Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 19:07, шпаргалка
Работа содержит ответы на 55 вопросов по дисциплине "Социология".
5. Еңбеккерліктен соңғы кезең (әлеуметтік тәжірибені қайта жасауда әрі оны келесі әулетке өткізуде үлкен де маңызды үлесімен танылатын адамның егде жасы).
46. ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ МЕН ФОРМАЛАРЫ БАР ЖӘНЕ БҮГІНГІ ТАҢДА ОЛАРДЫҢ СЕБЕП-САЛДАРЛАРЫ ҚАНДАЙ?.
Девиантты мінез-құлықтың сыртқы
физикалық жағдайларына климаттық,
геофизикалық, экологиялық факторларды
енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс,
таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып
агрессивті және басқа да қажетсіз
мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі
болады. Сонымен бірге әлеуметтік
орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
• қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық
жағдай, мемлекеттік саясат, салт дәстүр,
бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
• тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі
(этникалық құрылым, әлеуметтік мәртебе,
референтті топ,);
• микроәлеуметтік орта (отбасының өмір
стилі және деңгейлері, отбасындағы өзара
қарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие
стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).
Кәмелетке толмаған
жасөспірімдердегі девиантты қылықтың
нақты себептері төмендегідей сипатта
топтасады:
- өзін бақылаудың төмен деңгейі немесе оның мүлдем жоқтығы;
- отбасындағы жағымсыз жағдай;
- ересектердің бала проблемасын дұрыс түсінбеуі;
- баланың өз – өзіне сенімділігінің жетіспеуі;
- көшенің, ортаның және құрдастарының жағымсыз әсері;
- өзіне назар аударту тілегі;
- ата – аналардың үнемі қолының бос болмауы;
- баланың интеллектуалды дамуының әлсіздігі;
- қарапайым әлеуметтік дағдылардың жоқтығы (мысалы, құрдастарымен қарым – қатынасқа түсе алмауы);
- бос уақыттың көп болуы, баланың әлеуметтік өмірге араласпауы, отбасының тұрақсыздығы және төмен материалдық жағдай.
Девиантты қылығы бар жеткіншек келесі ерекшеліктерге ие:
Девиантты қылықтың келесі топтамасын ұсынуға болады:
Психикалық денсаулық
нормасынан ауытқушылық, яғни адамда анық
немесе тұйық түрдегі
Әлеуметтік патологияның әртүрлі формаларында көрінетін – ішімдікке салыну, есірткі қабылдау, жезөкшелік және т.б. адамгершілік нормалардан ауытқушылық кейде қылмыс формасында да көрінеді. Жеткіншектерді құрметтеу, оларға көмектесу, өзін – өзі бағалау сезімін дамыту және қажетті деңгейде пайдалы кеңестер беру – жас тұлғасының жақсы адам қатарына қосылуына көмектесер еді. Жеткіншектерден жақсы қылық талап ететін болсақ, ол онымен жақсы болмайды. Керісінше оған жақсы жағдай, адал қарым – қатынас жасайтын болсақ, онда ол жағымсыз әсерге қарсы тұра алады.
Девиантты мінез – құлықтың екі формасын бөлуге болады.
1. Психикалық-денсаулық себебінен ауытқушылық;
2. Әлеуметтік, адамгершілік,
құқықтық нормалардан
Осының екінші формасы қазіргі кезде көптеп кездеседі. Олар алкоголизм, наркомания, агрессия, заңға қарсы әрекет жасау және т.б. түрде көрінеді.
Қорытындылай келе, девиантты қылықты жеткіншекті қазіргі таңда үйде ата-ана, мектепте ұстаздар және психолог жіті қадағалап , бақылауда ұстауымыз қажет. Мектептегі балалардың бойынан осындай қылықтар байқалған кезде, көп көңіл бөліп қолға алуымыз керек. Мұндар девиантты қылық ана құрсағында жатқанда-ақ тап болады. Бала көтеріп жүргенде аналар мейлінше ашуланбай, іштей әр нәрсеге күйзелмей өзін сабырлы, мейірімді ұстай білсе, мұндай балалардың дүниеге келуінің алдын алуға болар еді. Бала-адамның бауыр еті, жүрекжарды қуанышы емес пе? Сондықтан да өмірде әлі бұғанасы қатайып, буыны бекімеген жас жеткіншектердің болашағына күл шашпай, өмірі жарқын өтуіне өз үлесімізді қоса білейік. Өз тамырымызға өзіміз балта шаппайық және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екенімізді ұмытпайық.
47. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ
НЕКЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА
ҚОҒАМНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ҚАНДАЙ
Отбасы еркек пен әйелдің
табиғи физиологиялық және басқа
қажеттерін (рухани, этикалық, эстетикалық,
т.б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру
арқылы қоғамды қалпына келтіре
дамытушы әлеуметтік топ болып табылады.
Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы
бойынша, ол - отбасындағы қатынастар,
отбасының құрылымы мен формасы тарихи
өзгеріп отыратын әлеуметтік топ. Отбасы
ұсақ (кіші) топ ретінде мынадай негізгі
функцияларды іске асырады:
-репродуктивтік (бала табу арқылы қоғамды
қалпына келтіру);
-экономикалық (өндіру және тұтыну);
-қорғаныс функциясы (отбасы мүшелерінің
денсаулығына, материалдық игіліктермен
қамтамасыз етуге, қауіп-қатерден қорғауға
қамқорлық жасау);
-балаларды оқыту-тәрбиелеу;
-эмоциялық (ерлі – зайыптылардың бірін-бірі
сүюі);
-әлеуметтендіру функциясы (балаларды
қоғамдық тәртіпке, мінез-құлыққа т.б.
баулу).
Отбасының өзінің тарихи өзгерісіне байланысты
бұл функциялардың арақатынасы да өзгеріп
отырады.
Отбасының формасы мен атқаратын міндеттерінің
(функциясының) өзгеруі, сайып келгенде,
өндіргіш күштердің дамуына, яғни адамның
шығу тегін айқындайтын элементтердің
дамуына байланысты болады. Бұл жөнінде
Ф.Энгельс өзінің «Отбасының, жеке меншіктің
және мемлекеттің шығуы» деген еңбегінің
кіріспесінде былай деп жазды: «Қоғамның
материалистік ұғымына сәйкес тарихтағы
шешуші күш сайып келгенде өмірді тікелей
өндіру және ұдайы өндіру болып табылады.
Алайда, өндіріс те екі түрлі болады.
Бірінші жағынан – тіршілік қажеттерін:
азық-түлік, киім-кешек, баспана және бұларды
өндіру үшін қажетті құралдар өндіру;
Екінші жағынан – адамның өзін өндіру,
ұрпақты өсіру.
Белгілі тарихи дәуірде және белгілі бір
елде өмір сүретін адамдардың қоғамдық
қатынастары өндірістің осы екі түрімен:
бір жағынан, еңбектің, екінші жағынан,
семьяның даму дәрежесімен анықталады…»
(6, 59)
Қазір қоғамдағы отбасы кіші әлеуметтік
топ қана емес, ол сондай-ақ құқықтық институт
та болып табылады. Кіші әлеуметтік топ
ретінде отбасы бірқатар міндеттерді
іске асыратынын жоғарыда айттық. Құқықтық
институт ретінде отбасы – туысқандық
және некелік қатынастар арқылы өзара
байланысты адамдар тобы. Оларға тиісті
құқықтық нормаларға сәйкес белгілі бір
құқықтар мен міндеттер берілген.
Отбасының өзіндік тарихи даму формалары
бар. Мәселен, адамдардың өндіріс тәсіліне
сәйкес отбасы да әлеуметтік топ ретінде
тарихи дамып отырады.
Отбасының тарихи дамуының ғылыми-материалистік
теориясына сүйене отырып, американдық
ғалым Льюис Морганның этнологиялық зерттеулерін
пайдаланды: ол ұзақ уақыт бойы солтүстік
американдық үндістердің Сенека тайпасында
тұрып, жүргізген байқауларын, атап айтқанда,
олардың туысқандық және отбасылық қатынастарына
жасаған зерттеулерінің нәтижелерін пайдаланды.
Морганның зерттеулеріне негізделген
жорамал бойынша, адамзат қоғамы тарихының
бастапқы кезеңінде адамдар арасындағы
жыныстық қатынастарға ешқандай шек қойылмаған
– үлкендер мен жастар, балалары мен ата-аналары
қатынаса берген. Бұл жабайы не жартылай
жабайы кез болатын. Морганның және басқа
зерттеушілердің дәлелдеуіне қарағанда,
отбасылық қатынас промискуитет (жалпы
аралас-Ә.Р.) деп аталатын бұл кезеңнен
кейін бір қандастар отбасы, снидиасмикалық
отбасы және моногамиялық отбасы кезеңдерінен
өткен.
Бір қандастар отбасы топтық некеге негізделеді,
мұнда жыныстық қатынастар тек бір ұрпаққа
жататындар арасында ғана рұқсат етіледі.
Бір ұрпаққа жататындардың бәрі, яғни
аға-інілер мен апа-қарындастар туысқандығына
қарамастан бір отбасын құрған. Мұндай
семья эндогамиялық (жақын туыстар арасындағы
жыныстық қосылу дегенді білдіреді) топ
болады, өйткені оған бір руға немесе тайпаға
жататындар кіреді. Қазіргі кезде мұндай
отбасылар жоқ, бірақ кейбір халықтарда
ағайынды екі адамның балаларының үйлену
фактілері кездеседі (өзбектер, арабтар
т.б.).
Бұдан кейін біртіндеп эндогамиялық принцип
экзогамиялық принциппен, яғни руаралық
некелесу формасымен ауысады. Бір рудың
бір топ қыздары (апалы-сіңлілер) басқа
рудың бір топ туысқан жігіттеріне шығатын
болған. Бұл бір әйел мен бір еркектен
тұратын отбасына көшудің алғашқы қадамы
болды.
Бір еркек пен бір әйелден тұратын моногамиялық
отбасыға өтудің тарихи типі синдиасмикалық
отбасы болды – ол жабайылықтан варварлыққа
өту кезеңінде пайда болды, ал полигамиялық
(көп әйел алу формасында) тек еркектердің
ғана еркіне тиді. Отбасының бұл формасында
баланың шын биологиялық әкесі белгілі
болатын болды да, мұның өзі рулық қоғамның
ыдырап, жеке меншіктің, қосымша өнімнің
шығуына, сөйтіп моногамиялық отбасының
тууына жағдай жасады.
Моногамиялық отбасы патриархалды қатынастарға
негізделгендіктен отбасы басшысы еркек
болды, отбасының ажырасуы да еркектің
ғана еркімен болатын болды.
Әр елдің, ұлттың отбасын құру жолдары
әртүрлі. Соған байланысты бала тәрбиесі
де ерекше. Отбасы тәрбиесі өмір өзгерісіне
ұшырап отырады. Мәселен, қазақтың ертедегі,
кеңес заманындағы және бүгінгі бала тәрбиесіндегі
өзгешіліктер осындай.
Қазақстан Республикасының 1991 жылы тәуелсіздік
алуы, әлемдік деңгейде егеменді ел ретінде
айқын танылуы, сондай-ақ президенттік
басқару нысанындағы демократиялық мемлекеттік
және жаңа азаматтық қоғамның тууы, нарықтық
қатынастар жүйесіне көшуі, объективті
қажеттіліктерге байланысты болып отырғаны
қоғамдық сананың түбегейлі өзгерістер
шеңберін кеңейтті.
Отбасында адам өмірге келеді, тәй-тәйлап
басады, бірінші қуанышы мен қиындығын
кездестіреді, өседі, өнеді, одан үлкен
өмірге аттанады.
48 ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫЛАРЫНДА ҚАНДАЙ ГЕНДЕРЛІК ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БАР
49. АНОМИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? ҚОҒАМҒА АНОМИЯ ҚАУІПТІ МЕ?
Аномия — (гр. an- — жоқтық және гр. nomos — заң) қоғамның құндылықтар жүйесiндегi түбегейлi дағдарыстарды бiлдiретiн ұғым.
Аномия өзiнiң төмендегiдей белгiлерiмен анықталады:
Аномия терминiн ғылыми айналысқа енгiзген француз ғалымы — Э. Дюркгейм (1858-1917).
Ол «Еңбектiң қоғамдық бөлiнуi» кiтабында аномия еңбек белiнiciнiң бұрмалануы нәтижесiнде пайда болады деп тұжырымдайды және оның себебiн мамандандыру кезiндегi адамдар арасындағы ынтымақтастық пен үйлесiмдiктiң жоғалуынан көредi.
«Өзiн-өзi өлтiру» деген
еңбегiнде Дюркгейм эгоистiк, альтуристiк
және аномиялық суицидтердiң
Аномия ұғымын қазiргi социологияда әpi қарай дамытқан американдық ғалым Р. Мертон (1910). Ол аномия мәселесін ауытқушылық әрекетпен байланысты қарастырады. Мұндай әрекет ұлғалық мақсаттарға заңды құралдармен жете алмайтын жағдайларда қалыптасады. Нақтылы мәдени жүйеде туындайтын мүдделер үстемдік етіп тұрған басқарушы және реттеуші тетіктерге қайшы келуі мүмкін. Аномия әсіресе, өтпелі қоғамдарда жиі кездеседі. Бұрынғы әдетке айналған бағдарлар жаңа талаптарға сәйкес құндылықтармен жылдам ауыстырыла бермейді. Мұндай қайшылықтар тұлғалар санасында ауытқушылық туғызуы мүмкін.
Аномия қоғамдағы құндылықты
нормативті жүйелердің әр түрлі элементтері
арасындағы,жалпыға ортақ
50. ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДА ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ ҚАНДАЙ
Отбасын әлеуметтік
институт ретінде зерттегенде мынандай
жалпы ұғымдар қолданылады: 1) некелік
қатынастардағы қоғамдық қажеттілік,
талап-тілекткр, мұқтаждықтар; 2) отбасының
әлеуметтік қызметі; 3) отбасы қатынастарындағы
ережелер мен бағалық құндылықтар; 4) әр
түрлі типтегі (түрдегі) отбасындағы тәртіп
үлгілері, т.б.
Отбасын кіші топ ретінде зерттеу - өзінің
құрылымы жағынан азғана адамдар тобының,
оның мүшелерінің жалпы әлеуметтік іс-қызметінде
бір-бірімен тікелей араласуынан, бірыңғай
эмоциялық қарым-қатынастың, топтық ереже
және топтық процестің қалай пайда болатынын
анықтау.
Сонымен, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар олардың сезімімен (махаббат, сыйласу, құрметтеу), салт-ғұрыппен, ұрпақтан – ұрпаққа берілген тәрбие, ереже, т.б. өлшемдер арқылы анықталады. Осы сыртқы бақылау түрлері отбасының бірлігін сырттан қолдаушы, әрі типі, факторы болып есептеледі. Бірақ, қандай да бір отбасының іштей даму күштері болады.олар жеке қажеттілік, мұқтаждық, талап-тілек, бейімділік, алға ұмтылу, т.б. негізінде пайда болады. Бұлар, яғни ішкі даму күштері сыртқы қысымдарға айтарлықтай қарсы тұра алмайды.Отбасы өзіне тән жалпы шеңбер (ұлт, мемлекет, мешіт, шіркеу) көлемінде мәдени ортаны жасайды. Осы орта сәби баланың адамдық тұлғасын қалыптастырады. Мұнымен бірге отбасы белгілі бір деңгейде жеке тәртіп тәсілдерін құрып, оған ерекше қасиеттер дарытуы мүмкін. Отбасы типтері қоғамның және өркениеттің әр түрлі, белгілі бір тарихи кезеңінде өмір сүріп отырды.Жоғарыда көрсетілгендей, отбасы ерекшеліктері қоғамның барлық салалрында, әсіресе, саясатта, экономикада, мәдениетте елеулі өзгерістер тудырады.сондықтан отбасы қоғамдағы барлық институттардың тұрақты назар аударатын мәселесі, мұнсыз, яғни отбасынсыз ешқандай қоғам болуы мүмкін емес.Отбасының функциясы, яғни атқаратын қызметі әруақытта оның тіршілік ету тәсілінің көрінісі ретінде түсіндіріледі. Осы ретте қоғамның отбасына жасайтын қызметін, ал, отбасының тұлғаға, тұлғаның отбасына жасайтын қызметін бөліп қарауға болады.Отбасының атқаратын қызиеті қоғамның әлеуметтік-экономикалық іс-қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан әрбір тарихи кезеңдерде отбасы функциясы, оның сатылы қызметі де өзгеріп отырады.Тұлғаның дамуына, әрбір ерлі-зайыпты адамдардың бақытты өмір сүруіне,балаларды ізгілікке тәрбиелеуге, ата-аналар мен балалардың арасындағы қатынастарды жақсартуға қажетті жағдай жасау қажет. Бұл қоғамның әрбір отбасына қойған негізгі талабы мен міндеті. Бұл талап пен міндетті орындау қоғамға да, отбасына да бірдей тиімді. Бұларды орындау: біріншіден, қоғамдық қажеттілікті, талап- тілекті орындауға, қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады, басқаша айтқанда, отбасы жас ұрпақты әлеуметтік процеске қатыстыруын іске асырады, бірлесіп өмір сүру ережелерін және қоғамдық өмірдің конформистік (яғни, келісушілік) тетігін енгізеді.отбасы мүшелерінің арасындағы барлық қатынастардың, атап айтқанда, рухани, адамгершілік, билік, бедел (авторитет), т.б. қатынастардың жиынтығы отбасы құрылымы деп аталады.Отбасы құрылымы және оның іштей ұйымдастырылуы көптеген факторларға байланысты. Отбасы құрылымы, ең алдымен, ерлі-зайыптылардың типіне (яғни, үлгілі түріне) байланысты болады. Тарихта ерлі- зайыптылықтың моногамдық (біркелкілік) және полимамдық (көпнекелік) түрлері болған.Ерлі – зайыптыларды сұрыптау тұрғысынан қарағанда – некелік эндогендік (яғни, белгілі бір топтың, әсіресе, кастаның ішінен болуы. Бұл алғашқы қауымдық қоғамға тән. Қазіргі уақытта тек қана өз ұлтында немесе діни қауымда болатын некелік) және экзогомдық (бұл, керісінше, некелікті белгілі бір топ немесе кастаның ішінен сұрыптап алуға тиым салу, мұнда некелік әрбір топтан серіктестік негізіндеқұралады) сияқты категорияларда болды.Отбасындағы билік құрылымы демократикалық немесе авторитарлық деп екіге бөлінеді. Отбасындағы авторитарлық билік әйелдің еркекке қатаң бағынуын, осыдан барып, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар қатаң тәртіп арқылы сипатталады. Отбасындағы демократикалық билік ерлі-зайыпты адамдардың қабілеттеріне қарай басшылық рөлдерді бөлуге негізделген. Мұнда әрбір отбасы мүшесі шешім қабылдауға қатысады, балаларды сендіру, нандыру, көз жеткізу негізінде тәрбиелейді, мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды. Отбасындағы билікті зерттеу ондағы адамдардың арасындағы функцияларды белгілеуге, ал, әрбір отбасы мүшесінің осы рөлдерді қалай орындап жатқанына, сонымен бірге ерлі-зайыпты адамдардың арасындағы түсінбеушілікті анықтауға әсер етеді.Отбасының рөлдік(атқаратын қызметі) құрылымы деп, ондағы жеке мүшелердің белгілі бір қоғамдағы ереже – нұсқауларға, әдет-ғұрыптарға, т.б. негізделген өзара іс-әрекет, қатынастардың жиынтығын айтады.Әдет – ғұрып, салт бойынша отбасында әйел адам үй шаруашылығын жүргізу, бала табу және баланы тәрбиелеу қызметін атқарса, ер адам үй және шаруашылық иесі, отбасының тұрақты тіршілігін экономикалық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Сөйтсе де еркек пен әйел функциялары өзгеріп отыруы мүмкін. Бүгінгі күні көптеген әйел адамдар өндірісте жұмыс істейді және жалпы отбасылық шешімді қабылдауға қатынасады. Мұның өзі отбасының атқартын қызметінің барлық жағына әсерін тигізеді, әсіресе, демографиялық (туу) тәртібіне зор ықпалын тигізіп, жаңа сәбилердің дүниеге келуін азайтты, некелік айырылысу көбейіп кетті.Отбасы идеологиясы деп, әрбір отбасында қалыптасқан белгілі бір қарым-қатынастар мен құндылықтар жүйесінің жиынтығын айтамыз.Отбасын құруда табысқа жету, отбасының ыдырауына жол бермеу – бұл маңызды әлеуметтік мәселе. Отбасының береке-бірлігі әр уақытта ішкі және сыртқы күштер ықпалымен қалыптасады. Ішкі күштерге жататындар: балаларға қамқорлық жасау, отбасында еңбекті бөлісу, некені тұлғаның талабын іске асырудың құралы ретінде пайдалану, отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы, т.б.Сыртқы күштер: қоғамдық пікірдің қысымы, экономикалық жағдайлардың қысымы, қоғамдық ортаның баланы қамқорлыққа алуға талап-тілегі, отбасының өзінің әлеуметтік қызметінің орындалу деңгейі, т.б.Сондықтан некедегі жетістік деп, тұлғалар серіктестігінің, яғни ерлі-зайыптылардың бейімділікке ептілігі, шеберлігі, іскерлігі, ішкі және сыртқы қысымдарды жоюдағы жеңіске жетуі және оның жемісі, т.б. айтамыз. Алуан түрлі адамдар бірлігінде қоғамда некенің мәнін түсінуге байланысты әр түрлі негіздер бар:жеке бақытқа жетуде некедегі адамдардың бір-біріне толық бейімделуі ерлі-зайыптылардың алдына қойған, тұлғаның жан-жақты дамуына ұласып, ерлі-зайыптылардың алдына қойған мақсатты іске асыруға ұмтылыс басты орын алады;некелік міндеттерді орындау, яғни балалардың болуы, оларды өз елін сүйетін азаматы етіп тәрбиелеу, экономикалық табысқа жету, мүлік жинау.Отбасының даму циклдері(кезеңдер). Бұл отбасының өзгеру серпінін-оның пайда болуы мен ыдырауының арасындағы уақытты қамтиды.Бірінші кезең – некеге тіркелуден және бірігіп өмір сүруден бірінші бала туғанға дейінгі уақыт.Екінші кезең – ең соңғы баланың мектепке баруымен, ал, үшінші кезең баланың әлеуметтік ер жетуі (бой жетуі), табыс табуы мен оның экономикалық тәуелсіздігі, дербестігі, өз бетінше күн көруі арқылы анықталады. Отбасының тіршілік кезеңдері оның ең басты функциясын орындаумен, яғни адам санын көбейтумен байланысты болмақ.Отбасының бұдан да басқа өмірлік кезеңдері бар, бірақ, осы жоғарыда көрсетілгендер негізгі кезеңдерін құрайтындықтан осылармен шектелеміз. Кейінгі уақытта жас отбасын зерттеуге жете назар аударылуда. Көпшіліктің ұйғаруымен жас отбасы мынандай белгілен\рмен сипатталады: некеге отырғандардың жасы 30-дан аспайды, бірігіп өмір сүруі 5 жылдан артық емес. Ерлі –зайыпты адамдар бірінші рет некеге отырған. Бұл сипаттама жас отбасын басқалардан ерекшелеп көрсетеді. Жас отбасынан басқа мосқал, кексе адамдардың отбасы бар, ал, толық жетілген отбасы деп мосқал отбасы мен жас отбасы арасындағы отбасын айтамыз.