Тулга теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 19:01, реферат

Краткое описание

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.
Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.
Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.

Содержание

1. Алғы сөз …….…………………………………………......................................
2. Жалпы мәліметтер …………………………….……….....................................
3. Курстың мақсаты мен міндеті .....……………………………………...............
4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері .....…………...............................
5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме .……................................................ ............
6. Оқу сабақтарының құрылымы .…………………………..................................
7. Студентке арналған ережелер ..……………………..........................................
8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып
бойынша бөліну кестесі .………..............................................................................…….
9. Лекция сабақтарының мазмұны .........................................................................
10. Семинар сабақтарының жоспары ........................................................................
11. СӨЖ жоспары және орындау кестесі ..................................................................
12. ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі ......................................................…..
13. Студенттердің білімін бақылау түрлері: ............................................................
а) бақылау сұрақтары
б) жазбаша бақылау жұмысы
в) тест сұрақтары
14. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі ...................
15. Пән бойынша оқу процесінің картасы ...………………....................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

тулга теориясы.doc

— 1.06 Мб (Скачать документ)

Саналық негізге ие болмаған ықпалдардың  бірі – психикалық көрсетпе – талаптар. Көрсетпе – талаптар психологияда жеке адамның қандай да қажеттігін қанғаттандыру үшін болған әрекетке өзі сезінбеген дайындық, бейімділік қалпын танытады. Көрсетпе талап, қорытындылап айтқанда, - объекті белгілі бір күйде қабылдауға, түсінуге, мәнін аңғаруға күні бұрын дайын болып, бейімділік танытып, сол саналық дайындықты өткен тәжірибемен ұштастыра әрекетке кірісуге негіз.

Тұрқтанған психикалық көрсетпелер жеке адамның әрекет қылықтарын айқындап отырады. Мұндай көптеген көрсетпе-талаптардың мәнін құрайтын сипат – алдын ала шешеімін дайындап қою – адамның жеке тәжірибесінен  алынған асығысты, толық пайымдалмаған қорытындылардың немесе белгілі қоғамдық топта қабылданған сіңірлі пікір – ой стандарттарына бағынышты болуыдың нәтижесі.

Қоғамдық өмірдің әрқилы жағдайларына байланысты көрсетпе-талаптар ұнамды да ұнамсыз да болып, сенім сипатын алуы мүмкін.  Көрсетпе талаптар құрылымы үш бөліктен тұратыны зерттелген: когнитивті бірлік – адамның біліп, қабылдайтын затының бейнесі; көңіл-күй – бағалау бірлігі – объектіде болған адамның ұнатуы мен жек көруі;  әрекет-қылық бірлігі – іс объекті бағытында қандай да әрекет етуге дайын болу, ерікті күштерді іске қосу.

Мұндай мотивтер қатарына, сондай-ақ, дерексізденген ықпал ниет ретінде құмарлық та кіреді. 

 

9-лекция

Қарым-қатынастағы және іс-әрекеттегі жеке тұлға

(1 сағат)

Жоспары:

1. Қарым-қатынас процесі  мен іс-әрекеттегі байланыс;

2.Қарым-қатынас пен  іс-әрекеттегі концепциялар;

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Асмолов А.Г. Психология личности:
  2. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.
  3. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.
  4. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.
  5. Лурия А.Р. Мозг человека и психические процессы. Т. 1. М., 1963; Т. 2. М., 1970.
  6. Мясишев В.Н. Психология отношений. Москва—Воронеж, 1995.
  7. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.

Қосымша:

  1. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.
  2. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.
  3. Психология развивающейся личности/Под ред. А.В. Петровского. М., 1987.
  4. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.

 

Лекцияның мәтіні:

Адам аралық қатынас дегеніміз  – қарапайым да күрделі мәселе. Күнделікті тұрмысымыздаосы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес.

Адас арасындағы қатынастардың түрі келесідей: жеке және қызметтік, дара және топтық, тең құқықты және тәуелді, қарама-қарсылықты және дау-дамайлы. Жеке қатынастар екі адам арсындағы сүйіспеншілік пен жек-көрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен күдіктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орны мен міндетіне тәукелді емес. Мысалы, бала өз ата-анасынсыйлауы да, жек көруі де мүмкін; өз қызметін ойдағыдай атқарып жүрген мұғалім бір шәкіртіне үлкен сүйіспеншілік танытса, екіншісін көргісі келмейді.

Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ  не мекеме мүшелері арасында олардың  сол топтағы құқы не міндеттеріне орай қалыптасады.

Егер ара қатынастар әрюір адамның  меншікті қажеттері сипатында қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке сүйеніп, екі, одан да көп адамдарджың сипатамасы ретінде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады.

Тең құқықтық қатынастар – қатынас мүшелерінің құқықтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқықтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.

Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай, өзара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді.

Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің келеңсіз ниеттерімен тоғысқан шақтарда қарама-қарсылықты қатынастар бой тіктейді.     

Адамдардың бір-біріне деген өшпенділігі  болған жерде дау-дамайлы, жанажалды қатынастар өрбиді.

Адамдар арасындағы, тіпті кейде  бір тұлғаның да бойынан көрінетін  адамдық қатынастар түрі міне осындай. Бұл қатынстардың бәрі өмірде адамдардың бір-біріне ьеретін бағалары мен мінездемелерінде, әр адамның басқаға бағытталған іс-әрекет, қылығында, өзара байланысқан ойы мен сезімінде көрініс береді.

Тұрақты да келелі қатынастар жүйесі қалыптаспаған ортада адамның өрелі өмір сүруі өте қиын, себебі әрбір жеке адамның да, топ пен ұжымның да қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды. Балалаық шақта орныққан адам аралық қатынстарға орай адам азаматтық қасиеттерін тіктейді. Ересектердің төңірегіндегілермен қатынасынан сол ортаның көңіл-күйі айқындалып, алға қойылған мұрат-мақсаттардың сәтті орындалуы не кедергіге ұшырауы мүмкін.

Адам аралық қатынастардан  туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс – бұл остракизм, қоғамнан аластау,  яғни кейбір адамдардың көпшілік арасында сыйымсыздығынан ұжымдық қатынастан шеткерілеп қалуы. Мұндай адамдар көпшіліктің жек көрушілігінен тап болып, назардан тыс қалады, еленбейді. Осыдан өзі қатарларынан оң қатынас таба алмай, ақырында адамгершілік қасиеттерінен айырылып, қауымдық өмір тірішілігінен айырылғандар да кездеседі.

Адам аралық қатынастардың ерекшелігі олардың эмоционалды болуында.  Адам өзі тектеспен араласа отырып, бір-біріне болған айрықша сезімдер мен ықыластарға кезігеді. Жеке аралық қатынастар, әдетте, субьектив сипатта болып, әр адамның шын мәніндегі тұлғалық оң не теріс қасиеттеріне сай келе бермейді. Олар әрқашан адамның көңіл-күйіне байланысты, бір адамның екнішісіне деген сезім толғанысының ауысуымен өзеріске келіп тұрады. Көңіл-күйдің бір сәттік болуынан, жеке қатынастар құбылмалы келеді: бүгінгі тәп-тәуір сыйлы қатынас күн өтпей-ақ кері сипатқа енуі баршаға аян құбылыс.

Қызметтік қатынастар жеке қатынастарға қарағанда біршама тұрақты, олар әдетт, көңіл-күйге байланысты өзгере бермейді. Мұндай қатынастардың әрбір  тұлғаның көңіл-күйіне бағына бермейтіндігінен, оларды ресми қатынастар деп те атайды, яғни мұндай өзара байланыстар қатынасқа түскен адамдардың әрқайсысының жеке ерекшеліктері мен психологиялық кейпіне тәуелді болмауы қажет.

Бірақ өмірде және қызметтік қатынастар өзара кіріге байланысқан, сондықтан оларды нақты айырып, таза күйінде қарастыру мүмкін емес. Біріншіден, әр адам өзінің даралығымен қызметтік қатынастарға әрқашан ерекше мән мен сән беріп отырады; екіншіден, тұлға нақты қатынастарға өзінің жеке ниет, ой, толғаныс және сезімдерімен кіріседі, ал бұлардың бәрі адамның басқалармен болған қызметтік қатынасына әсерін тигізбей қоймайды.

