Шпаргалка по "Социологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 19:07, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на 55 вопросов по дисциплине "Социология".

Прикрепленные файлы: 1 файл

социология.docx

— 193.65 Кб (Скачать документ)

Қазіргі социологиялық және маркетингтік зерттеу тәжірибесінде бұл әдіс іс жүзінде негізгі болып қолданылмайды (оның себептері төменде түсіндіріледі). Сонымен бірге, өзі толтырылатын сауалнамалар қосымша әдіс ретінде  кеңінен қолдана береді. Мысалы, кішігірім сауалнамаларды фокус-топтың қатысушылары, терең сұхбат респонденттері толтырады.

Әлеуметтік және маркетингтік ақпарат  жинау әдістері қатарында пошталық және баспасөздік сұраулар едәуір маңызды  орын алуда. Бірінші жағдайда, сауалнама  пошта арқылы жіберіледі, екіншісінде  — бұқаралық ақпарат құралдарымен жарияланады. …

 

19 ҚОҒАМ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ТҰЛҒА.

Әлеуметтік іс-әрекеттер  мен қарым-қатынастардың ұйытқысы жеке тұлға болып табылады. Адам тұлғасын зерделегенде оны мынадай  деңгейлерге бөлу қалыптасқан :

табиғи деңгей - адамның  өзінде бар және оған басқа адамдардың ықпалынсыз дамиты биологиялық деңгей - шығу тегі бойынша ортақ болуы;

мұрагерлік деңгей - ата-аналарының гендік қорының негізінде болып  дамитын; ол биологиялық (бірақ биологиялықтың бәрі мұрагерлік емес);

әлеуметтік деңгей - адамның  әлеуметтену, басқа адамдармен араласу  және іс-әрекеті барысында алған  деңгей.

Әлеуметтік  көрініс кең мағынасында үш құрамдас бөліктен тұрады - өзіндік әлеуметтік - өзінің әлеуметтік рөлдерін қалыпты атқаруға қажет деген белгілер жиынтығы; - ерекшеленген мәдени - автоматты түрде сақталатын, индивидтің ажырамас белгісіне айналған және басқалардың оны тәрбиелі деп санауына мүмкіндік беретін әдептілік мінез-құлық нормалары мен ережелерінің жиынтығы; - өнегелі - адамдағы этикалық нормаларды ең жоғары талаптар ретінде сақтауға байланысты әлеуметтік және мәдени бастамалардың жарқын көрінісі. Бұлайша тәптіштеп шектеу “адам”, “индивид” және “тұлға” ұғымдарын нақты бөлу үшін қажет. “Адам” ұғымы жалпыға ортақ, барлық адамдарға тән сапалар мен қасиеттердің сипаттамалары үшін пайдаланылады. Бұл түсінік дүниеде тек өзіне тән тіршілік ету тәсілімен басқа барлық материалдық жүйелерден өзгеше адам әулеті, адамзат сияқты ерекше тарихи дамушы қауымдастықтың бар екенін көрсетеді. Осынау тіршілік ету тәсілінің арқасында адам тарихи дамуының барлық сатысында, жер шарының барлық нүктелерінде адам баласы болып қалады, онтологиялық мәртебесін сақтайды. Бірақ адамзат өз бетінше өмір сүрмейді. Өмір сүретін де, әрекет ететін де нақты адамдар. Адамзаттың жеке өкілдерінің өмір сүруі индивид ұғымымен көрсетіледі. Индивид - адамзаттың жеке дара өкілі, оның барлық әлеуметтік және психологиялық белгілерін: ақыл-ой, ерік-жігер, қажеттіліктер, мүдделер және т.б. иесі. “Индивид” ұғымы бұл арада “нақты адам” мағынасында қолданылады.  Адамның жеке басының және тарихи дамуының түрлі деңгейлеріндегі нақты-тарихи даму ерекшеліктерін көрсету үшін “индивид” ұғымымен қатар “тұлға” ұғымы пайдаланылады. Тұлға - индивид дамуының нәтижесі, оның барлық адамдық қасиеттерінің неғұрлым толық жүзеге асуы. Тұлға бірқатар гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Философия тұлғаны дүниеде қызмет ету, таным және шығармашылық субъектісі ретінде қарастырады. Психология тұлғаны психикалық процестердің, қасиеттердің және қарым-қатынастардың: темпераменттің, мінездің, қабілеттің, ерік-жігердің және т.б. орнықты тұтастығы ретінде зерттейді. Социологиялық көзқарас тұлғаның әлеуметтік-типтік белгісін бөліп қарайды. Социология проблемаларының бірі тұлғаның құрылымдық талдау болып табылады. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы жеке адамның әр алуан қызметі барысында, өзі кіретін қауымдастықтар мен бірлестіктердің ықпалымен қалыптасатын және қызмет атқаратын объективті және субъективті қасиеттерінің жиынтығын қамтиды. Тұлғаның құрылымында мыналар бөліп қаралады:1) өмір салты мен еңбек, қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық, отбасылық-тұрмыстық сияқты қызметтерде көрінетін әлеуметтік сапаларды жүзеге асыру тәсілі; 2) тұлғаның объективті әлеуметтік қажеттіліктері. Тұлға - қоғамның органикалық бөлігі, сондықтан оның құрылымы негізінде қоғамдық қажеттіліктер орын алады. Басқаша айтқанда, тұлғаның құрылымы қоғамдық тіршілік иесі ретінде адамның дамуын анықтайтын объективті заңдылықтармен айқындалады. Тұлға бұл қажеттіліктерді ұғынуы да, ұғынбауы да мүмкін, бірақ та ол қажеттіліктер бар және тұлғаның мінез-құлқын анықтап отыратын болады; 3) шығармашылық қызметке қабілеттілік, білім, дағды жатады. Қалыптасқан тұлғаны оның қалыптасуының бастапқы сатысында жеке адамнан айырып көрсететін дәл осы шығармашылық қабілеттері; 4) қоғамның мәдени құндылықтарын игеру дәрежесі, яғни тұлғаның рухани дүниесі;  5) тұлға басшылыққа алатын өнегелілік нормалары мен принциптері. Және де сенімдер - адам мінез-құлқының басты бағытын анықтайтын ең терең принциптер. Сенімдер тұлғаның тұлғалық құрылымның өзегін құрайтын объективті қажеттіліктерін ұғынуымен байланысты.

 

20. ӘЛЕУМЕТТІК  ИНСТИТУТТАРДЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ

Әлеуметтік институттар  – бұл басқарудың белгілі бір  құралдарына ие, оларды әлеуметтік функцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланатын (мысалы, білім беру институты) мекемелердегі  тұлғалар жиынтығы.

Әлеуметтік институтты біздің түсінуімізге батыс социологтарының  анықтамалары қайшы келмейді. Әлеуметтік институттың социологиялық сипаттамасы  американдық А. және Дж. Теодорсондардың  «Қазіргі социологиялық сөздігінде»  берілген. Онда ол маңызды әлеуметтік қажеттіліктер мен функцияларды қамтамасыз ету үшін қалыптастырылған және қызмет ететін әлеуметтік рөльдер  мен нормалардың өзара байланысты жүйесі ретінде қарастырылады.

Әлеуметтану бойынша ағылшын  сөздігінде «институт» термині әлеуметтік нормалар арқылы тұрақты қайталанатын және санкцияланатын әлеуметтік тәжірибені бейнелеу үшін пайдаланатындығы аталып өтілген. Ол әлеуметтік құрылымда маңызды  орынға ие болады.

Авторлар негізінен 5 маңызды  институционалды кешенді бөледі:

1) құндылықтар мен қызметтерді  өндіру және бөлуге бағытталған  экономикалық институттар;

2) олардың пайдалануын  реттейтін және билікпен байланысты  саяси инстиуттар;

3) позициялар мен ресурстардың бөлінуін қамтамасыз ететін стратификациялық институттар;

4) неке, отбасы мен жастардың әлеуметтенуіне байланысты туыстық институттары;

5) діни,  ғылыми және шығармашылық іс-әрекетке байланысты мәдени институттар.

