Шпаргалка по "Социологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 19:07, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на 55 вопросов по дисциплине "Социология".

Прикрепленные файлы: 1 файл

социология.docx

— 193.65 Кб (Скачать документ)

 

39.«ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІ»,  «ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫ», «ТҰЛҒАНЫҢ ТӘРБИЕСІ»  ТҮСІНІКТЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАҢЫЗ

 

Жеке адамның бір-бірінен  ажырағысыз және оған пәрменді түрде  ықпал ететін биологиялық белгілері  мен ерекшеліктері бір-бірімен  байланысты. Анықтауыш қасиеттер - жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары.  
Жеке адам болу үшін психикалық дамудық белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс. 

Өмір бойы даму мен тәрбиенің  нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды.  
Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс.  
Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.  
Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғымды анықталық.  
Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды. Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі.  
Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудық арасында екі жақты байланысы болады. Сондықтан жеке адамның даму заңдылықтарын тереңірек қарастырған жөн.  
Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, т.б. қоғамдық ғылымдардық көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-қатынастарға арналған еңбектерден басқа П.И.Подласыйдық, М.Ф.Хар-ламовтың "Педагогика" (М.1996-1997), Б.С.Гершунскийдің "XXI ғасырда білім берудің философиясы" (1993), Г.К.Нұрғалиеваның "Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудық методологиясы, практикасы" (АД995) секілді ондаған монографиялық еңбектері жарық көрді.  
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудық мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.  Тұлға әлеуметтенуі - бұл тұлғаның цоғамдыц құндылықтар мен адамзаттық ұнамды әрекет-қылық әдістерін меңгеруі негізінде қауым тіршілігіне қажет қабілеттерді қалыптастыруы. Әлеуметтену үдерісінде адам әлеуметтік қалыптарды меңгереді, әлеуметтік рөлдерді пайдалану әдістері мен қоғамдық әрекет-қылық дағдыларын игереді. Тұлғаның әлеуметтенуі әлеуметтік шындықты тану негізінде қалыптасып барады. Тұлға әлеуметтенуінің негізгі көздері:1)  ерте балалық шақ тәжірибесі - психикалық қызметтер мен әрекет- қылықтық қарапайым формаларының қалыптасуы;2)  әлеуметтік мекемелер - тәрбие, оқу, білім жүйелері;3)   қарым-қатынас және іс-әрекет үдерісіндегі адамдардың өзара ықпал-әсері.Әрқандай әлеуметтік роль өз ішіне көптеген мәдени қалыптар, ереже- лер және әрекет-қылық үлгілерін қамтиды. Өмір барысында әрбір адам жасы мен қызмет бабының өсуіне орай бір емес, бірнеше әлеуметтік рөлдерді меңгеруіне тура келеді. Өз мазмұны бойынша әлеуметтену құбылысы - екі тарапты үдеріс. Бір жағынан, ол - қоғам тарапынан әлеуметтік тарихи тәжірибені, рәміздерді, құндылықтар мен қалыптарды келесі әулетке жеткізу болса, екінші жағынан, - оларды тек өкілінің игеруі, өз меншігіне өткізу 
Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі - тәрбие. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардық іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. 
Тәрбиенің рөлін педагогика тарихында, аса артық бағалаушылар да болды. 
Д.Локк (1632-1704) "тәрбие адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін жасайтын негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы болады" - деп сыңаржақ пікір айтты. Бала өмірге келгенде, оның жаны сүттей ақ, судан таза, соңдықтан тәрбиеші өзіне керек адамды жасап алады деп, тәрбиенің рөлін аса дәріптеп, тұқым қуалау мен әлеуметтік ортаның баланың қалыптасуындағы рөлін онша бағаламады. 
Революционер-демократ В. Г. Белинский (1811-1848) баланың жаны таза тақтай емес, тақта да сапалы, жазу да әдемі болу керек деді. Белинский тәрбиенің рөлін жоғары бағалап, адам дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның әсерін де ескерген жөн деді. 
Д.Локк, т.б. көзқарастар бойынша тәрбие арқылы адамды түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсартуға және санасын өзгертуге болады деген жорамал ойға келді. 
Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жақсарту үшін материалистік педагогика таптық қоғамды жойып, демократиялық қоғам құруды ұсынды. 
Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның жақсы дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табу нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады. 
Мектеп мемлекет қолындағы ақпарат құралдардық (баспа-сөз, радио, теледидар) көмегімен оқушыларға тәрбие береді, сондай-ақ, мемлекеттің саясатын жүргізеді. Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін үш фактордық ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті ықпал етіп, тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалына белсенді әсер етіп, баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды. Осы тұрғыдан келгенде тәрбие аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. 
Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол — баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.

