Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 22:35, лекция

Краткое описание

1. Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері.
2. Статистика пәні мен міндеттер. Статсиканың негізгі ұғымдары мен катеориялары.
3. Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері
4. Статистикалық әдіснаманың ерекшеліктері
5. ҚР мемлекеттік статистиканы ұйымдастыру

Прикрепленные файлы: 1 файл

stat.docx

— 222.31 Кб (Скачать документ)

Сұрақ-жауап  арқылы жинау. Кейбір жағдайларда қажетті мәліметтерді тікелей өлшеу, санау немесе құжаттар арқылы жинауға мұмкіндік болмайды. Ондай кезде керекті мәліметтерді жинау үшін сұрақ-жауап тәсілдері қолданылады.

Статистикальщ   сұрақ-жауап   тәсілі   деп   керек мәліметтерді сұралушы адамдардың айтқандары бойынша сұрақ немесе санақ қағаздарына  жазып алу  арқылы жинауды айтады. (Мысалы, халық санағы кезінде есепші санақ қағазда адамдардың өз аузымея айтқандары бойынша толтырады. Сұрақ-жауап арқылы мәліметтер жинау ауызша немесе жазбаша түрде жүргізіледі және оның экспедициялық, тілшілік, сауал-сұрақтың және өзін-өзі тіркеу сияқты бірнеше жолдары бар.

Экспедицаялық тәсілмен мәліметтерді жинау кезінде арнайы дайықдықтан өткен адамдар (санақшылар немесе тіркеушілер) сұралушымен келісілген уақытта кездесіп, қажетті мәліметтерді ауызша сұрау арқылы санақ немесе сұрақ қағаздарына толтырады да, сондықтан оны статистика мекемелеріне өткізеді. Бұл тәсіл тікелей халық санағын жүргізу кездерінде қолданылады және оған мемлекет тарапынан көптеген қаржы жұмсалынады. Сонымен қатар, бұл тәсіл қажырлы еңбекті қажет етеді жөне соған орай жиналған мәліметтердің сапасы өте жоғары болады.

 Өзін-өзі тіркеу төсілі. Бұл тәсілмен мәліметтер жинау үшін статистика мекемелерінің қызметкерлері (есепшілер, санақшылар, тіркеушілер) сұралушыларға арнайы үлгідегі сұрақ қағаздарьш таратып береді, оны қалай толтыру керек екенді-гін түсіндіреді. Содан кейін толтырған бланкілерді жинап алады да, сол жерде дұрыстығын тексереді, жіберілген қателері болса, түзету енгізеді, соңынан оны статистика органдарына тапсырады. Бүл тәсіл көбіне жұмысшылардың, қызметкерлердің және ұжымшар мүшелерінің отбасы бюджетін зерттеу немесе түрлі санақтар жүргізу кездерінде қолданылады.

Тілшілік тәсілімен  қажетті мәліметтерді жинау байланыс бөлімшелері арқылы ерікті түрде жүргізіледі. Оның ерекшелігі сол, мұнда статистика мекемелері мәліметтер жинау үшін арнайы іріктеліп алынған адамдардың мекен-жайына сұрақ қағаздарын және оны қалай толтыру керектігі туралы нұсқауларды байланыс бөлімшелері арқылы жібереді. Кейіннен толтырылған бланкілер келісімді мезгілде статистика мекемелеріне қайтарылады. Тілшілік тәсілмен мәліметтер жинауға жұмсалынған шығындар басқа тәсілдермен салыстырғанда барынша аз алады және -олар тез жиналады. Бірақ, камту деңгейі толық болмайды. Сонымен қатар, мұндағы жиналған мәліметтердің дұрыстығын сол жерді тексеруге ешқандай мүмкінішліктің жоқ екендігіне байланысты,  оның сапалық жағы басқа тәсілдермен салыстырғанда төмендеу болады.