Әлеуметтік институттардың әртүрлісіне қарамастан, олар ортақ  типологиялық сипаттарға және ең алдымен  іс-әрекетінің мақсатына ие. Мақсатты әлеуметтік институттар атқаратын  функциялар анықтайды. Институттар  монофункционалды (яғни 1 функция атқаратын) және полифункционалды (яғни бірқатар негізгі және негізгі емес) болуы  мүмкін. Институттың қоғамдық ортамен  өзара қарым-қатынасының негізі болып оның негізгі функциясының – нақты әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін барлық жағдай туғызуды жүзеге асыру табылады.

Әлеуметтану үшін ғылым ретінде  әлеуметтік қажеттіліктер институттың  іс-әрекетінде бейнеленбейтін, яғни институт қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес келмейтін  жағдайды талдау маңызды.

Әлеуметтану пайда болатын  қарама-қайшылықтың бастауларын, көріну формаларын және оларды шешу жолдарын табады.

 

21.ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯ

Әлеуметтік қауымдастықтар теңсіздігі жүйесін сипаттау үшін социологияда “әлеуметтік стратификация” ұғымы  пайдаланылады. “Стратификация” терминінің өзі социологияға геологиядан келген. Ағылшын тілінде “strata” немесе “stratum” сөзі алғашында геологиялық қабат деген, ал “stratіfісatіon” сөзі қабатталу, қатталу деген ұғымды білдірген. Социологтар әлеуметтік теңсіздікті белсенді түрде зерттей бастаған кезде  осы терминді алған, сөйтіп ол жаңа мағынаға, қоғамды белгілі бір топтарға бөлу мағынасына ие болған. Қоғамда әрдайым құрылым болатындықтан , ондағы адамдар түрлі негіздер бойынша жіктеліп отыратын болған. Алайда теңсіздік табиғаты туралы сөз қозғалатын кез келген ғылыми әдебиетпен алғашқы танысудың өзі стратификация процесі мен әлеуметтік жинақылық проблемалары зерттеушілер арасында осы ұғымның мазмұны мен көлеміне қатысты бірыңғай көзқарастың жоқ екендігіне көз жеткізеді. Сол сияқты әлеуметтік қауымдастықтарды білдіретін әлеуметтік тап, топ, страта, мәртебелік топтар сияқты талдау бірліктері де барлық уақытта бірдей баяндала бермейді.

 

22. ЭТНОӘЛЕУМЕТТАНУ  ОБЪЕКТІСІ ЖӘНЕ ПӘНІ.

Этносоциология ғылыми бағыт  ретінде этнология, әлеуметтік психология мен социологияның тоғысқан жерінде  пайда болды. Этносоцилогия әр түрлі  этникалық орталар мен әлеуметтік топтардағы этникалық процестерді  анықтайтын әрі зерттейтін ғылыми пән. Этносоциология арнайы социологиялық  орта деңгей теориясы ретінде эмпирикалық  зерттеулер негізінде қалыптасты.Этносоциологияның пәні - этникалық топтардың дамуының әлеуметтік аспектілерін және қызмет етуін, олардың бірдейлігін, өзін-өзі ұйымдастыру формалары мен мүдделерін, ұжымдық жүріс-тұрыс заңдылықтарын, этникалық топтардың әрекеттесуін, осы топтарға енген тұлғалардың өзара байланысын және әлеуметтік ортасын зерттейді [1].Этносоциологиялық зерттеудің саласы өте кең. Олар - әлеуметтік өзгерістердің этникалық ерекшеліктері, кәсіби ұстанымдардағы тенденциялар, этникалық топтардағы әлеуметтік жылжулар қарқыны, ішкі және сыртқы көші-қон, отбасы ішіндегі қатынастардың этникалық өзіне тән ерекшелігі, тілдердің дамуындағы этнолингвистикалық жүріс-тұрыс пен тенденциялар, мәдени аралық өзара әрекеттесу, мәдени аралық шекаралар проблемалары, мәдени ара қашықтықтағы діннің рөлі, этникалық өзіндік сана-сезім, авто және гетеро таптаурындар, этносаралық ынтымақтастық, этникалық мүдделер мен этносаралық тілдесуге нұсқама, этносаралық ұстанымдар, шыдамдылық пен шыдамсыздық, ұлтшылдық проблемалары, этносаралық жанжалдардың әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық негіздері. Этносоциология қоғам өмірінің барлық әлеуметтік маңызы бар салаларының этникалық өзіне тән ерекшеліктерін социологиялық өлшемдер мен социологиялық зерттеу әдістерін қолдану тұрғысынан қарастырып, зерттейді.

 

23.ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕЛЕР  МЕН РӨЛДЕР.

Әлеуметтік мәртебе деп  адамның топтағы немесе қоғамдағы  позициясын, жағдайын айтады. Әлеуметтік мәртебе индивидтің жан-жақты және сонымен бірге жалпылама сипаттамасын: кәсібін, біліктілігін, атқаратын жұмысының  сипатын, лауазымын, материалдық жағдайын, саяси ықпалын, іскерлік байланыстарын, ұлтын, дінін, жасын, отбасылық жағдайын, туыстық байланыстарын және т.б. қамтиды.Барлық әлеуметтік мәртебелерді негізгі екі түрге бөлуге болады: белгіленген және қол жететін  мәртебелер.Тұлғаның күш-жігері мен  сіңірген еңбегінен тыс қоғам  тарапынан белгіленген мәртебе этникалық шығу тегі, туған жері, отбасы, жынысы мен жасы т.б. факторлармен байланысты. Қол жеткен мәртебе адамның өзінің күш жұмсауымен анықталады (мысалы, жазушы, генерал, студент, директор және т.с.с.). Адамның қандай да бір мәртебеге ие болғаны (кей кезде тіпті оның тұлғасының осы мәртебемен теңестірілуі) сәйкестендіру деп аталады. Және де сәйкестендіруге туғаннан ие болғанына немесе күш-жігер жұмсауының нәтижесінде қол жеткізгеніне қарамастан, қалай болған күнде де оны жеке адам өзінің айналасындағы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау процесі арқылы меңгереді. Жеке басының мәртебесі - адамның өз айналасында ие болған позициясы, оған туысқандарының, әріптестерінің, достарының берген бағасы. Бірдей мәртебеге ие болған адамдар әр түрлі әлеуметтік мәртебелерге де ие болуы мүмкін және керісінше. Мынадай айырмашылығын көрсетуге болар еді: жеке басының мәртебесі -адамның шағын (әдетте бастауыш) топтардағы жағдайы, ал әлеуметтік мәртебесі - үлкен әлеуметтік қауымдастықтағы позициясы. Әлеуметтік мәртебенің сипатты белгісі оның жеке адамға қатысты болмайтындығы, ал жеке басының мәртебесі адамның жеке қасиетін білдіреді.Әлеуметтік мәртебенің және жеке басының мәртебесінің айырмашылығы адамның өзі қатысатын ресми немесе бейресми ұйымның құрылымында ие болатын беделі мен ықпалынан айқын көрінеді. Жеке басының мәртебесіне қол жеткізу әлеуметтік мәртебеге қарағанда әлдеқайда жеңіл. Әлеуметтік жүйеде берілген мәртебені иеленетін адамның орындайтын іс-әрекеттерінің жиынтығы әлеуметтік рөлдің мазмұнын білдіреді. Әрбір мәртебе әдетте бірқатар рөлдерді қамтиды. Осы мәртебеден шығатын рөлдердің жиынтығы рөлдік жиым деп аталады.Әлеуметтік рөлдер теориясында екі негізгі көзқарас кеңінен көрсетілген. Рөл ұғымының өзін ең алғаш жүйелі түрде 1930 жылдардың бас кезінде символикалық интеракционизм теориясының негізін салушы Дж.Г. Мид пайдаланған. Ол рөлдерді адамдар арасындағы эксперименттік және сонымен қатар жасампаздық сипаты бар өзара қарым-қатынас өнімі деп сипаттаған. Мидтің әлеуметтік философиясы әуел бастан балалардың қоғамға қалай бейімделетініне және рөлдерді қабылдау жолымен, яғни өз қиялындағы басқалардың - әкелерінің, аналарының, мұғалімдерінің, дәрігерлердің рөлдерін салыстыра отырып, өзінің әлеуметтік мәнін қалай дамытатынына қызығушылық танытқан. Ересектер де өз мінез-құлықтарында өздерінің рөлдерін жасау үшін басқа адамдардың рөлдерін өз бойына “өлшеп көруді” пайдаланады. Символикалық интеракционизм теориясына сәйкес әрбір рөл өзіне басқа рөлдермен қарым-қатынасты қамтиды; мысалы, “мұғалім” рөлін “оқушы” рөлінсіз түсіну мүмкін емес және ол оқушының өзіне тән мінез-құлқы мен арақатынасы тәрбиешінің өзіне тән мінез-құлқы ретінде анықталуы мүмкін. Өзара қарым-қатынас процесі адамдардың өз рөлдерін атқара отырып, басқалардың рөлдеріне қатысты қалыптасқан азды-көпті тұтас үғымды және басқалар рөлінде іс-әрекет жасайтын адамдардың шынайы жауап әрекеттерін әрқашан тексеретінін, ондай тұжырымдамаларды нығайтып немесе күмән туғызатынын білдіреді. Бұл өз кезегінде адамдарды өздерінің рөлдік мінез-құлықтарын сақтауына немесе өзгертуіне жетелейді.Екінші көзқарас Р.Линтоннан бастау алады (1936). Кейіннен бұл көзқарас функционализмнің құрамдас бөлігіне - қазіргі заманғы социологияның неғұрлым ықпалды мектептерінің біріне айналды. Функционализм рөлдерді маңызды белгіленген  және статикалық (яғни өзгермейтін) нәрселер ретінде қарайды. Бұл ұғымдар қоғам өмірінде тамыр жаяды және мінез-құлықты рөлдер арнасына енгізетін әлеуметтік нормалардан көрініс табады. Жаңа көзқарас рөлдер басқа рөлдермен жиі байланыста анықталуы мүмкін екендігін мойындайды, алайда өзара қарым-қатынас процесінің өзі жаңа рөлдер туғызуы немесе барларын жаңғыртуы мүмкін деп есептемейді. Әрине, жеке адамдар басқа рөлдерді атқарушы адамдармен қарым-қатынас барысында өз рөлдерінің мазмұны туралы және олардың атқарылуы қаншалықты сәтті екендігі туралы ақпарат ала алады.Әлеуметтік рөлді екі қырынан қарастырған жөн: рөлдік күту және рөлдік атқару. Осы екеуінің арасында толық дәлме-дәл келу ешқашан болмайды. Бірақ олардың әрқайсысының адамның мінез-құлқында үлкен маңызы бар. Біздің рөлдеріміз ең алдымен бізден басқалардың не күтетіндігімен анықталады. Бұл күтулер сол тұлға ие болатын мәртебемен шендеседі. Егер кімде-кім біздің күткенімізге сай келетіндей рөл атқармаса, онда қоғаммен белгілі бір қақтығысқа ұшырайды.Рөлдік талаптар (күтулер) әлеуметтік мәртебе төңірегінде топтасқан нақты әлеуметтік нормаларға айналады.Рөлдің нормативтік құрылымында 4 элемент бөліп қаралады:берілген рөлге сәйкес келетін мінез-құлықтың түрін сипаттау;берілген мінез-құлықпен байланысты алдын ала белгілеулер (талаптар);  белгіленіп қойылған рөлдің орындалу бағасы;санкция - әлеуметтік жүйе талаптары шеңберіндегі қандай да бір әрекеттің әлеуметтік салдарлары. Айта кететін бір жайт, кез келген рөл мінез-құлықтың таза моделі болып табылмайды. Жеке адамның мінезі рөлдік күтулер мен рөлдік мінез-құлықтар арасындағы басты байланыстырушы буын қызметін атқарады. Бұл нақты адамның мінез-құлқы таза схемаға сыймайды деген сөз. Ол бірегей, өзіне ғана тән рөлдерді өзінше түсіну және түсіндіру әдістерінің өнімі болып табылады. Әлеуметтік орта адамдарды өз рөлдерін дұрыс орындауға қалайша мәжбүр етеді? Бұған санкциялар механизмі қызмет етеді. Белгілі бір мәртебеге ие болған адам өзін біз күткеннен бөлек ұстайтын болса, әрине, біз қандай да бір жолмен өзіміздің қанағаттанбайтынымызды, ашу-ызамызды білдіреміз; ал егер де керісінше адамдар өз рөлдерін өз деңгейінде атқарса, онда біз оларға өзіміздің құптайтынымызды, ынталандыратынымызды білдіреміз. Сол арқылы социум адамдарды жалпы қоғам үшін ең болмағанда әлеуметтік жағынан жақын ортаға қолайлы арнаға бағыттайды.Әлеуметтік рөлдерді қоғамдағы сан алуан түріне қарай қандай да бір тиімді зерделеу олардың кем дегенде жалпы жіктелуін талап етеді. Мұндай әрекетті Т.Парсонс жасап көрген. Ол негізгі бес өлшемді бөліп көрсеткен, олардың көмегімен кез келген рөлді сипаттауға болады.1. Эмоциональдік деңгейі. Барынша әділ мінез-құлық күтілетін рөлдер болады, Мысалы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің рөлдері. Сонымен қатар, егер де әйелі өзін-өзі эмоциональді сабырлы ұстаса, онда күйеуі оған онша дұрыс қарай қоймауы мүмкін.2. Алу тәсілі. Рөл дегеніміз белгілі бір мәртебе иесінен күтілетін мінез-құлық екенін ескере отырып, біз мәртебе сипатының рөлдің сипатына да ықпалын тигізетіндігін күтуге құқылымыз. Іс жүзінде кейбір рөлдердің бейнелері олардың мәртебелеріне қосып жазылған сипатымен негізделеді; басқа рөлдер ие болатын мәртебесімен қоса алынады (әрине, қандай да бір рөлдерді дұрыс атқару үшін оларды иеленушілердің “оқып-жаттығуына” тура келеді).

3. Көлем. Рөлдердің кейбіреулері өзара қарым-қатынастың белгілі бір қырларымен едәуір қатаң шектелген. Мысалы, егер де жоғары оқу орынының оқытушысы емтиханда студент білімінің деңгейін бағалауда студенттің өткен материалды қалай меңгергеніне қызығушылық танытып қана қоймай, оның діндарлық дәрежесін немесе саяси сенімін назарға алатын болса, онда бұл оның рөл шеңберінен шыққандығын, демек оны дұрыс орындамайтындығын білдіреді. Сонымен қатар, мысалы, әке рөлі мен бала рөлі арасындағы арақатынас шеңбері неғұрлым кең, өйткені әкесін бала өмірінің әр алуан жақтары алаңдатуға тиіс.4. Ресмилендіру деңгейі. Көптеген рөлдердің атқарылуы ресмиленген, яғни оның өзіндік сипаты бар. Іс жүзінде формальді ұйымдардың көпшілігінде - әсіресе бюрократиялық, әскери және жартылай әскери ұйымдарда рөлдердің барлығы осындай. Бұл жерде мінез-құлық ережелері нақты шектелген, ал импровизация диапозоны онша үлкен емес (ұйымдар теориясы көрсеткеніндей толық алынып тасталмаған). Басқа бір шеті - әкенің немесе достың рөлі сияқты әлсіз шектелген рөлдер, мұнда жеке басқа тән сәттерді енгізетін диапазон ауқымы неғұрлым кең.5. Уәждеу. Түрлі рөлдерді атқару әр түрлі уәждермен негізделген. Біз бизнесменнен өзінің ақшасын, уақыты мен қажыр-қайратын өз қауымдастығының гүлденуі немесе өзі жалдаған қызметкерлерінің баюы үшін жұмсауын күте қоймасымыз анық; оның негізгі мақсаты - барынша көп пайда табу (алдымен - одан да көп пайда табу үшін қаражатын іске жұмсау және т.с.с.). Саясаткер жеке билігінің ауқымын ұлғайтуды басшылыққа алады. Әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері болса клиенттерінің әл-ауқатын жақсартуды мақсат етеді. Бұл уәждердің барлығы, әрине, кей жерде өз бағыттылығы бойынша ішінара үйлесім тауып жатса, кей жерде бір-біріне қайшы келіп, күрделі әлеуметтік қарым-қатынастармен астарласып жатады. Рөлдерді жіктеудің барлық белгілерінің ішінде уәждеу белгісі тікелей есепке алу мен талдауға оңай көне қоймайды.Әрбір адам көптеген әр түрлі жағдайларда бірнеше рөлдер атқаратын болғандықтан рөлдер арасында қақтығыс пайда болуы мүмкін.Жалпы алғанда рөлдік қақтығыстардың екі түрін бөліп қарауға болады: рөлдер арасындағы және бір рөлдің шегіндегі. Қақтығыстар екі және одан да көп рөлдер көбіне тұлғаның бір-біріне сәйкес келмейтін, қақтығысатын міндеттерін қамтиды. Мысалы, жұмыс істейтін әйел өзінің негізгі жұмысының талаптарын оның үй шаруасындағы міндеттерін орындаумен қақтығысқа келеді деп есептейді. Мұндай қақтығыс рөлдер арасындағы қақтығысқа жатады.Ішкі шиеленістер мен қақтығыстардан, мүдделер қақтығысы дейтіннен таза болатын рөлдер көп емес, Мысалы индивид жағдайдың әсерімен оның мүддесіне не болмаса оның ішкі ұстанымдарына жауап бермейтін рөлді атқарған кезді алайық. Егер де қақтығыс насырға шапса, онда ол рөлдік міндеттерді орындаудан бас тартуға, сол рөлден шығуға, ішкі жан күйзелісіне әкеп соғуы мүмкін.Рөлдік шиеленістің төмендеуіне көмектесетін әрекеттердің бірнеше түрін бөліп қарауға болады. Рөлдерді оңтайландыру - тұлғаның қандай да бір жағдайды қиын қабылдауына қарсы оған әлеуметтік жағынан және жеке басына дұрыс болатын ұғымның көмегімен қорғанатын тәсілдердің бірі. Оңтайландыру рөлдік қақтығыс шындығын көңіл қалағанымен қол жетпейтін рөлдің жағымсыз жақтарын санадан тыс іздеу арқылы жасырады.Рөлдерді бөлу рөлдік шиеленісті рөлдердің бірін өмірден уақытша алып тастау және оны жеке адамның санасынан ажырату, бірақ сол рөлге тән рөлдік талаптар жүйесіне жауап ретінде әрекет етуін сақтап қалу жолымен төмендетеді. Рөлдерді реттеу - формальді рәсім, оның көмегімен индивид қандай да бір рөлді орындау салдары үшін жеке жауапкершіліктен босатылады. Бұл ұйым мен қоғамдық ассоциациялардың теріс қабылданатын немесе әлеуметтік жағынан мақұлданбайтын рөлдер үшін жауапкершіліктің басым бөлігін өз мойындарына алатынын білдіреді. Тәжірибеде бұл индивидтің белгілі бір жолмен әрекет етуіне ұйымның ықпалы болғанына сілтеме жасағаны сияқты көрінеді [17].Адам өзінің мәртебесіне және тиісті рөлдеріне өзін әр түрлі деңгейде теңестіреді. Рөлімен ең көп үйлесуін рөлдік сәйкестендіру, ал орташа немесе ең аз үйлесуін - рөлден алшақтау деп атайды. Қоғам қандай да бір мәртебені қаншалықты жоғары бағаласа, сәйкестену дәрежесі де соншалықты күшті болады.

 

 

 

 

24. САУАЛНАМАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫН СИПАТТАП, САУАЛНАМА СҰРАҚТАРЫН КЕЛТІРІҢІЗ

Сауалнама (анкета) – пікір  сұрау өткізу үшін іріктелген респонденттерге  бірқатар сұрақтар қойып, олардан жауап  алатын пікір сұрау парағы. Сауалнама  кеңінен қолданылмастан бұрын мұқият жасалып, сынақ жүргізіліп, байқалған  кемшіліктері болса жойылуы керек. Сауалнама құру – бір өнер деп  саналады. Пікір сұрау әдісін мәліметтерді жинау кезінде қолданғанда, зерттелетін  мәселеге сауалнама сипатының, құрылымының  және типінің сәйкестігін анықтау  қажет. Сауалнаманы кеңінен қолданудан бұрын, оның кемшіліктерін айқындау және болдырмау үшін тестілеуден  өткізу керек.

Пікір сұрауды дұрыс жүргізу  үшін мынадай ұсыныстарды орындау  қажет:

1.  Сұрақтарды құрастырудың талаптарын орындау:

- Сұрақ тек бір мәселе  төңірегінде болуы тиіс. Бір сөйлемде  екі жауапты талап ететін, екі  ұшты сұрақтар болмауы керек.

- Сауалдар түсінікті,  бір мәнді, нақты және анық  сенімді жауап алуға мүмкіндік  туғызуы тиіс.

- Сауалнама зерттеу мақсатына  және міндеттеріне сәйкес сұрақтардан  тұруы тиіс. Сұрақ дұрыс қойылмаса,  респондент жауап беруден бас  тартуы мүмкін.

- Сұрақтар логикалық сәйкестікпен  қойылуы керек. Жеке сипаттағы  немесе күрделі сұрақтар сауалнаманың  соңында тұруы тиіс. Жағымсыз  сезім, наразылық тудыратын сұрақтар  тікелей түрде емес, жанама түрде  қойылуы керек. Мысалы, «Сізде  автомобиль бар ма?» деген сұрақтың  орнына «Сіздің үйде кімде  автомобиль бар?» деп сұрақ  қоюға болады.

- Сауалнамада нақты терминологияны, күнделікті тілді, түсінікті,  терминдерді пайдаланып, жаргондарды  қолданбаған жөн.

- Респондент тәжірибесінен  тысқары жайт туралы сауалдарды  қоймаған жөн. Ол хабардар болған  сұрақтарды қойған лазым.  Негізгіні  қоймас  бұрын  сұрақтарды  ой  сүзгісінен өткізіп  алған  пайдалы.  Мысалы,  темекі  нарығын  зерттеп тұрып, шылым тартпайтын жанға сұрақ қоя алмайсыз.

-Сұрақты қисындастырып  мазмұндау респонденті зерттеушінің  көңілі қалайтын жауапқа жетелеп,  көндіруге тиісті емес.

- Сұрақтар екі мағыналы  сипатта болмауы керек. Мысалы, «кейде», «жиі», «анда-санда» деген  сөздер көп мағыналы болғандықтан, олардың орнына нақты сөздер  қолданылуы керек. «Сіз» деген  сөз кейде ұжымдық сипатта  болуы мүмкін, сондықтан сұрақты  құрастыру кезінде оның орнына  «Сіз өзіңіз» деген сөз нақтылау  болады.

Информация о работе Шпаргалка по "Социологии"