Шпаргалка по "Социологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 19:07, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на 55 вопросов по дисциплине "Социология".

Прикрепленные файлы: 1 файл

социология.docx

— 193.65 Кб (Скачать документ)

1 ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ МЕН ПӘНІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ

Объект дегеніміз —  бізді қоршап түрғам объективтік  нақтылы өмір. ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірлестері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті,  қызметі,  санасы,  тәртібі,  т.б.  Бұлар  зерттелетін объекті  болғаннан  кейін субъектіден тәуелсіз,  тыс  өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады. Осыдан әлеуметтанудың пәні шығады. Әрбір ғылымның пәні зерттеушінің қалауы мен таңдауының  негізінде  алынған  кез  келген  қоғамдағы  құбьлыс. Процес немесе көкей кесті мәселенің артықшылығын, қасиеттерін, сапасын логикалық түрғыдан жан-жақты талдау негізінде адамдардың немесе өлеуметтік үйымдардың бірігіп үйымдасып еңбек етуін, қызмет атқаруын, жұмыс істеуін, жалпы материалдық, рухани іс-әрекеттердің, олардың арасындағы алуан түрлі қатынастардың бір-біріне әрекетін, түрлерін жан-жақты терең танып, білуді әлеуметтанудың пәні деп айтады.  Әлеуметтану жеке білім саласы ретінде келесі негізгі қызметтерді орындайды: 

1) теоретико-танымдық функциясы,  әлеуметтік дамудың заңдылықтарымен,  әртүрлі әлеуметтік құбылыстар  мен үрдістердің өзгеру тенденцияларымен, зерттеулермен байланысты. Бұл қағида  қазіргі уақыттың көкейтесті  мәселелеріне ғылыми жауап беріп, жетілдіруге жол ұсынады; 

2) әдістемелік, әлеуметтанудың  концептуальды аппаратын құрастыруға,  жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді; 

3) басқару функциясы, әлеуметтанумен  ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар  қоғам, аумақ, кәсіпорын, ұйым  аумағында шешім қабылдауға негіз болуына байланысты; 

4) тәжірибелік функция,  тәжірибелік маңызы бар ұсыныстарды құрастыруға мүмкіндік береді; 

5) болжамдық функция, келешекте  әлеуметтік үрдістердің тенденциясы  жөнінде ғылыми негізделген болжамдарды  құрастыру. Қоғамдық өмірдің әртүрлі  салаларының дамуын жоспарлау  үшін, социологиялық зерттеулерді  қоғам өмірінде қолданудың маңызы  зор. Әлеуметтік жоспарлау бөлек  аумақ пен елдердің, әлемдік қауымдастығының  өмір әрекетінің белгілі үрдістерінен  бастап, қала, ауыл, бөлек кәсіпорын  мен ұжымдардың өмірін әлеуметтік  жоспарлаумен аяқтап, кең аумақтарды  қамтиды..

 

2.ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ  БАСҚА ҒЫЛЫМДАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Әлеуметтанудың қоғамтану  және гуманитарлық ғылымдар жүйесінде  алатын орны, ең алдымен, әлеуметтанудың қоғам жөніндегі ғылым ретінде  айқындалуы, яғни барлық басқа қоғамтану  және гуманитарлық ғылымдардың әдістемесі мен қағидасы негізін атқарады. Адам және оның әрекетін зерттеу техникасы  мен әдістемесі, әлеуметтанумен құрастырылған, әлеуметтік өлшем әдістері барлық басқа  гуманитарлық ғылымдармен қолданылады. Әлеуметтану білім жүйесі ретінде  басқа ғылымдармен байланыс жүргізбей  дамып, қызметін атқара алмайды. Адам әлемімен байланысты, қоғамтану ғылымдар арасында әлеуметтану жетекші қызмет атқарады. Егер тарих әлеуметтік үрдістердің пайда болуын зерттесе, әлеуметтану уақыт пен кеңістікте қайталанатын, яғни барлық әлеуметтік-мәдени құбылыстарға – барлық соғыстарға, барлық ұлттар мен діндерге және т.б. ортақ келіп, жалпы қоғам қасиеттерін зерттейді. Осы айырмашылықтарға қарамастан, әлеуметтану мен тарих арасында байланыс өте берік және өзара-қажет. Тарих та, әлеуметтану да қоғамның зерттеу объектісі болып келеді.  Тарих сияқты, әлеуметтану да екі негізгі мәселемен ұштасады, біріншіден, белгілі әлеуметтік заңдылықтардың болуымен, және, екіншіден, қоғам дамуына ықпал ететін, жеке, дара, қайталанбас құбылыстар мен үрдістердің дамуымен. Құндылықтар мен нормалардың, қатынастардың субъективті-объективті байланыс эволюциясын айқындауға, тек тарих пен әлеуметтанудың бірлескен күші нәтижиесінде ғана жетуі мүмкін. Екі ғылымның өзара әрекеті – саясаттану мен әлеуметтану ғылымының жаңа ғылым саласын – саяси әлеуметтануды белгіледі. Әлеуметтану философиямен тығыз байланысты. Олардың негізінде адамзаттың әлеуметтік ойының алғашқы тұтастық байланысы жатады. Философияның принциптері, категориялары мен заңдары қоғам, қоғамдық қатынастар, әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік әрекеттер әлеуметтану түсінігінің негізіне жатады. Философия материя, сана түсініктерін қолданса, әлеуметтану – әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар, мәдениет пен қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын зерттейді.

 

3. ӘЛЕУМЕТТАНУ  БІЛІМІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Сонымен, әлеуметтік білімнің құрылымы деп қоғамның әлеуметтік жүйесінің серпінді дамуы, іс-әрекет, қызмет жүргізілуі туралы әр түрлі жиналған фактілерді, ақпараттарды, хабар-мәліметтерді ғылыми дұрыс түсіндіруді  және ғылыми ұғымдардың жиынтығының  реттелуін, тәртіпке келтірілуін айтамыз. Әлеуметтік білімнің негізгі құрылымы, тұжырымы, қағида, бағыттары мыналар:

1.Қоғам біртұтас әлеуметтік жүйе. Бұл тұжырым, қағида өзінің  зерттеу объектісінде қоғамдық  қатынастар жүйесін, олардың мазмұнын  зерттейді.

2.Қоғамның жеке салаларының дамуын,атқаратын қызметі туралы түсініктердің  байланысын-экономикалық, саяси, рухани,т.б. салаларын, әрбір салада  жеке тұлғанын немесе әлеуметтік топтардың қызметінің әлеуметтік  қалыптасу мүмкіндігін зерттейді.

3.Қоғамның әлеуметтік құрылымы  немесе жалпы әлеуметтік құрылым  туралы білімді қалыптастыру  үшін әлеуметтік топтардың экономикалық, әлеуметтік,саяси, рухани қатынастар  жүйесіндк алатын орны мен  байланысы туралы білімдер болуы  керек. Әлеуметтік топтар деп  отырғанымыз – үлкен топтар, кішігірім  топтар, кәсіби мамандандырылған  топтар, демографиялық және этникалық  топтар.

4. Саяси әлеуметтануға кіретін  алуан түрлі ғылыми  түсініктер, ой-пікірлер, теориялар. Бұған жататын зертеу объектілері: а) әлеуметтік топтардың саяси қатынастар жүйесіндегі алатын орны;

ә) қоғам субъектілерінің әлеуметтік – саяси құқық және бостандықты, тәуелсіздікті алудың жолдары мен  тәсілдері туралы;

б) қоғамның саяси жүйесінің құрылымы, қызметі және функциясы туралы;

5. Әлеуметтік институттардың (мемлекет, құқық, ғылым, мәдениет, отбасы, т.б.) қызметтері туралы ғылыми түсініктер  мен қортындылар;

6.Қоғамның жеке салаларының және  кішігірім жүйесінің қызметтері  туралы теория. Оны мынандай объектілерді  зерттеу арқылы түсінуге болады: өндірістік ұжымдар, ресми емес  топтар мен ұйымдар, адамдар  арасындағы кішігірім топтар, жеке  тұлғалар, т.б. кіреді.

 

4. О.КОНТ – ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ. ОНЫҢ ҚОҒАМНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІН ҚАРАСТЫРУЫ.

Әлеуметтік статистика және динамика тұжырымдамасы Конт Огюст (19.1.1798 – 5.9.1857) – француз философы, социологияның негізін қалаушылардың бірі О.Конт социологияның пәнін жалпыға ортақ келісім негізін құрайтын тұтас алынған қоғам деп түсінді. Бұл келісім өз кезегінде адамзат тарихының және адамның өз табиғатының бірлігіне арқа сүйейді. О.Конт оң социологиялық білімді табиғи-физикалық процестерге ұқсатып құрды. Социологияны әлеуметтік физика деп түсіну, оның пәндік саласын әлеуметтік статикаға және әлеуметтік динамикаға бөлу осыдан келіп шыққан.. Әлеуметтік статика  қоғамды олардың элементтерінің тұтастығы мен тепе-теңдігі  жағдайы ретінде зерттейді және негізгі  заңы ретінде әлеуметтік гармония заңың  қолданады. Әлеуметтік статиканың міндеті – отбасы, адам, өмір шарттарын зерттеу. Әлеуметтік динамика қоғам дамуының жетекші  күшін айқындайды. Конт мазмұндауында мұндай күштерге; экономикалық табиғи шарттар, климат, географиялық орта, сондай-ақ адам санасы, ойы, көз-қарастары жатады. Әлеуметтік статика, өмір сүру  заңдарын қарастырса, әлеуметтік динамика қоғам өзгерісінің кезеңдерін мен заңдарын сипаттайдыТеологилық кезеңді Конт қоғам дамуының белгілі кезеңі 17-18 ғасырға дейін созылған деп дәйектеді. Сол кезеңде идеялық сипаттағы негізгі үстем күш дін болды. Бұл кезеңде адамзат санасы құбылыстардың не бастапқы не соңғы себебін табуға тырысады. Адам санасы абсолюттік білімге тырысады.Екінші кезең – метафизикалық. Қоғамда абстракция, метафизикалық концепциялар үстемдік етеді. Бұған Конт материалистік философия мен  революциялық қағидаларды жатқызады. Бұл концепцияларды сынға алып,  ол марксизмнің, әсіресе таптық  күрес жөніндегі көз-қарастарымен келіспеді.Үшінші кезең - позитивистік. Конт тұжырымы бойынша, қоғам үшін ең лайықты кезен деп сипаттады. Бұл діни, философиялық тұжырымдамалардан алшақтап, эмпиризм, физикализм, позитивизм принциптер негізінде  қоғамның барлық салаларын қарастырады. Эмпиризм - дүние жөнінде нақты ақиқат дерегі ретінде тәжірибе болып табылады. Позитивизм – пәніне нақты фактілер ғана жатқызылады. Физикализм – бұл физика ғылымы  тұрғысында қарастырылатын, ғылыми түсініктер. Осымен Конт әлеуметтануды жаратылыстану ғылымдары, әсірессе физика үлгісі бойынша бағыттады.

 

5 ӘЛЕУМЕТТІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР, ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДАР ЖӘНЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР.

Әлеуметтік  іс-әрекет” ұғымы - социологиядағы негізгі түсініктердің бірі. Социологияда “әлеуметтік іс-әрекет” ұғымын алғаш рет енгізген және ғылыми негіздеген М.Вебер болатын. М.Вебердің түсінігінше әлеуметтік іс-әрекеттің кем дегенде екі ерекшелігі бар: біріншіден, ол оңтайлы, саналы түрде болуы, ал екіншіден басқа адамдардың мінез-құлқына бағытталуы қажет. Әлеуметтік іс-әрекеттің мұндай ұғымы бойынша адамдардың әлеуметтік емес, материалдық объектілерге бағытталған іс-әрекеттерін әлеуметтік іс-әрекеттер деп атауға болмайды.Әлеуметтік іс-әрекеттің анатомиясын сипаттай отырып, социолог-функционалистер көбіне оның мынадай негізгі элементтерін бөліп көрсетеді:өздерінің қажеттіліктері және соған орай мүдделері мен мақсаттары бар әрекет етуші (немесе әрекет етпейтін) жеке адам немесе адамдар тобы; әрекет өтетін нақты орта;әрекет субъектісінің ортаның нақты шарттарына бағыт ұстауы, ол алға қойылған мақсатқа жетудің нақты жолдарын анықтауға мүмкіндік береді; әрекет субъектісінің басқаларға, өз әрекетіне олардың жауап әрекетіне бағыт ұстауы. Бұл ретте басқаларға бағыт ұстау жеке тұлғамен немесе саны азды-көпті тұлғалар тобымен, тіпті жалпы қоғаммен өзара байланысты және өзара іс-әрекетті ескеруді көздейді. Әлеуметтік іс-әрекет - бір субъектінің іс-әрекеті басқалардың жауап іс-әрекетінің себебі мен салдары болатын өзара шарттылық әлеуметтік әрекеттер жүйесі . Әлеуметтік іс-әрекеттің объективті және субъективті жақтары болады. Өзара іс-әрекеттің объективті жағы - жеке тұлғаларға емес, бірақ олардың өзара іс-әрекеттің мазмұны мен сипатын көрсететін және бақылайтын байланыстар. Өзара іс-әрекеттің субъективті жағы - жеке адамдардың тиісті мінез-құлықтың өзара экспектациясына (күтілуіне) негізделген бір-біріне саналы қарым-қатынасы. Бұл жеке адамдар арасындағы нақты орын мен уақыт жағдайында қалыптасатын тікелей байланыстар мен қарым-қатынастар болып табылатын әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынастар.Әлеуметтік іс-әрекет мыналарды қамтиды:қандай да бір әрекет етуші индивидтерді;осы әрекеттерден болған сыртқы дүниедегі өзгерістерді;бұл өзгерістердің басқа жеке адамдарға әсерін; ықпал етілген жеке адамдардың жауап әрекетінІс-әрекеттің тағы екі жалпы түрі бар: ынтымақтастық және бақталастық (кейде бәсекелестік деп атайды). Ынтымақтастық жеке адамдардың іс-әрекеті екі жаққа да тиімді ортақ мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған өзара байланысты әрекеттерін білдіреді. Бақталастық негізіндегі іс-әрекет бірдей мақсатқа ұмтылған бәсекелесін шеттетуге, одан озуға немесе оны басып тастауға ұмтылыстарды қамтиды. Іс-әрекеттің жалғасуы орнықты, көп қырлы және тіпті тұрақты болуы мүмкін. Орнықты іс-әрекет барысында жеке адамдардың ойлағаны үнемі түрін өзгертіп отырады, бірақ сонымен қатар іс-әрекет едәуір реттелген және алдын ала болжанатын түр беретін орнықты әлеуметтік ойлардың белгілі бір жиынтығы пайда болады. Мұндай реттелген және орнықты әлеуметтік іс-әрекеттерді әлеуметтік қарым-қатынастар деп атайды.Әлеуметтік қарым-қатынастар - жеке адамдардың және қоғамдық құрылымдардағы әлеуметтік мәртебелері мен рөлдері бойынша айырмасы болатын сапасы әр түрлі қызмет түрлерін тұрақты атқарушылар ретінде әлеуметтік топтар арасындағы салыстырмалы орнықты байланыстар. “Әлеуметтік қарым-қатынастар” ұғымының мынадай белгілері болады: адамдардың қоғамдық өмірінде болатын барлық іс-әрекеттері;адамдардың экономикалық, саяси және рухани-мәдени қарым-қатынастар шеңберінен шығып кететін, олармен қатарласа жүретін және салыстырмалы түрде олардан бөлек болатын іс-әрекеттер;қоғамның үлкен топтары - таптармен, этностармен, әр түрлі елдер мен аймақтар халқымен қарым-қатынастар;

барлық әлеуметтік топтар арасындағы, соның ішінде кіші топтар - отбасылар, еңбек ұжымдары, көршілер қауымы, дос-жарандар және т.с.с. арасындағы қарым-қатынастар;

адамдардың және олардың  азаматтық қоғам дейтінді, яғни қоғамдық өмірдің мемлекет пен бизнес реттемейтін  саласын құрайтын топтарының іс-әрекеті;

адамдардың бір-бірімен  бірлескен қызметінде пайда болатын  тікелей байланысты (көзбе-көз) және жанама (сырттай) сипаты бар іс-әрекеттері;

индивидтердің өмірдің шағын  ортасын құрайтын іс-әрекеттері;

қоғамдағы адамдар мен  олардың топтарының іс-әрекеттінің  өзге де жақтары мен қырлары.

 

6 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ ӘЛЕМДІК ҒЫЛЫМДА ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУЫ.

Экономикалық әлеуметтану  жалпы әлеуметтану ғылымының  қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы теориясы болып саналады. Бұл арнаулы теория жалпы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды Нарыққа  өту кезеңінде экономикалық өмір социологиялық зерттеудің ең маңызды  объектілерінің біріне айналды. Экономикалық социология жеке ғылыми пән ретінде  өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адам факторы  да әсер ететіндігін көрсеткен басқару  тәжірибесіне жауап ретінде ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды. Экономикалық социология немен айналысады? Осы  ғылыми көзқарастың социология және экономикалық ғылымдармен салыстырғанда  өзіндік ерекшелігі неде? Бұл пәннің өзіне тән ерекшелігін анықтау  үшін басқа ғылымдармен сәйкес келмейтін  өзіндік зерттеу пәнін және әдісін анықтап алу қажет.

Экономикалық өмірге социологиялық  тұрғыдан қарау, оны адамдар арасындағы қатынастардың бір саласы ретінде  қарастыру, біздің түсінігімізді айтарлықтай  кеңейтіп тереңдете түседі. Ол бүгінгі  күнде заман талабына сай болып  отырған нарық, өндіріс, тұтыну т.б  процестердің экономикалық саралау  саласында қандай да бір қосымша  немесе қосалқы құрал болып саналмайды. Экономикалық социология экономиканы ондағы әреект етуші әлеуметтік топтардың белсенділігімен, олардың мүдделерімен, жүріс-тұрысы мен өзара әрекеттесуімен қозғау алатын әлеуметтік процесс ретінде сипаттайды.

Экономикалық теория көп  жағдайда материалдық, қаржылық, ақпараттық ресурстардың дайын өнім мен қызметке айналу қатынастарын зерттейді. Социология өз кезегінде тікелей адамның  іс-әрекетіне және әлеуметтік байланыстарға  көбірек көңіл бөледі. Экономика  екі ғылымның да зерттеу объектісі  болып табылады, алайда әрбір пән  экономикалық құбылыстарды зерттеп  білуде өз көзқарастарын ұсынып, әр түрлі міндеттер қояды, мәліметтерді жинау мен талдауда өз әдістерін  қолданады. Қазіргі күнде экономикалық социология ықпалына енген сұрақтар бұрынырақ белгілі бір деңгейде индустриалды социология, еңбек социологиясы, аймақ социологиясы, басқару социологиясы, ұйымдастыру социологиясы және басқа  да сол секілді шектес бағыттарда қозғалған еді. Бұл пәндер экономикалық социологияның пәнаралық ғылыми бағыт ретінде қалыптасуы үшін іс жүзінде тұжырымдық негіз дайындап берді. Олардың соңғысы - жұмыссыздық пен жұмыспен қамту, өндірістік ұйымдардың құрылымы мен түрлері, еңбек қатынастары, үй шаруашылығының қызмет етуі, әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылым, кәсіпкерліктің дамуы және басқа мәселелер ортақ тақырыпқа ие болды

 

7.ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІНЕ  ӘСЕР ЕТУШІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ  СИПАТТАМАСЫ

Социологияның бірінші кезектегі  проблемаларының бірі - әлеуметтену  процесі болып табылады. “Әлеуметтену” ұғымы жалпылама түрде индивидтің әлеуметтік топ пен жалпы қоғамға тән мәдениет ұғымына кіретін және индивидке қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді субъектісі ретінде қызмет атқаруына мүмкіндік беретін белгілі бір білім, норма, құндылық, ұстаным, мінез үлгілері жүйелерін меңгеруі процесін сипаттайды.

Әлеуметтенуден бейімделуді (жаңа шарттарға үйренудің уақыт  бойынша шектелген процесі), оқытуды (жаңа білім алу), тәрбиені (әлеуметтендірудің агенттері мен институттарының индивидтің рухани аясы мен мінез-құлқына мақсатты түрде ықпал етуі), есеюді (адамның 10 жастан 20 жасқа дейінгі кезеңде әлеуметтік психологиялық қалыптасуы) және ержетуді (адам организмінің жеткіншектік және жастық шағындағы нығаюының физикалық-физиологиялық процесі) ажырата білу қажет.

Әлеуметтену процесі негізгі өмір тізбектері деп аталатын сатылардан өтеді. Бұл балалық, жастық, ересектік және қарттық шақ. Әлеуметтену процесінің нәтижеге жетуі немесе аяқталуы бойынша балалық пен жастық кезеңдерді қамтитын бастапқы, немесе ерте әлеуметтенуге және басқа екі кезеңді қамтитын жалғасқан әлеуметтенуге бөлуге болады. Өмір тізбектері әлеуметтік рөлдердің алмасуымен, жаңа мәртебеге ие болумен, зиянды әдеттерден, айналасындағылардан, достық байланыстардан бас тартумен, өмір салтын өзгертумен байланысты. Ескі құндылықтарды, нормаларды, рөлдер мен мінез-құлық ережелерін ұмыту әлеуметсіздену деп аталады. Содан кейінгі ескі құндылықтардың орнына жаңа құндылықтарға, нормаларға, рөлдер мен мінез-құлық ережелеріне үйрену қайта әлеуметтену деп аталады.

Әлеуметтенудің мәні адамды өз қоғамының мүшесі етіп қалыптастыратындығында. Кез келген қоғам өзінің әлеуметтік, мәдени, діни, этикалық мұраттарына  барынша сай келетін адамның  белгілі бір типін қалыптастыруға тырысып келген және тырысады. Алайда бұл мұраттардың мазмұны тарихи дәстүрлерге, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуға, қоғамдық және саяси  құрылымға қарай әр түрлі болады. Дей тұрғанмен қазіргі заманда  қоғамның толыққанды мүшесінің мұраты көп, жалпы немесе әр түрлі қауымдастықтар үшін азды-көпті үйлесетін сипаттамасы  бар екенін айтуға болады. Соған  сәйкес әлеуметтену процесі де әр түрлі қоғамдарда белгілі бір  ерекшеліктерді сақтай отырып, әмбебап  және үйлесімді сипаттамаға ие болады, бұл ғаламдық, жалпы планеталық және жалпы әлемдік тенденциялармен (урбанизация  мен ақпараттандырудан экологиялық  және демографиялық үрдістерге дейін) байланысты.

Информация о работе Шпаргалка по "Социологии"