Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 19:07, шпаргалка
Работа содержит ответы на 55 вопросов по дисциплине "Социология".
34. ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚОҒАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТЕНУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Тұлға әлеуметтенуі - бұл тұлғаның цоғамдыц құндылықтар мен адамзаттық ұнамды әрекет-қылық әдістерін меңгеруі негізінде қауым тіршілігіне қажет қабілеттерді қалыптастыруы. Әлеуметтену үдерісінде адам әлеуметтік қалыптарды меңгереді, әлеуметтік рөлдерді пайдалану әдістері мен қоғамдық әрекет-қылық дағдыларын игереді. Тұлғаның әлеуметтенуі әлеуметтік шындықты тану негізінде қалыптасып барады. Тұлға әлеуметтенуінің негізгі көздері:
1) ерте балалық шақ тәжірибесі - психикалық қызметтер мен әрекет- қылықтық қарапайым формаларының қалыптасуы;
2) әлеуметтік мекемелер - тәрбие, оқу, білім жүйелері;
3) қарым-қатынас және іс-әрекет үдерісіндегі адамдардың өзара ықпал-әсері. Әрқандай әлеуметтік роль өз ішіне көптеген мәдени қалыптар, ереже- лер және әрекет-қылық үлгілерін қамтиды. Өмір барысында әрбір адам жасы мен қызмет бабының өсуіне орай бір емес, бірнеше әлеуметтік рөлдерді меңгеруіне тура келеді. Өз мазмұны бойынша әлеуметтену құбылысы - екі тарапты үдеріс. Бір жағынан, ол - қоғам тарапынан әлеуметтік тарихи тәжірибені, рәміздерді, құндылықтар мен қалыптарды келесі әулетке жеткізу болса, екінші жағынан, - оларды тек өкілінің игеруі, өз меншігіне өткізуі (ин- териоризациялауы). Бұл орайда интериоризациялау дегеніміз сырттай көріністі қоғамдық өмір үдерістерінің ішкі саналық үдерістерге өтіп, тиісті өзгерістерге келуі, яғни жалпылануы, сөздік (вербалды) формаға енуі, бұдан былайғы даму қабілетін иемденуі. Тұлға үшін әлеуметтену үдерісінің алғашқы кезеңдердегі басты мәні - өз әлеуметтік орнын іздеп, табуы. Бұл үдерістегі тек өкілі үшін өзекті мәселе: 1) өз «Менін» тану; 2) өз «Менінің» мән-мағынасын түсіну. Тұлға өз дамуында әлеуметтік бейімділікпен бір қатар тұлғалық дербестік, өз даралығын тұрақтандыру қажеттігіне ие. Сындар- лы жағдайларда мұндай тұлға өз өмірлік бағытын қорғай алады, өз ұстанымдары мен құндылықты көзқарастарын сақтап қалу күшіне ие. Қатерлі жағдайларда қандай да ауытқулардың алдын алып, психикалық қорғаныс табуға тырысады. Тиянақты кемелденген тұлға үшін қалыпты шарттар: үздіксіз даму жағдайында болып, өзін-өзі жетілдіріп бару және өз мүмкіндіктерін іске асыра білу; өзі үшін жаңа табыс шектерін белгілей отырып, «ертеңгі күн қуанышын» көре білу; өз қабілеті мүмкіндіктерін ашып, пайдала- ну; ал қиыншылық басқа түскенде - ымырашылдыққа келіп, жағдайға бейімдесумен әрекет жасай білу. Психикалық ұстамды тек өкілі басқа адамдармен тілектестік қарым-қатынаста болып, олардың мүдделері мен қажеттеріне сезімтал келеді. Өз өмірлік жоспарын түзуде психикалық тұрақтанған тұлға шынайы мүмкіндіктерінен аспай, күші келмейтін талаптарға ұрынбай, орын- сыз әрекеттерден сақтана біледі. Дамыған тұлға жоғары дәрежелі әділдік, ар-намыс және абырой сезімдеріне бай келеді. Ол алдына қойған шындыққа сай да мәнді өз мақсаттарын орындауда табандыглык, көрсетіп, көздегеніне жетпей, тынбайды. Қиындау талаптар кезіксе, бұл тұлға психикалық күйзеліс ауытқуына түспей, тактикалық жол-жосық табуда шеберлік таныта алады. Өз табыстары мен ұтылыстарының себебін басқадан көрмей, өз мойнына ала біледі. Күрделі өмір жағдайларында жауапкершілік көтеруге әрі орынды тәуекелдікке бел буып, қалаған істі бастай алады. Көңіл-күй тұрақтылығынан жетілген тұлға әсемдік пен қастерлі рухани дүниеге сезімталдығымен ерекшеленеді. Өз сый-қадірін құрметтей білумен бірге, ол өзіне сырттай көз жіберіп, бағалауға бейім, сонымен қатар, әңгіме-сұхбатта орынды әзіл пайдаланып, фәлсафалық сын, күмән айтуда шеберлік танытады. Әлеуметтенудің келесідей кезеңдерін ажырата көрсетуге болады:1. Бейімделу кезеңі (туғаннан жасөспірімдік шаққа дейін бала әлеуметтік тәжірибені ойланбастан қабылдайды, соған бейімдеседі, икемделеді, еліктейді).
2. Даралану кезеңі (басқалар арасынан өзін бөле көрсету ниеті пайда болады, цоғамдыщ әрекет-қылық қалыптарын сындарлы ой қалыбына сала, қабылдайды).
3. Бірігу (интеграция) кезеңі (қоғамдағы өз орнын табу ниеті пайда болып, қоршаған ортамен үйлесім табуға ұмтылыс жасайды).
4. Еңбеккерлік кезеңі (адам тек әлеуметтік тәжірибені меңгеріп қана қоймастан, өз еңбек әрекетімен қоршаған дүниеге ықпал жасап, сол тәжірибені қайта жасайды, өңдеп жаңа өнімге айналдырады).
5. Еңбеккерліктен соңғы кезең (әлеуметтік тәжірибені қайта жасауда әрі оны келесі әулетке өткізуде үлкен де маңызды үлесімен танылатын адамның егде жасы).
35. ЖАҺАНДАНУДЫҢ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТКЕ ӘСЕРІ ҚАНДАЙ.
Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш
2) экономикалық
жаһандану екі үрдістің жиынтығын
— рыноктардың жаһандануын (капиталдық,
еңбек ресурстарының, тауарлардың және
қызмет көрсетулердің) және экономикалық
нысандардың жаһандануын білдіреді және
экономиканың ұйымдық құрылымдарының
— компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың
а) үлкен компаниялардың
жетекші рөлі;
ә) жаhандық қаржы, валюта
және қор рыноктарының қызмет етуі;
б) жаhандық ақпараттық
желілердің қызмет етуінің нәтижесінде
көлік ағындары құрылымының өзгеруі;
в) жаhандық сауда-экономикалық
бірлестіктер мен одақтардың құрылуы
мен қызмет етуі;
г) барлық ұлттық және
халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың
жаhандық желіге аударылуы;
ғ) бөлшек саудалық,
банктік, сақтандыру және сауда операцияларын
жаhандық желіге аударылуы;
3) аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар Жаһанданудың барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді. Бұл ретте Жаһандану нәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады. Бірақ ол ұлттар мен халықтар арасындағы этникалық және мәдени айырмашылықтар барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Кейбір мамандар дәстүрлі мемлекеттерді аймақтық қауымдастықтардың ығыстыру үрдісі дами түседі деп есептейді. Ал енді бір зерттеушілер аймақтық қоғамдасу үрдісін бүкіләлемдік Жаһанданудың зиянды әсерінен қорғанудың бірден бір жолы деп қарайды;
4) ақпараттық-коммуникациялық
Жаһандану — қазіргі заманғы интеграциялық үрдістер
5) этникалық Жаһандану негізгі
екі үрдістен тұрады — планета халқының
санының өсуі және әр түрлі этникалық
топтардың өзара ассимиляциясы.
Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар
жатады: неғұрлым жылдамырақ экономикалық
даму, өмір деңгейінің жоғарылауы, техникалық
жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп
енгізу және тарату, жеке тұлғалар үшін
де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер
туғызу. Жаһандану тұңғыш рет біртұтас
ақпараттық кеңістік арқылы әлемдік экономиканың
барлық құрамдас бөліктерін — өндірісті, ғылымды,қаржылард
36. САУАЛНАМАЛЫҚ СҰРАУ ӘДІСІ МЕН СҰХБАТТАСУ ӘДІСІН ӨЗРА САЛЫСТЫРЫҢЫЗ. КЕСТЕ ҚҰРАСТЫРЫҢЫЗ
37.. БҮГІНГІ ТАҢДА
ЖАС ОТБАСЫЛАРЫНДА ҚАНДАЙ
Еліміз тәуелсіздік
алғаннан бері қоғамдағы жастар мәселесі
назардан тыс қалмай, өткір қозғалып
келеді. Бүгінгі күні саяси партиялар
мен жергілікті билік орындары жастар
саясатымен айналысатын арнайы бөлімдермен
бірігіп, тығыз байланыста жұмыс
жасап жатыр. «Нұр Отан» ХДП Орталық
аппараты «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшылығының
2011 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған
жоспарына сай республика аймақтарында
жас отбасыларды тұрғын үймен
қамтамасыз ету мәселесі бойынша
бірқатар жұмыстар атқарылуда. Соның
бірі — «Нұр Отан» ХДП облыстық
филиалының кіші мәжіліс залында
өткен «дөңгелек үстел».
Өзекті тақырыпты қозғаған басқосуға
«Нұр Отан» ХДП Атырау облыстық филиалы
басшылары, «Жас Отан» жастар қанатының
белсенді мүшелері, мемлекеттік орындар
қызметкерлері қатынасып, пікір бөлісті.
Бүгінгі күнде жас отбасылар мүшелерінің
басты мәселесі-тұрғын үй. Осы тұрғыда
қандай олқылықтар бар, жастарға тұрғын
үй мәселесін шешіп беру үшін не істеуіміз
керек, осы бағдарлама бойынша заңның
талаптарын қайта қарап, өзгерту керек
пе? Бүгінде үйсіз жүрген жастарымыз көп.
Биыл ипотека бойынша 500-ден аса жастар
үй ала алмай қалды. Облысымызда «Жас отау»
бағдарламасы әлі жұмыс істемейді. Осындай
мәселелерден қорытынды шығарып, бір пікірге
келу мақсатында бас қосып отырмыз»-деді
«дөңгелек үстелді» жүргізіп отырған
«Нұр Отан» ХДП Атырау облыстық филиалы
төрағасының орынбасары Кеңес Қосыбаев.
Р.Басар, облыстық энергетика және коммуналдық
шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары:
- Бүгінгі күні 2011-2014 жылдарға арналған
мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы жүзеге
асырылуда. Бұған дейін тұрғын үймен қамту
бойынша екі бағдарлама қабылданып, жүзеге
асырылған болатын. Ол бойынша тұрғын
үйдің 1 шаршы метрі 56 мың теңге болып белгіленген
екен. Оған қарсылық танытқан мердігерлер
қымбатшылыққа орай әртүрлі уәж айтып,
өз істерінің жылжымауын алға тартты.
Осыған байланысты 1 шаршы метрі 90 мың
теңгеге өсті. Бағдарламаның негізі “Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі”
арқылы іске асады. Заң бойынша үйдің құнының
50 пайызын банкке салып, жинағаннан кейін
ғана банк атынан несие беріліп, үй алуға
мүмкіндік болады. Дәлірек айтар болсақ,
пәтердің құны 4 млн. теңгеге бағаланса,
пәтер алушы оның 2 млн. теңгесін жинап
болуы керек. Осы қаражатты 3 жыл көлемінде
жинай алады деп есептегенде әр айға 55
мың теңге салып отыру керек екен. Ал жастарымыздың
жалақысының өзі 45-50 мың теңгеден аспасы
анық. Бұл жағдайда пәтерсіз жүрген жастарымыз
қашан ақша жинап, қашан пәтерге ие болады.
«Жас Отау» бағдарламасына келер болсақ,
бағдарлама біздің облыста жасақталмаған.
Сондықтан осы мәселені шешудің жолдарын
қарастырғанда бірінші кезекте, банкке
жинақ ретінде салатын қаражатты 50 пайыздан
төмендету жағын қарастырған жөн секілді.
50 пайызбен жинақталған соманың 5-10 пайызын
банктің белгілі бір талаптарына сай шегерілгенінде
бұл пайыздық көрсеткіш тым көп екені
рас».
Кезекті сөзді алған «Тұрғынүй құрылысжинақбанкі»
АҚ Атырау облыстық филиалының директоры
М.Бұқтыбаев: «Тұрғын үй құрылысы мемлекеттiк
бағдарламасының қатысушыларына теңгемен
жылдық 4 пайызбен баспанасыз жүргендерге
тұрғын үй несиелерiн бередi. Несие алуға
қабiлеттi әрi аса мұқтаждар тiзiмiне мемлекеттiк
қызметкерлер, жастары 29-ға толмаған жас
отбасылар, мемлекеттiк қызметкерлер мен
мемлекеттiк қызметкер санатына жатпайтын
мемлекеттiк мекеме және мемлекеттiк әлеуметтiк
кәсiпорындардың қызметкерлерi кiрген.
Егер олардың жалақылары жоғарыда келтірілгендей
болатын болса, бағдарлама аясында пәтерге
ие болу деген мүмкін емес.
Бағдарлама бойынша қазіргі уақытта 60
пәтерлі екі үй тұрғызылып жатыр. Бірақ
жас отбасыларға ешқандай да жеңілдік
қарастырылмаған. Жинаққа бұрыннан ақша
салып жүргендер бірінші кезекте пәтерлі
болады да, жинақты енді бастағандар соманы
толтырғанша тағы да қала береді. Себебі,
жинаққа 50 пайыз соманы толтыру жастарға
қиынға соғады.
«Жас Отау» бағдарламасын қабылдар болсақ,
талаптар басқаша өзгертіліп, жеңілдіктер
қарастырылар еді», — десе, қалалық тұрғын
үй секторының меңгерушісі Д.Барбосынов
«Тұрғын үй бағдарламасы бойынша 1 415 арыз
түскен, оның 395-і пәтерге ие болды. Жинаққа
салған қаражаттары 50 пайызға жетпеген
545-і әлі пәтер алған жоқ. Осы орайда көрсетілген
талаптарды орындай алмағандар арасында
бірнеше арыздар түсіп жатыр» деп, енді
одан шығудың жолдары аясында «дөңгелек
үстел» барысында ұсыныстарын жеткізді.
Тұрғын үйді жас отбасыларымызға қолжетімді
ету үшін жинаққа пәтер ақысының 50 пайызын
жинап алу керек деп талаптағы пайыздық
көрсеткішті 25 – 30 пайызға дейін түсіріп,
несиелік пайыз көрсеткішін 4 пайыздан
асырмай, тұрақты ұстап отыру керек. Қарапайым
халыққа кең көлемді бизнес кластағы үйлер
керек емес, оларға, ең бастысы, жай ғана
баспана қажет. Сол себепті мемлекет жастарға
қолжетімді эконом кластағы үйлерді көбірек
салып, тиісті бағамен ұсынып отырса, нұр
үстіне нұр болар еді.
38.. ХІХ ҒАСЫРДА ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІН АТАҢЫЗ
Қандай да бір ғылым
белгілі бір объективтік