Сауал-сұрақтық тәсілмен керекті мәліметтерді жинау сұралушының  келісімі бойынша ерікті түрде жүргізіледі. Оны жүргізу үшін сұралушылардың белгіленген тобына сұрақ қағаздары таратылып беріледі және ол жедел толтырылады. Бірақ, мұнда жіберілген бланкілердің санына қарағанда, толтырыльш қайтарылғандарының саны біршама аз және сапасы жағынан төмен болады. Себебі, кейбір сұралушылар сұрақ қалпында көрсетілген сұрақтардың жауабын дұрыс толтырмай, басқалай жауаптар беруі де мүмкін. Бұл тәсі ерекшілігі сол, мұнда сұралушы адамның аты-жөні, мекен жайы көрсетілмейді.

Нарықтық экономикаға көшу кезеңіңде бұл тәсілдің рөлі жоғары көтерілді. Себебі, көптеген ғылыми мекемелер мен қоғамдық ұйымдар көпшіліктің ой-пікірлерін білу үшін ақпарат құралдары арқылы әлеуметгік және демографиялық зерттеу жұмысттарын жиі жүргізе бастады. Сонымен бірге сауал-сұрақтың жауабын пікір алысу арқылы да жинауға болады.

Қазіргі талапқа сай  электронды есептегіш машиналар  мен кoмпьютepлep жүйесінің кеңінен енуіне байланысты статистикалық   бақылау   жүргізу,   оны   топтау   және   қорытындылау жұмыстары  жоғары дәрежеге  көтеріледі.   Осыған  орай  мәліметтердің автоматтандырылған қоймасы (банкасы) пайда болды және көрсеткіштердің сапасы жогарылады.

4 сұрақ. Статистикалық бақылау бағдарламасы деп зерттеу кезінде бастапқы мәліметтерді жинау үшін ұғымды , жинақы, ойға қонымды бақылау бірліктеріне берілетін срақтар тізімінің жиынтығын айтады.

    Бақылау бағдарламасына  кіргізілетін сұрақтардың тізімін  жасау─ аса күрделі жұмыс.  Оны өңдеу  және құрау көптеген  білікті мамандардың, ғылыми қызметкерлердің   немесе  сол зерттеу жұмысына  нақты қатысы бар  мекемелер  мен ұйымдардың қатысуы арқылы  жасалынады. Дұрыс жасалынған бақылау  бағдарламасы ертеңгі күнгі зерттеудің  негізгі тірегі болады.

    Бақылау бағдарламасын  құрастыру кезінде бельгия ғалымы  А. Кетленің ұсынған төмендегі ережесін естен шығармауымыз қажет:

    1) Бағдарламаға керексіз, артық сұрақтар кіргізілмеуі  және ондағы көрсетілген сұрақтардың  жауаптары бақылаудың алдына  қойған мақсатын анықтауы тиіс;

    2) Бақылау бағдарламасына  дұрыс және нәтижелі жауап  алынатын сұақтардың кіргізілгені  жөн;

    3)  Бақылау бағдарламасына  кіргізілген сұрақтар жауап берушіге  кері әсерін тигізетіндей, яғни  оның болжамы бойынша қисынсыз  жүргізілген сияқты күдік туғызбауы  керек.

