Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 19:07, шпаргалка
Работа содержит ответы на 55 вопросов по дисциплине "Социология".
Диаметральды қарама-қарсы
көзқарасты неміс социологы Р.Дарендорф
ұстанды. Ол үшін жанжал - жанжал социологиясының
орталық категориясы болып
29. «МӘДЕНИЕТ» ЖӘНЕ «СУБМӘДЕНИЕТ» АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚТЫ ТҮСІНДІРІҢІЗ. СУБМӘДЕНИЕТТІҢ ТҮРЛЕРІ.
Субмәдениет (лат. sub — төменгі, нем. kultur — мәдениет) — дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды.Субмәдениет - бұл қоғамның жай кедергі жасамауына болатын жастардың әлеуметтік белсенділігінің алаңы. Қазіргі жастардың жеке, өзіндік өмірге бүгінгі аса қиын және динамикалық (қозғалысты, көп сырлы) кезеңде аяқ басатындығын ұмытпауымыз керек. Оларға нағыз өмір туралы нақты кеңестер беріп, уақытында өз өмірлік тәжірибемізбен бөлісіп, олардың бастан кешіргендеріне сыйластықпен қарауымыз қажет. Буындар арасындағы түсініспеушілік, негізінен, сол кезеңнің әлеуметтік құрылымдарын, өмір тарихтарын білмегендіктен туындайды. Тарихтың белгілі бір кезеңіне қазіргі ғылыми биіктен қарап, бүгінгі түсініктер тұрғысынан саралап, дәуір психологиясын ескермей, мәселені сол заман адамдарының қандай көзқараспен танығандығын назардан тыс қалдырып жатамыз. Мәдениет (арабша “маданият” – қала, қалалық; латынша – өңдеу, өсіру деген ұғымдарды білдіреді) – 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, т.б.); 3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.); 4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет, т.б.).[1] Мәдениет[2] – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең. Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді. Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасында ең түбегейлісі — мәдени әрекет. Әрекеттену — жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары. Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен қүрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады. Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. «Салт-дәстүр, — дейді белгілі философ Гердер, — тіл мен мәдениет бастауларының анасы» [3]. Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, . сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді: «Олар — терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған түжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі». [4]. Ғасырлар бойы күнделікті іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған жазу-сызу мен азаматтық қоғам өлі жоқ кезде қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирасқорлықтың жалғыз мүмкіндігі болды.Әлеуметтік – құқықтық критерии бойынша бейформалдық бірлестіктер 3-ке жіктеледі: 1. просоциальді(жағымды бағыттағы)- жастарға жағымды, белсенді әсер ететін. 2. асоциальді(бейтарап түрде)- бос уақытты өткізу үшін құрылған. 3. антисоциальді(жағымсыз бағыттағы)- жастарға кері әсерін тигізетін бірлестіктер.
30.. САЯСИ ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ МЕН ПӘНІ
Саяси социологияның объектісін
саяси институттар, жүйелер, адамдардың
осы шеңбердегі іс-қимылдары, саясатқа
адамдардың, әлеуметтік қауымдастықтардың,
топтардың әсер етуі құрайды. Саяси
социологияның зерттеуінің
31. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДІНШІЛДІК
Діншілдік дегендегі меңзегеніңіз - «фанатизм», радикалдық іс-әрекет болса, оған дінде орын жоқ. Ұлтшылдық дегендегі меңзегеніңіз - нацизм, өз ұлтынан өзгені қаламау болса, оған да дінде орын жоқ. Кейбіреулер кеңестік термин бойынша ұлтын сүюді «ұлтжандылық» деп атап жүр. Қай қазақ бұлай атап еді? Сіздің сауалыңыз «былай тартса, өгіз өледі, олай тартса, арба сынадының» керін келтіріп тұр. Алайда ислам діні «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмаудың» жолын әлдеқашан көрсетіп, ата-бабамыз мұның өмірдегі өрнегін іске асырып кеткен.