 

40. ҚАЗАІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ МАСКҮНЕМДІК ПЕН НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫНА СИПАТТАМА БЕРІҢІЗ

Қазіргі таңда нашақорлық пен маскүнемдік төрткүл дүниеде  жаһандық қатер болып, бүгінгі күннің бас ауруына айналып отыр. Еліміздегі ірі мегаполис болып саналатын  Алматы қаласындағы бүгінгі ахуал  алаңдатарлық жағдайда дегенімізбен, өткен жылмен салыстырғанда, есірткі  тұтынушылар саны 14,2, маскүнемдікпен есепке тұрғандар саны 2,8 пайызға  төмендеген. Маскүнемдік, темекі шегушілік және нашақорлық проблемаларМаскүнемдік, темекі шегушілік және нашақорлық қазіргі заманның әлеуметтік, экономикалық, психология-педагогикалық, медицина-биологиялық проблемалардың ең маңызды және өзектісі болып отыр. Ғалымдардың есептеуі бойынша маскүнемдік, темекі шегушілік және нашақорлық тек еркектердің ғана арасында емес, балалардың, жасөспірім, жеткіншектердің, әйелдердің де арасында ең басты дерт болып отыр.

Ішімдіктерді, нашаны қолдану  және темекі шегуге құштарлық - әсіресе  бала жасында қауіпті, ол баланың  өзін-өзі билеу психикасы мен  мінез-құлқын реттеу  өзегінің бұзылуына әкеліп соқтырады.Темекі, анаша, ішімдікке әуестік – тек қолданушының ғана денсаулығына зиянын тигізіп қана қоймай, қоршаған ортадағы адамдардың да өміріне зиянын тигізеді. Темекі шегушілер өз жақындарының денсаулығын ойламайды, былайша айтқанда оларды да өзімен бірге «темекі шегулеріне» мәжбүрлейді, ал нашақорлар мен маскүнемдер өздерінің қылықтары мен әрекеттерін қадағалай алмай, жауапкершілік сезімдерін жоғалту арқылы қоршаған ортаға әлеуметтік зиян тигізулері мүмкін.Темекінің түтіні арқылы асқынатын аурулардан жыл сайын әлемде 1,5 миллионға жуық адам өледі екен. Шылым шегу адам иммунитетін төмендетеді, еңбекке жарамсыздыққа ерте ұшырауға әкеліп соқтырады. Темекінің жануынан туған көміртек тотығы адам ағзасына тамырдағы қан арқылы тарап, ағзаны оттегімен қамтамасыз етуші эритроциттердің өміршеңдігін төмендетеді, сол арқылы қанайналым жүйесі бұзылып, көптеген аурулар туады: қан ұйығы пайда болып, аяқ-қолдағы қан айналым жүйесін бұзады. Уақыт өте келе аяқтың ұстамалы ақсауы және буынның, тамырдың басқа да аурулары асқынады.Темекені үнемі шегетін адамның сырт бейнесіне де өзгерістер енеді: тырнағы, тісі сарғайып, шашының талы жұқарып, сынғыш келеді, табиғи жылтырауын жоғалтады.Темекі шегуші тек өзіне ғана емес, өз жақындарының да денсаулығына қауіп төндіреді. Темекі шегуші темекі түтінінің 25%-ын жұтатыны белгілі, ал қалған төрттен үш бөлігі сол түтінді жұтуға мәжбүр болғандарға бұйырады, осылайша олар «ырықсыз темекі шегушілер» қатарына жатады.Ырықсыз темекі шегуші үнемі темекі шегілетін бөлмеде болса, бір сағаттың өзінде жарты темекі шеккенде алынатын зиянды заттарды қабылдайды екен. Осылайша ол да темекі шегушіде болатын денсаулық ақауларына ұшырайды. Сондықтан, темекі шегу жеке бастың ісі деп қана қарауға мүлдем болмайды.Темекі шегу – адамның ең жаман әдеттерінің бірі. Соңғы жылдары темекі шегушілер саны артып отыр.Нашаның адам ағзасына әсер етуі қолданылатын препараттың түріне, мөлшеріне және енгізілу жолына байланысты.Әсер ету нәтижесі: масаңсудың қысқа фазасы, оның артынан ұйқыға тарту фазасы басталады; жүрек соғысы ақырындап, тыныс алуы бәсеңсиді; мидың жұмыс істеу қабілеті азаяды; тәбеті, рефлексі, жыныстық құштарлығы, ауыруды сезу қабілеті  төмендейді.Лас инені пайдалану, бір ине арқылы егілу нәтижесінде ЖҚТБ, гепатит, түрлі қан аурулары және бұдан да басқа қауіпті дерт тууы мүмкін. Сондай-ақ тазартылмаған героин, т.б. қоспалары жоғары нашаларды қолданғаннан кейін, көп мөлшерде қолданғаннан кейін адам бірден өліп кетуі де мүмкін. Героинге тәуелді болу, өз денсаулығына немқұрайды қарау, өз өмірін бағаламаудың салдарынан тәбет бұзылып, жұқпалы аурулармен жиі ауыратын болады.Ішімдік - бір жағынан энергетикалық ыдыста, екінші жағынан – психоактивті зат, былайша айтқанда рұқсат етілген наша. Халық арасында ішімдіктің арқасында бойды еркін ұстау, босаңсу, ширығу, мазасыздықтан құтылуға болады деген сияқты жалған түсінік бар. Алайда ол дұрыс емес. Ішімдіктің салдарынан босаңсу мен көңіл-күйдің уақытша көтерілуінің астарында адам ағзасы биохимиялық табиғаты бар жаңа залалға ұшырайды. Көп мөлшерде ішімдік пайдалану, сондай-ақ оның ағзада құрылатын өнімі сіркесулы альдегид ми мен жүрек қызметіне қысым көрсетеді: ағза тіндерінде оттегі жетіспеушілігі туып, адам әлсізденіп, шаршап, әлсірейді. Көңіл-күйі бірден төмендейді. Бұндай жағдайдағы адам сабырсыздыққа бой алдырып, ес-түсінен айырылып, өз іс-әрекеттеріне жауап бере алмайтындай жағдайға душар болады.

