Шпаргалка по "Социологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 19:07, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на 55 вопросов по дисциплине "Социология".

Прикрепленные файлы: 1 файл

социология.docx

— 193.65 Кб (Скачать документ)

Индустриялық құрылымының  дамуы, демографиялық құрылымының  өзгеруі, қоғамдық топтардың, таптардың  қайта құрылуы, әлеуметтік өзгерістер әр уақытта отбасының өзгеруіне  тікелей әсер етіп отырады. Кейінгі  бірнеше ондаған, тіпті жүздеген жылдар аралығында жұмыр жер бетін  мекендейтін көптеген халықтар мен  мемлекеттерде отбасы дағдарысы  белең алып бара жатыр деген пікірлер жиі айтылып жүр. Қазіргідей өркениеттің  аса дамыған кезеңінде отбасы өзінің негізгі атқаратын әлеуметтік қызметі - өмірге ұрпақ әкелуді қойды, бұл құбылысты отбасын ыдыратушы, құлдыратушы институтқа (ұйым) айналдырды деп даурығады. Дегенмен, әрбір елде неке қидырғандар саны көбейіп келеді. Отбасының іштей байланыс-қатынастары  күшеюде, мұның өзі сырт күштердің  отбасын белгілі бір әлеуметтік институт ретінде жоюға шамасы жоқ  деп батыл болжау жасауға, тұжырымдауға дәләл бола алады.

 

51. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ. МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТУРАЛЫ ПІКІРІҢІЗ.

 

52.

 

53.

 

54.. АБАЙ ІЛІМІНДЕ ҚОҒАМ МЕН АДАМНЫҢ ДАМУ ПРОЦЕСІ ҮШ САТЫҒА БӨЛІНЕДІ. БІРІНШІСІ - ТӨМЕНГІ САТЫ. МҰНДА АДАМДЫ АБАЙ ЖАНУАРҒА ТЕҢЕЙДІ. ЕКІНШІ КЕЗЕҢДЕ ҚОҒАМ БЕЛГІЛІ БІР ТӘРТІПКЕ ИЕ БОЛАДЫ. БҰЛ ДЕҢГЕЙДЕ АБАЙ ЖЕКЕ АДАМДЫ “АДАМ” ДЕП АТАЙДЫ. ҮШІНШІ ДЕҢГЕЙДЕ АДАМ ТАЗА РУХАНИ ЖОЛМЕН КЕМЕЛДІККЕ ЖЕТУГЕ ТИІС. БҰЛ ШЫНАЙЫ ІЛІМГЕ ЖӘНЕ МӘҢГІЛІК ҚАНАҒАТТАНДЫРУҒА АПАРАР ЖОЛ, ОҒАН “ТОЛЫҚ АДАМ” ЖАТҚЫЗАДЫ. ОСЫ ТҰЖЫРЫМҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ ЖАСАҢЫЗ, ӘР ДЕҢГЕЙДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІН СИПАТТАҢЫЗ.

Абай ілімінде қоғам мен  адамның даму процесі үш сатыға бөлінеді. Біріншісі - төменгі саты, онда белгілі  бір әлеуметтік тәртіп, өмірлік бағдарлар  жоқ. Бұл “жарым адамның” ауыр, ұзақ, бақытсыз өмірі, ол адамды Абай жануарға теңейді. Екінші кезеңде қоғам белгілі бір тәртіпке ие болады, оны нығайтады, материалдық молшылыққа қол жетеді, ақыл-ой арқылы рухани болмыс ретінде жалпы адамзаттың негізі танылады. Бұл деңгейде Абай индивидті “адам” деп атайды. Үшінші деңгейде адам таза рухани жолмен кемелдікке жетуге тиіс. Бұл шынайы ілімге және мәңгілік қанағаттандыруға апарар жол, оған “толық адам” жетеді. Алайда бұл деңгейге жалпы қоғам түгел қол жеткізе бермейді, оған тек жекелеген адамдар қол жеткізе алады, сондықтан да ол алдағы мақсат болып қала береді. Қоғамдық прогрестің қозғаушы күші тұлға болып табылады. Қазақ ойшылы үшін прогресс - қоғамның алға жылжуы, оның жоғары сатысы әлеуметтік тәртіп пен жоғары парасатты тұлғаны қоса қамтиды. Төменгі саты - бей-берекеттік және жарым адам. Ортаңғы сатысы - тұлғаның материалдық молшылығы мен рухани тепе-теңдігінің үйлесуі.

Қазақтың классикалық  ағарту [8] ісінде проблемалар мынадай  бөліктерге бөлінеді:адам, оның әлеуметтік мәні; білім, білім беру, ғылым; әлеуметтік мәдени құндылықтар жүйесі; қоғамның әлеуеттік мүмкіндіктерінің көрінісі ретіндегі индивидтің әлеуметтік-экономикалық және саяси қызметі, адам тыныс-тіршілігінің механизмдері, тәсілдері мен әдістері.

Зерттеулердің орталық фигурасы адам, оның табиғаты болып келген, солай  бола береді де. Қазақ ағартушылары жеке адамды ғана емес, қоғамды, әлеуметтік шынайылықты да адам табиғатын басшылыққа ала отырып бағалаған. Қоғамдық құрылыстың артықшылықтары мен кемшіліктері осынау әлеуметтік организмнің адамның  негізгі қасиеттеріне, оның табиғатына сәйкес келуімен немесе сәйкес келмеуімен анықталған. Мәні адамның мәніне қарама-қайшы  келетін қоғам ақыл-оймен жаңаруға тиіс [2, 58-б.]. Қоғамдық прогрестің басым  идеясы әлеуметтік тіршілік иесі және рухани бастау ретіндегі адам болып  табылады.

Іс жүзінде Абайдың  барлық шығармашылығы адамның табиғатын, оның әлеуметтік мәнін түсінуге арналған. Ол былай дейді: “Дүниеде жалғыз қалған адам - адамның өлгені” [9, 78-б.]. Жалғыз қалуды тұлғаның өліміне теңей отырып адам мәнінің әлеуметтілігін көрсетеді.

“Адам баласына адам баласының  бәрі - дос, адам баласы адам баласынан  әділ, ғылым, ар, мінез, деген нәрселерден  озады” [9, 78-б.]. Бұл жерде Абай ойлары А.Тойнбидің пікірімен үндеседі, ол таза жеке бастық “менді”, немесе жеке адамды жалаң абстракция деп есептейді. Өйткені “мен” жалғыздықта, жеке оқшау қалғанда және тұйықтықта емес, қоғамда, өзінің араласып, қарым-қатынас  жасайтын басқа адамдарының ортасында  жүзеге асады [10, 251-б.]. Абай бойынша  жеке тұлға - қоғамның және қоғамдық қатынастардың  айнасы. Ол былай дейді: “Адам баласын  замана өсіреді, кімде-кім жаман  болса, замандасының бәрі виноват” [9, 78-б.].

Абай афоризмдерінде тұлғаның, оның құрылымының және маңыздылығының әлеуметтену процесі көрсетіледі  және сипатталады. “Нәресте дүниеге  келгеннен кейін оның келешек  жетілу дәрежесі үш себепке байланысты екенін білдірген. Олар баланың ата  тегі, дүниеге келу ортасы және келешек тәрбиесі”. Әлеуметтену процесінің оңдылығын ол жақсы ортада деп білді: “Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады”. Жетінші сөзінде былай дейді: “Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді; қуат таппайды. Біреуі білсем екен демек. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?” деп, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен; үйренсем екен деген” [9, 21-б.]. Абай адамдағы биологиялық пен әлеуметтікті айқын бөліп қарайды, олардың табиғи бастауы мен әлеуметтік дамуын талдайды: “Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады” [9, 42-б].

 

55.. Е.ЭРЛИХТІҢ ПАЙЫМДАУЫН ҚАЛАЙ ТҮСІНЕСІЗ: «БІЗДІҢ УАҚЫТЫМЫЗДА, БАРЛЫҚ ӨТКЕН УАҚЫТТАРДАЙ ҚҰҚЫҚТЫҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕСІ ЗАҢНАМАЛАРДА ЕМЕС, ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫНДА ДА ЕМЕС, СОТ ТӘЖІРИБЕСІНДЕ ЕМЕС, ҚОҒАМНЫҢ ӨЗІНДЕ».

 

 

 

56

57

58

59

60


Информация о работе Шпаргалка по "Социологии"