Тулга теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 19:01, реферат

Краткое описание

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.
Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.
Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.

Содержание

1. Алғы сөз …….…………………………………………......................................
2. Жалпы мәліметтер …………………………….……….....................................
3. Курстың мақсаты мен міндеті .....……………………………………...............
4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері .....…………...............................
5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме .……................................................ ............
6. Оқу сабақтарының құрылымы .…………………………..................................
7. Студентке арналған ережелер ..……………………..........................................
8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып
бойынша бөліну кестесі .………..............................................................................…….
9. Лекция сабақтарының мазмұны .........................................................................
10. Семинар сабақтарының жоспары ........................................................................
11. СӨЖ жоспары және орындау кестесі ..................................................................
12. ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі ......................................................…..
13. Студенттердің білімін бақылау түрлері: ............................................................
а) бақылау сұрақтары
б) жазбаша бақылау жұмысы
в) тест сұрақтары
14. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі ...................
15. Пән бойынша оқу процесінің картасы ...………………....................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

тулга теориясы.doc

— 1.06 Мб (Скачать документ)

Мотивация механизмдерін зерттеу  бихевиористік мектепте орталық  орыналған. Мотивация мазмұнын анықтау үшін бихевиоризм ілімінде “драйв” деген арнайы түсінік енгізіледі, яғни ол адамды немесе жануарды белсенді болуға мәжбүр ететін стимул немесе қозғаушы . Өзінің психологиялық мазмұны бойынща инстинк түсінгімен сай келеді. 

Осы проблеманы необихевиористік К.Халл, Э.Толмен, Б.Скинер және басқалары шешуге тырысады. Олар ұсынған  S-R формуласының моделі аралық элементтер қатарымен толықтырылған.

Бұл жерде сана жүріс-тұрысты итермелеуші  және реттеуші элемент ретінде көрінеді. Стимул тек сыртқы қозғаушы ғана емес,сонымен қатар ішкі “қажеттілік”ретінде қарастырылады.

Мотивациялық теориялардың дамуының келесі күрделі кезеңі xx ғ.30-шы жылдарынан басталды. Бұл тек адам мотивациясының қозғаушы күшін түсіндіруге бағытталған мотивацияның арнайы психологиялық теориялары. Бұл сол кездегі психология ғылымындағы негізгі психологиялық бағыттардың немесе мектептердің ғылыми зерттеу жұүмыстары мен тікелей байланыста дамыды.

Гештальт психологиясының  өкілі- К.Левиннің “мотивацияның динамикасы”теориясы. К.Левин мотивация динамикасын  алғаш индивидуалды жүріс-тұрыста ,кейіннен коллективті жүріс-тұрыста қарастырды. Өз теориясындағы “өріс”ұғымын “психологиялық кеңістік”ұғымымен сәйкестендірді. К.Левин концепциясы бойынша адам жүріс-тұрысының негізгі қозғаушы күші -өмірлік психологиялық кеңістіктегі адамдардың мотивтерінің ішкі шиеленісі. К.Левин және Э.Толмен көзқарастары негізінде жүріс-тұрыс екі өзгермеліден: а) бір нәрсені күту: ә)мотивтерге айналатын құндылықтар ретінде қарастырылады.

К.Левин бойынша, адам өзіне-өзі берген тапсырмалар негізінде  “квази қажеттіліктер”-соны орындауға  деген қажеттілік пайда болады. Ол қойылған мақсатқа жетуге бағытталған,іс-әрекетте шынығатын шиеленістер жүйесін шақырады. Ал, егер де жаңа тапсырма енгізсе, онда бұл іс-әрекет қайта оралуына деген ұмтылысты туғызады.

Психологиядағы мотивацияға  байланысты күрделі теориялардың бірі, америкалық психологтар  Д.Макклелланд, Д.Аткинсон және неміс психологы Хекхаузен ұсынған іс-әрекет түрлеріндегі - “табысқа жету мотиві”. Д.Аткинсон және К.Берчтің “аисторическая и афизологическая” мотивациялық теориялары.

“Үшінші күш” ретінде  танылған жеке тұлғаны зерттеудің тағы бір бағыты “өркендеу теориясы”  деп аталады. Бұл теорияны гуманистік психология өкілдері А.Маслоу, К.Роджерс және К.Голдштейн ұсынды. Өркендеу теориясы адамның жетілуге тапынуын өз мүмкіндігін жүзеге асырылуын белгіледі.

А.Маслоудың мотивацияның “тұлғалық”теориясының негізінде  өз-өзін актуализациялау концепциясы жасалған. Негізгі еңбектері: “Мотивация и личность”(1954,1957). А.Маслоу осы уақытқа дейін адамның психикасының дамуын зерттеуге жануарларға тәжірибе жасау арқылы қол жеткізуге толықтай қарсы шықты.