Жоғарыда айтылғандардың тобықтай түйінін айтатын болсақ, өз денсаулығын ойлаған, өзіне жақсылық тілеген, салауатты өмір салтын ұстанғысы  келген, өзінің, туған-туыстарының, қоршаған ортаның жағдайын ойлаған адам өзінің зиянды қылықтарынан бас тартуы керек! Темекімен қоштасып, ішімдікке, нашаға бой алдырмай, оларды өз проблемаларын  шешуші құрал ретінде қарамай, ішімдікті  мүлдем қойып кетуі абзал.

 

41. СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ  ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕ  ҮШІН ҚАЖЕТ? 

ЖАУАБЫҢЫЗҒА ДӘЛЕЛДЕМЕ  КЕЛТІРІҢІЗ  

Социологиялық зерттеу  бағдарламасы – ғылыми құжат,  әдістемелік тәсілдердің жан-жақты теоретикалық негізделуін және  барлық бөлімдері бір  тұтасқа біріккен, әлеуметтік үрдіс немесе құбылысты зерттеуде әдістемелік амалдарды  қолданудан тұрады. Зерттеу бағдарламасы  екі бөлімнен тұрады – әдістемелік және  әдістік.

Әдістемелік бөлім мәселенің  негізделуі мен  тұжырымдауын, зерттеу мақсаты мен міндетін суреттеу, зерттеудің обьекті мен пәнін анықтау, негізгі ұғымдардың логикалық талдауын жасау, жұмыс гипотезаларын тұжырымдаудан тұрады. Бағдарламаның әдістік бөліміне зерттеу жиынтығын  анықтау (сұрыптау), бастапқы ақпарат жинауда қолданылған әдістерге сипаттама беру, ақпарат жинаудағы инструментариялардың логикалық құрылымы, логикалық кестелер және оның ЭВМ-да өңдеу элементтері  кіреді.

Бағдарлама жұмыс жоспарымен толықтырылады. Онда жұмыс кезеңдері,  зерттеуді жүргізу уақыты, ғылыми, ұйымдастыру және қаржы шығындарының көлемі реттеледі.

Тәжірибенің белгілеуі бойынша,  бағдарламаны құрастыруға  зерттеуді жүргізуге қарағанда көп уақыт қажеттілігін белгіледі. Мұқият құрастырылған социологиялық зерттеу  бағдарламасы  оның жоғары ғылыми дәрежеде іске асыруының  кепілдеме шартының бірі есептеледі.

 

42. ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ  ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДАҒЫЫ ӘЛЕУМЕТТІК  МӘСЕЛЕЛЕРІН АТАҢЫЗ. ӨЗ ЖАУАБЫҢЫЗҒА  ТАЛДАУ ЖАСАҢЫЗ.        

      Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып  ұштасатын кешенді әлеуметтік құбылыс болып табылады. Сондықтан да әлеуметтік құбылыс бола отырып, ол адамзат өмір сүру жағдайына қарай құрылып, оның дәстүрлері мен әдеттері ғасыр өткен сайын жаңа сипатта көрініс береді. Отбасын әлеуметтану ғылымында былай деп көрсетеді «отбасы дегеніміз – тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері – бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру» [26, 24б.]. Яғни, адамзат отбасын құра отырып, сол шағын мемлекетке әлеуметтенеді, отбасылық құндылықтар қалыптастырады және әдет-ғұрып дәстүрлерін дамытады. Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы бойынша, ол - отбасындағы қатынастар, отбасының құрылымы мен формасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ. Ең алдымен біз жастар тәрбиесіндегі отбасының рөлін айқындап алайық. Әдебиеттерде көрсеткендей,  “Отбасы – жанұя, үй деген сөздің синонимі”, яғни бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандас адамдар жиынтығы [27]. Бір оттың басында өмір сүруге дайындық физиологиялық және психологиялық тұрғыдан негіздеуді қажет ететіндігі сөзсіз. Ер адам мен әйел адамның сезімдерінен туындаған шешім мен жауапкершілікті ұғыну негізінде отбасылық өмір бастала отырып, ұрпақ жалғастыру процесі жүзеге асады.                                               Кейбір ғылыми зерттеулерде, отбасыға мынадай анықтама берілген: қазіргі заманғы отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының негізгі функцияларының қатарына мыналар кіреді: өмірге бала әкелу, оны тәрбиелеп, өсіру, ең бастысы ерлі-зайыптылар жыныстық қарым-қатынас қажеттілігін және эмоциялық сезімдерін және басқа ішкі және сыртқы (әлеуметтік, экономикалық) мұқтаждықтарын өтеу [28;29].                                            Көптеген зерттеулерде отбасына деген жағымды қатынас таныту балалық шақтан қаланады деп тұжырымдалады. Балалық шақта адамгершілік қасиет ата-ананың балаға қатынасына және олардың өз басына деген қатынасына тәуелді болып келеді. Балалық шақ онтогенезде даму барысында адам өмірінің маңызды кезеңі. Тұлғаның балалық шағының өту жағдайына байланысты, яғни оның санасы мен жүрегіне қоршаған әлемнің әсер етуіне қарай бүгінгі нәрестенің ертеңгі болмысы қалыптасады. Қазақ халқы отбасы тәрбиесіне ерекше мән беріп, «он үште- отау иесі» деген. Ерте кезде қазақ отбасыларында  қыз баланы 3-5 жастан анасы қасына алып, үйдің жұмысына араластырса, ұл балаларды аңшылық, мал бағу сияқты түздің тірлігіне араластырған. Осы орайда, қазіргі өмір тіршілігіміз мүлде басқа сипатта. Сондықтан отбасында әке мен ананың қарым-қатынасы тұлғаның болашақтағы отбасы егесі ретінде қалыптасуының негізі болып табылады. Ал, қазіргі таңдағы ересек азаматтардың өзі отбасылық жауапкершілік пен міндеттерді дұрыс түсінбеуінен қаншама шаңырақ шайқалып жатқаны белгілі.  Әрдайым отбасы мүшелері тұлғаның ең алғашқы қоғамдық ортасы мен өмір тәжірибесін жинақтау мектебінің ұстазы болып табылады. Бұл жағдайда отбасы қарым-қатынасында жағымды сезімдер оның мүшелерін көркемдейтін болады. Отбасы әлеуметтік институттың алғашқы сатысы болғандықтан  тұлға өмірін әрдайым қолдап отыруы қажет. Себебі, осы әлеуметтік ортада әр баланың ата-анаға деген сүйіспеншілігі шексіз, шартсыз, кіршіксіз болып табылады. Егер бала өмірінің алғашқы жылдарында ата-анасының сүйіспеншілігі оның өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, өсе келе ата-ана махаббаты адамның ішкі, эмоциялық және психологиялық әлемінің қауіпсіздігі мен қолдау қызметін атқарады.                             Ата-ананың махаббаты – адамның жан және тән саулығының, рухани байлығының және берекесінің сапа көрсеткіштері мен қайнар көзі болып табылады. Дәл осыдан ата-ананың бірінші және негізгі міндеті баланың көзқарасында оны жақсы көретіні туралы сенімділікті  қалыптастыру болып табылады. Қандай жағдай, қандай күйде болсын балада ата-ана сүйспеншілігінен еш күмән болмауы тиіс. Ұрпағына қай жас кезеңінде болмасын әрқашан мейіріммен, ілтипатпен және ізгілікпен қарау – ата-ананың  табиғи да ең керекті міндеттерінің бірі.

Ата-ана сүйіспеншілігіне сенімділікті ерекшелеу бала тұлғасында кейбір жағдайларға байланысты қажеттілік тудыратындығы белгілі. Қазіргі  таңда өсе келе бала ата-анасынан бөлек кететін жағдайлар сирек  кездестіріп жүрміз. Бұл жағдайда баланың ең жақын адамдарымен  эмоциялық  байланыстары үзіліп, психологиялық, ішкі жан дүниелік жағынан алшақтайды. Қазіргі таңдағы зерттеулерге сүйене отырып, психологтар жеткіншектік кезеңдегі  маскүнемдік пен нашақорлықтың  астарында көбіне ұрпағын сүймейтін  ата-аналар жатқанын дәлелдеген. Нарық  жағдайында, материалды құндылықтар  басым болып тұрған уақытта отбасылық  тәрбиеге негізгі психологиялық  талап – махаббат болып табылады. Яғни, баланы сүйіп және күнделікті соны жетекшілікке алып қоймай, сонымен  бірге баланың өзі қандай қиындықтар мен қақтығыстар, жанжалдар туындатып  отырса да, тіпті ол өзара қарым-қатынаста  болмасын, мейірімін, олардың оған деген  кіршіксіз махаббатын, жылуын үнемі  сезінуі керек. Тек осы жағдайда ғана адамның ішкі әлемі дұрыс  қалыптасып, сүйспеншілік негізінде  ғана адамгершілік құлықтық іс-әрекет жасалады, ал сүйіспеншілікке тек  сүйіспеншілік ғана үйретуі сөзсіз.                                           Қоғамдағы түбегейлі бетбұрыстарға орай, отбасылық қарым-қатынас сипатында, оған деген көзқарас жаңа сипатта көрініс беріп жүр. Ғылыми-экономикалық даму жағдайында ата-ана өз сезімдеріне, жүрегінің үніне, өз баласының  қабілеттеріне сенімділікпен арқа сүйеуі керек. Осы орайда, ата-ана тәрбиенің қандай жүйесін ұстануына тек өзі ғана шешім жасауы тиіс. Бұл жағдайда баланың жараланғыш нәзік жүрегі үшін оның отбасында сүйікті екенін сезіну,  ата-анасы үшін  қымбат екенін ұғыну болып табылады.       Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, өскелең ұрпақтың қалыптасуындағы отбасының маңызды рөлі оның бала дамуындағы әсерін және қайталанбастығымен, даралығымен және жақындығымен  анықталады. Шын мәнісінде ата-анадан жақсы баланы ешкім біле алмайды [30;31]. Жоғарыда атап өткендей біз жастарды отбасылық өмірге психологиялық дайындауда балалық кезеңдегі отбасыішілік қарым-қатынасқа тікелей байланысты жағдайларды сипаттап отырмыз.                                              Ата-ана тәрбиесі негізінде отбасында тұлғаның адами  сапалары қалыптасады. Бұл адами сапаларға адамгершілік, қайғыра білу, сөйлеу мәдениеті, зейінділік, мақсаттылық, инабаттылық, ізгілік және т.б. қасиеттер кіреді. Керісінше, ата-ана стиліне қарай, отбасышілік қарым-қатынасқа   байланысты  өзімшілдік, қаталдық, үлкенге деген дөрекілік, қоршаған ортаға салғырттық, жауапсыздық және аяусыздық сияқты жаман қылықтар да дамитыны сөзсіз. Осы орайда, ұрпағының тұлғалық сапаларын қалыптастыру мақсатында ата-аналар әр жағдайда отбасылық салт-дәстүрді ұстанып, өз ата-анасына құрметпен қарап, баласына боларлық тәрбиеші болып, шыншылдық, адалдығын көрсетіп, оны жетілдіруі керек.       Жалпы алғанда, әлемде мекендейтін тіршіліктің ішіндегі ең әдемі де қорғансыз тіршілік иесі-бұл адамзат болып табылады. Адам баласы тұлғалық дамып, әрі жетіліп өзіндік өмірге тән мен жан үйлесімдігіне жету үшін және әлеуметтік күрделі қатынастарға дайындалуы үшін шамамен екі он жылдықтай керек. Осы онжылдықтар адамға білім алып, тәжірибе жинап, мамандық алып, еңбек әрекетіне қатысып, қоғамда өз орнын табу үшін маңызды болып келеді. Сондықтан әрбір кезеңдегі тұлғалық дамуды ғылыми тұрғыда зерттеу маңызды мәселелердің бірі. Біздің зерттеуіміздің басты мәселесі болып табылатын студенттерді отбасылық өмірге дайындау өзінің құндылығымен алға шығады.                            Белгілі ғалым, гуманистік психологияның негізін салушы А. Маслоу тұлғаның сәтті дамуы үшін оның қажеттіліктері өтелуі тиіс деген тұжырым жасайды [32]. Бұл қажеттіліктердің қанағаттандырылу деңгейі оның қалыпты дамуына, құрдастарынан қалмай жетілуіне немесе оның қате жолға түсуіне әсер етеді. Сонымен қатар, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасып, қоғамда өз орнын табуына мүмкіндік береді. Айтылып отырған мәселе тікелей оның ата-анасының қатынасына тәуелді болып келеді.                           Бүгінгі күні отбасылық өмір сүру жағдайлары түрлі сипатта көрініс беріп отырған жайы бар. Отбасында ерлі-зайыптылардың бірге тұруы, олардың ара қатынасын айналасындағылардың «жақсы» деп бағалауы некеде де бақыттылығын білдіре бермейді. Отбасы өмірінің астарында қитырқылардың әртүрі болады: сырттай тату болып есептелетін отбасыларда ерлі-зайыптылардың бір-бірін жек көріп, рухани салқындық  байқалуы мүмкін.                         Өз балаларының жан дүниесін ата-аналардың жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта туындату үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыру қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Белгілі психолог Э. Фромм тұжырымдамасында көрсеткендей, ананың және әкенің махаббаты табиғаты, генезисі және көріну формасы бойынша бір-бірінен ерекшеленеді және баланың тұлғалық дамуында әртүрлі әсер етеді [33]. Ананың махаббаты- шексіз, нәзік және шарттанбайды. Әкенің махаббаты- баладан көп нәрсені талап етеді және ол шарттанған болып келеді. Ол махаббатқа бала  лайықты болуы тиіс. Әке махаббатының туа берілетін алғышарты болмайды, ол бала өмірінің алғашқы жылдарында қалыптасады деп тұжырымдайды кейбір зерттеулер бар  [34;35]. Бала әкенің махаббатына лайық болуы үшін белгілі бір әлеуметтік жүйенің талаптарына сәйкес болуы тиіс. Егер бала анадан эмоциялық қолдауды және жақындықты сезінуді қалайтын болса, әкеден бірлескен іс-әрекетте серіктесті және беделді болудың қайнар көзін табады. Баланың ата-анаға  деген қатынасы ерлі-зайыптылардың бірі-бірімен қарым-қатынасынан туындайды. Қазіргі таңда көп белең алып отырған ажырасуға аз қалған  ерлі –зайыптылар түрлі ойлардан бірге тұра береді. Біреудің қызмет беделіне нұқсан келмес үшін, екіншілерін–белгісіз тұманды болашақ үрейлендіреді, үшіншілерін–бала алдындағы борышын өтеуде отбасы маңызды деп есептейді. Алайда мұндай позиция көп таралған адасуларға алып келеді.                                    Әке мен ана отбасында баланың бойында белгілі бір қасиеттердің дамуына негіз болады. Бала өзін әкесі сияқты көріп, өзін сол сияқты сезінеді, өзінше оның күшін, сенімділігін, ересектігін алғандай болады. Ол балаға жанына рухани тепе-теңдік пен сабырлық қалыптастыруға көмектеседі.                             Кейбір жағдайларда ерлі-зайыптылар өзінің жұбайын бала арқылы мойындамайды. Жұбайын бала арқылы мойындамау - отбасы қарым-қатынасының бұзылғандығының күрделі белгісі, әйелінің не  күйеуінің эмоциялық тартымдығының жоғалғандығының көрінісі. Ерлі-зайыптылардың бірін-бірі “өзгертуге ” тырысу күші отбасылық қарым-қатынаста балаға  бағытталады. Мұндай отбасыларда бала әрдайым қысымшылықта болады, ол әрине баланың тұлғалық дамуына әсерін тигізбей  қоймайды. Бұған қарамастан бала өзін-өзі бағалауын онша жоғалтпайды, өйткені  ол ата-анасының  бірінің қамқорлығына ие екенін сезінеді.                                Нарық жағдайында отбасында ата-ананың екеуі де ортақтық сезімін сезбесе, болашаққа  бірлескен жоспар құрмаса, оның алға басуынан  өмірлерінің даму жетістіктерін көрмесе, тұлғааралық қысымшылық туады. Мұндай отбасылық жағдай әрине баланың тұлғалық дамуына соққы болары сөзсіз. Дегенмен, ата-ананың қандай шешімі болғанда да бала дамуына кері әсерін тигізбеуі шарт болып табылады.       Отбасы нақты қоғамда өмір сүретін болғандықтан  оның жалпы сипатымен қатар, өзі өмір сүретін әлеуметтік қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны анық.           