Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 22:35, лекция

Краткое описание

1. Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері.
2. Статистика пәні мен міндеттер. Статсиканың негізгі ұғымдары мен катеориялары.
3. Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері
4. Статистикалық әдіснаманың ерекшеліктері
5. ҚР мемлекеттік статистиканы ұйымдастыру

Прикрепленные файлы: 1 файл

stat.docx

— 222.31 Кб (Скачать документ)

Сонымен, есеп пен статистиканың біртұтастығын төменде берілген заңдылықтардан көруге болады:

1) барлық   кәсіпорындарда   жүргізілетін   есеп  жұмыстары мен   оны   толтыру   әдістемелерінің   бірегей   болуы.   Мысалы, барлық кәсіпорындарда өндірілген өнімнің көлемін есепке алу бір   әдіспен,   бір   бағдарлама   бойьшша   жүргізілетіндігі.   Егер, осы көрсеткіштерді   әр  түрлі  тәсілдермен   есептейтін   болсақ, онда оларды бір-бірімен салыстыруға болмайды;

2)       есептің бүл үш түрі  әрқашанда  бірін-бірі толықтырып отырады және олардың арасында алалық, қайшылық, параллелизм  (жарыспалылық)  жоқ,   олардың арасында  көрсетілген көрсеткіштер бірімен-бірі тығыз байланыста болады;

3)       бастапқы  eceп құжаттарының  біркелкілігі  және  оның негізі ретінде барлық есептер үшін бастапқы құжаттар арқылы көрсеткіштер есепке алынады.

Демек, біртұтас есеп жүйелерінің жоғарыда көрсетілген зандылықтарын толығымен сақтаған кездерде ғана осеп жұмыстары дұрыс жүргізіледі.

5 сұрақ. Қазіргі кезеңдегі мемлекеттік статистика жүйесінің құрылымы төменде берілген 2.1-суретте бейнеленген:

Мемлекеттік Ұлттық статистика агенттігіне қарайтын облыстық, қалалық, аудандық статистика органдары өз жүмыстарын жергілікті атқарушы; органдармен үйлестіреді. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі жайында оларды дүркін-дүркін хабардар етіп отырады. Статистикалық есеп жұмыстарында жіберілген кемшіліктерді жоюға, оны болғызбауға бағытталған ұсыныстар беріп, дер кезінде көмек көрсетіп тұрады.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық статистика агеттігі және оған қарасты ұйымдарды қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген  тәртіппен жүзеге асырылады.

 

 

1-сурет. Қазак,стан Республикасының Ұлттық статистика жүйесінің құрылымы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996-жылғы 18-қаңтардағы қаулысы  бойынша Казақстан Республикасының  статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі болып оқылады) туралы Ереже бекітілген. Осы көрсетілген Ережеге сәйкес статистика органдары өз жүмыстарын ұйымдастырып және мұнда оның негізгі міндеттері мен атқаратын қызметтерін анықтайды. Төмендегі ережеде оның міндеттері, қызметтері және құқықтары берілген.

Ұлттық статистика агенттігінің міндеттері. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігінің негізгі міндеттері мыналар: статистикалық мәліметтерге сүйене отырып республикада болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестер мен олардың даму үрдісін жан-жақты зерделеу, қорыту мен талдау; статистика саласындағы жалпы мәліметтік саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз ету;

-     Қазақстан   Республикасын   егемен   мемлекет   ретінде сипаттайтын статистикалық көрсеткіштердің тұтастығы, объективтілігі мен жеткіліктілігін қамтамасыз ету;  

-     халықаралық ережелер мен стандарттарға сай статистикалық деректердің әдістемелік  салыстырмалылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жузеге асыру;  

-     мемлекеттік   өкімет   пен   басқару   органдарын,   қоғамға жүйелі    түрде     республикада     болып     жатқан     әлеуметтік-экономикалык процестер мен қүбылыстар туралы мәліметтер, статистикалық ақпаратты тарату, халықаралық статистикалық ынтымақтастық орнықтыру және өзара статистикалық ақпарат 
алмасып отыру.  

Ұлттық статистика агенттігінің атқаратын қызметі. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі жоғарыда жүктелген міндеттерге сәйкес мына шараларды жүзеге асырады:

-         республикада қолданыльш жүрген статистиканың құқықтық негізін қамтамасыз ететін заңдар және нормативтік актілердің жаңа жобаларын жасайды және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Үкіметке ұсыныстар түсіреді;

-         Ұлттық статистика агенттігі бекітетін бағдарламалар мен статистикалық нысандар негізінде мемлекеттік есеп беру, бір жолғы есепке алу, елімізде санақ және ішінара бақылау түрінде жүргізілетін статистикалық бақылауды ұйымдастырып, өткізеді;

-         елдегі статистикалық қызметті үйлестіреді;   

-         Статистика    агенттігін    жетіддіру    жөніндегі    мемлекеттік бағдарлама шараларының орындалуын ұйымдастырады;

-         республиканың мүдделі министрліктерімен, мемлекеттік комитеттерімен әрі өзге де орталық және жергілікті аткарушы огандарымен келісімге сәйкес статистикалық және ұйымдастырушылық жұмыстарының регламенты әзірлейді жене оны жыл сайын Үкіметке бекітуге ұсынады;

-         бекітілген регламентке сәйкес статистикалық жөне экономикалық ақпаратты жинауды, қорытуды, оны тарату мен сақтауды, оны "Қазақстан Республикасының Статистика жене талдау жөніндегі мемлекеттік комитетін құрылымдық қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995-жылғы 12-маусымдағы № 813 қаулысының 9-тармағында көзделген шарттармен Президентке, Парламентке және Үкіметке, министрліктерге, мемлекеттік комитеттер мен өзге де орталық және жергілікті атқарупіы органдарға жөне басқа да заңды тұлғаларға, сондай-ақ ТМД-ға мүше мемлекеттердің статистикалық органдарына және халықаралық ұйымдарға түсіруді жүзеге асырады;

-         статистика жөніндегі халықаралық әдістемелік ұсыныстарды елдің жағдайына қарай бейімдейді, жаңаларын әзірлейді, оларды статистикалық қызметтің тәжірибесіне енгізеді;

-         көрсеткіштердің ен шағын құрамын белгілейді әрі мемлекеттік және ведомствалық статистикалық есептің нысандарын және оларды жасау мен мемлекеттік статистика органдарына түсіру тәртібі туралы тиісті нұсқаулар мен нұсқаулықтарды бекітеді;

-         ғылыми әдістеме жөне статистикалық бақылаудың прогрессивті әдістерін, компьютер техникасын, ақпарат тарату құралдары мен полиграфиялық жабдықтарды кеңінен қолдануга негізделген қазіргі ақпараттық технологияларды енгізу негізінде статистикалық ақпараттың ақиқаттылығын дұрыстығы мен тұтастығын қамтамасыз етеді;

-         белігіленген тәртіппен статистикалық жинақтарды, бюллетеньдерді, экономикалық шолуларды жоне басқа да статистикалық материалдарды бастырьш шығарады жөне таратады; қалың жұртшылық үшін басылымдарға жиынтықталған статистикалық ақпаратты әрдайым жариялап отырады;

-         министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлерімен статистика мәселелері жөніндегі семинарлар мен кеңестер өткізеді;

-         мемлекеттік статистика органдарының алдында есеп беретін кәсіпорындарды, ұйымдар мен мекемелерді қажетті статистикалық құралдармен қамтамасыз етеді;

-         белгіленген тәртіппен мемлекеттік құпияның сақталуын, бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді;

-         қазіргі мемлекеттік келісімдер шеңберінде халықаралық экономикалық және статистикалық органдарымен және шет елдердін статистикалық қызмет орындарымен ьнтымақтастықты жүзеге асырады;

-         статистикалық ақпарат жүйесінің дамуы мен өркендеуінің, оның еліміздің және халықаралық ұйымдардың ақпарат жүйелерімен өзара іс-қимылының аса манызды проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастырады;

-         есеп және статистика қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және кәсіби мамандарын арттыруды ұйымдастырады.

Ұлттық статистика агенттігінің құқығы. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген зандарына сәйкес, алдына қойылган міндеті мен жүктелген қызметіне қарай Мемлекеттік Ұлттық статистика агенттігінің мынадай құқы бар:

-         қаржы, банк, кеден, құқық қорғау және өзге де органдар мен қызмет орындарын қосқанда, меншік түрі мен ұйымдар құқықтық нысанына қарамастан, ел аумағында жұмыс істейтін заңды тұлгалар мен жеке кәсіпкерлерден, одан тысқары жерлерден жұмыс істейтін резиденттерден статистика агенттігі белгілеген көлемі мен мерзімінде дұрыс статистикалық деректер алуга;

-         халық арасында статистикалық бақылау жүргізуге және азаматтардан статистика мақсаты үшін қажетті деректерді алуға;

-         қажет болған жағдайда бастапқы және жиынтықты статистикалық деректердің дұрыс-бұрыстығын тексеруге кұқы бар. Олардың бұрмаланғаны анықталған жағдайда заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге міндетті түрде оны жою туралы нұсқаулар беруге, жиынтықты статистикалық деректерге тиісінше дәддіктер енгізуге;