Қазақ халқы кешегі кеңес
заманында діншілдіктен іргесін
аулақтап, мешіттерді атқораға айналдырып,
«ұлтжандылық» жетеді деп өмір сүріп
көрді. Алайда, дінінен айырылған
соң, барлық мәдени құндылығынан да, ділінен
де айырылып қалды. Бір тілі ғана бар
еді. Ол да әлі күнге дейін «Қызыл
кітаптан» шыға алмай жүр. Кешегі
ата-бабасы барлық құндылығымыздың
бастауы мен тірегі «дін» деп
өткенмен, олар әлі соның парқына
бара алмай, құр сандалып, желбуаз
сөз сөйлеп, босқа күйіп жүр.
Сондықтан, қазаққа дұрыс бағыттағы, орта
жолды ұстанатын діншілдік қажет. Ол діншілдіктің
ішінде дұрыс ұлтшылдық та бар. Ислам дінінде
Отан адамға қандай аманат болса, тіл де,
ұлт болып қалу да сондай аманат. Әлемдегі
түркі халықтары арасында исламды қабылдағандар
ғана өз ұлтының тұтастығын сақтап қалған. Қазақстанда
орташа жастағы адамдарға қарағанда жастар
дінге жақын. Алайда жастардың дінге деген
көзқарастары алуан түрлі. Олардың бір
бөлігінің діни сауаты шала-шарпы. Ендігі
бір бөлігі бұған қазіргі жастарға тән
үрдіс, яғни мода ретінде қарайды. Соған
қармастан жастар арасында дін туралы
ілімді жетік меңгерген сауатты азаматтар
да бар. Олардың арасында діни құндылықтарды
өзге құндылықтардың барлығынан жоғары
қоятындары да бар. Бұл әрине діннің шын
мәніндегі құндылықтары болса одан қорқатын
дәнеңе де жоқ. Ол мейлі, Ислам болсын,
ол мейлі, Христиан болсын. Алайда жастардың
бойына қайсыбір күштердің жалған құндылықтарды
сіңіретін кездері де болады. Бұл өте қауіпті
үрдіс. Өйткені ол діндер арасындағы алауыздықты
тудыратын, дін өкілдерін алалайтын қауіпті
үрдіс. Онымен әрине үздіксіз күрес жүргізу
қажет. «Бұл ретте бізге бірінші кезекте
бұл тақырыпты жан-жақты зерттеп-зерделеп
барып әрекет еткен жөн. Ол үшін әлеуметтік
зерттеулер жүргізу керек. Олар мониторинг
жүргізіле отырып, іске асып жатса, тіпті
жақсы. Бұлай болғанда, жастардың дінге
деген көзқарастары мен олардың қай дінге
бейілдігін, жастардың қандай топтары
дінге жақындығын тұрақты бақылауға болар
еді. Зерттеулердің республикалық деңгейде
болған да тиімді. Дінге қатысты айта кететін
тағы бір мәселе - түрлі діни көзқарастағы
жастардың диалогының болуы. Бұл өте маңызды
мәселе. Жастар көзқарастарының әралуандығына
қармастан, бір-бірінен қорықпастан, бір-біріне
қарсы шықпастан ортақ түсінік қалыптастыра
білулері керек.
32. КОНФЛИКТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
КОНФЛИКТІНІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Әлеуметтік жанжал - бұл
қоғам мүшелерінің жалпы
Жанжалдың жағымды және жағымсыздығына қатысты әр түрлі көзқарастар бар, осы жағдайда сөз жанжалдың жағымды және жағымсыз қызметтері жайында болады. Жабық сипаттағы ұзаққа созылған жанжалдар, адамның психикасын бұзады, үнемі шиеленіс күйінде ұстайды, сондықтан қарсылас жақтарды ашық соқтығысуға алып келетін күтпеген оқиға, жағдайларды бәсеңдетеді, психологиялық қызушылықты төмендетеді, дұрыс шешім индивидтердің өзара әлеуметтенуіне көмектеседі, позитивті өзгерістерді ынталандырады.
Жанжалдың тағы жағымды қызметі қоғамда жұмылдырушы рөл атқару қабілетіне, әлеуметтік өзгерістердің қозғаушы күші бола алуынан айқындалады.
Алайда жанжал көбінесе жағымсыз, бұзушы сипатта болады. Олар адамдарды күйзеліс күйіне, психикасын бұзуға, достарды, ғашықтарды ажыратуға, т.с.с. әкелуі мүмкін.
Жалпы жанжалды шешуді үш сатыға бөлуге болады.
1. Бірінші саты - дайындық,
жанжалға “диагноз” қою керек
болғанда, оның типін, күрделілік
дейгейін анықтау керек,
2. Екінші саты - келісімдердің өзі. Ол ұзақ болуы мүмкін.
Міндеттер келесіден тұрады:
1) Келісімге қатысушылардың қысымын жою, сонымен бірге баспасөзді де;
2) Сенім атмосферасын үнемі қолдау;
3) Басым проблемаға назар аудару;
4) Соңғы көзқарастарды бейтарап қалдыру;
5) Қатысушылардың әрқайсысы
өзінің пікірін айта алуы үшін
және қорытынды құжаттарды
3. Үшінші сатыда делдалға
қатысушының жанжалды
1) қатысушылар келісіммен
қанағаттанғандарын айтып
2) жанжалды шешу үшін болашаққа тиімді жасалынған ережені мойындау керек;
3) қабылданған келісімді іске асыру үшін бақылаудың әдістерін бекіту қажет;
4) қарсыластық ынтымақтастыққа
айналу үшін қабылданған
Жанжалды шешу процесін олардың
қатысушыларының
“Көгершіндер” стратегиясында жеңілісті қолдау позициясы көрініс береді және екі жақтың біреуі жеңілген жағдайында пайдаланылады. Мұндай жағдайда жанжалды шешудің жиі жалғасы болмайды.
“Қаршыға” стратегиясы қарсыласын міндетті түрде жеңуге ұйғарады. “Қаршыға” өзінің сызығында мықты тұрады және қарсыласынан көнуді талап етеді.
“Келісім беру” стратегиясы. Оның құндылықтарының бірі - келісім процесінің өзі. Сондықтан көну жеңіліс ретінде емес, проблеманың шешімі ретінде қабылданады.
Жанжалдарды реттеуде үлкен мәнге оның салдары, қорытынды сатысы ие. Бірақ оған әрине қарама-қайшылықтарды тұтастай жою күші және кез келген күресті тоқтату іске кірісуі тиіс.
Жанжалдың салдары әр түрлі
объективті және субъективті факторларға,
әсіресе жанжалды реттеуде айырмашылықтарды
жеңу әдісіне тәуелді. Оқиға жағымды
дамыған кезде, шығармашылық еңбек
пен демалысқа дәлденуге
33. ДІН ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰБЫЛЫС РЕТІНДЕ, ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ МЕН АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ ҚАНДАЙ
Ғылымда діннің мәні қалай бағаланып түсіндірілгенімен, социология қоғамның дінге әсер ету жәйтін мойындамай алмайды, жоқ дегенде теологияға қарағанда ол діннің мазмұнының және оны ұйымдастыру формаларының өзгерісін табиғи, эмпирикалық белгіленіп отыратын күштердің, бірінші кезекте әлеуметтік күштер әрекетінің нәтижесі ретінде түсінеді. Бұл дінді психология, философия немесе тарих қалай көріп, бейнелейтінінен ерекшеленеді.
Дін социологиялық талдаудың
нәтижесінде ең алдымен әлеуметтік
феномен ретінде алға шығады. Дінді
ғылыми анықтаудың қарапайым және ең
кең тараған әдісі ол индуктивті
әдіске негізделеді: мүмкіндігінше
қарастырылып отырған құбылысқа
қатысы бар фактілердің бәрін
жинап, оларды салыстыра отырып, зерттеліп
отырған феноменді сипаттаушы ретінде
ұқсас жақтарын, қайталанып отыратындарын,
ортақ қасиеттерін бөліп
Қандай да бір дінде
адамдардың ғажайыпқа негізделген
қоғамдастықтарға ұйымдасуы еш анықтамаға
келмейтін жағдайлар көп