Отбасы туралы философ, педагог, психолог, әлеуметтанушы, мәдениеттанушы және т.б. ғалымдар анықтама беріп, еңбектер жаза отырып, осы мәселенің негізін қалаған.  Айталық, әлеуметтанушылардың пікірінше, отбасы бұл қоғамның ажырамас бөлігі, оны тар мағынада қолдану мүмкін емес десе, ал психологтар отбасы бұл әлеуметтік институт, қоғамның бастауыш ұйымы, бірігіп шаруашылық жүргізетін және өмір сүретін кіші топ деп қарастырады [26; 27].                                               Әлеуметтік институттардың бірі ретіндегі отбасының бала тәрбиесінде рөлі төмендегідей: бала тәрбиесінде отбасы басқа әлеуметтік институттарда жүргізілетін тәрбиелік ықпалдарға қарағанда басым болып келеді -жаһандану жағдайындағы өркениетті, зайырлы, құқықты мемлекеттің азаматын тәрбиелеуде отбасы қоғамның негізгі буыны болып табылады; отбасы өскелең ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты әлеуметтік институт; отбасының ең басты міндеттерінің бірі жеке тұлғаны әлеуметтендіру. Ол өскелең ұрпақтың дене жетілуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал етуші; отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамының тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрді жалғастырушы; отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған ҚР мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азамат тәрбиелеу;отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы.  Кез-келген отбасы оның мүшелері үшін аса маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында құрылады. Қандай да болсын бұл қажеттіліктер отбасылық қатынастардың дамуымен ортақ, топтық және қоғамдық қажеттіліктермен толықтырылады. Отбасы мен тұлға және отбасы мен қоғам арасындағы өзара әрекеттестік жүйесі мен олардың мүшелерінің белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыруға негізделген тіршілік ету сфераларымен байланыс жүйесінің көрініс табуы отбасының функциясы деп аталады [28,б.166]. Жоғарда айтылған мәселелер төңірегінде отбасының негізгі функциясы анықталады.                                           Әлеуметтік институт ретінде отбасы қоғаммен тығыз байланыста бола отырып, оның функцияларының бірқатары тікелей қоғам талаптарынан туындайды. Бір жағынан, отбасы-бұл өз заңдылықтары мен қызметтері әрекет ететін тұлғааралық қарым-қатынастар сферасы болып табылады. Осы орайда, қоғамның отбасыға және қоғамға қатысты, сонымен қатар, отбасының тұлғаға және тұлғаның оған қатысты функцияларын атауға болады. Осы тұрғыдан отбасы функцияларын әлеуметтік (қоғамға қатысты) және дара (тұлғаға қатысты) деп қарастыруға болады. Отбасы функциясы қоғамның отбасы институтындағы қажеттіліктерімен және отбасылық топқа қатысты тұлғаның қажеттіліктерімен тығыз байланысты болып келеді. Сонымен қатар, отбасы функциялары терең тарихи, қоғамның тіршілік әрекетінің әлеуметтік–экономикалық жағдайларымен тығыз байланысты. Сондықтан уақыт өткен сайын отбасы функцияларының сипаты мен оның иерархиясы өзгереді [4,б.104].          Маңызды қажеттіліктер мен тіршілік әрекетінің басты сферасымен байланысты қазіргі отбасының негізгі функцияларын Т.В. Андреева [36] атап көрсетті.                                     Уақыт өте келе отбасындағы жетекші рөлге ата-аналар болып саналатын ерлі-зайыптылар ие болады. Көптеген зерттеулерде отбасының функциясын  шартты түрде барлық түрін шамамен төмендегі екі топқа бөліп қарастырады:                    1.Ерлі–зайыптылар функциясы;                              2. Ата–аналар функциясы.                                    Ерлі–зайыптылар функциясына рухани қарым–қатынас, күнделікті шаруашылық, басқарушылық (ерлі–зайыптының екеуі де отбасының тұтастай өмір сүру әрекетінің ұйымдастырушылары болып табылады) функциялары, алғашқы әлеуметтік бақылау функциясы, өкілеттілік функциясы (ерлі-зайыптылар өз отбасыларының өкілі ретінде қоғамның барлық ошақтарының алдында өз отбасы атынан шығады), эмоциялық, жыныстық–эротикалық және басқа да функциялар жатады.                                    Ата–аналық функциялар тобы балаларды туу және тәрбиелеу функцияларын еңбекке қабілетсіз және кәмілетке толмаған отбасы мүшелеріне қамқорлық ету, оларды материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету функцияларын құрайды [37,б.154]. Рухани қарым–қатынас функциясы отбасындағы бос уақытты бірге өткізудегі, өзара жан дүние байлығын нығайтудағы қажеттіліктерді қанағаттандыруда көрініс табады. Сонымен қатар оның құрамдас бөліктері: отбасы ішіндегі қарым-қатынасты ұйымдастыру; бұқаралық ақпарат құралдарымен, көркем әдебиет пен шығармашылық пен өзара бірлестіктегі отбасы мүшелерінің байланыс әрекеті, отбасының өз мүшелерінің қоршаған орта мен әлеуметтік орта арасындағы әртүрлі байланыстарға әсері болып табылады [38].                                        Некедегі ерлі–зайыптылардың арасындағы үйлесімді тұлғалық келісушіліктерден отбасылық бақыт құралады, яғни бұл процесс барысында ой алмасу мен жағымды эмоциялар алмасуы жүзеге асады. Мұндай қарым-қатынастағы  жағымды кері байланыстардың жүзеге асуына қажетті жағдай  қалыптасқан әдет–ғұрып ережелері мен қағидалар  жүйесі болып табылады. Бұл функцияның ең басты мақсаты – отбасында неғұрлым тығыз өзара түсінушілікті қамтамасыз ету. Сондықтан рухани қатынастарды жетілдіру қарым–қатынас мәдениетінің жоғарылауын қамтамасыз етеді. Ерлі-зайыптылардың қарым–қатынасы – тұлғаның өз-өзін жүзеге асыру сфераларының біріне жатады.                            Отбасында ерлі-зайыптылар арасындағы рухани қарым–қатынас мәдениетінің негізі өзінің серіктесіне тең қарым–қатынаста қарау болып табылады. Мұндай қарым–қатынас барысында ерлі–зайыптылар өздерінің рухани әлемін, айналасындағылармен байланыс қабілеттерін жетілдіре түседі. Егер де ерлі-зайыптылардың бірі екіншісінен өзін жоғары санап, өз тұғасын биік қойса, онда өзара түсінушілік ғана бұзылып ғана қоймай, сонымен қатар қарым–қатынастың барлық түрінің бұзылуына әкелуі мүмкін [39]. Осы орайда,  ерлі-зайыптылардың бірін–бірі сыйлауы, өзара қолдауды қамтамасыз етуі аса маңызды болып табылады. Бұл жағдайлар нәтижесінде жан тыныштығын сақтауға және эмоциялардың жақындасуына көмектеседі.                               Отбасының эмоциялық функциясы оның мүшелерімен эмоциялық қолдау, психологиялық қорғаныс, өзара сыйластық және көңіл білдірудегі қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Отбасындағы оңтайлы эмоциялық атмосферасы оның әрбір мүшесіне ішкі сезімдерінің жағдайын жасырмауға, қуанышымен бөлісуге, сәтсіздіктер мен көңіл-күйін айтуға, толғандырып жүрген мәселелер бойынша кеңес алуға, рухани және физикалық күш–қуатын толтыруға және қалпына келтіруге кең мүмкіндік ашады.  Отбасының алғашқы әлеуметтік бақылау функциясы–отбасы мүшелерімен, әсіресе әртүрлі жағдайларға (жасерекшелігі, сырқаттануы және т.б) байланысты әлеуметтік ережелермен толық сәйкестікте өзінің әрекетін өз бетінше құруға жеткілікті деңгейде қабілетсіз мүшелерімен әлеуметтік ережелердің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Отбасында әрбір мүшесінің физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағатандырылуына ерлі-зайыптылардың жауапкершілік сезімі жоғары болуы шарт.                                Отбасының мемлекеттік мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен, еңбек ұжымдарымен және басқа да отбасы мүшелерімен (туыстық, достық,  көршілік), сонымен қатар, жекелеген тұлғалармен байланыс жасап, олармен түрлі сипаттағы қарым–қатынасқа түсетінін ескеру аса маңызды болып есептеледі.

Жоғарыда аталған функциялар көмегімен отбасы басқа әлеуметтік қауыммен экономикалық, идеологиялық, заңды, жалпы мәдени, эмоциялық және басқа да қатынастар орната, сонымен  қатар, әлеуметтік әлеммен өзара  байланысқа түсе отырып, қоғамның алғашқы  бөлігі ретінде өзін танытады.                                                     Қазіргі таңда аса маңызды  және өзектілерінің қатарына күнделікті тұрмыстық–шаруашылық (экономикалық) функциясы да жатады. Бұл функция  материалдық қажеттілікті қамтамасыз етуге (азық–түлік, тұрғын үй, киім, алғашқы  қажеттілік заттары) бағытталған және отбасылық топтың барлық мүшелерінің  денсаулықтары мен физикалық  күш-қуатының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Отбасының экономикалық функциясы мынадай негізгі компоненттерден  тұрады: қоғамдық өндіріске қатысу, үй шаруашылығын жүргізу, отбасылық  қаржыны қалыптастыру, тұтынушылық  әрекеттерді ұйымдастыру болып  табылады. Осы орайда, біздің ғылыми жұмысымыз нарық жағдайында жастарды отбасылық өмірге психологиялық  дайындау болып таңдалуының өзі  осы функцияға негізделіп отыр.