-         шаруашылық шарттары бойынша бейімділік тақырьштама статистикалық, талдамалық, ақпараттық-есептеу және өзге жұмыстарды жүрізуге, сондай-ақ белгіленген тәртіппен статистикалық ақпараттың заңды және жеке тұлғаларга өткізілуін жүзеге асыруға;

-         мемлекеттік статистикалық бақылауларды жүргізуге белгіленген тәртіпен лауазымды адамдарды тартуға;

-         дәлелденген бұрмалаушылықты жойғанға дейін Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген зандарына қайшы келетін мемлекеттік және ведомствалық статистика мәселелері жөніндегі ведомствалық актілердің қолданылуын тоқтата тұруға;

-         заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға;

-         республика министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ меншік түрі мен ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының зандарын орындауына бақылауды жүзеге асыруға;

-         мемлекеттік статистиканы жетілдіру және қызметін үйлестірудің неғүрлым маңызды проблемаларын шешу үшін олар бойынша ведомствоаралық ғылыми-әдістемелік кеңестер, сондай-ақ, мүдделі министрліктер мен өзге де орталық жәие жергілікті атқарушы органдары, басқа да ұйымдар мен мекемелері (халықаралықтарын қоса) өкілдерінің қатысуымен уақытша жұмыс топтарын құруға;

-         өз құзыреті шегінде республиканың министрліктеріне, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдарына, ел аумағындағы кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға және шет жерде қызмет ететін резиденттерге, олардың меншік түрі мен ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан. мемлекеттік статистикалық есеп берудегі бұрмалаушылықты жою туралы олардың орындауы үшін міндетті тұжырымдама беруге;

-         белгіленген тәртіппен статистика мөселелері жөнінде республиканың барлық министрліктерінің мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдарының, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың орындауы үшін міндетті қаулылар, нұсқаулықтар мен нұсқаулар шығаруға қуқығы бар.

Қорытынды:

Қазіргі кезеңде статистиканың  Қазақстан Республикасында алатын орны ерекше. Ол білімнің ғылыми саласы ғана емес, сонымен қатар практикалық  қызметтің түрі болып табылады. Сондықтан  оның маңызын, қажеттілігін, даму процестерін  және зерттеу кезеңдері мен әдістерін  оқып – үйрену әрбір жоғарғы білімді  азаматтың алдына қойған мақсаты  деп айтсақ та болады.

Дәріске әдістемелік  нұсқау:

Статистиканың практикалық  жағын оқып – үйренбес бұрын оның теориялық жағын жете меңгеру  қажет. Сондықтан, дәрістің тақырыбымен  жұмыс жасау барысында негізгі  анықтамаларға аса назар аудару қажет, мысалы: статистика, жиынтық  бірлік, сандық белгі, сапалық белгі, статистикалық бақылау, статистикалық  топтау, жинақтау, өңдеу, статистикалық қорытынды, талдау. Ол үшін берілген әдебиеттерді мұқият оқып, тест сұрақтары және бақылау сұрақтары бойынша теориялық біліміңізді тексеріңіз, СӨЖ тапсырмасын орындаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.    Громыко Г.Л. «Статистика». Издательство МГУ, 1976

2.                   Гольдберг А.М.,  Козлов В.С.  «Общая теория статистики». М. 1997

3.          Елисеева И.И., Юзбашев М.М. «Общая теория статистики». М. Финансы  и статистика, 1996

4.                   Ефимов   М.Е.,   Рябцев   В.М.   «Общая  теория   статистики».   М. 1991

5.                   Левин А.Е. «Статистика». М. 1984

6.                   Ряузов Н.Н. «Общая теория статистики». М. 1979

7.          Ряузов   Н.Н. «Практикум  по   общей  теории   статистики».   М. 1979

8.          Рожков     В.С. «Автоматизированные системы обработки экономической информации». М. 1988

9.          Рябушкин Т.В., Ефремов М.Р. «Общая теория статистики». М. 1981

10. Сураганова С.К. «Общая теория статистики». Астана. 1998

11. Шмойлова    Р.А.    «Практикум    по    теории    статистики».    М. Финансы и статистика, 2000

12. Ызғарбек Әміре-ұлы «Статистиканың    жалпы    теориясы». Алматы. Экономика, 1998

Өзін-өзі тексеруге  арналған сұрақтар:

1.  Статистика пәні неге қоғамдық пән болып есептеледі?

2.           Статистикалық әдістемелерге нелер жатады?

3.           Статистикалық зерттеу сатыларын түсіндір.

4.           Статистикалық жиынтық дегенді қалай түсінесің.

5.           Статистика дегеніміз не және нені зерттейді?

6.           Жиынтық бірліктер дегеніміз не?

7.           Сандық бірліктер дегеніміз не?

Информация о работе Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдістері