Шпаргалка по "Социологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 19:07, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на 55 вопросов по дисциплине "Социология".

Прикрепленные файлы: 1 файл

социология.docx

— 193.65 Кб (Скачать документ)

2.   Сұрақтарды: қарапайымнан – күрделіге, жалпыдан – арнайыларға    (тар    ауқымдағы),    міндеттемейтіндерден    — сыпайыларына көше отырып қою керек дегендей қағидаларды сақтау қажет.

3.   Сұрақтардың қисынын келтірудің бірізділігі: алдымен кіріспе, таныстырма сауалдар немесе респонденттің зерттелетін мәселе бойынша хабардарлығын анықтауға жәрдемдесетін сұрақтар қойылады. Мысалы, ашытқы нарығы туралы зерттеу жүргізу керек болса, респондент ашытқыны қолдана ма, жоқ па, соны анықтау қажет. Содан соң зерттеуге тікелей қатысты сұрақтар және бақылау сұрақтар болуы мүмкін, ең соңында жеке сипатты сұрақтар қойылады.

4.   Сұрақтар саны  сұрақты сауалнамаға  кіргізбей  тұрып, оның қажеттілігін анықтау керек. Зерттеуге қажет емес артық сұрақтар қойылмауы керек. Зерттеу мәселесіне қатысты емес сұрақтар   сауалнаманы   тым   созады.   Сұрақтар   аз   болған сайын, оларға жауап алудың мүмкіндігі мол.

5.   Сауалнама құрылымы. Кіріспе, деректеме және негізгі сияқты үш бөліктен тұрады.

Кіріспеде респонденттің  пікір сұрауға қатысуын өтініп, оның мақсаты көрсетіліп, респонденттің  жауаптарының қандай пайда әкелетіндігі туралы айтылады. Сауалнаманың негізгі  бөлігінде зерттеу мақсаттарын  айқындайтын сұрақтар қойылады, ал деректеме бөлігінде – респонденттердің жасы, жынысы, отбасылық жағдайы  сияқты сұрақтар қойылады. Сауалнама  жүргізушінің аты-жөні, пікір сұрау  жүргізген орны және күні міндетті түрде көрсетілуі қажет.

6. Сұрақтардың стандартталу  типтері бойынша сауалнама ашық  және жабық түрде болуы мүмкін. Жабық түрдегі сауалнамада мүмкін  жауаптар түрі, шкаласы, сондай-ақ  «иә» немесе «жоқ» сияқты жауаптар  болады. Олардың артықшылығы –  жауаптарды жылдам өңдеуге және  бастапқы мәліметтерді кестеге  енгізуге мүмкіндік береді. Өте  жақсы стандартталған сауалнама  – ол қойылатын сұрақтары мен  жауаптары бұрыннан анықталған  сауалнама. Ашық сұрақтарға жауаптар  дәл осы мәселе жөнінде, өз  ойын білдіретін ерікті түрде  болуды көздейді. Ашық сұрақтарды  тұтынушылар тауардың сапасы, дизайны,  бағасы туралы не ойлайтынын  белгілеу қажет болғанда, зерттеудің  ізденіс кезеңінде қолдану пайдалы.  Жауаптардың сан алуандығы оларды  өңдеуді қиындатады.

Маркетингтік зерттеулерде стандартты ашық сұрақтар жиі пайдаланылады, мұндағы сұрақтар да, жауаптар да стандартты және көп нұсқалы болып келеді. Олардың басты артықшылығы –  сауалнамадағы жауаптар кестеге  қатысты бастапқы ақпараттарға онша қажет емес, бірақ адамдардың талғамы, демографиялық және әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары жөніндегі мәліметтерді жинау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Стандартты жабық сауалнамалар бірыңғайландырылған әдіспен алынған  жауаптарды рәсімдеу мен айқындау және жасырын себептерді (мотивтерді) табу артықшылықтарын біріктіреді. Стандартты емес ашық сауалнамалар зерттеу мақсаты  айқын болған кезде қолданылады, алайда сұрақтарға жауап ашық түрде  қалады. Ашық жауабы бар сұрақ нысанды  емес тереңдетілген сұхбатқа әкеледі. Терең сұхбат – бұл респондентпен  жеке әңгімелесу, мұнда ол ойы мен  жауаптарын өз еркінше білдіреді. Стандартты емес жабық сауалнамалар кезінде  респондеттер ашып айтпайтын мотивацияны  зерттеуде пайдаланылады. Мұнда  жобалық әңгіме, яғни әңгіме құрастыру   және   сөйлемді   аяқтау   әдістері   қолданылады.