 

43. САУАЛНАМАЛАР ҚАНДАЙ СҰРАҚТАРЫН ТҰРАДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ ҚАНДАЙ?.

Сауалнама (анкета) – пікір  сұрау өткізу үшін іріктелген респонденттерге  бірқатар сұрақтар қойып, олардан жауап  алатын пікір сұрау парағы. Сауалнама  кеңінен қолданылмастан бұрын мұқият жасалып, сынақ жүргізіліп, байқалған  кемшіліктері болса жойылуы керек. Сауалнама құру – бір өнер деп  саналады. Пікір сұрау әдісін мәліметтерді жинау кезінде қолданғанда, зерттелетін  мәселеге сауалнама сипатының, құрылымының  және типінің сәйкестігін анықтау  қажет. Сауалнаманы кеңінен қолданудан бұрын, оның кемшіліктерін айқындау және болдырмау үшін тестілеуден  өткізу керек.

Пікір сұрауды дұрыс жүргізу  үшін мынадай ұсыныстарды орындау  қажет:

1.  Сұрақтарды құрастырудың талаптарын орындау:

- Сұрақ тек бір мәселе  төңірегінде болуы тиіс. Бір сөйлемде  екі жауапты талап ететін, екі  ұшты сұрақтар болмауы керек.

- Сауалдар түсінікті,  бір мәнді, нақты және анық  сенімді жауап алуға мүмкіндік  туғызуы тиіс.

- Сауалнама зерттеу мақсатына  және міндеттеріне сәйкес сұрақтардан  тұруы тиіс. Сұрақ дұрыс қойылмаса,  респондент жауап беруден бас  тартуы мүмкін.

- Сұрақтар логикалық сәйкестікпен  қойылуы керек. Жеке сипаттағы  немесе күрделі сұрақтар сауалнаманың  соңында тұруы тиіс. Жағымсыз  сезім, наразылық тудыратын сұрақтар  тікелей түрде емес, жанама түрде  қойылуы керек. Мысалы, «Сізде  автомобиль бар ма?» деген сұрақтың  орнына «Сіздің үйде кімде  автомобиль бар?» деп сұрақ  қоюға болады.

Информация о работе Шпаргалка по "Социологии"