Жоғарыдағы келтірілген  нүсқауды орындаганда ғана статистикалық бакылау бағдарламасы дұрыс болып шығады. Статистикалық бақылаудың бағдарламасы мен ұйымдастыру мәселелерін карастырған кезде ең үлкен жұмыстың бірі ретіңде оған кіргізілген сұрақтардың редакциясы болып есептеледі. Атап айтқанда, зерттеу кезінде жиналатьш, өнделетін мәліметтердің жоғары сапалылыгы, дұрыстығы, толықтығы және оның нәтижелілігі сол берілген сұрактарға сай түсінікті, ұғымды және тұжырымды түрде құрастырылуына тікелей байланысты. Сондықтан көп жағдайларда берілген сұрақтардың түсінікті болуы үшін сол сұрақтан кейін түрлі қолайлы жауаптары қосымша ретінде беріледі. Мұнда сұралушы, яғни жауап беруші, өзінің тандауы бойынша, берілген сұрақтың дұрыс жауабын '"сызу арқылы" көрсетеді. Мысалы, 1989-жылғы халық санағында халықтың білімі туралы -сұраққа төмендегідей қосымша жауаптар берілген: жоғары, аяқталмаған жоғары, арнаулы орта, жалпы орта, орталау, бастауыш және сауатсыздык. Мұндай жауаптар өте дұрыс болып шығады және басқа жауаптардың қосымша кіріп кетуіне тосқауыл болады. Себебі, берілетін жауаптардың барлығы толығымен көрсетілген. Осыған орай сұралушы сұрақтың ретіне қарай, өз қалауы бойынша бір-ак жауапты көрсетуі кажет. Кейбір сұрақтарға берілетін жауаптар "бар" немесе "жоқ" деген сөздер арқылы көрсетілуі де мүмкін. Сонымен, жоғарыда көрсетілген жауаптар мәліметтерді өңдеу, топтау және электронды есептеу машинасына даярлау жұмыстарын жеңілдетеді.

Статистикалық   бланк   (формуляр)   дегеніміз   -   бақылау кезінде   берілген  сұраққа  жауап  жазуға  жөне   керекті   мәліметті  жинауға  арналған бір бет қағаз (бірнеше бет болуы да мүмкін). Бір мезгілде, бір тақырыпта жүргізілетін зерттеу бірдей үлгіде болғаны да жөн. Демек статистикалық бланк (формуляр) - бұл бастапқы мәліметтерді сақтаушы, таратушы болып табылады. Бірак, статистикалық  бақылау формулярлары әр түрлі атпен  аталуы (бастапқы есеп формасы, карточка, бланк, акт, табель, санақ қағазы, сұрау  қағазы және т.с.с.) әбден мүмкін. Әрбір  формулярда  мекен-жайлық көрсеткіштер жеке бөлім ретінде көрсетіледі.

Титулдық бөлімінде статистикалық  бақылаудың түрі, аты, бекітілген мерзімі  және бекіткен мекеменің аты көрсетіледі. Ал мекен-жайлық бөлімінде жердің, адамның  аты-жөні және толық тұрағы жазылады. Мекен-жайдың көрсетілуі сол бақылау  арқылы жиналған мәліметтердің дұрыстығын тексеру үшін колданылады.

Статистикалық тәжірибеде формулярдын  жеке-дapa, ягни карточкалы және тізімдік екі түрі қолданылады. Жеке-дара немесе карточкалық формулярда әрбір бақылау  бірліктерінің мәліметтері, жеке бланкіге толтырылады, Тізімдік формулярда бір  бланкіге екі немесе одан да көп  бақылау бірліктерінің мөліметтері  көрсетіледі. Мыісалы, жеке немесе карточкалық  формулярға әрбір мекеменің, кәсіпорынның. шаруашылықтың есеп беру формасы, ал тізімдікке 1989-жылғы халың санағында  колданылған жаппай санақ қағазы жатады.

Жоғарыда көрсетілген екі фор.мулярдың да өздеріне тән кұндылығы мен  кемшіліктері бар. Карточканы формулярдың  тізімдікпен салыстырғандағы артықтылығы  сол, мұнда берілетін сұрақтар көп  болып келеді. Сонымен бірге, бұл  формулярдың жалпы керсеткіштерін қолмен есептеу, топтау жұмыстары жеңіл  атқарылады.

Бұл түрдің кемшілігі, мұнда әрбір  бланкі сайын мекен-жайы туралы деректер толтырылып отырылатындығында. Ал, бұл  басы артық жұмыс пен орынсыз  қаржы шығындарын көбейтеді. Тізімдік формулярды қолдану өте үнемді, мәліметтерді тексеру жеңіл және машинамен  өңдеуге өте колайлы.

Статистикалық бакылау бағдарламасы туралы дұрыс түсінік беру және бланкілерді  толтырудың біркелкілігін камтамасыз ету үшін, оның түсініктемесі мен  нұскауы жазбаша түрінде бірге  жіберіледі.