Әңгімені құру – респонденттердің ой-қиялына негізделген карикатуралар, суреттер, фотографиялардағы бейнелер негізінде әңгіме құрастыруға сүйенетін  әдіс.

Мәліметтерді жинау әдісі, негізінен, сауалнаманың ашықтығы және стандарттылығының деңгейі туралы шешімдермен белгіленеді. Егер, бағалау  шкаласын қолдансаңыз, респонденттер  телефондық пікір сұраудан бас тартуы мүмкін. Мұндай мәліметтерді жеке кездесуде  жинаған жөн. Еркін түрде жауап  берілетін сұрақтар пошталық пікір  сұрауға сай келмейді.

7.   Жауап  түрін анықтау.   Әрбір   сұрақтың   мазмұнын анықтаған соң, респондент өз еркімен жауап беруге тиіс пе, әлде оның екі не одан да көп нұсқаны (вариантты) қолдануы керек пе немесе белгілі бір шкаланы пайдалана ма, алдымен соны шешіп алу керек. Жауаптардың көп нұсқалы тәсілі ұсынылатын болса, респондент оның ішінен тек біреуін ғана таңдап   көрсетуі   қажет.   Сондықтан   мұндай   сауалнамада жауаптар мәселені толық қамтуы және оған «білмеймін», «ойым жоқ», «ойым басқаша», деген жауаптар да кіруі керек. Дихотомшалық сұрақ қарапайым және ыңғайлы, оны кестеге енгізу оңай,  өйткені ол «Иә» немесе «Жоқ» деген қысқа жауаптардан тұрады. Басқаша қойылатын сауал түрлері бар сауалнамада    «ешқашан»,    «кейде»,    «жиі»,    «сирек»,    деген сөздерден тұратын шкала пайдаланылады.

8.    Жазбаша   пікір   сұрауда,   сауалнамаға   жауап   алу респонденттерді ынталандыруға байланысты болады (мысалы, респондентке арналған хат пен конверттің болуы). Кейбір респонденттер уақыты жоқтығынан немесе пікір сұраудың мағынасын   ұнатпауынан   оған   жауап   белгілері   келмеуі мүмкін. Сондықтан қайткенде де жауап алудың жолдарын іздестіріп,  ынталандыру әдістерін кеңінен қолдану қажет. Уақыттарын бөлгені үшін, респонденттерге кішігірім сыйлық немесе ақша беруге тура келеді.

Қазіргі кезде бастапқы мәліметтерді жинаудың әр түрлі механикалық және электрондық құрылғылары қолданылып жүр. Адамның белгілі бір жарнамалық хабарландыруға арналған назарын және сезімін анықтау үшін гальванометр қолданылады, ол жарнаманың әсерін адамның  эмоциялық сезімі кезінде бөлінетін  тер арқылы көрсетеді. Осы мақсатта фото, кино, бейнекамералары, магнитофондар  т.б. пайдаланылады.

Сауалнамаға жауап беру уақыты: далада – 3 минуттан кем болмауы, үйде сыйақысыз – 5 минуттан көп емес, үйде сыйақымен – 15 минуттан көп  емес болуы керек. Респонденттерге  алдын ала хат дайындалып, онда пікір сұрау өткізу мақсаты және оларды таңдау себептері түсіндіріледі.

Пікір сұрау анонимді және құпиялы сипатта жүргізілуі керек. Бірінші жағдайда респондент өзінің аты-жөні және басқа да деректемелері  құпия болуын қалайды, екінші жағдайда ол өзі туралы тек зерттеушінің ғана білуін сұрайды.

Телефонмен және сұхбаттасушымен  пікір сұрау жүргізгенде, ол –  құпиялы сипатта болады.

Пікір сұрау жүргізгенде  ақпарат мынадай жолдармен алынады: Сұхбат жүргізуші сұрақ қойып, жауапты  сауалнамаға жазып отырады немесе респонденттер сауалнаманы өздері толтырады.

Зерттеуші қажет болған жағдайда сауалнамадағы сұрақтарға қосымша  көп сауал қойып, әңгімелескен кезде  өз ойын қоса алады. Респонденттерге  сұрақтар қойған кезде оларды сауалнамада  жазылған күйінде өзгеріссіз қою  керек, жауаптарды талаптарға сәйкес тіркеу қажет. Сұхбат алушы сауалнаманы  жасаудан бұрын зерттелетін мәселені, нарықтарды, тұтынушыларды тереңірек  қарастырып білуі қажет. Пікір сұрау  алдында респонденттерге зерттеу  мақсаты туралы бірер сөз және жауаптардың құпиялы болатынын  айтып өту керек. Сауалнаманы  жауап берушінің табысы туралы және оның жеке басына қатысты сұрақтардан  бастауға болмайды.

 

25. ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ  ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЗЕҢДЕРІ

Социологиялық зерттеу —  методологиялық, методикалық және ұйымдастырмалы – техникалық процедуралардың логикалық  жалғастырмалы жүйесі, бір-бірімен  ортақ мақсатпен  байланысты: зерттеу құбылысы немесе үрдісі жөнінде  мәлімет алу және  оны әлеуметтік басқару тәжірибесінде қолдану.

Социологиялық зерттеу төрт  өзара байланысқан  кезеңнен тұрады:

-    зерттеуге дайындық;

-    бастапқы ақпаратты жинақтау;

- жиналған ақпаратты өңдеу  және ЭВМда өңдеуге  дайындау;

- өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу нәтижелері бойынша,  есеп дайындау, қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау.

Барлау зерттеу – социологиялық  зертеулердің ең қарапайым түрі. Ол шағын зерттеу жиынтығын қамтиды  және қарапайым  бағдарлама  мен көлемі қысылған инструментарийге негізделеді. Барлау зерттеу терең және көлемді зерттеудің алдын ала сатысы ретінде қолданылуы мүмкін (егер қиындық аз немесе мүлде зерттелмеген жағдайда). Бастапқы ақпарат жинаудың ең қарапайым әдісі қолданылады (әдейі әдебиеттің анализі, эксперттерді сұрау).

 

26.. ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ  ЗЕРТТЕУДІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Социологиялық зерттеу  бағдарламасы – ғылыми құжат,  әдістемелік тәсілдердің жан-жақты теоретикалық негізделуін және  барлық бөлімдері бір  тұтасқа біріккен, әлеуметтік үрдіс немесе құбылысты зерттеуде әдістемелік амалдарды  қолданудан тұрады.

Зерттеу бағдарламасы  екі бөлімнен тұрады – әдістемелік және  әдістік. Әдістемелік бөлім мәселенің  негізделуі мен  тұжырымдауын, зерттеу мақсаты мен міндетін суреттеу, зерттеудің обьекті мен пәнін анықтау, негізгі ұғымдардың логикалық талдауын жасау, жұмыс гипотезаларын тұжырымдаудан тұрады. Бағдарламаның әдістік бөліміне зерттеу жиынтығын  анықтау (сұрыптау), бастапқы ақпарат жинауда қолданылған әдістерге сипаттама беру, ақпарат жинаудағы инструментариялардың логикалық құрылымы, логикалық кестелер және оның ЭВМ-да өңдеу элементтері  кіреді.

Бағдарлама жұмыс жоспарымен толықтырылады. Онда жұмыс кезеңдері,  зерттеуді жүргізу уақыты, ғылыми, ұйымдастыру және қаржы шығындарының көлемі реттеледі.

Тәжірибенің белгілеуі бойынша,  бағдарламаны құрастыруға  зерттеуді жүргізуге қарағанда көп уақыт қажеттілігін белгіледі. Мұқият құрастырылған социологиялық зерттеу  бағдарламасы  оның жоғары ғылыми дәрежеде іске асыруының  кепілдеме шартының бірі есептеледі.Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасының құрлымы:

1Зерттеу тақырыбын анықтау

2 Зерттеу обьектісі

3Зерттеу пәні

4 Зерттеу мақсаты

4.Мақсат және міндеттері

5.Негізгі ұғымдарға түсініктеме  беру интерпретация,

6,Оперецанализация

7.Зерттеу болжамы

 

27. МӘДЕНИЕТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ МЕН ПӘНІ

Социологиялық зерттеудің объектілері болып қазіргі қоғамда өмір сүретін меңгеру формалары мен әдістерінің нақтылы бөлінуі, мәдениет объектілерін жасау мен жеткізу, мәдени өмірдегі тұрақты және өзгермелі процестер, әлеуметтік факторлар мен механизмдердің байланыстырушылары деп айтылады. Бұл тұрғыда социология кең таралған, тұрақты және әлеуметтік қауымдастықтың, топтың, табиғи және әлеуметтік қоршауларымен жалпы қоғам мүшелерінің қатынастарының уақыт бойынша қайталанып отыратын көп түрлі формаларын, қауымдастық мәдениетінің даму деңгейін анықтайтын мәдениеттің даму динамикасын зерттейді.

Мәдениет социологиясы көптеген қызметтер атқарады, олардың негізігілері: ғылыми-танымдық, білім беру және тәжірибелік қызметтер. Ғылыми-танымдық қызметі арқасында мәдениет социологиясы мәдени процестердің өзгерісіне немесе қолдауына, нәтижесіне әсер ететін әлеуметтік факторлар мен механизмдер, қазіргі жағдайдағы мәдени динамика заңдылықтарының өзіне тән ерекшелігі  туралы шынайы білімді қамтамасыз етеді.

Білім беру қызметі қоғам мүшелері арасында тиісті білім таратуға бағытталған. Оның мақсаты - қазіргі қиын әлеуметтік-мәдени жағдайда олардың бағыт алуына, олар туралы ойлардың бүгінгі мазмұнын ашу мен негіздеуге көмектесу.

Тәжірибелік қызметтің мақсаты мәдени өзгерістер мен мәдени саясаттың мақсатты бағытталған ғылыми негізін өңдеп шығару. Социологияда мәдениет бірінші кезекте оның әлеуметтік аспектісінде, яғни әлеуметтік өзара әрекеттесулердің нәтижелері мен процестеріне көзқарасы тұрғысынан қарастырылады. Бұл мағынада мәдениетті зерттеу аумақтық бөліну мен әлеуметтік топқа бөлінудің қандай да бір жағдайында болатын қоғам мүшелерінің өзінің әлеуметтік-мәдени ортасындағы күрделі және көп өлшемді қоғамдық процестерді игеру, ұғыну және өзгеруін зерттеуді білдіреді.

 

28.  ӘЛЕУМЕТТІК  ЖАНЖАЛДАР ҚОҒАМНЫҢ АЖЫРАМАС  БІР БӨЛШЕГІ. Л.КОЗЕР, Р.ДАРЕНДОРФ  ЖАНЖАЛДЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ ҚОСҚАН  ҮЛЕСТЕРІ

Жанжал” (конфликт) сөзі латын  тілінен аударғанда “қақтығыс” дегенді  білдіреді. Ағылшын социологы Э.Гидденс  жанжал екі жақтан жұмылдырылған  күрестің қайнар көзі, әдістері мен  құралдары қандай екеніне тәуелсіз әрекет етуші адамдар мен топтардың  арасындағы шынайы күрес деп көрсетті. Жанжалдар - адамдар арасындағы өзара  қатынас және әлеуметтік байланыстың  ең мәнді жағы, сондықтан кең мағынада олар әлеуметтік деп қарастырылады. Ғалымдардың пікірінше, жанжал “қарама-қайшы  бағытталған мақсаттардың, мүдделердің, пікір позицияларының, оппоненттер  көзқарастарының немесе өзара әрекеттесу субъектілерінің қақтығыстары”  немесе әлеуметтік қауымдастық пен  индивидтердің қарама-қайшы тенденциялары  мен мүдделерінің артуымен сипатталатын адамдар қатынасы, әлеуметтік топтар, әлеуметтік институттар, қоғам жүйесіндегі  қарама-қайшылықтардың дамуының жоғары сатысы [1]. Дәл осы көзқарастан  социология ғылымы әлеуметтік жанжалдың  табиғатына жақын келеді. Философияда  жанжал - бір-бірін жоққа шығару немесе қарама-қайшылықты шешу сәтіне қол  жеткізе отырып, ондағы қарама-қарсылықтардың соңғы дамуының сатысы мен формасын бейнелейтін категория; ал бихеовиоризмде - организмнің сыйспайтын жауабын  шақыратын стимулдар әрекетінің нәтижесі; ал психологиялық талдауда - тұлғаның құрама элементтері арасындағы қарама-қайшылық (мысалы, Ид, Эго және Супер-Эго арасында) “Жанжал” сөзінің  әлемнің әр түрлі елдерінде ірге табуы кездейсоқ нәрсе емес. Әлемдік  тәжірибелер мен тарих көрсеткендей ешқандай ел (өркениет), әлеуметтік қауымдастық  немесе әлеуметтік топ өзінің дамуында жанжал күйіне соқтықпай өтті деу  мүмкін емес. Тұлғалық деңгейде де ешқашан  жанжалға түспеген адам табылмайды, өйткені  адамдар жасы, ақыл-ой қабілеттері, мүдделері, қабілеттіліктері бойынша  әр түрлі. Гераклиттің пікірінше, тек  адамдар ғана емес құдайлар да, ғарышта  қарама-қайшылықта өмір сүреді. Мұнымен  келіспеуге болмайды. Өйткені әрбір  өркениетте көптеген қоғамдық партиялар, топтар, әлеуметтік институттар мен  элитарлар қызмет етеді. Олардың  кез келген әрекеті адамдар мүдделерінің қандай да бір дәрежесін жанап  өтеді. Жанжал біреулерге қуаныш, екіншілерге  түсінбестікті, үшіншілеріне - қайғы  алып келеді. Жанжалдың қарама-қарсы  жағы - бұл достық, әріптестік, өзара  көмек, келісім, бірлік және бейбітшілік. Сондықтан барлық адамдар мәселенің  жанжалсыз шешілу мүмкіндігін жоғары бағалайды. Халықтың басым көпшілігіне  адам өміріне тәни зиян келтіріп қана қоймай, сондай-ақ оның өміріне қол  сұғатын жанжалдармен шақырылған кез келген мүдде, кез келген жүйке зорлығы жағымсыз. Мұндай жағдайда саясат таптар, ұлттар мен мемлекет арасындағы қатынастарға байланысты қызмет ретінде адамдар арасындағы қатынасты реттеуге және заңның негізінде мүмкіндігінше аз шығындармен пайда болған қарама-қайшылықтарды шешуге шақырады. Бірақ саясат жанжал жасаушыларды татуластырумен жиі айналыспайды. А.Г. Здравомысловтың пікірінше, ол көп жағдайда жанжалға итермелеуші құрал болып табылады. “Саясат” - дейді ол, - билікпен кездеседі. Билікке барлығы емес, бірақ көбісі, әсіресе әлеуметтік белсенді адамдар ұмтылады. Алайда қоғамда билік позициялары саны шектеулі. Егер де бұл билік позициялары монархиялық саяси құрылымдардағыдай мұрагерлік нормалармен анықталмаса, онда қайсы бір билік позицияларын иемденуге біршама мүмкіндіктері барлар міндетті түрде жанжалға түседі. Мұндай түрдегі позиция үшін күрес барлық қоғамда дерлік таралған. Оның сипаты қоғамда, қазіргі сәтте өмір сүретін саяси режимге байланысты [3]. Сондықтан, бізге жақса да, жақпаса да, саясат адамның қызмет ету саласы ретінде (себеп салдарға байланысты) жанжалдарды тудырып, шешеді.

Информация о работе Шпаргалка по "Социологии"