Шпаргалка по "Социологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 19:07, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на 55 вопросов по дисциплине "Социология".

Прикрепленные файлы: 1 файл

социология.docx

— 193.65 Кб (Скачать документ)

Бейресми  ұйым қандай да бір топтың ішіндегі ұзақтығы азды-көпті тұлғааралық араласудың нәтижесі болып табылатын әлеуметтік байланыстардың, нормалардың, әрекеттердің спонтанды қалыптасқан жүйесін білдіреді. Бейресми ұйым ресми ұйымның принципінде әлеуметтік өзара әрекеттестіктің барлық жақтарын, барлық процестерін қамтуға және оған енетін жеке адамдардың барлық әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетсіздігінен туады. Ресми ұйымға қатысты алғанда бейресми ұйым ең алдымен өтемдік деп аталатын функцияны орындайды, яғни ресми ұйымның кемшіліктерін толтырады.Бейресми ұйым өзін екі негізгі: ресмиліктен тыс және әлеуметтік-психологиялық нысанда көрсетеді.Ресмиліктен тыс ұйым - бұл ресми ұйымның мүшелері спонтанды дамытатын, ресмиленбеген қызметтік қарым-қатынастардың ұйымдастыру міндеттерін ресми түрде алдын ала белгіленгеннен өзге тәсілдермен шешуге бағытталған жүйесі. Жеке тұлға әрқашан да автономиялықтың, өзі орындайтын функциясына қатысты тәуелсіздіктің белгілі бір дәрежесін сақтайды.Әлеуметтік-психологиялық ұйым - бұл тұлғааралық қатынастардың спонтанды пайда болған, тікелей таңдаушылық (оңтайлыға қарағанда көбірек эмоционалды) және бір-біріне өзара қызығушылық таныту негізінде құралатын жүйесі. Ол жеке адамдардың өздерінің әлеуметтік қажеттіліктерін - араласуға, танылуына, топқа жатуына деген қажеттіліктерін қанағаттандыруы мақсатында құрылады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл тікелей байланыстағы адамдардың, олардың жеке қызығушылықтарына негізделген қауымдастығы

 

15. Э.ДЮРКГЕЙМ ЕНГІЗГЕН  АНОМИЯ ҰҒЫМЫ..

Аномия — (гр. an- — жоқтық және гр. nomos — заң) қоғамның құндылықтар жүйесiндегi түбегейлi дағдарыстарды бiлдiретiн ұғым.Аномия өзiнiң төмендегiдей белгiлерiмен анықталады:1қалыптасқан құндылықтардың мәнін жоғалтуы салдарынан болатын ретсiздiк нормативтiк-баптық вакуум;2 әлеуметтiк үйлесiмдiктiң жоғалуы,қоғамдағы құндылықтардың жиынтық бейнесiне айналған жеке тұлғалар беделiнiң жоғалуы; 3 адамдардың жоғары мұраттардан, өмiрлiк құштарлықтарынан айырылуы ;4 мiнез-құлықтағы тұрақсыздық, өзiн-өзi өлтiрудiң көбейуi, т.б.  Аномия терминiн ғылыми айналысқа енгiзген француз ғалымы — Э. Дюркгейм (1858-1917).  Ол «Еңбектiң қоғамдық бөлiнуi» кiтабында аномия еңбек белiнiciнiң бұрмалануы нәтижесiнде пайда болады деп тұжырымдайды және оның себебiн мамандандыру кезiндегi адамдар арасындағы ынтымақтастық пен үйлесiмдiктiң жоғалуынан көредi.  «Өзiн-өзi өлтiру» деген еңбегiнде Дюркгейм эгоистiк, альтуристiк және аномиялық суицидтердiң түлерiн атап өтедi. Соңғысы дәстүрлi шектеу нормалары шайқалған кезде ырықсыз құмарлықтан туындайды делiнедi. Шектелмеген тiлектер орындалмаған жағдайда адамдарда шешiмi жоқ тұйық дағдарыстар пайда болады.[1]  Аномия ұғымын қазiргi социологияда әpi қарай дамытқан американдық ғалым Р. Мертон (1910). Ол аномия мәселесін ауытқушылық әрекетпен байланысты қарастырады. Мұндай әрекет ұлғалық мақсаттарға заңды құралдармен жете алмайтын жағдайларда қалыптасады. Нақтылы мәдени жүйеде туындайтын мүдделер үстемдік етіп тұрған басқарушы және реттеуші тетіктерге қайшы келуі мүмкін. Аномия әсіресе, өтпелі қоғамдарда жиі кездеседі. Бұрынғы әдетке айналған бағдарлар жаңа талаптарға сәйкес құндылықтармен жылдам ауыстырыла бермейді. Мұндай қайшылықтар тұлғалар санасында ауытқушылық туғызуы мүмкін