Қарама-қарсылықты қатынастар негізінде толық үйлесім болмағанымен, оған қатысқан адамдар бір-бірінің әрекеті мен ниетін түгелдей шектемейді. Бірде келіссе, бірде қарсы тұрып, алға қойған мақсатқа жетуі жолында қажетті қатынасын үзбейді. Қатынас түгелдей елемеу мен дау-дамайға бармайды.

Кейде екі адам бір ортада бола тұрып, бір-біріне деген ыстық та, суық  та шырай сезінбейді, яғни өзара қатынас жасауға ешқандай қажеттілік таппайды, мұндайда олар арасындағы қатынас бнйтараптық сипат алады.

Қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға  байланысты бір ортаға түсіп қалған адамдардың бірі екнішісінен өзін алшақ  ұстау қажеттігі де туындап қалады. Мұндай кезде адамдар бір-біріне тікелей жек көрушілік танытып, арадағы мәселе бойынша ешбір келісім мүмкіндігін таба алмайды да, іздемейді де. Мұның бәрі ортадағы жанжалад қатынастың ушығуынан.

Адамдар арасындағы және бір ерекше қатынастар түрі – бұл екі ұшты, амбивалентті қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебі бір адамдағы екіншіге деген өзарар тікелей қарсы екі бірдей эмоцияның: жек көрушілік пен құрметтің қосралана жүруі. Осыдан мұндай қатынастағы адамдар өздерінің көңіл төркінінде жатқан ниеттерінің нендей жағдайда екенін айырып алуында біраз қиналады.

Адамдар аралық қатынастар негізінде  адамдардың бірімен-бірі өзара әрекетке, тілдесуге болған өмірлік қажеттілігі  жатыр. Тұрмыстық не қоғамдық қажетсінуден бірін-бірі керексінген адамдар  қатынасқа келіп, ал ол болмаса бір-бірінен бейтарап қалады. Өмірлік маңызды қажеттіліктері бола тұрып, оларды қанағаттандыруда кедергілік ететін қалыптар да болады. Бұл жағдайда да қатынастар үзілмейді, бірақ мұндағы қатынастар өшпенділік не жек көрушілік пен ұштасады. 

Адамдар қажетсінулерінің арасында өз мәні бойынша ізгі адамгершілік сипатты  байланыстар да болады. Мұндайды психологияда альтуристік қатынас деп атайды. Альтурист адамдардың барша ойы, іс-әрекеті әрдайым тек жақсылыққа, қай жағдайда да жәрдем етуге бағышталады.

Адамдар арасындағы үйлесімді қатынастар өмірде сирек кездеседі, сондықтан  мұндай қатынастарды адамдардың мәңгі  арман еткен мұраты ретінде қарастырған  жөн. Бұл қатынастар типіне тұрмыста кезігетін “сүйіспеншілік” қатынасты  жатқызуға болады. Егер бір адамның екіншісіне психологиялық тартымы болса, бірін-бірі адамгершілік сезіммен қабылдаса, екінші адамға қолынан келген жақсылығын аямаса, міне мұндай қатынасты – үйлесімді қатынас деп бағалау әбден жарасымды.

 

10-лекция

Жеке тұлға менталитеті

(1 сағат)

Жоспары:

1. Жеке тұлға құрылымы;

2. “Менталитет” ұғымы;

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Асмолов А.Г. Психология личности:
  2. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.
  3. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.
  4. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.
  5. Лурия А.Р. Мозг человека и психические процессы. Т. 1. М., 1963; Т. 2. М., 1970.
  6. Мясишев В.Н. Психология отношений. Москва—Воронеж, 1995.
  7. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.
  8. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.
  9. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.
  10. Психология развивающейся личности/Под ред. А.В. Петровского. М., 1987.
  11. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.

 

Лекцияның мәтіні:

Жеке тұлға көп жоспарлы және онда белсенділіктің әртүрлі деңгейлері бөлінеді. Психологияда сананың санасыздық пен қатынасы едәуір маңызды зерттелген. Сондықтан санасыздық көрінуі мен  түрлері ерекше маңыздылыққа ие екендігін атап өту керек. Кейбір жағдайларда тек санасыздық жайлы ғана емес, адам іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы санаүстілік жайлы да айтуға болады. Шығармашыл жеке тұлғаның (суретші немесе оқымыстылар) рухани құндылықтарды жасауы, іске асыруы, әрдайым рефлексия (адамның өз көңіл-күйін, ішкі жан дүниесін, өзіндік сансын танып-білуге бағытталған процесс)  құралы (керегі) болып қалыптаса бермейді және шын мәнініде саналылық пен санасыздық қосылысы болып табылады. Бұл деңгейлердегі интеграцияның басқа маңызды түріне менталитет қызмет атқарады.