Маслоу концепциясы  бойынша ,әрбір адамда өмірге келген сәттен бастап ,бегілі-бір қажеттіліктер жүйесі бірге дамып отырады. Олао өзара иерархиялық деңгейлерге бөлініп орналасқан. Қажеттіліктердің деңгейі неғұрлым төмендеген сайын,оның адам өмір сүруі үшін маңызы күрделеніп ,адам жүріс-тұрысының қозғаушы күші ретінде маңызы артады. Осы төмендегі деңгеідегі қажеттіліктер өтелген кезде ғана одан жоғары орналасқан қажеттіліктері бой көрсете бастайды.

-Физиологиялық қажеттіліктер  (тамақ, демалу, шөл,жыныстық қатынас);

-Қауіпсіздік қажеттіліктері (өзін сәтсіздік,қорқыныш жағдайларынан қауіпсіз сезіну, өз-өзін қорғау қажеттілігі):

-Сүйіспеншілік және  өзін қабылдау қажеттілігі (өзінің  белгілі бір ортада қабылдануы,ұнатуы  сезімдеріне бөлену қажеттілігі):

-Өзін құрмет тұтуға  қажеттілік (өзінің қажеттілігін  сезіну,біліктілік,табысқа жету,құптау,жетістігін мойындату):

-Өзін жүзеге асыруға  немесе жетілдіруге қажеттілік (өз  мақсатын,қабілеттерін жүзеге асыру,жеке  тұлғасын дамыту)

Бұл теория бойынша,ең маңыздысы-өз-өзін актуализациялауға жүзеге асыруға  бағытталған.Өзін-өзі актуализациялау,олар арқылы адамның даралығының қалыптасуы бастапқы мотивациялық негіз ретінде анықталады өзін-өзі актуализациялаудағы қажеттілік негізінде адамда белгілібір жеке адамдық қасиеттердің жиынтығын дамытуға мүмкіндік беретін мотивацияның ерекше типі қалыптасады. Жүріс-тұрыс қажеттіліктермен қабілеттерге тәуелді және ішкі,сыртқы мотивтер арқылы анықталады.

XХ ғ. 2-ші жартысында адам жүріс-тұрысының мотивациясын түсіндіруде “әлеументтік қажеттіліктер”мен “гуманистік” теориялардың маңызы зор болды. Оның өкілдері Д.Актинсон,Ю.Роттер,Г.Маррей,Г.Хекхаузен,Г.Келли,А. Маслоу т.б. мотивация сферасының жан-жақты феномендерін қарастырғанымен,бәріне бірдей ортақ жақтары бар олар:

-Адам және жануар  жүріс-тұрысын бірдей түсіндіретін  біртұтас, әмбебап мотивациялық теория жасау мүмкін еместігін мойындау:

-Адамның мотивациялық  қозғаушы күші тек ішкі шиеленісу  деңгейімен сипатталмайтындығына  сендіру:

-Адам мотивациясының  қозғаушы күші оның белсенділік  приципінің негізінде адам психологиясына  байланысты екенін бекіту:

-Адам жүріс-тұрысының  сана арқылы реттеліп отыратындығы:

-Адам мотивациясына  ғана тән ерекшеліктерді (әлеуметтік  қажеттіліктер,мотив,өмірлік мақсат,танымдық  фактор)бөліп шығару:

-Адамның мотивациялық  сферасын зерттеу үшін жануарлардың  жүріс-тұрысын зерттеуде қолданылатын әдістерді теріске шығару:

-Адам мотивациясын  зерттеуге арналған әдістерді  іздеу және оны санамен,тілмен  байланыстыра отырып жүргізу:

Мотивацияның адам жүріс-тұрысын  түсіндірудегі жаңа психологиялық  концепциялары арасында адам білімі мен санасына ерекше маңызды орын беретін мотивацияның когнитивті теориялары жоғары орын алады. Іс-әрекетке ынта адамдарда тек эмоцияның әсерінен ғана емес,сонымен бірге танымның ықпалымен де пайда болуы мүмкін. Осы кезде дүниеге келген,қазіргі кезге дейін адам жүріс-тұрысын түсіндіруде көп қолданылатын теориялардың бірі - “Мотивацияның когнитивті” теориясы. Бұл теория бойынша негізгі мәселе адам санасы мен біліміне,оның танымымен байланысты феномендерге тікелей байланысты болып саналады. Бұл теорияның негізгі ұғымдары – когнитивті диссонанс, табысты күту, табыстың жеке адам үшін құндылығы, сәтсіздікке ұшырау қорқынышы, талаптану деңгейі. Бұлар бір-бірімен өте тығыз байланыста, өзара әрекеттестікте болатын мотивациялық феномендер.

Бұл факторға алғашқылардың бірі болып көңіл аударған – “Когнитивті диссонанс” теориясының негізін салушы Л.Фестингер. оның мотивация теориясы әлеуметтік психология мен биология негізінде қалыптасқан. Негізгі еңбегі – “Теория когнитивного диссонанса” (1958). Оның пікірінше, адам бойындағы жалпы әлем туралы және өзі туралы білімдер жүйесі өзара келісімге ұмтылады. өзара келіспеушілік немесе дисбаланс  орнаған жайдайда адам оны шеттетуге, бәсеңдетуге ұмтылады.

Бұл теория бойынша, адамда өзі қабылдаған шешіміне маңызды  құндылық беру және осы таңдауының жалғыз, дұрыс шешемі екендігін ақтайтын психолоогиялық қорғаныс жүйесі жұмыс жасайды. Сонымен қатар қабылданған шешімді жоққа шығараруға, жармсыздығын дәлеледеуге қосымша фактілер іздеп, сол арқылы өз шешеімінің дұрыстығына көңіл қояды. Когнитивті диссонанс барлық уақытта туындамайды. Ол тек адам өзін келіспеушіліктің негізгі себепшісі ретінде түсініп, өзін тікелей жауапты сезініп, уайымдағанда пайда болады.

Отандық психология ғылымында  А.Н.Леонтьевтің “Адам мотивациясының іс-әрекеттік тегі” теориясының маңызы зор. Бұл теоия адамның мотивациялық сферасының өзгеру динамикасы мен шығу тегін түсіндіруге бағытталған.

Психиканың даму анализі, адам санасының гензистегі қалыптасуға  көзқарасынан мотивация проблемасын  шеше отырып ол былай дейді: “Адам өзінің жеке адам ретінде қалыптасуының психикалық көрінісін өзінің мотивациялық сферасының дамуынан табады”. Мотивация 2 топ моттивтерден құралады: мағына-мотивтер және стимул-мотивтер. 1-ші топ мотивтері іс-әрекеттің жеке адамдық мағынасын анеықтайды. 2-ші топ мтоивтері де іс-әрекетті себептендіреді, оның орындалуының стимулдары ретінде көрінеді.

А.Н.Леонтьев бойынша  іс-әрекет схемасы, қажеттілік – мақсат, таңдау – қажеттіліктің қанағаттануы. Ол мақсатты, қажеттілікті туғызатын  іс-әрекет мотивінің пайда болуының қажетті шарты ретінде анықталады.

А.Н.Лонтьев теориясы бойынша, адамның мотивациялық сферасы  оның басқа да психологиялық ерекшеліктері  сияқты өзінің практикалық іс-әрекетінен басталады. Адам жүріс-тұрысының қозғаушы күші осы іс-әрекет барысында жүзеге асатын қажеттіліктермен сипатталады. Бұл теория бойныша, іс-әрекет құрылымы мен адамның мотивациялық сферасы изоморфизм қатынасына, яғни өзара сәйкестілікке негізделеді. Адамның мотивациялық чферасында болатын динамикалық өзгерістер өз кезегінде қоғамның обьективті заңдарына бағынатын іс-әрекет жүйесінің даму бағытына байланысты.

Ресейлік психология ғылымында мотивация мәселесімен  айналысқан ғалымдардың теорияларына жасалынған мотивация механизмінің үлгілерін талдау бізге келесідей  қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді:

  • Барлық үлгілер мотивацияны жеек адам белсенділігінің қайнар көзі ретінде, іс-әрекеттің қандай да бір механизмі ретінде анықтайды.
  • Келтірілген үлгілерді құрылымына байданысты 2 топқа ажыратуға болады: моноқұрылымдық  (бір құрылымдық) және полиқұрылымдық (көп құрылымдық).
  • Аталған үлгілердің көбісі 2-деңгейден құралған: 1-деңгей – төменгі органикалық физиологиялық, яғни байланыс индивидтің өмірлік, қоғамдық маңызына себептеніп, саналы түрде жүзеге асады.

 

16-лекция

Мотивацияның өріс дамуының негізгі заңдылықтары

(1 сағат)

Жоспары:

1. А.Н.Леонтьев бойынша  мотивтер дамуының механизмдері;

2. Балалардағы мотивтік  өріс  қалыптасуының негізгі этаптары;

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1.  Ананьев Б. Г.  О проблемах современного человекознания / АН СССР, Ин-т психологии. — М.: Наука, 1977.

2.Братпусь Б. С. Психологические  аспекты нравственного развития  личности. — М.: Знание, 1977.

3. Гиппеирейтер Ю. Б.  Введение в общую психологию: : Учебное пособие для вузов.  — М.: ЧеРо, 1997.

4.  Ильин Е. П. Мотивация и мотивы. — СПб.: Питер, 2000.

5. Немое Р. С. Психология: Учебник для студ, высш. пед. учеб. заведений:  Кн. 1: Общие основы  психологии. — 2-е изд. — М.: Владос, 1998.

6. Леонтьев Л. Я.  Деятельность. Сознание. Личность. —  2-е изд. — М.: Политиздат, 1977.

7. Рубинштейн С. JI. Основы общей психологии. — СПб.: Питер, 1999.

8.  Теплое Б. М.  Избранные труды: в 2-х т.  Т. 1. — М.: Педагогика, 1985.

 

Лекцияның мәтіні:

Мотивация ұғымы адамның нақты  бір мақсатқа жетуге бағытталған  талаптану жүйесімен түсіндіріледі. Мотивациялық жүріс-тұрыс “Адам нені қалайды?” “Ол неге ұмтылыды?» деген сұрақтарға жауап береді.Адамның талабы әрқашан басым қажеттіліктердің жүзеге асуымен байланысты болады. Адамдар жүріс-тұрысының негізінде белгілі бір қажеттіліктер болады. Қажеттілік-бұл адам бастан кешіретін мұқтаждық қанағаттануы адам тіршілігі,оның жеке адамдық тұтастығын сақтау үшін өмірлік маңызы. Адам тіршілік етуі,дамуы және жетілдіруі өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін құралдар мен белсенділіктерді қажет етеді. Адам қажеттіліктері әр түрлі болады.

Қазіргі кезде қажеттіліктің материалдық (тамақ,киім,тұрғын үй т.б)және рухани (қоғамдық өмірге,еңбекке,қарым-қатынасқа,білім  алуға,шығармашылыққа т.б)түрлерін бөліп  шығарады.Мұндағы қажеттіліктердің кез-келген жетілуі де шартты болады. Мұндағы қажеттіліктердің кез-келген адамның барлық психологиялық іс-әрекеті,ақыл-ойы,сезімі,еркі құрылытын ең басты негізі болып табылады.

Адам қажеттіліктерінің негізі оның күші,пайда болу кезеңдерімен қанағаттандыру тәсілдермен сипатталады.

Қажеттілік мотивация құрлымында ерекше орын алады. Қажеттілік кез-келген іс-әрекет белсенділігінің бастау көзі болып табылады. Іс-әрекет-сәйкес қажеттілікті қанағаттандыру құралы. Осылайша,қажеттілік іс-әрекет субьектісінің белсенділігінің жалпы бағыттылығын көрсетеді.

Қажеттіліктің заттану процесі  дегеніміздің өзі-оның мотивке көшуі (трансформация) .Субьект белсенділігінің  бағыттылығы нәтижеге жетуі және жекелеген әрекеттің қасиеті, оның алдында тұрған мақсатқа қалай тәуелділігіне  байланысты,мотив іс-әрекетте толық себептендіреді.

Іс-әрекет субьтектісінің осындай  тәуелсіздігі,іс-әрекеттің сыртқа себептер субьектіге,ылғи,әрқашан ішкі шарттар  арқылы әсер етуінен көрінеді(С.Л.Рубинштейн).

Мотивтер қажеттіліктермен заттала  отырып,бұл қажеттіліктер мотивтің бағыттылығын анықтайды.Бір адамның бойында сансыз көп қажеттіліктердің болуы мүмкін емес,бірақ мотивациялық  сфераның байлығы олардың әртүрлілігінен және өзара толықтырулардан байқалып отырады. Мотив сферасындағы қажеттіліктердің өзара әрекеттесуі бір-бірін күштейді немесе әлсіретеді,ал олардың өзара қарама-қайшылыққа түсуінің нәтижесі аморальдық нәтижесі жүріс-тұрысқа әкеп соғуы мүмкін.

Жеке адамның мотивациясын анықтайтын шешуші фактор ол өмірлік мақсатқа,мағанасына байланысты танымдық белсенділігі. Мақсат саналы түрде анықталады,яғни болашақ нәтиженің сөз арқылы алдын ала мақтау,әрекеттің бейнеленуі,оның мүмкін болар салдарының,жалғасуының бейнесі, аралық және соңғы нәтижелерінің бейнесі. Мақсат мотивациясының детерминалды ретінде шығады, адамның тікелей сыртқы әсерге қатысты түрде тәуелсіз бола алу қабілеттілігін көрсетеді.

Мотив-бұл адамның белгілі бір  әрекет үшін саналы меңгерілген қалыптасуы. Ол адамның өзінің қоршаған жағдайын және алға қойған мақсатын бағалау, ақылға салу, есептеу деңгейіне байланысты мазмұны анықталып қалыптасады.

Мотивация механизмнің дамуын талдағанда адам мотивацияның ерекшелігін алдын-ала  анықтау мәселелерінің маңызы зор.Адам мотивациясының төмендегідей бірнеше  ерекшкліктері бар;

Информация о работе Тулга теориясы