Нүсқау кітапша ретінде бөлек  беріледі немесе сол бланкінің екінші бетінде көрсетіледі. Нұсқауда, негізінен, мыналар көрсетіледі: бақылаудың мәні мен мақсаты, оның зерзаты мен  бақылау бірліктерін аныктау, бақылаудың уақыт мерзімі мен жургізілу  ұзақтығын көрсету, құжаттарды толтыру  тәртібін үйрету, қорытындысын тапсыру  уақыты. Ең негізгісі бо.тып әрбір  сұракқа қалай дұрыс жауап  беру туралы түсінік берілуі және бланкілерді толтырудың түсіндірмесі саналады. Статистикалық бакылау  кезінде колданылатын құжаттарды (бланкілер, нұсқаулар және т.б.) жұмыс жабдықтары деп атайды.

Статистикалық бақылау бағдарламасында  жоғарыда көрсетілгендерден бөлек  басқа да мәселелер қарастырылады. Оған мәліметтерді жинаудын түрлері  мен тәсілдерін анықтау, зерттеу  жұмыстарына қатысатын мамандарды даярлау және көпшілік қауым арасында үгіт-насихат жүргізу сияқты көптеген ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Мұның барлығына статистика органдары  басшылық етіп отырады.

5 сұрақ. Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналган бастапқы мәліметтер жан-жақты тексеруден өтеді. Онда бақылауға жататын бірліктердің толық қамтылғандығы, көрсеткіштердін, дұрыс толтырылғандығы мен салыстырмалылы, есептегендігі және т.б. қарастырылады. Бірақ, есеп беру немесе арнайы ұйымдастырылған бақылаудың қайсыбірін алсаң да, онда әр түрлі себептердің салдарынан қате кетуі мүмкін. Статистикалық қате деп нақты факті мен зерттеу нәтижессінің көрсеткіштері арасындағы сәйкессіздікті, айырмашылықты санамауды және түрлі себептерге қатысты болатын бұрмалаушылықты айтады. Статистикалық бақылау мәліметтеріндегі   жіберілген   қателер   репрезентативті   және тіркеу кезіндегі қате больш екі түрге бөлінеді.

Репрезентативті қате тек ішінара бақылау жүргізгенде ғана кездеседі. Бұл - жалпы жиынтық қорытындысын ішінара бақылау жиынтықтары толық қалпында көрсете алмаушылығы деген дұрыс. 

Тіркеу кезіндегі жіберілеіін  қате. Бұл - әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне әсерін тигізетін фактілердің дұрыс анықталмауы салдарынан туатын қате. Бұл қателік дұрыс жазбағандықтан, тіркеуді дұрыс жүргізбегендіктен, бұрмалау мен қате есептеудің салдарынан пайда болады. Оның өзі фактінің біртектілігіне орай квздейсоқ жене жуйвлі түрде жіберілген қame больш екіге бөлінеді.

Кездейсоқ жіберілген қате. Ол әр түрлі себептердің әсерінен артықты-кемді қателікке ұрынуы ықтимал. Бұл - не азайтыльш, не көбейтіліп жазылу деген ұғым. Ол арнайы мамандығының жоқтығынан, шаршап-шалдығудан, жұмысқа атүсті салдыр-салақ қараудан болады. Мысалы, бір бағананың көрсеткішінің мүлдем басқа, екінші бағанаға ауыстырылып жазылуы немесе 43 жастың орнына 33 немесе 53 жас деп қате көрсетіліп кетуі мүмкін.

Егер статистикалық  бақылау жиынтығының көлемі көп  болатын болса, онда кездейсоқ жіберілген қате оның жалпы қорытындысына ешқандай әсерін тигізбейді. Себебі, жалпы жиынтықты есептегенде кездейсоқ жіберілген кателер бірінің орнын бірі толтырып отырады.

