Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 19:01, реферат
Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.
Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.
Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.
1. Алғы сөз …….…………………………………………......................................
2. Жалпы мәліметтер …………………………….……….....................................
3. Курстың мақсаты мен міндеті .....……………………………………...............
4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері .....…………...............................
5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме .……................................................ ............
6. Оқу сабақтарының құрылымы .…………………………..................................
7. Студентке арналған ережелер ..……………………..........................................
8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып
бойынша бөліну кестесі .………..............................................................................…….
9. Лекция сабақтарының мазмұны .........................................................................
10. Семинар сабақтарының жоспары ........................................................................
11. СӨЖ жоспары және орындау кестесі ..................................................................
12. ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі ......................................................…..
13. Студенттердің білімін бақылау түрлері: ............................................................
а) бақылау сұрақтары
б) жазбаша бақылау жұмысы
в) тест сұрақтары
14. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі ...................
15. Пән бойынша оқу процесінің картасы ...………………....................................
Сөздің негізгі сипаты оның мағынасында, семантикалық мазмұнында екені баршаға белгілі. Баяндалып жатқан сөзді тыңдағанымызда біздің назарымыз оның мәндік мазмұнына аударылады. Адам тілінің әрбір дара сөзі қандай да бір заттың не құбылыстың бейнесі пайда болады.
Сөздің күрделірек қызметтері бар. Ол арқылы заттарды талдап, олардың мәнді қасиеттерін ажыратып, заттарды белгілі категорияларға топтастыру мүмкіншілігіне ие боламыз. Осыдан сөз дерексіздендіру мен нақтылау құралына айналып, қоршаған дүние заттарына байланысты терңде жатқан байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге қолданылады. Сөздің бұл екінші қызметі “сөз мағынасы” терминімен белгіленеді. Сөзді игеру арқылы нақты заттар араласатын адамзаттың көп ғасырлы тарихында қалыптасқан байланыстар мен қатынастарды танимыз, зерттеп үйренеміз. Сөйлесудің және бір қызметі – комуникативтік өрнектеу құралдары мен ықпал жасау құралдарының бірлігінен орындалады.
23-лекция
(1 сағат)
Жоспары:
1. Эстетикалық қажеттіліктің ролі;
2. Эстетикалық қажеттіліктің түрлері;
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі
Лекцияның мәтіні:
Қоғамның даму үрдісінде адам моралдік талаптармен ғана емес, сонымен қатар сұлулық ұғымдарын басшылыққа ала отырып, қоршаған дүниенің құбылыстарын қабылдау қабілеттелігіне ие болады. Бұл жағдай эстетикалық сезімдердің пайда болуы үшін негіз болып табылады. Эстетикалық қажеттіліктер өте көп қырлы.
Эстетикалық сезімдер – болмыстағы
шындықтың сұлулылығын, әдемілігін,
әсемдігін қабылдаудан туатын көңіл-күйі.
Эстетикалық сезім табиғат
Адамның эстетикалық сезімі өз ортасында,
тарихәлеуметтік жағдайларға
Эстетикалық сезімдер деп әдемі заттар мен құбылыстарды қабылдаумен байланысты, ол туралы елестетулермен және ойлармен байланысты адамның көңіл-күйінің жағымды сезімдерін айтамыз. Н.Г.Чернышевский эстетикалық сезімдердің адамның көңіл-күйінде алатын орнын бағалай келіп былай дедеі: “Біз сұлулықты шексіз сүйеміз, біз сүйсінеміз, оған шаттанамыз ...”
Эстетикалық сезімдер бізде алдымен қоршаған дүниенің құбылыстарымен, табиғатпен және оның өмірімен, іс-әрекетімен пайда болады. Н.Г:Чернышевскийдің анықтамасы бойынша, “Сұлулық дегеніміз - өмір”. Бізді қоршаған дүние және өмір онда әртүрлі байқалады. Сондықтан да адамның эстетикалық сезімдері ерекше алуан түрлілігімен ерекшеленеді.
Эстетикалық сезімдердің тамаша қайнар көздеріне – сазды, бейнелеу өнерін, поэзияны және т.б. жатқызуға болады. өнер шығармаларын жасаудаға адамның шығармашылық қызметі негізінен эстетикалық қажеттіліктер арқылы ынталандырылады. өнер шығармалары адамдардың санасына негізінен эстетикалық сезімдер арқылы әсер етеді. өнер мен әдебиет шығармаларында шындықты неғұрлым терең, толық және әділетті бейнелесе, солғұрлым адамдарда эстетикалық талғамды көп қалыптастырады және бұл шығармалар эстетикалық көңіл-күйдің қайнар көзі және эстетикалық тәрбиенің құралы ретінде бағаланады.
24-лекция
Оқыту тараулары (рубрификация)
(1 сағат)
Жоспары:
1. Оқыту классификациясы (жіктелуі);
2. Оқытудағы үйрету процесі;
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
Лекцияның мәтіні:
Мұғалімнің ерекше кәсіптік және қоғамдық қызметі өз тәрбиенелушілшерінің, ата-аналарының, бүкіл жұртшылықтың тарапынан иұғалімнің жеке басына, оның моралдік бейнесіне орасан зор талаптар жүктейді. Ең бірінші білікті мұғалімге қойылатын талап – педагогикалық қабілеттің болуы.
Шығармашылық ізденіс еңбектің,
мамандықтың барлық саласына да өте
қажет, ал мұғалім үшін ол ұстаздық
дарындылыққа жетудің жолы, педагогикалық
еңбекте шешуші орын алады. Мұғалімде
педагогикалық бейімділіктің
Демек, идеалдық жағдайда педагогикалық қызмет пен мамандыққа бейімділік аңғартқан, дарынды, қабілетті адамдар айналысуы қажет.
Педагогикалық қабілеттілік (талант, мамандықты сую, нышан) педагогикалық мамандықты ойдағыдай меңгерудің шарты болып табылады, бірақ шешуші кәсібі деп қарастыруға болмайды. Қанашама адам айқын нышанды аңғартып, мұғалімдік мамандыққа үміткер болғанмен, шын мәнінде, педагог болып шыға алмайды, керісінше, алғашында жеткіліксіз қабілеттілік аңғартқан ұстаздар кейіннен педагогиккалық щеберліктің шыңына жеткені қанша? Сондықтан да педагогтың қажетті кәсіби сапаларына еңбексүйгіштігін, тәртіптілігін, жауапкершілігін, мақсат қоя білу іскерлігін, жетістікке жету жолын таңдай білу, ұйымдастырушылықты, табандылықты, өзінің кәсіби деңгейін арттыруды және т.б. жатқызуға болады.
Психологтар - профессиограмманы негіздеуде педагогикалық қабілеттіліктердің түрін анықтауға көңіл бөледі.
Педагогикалық қабілеттіліктер –
шәкірттерді оқыту мен
Педагогикалық қабілеттілктерде жеке тұлғаның коммуникативтік қасиетері жетекші рол атқарады, ең алдымен, қабыладу саласына қатысты перцептивтік (олардың ішінде-бақылағыштық) қабілеттелік. Олар мұғалімге шәкірттің психологиясын, жан дүниесін, оның психикалық жағдайын нақты жағдайда соғанг сәйкес қабылдауға, сынып ұжымының жағдайын дұрыс бағалауға мүмкінш жасайды.
Мұғалімнің коммуникативтік
25-лекция
(1 сағат)
Жоспары:
1. Инсайт – терапия;
2. Жеке тұлғаның өсуі мен психотерапия байланысы;
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
Лекцияның мәтіні:
Патологиялық өзгерістер туралы айтпастан бұрын қалыпты жағдайда түйсік пен қабылдау не екеніне қысқаша тоқталайық.
Түйсік (ощущение) - адам танымының төменгі сатысы, заттардың жекеленген сапасы мен қасиетін бейнелейді. Егер жабық көзімізбен металдан жасалған затқа жанассақ, онда біз бұл заттың «суық», «катты» екенін айтамыз. Осы сездер арқылы түйсіктік сезінуіміз білінеді.
Қабылдау (восприятие)—күрделі процесс. Ол затты бүтіндей, тұтас және оның жекеленген қасиеттерінің қарым-қатынасында сипаттайды. Біз «кілт» деген кезде тұтас заттың бейнесін қабылдаймыз. Қабылдау күрделі процесс бола тұра адамның өткен тәжірибесі мен пікір айтуынан құралады. Сол себептен әрине «кілт» деген сезді ересек адам мен бала әр түрлі дәрежеде қабылдайды. Елестету (представление)—қабылдауды еске түсіру. Мысалы, кілтті қолда ұстаған жәпе керген кезде оны тұтас зат ретінде қабылдайды. Кілт жоқ кезде, «кілт» деген сез айтылса, оның бейнесі елестейді. Сонымен, елестету түйсік пен қабылдау сияқты айналадағы. объективті түрде бар дүниені бейнелейді.
Пәлсапалық тұрғыдан түйсік пен қабылдау айнала-ны танудың бірінші сатысы болып саналады. Материалистік пәлсапалық тұрғыдан тану процесінің үш сатысы бар: біріншісі — айналадағы ортаны тікелей тану меңзей қарау арқылы (бұл сезіну мен қабылдау арқылы); екіншісі — қорытындылау, абстракты ойлау, үшіншісі — тәжірибе.
Физиологиялық тұрғыдан сезіну анализатор рецепторларын (ұштарын) тітіркендіруден басталып, онан әрі ми кыртысындағы анализатор орталығы қозуының қорытындысы ретінде пайда болады. Қабылдау кезінде бірнеше анализаторлар қатынасады. Мұнан басқа шартты рефлекстік байланыстардың да мәні зор.
Психологиялық түсініктермен
қысқаша танысқаннан соң
Гиперестезия — калыпты жағдайдағы табиғи, бейтарап тітіркендіргіштердің әдеттен тыс өткір және айқын қабылдануы. Бұл жағдайда күндізгі жарық соқыр қылады, кәдімгі дыбыстарға шыдау қиындап, иістер өткір түрде қабылданады. Мұндай өзгерістер катты шаршағанда, жіті аурулардың басы мен соңында болады.
Гипостезия — гиперестезияға қарама-қарсы құбылыс. Айналадағы ортаны анық емес, көмескі қабылдау.
Анестезия — сезімталдықтың толық жойылуы.
Сенестопатиялар — адам денесінің әр бөлігінен (тері астында, бұлшық еттердің ішінде, кілегей қабатта) білінетін әр түрлі, ұнамсыз, ауыр сезімдер. Аурудағы мұндай сезімдерді анықтау кейде қиындыққа соқтырады. Ауру өзінің сезімдерін білдіру үшін «күйдіріп барады, басып тұр, қытықтайды, құйылып жатыр, тарсылдайды» деген сияқты сездерді қолданады. Осындай жағдайда аурудың сенімді түрдегі шағымына қарамастан олардың ішкі ағзаларында ешқандай өзгерістердің жоқ екенін объективті түрде жүргізілген зерттеулер керсетеді.
Қабылдаудың бұзылуына сағым мен елестеушілік жатады.
Сағым (иллюзия)— айналадағы заттар мен құбылыстарды жалған және қате түрде қабылдау. Қиял жағдайында айналадағы нақты заттар мен құбылыстар ез герген түрде қабылданады. Мысалы, иттің үргені адам-ның жылағаны сиякты кабылданады, не бір түп ағаш - адам сиякты болып көрінеді.
Сағым сау адамдарда да болады. Оның пайда болуына адамның қоркуы, күтуі, шаршауы, алаңғасарлығы әсер етеді. Түнде көшеде келе жатканда бір түп ағаш пен бағана адам болып көрінеді. Біреуді күтіп отырған жағдайда бөтен дыбыстар сол адамның жүрісіндей болып білінеді. Мүндай сағымға аффектер (қорқу, куану т. б.) әсер етеді. Сондықтан олар аффектогендік сағымдар деп аталады.
Физикалық заңдылықтарға байланысты да сағымдар пайда болады. Оларды физикалық сағымдар дейді. Суы бар стақандағы қасық сынық болып көрінеді. Трамвайдың терезесінен қ^рағанда тротуардағы адамдар ұзын не қысқа болып көрінеді.
Сағымның мысалы ретінде темендегіні келтіруге болады. Жағылмаған бөлмеде отырған адам салқындыкты сезіп тоңады. Егер осы бөлмеге аязды даладан кірсе, ол онда жылы болып көрінеді. Егер адам бір колын ыстық, ал екіншісін суық суға салса, онан соң екі қолды бірден жылы суға салса, онда суық суда болған кол судың жылылығын сезінеді, ал ыстық суда болған кол бұл судың суық екенін қабылдайды. Міне, осындай физиологиялық заңдылықтарға байланысты пайда болатын кұбылысты физиологиялық сағымдар дейді.
26-лекция
(1 сағат)
Жоспары:
1. Өзара қарым-қатынастың үш стилі;
2. Психотерапевт жекелігі
психотерапияда негізгі
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
Лекцияның мәтіні:
Қарым-қатынас әдіснамалық, теориялық және эмпирикалық деңгейде соңғы жылдары зерттеле бастады. Соған қарамастан, жалпы психологиялық теория үшіноның мәні ерекше, қарым-қатынас мәселесі психология ғылымдарының негізгі ұғымдарының бірі ретінде тез арада жетекші орындардың бірін ала бастады.