“Менталитет” ұғымы сана аумағындағы, яғни қандайда бір қоғамдық ортада оның басқа бірлестіктерден айырмашылығын  сипаттайтын ерекше құбылыстарды көрсетуде  қолданылады. Егер қоғамдық санадан, жалпы  адамдық бастау құрғандарды алып тастасақ, онда “соңында” біз сол қоғамның менталитетін білеміз. Жақын, туыс адамдарына сүйіспеншілік, оларды жоғалтқандағы ауыртпалық, олардың опат болуына себепкер болғандарға ызалы кінәлаулар, жалпы адамдық қасиеттер болып табылады жәнебасқа бірлеастіктерге қатысы жоқ, біреулереге бір қасиетімен ерекше болмайды. Алайда қанда кектің (вендетта (қанды кек, қанға қан) – итал. “кек алу”) құлықтық ақтаулары – бұл, сөзсіз, қоршағандардың  (үмітіне) күткеніне жауап беретін, халықтық дәстүрлерде бекітілген, менталитет кескіндері. Егер әрбір жеке адамның санасы автоматты түрде бірлестік менталитетімен басқарылса, онда бұл бірлестік біраз уақыттан кейін толық өзін-өзі құртуға душар болуы мүмкін. Жалпы адамдық бастау менталитеттте бекітілген әдеттен шықпайтын дәстүрден басым болады, демек бірлестік менталитеті мен индивид санасы осы бірлестік мүшесі тепе-теңдікте емес, бірлікті сипаттайтындығы анық.

Сонымен, менталитет – бұл нақты  қоғамдағы қабылданған және  негізінде  мақұлданған көзқарастар, пікірлер, стереотиптер, оны басқа адамдық бірлестіктерден ерекшелейтін мінез-құлық түрлері мен тәсілдер жиынтығы. Оның жеке мүшесінің санасында қоғам менталитеті, қоғамдық өмірдегі оның активті немесе пассивті позициясына байланысты деңгейде көрсетілген. Ғылым, өнер, мифология, религияның қатарында, қоғамдық сананың бір түрі ретінде, менталитет материалданған өнімдерде бекітілмеген, ал егер басқаша айтатын болсақ, қоғамдық қарым-қатынаста алынған, ұлттық сипаттамаға ие болады. Индивидуалдық сана құрылымында бола тұрып, ол рефлексияға үлкен еңбекпен жіберіледі. Әдеттегі сана менталитет феномендерін жанамалай, ауаның білімсіздігі сияқты елемей (байқамай) өтеді, ол қарым-қатынас әсерінің үлесінде кезде, қозғалысқа келмейді. Неге?

Бұл жерде қалыптасу механизмдері әсер етеді деуге негіздемелер (дәлелдер) бар. Сонымен бірге адам өзінің, оның еркінен тыс құрылған, санасыз деңгейде әсер етуші құрылымнан өзінің тәуелсіз екендігін саналы түрде ұғынбайды. Сондықтан менталитет субъектіге рефлексияны жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.  Жақтаушы ондағы ол өзі өзіндік сенім-көзқарстарын қалыптастырғандығы жайлы, сенімді орнатады. Бұл жағдайда өзгермелі дүниедегі адам санасының қайта құрылуында елеулі қиыншылықтар бар.

Егер Ресейдегі қоғамдық сана тарихына шолу жасайтын болсақ, онда 1917 жылдан кейінгі 70 жыл бойына жинақталған, не ең болмағанда ұзаққа кетіп жоғалмаған, соңғы жылдардағы душар болған өзгерістері, “Ресей адамы” менталитетінің негізгі құрамдастарын көруге болады. Олар, олардың мәні мен маңызын анықтауға мүмкіндік туғызатын, шартты атауды алуы мүмкін.

Информация о работе Тулга теориясы