Шпаргалка по "Социологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 19:07, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на 55 вопросов по дисциплине "Социология".

Прикрепленные файлы: 1 файл

социология.docx

— 193.65 Кб (Скачать документ)

 

12 ӘЛЕУМЕТТАНУДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭМПИРИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ.

 Ғылымдағы теориялық  және эмпирикалық білімнің арақатынасы  проблемасының генетикалық қыры теориялық аппаратты, оның ішінде ғылыми теорияны қалыптастыруға, ғылымның эмпирикалық сатысынан оның теориялық сатысына көшуіне қатысты.Теориялық білім - бұл теориялық білімнің социологиялық теориялары, болжамдары, типологиялары және т.б. нысандары.Эмпирикалық білім - эмпирикалық білімнің статистикалық мәліметтері, фактілері, жіктелуі және басқа да нысандары.Егер де социологияны “теориялық” және “эмпирикалық” деп бөлу білімнің деңгейімен (теориялық және эмпирикалық) байланысты болса, ал социологияны “іргелі” және “қолданбалы” деп бөлу - социологияның өзінің ғылыми немесе қолданбалы бағдарларына (функциясына) байланысты. Эмпирикалық зерттеу іргелі социологияның да, қолданбалы социологияның да шеңберінде жүргізілуі мүмкін. Егер оның мақсаты - теория жасау болса, онда ол іргелі социологияға (бағыты бойынша) жатады. Егер де оның мақсаты - тәжірибелік ұсынымдар жасау болса, онда ол қолданбалы социологияға жатады. Алатын білімнің деңгейіне қарай эмпирикалық зерттеу шешетін есебінің сипаты бойынша қолданбалы болуы мүмкін - шынайылықтың түрленуі. Бұл теориялық зерттеулерге (білім деңгейі бойынша) қатысты. Сөйтіп қолданбалы зерттеулер ерекше деңгей жасамайды. Бұл эмпирикалық және теориялық зерттеулердің өзі (білім деңгейі бойынша), бірақ қолданбалы бағытта болады. Социологиялық білім тұжырымдаудың түрлі деңгейдегі теорияларын қамтиды. Ең алдымен тұтас қоғам өмірін сипаттауға және түсіндіруге тырысатын жалпы социологиялық теорияларды бөліп қараған жөн. Социологияда өзара бәсекелес болатын көптеген жалпы теориялар бар. Бұл - К.Маркстің қоғамдық формациялар теориясы, М.Вебердің әлеуметтік іс-әрекет теориясы, Т.Парсонстың құрылымдық-функционалдық теориясы, Дж.Александердің және басқа социология классиктерінің “көп өлшемді” теориялары. Алайда бұрын-соңды болған жалпы социологиялық теориялардың ешқайсысы да “үлкен” теорияның талаптарына мейлінше сәйкес келеді деуге болмайды. Олардың барлығына тән нәрсе - бірі көп, бірі аз дәрежеде әлеуметтік өмірді түсіндірудегі біржақтылық, қандай да бір қырлары мен заңдылықтарын жете бағаламау. Бірақ әлеуметтік материя туралы қолда бар барлық жалпы социологиялық теорияларды зерделеген кезде толық түсінік алуға болады, өйткені олардың әрқайсысы әлеуметтік өмірді қандай да бір қырынан түсіндіреді.Бұдан әрі арнайы социологиялық теорияларды немесе орта деңгей теорияларын бөліп қараған жөн. Олар өзінің жалпы түрінде байланыстардың екі негізгі түрін: тұтас қоғамдық жүйе мен қоғамдық өмірдің осы саласы арасындағы, сондай-ақ қоғамдық өмірге тән ішкі өзара байланыстарды ашып көрсетеді. Демек, олардың жалпы социологиялық теориямен салыстырғандағы қолданылу аясы неғұрлым тар, олардың пәндік саласы салыстырмалы дербес құрамдас бөліктермен және тұтас қоғамдық процестермен шектелген. Д.Марковичтің анықтамасы бойынша арнайы әлеуметтік теориялар - жеке қоғамдық құбылыстарды өзінің зерделеу пәні ретінде алып қарайтын және олардың құрылымын, дамуының ерекшелік заңдарын және басқа қоғамдық құбылыстармен байланыстарының ерекшеліктерін зерттейтін теориялар [13]. Жалпы социологиялық теориядан өзгеше олар барлық қоғамдық құбылыстардың өзара әрекеті емес, бірақ қандай да бір қоғамдық құбылыстың (социологияның пәні болатын) және барлық өзге қоғамдық құбылыстардың ерекше байланыстарын зерделейді. Барлық арнайы социологиялық теорияларды (орта деңгей теорияларын) шартты түрде үш топқа бөлуге болады :1) әлеуметтік институттар теориялары күрделі әлеуметтік өзара байланыстар мен қарым-қатынастарды зерттейді (отбасы социологиясы, білім беру социологиясы, ғылым социологиясы, дін социологиясы, өнер социологиясы, әскер социологиясы, саясат социологиясы, еңбек социологиясы және т.б.) 2) әлеуметтік қауымдастықтар теориялары қоғамның кіші топтан бастап әлеуметтік тапқа дейінгі құрылымдық бірліктерін зерттейді (кіші топтар социологиясы, ұйымдар социологиясы, топтар, страталар, таптар социологиясы, аумақтық принциптер бойынша қауымдастықтар социологиясы және т.б.); 3) мамандандырылған әлеуметтік процестер теориялары әлеуметтік өзгерістер мен процестерді зерттейді (қоғамның бүлінуінің әлеуметтік процестері - қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік социологиясы, жанжалдар социологиясы, жинақылық және көші-қон социологиясы, урбанизация социологиясы, коммуникация процестері социологиясы, қоғамдық қозғалыстар социологиясы және т.б.).