Жүйелі түрде (ұдайы) жіберілетін  қате. Мұнда көрсеткіштер белгілі бір себептерге қарай біржақты бұрмаланып, яғни көбейтіліп, не кемітіліп жазылады. Бұл есеп жұмыстарын жүргізу кезінде өте қауіпті және оның нәтижесі жалпы жиьштыққа кері әсерін тигізеді. Жүйелі түрде ұдайы жіберілетін қате қасақана әдейі жіберілген және абайсызда жіберілген больш екіге бөлінеді.

Абайсызда,   байқаусызда   жіберілетін   қате қастандықпен, жиі жасалынбайды. Ол қателік сұралушы адамдардың дұрыс жауап бермеу салдарынан жіберілуі  мумкін. Мысалы,  халық санағы кезінде адамдардың көпшілігі өздерінің жастарын дөңгелек сандар арқылы көрсетеді. Сұралушы адам 39 немесе 41 жаста болғанмен, өзін 40 жастамын деп айтуы кездеседі. Соның салдарынан 40 жастағы адамдардың саны 39 және 41 жастағылардан көп болып шығады. Сондықтан да санақшылар санақ кезінде халықтың жас мөлшерін дұрыс анықтау үшін адамдардың туған жылын бөлек, айын бөлек бағанаға жазьш, анық-қанығын айқындайды.

Қасақана немесе әдейі жіберілетін қате. Бұл - алдын-ала ойластырылған (саналы түрде), көбейтіп немесе кемітіп жазу арқылы жасалынған қателер.

Әдейі жіберілген қате есеп беру формаларында жиі кездеседі. Мысалы, кәсіпорындар мен мекемелердің өздері өндірген өнімдерінің көлемін кемітіп, ал жұмыс көлемін арттырып немесе қоймадагы бағалы заттардың, шикізаттардың мөлшерін есеп беру формаларында азайтып көрсету фактілерін атап айтуға болады. Мұндай қателердің жіберілуі көбіне-көп өлшеу аспаптарының дұрыс болмауынан, тіркеушілердің, санақшылардың тіркеу немесе санақ қағаздарындағы сұрақтардың мәнін толық түсінбеушілігінен және т.б. себептерден туындайды.

Статистикалық бақылауды жүргізгеннен кейін, жиналған мәліметтер ішінде жоғарыда көрсетілген қателерді жібермеу, болдырмау үшін, барлық жиынтықтар міндетті түрде тексеруден өткізіледі және ол қисынды түрде тексеру және есептеу арқылы тексеру (арифметикалық) больш екі түрге бөлінеді.

Қисынды түрде тексеру дегеніміз - статистикалық бағдарламада көрсетілген сұрақтарға қайтарылған жауаптардың өзара байланыстылығын бір-бірімен салыстыру арқылы жіберілген қатені түзету.  Мысалы, халық санағы кезінде жас мөлшері мен білімін салыстыру арқылы жіберілген қатені анықтаймыз. Егер баланың жасы туған жылы бойынша жасы 10-да, ал білімі "жоғары" деп көрсетілсе, онда жасына лайықты білім дәрежесін көрсетуде қате жіберілгендігін оңай анықтау болады.

Есептеу арқылы (арифметикалық) тексеру. Мұнда жалпы жиынтық көрсеткіштеріндегі жіберілген қателерді түзету үшін орта шаманы және процентті қайта есептеу тәсілін қолдану түзетулер   енгізіледі. Бұл   тәсіл   әрбір  кәсіпорынның, мекеменің, ұжымның немесе шаруашылықтың есеп беру фор-маларындағы сандық көрсеткіштерді тексеру кезінде жиі қолданылады.

Статистика   органдары  жоғарыда   көрсетілген  тексерулерден   бөлек   бірізді   және   жоспарлы   түрде   әрбір   мекеменің, кәсіпорынның,   шаруашылықтың   есеп   беру   формаларындағы кәрсеткіштердің дұрыстырьш тексереді.  Оның өзі  тақырыпты, жинақты (комплексті) және жаппай больш үш түрге бөлінеді.

Информация о работе Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдістері