Тулга теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 19:01, реферат

Краткое описание

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.
Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.
Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.

Содержание

1. Алғы сөз …….…………………………………………......................................
2. Жалпы мәліметтер …………………………….……….....................................
3. Курстың мақсаты мен міндеті .....……………………………………...............
4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері .....…………...............................
5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме .……................................................ ............
6. Оқу сабақтарының құрылымы .…………………………..................................
7. Студентке арналған ережелер ..……………………..........................................
8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып
бойынша бөліну кестесі .………..............................................................................…….
9. Лекция сабақтарының мазмұны .........................................................................
10. Семинар сабақтарының жоспары ........................................................................
11. СӨЖ жоспары және орындау кестесі ..................................................................
12. ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі ......................................................…..
13. Студенттердің білімін бақылау түрлері: ............................................................
а) бақылау сұрақтары
б) жазбаша бақылау жұмысы
в) тест сұрақтары
14. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі ...................
15. Пән бойынша оқу процесінің картасы ...………………....................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

тулга теориясы.doc

— 1.06 Мб (Скачать документ)

Жеке тұлға психологиясы - зерттеудің  енді дамып келе жатқан өте жас  саласы.Тек соңғы елу жылдың  ішінде ғана бұл салада айтарлықтай  бағыттар пайда  болды. Болашақты  шығармашылықпен зерттеушілер өздерінен бұрынғылардың интеллектілі  қазынасына сүйенетін болады.

Адамға қатысты негізгі ғылыми ықпалдардың мәні олардың жаңа зерттеулерге қаншалықты дәрежеде дем беруімен байланысты. Сонымен бірге өзінің ғылыми мәнділіктерін  жойып алмау үшін жеке тұлға теориялары жаңа эмперикалық мәліметтердің жиналу шамасына қарай түзетіліп отырылуы керек.

Адамның жеке тұлғалығына қатысты  жаңа зерттеуулер негіізгі бес баағыт бойынша жүзеге асады деп шамаланады:

  1. Танымдық  процестерді  психологиялық  қызмет  жасаудан  басқа да  қырларымен  өзара байланысты зерттеу;
  2. Ситуациялық факторлар мен жеке тұлғалық  өзгерістердің өзара  әрекеттесуі мен олардың мінез-құлыққа ықпалын зерттеу;
  3. Жеке тұлғаның нейрофизиологиялық, биохимиялық  және генетикалық  егіздерін зерттеу;
  4. Орта жастағы және мосқал  адамның жеке тұлғалық  дамуын зерттеу;
  5. Адамның  тәжірибелі іс-әрекетіне қатысты проблемаларды зерттеу.

Психологиядағы жеке тұлға ұғымы  аса күрделі және жан-жақты болғандықтан, Батыс ғалымдарының жеке тұлғаға  деген негізгі тұжырымдамаларын қазақ оқырмандарына ұсынуды жөн көрдік. Бұл көзқарастарды екңес психологтарының тұжырымдамаларымен салыстыра талдау келер күннің еншісінде болар.

 

19-лекция

Махаббатқа қажеттілік пен тиістілік

(1 сағат)

Жоспары:

 

1. Махаббатқа қажеттілік  пен құштарлық;

2. Сүйікті болуға қажеттілік;

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Асмолов А.Г. Психология личности:
  2. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.
  3. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.
  4. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.
  5. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.
  6. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.
  7. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.
  8. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.
  9. Маслоу А.Г. Мотивация и личность. Санкт – Петербург., 2001.

 

Лекцияның мәтіні:

Физиологиялық деңгейдегі қажеттілік пен қауіпсіздік деңгейіндегі қажеттілік қанағаттандырылған соң махаббатқа қажеттілік, құштарлық, тиістілік қажеттілігі пайда болады және мотивациялық қажеттілік дами береді. Адам достарының, балаларының, сүйгенінің жеткіліксіздігін сезіне бастайды. Ол ыстық достық қатынасты аңсайды, оған өөзіндей қабылдайтын, отбасылық  қатынастағыдай әреуметтік топ қпжет. Дәл осы мақсат адам үшін ең мәнді және маңыздығ аайналады, ол алдыңғы мұқтаждығы  мен үнемі аштығын, “махаббат” ұғымының өзін күлкілі жексұрындық ретінде қабылдағанында ұмытып кетуі мүмкін. Ал қазір ол жалғыздық сезімінен азап шегеді, өзінің шеттелгендігін қатты уайымдайды, өзінің туыстарын, сүйгенін, досын іздейді.

Көптеген романдардың, автобиографиялық очерктер, поэзия, драматургиялардың, сонымен қатар жаңашыл әлеуметтік әдебиеттердің негізгі тақырыбы ретінде жазылсада, қазіргі таңда  бұл қажеттілік жайлы ғылыми мәліметтер өте аз. Бұл негіздемелер балалар психикасына  мынадай: отбасының бір мекен жайдан екіншісіне жиі көшуі, туысқандардың жоқтығы немесе оларды жоғалту, отбасынан, достарынан, көршілерінен ажырау, үнемі өзін көшіп келуші, не көшіп кетуші және бөтен сезінуі сияқты факторлардың деструктивті әсері жайлы жалпы түсінік береді. Біз әле ең маңыздысы біз өз Отанымызда, үйде, жақындарымыздың, бізді түсінетіндердің арасында өмір сүретіндігіміз, нақты бір топқа, ұйымға, ұжымға тиісті екендігіміз жайлы көзқарас, ойларға үйренбегеміз.

Біздің психикалық өмірімізде сезімдер ерекше орын алады. Сезімдер – бұл  адамның қоршаған,и объектитвтік шындыққа және өзіне-өзінің қатынасының  көңіл-күйі. Сезімдер адам өмірінің мазмұнын байыта түседі.

Балаларда сезім туған кезінен бастап аңғарыла бастайды. Сәбидің алғашқы жылауы оның эмоциялық өмірі бастауының көрсеткіші болып табылады.

Жоғары сезімдер рухани қажеттіліктерді  қанағаттандыру немесе қанағтандырмау негізінде пайда болады. Жоғары сезімдер анық байқалатын қоғамдық сипатта болады және адамның қоғамдық өмірінің әртүрлі жақтары мен құбылыстарына қатынасын білдіреді. Жоғары сезімдердің мазмұны , олардың бағыттылығы адамның көзқарасымен, адамгершілік мінез-құлық ерекжелерімен және эстетикалық бағалаулармен анықталады.

 

20-лекция

Тануға қажеттілік

(1 сағат)

Жоспары:

1. Өзіндік құндылықтарын  тану;

2. Бағалау қажеттілігіне  қанағаттану;

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Асмолов А.Г. Психология личности:
  2. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.
  3. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.
  4. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.
  5. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.
  6. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.
  7. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.
  8. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.
  9. Маслоу А.Г. Мотивация и личность. Санкт – Петербург., 2001.

 

Лекцияның мәтіні:

Әрбір адам үнемі тұрақты, өзіндік жетістіктеріндегі жоғары бағалауға мұқтаж, біздің әрқайсымызға бізді қоршаған  адамдардың құрметі мен өзімізді-өөзіміз құрметтеу мүмкіндігі өте қажет. Бұл деңгейдегі қажеттіліктер екі сатыға бөлінеді. Біріншісі “жетістікке жету” ұғымымен байланысты талап пен ұмтылу жатады. Адамға меншікті күш қуат түйсігі , адекваттылық, жете білушілік, сенімдер сезімі, тәуелсіздік пен еркіндік қажет. Екінші сатыға атаққа қажеттілік немеес мәртебедегі, назар аударудағы, тануда, абыройды жеңіске жетудегі қажеттілік жатады. Бұл қажеттілкітер жайлы мәселелер Альфред Адлер жұмыстарында тек тұспалдап көтеріледі, оның шәкіртері де Фрейд жұмыстарына тоқталмайды. Бірақта бүгінігі таңда психоаналитиктер мен клиникалық психологтар бұл сатылардаға қажеттіліктерге көбірек назар аударуға әуестенуде.

Бағалаудағы қажеттілікке қанағттану, құремтеу индивидтердегі өзіне-өзі  сенімділік, өзінің маңыздылық сезімі, күшіне, адекваттылық және де оның бұл  дүниеде қажет екендігіндегі  сезіәмдерін тудырады.  Қанағаттанарлықсыз қажеттілік, керісінше ондағы өзіне-өөзі төмен санаушылық, әлсіздік, дәрменсіздік, уайымға негіздік қызмет атқаратын, компенсаторлық және невротикалық механизмдер жүреді. Посттравматикалық невроздардың ауыр жағдайларын зерттеуде өзіне-өзі сенімділік сезімінің адамға қанша қажеттілігі және бұл сезімнің жоқтығында адамның қаншалықты дәремнсіз болатындығын түсіну мүмкіндігін меңгеруге болады.

Тәкаппарлық пен менменшілдік жағдайындағы теологиялық пікір-таластар, терең  диссоциациясының (немесе өзінің жаратылысымен  сәйкес келмеу) көптеген теориялары, философиялық  рухтағы Фром ұстанымы, Роджерлік “Мен” зертеулері, Эйн Ренд сияқты эссейстердің жұмыстары, қоршаған орта пікірлері негізінде және адамның шеберлігі мен білімі нақты қабілеттермен байланыс үзгендегі құрылған шындықсыз өзіндік бағалау - өзіндік бағалаудың қатерлі зардаптарын едәуір кеңірек түсінуге мүмкіндік туғызды. Өзіндік баға қоршағандардың жақтауларымен, атақтылық пен даңқтылық мәліметтерімен емес  тек лайықты құрметтен өсіп жетілгенде тұрақты және дұрыс болады.

 

21-лекция

Өзіндік актуалдандыру  қажеттілігі

(1 сағат)

Жоспары:

1. “Өзіндік актуалдандыру”  терминінің түсінігі;

2. Шындықты түсінуге  әртүрлі тәсілдер;

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Асмолов А.Г. Психология личности:
  2. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.
  3. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.
  4. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.
  5. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.
  6. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.
  7. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.
  8. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.
  9. Маслоу А.Г. Мотивация и личность. Санкт – Петербург., 2001.

 

Лекцияның мәтіні:

Егер адамның барлық аталған қажеттіліктері қанағаттандырылған жағдайда да, біз олардан көпкешікпей қайтадан қанағаттанбағандықты, яғни бейімделген ісінен мүлдем басқасымен айналысқандағы қанағаттанбағандықты күтуге болады. Шыныда, егер өзіндік дүниеде өмір сүргісі келсе музыкант музыкамен, суретші сурет салумен, ақын өлең шығарумен айналысуы керек. Адам кім бола алса (қай маман иесі) сол болуға тиіс. Адам өзінің жаратылысына сәйкес болуы керек екендігін сезінеді. Бұл қажеттілік өзіндік актуалдандырудағы қажеттілік деп атауға болады.

“Өзіндік актуализация” термині  Курт Польдштейн табысы болып табылады., ол біршама тар, едәуір ерекше мағынада қолданылады. өзіндік актуалдандыружайлы айтқанда адамның өзіндік жүзеге асыруға, өзіндік потенциаларымен  актулизацияға ұмтылуы еске алынады. Бұл ұмтылуды идиосинкразияға (дәрі-дәрмекті қабылдағанда тітіркену, сескену сезімталдығы), ұқсастыққа ұмтылуы деп те атауға болады.

Шыныда да, бұл қажеттілік әр адамда әр түрлі көрінеді. Бір адам тамаша ата-ана болуға, тағы біреу спорттық жетістіктерге, үшіншілері ойлап табуға немесе жаратуға талпынады. Мотивацияның бұл деңгейінде индивидуалдық айырмашылқтар маңын сипаттау мүмкін емес сияқты.

Адам төменгі деңгейдегі қажеттіліктерді  қанағаттандырған соң ғана, өзіндік  актуалдандырудағы қажеттілікті сезіне бастайды.

 

22-лекция

Базалық қажеттіліктерді  қанағаттандыруға алғы шарт

(1 сағат)

Жоспары:

 

1. Базалық қажеттіліктер:  сөздің еркіндігі, іс-әрекетті  іріктеу еркіндігі; өзіндік көрінудің  ерекшеліктері;

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Асмолов А.Г. Психология личности:
  2. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.
  3. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.
  4. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.
  5. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.
  6. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.
  7. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.
  8. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.
  9. Маслоу А.Г. Мотивация и личность. Санкт – Петербург., 2001.

 

Лекцияның мәтіні:

Іс-әрекет - адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір  формасы немесе қоршаған орта мен  субъектінің өзара қатынасының  динамиалық жүйесі.

Тірі материяның өлі материядан, жоғары формалардың төменгі формалардан айырмашылғы – белсенділікте. Адамның белсенділігі өте көп қырлы.

Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі, кез-келген еңбек түрі іс-әрекет болып  табылады. Кез келген қарапайым іс-әрекеттің  актісі субъектің белсенділік формасы болып табылады, сондықтан кез келген іс-әрекеттің қоздырушы себептері бар және ол белгілі жетістіктерге бағытталады.

Іс-әректтің қоздырушы себептеріне  мотив жатады. Мотив – субъекттің белсенділігі мен іс-әрекеттің бағыттылығын анықтайтын сыртқы және ішкі шарттардың жиынтығы. Мотив іс-әрекетке шақыра отырып, оның бағыттылығын, яғни оның мақсаты мен міндеттерін анықтайды.

Мақсат – адам іс-әрекеті бағытталған  нәтиженің саналы бейнесі. Зат, құбылыс  немесе белгілі әрекет мақсат бола алады. Міндет – белгілі жағдайда берілген (мысалы, күрделі мәселеде) іс-әрекет мақсаты. Кез-келген міндет әрдайым мыналарды қамтиды: талап, көзделген мақсат, жағдай, яғни міндеттің белгілі компоненті. Міндет нақты көзделген мақсат болуы мүмкін. Бірақ іс-әрекеттің күрделі түрлерінде, көбінесе міндеттер жеке мақсат ретінде айқындалады. Жеке мақсатсыз басты мақсатқа жетуге болмайды. Мысалы, белгілі маман иесі болу үшін әуелі адам сол мамандықтың теоретикалық аспектілерін оқуы керек, яғни белгілі оқу мәселелерін шешіп, содан кейін осы білімдерін практика жүзінде іске асыру керек.

Қазіргі заман адам әр түрлі іс-әрекеттермен шұғылданады. Іс-әрекеттің барлық түрін  классификациялау мүмкін емес, өйткені  адам іс-әрекетінің барлық түрін сипаттау үшін адам қажеттіліктерінің барлығын атап өту қажет, ал адам қажеттіліктерінің саны өте көп. Мұның себебі адамның индивидуалдық ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

Әрекет – бұл өте ұсақ құрамалардан тұратын күрделі элемент. Осындай  жағдай әрбір әрекеттің мақсатқа негізделетінімен түсіндіріледі. Адамның мақсаты әр қырлы ғана емес, сонымен қатар көп масштабты болып келеді. Ірі мақсаттар бар, олар өз алдына ұсақ мақсаттарға бөлінеді.

Әрбір әрекет әр түрлі жолмен орындалады, ол орындау тәсілі операция деп аталады. Әрекетті орындау тәсілі жағдайларға байланысты болады. Әр түрлі жағдайларда бір мақсатқа жету үшін әр түрлі операциялар қолданылуы мүмкін. Жағдайларға сыртқы шарттар мен әрекет етуші субъекті сүскіндіктерін жатқызамыз. Сондықтан іс-әрекет теориясында мақсат міндет деп аталады.  

Сөз негізінен екі қызмет атқарады: коммуникативтік, сигнификативтік. Осы  қызметтеріне орай сөз тілдесу құралы және ой мен сананың көріну формасы  ретінде танылады.

Информация о работе Тулга теориясы