатысты шамалардың қайсы түрін  қолдану керек екендігін нақты  анықтау үшін олардың мәні мен  ерекшеліктерін талдай білу қажет. Олардың  статистикалық есеп жүргізу барысында  маңыздылығын анықтап, қажет кезінде  керектісін таңдау керек. Нақты және қатысты шамалар статистикалық  есептің қорытынды және маңызды  бір бөлігі болып табылады.

Дәріске әдістемелік нұсқау:

Дәрістің тақырыбымен жұмыс  жасау барысында статистикалық  зерттеудің  үшінші кезеңінде қолданылатын нақты және қорытынды шамалардың маңыздылығын ашу қажет.  Олардың  түрлерінің әрқайсысын нақты білу үшін және ерекшеліктерін талдау үшін әдебиеттердегі осы тақырыптарды тереңдетіп оқу  қажет.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Громыко Г.Л. «Статистика». Издательство МГУ, 1976
  2. Гольдберг А.М.,  Козлов В.С.  «Общая теория статистики». М. 1997
  3. Елисеева И.И., Юзбашев М.М. «Общая теория статистики». М. Финансы  и статистика, 1996
  4. Ефимов   М.Е.,   Рябцев   В.М.   «Общая  теория   статистики».   М. 1991
  5. Левин А.Е. «Статистика». М. 1984
  6. Ряузов Н.Н. «Общая теория статистики». М. 1979
  7. Ряузов   Н.Н. «Практикум  по   общей  теории   статистики».   М. 1979
  8. Рожков     В.С. «Автоматизированные системы обработки экономической информации». М. 1988
  9. Рябушкин Т.В., Ефремов М.Р. «Общая теория статистики». М. 1981
  10. Сураганова С.К. «Общая теория статистики». Астана. 1998
  11. Шмойлова    Р.А.    «Практикум    по    теории    статистики».    М. Финансы и статистика, 2000
  12. Ызғарбек Әміре-ұлы «Статистиканың    жалпы    теориясы». Алматы. Экономика, 1998

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Нақты шама, оның мәні мен маңызы, түрлері, өлшем бірліктеріне түсініктеме беріңдер.
  2. Қатысты шама, оның мәні мен маңызы, түрлері, өлшем бірліктерін түсіндір.
  3. Жоспардың орындалуының қатысты шамалары не?
  4. Жоспарлық тапсырманың қатысты шамалары не?
  5. Өсіңкілік қатысты шамалар дегеніміз не?
  6. Құрылымның қатысты шамалары дегеніміз не?
  7. Үйлестік қатысты шамалар дегеніміз не?
  8. Үдемелілік (пәрменділік) қатысты шамалар деген не?
  9. Дәрежелік қатысты шамалар деген не ?
  10. Графиктік әдіс оның түрлерін көрсет.
  11. Графиктің түрлерін ата және оған сипаттама бер.
  12. Диаграммалар және оның түрлері.
  13. Картограммалар, картодиаграммаларға сипаттама бер.

 

 

ТАҚЫРЫП 6: Орташа шамалар және вариацияның көрсеткіштері. (0,5 сағат)

 

  1. Статистикадағы орташа шамалардың мәні және қолданылу шарттары. Орташа шаманың анықтамасы мен түрлері.
  2. Арифметикалық және гармониялық орташа шамалар.
  3. Арифметикалық орташа шаманың математикалық касиеттері. Арифметикалық орташа шаманы ықшамдалған тәсілмен есептеу. 
  4. Құрылымдық орташалар. Мода және медиана.
  5. Вариация түсінігі мен оның маңызы. Вариация көрсеткіштері дисперсияның математикалық қасиеттері. Дисперсияны ықшамдалған әдіспен есептеу.
  6. Дисперсияны құру ережесі мен сапалық белгілі дисперсиясы.

Дәрістің мақсаты: Статистикалық есеп жүргізудің қорытынды көрсеткіші орташа шаманың мәні мен маңыздылығын айқындау. Оның түрлерінің ерекшеліктерін түсіну және олар бойынша есептер шығару. Мода мен медиананы есептеуді үйрену және ерекшелігін түсіну. Өзгерменің көрсеткіштерінің маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсіну.

Тақырып бойынша негізгі  түсініктер: орташа шама, арифметикалық орташа шама, геометриялық орташа шама, құрылымдық орташа шама, үйлесімдік орташа шама, шаршылық орташа шама, мода, медиана, статистикалық өзгерме, өзгерменің өрісі, сызықтық ауытқу, шашырандылық, орташа шаршылық ауытқу, өзгерменің коэффициенті.

Дәрістің конспектісі

1 сұрақ. Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған мәліметтерді дұрыс өңдеп, жинақтаудың әлеуметтік-экономикалық және статистикалық тәжіребиде атқаратын ролі өте жоғары. Бірақ, бұл көрсеткіштер зерттеп отырған қоғамдық құбылыстар мен процестерге талдау жасауға, жиынтық бірліктерін қорытындылауға жеткіліксіз. Кейбір жағдайда осы көрсеткіштер жиынтығының даму, өзгеру заңдылығын зерттеу және  сол сандық мәндер жиынтығын дұрыс дәлдікпен көрсету үшін және берілген бірліктерді дұрыс қамту үшін бәріне ортақ негізгі көрсеткіштер жүйесі керек болады. Мұндай көрсеткіштер орташа шама әдісі арқылы алынады және оны, қорытындылаушы көрсеткіш деп атайды.

Орташа шама деп, біртектес жиынтықты  белгілі бір жағдайда және белгілі  бір уақытта өздеріне тән белгісі  бойынша жинақтап  көрсететін орташа сан мөлшерін,  яғни біртектес  жиынтық  бірліктерінің орта есеппен  алынатын белгісінің барлық бірліктерге жатқызылатын  сандық шамасын айтады.   Мысалы, шаруашылық бойынша әр гектардан 20  центнер өнім алынған десек,  онда бұл  көрсеткіш бір жерде 22 центнер, ендігі бір жерде 18 центнер және тағы басқа көрсеткіш ретінде болып  кездесуі мүмкін. Бірақ, 20 центнер деген сандық көрсеткіш осы шаруашылықтың  орташа өнімділігінің  шамасын көрсетеді.

Информация о работе Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдістері