Тулга теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 19:01, реферат

Краткое описание

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.
Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.
Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.

Содержание

1. Алғы сөз …….…………………………………………......................................
2. Жалпы мәліметтер …………………………….……….....................................
3. Курстың мақсаты мен міндеті .....……………………………………...............
4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері .....…………...............................
5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме .……................................................ ............
6. Оқу сабақтарының құрылымы .…………………………..................................
7. Студентке арналған ережелер ..……………………..........................................
8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып
бойынша бөліну кестесі .………..............................................................................…….
9. Лекция сабақтарының мазмұны .........................................................................
10. Семинар сабақтарының жоспары ........................................................................
11. СӨЖ жоспары және орындау кестесі ..................................................................
12. ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі ......................................................…..
13. Студенттердің білімін бақылау түрлері: ............................................................
а) бақылау сұрақтары
б) жазбаша бақылау жұмысы
в) тест сұрақтары
14. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі ...................
15. Пән бойынша оқу процесінің картасы ...………………....................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

тулга теориясы.doc

— 1.06 Мб (Скачать документ)

Психологияда қарым-қатынас мәселесін  зерттеудің өз дәстүрі бар және психологияда аталған мәселені зерттеудің үш кезеңін  атап көрсетуге болады.

1) В.М.Бехтеревтің зерттеулері, ол бірінші рет адамның психикалық факторы ретінде қарым-қатынастың ролі туралы мәселені көтереді. Бірақ Бехтеревте қарым-қатынас үрдісі өз бетімен зерттеу жұмысының нысанасы болған жоқ. Қарым-қатынастың психикалық үрдістер мен атқаратын қызметіне әсер теудің тек қана нәтижелік жағы қолданылады.

2) 70-жылдарға дейін қарым-қатынас  мәселесін талдауда теориялық-философиялық  көзқарас ерекше кең тарады. Қарым-қатынас  ұғымы әлеуметтік себептілік, адам  психикасының ролі жеке тұлғаның  әлеуметтенуі туралы қағиданың негіздеу үшін қолданылды. Мәселен, Л.С.Выготскийдің еңбектерінде қарым-қатынас адамның психикалық дамуының факторы, оны реттеудің шарты ретінде негізгі орынды алды. Бұл кезеңді қарым-қатынастың ролі мен атқаратын қызметін теориялық талдау кезеңі ретінде сипаттауға болады.

3) 70-жылдары қарым-қатынас психологиялық  зертеулердің дербес саласы ретінде  қарастырыла бастады. Бұл кезең  психологияда қарым-қатынас мәселесінің  шын мәнінде дүниеге келген  кезеңі болып табылады.

Қарым-қатынас – бұл біріңғай іс-әрекетттің қажеттіліктерінен туындайтын адамдар арасындағы байланыстың дамуының жан-жақты үрдісі.

Қарым – қатынас оның қатынасушыларының  арасында ақпарат алмасуды қамтиды, ол қарым-қатынастың коммуниктивтік жағы ретінде сипатталады. Қарым-қатынастың екінші жағы – қатынасушылардың өзарар әрекеті, сөйлеу үрдісінде тек сөздермен емес, сонымен қатар әрекеттермен, қылықтармен алмасады. Ең соңында қарым-қатынастың үшінші жағы – қарым – қатынас жасаушылардың бірін-бірі қабылдауын қарастырады. Қарым-қатынас және іс-әрекет бірі мен бірі байланысты. Бірлескен қызметінде адам басқа адамдармен қажеттілігіне қарай бірігеді, қарым-қатынас жасайды, жақындасады, өзара түсінісуге қолы жетеді, ақпарат алады және т.б. Шын мәнінде, қарым-қатынас үрдісінде қатысы болмайтын адамға тән психикалық құбылыстарды табу өте қиын. Қарым-қатынас, іс-әрекетпен бөлінбес байланыста, жеке тұлға адамзаттың жасақтаған нәтижесін меңгереді.

Қарым-қатынас – адамдардың бір-бірімен  байланысы,оның барысында психикалық байланыс пайда болады, ол ақпарат алмасу, өзарар әсер ету, өзара көңіл білдіру, өзара түсінісу түрінде аңғарылады.

Соңғы жылдары ғылымда “қатынас”  ұғымымен қатар “коммуникация” деген  ұғым қолданылады. Коммуникация көлемі жағынан кең мағынада қолданылады. Қарым-қатынас – адамдар арасында ақпарат алмасу. Адам өзінің іс-әрекетінде және күнделікті тұрмысында басқа адамдармен әруақытта да қарым-қатынаста болады. Бұл қарым-қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің арқасында іске асады.

Ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін  басқа адамдарға хабарлай алады және өзі басқа адамдардың ойларын түсіне алады, олардың сезімдері мен ұмтылыстары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым – қатынасында әрбір адам білімінің көп бөлігін басқа адамдардан алады. Жинақталған тәжірибені және білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады, беру және алу негізінен тілдің көмегімен іске асады.

Сонымен, сөйлеу – бұл тілдің көмегімен  адамдардың өзара қарым–қатынас  үрдісі.

“Сөйлеу” және “тіл” ұғымдары кей жағдайда бір мағынада қолданылады. Бірақ бұл ұғымдардың мағыналарын шатастыру дұрыс болмас. Сөйлеу мен тіл бір-бірімен тығыз байлаынсты, бірақ бұл екеуі бір ұғым емес.

 

27-лекция

Жақсы адамдық қатынас  психотерапевтік әсер ету ретінде

(1 сағат)

Жоспары:

 

 

1. Адамдық қатынас  түсінігі;

2. Психотерапевт ролі;

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Асмолов А.Г. Психология личности:
  2. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.
  3. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.
  4. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.
  5. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.
  6. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.
  7. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.
  8. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.
  9. Маслоу А.Г. Мотивация и личность. Санкт – Петербург., 2001.

 

Лекцияның мәтіні:

Адамдар аралық қатынастар сипатына ықпал етуші факторлардың бірі психологиялық  үйлестік (үйлесімсіздік). Көп жағдайда адамдар өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бірін-бірі керек етеді, бірақ көзқарас, ниеттеріндегі болмашы айырмашылықтардан өзара қатынастарын қалыпқа түсіре алмайды. Мұндай толық психологиялық үйлесім таба алмаған жандар арасында біршама ұнамды қызметтік қатынас болмағанымен, уақыт өтумен бірте-бірте өрім түскен арақатынастағы жеке психологиялық үйлеспеушілік олардың ресми байланыстарының кедергісіне айналады.

Адамдар арасындағы қатынастардың  өзгеруіне мүмкін болар себеп  – бұл нақты адамдар қатынастарының туындап, дамитын әлеуметтік психологиялық орта сипатының ауысуы. Екі немесе одан да көп адамдар бірін-бірі өте қажетсінеді, орталарында толық психологиялық үйлестік болған, бірақ кенеттен өзгерген әлеуметтік-саяси жағдай оларды әртүрлі партиялар мен ағымдарға енуінен екі жікке бөліп тастайды. Мұндай жағдай жастарда кездесіп тұрады: өзарар келісімді жас жұбайлардың өмірі кенет олармен психологиялық үйлесім таппаған жақын туыстарының ықпалынан құрдымға кеетді. Мейлі, бұл жас жұбайлар арарсындағы қатынас кейін ресми бекінгенмен, тату-тәтті туысқандық қатынастар арасындағыдай шапағатты жалғасын табуы қиын.

Адамдар қатынасының орнығуы немесе өзгеруіне және бір себепші фактор – бұл адамдардың жас деңгейі. Өмір бойы топтаған тұрмыстық-әлеуметтік тәжірибе адамға, оның төңірегіндегі жандарға, болып жатқан оқиғаларға әсерін тигізбей қоймайды. Жас деңгейі әртүрлі адамдардың бір оқиғиғаға болған бағасы бірінен бірі алшақ болуы әбден ықтимал, жастық айырма неғұрлым үлкен болса, психологиялық келіспеушілік те соншама болады. Мысалы, жастардың киімі, өнер талғамы үлкендерге ұнай бермейтініне бәріміз де куәміз. Бұл жағдай әулеттер арасындағы қатынастардың мән-мағынасына өз әсерін білдірмей қоймайды. Ал осы төңірегіндегілермен болған өз қатынасының сипатын адам өзі сезе ала ма, не сезбей ме? Бұл сұраққа жауап бірнеше жағдайларға тіреледі. Біріншіден, бұл нақты адамның ой-өріс (сана-сезімі) даму деңгейіне байланысты. Ақыл-есі біршама жетілген адамдар өздерінің төңірегіндегілермен қатынсын жақсы түсініп, дұрыс қабылдайды. Адам аралық қатынастарды орынды сезіну және бағалау жоғары дамыған рефлекстік қабілетті керек етеді (қоршаған ортадан келіп түскен ақпараттық сигналдарды жан-жақты мәндік байланысымен қабылдап, жауап бере алу).

Екіншіден, бұл адамның жасына тәуелді. Егделер балаларға қарғанда өзара қатынасты дәлірек пайымдайды, ұнамды не біржақты келеңсіз қатынастарды оңай бағалап, бейтарап қатынасты да орынды сезінеді. Өмірде екі ұшты немесе амбиваленттік және өз ішіне ұнамды да, жағымсыз да сипаттарды бірдей қамтыған қарама-қарсылықты қатынастарды бағалау күрделірек келеді.

Адамдар арсындағы қатынастар сол  қатынастардың нақты адам өміріндегі маңызына қарай да бағаланады. Қарым-қатынас  адам үшін неғұрлым маңызды болса, оның бағалануында соғұрлым дәлсіздіктер жіберілуі  мүмкін. өзінің төңірегіндегілермен байланысына аса үлкен мән берген адамдар, арақатынастарының ұнамды тараптарын асыра мақтауға бейім келеді. Керісінше, кім де кіммен ұнамсыз қатынаста болса, адам ондайда қарсыласын түбін түсіре жамандауға ниеттенді де тұрады.

Әрқилы адамдардың өзара қатынастарын тануда көптеген жеке дара ерекшеліктер бар. Кейбір ой-сезімі толысқан, парасатты  адамдар өзарар қатынастарды жан-жақты  пайымдаумен, дұрыс қабылдауға қабілетті, екінші біреулердің жалпы ой пікір  айтуға тіпті өрісі жетпейді, ал үшіншілері  төңірегіндегілердің өзіне деген бағасын бірде дұрыс түсінсе, бірде оған сана-сезімі жетпей қалады.

Адам аралық қатынастар толық қалыптасып, орныққаннан былай біркелкі тұрақты  қалыпқа келеді. Егер де қатынастарға тән осы қасиет болмағанда, адамзаттық қауымдар: мемелекет, мекеме және топтар түзілмес еді. Себебі қауымдық бірлестіктердің негізі жалпы адамдардың өзара қатынасының тұрақтылығымен біртекті болжамға келуінде. Ал жеке тұлғалар арасындағы өзара байланыстар тұрақтылық дәрежесінің біршама кемдігімен ерекшеленеді.

Үлкен әлеуметтік топтардағы қызметтік, ресми қатынастар өзінің күшті мызғымастығымен  байқалады, кіші топтағы байланыстар  да біршама осылай, ірілі-кішілі қауымдастықтардағы қарым-қатынастар көптеген өмірлік  маңызы зор факторларға тәуелді, сондықтан адамдар мұндай жағдайдағы қатынастарды өзгерте бергенді онша құптамайды. Егер күнара субъекттердің ниетіне орай төңкерістер бола берсе, қоғам аласапыран таусылмай кетері баршаға аян.

Жеке адамдар арасындағы қатынастар өте нәзік те үзілгіш келеді, себебі нақты тұлғалар арасындағы қатынастар сол қатынас иелерінің құбылмалы көңіл-күйіне тәуелді. Уақыттың өтуімен, жастың егде тартуымен аралық қатынастар тұрақтала түседі, балалық пен жас өспірім шақтағы адамдар арасындағы бұрқасын жол таңдау бұл кезде сабасына келе бастайды, адамның ішкі дүниесі сабыр тауып, кездейсоқ қатынас, байланыстарға құлай түспей, өз қалауын таңдай алу қабілетіне жетеді. Қатынастардың тұрақталуының және бір жөні адамдар бірін-бірі жете танып, бірінің қылығына екіншісі көнігіп, өзара үйлесімге бейімделуі.     

Адамдардың алғашқы танысуынан олар арасындағы бұдан былайғы қатынастардың  қай сипатта боларын аңғара слау өте қиын. Көп жағдайда, тым жақсы  басталған таныстық  қапелімде, үзіледі, ал кейде тіпті басқаша да болады: алғашқысында әйтеуір бірдеңеден ұнтапай жүрген адамына бара-бара үлкен құрметпен қатынас көрсеткендер де аз емес. Мұндай жағдайлар адамдардың бір-біріне адлғашқы танысудан берген бағалары мен қабылдауына байланысты психологиялық заңдылықтарға орай туындайды.

Нақты мезеттегі адамдар арасында болатын қатынастардың сипаты көптеген шарттарға тәуелді, мысалы, адамның  денсаулығы мен психологиялық кейпі. Ден сау, көңіл көтеріңкі болса, төңірегіндегілермен қатынас та жақсы, үйлесе түседі. Көңіл-күйге жайлы жағдай болса, қатынасың одан әрі беки түседі, ал қандай да әбігер күйде түзілген қатынас көбіне баянды болмайды.

Адамдар арасындағы қатынастар олардың  жеке мінез-құлығына да байланысты. Әрдайым  ұнамды арақатынастардың орнығуына  адамдағы қайырымдылық, ақкөңілділік, үйіршеңдік, достық пен ұжымшылдық қасиеттер пайдалы. Ал сенімсіздік, күмәншілдік, өшпенділік, тұйықтық пен өзімшілдік – қалыпты қатынастар орнығуына кері әсерін тигізеді.

Ой-өрісі кең дамыған, тәжірибесі бар адамдар өз қатынастарын меңгере  алады, бірақ бұл көптің қолынан келе бермейтін іс, себебі көп жағдайда аралық қатынастардың мәнін соларды түзуші адамдардың өздері де түсіне бермейді, ал түсінбеген затты саналы басқару мүмкін емес.

Жас ұлғайған сайын қатынастар тек  тұрақталып қана қоймастан, адамның оларды басқару қабілеті де артады. Мұндайда адамға жәрдемге келетін оның даралық еркешеліктеріне қосымша өмірлік тәжірибесі.  әрқашан адам аралық қатынастарды жеңіл де ұтымды реттейтін – адамдар арсындағы кәсіби қызмет бабымен жұмыс жүргізетін, сендіре әңгіме айтып білетін, әлеуметтік жетекшілікке ыңғайлы мамандар болады, мысалы: саясаткер, мекеме және өндіріс басшылары, мұғалімер, дәрігерлер мен актерлер. Адам аралық қатынастарға ықпал жасай білу қабілетін қатынастар психологиясын үздіксіз үйрену арқылы жетілдіре, дамытып баруға болады.

 

28-лекция

А.Г.Асмолов бойынша  жеке тұлға дамуына жағдай мен  қозғалыс күші

(1 сағат)

Жоспары:

1. Орта, тұқымқуалаушылық  және жеке тұлға дамуы;

2. Тұрмыс қалпы, адамның  индивидуалдық қасиеттері, бірлескен  іс-әрекет – жеке тұлғаның қоғамдағы өмірлік негіздеулері мен алғы шартары;

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Асмолов А.Г. Психология личности:
  2. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.
  3. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.
  4. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.
  5. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.
  6. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.
  7. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.
  8. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.
  9. Маслоу А.Г. Мотивация и личность. Санкт – Петербург., 2001.

 

Лекцияның мәтіні:

  Мінез деген - адамның іс-әрекетінде және мінез-құлқында тұрақты көрініс беретін жеке ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез адамның барлық тіршілігіне әсерін тигізіп тұратын қасиет болғандықтан типологиялық зерттеулерді мінез сипатынан бастаған.

Адамға мінездеме бергенде оның не істегенін ғана айтып қоймай жұмысының  сапасын, басқа адамдармен қарым-қатынасын ерекше көрсетеді. (қалай   орындағаны   үлкен   роль   атқарады).   Біреулер   жалқау,   ұяң,   бірақ сиысымды, көпшілікті сыйлайды, ізеттілік көрсетеді. Ал біреулер іскер, қатал, тілектестік   білдіреді,   бірақ   жұмысты   сапалы   орындауды   талап   етеді. Үшіншілер аз нәрсені шала істеп оны жұртқа түгел мәліметтеп шығады, басқалардың табысын көре алмайды, ашушаң, ызақор, сыйымсыз болады.

Басқа адамға ескерту бергенде басшылардың  кейбіреулері жылатып айтады, ал біреулері  кеңес беріп, тез үйренуге жәрдемін тигізеді. Адамның жекелік қасиеттерінің барлығына мінез үлкен әсерін тигізіп, оның жалпы адамгершілігін, іскерлігін, қарым-қатынасқа икемділігін, сыйысымдылығын анықтап отырады. Мінез адамның барлық психикалық қасиеттерімен тығыз байланысты, сондықтан оның ерекшеліктерін көптеген жекелік қасиеттердің көрінісі бойынша сипаттауға болады.

Егер адамды танитын, білетін болсаңыз ол өмірдің әр түрлі жағдайында қандай мінез көрсететінін болжамдап айтуға болады. Мінез-құлықты басқаруға, оны  басқаларға ыңғайлы, сыйысымды етіп, дұрыс жол көрсетіп отыруға болады. Сондықтан мінез тәрбиеленетін қасиеттерге жатады. Адамдардың мінез-құлқы тарихи-әлеуметтік жағдайға байланысты көрініс береді. Мысалы: өзінің намысын, отбасының намысын қорғау үшін дуэльге шақырып, намысына тиген адамға қастандық, қатыгездік көрсетіп, оны атып тастаған. Вендетто - қанға-қан, жанға-жан деген кек алу дәстүрі т.с.с. қалыптасқан әдет-ғұрып кеңінен орын алады. Қазіргі кезде цивилизацияның дамуымен байланысты ең үлкен құндылық адам өмірі болып саналады. Сондықтан адам өміріне қауіп туғызу немесе өлтіру ең үлкен қылмыс болып есептеледі. Сондықтан өрескіл мінез көрсеткендерге дәл сондай дөрекілік көрсетіп, балағаттап немесе басқа түрлі қастандықтар көрсету кеңінен орын алады. Оның барлығы мінездің теріс көрсеткіштері, сыйысымсыздық, арамзалық деп бағаланады.

Информация о работе Тулга теориясы