 

13. ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.

Отандық социологияның қалыптасуы едәуір дәрежеде бұл ғылымның кеңестік қоғам дәуірінде дамуымен байланысты. Социология ғылымының осы кезеңдегі  қалыптасуы мен дамуының негізгі  кезеңдерін атап өтейік.

ХХ ғасырдың басында Ресейдегі  социологияның дамуы өрлеу үстінде  болды. 1917 жылғы революцияға дейін  мұнда айтарлықтай жоғары интеллектуалдық  әлеует қалыптасты. Ол мыналардан көрінді:

а) академиялық социологияның теориялық зерттеулері басым маркстік емес дәстүрінен - Н.И. Кареев, П.А. Сорокин, К.М. Тахтарев және басқалар;

б) саяси күресте социологияны радикалдандыру басым марксистік дәстүрмен - А.А. Богданов, В.И. Ленин, Е.А. Энгель және басқалар. [21, 72б.].

Ресейде ХХ ғасырдың басында  басталған социологияның институттану процесі 1922 жылы Лениннің “Жауынгер  материализмнің маңызы туралы” (“О значении воинствующего материализма”) мақаласы жарық көргеннен кейін тоқтап қалды, онда оқыту процесіне коммунистік  бақылау туралы мәселе қойылған еді. 1918 - 20 жылдары құрылған социология кафедралары қудалауға ұшырады. Нәтижесінде П.А. Сорокин, Г.Д. Гурвич сияқты және т.б. қоғамтанушы көрнекті ғалымдар елден көшіп кетті, бұл  социологияның ғылым ретінде  дамуын мемлекеттік жүйенің қадағалауында  өмір сүру және ғылыми дәстүрлерін  үзіп алу қаупін төндірді. Сонымен  қатар, ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы социология белгілі бір дәрежеде жемісті  болды. Саяси өкіметтің жаңа түрі орнағаннан кейін өтпелі кезеңдегі  революциялық түрленулер нәтижесінде  тапсыз социалистік қоғам (буржуазиясыз тарих) - коммунизмнің алғышартын жасау  үшін қажет нәрсенің бәрі деп есептелді. Бұл тұрғыдан да кеңестік социология жаңашыл сипатқа ие болды: оның объектісі қоғамдық меншік негізінде құрылатын қоғам болды [21, 73-б.].

Әлеуметтік еңбектер мен  социологиялық зерттеулерді қатаң  ұстау, ал кейіннен тыйым салу сталиндік  саясат тарапынан іс жүзінде ғана емес, теориялық жағынан да жүріп  жатты. “Бүкілодақтық коммунистік (большевиктік) партиясы тарихының” қысқаша  курсына (1938) арнап И.В. Сталин жазған “Диалектикалық және тарихи материализм  туралы” бөлімінде әлеуметтік білімнің тұтас бір саласы - тарихи материализм - философиялық білімнің аясына “қайтарылды”. Н.Н. Бухариннің тарихи материализм  теориясына сәйкес қоғамдық ғылымдар арасында қоғамдық өмірдің жеке саласын  емес, барлық күрделілігімен бірге  жалпы қоғамдық өмірді қарастыратын екі аса маңызды ғылым бар. Ондай ғылым, бірінші жағынан, тарих  болып табылады, екінші жағынан - социология... Тарих белгілі бір орында белгілі  бір уақытта қоғамдық өмір ағыны  қалай өтетінін баяндайды... Социология жалпы мәселелер қояды: қоғам  деген не? Оның дамуы немесе күйреуі  неден болады? Қоғамдық құбылыстардың  әр түрлі қатарлары (шаруашылық, құқық, ғылым және т.б.) бір-біріне қандай қатынаста  болады? Олардың дамуын немен түсіндіруге  болады? Қоғамның тарихи нысандары  қандай? Олардың алмасуын немен түсіндіруге  болады? және т.с.с. Социология қоғамдық ғылымдар ішіндегі неғұрлым жалпысы (абстрактілісі)... тарих социологиялық қорытындылар мен жалпылаулар үшін материал береді... Социология өз кезегінде... тарих үшін зерттеу тәсілдерін немесе әдісін көрсетеді” [22].

Осы теориялық тұжырымдар негізінде социологияның маңызды  құрамдас бөліктері - оның теориясы мен  ұғымдық аппараты- тек қана философиялық деңгейде қарастырылатын болды. Қоғамды  нақты зерттеудің социологиялық  әдістері айналымнан шығарылып тасталды. Әлеуметтік өмір процестерін, құбылыстарын нақтылай зерттеуге қатаң тыйым  салынды. Социология көп жылдар бойы қоғамдық таным нысаны ретінде өмір сүруін тоқтатты.

Социологияның біршама бой  көтеруі ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында “хрущевтік жылымық” дейтін кезеңде  ғана атап өтілді. 1962 жылы Кеңестік социологиялық  ассоциация құрылды, ол социологияның  ресми институттануын білдіретін еді. Мәскеу және Ленинград университеттерінің философия факультеттерінде социологиялық  лабораториялар құрыла бастады (Ю.В. Арутюнян және В.А. Ядов), 1960 жылы КСРО ҒА Философия  институтында социология бөлімі ашылды, оны Г.В. Осипов басқарды. 1968 жылы Нақты  әлеуметтік зерттеулер институты және оның басқа қалалардағы бөлімдері  жұмысын бастады [21, 336-б.]. Қазақстанда 1964 жылы ҚазКСР ҒА Құқық философиясы  институтының жанындағы қылмыстың  әлеуметтік-психологиялық проблемаларын  зерделеу жөніндегі топ ұйымдастырылды, оны заң ғылымдарының кандидаты  У.Жекенбаев басқарды. Топ қылмыс социологиясы саласындағы проблемалармен шұғылданды. ғылыми өмірдегі маңызды  оқиға КСРО-ға Батыстың көрнекті ғалымдары  Р.Аронның, Р.Мертонның, Т.Парсонстің келуі  болды (1958 - 64).

1970-ші жылдары Қазақстанда  мына бағыттар бойынша бірнеше  социологиялық топтар құрылып,  жұмыс істеді:

ұлттық қатынастардың  дамуын басқару проблемаларын зерделеу жөніндегі топ (1970), жетекшісі - Сужиков  М.М.;

ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) рухани-идеологиялық салдарларын  зерделеу жөніндегі топ (1974), жетекшісі - Черняк В.А.;

Қазақ политехникалық институты  жанындағы өнеркәсіптік социология лабораториясы (1975), жетекшісі - Батырбеков М.Б. [23, 140-б.].

Осы даму кезеңінде социология марксистік әдістеме шеңберінде белгілі  бір тәжірибе жинақтады. Осы жылдарда қазақстандық авторлардың - С.Н. Соскин, А.А. Рогачев, У.М. Ысқақов, А.Ш. Алтаев, Н.А. Аитов сияқты ғалымдардың социологиялық  зерттеулер нәтижесі бойынша алғашқы  ғылыми еңбектері, социалистік қоғамның, еңбек ұжымының, қала мен ауылдың  әлеуметтік құрылымы проблемаларын  зерделеуге социологиялық зерттеулер әдістерін қолдану жөніндегі  әр түрлі әдістемелік ұсынымдары жарыққа шықты. Л.А. Байдельдиновтің, Ө.К. Шеденовтің, Д.А. Доржтің және т.б. еңбектерінде социологиялық ғылымның қолданбалы жақтары қарастырылды. Социологиядағы жеке тұлғаның проблемалары Ғ.Ғ. Ақмамбетовтің, Т.М. Дәуітовтің [24] және т.б. еңбектерінде қаралған.

ҚазКСР ғылым Академиясының  жанындағы социология секциясы жұмыс  істеген қысқа мерзім ішінде социологиялық  зерттеулердің тұтас сериялары  жүргізілді, олардың нәтижелері В.А. Сапрыкиннің, В.А. Черняктің, Т.С. Сәрсенбаевтің [25] және т.б. монографияларында көрсетілген. Бұл жұмыстардың құндылығы социологиялық  зерттеулер жасағанында. Зерттеушілер бір мезгілде социологиялық зерттеулердің  бірнеше әдістерін қолданған. В.А. Черняк өзінің социологиялық зерттеулерінің материалдары негізінде атеизм социологиясының  негізін салушы болды, оның зерттеулерінің әдістемесі мыналарды қамтыды: 1) халықтың мәдениеті мен тұрмысын іріктеп  тексеру; 2) құдайға мінәжат ету  орындарына еніп бақылау; 3) әлеуметтік ақпаратты айқындау, белгілеу жөніндегі  іс-шаралар кешені, оның ішінде, біздің көзқарасымызша, фокус топтық зерттеу; 4) құжаттарды - қолжазба материалдарды, мұрағат көздерін, мерзімді баспасөзді зерделеу; 5) қоғамдық пікірді зерделеу [26]. Аталмыш зерттеулер көпфакторлы сапалық және сандық сипаттамаларымен ерекшеленді, бұл қазіргі заманғы жаппай қолданылатын сауалнама жүргізу әдістерімен салыстырғанда өзіне назар аудартады. Алайда әлемдік социологиялық практикадан, атап айтқанда американдық зерттеу әдістерінен бойды аулақ ұстау ғалымдарды зерттеулерге өте сақтықпен қарауға және жүргізетін зерттеулеріне марксистік дәйектеме келтіруге мәжбүр етті, бұл зерттеулердің сандық әдістерін, олардың инструментарийлерін жасауға және мәліметтерді өңдеуге қиындық туғызды.

Бұл кезеңде Қазақстан  ғылымында қоғамның әлеуметтік құрылымын  зерделеудің әдістемелік негіздері  қаланды, ол 90-шы жылдары социология ғылымы шеңберінде одан әрі дами түсті.

ХХ ғасырдың 80-ші жылдары  социология қоғамға саяси және экономикалық дағдарыстан шығуға көмектесетін ғылымға  айналды. Партия ұйымы кәсіпорындар мен ұйымдарға социологтарды тарту, социологиялық зерттеулерді қолдану жөнінде нұсқаулар берді және т.с.с. 1988 жылы “Қоғамдағы түйінді әлеуметтік проблемаларды шешудегі маркстік-лениндік социологияның рөлін көтеру туралы” қаулы шығып, ол социологтарды практикаға кеңінен тартудың ресми бастамасы болды. 1988 - 89 жылдары Одақ бойынша 13 жоғары оқу орнында халық шаруашылығы мамандарын даярлайтын, қайта даярлайтын және біліктілігін көтеретін социологиялық факультеттер мен бөлімшелер ұйымдастырылды. 1988 - 89 оқу жылында социологиялық мамандықтар бойынша елімізде барлығы 1000 шақты студент пен 85 аспирант білім алды [27, 6-б.].

1987 жылдың жазында Кеңес  социологиялық ассоциациясының  Қазақ бөлімшесі құрылды. С.М.  Киров атындағы ҚазМУ-дың философиялық-экономикалық  факультеті базасында социология  бөлімшесінің ашылуы Қазақстан  социология ғылымының қалыптасуында  шешуші болды және мамандар  даярлауда базалық болды. 1988 жылдың  екінші жартысында екі ғылыми  орталық ашылды: Қоғамдық пікірді  зерделеудің республикалық орталығы (ҚПЗРО) - Бүкілодақтық орталықтың  филиалы және ҚазКСР ҒА Экономика  институтының жанындағы социологиялық  орталық. 1988 жылы С.М. Киров атындағы  ҚазМУ-дың БКИ жанында Ю.Дуберманның  төрағалығымен “Социолог” кооперативі  ұйымдастырылып, ол екі бағыт  бойынша қызмет көрсетті: жеке  ұйымдардың тапсырыстары бойынша  социологиялық зерттеулер жүргізу  және халық шаруашылығы мамандарының  социологиялық біліктілігін көтеру.

Қазақстандағы социологияның  институттану мәртебесін ҚР Ғылым академиясының  департаменті бейіні бойынша ғылыми кадрлар даярлауға, докторлық және кандидаттық ғылыми дәрежелер алу  үшін ізденуге болатын ғылым ретінде  бекітті. 1991 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың жанында социология ғылымдарының кандидаты және докторы ғылыми дәрежесін  алуға іздену үшін диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес  жұмыс істейді. Аспирантура мен  докторантурада мамандарды даярлау  әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар  мен процестер мамандықтары бойынша  жүреді. Қорғауға шығарылатын диссертациялардың  ғылыми тақырыптары әр алуан, жалпы  алғанда қазіргі заманғы қазақстандық социумның проблемалары көрініс  тапқан. Диссертациялық кеңес жұмыс  істеген кезеңде қырықтан аса  ғылыми зерттеулер қорғауға ұсынылған.

Жоғары оқу орындарындағы  социологияның қалыптасуы мен дамуына 1996 жылы социологиялық ғылымдардың  докторы, профессор К.Ғабдуллинаның  жетекшілігімен құрылған “Социологтар академиясы” социологиялық орталығы үлкен рөл атқарды.

Қазақстандық социологияның  дамуы мен қалыптасуына Нариман  Әбдірахманұлы Аитов ерекше үлес қосты. Ол ондаған ғылыми еңбектер, алғашқы жаңа буын оқулықтарын жазған. А.Ә. Аитовтың жаңа еңбектерінің бірі “Тең емес адамдардың теңдігі” марксистік және қазіргі заманғы әдістемелердің өзіндік ара жігін ашушы болды.

 

14. ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТТАР МЕН ҰЙЫМДАР

Әлеуметтік институттар  алғашқы қауымдық қоғамнан қазіргі  заманға дейінгі кез келген қоғамда  болған. Оларсыз қоғам өзін құрайтын адамдарға қатысты өзінің негізгі  функцияларын - біріктіру, қорғау, қамтамасыз ету, тұлғаны әлеуметтендіру, рухани және мәдени даму, т.б. орындай алмас  еді

Социологтар “институт” ұғымын құқықтанушылардан бай әлеуметтік мазмұнмен толықтырып алған. Ол базалық  социологиялық категориялардың  бірі болып табылады, теориялық тұжырымдамаларды құру мен шынайы қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды талдауда оны айналып  өту мүмкін емес.

Латын тілінен іnstіtutum - орнату, жайластыру деп тәржімаланады. “Институция” термині орнату, қоғамда қалыптасқан әдет-ғұрып, тәртіп дегенді білдіреді. “Институт” ұғымы әдет-ғұрыптар мен тәртіптердің заң немесе мекеме түрінде бекітілуін білдіреді. Әлеуметтік институт әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін қоғамдық байланыстар мен қатынастардың кез келген тәртіптелуі, ресмиленуі дегенді білдіреді.Әлеуметтік институт деп көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізігі мақсаты - жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Олардың сәтті қызмет атқаруы адамдар қауымдастығының өмірін сақтауға мүмкіндік береді, оларды топтар мен қоғамға біріктіреді, олардың өмірін тұрақты етеді. Дәл осы әлеуметтік институттар ұйымдардағы бірлескен корпоративтік қызметті үйлестіреді, әлеуметтік қатынастар сипатын анықтайды және оларды сақтап отырады.Әрбір институт: - белгілі бір қызмет аясын; - белгіленген құқықтар мен міндеттер негізінде қоғамдық, ұйымдық немесе басқару функцияларын орындауға өкілетті адамдар тобын;- ресми тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың ұйымдық нормалары мен принциптерін;- қойылған міндеттерді шешуге қажетті материалдық құралдарды (қоғамдық ғимараттар, құрал-жабдықтар және т.б.) қамтиды.Қоғамдық байланыстар мен қарым-қатынастарды тәртіпке келтіру, ресмилендіру және стандарттау процесі институционалдандыру деп аталады. Қоғамның белгілі бір байланыстардың әлеуметтік ұйымдастыруға қажеттілігін ұғынуы барысында сол қажеттілікті қанағаттандыра алатын әлеуметтік нормалар, ережелер, мәртебелер мен рөлдер бекиді. Әлеуметтік институттың қызмет атқаруына жәрдемдесетін жалпы мақсаттар, топтар және ұйымдар қалыптасады, институттың барлық мүшелерін қамтитын нормалар мен санкцияларды қолдану ресімдері, мәртебелер мен рөлдер жүйелері құрылады.Неғұрлым маңызды қажеттіліктерді қамтамасыз ететін әлеуметтік институттардың бес негізгі түрі бар :-бала туу, өсуі (отбасы және неке институты);-қауіпсіздік және әлеуметтік тәртіп (саяси институттар, мемлекет);-тұрмыстық құрал-жабдықтар өндіру (экономикалық институттар, өндіріс);-білімді беру, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру, кадрлар даярлау (білім беру, ғылыми және мәдени институттар);-рухани мәселелер, тіршілік мағынасын шешетін қажеттіліктер (дін институты). Әлеуметтік институттар әлеуметтік ұйымдармен тығыз байланысты. Н.Смелзер ұйымды қысқаша былай анықтайды: бұл “белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін жасақталған үлкен топ” [45]. Формула қысқа әрі нұсқа, бірақ түпкілікті емес. Себебі “ұйым” деген сөздің өзінің әр түрлі мағынасы болады.Біріншіден, қоғамда белгілі бір орын алатын және азды-көпті айқын белгіленген функцияларды орындауға арналған институттану сипатындағы жасанды бірлестікті ұйым деп атауға болады. Бұл мағынасында ұйым белгілі мәртебесі бар әлеуметтік институт болып табылады және автономдық объект ретінде қарастырылады. Мұндай мәнінде “ұйым” деген сөзбен, Мысалы, кәсіпорынды, билік органын, ерікті одақты және т.с.с. атауға болады.Екіншіден, “ұйым” термині функциялар бөлінісін, орнықты байланыстар орнатуды, үйлестіруді және т.б. қамтитын ұйымдастыру жөніндегі белгілі бір қызметті білдіре алады. Бұл жерде ұйым объектіге көзделген мақсатпен ықпал етумен байланысты, демек ұйымдастырушы мен ұйымдасатындар контингенті болатын процесс болып табылады. Бұл мағынасында “ұйым” ұғымы “басқару” ұғымымен парапар келеді, әйткенмен түпкілікті емес. Үшіншіден, ұйым дегенде қандай да бір объектінің тәртіптелу дәрежесі ойға келуі мүмкін. Онда бұл терминмен белгілі бір құрылымды, құруды және объектінің әр түрі үшін ерекше болатын бөліктерді біртұтастыққа біріктіру тәсілі ретіндегі байланыс түрлерін белгілейді. Бұл мағынасында объектіні ұйымдастыру - объектінің қасиеті, бір белгісі. Термин мұндай мазмұнымен, Мысалы, ұйымдасқан және ұйымдаспаған жүйелер, қоғамның саяси ұйымы, тиімді және тиімсіз ұйым және т.б. туралы сөз болғанда қолданылады. “Ресми” және “бейресми” ұйым ұғымдарында дәл осы мәні алынады. Ұйымға тән белгілерді бөліп қараумен қатар олардың белгілі бір типологиясы болады. Ұйымдар ресми және бейресми болып бөлінеді.Ресми ұйым. Бұл әлеуметтік ресмилендіру, яғни құқықтық, ұйымдық және әлеуметтік мәдени нысандардағы стандарттық, тұлғасыз мінез-құлық үлгілерін мақсатты түрде қалыптастыру негізінде құрылған ұйым. Ресми ұйымның басты функциясы - адамдар қоғамдық еңбектің құралдарымен және мақсаттарымен бір тұтастыққа біріккен гетерогендік жүйені құру.Ресми ұйымдардың негізгі ерекшеліктерін былай сипаттауға болады.1) Ол оңтайлы, яғни оның негізін мақсатқа сай, белгілі мақсатқа қарай саналы түрдегі қозғалыс құрайды.2) Ол принципті тұлғасыз, яғни араларында алдын ала жасалған бағдарлама бойынша “стандартталған” (“мұрат”) қарым-қатынастар орнайтын абстрактілі жеке адамдарға арналған; бұл бағдарламада жеке адамдар арасындағы қызметтестіктен басқа ешқандай қарым-қатынастар, онда функционалдықтан басқа ешқандай мақсаттар көзделмейді.

Информация о работе Шпаргалка по "Социологии"