Бұл тип әлеуметтік байланысты қоғам тарапынан реттеу сипатымен  ұштасады. Аномия - “әлеуметтік өзара  әрекеттестікті басқаратын нормалардың  жарылысымен сипатталатын әлеуметтік жағдай” немесе “қоғам мүшелерінің  едәуір билігі міндеттеуші нормалардың  бар екенін біле тұра оларға жағымсыз немесе бей-жай түрде қарайтындай  күйі”. Мұндай жағдай, қоғам мүшелері бұрынғы нормаларға еті үйреніп  және оларды орындауға дағдыланып, жаңа нормалар қалыптасып бітпеген кезде, реформалар дәуірі мен әлеуметтік алапаттар  барысында, өтпелі кезеңдерде жиі болып  отырады. “Бұрынғы иерархия бұзылды, ал жаңасы лезде орныға алмайды”. Мұндай жағдайда көбісі өзін нормативті вакуумдегідей  сезініп, әлеуметтік бағдарын жоғалтып алатыны түсінікті.

Дюркгейм, мысалы, экономикалық дағдарыс кезеңдерінде өзін-өзі өлтірудің  өршу себептерін қарастырады. Оның пайымдауы  бойынша, қоғамда өзін-өзі ұстай  білуге үйретілген, өз өмірлерінің  жағдайларына байланысты ішкі тәртіптілігімен  ерекшеленетін әлеуметтік топтар бар; бұл адамдар “жаңа қажетті  құбандықтарға неғұрлым аз қысыммен төтеп бере алады” деп санайды. Сонымен  бірге, өз кәсібінің түрі мен өмір сүру қалпына сәйкес мүмкіндігінше  прогреске тез жетуге ұмтылатындардың  өткен шақта да, болашақта да тірегі жоқ, сондықтан да олар экономикалық дағарыстың жиі құрбаны болып, өмірден  өз еркімен кетеді. “Жоғары процент (1 млн-ға 720 адам) өзін-өзі өлтіруге көбінесе тағдырдың тәлкегіне ұшырамаған адамдар бейім екендігіне көз  жеткізеді”.

Аномия сонымен қатар  неке-отбасы қатынастарын да қозғайды. Дюркгейм Францияның, Германияның, Швейцарияның түрлі аймақтарын салыстыра отырып, ажырасу статистикасы мен өзін-өзі  өлтіру статистикасы арасында тұрақты  сәйкестік бар деген қорытындыға  келеді. Бұл, оған отбасы шырқының бұзылуы  өзін-өзі өлтіру факторларының бірі деп тұжырымдауға негіз береді.

Ғылым мен дін арасындағы қарым-қатынас осы ғылым саласы дамуының “классикалық” кезеңіндегі  барлық социологтардың дерлік зерттеу  тақырыптары ішінен негізгілерінің бірі болды (бұған билік етуші  таптың үстемдігі мен ол құрған меншік формасын нығайта отырып, діни идеология  әлеуметтік құрылымнан келіп шығады деген тұжырыммен шектелген Марксті  қосуға болмайды).

ХІХ ғасырдың аяғында әлеуметтік ғылымдарда діни наным мен ғылым  арасындағы ымыраға келмейтін қарама-қайшылық туралы идея күш ала бастады, оның үстіне қоғамдық прогрестің дамуына  қарай екіншісі біріншінің әлеуметтік өмірдегі маңызын төмендетеп, дәйекті  түрде ығыстырып шығарады. Дюркгеймге келетін болсақ, ол негізінен бұл  қайшылықты мойындайды, сонымен бірге, егер қоғамның барлық мүшелерін біріктіруші  қандай да бір ортақ сенім болған қоғам өз құрылымы мен оны құрайтын бөлшектер арасында жеткілікті түрде  мықты байланысты сақтап қалуға болатындығына  кәміл сенді.

 

 

16 ОТБАСЫ ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ

Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттеудегі талдау оның қандай мәселелеріне көңіл аударуды анықтап береді: қоғамның некелік  қатынастарға, тұрмыс –салтына қалай  әсер ететінін, әр түрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайларда отбасы ережелрі мен бағалы құндылықтары қалай  ерекшеленіп отырады, отбасындағы  тәртіп, қатынастар әлеуметтік тұрғыдан қалай реттеліп отыратынын, т.б. айтуға болады. Қоғамдық қажеттілік пен талап-тілекке  отбасындағы тәртіп типтерінің (түрлері) қайсысы сәйкес, қайсысы сәйкес еместігі, т.б. жатады.Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттегенде мынандай жалпы  ұғымдар қолданылады: 1) некелік қатынастардағы қоғамдық қажеттілік, талап-тілекткр, мұқтаждықтар; 2) отбасының әлеуметтік қызметі; 3) отбасы қатынастарындағы ережелер мен бағалық құндылықтар; 4) әр түрлі  типтегі (түрдегі) отбасындағы тәртіп үлгілері, т.б.Отбасын кіші топ ретінде  зерттеу - өзінің құрылымы жағынан азғана адамдар тобының, оның мүшелерінің  жалпы әлеуметтік іс-қызметінде бір-бірімен  тікелей араласуынан, бірыңғай эмоциялық  қарым-қатынастың, топтық   ереже  және топтық процестің қалай пайда  болатынын анықтау. Отбасы мүшелерінің  арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу  барысында отбасы кішігірім топ  ретінде қаралады. Мұндай зерттеу,ең алдымен,ерлі-зайыпты ададамдардың арасындағы қатынастардың  серпінін зерттеуден басталады. Бұл тәсіл  олардың, туыстардың арасындағы қатынастарды. Некенің бұзылуын және ерлі-зайыптылардың  айырылысу себептерін анықтауға  көмектеседі. Зерттеу барысында  адамдар арасындағы қарым-қатынастардың  қоғамдақ ережелер мен тәртіп үлгісімен  құнды нәрселермен тығыз байланысты болатынын естен шығармау қажет. Отбасын кішігірім әлеуметтік топ  ретінде зерттегенде 3 негізгі сипаттамалық тұрпатын бөліп қарау қажет. 1) Топты  жалпы сипаттау. Бұған кіретін  мәселелер –отбасы тобының мақсаты  мен міндеті, отбасының құрылымы мен мүшелері, отбасының өзара  іс-әрекетінің сипаттамасы, биліктің құрылымы, т.б. 2) Қоғамның әлеуметтік құрылымы тұрғысынан отбасы тобының басқа өзінен үлкен  топтармен байланыс, қатынас түрлерінің сипаты. Қоғамдық қатынастардағы отбасының  атқаратын қызметі. 3) отбасының жеке мүшелеріне байланысты мақсаты, міндеті, атқаратын қызметі, отбасындағы  индивидтердің өзара іс-әрекеті, қызметі, топтық тәртіп, топтық бақылау, т.б. Индивидтің топқа енуі, оның отбасына енуіне қанағаттануы, ондағы тұрақтылық. Отбасын зерттеудегі бағыттардың  әрбіреуінің өзінше ерекшелігі бар. Мысалы, отбасын әлеуметтік институт (ұйым) ретінде қарағанда әңгіме етілсе, ал, отбасының ішкі байланыс-қатынастарында оны кішігірім топ  ретінде  зерттеуге итермелейді. Бірінші  бағыт, яғни отбасын әлеуметтік институт ретінде қарау – бұл әлеуметтанудың мәселелерінде тығыз байланысты, ал, екінше\і бағытта, яғни отбасы кішігірім  топ ретінде қаралғанда, көбінесе оның әлеуметтік –психологиялық мәселелері сөз болады. Жоғарыда көрсетілгендерді қорыта келе отбасына жалпы сипаттама  берейік.  Ерлі-зайыптылық екі негізгі  қарым-қатынасқа негізделген: 1) ерлі-зайыптылық; 2) бала  туу немесе бала асырап алу.Отбасы мүшелері бір шатырдың астында, яғни бір үйде тұрады, олар отбасының шаруашылығын жүргізеді. Бұл 2-3 адам ұрпағын жалғастырады. Отбасының жалпы шаруашылығы оның өзінен үлкен бірліктерде  болу шеңберіндегі экономикалық іс-қызметпен анықталады. Бұл отбасының шаруашылық қызметі адамдық тұрақты тәртіп үлгеріне және олардың арасындағы өзара әрекетке байланысты өрбиді.Отбасы мүшелерінің атқаратын рөлі тек қана өзара эмоциялық сезімдерімен ғана емес, сонымен бірге, адамдардың үлкен топтары – мемлекет, мешіт, шіркеу, т.б. институттардың қызметімен байланысты болады.Сонымен, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар олардың сезімімен (махаббат, сыйласу, құрметтеу), салт-ғұрыппен, ұрпақтан – ұрпаққа берілген тәрбие, ереже, т.б. өлшемдер арқылы анықталады. Осы сыртқы бақылау түрлері отбасының бірлігін сырттан қолдаушы, әрі типі, факторы болып есептеледі. Бірақ, қандай да бір отбасының іштей даму күштері болады.олар жеке қажеттілік, мұқтаждық, талап-тілек, бейімділік, алға ұмтылу, т.б. негізінде пайда болады. Бұлар, яғни ішкі даму күштері сыртқы қысымдарға айтарлықтай қарсы тұра алмайды.Отбасы өзіне тән жалпы шеңбер (ұлт, мемлекет, мешіт, шіркеу) көлемінде мәдени ортаны жасайды. Осы орта сәби баланың адамдық тұлғасын қалыптастырады. Мұнымен  бірге отбасы белгілі бір деңгейде жеке тәртіп тәсілдерін құрып, оған ерекше қасиеттер дарытуы мүмкін. Отбасы типтері қоғамның және өркениеттің әр түрлі, белгілі бір тарихи кезеңінде өмір сүріп отырды.Жоғарыда көрсетілгендей, отбасы ерекшеліктері қоғамның барлық салалрында, әсіресе, саясатта, экономикада, мәдениетте елеулі өзгерістер тудырады.сондықтан отбасы қоғамдағы барлық институттардың тұрақты назар аударатын мәселесі, мұнсыз, яғни отбасынсыз ешқандай қоғам болуы мүмкін емес.Отбасының функциясы, яғни атқаратын қызметі әруақытта оның тіршілік ету тәсілінің көрінісі ретінде түсіндіріледі. Осы ретте қоғамның отбасына жасайтын қызметін, ал, отбасының тұлғаға, тұлғаның отбасына жасайтын қызметін бөліп қарауға болады.Отбасының атқаратын қызиеті қоғамның әлеуметтік-экономикалық іс-қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан әрбір тарихи кезеңдерде отбасы функциясы, оның сатылы қызметі де өзгеріп отырады.

 

17. ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ МИЕН МІНДЕТІ.

Қоғамдық өмірдегі нақты фактілерді жинау және талдау социологиялық зерттеулерде қолданылатын арнайы кешенді әдістердің көмегімен  жүзеге асырылады. Социологиялық зерттеудің мақсаты әлеуметтік процестерді, әлеуметтік даму заңдылықтарын, олардың нақты  көрінуін тереңірек зерттеу болып  табылады. Өзінің ерекше әдістерін  басқара отырып эмпирикалық социология процестер мен құбылыстардың  мәнін теориялық тұрғыдан тануды толықтыра түседі. Социологиялық  зерттеудің эмпирикалық сатысы әр жақтылық пен алуан түрлілік, жекелік және кездейсоқтық сақталатын әлеуметтік шындықтың  бейнесін береді. Эмпирикалық талдау теориялық білімнің бастау көзі және негізі болып табылады, ол қоғамдық құбылыстар мен процестерді теориялық тұрғыдан талдауға жол ашады.  
Социологиялық зерттеу - нақты теориялық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін зерттелетін объекті жөнінде жаңа білім алуға мүмкіндік беретін теориялық және эмпирикалық рәсімер жүйесі. 
Социологиялық зерттеуде ғылыми қызметтің мынадай элементтері бар: 
а) зерттеу объектісі - әлеуметтік шындық процестері мен құбылысы; 
б) зерттеу субъектісі; 
в) социологиялық зерттеу белгілі-бір мақсатқа жетуге және нақты міндеттерді шешуге бағытталған; 
г) міндетті шешу құралдары - әдістер, ұйымдастыру іс-шаралары және т.б. бар. 
Социологиялық зерттеу түрлері мыналарға байланысты: 
І. Мақсаты және теориялық бағдары. Мұнда олар: 
1) статистикалық; 2) тәжірибелік; 3) типологиялық; 4) тарихи болуы мүмкін; 5) кейбір таңдамалы оқиғаларды зерттеу мақсатында жүргізілуі мүмкін (монографиялық сипаттама).  
ІІ. Социологиялық зерттеудің екінші бір түрлері: материалды талдау әдісі. Мұнда олар: 1) барлау (сынау, пилотажды, зондажды); 2) сипаттамалық (сарапшылардың сауалнамасы, мақсатты сипаттама (объекті туралы түсінік); 3) талдамалық (себептік байланыстарды сипаттау және анықтау) болуы мүмкін.  
Барлағыш зерттеу – нақты-социологиялық зерттеудің ең бір қарапайым түрі; ол шағын зерттелетін жиынтықты қамтиды және ықшамдалған бағдарлама мен көлемі бойынша сығымдалған құралдарға (сауалнама, бланк-интервью, сауалнама парағы және басқалары) негізделеді. Барлағыш зерттеудің бір түрі – экспресс-сауалнама.

 

18. СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ СҰХБАТТАСУҒА СИПАТТАМА БЕРІҢІЗ.

Социологиялық қауымдастықтан тыс  әдістердің ішінен сұрау ең белгілі  болып табылады. Көптеген адамдардың ойынша, социолог — бұл қоғамдық пікірге сұрау жүргізетін адам.

Алайда мұның барлығы сұрау  әдісінің белгілі шектеулігі бар  екендігін естен шығармау тиіс. Бұл  жерде эмпирикалық социологиялық  және маркетингтік мәліметтер алу үшін үш негізгі қайнар көзі бар екенін назарға алу қажет. Олар мыналар:

- деректік көздер;

- адамдардың жүріс-тұрысында, анық  әлеуметтік жағдайларда әлеуметтік  процестердің сыртқы көріністері;

- адамдардың өздері (олардың сөздері,  пікірлері, бағалаулары).

Бірінші қайнар көзіне құжаттар талдау әдісі сәйкес келеді, екіншісі бақылау  әдісі арқылы жақсы “сезіледі”. Сұрау үшінші типтегі ақпарат  алу үшін қолданылады. Сөйтіп, әлеуметтік шындықтың зерттелетін аясы статистикалық  және деректік ақпаратпен қамтамасыз етілуі неғұрлым әлсіз болып, зерттелетін  құбылыстар тура бақылауға қолайсыз болған сайын, зерттеуде сұрау әдісінің рөлі мен маңызы соғұрлым арта түседі.

Сұраудың нәтижесінде алынатын социологиялық ақпарат мұқият және сын көзбен қарауды талап етеді. Сұраудың нәтижелері қоғамдық сананың  дәл бейнесі ретінде қабылданған  кез болған (және ол өте күрделі  күйінде, 19 ғасырдың ортасынан бастап 20 ғасырдың 50-жылдардың басына дейін  ұзаққа созылды). Тек 20 ғасырдың 50-жылдары  ғана респонденттің, сұхбат алушы мен  зерттеушінің психологиялық күйлерімен ақпарат бұрмалау факторларын есепке алып, азайтуға мүмкіндік берген арнайы зерттеулер жүргізілді.

Сұраудың мәліметтеріне, сондай-ақ саяси, экономикалық және моральдық  атмосфера, іріктеу сапасы, сұхбат алушының дайындық деңгейі және т.б. сөзсіз әсер етеді.

Сұрау кезінде қолданылатын әдістемелік  тәсілдердің көбісі ақпаратты осы  секілді әсерлерден барынша “тазартуға”  бағдарланған.

Социологиялық және маркетингтік тәжірибеде сұрау түрлерінің тым тармақталған жіктелімі қалыптасқан. Ең алдымен, біз сұрауды сауалнама мен  сұхбатқа бөлеміз. Бірінші әдіс респонденттің  сұрақнаманы жазбаша толтыруын, екіншісі — сұрақнаманы сұхбат алушының респонденттің сөздерінен толтыруын  білдіреді. Шынында, халықаралық деңгейде қабылданған ағылшын терминологиясын  пайдалану кезінде мұндай бөлініс  проблемаларға тудырады. Егер кеңестік дәстүр сауалнаманы жазбаша толтырылатын құжат ретінде “сұрақнамадан” немесе “сұхбат бланкісінен” бөлсе, ағылшын  тілінде сауалнама да, сұрақнама  да “questіonnaіre” деген бір терминмен  белгіленеді. Сондықтан сауалнама  жүргізу емес, өзі толтырылатын сұрақнама (selfіng questіonnaіre) турасында айтылады. Дегенмен де, қолайлы болу үшін отандық  әдебиетте қалыптасып қалған “сауалнама жүргізу” терминін пайдаланатын боламыз.

Сауалнамашының (социологиялық қызмет қызметкерінің) қатысуымен сауалнама  жүргізу кеңестік қолданбалы социологияда кеңінен таралған әдіс болатын. Ол, әдетте, топта жүргізілетін.

Информация о работе Шпаргалка по "Социологии"