Тулга теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 19:01, реферат

Краткое описание

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.
Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.
Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.

Содержание

1. Алғы сөз …….…………………………………………......................................
2. Жалпы мәліметтер …………………………….……….....................................
3. Курстың мақсаты мен міндеті .....……………………………………...............
4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері .....…………...............................
5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме .……................................................ ............
6. Оқу сабақтарының құрылымы .…………………………..................................
7. Студентке арналған ережелер ..……………………..........................................
8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып
бойынша бөліну кестесі .………..............................................................................…….
9. Лекция сабақтарының мазмұны .........................................................................
10. Семинар сабақтарының жоспары ........................................................................
11. СӨЖ жоспары және орындау кестесі ..................................................................
12. ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі ......................................................…..
13. Студенттердің білімін бақылау түрлері: ............................................................
а) бақылау сұрақтары
б) жазбаша бақылау жұмысы
в) тест сұрақтары
14. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі ...................
15. Пән бойынша оқу процесінің картасы ...………………....................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

тулга теориясы.doc

— 1.06 Мб (Скачать документ)

Сонымен, тұлға дегеніміз – ол тұрақты психологиялық сипаттамалар жүйксінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар  қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне, ортасы үшін маңызды мәнге ие.

Ғылыми әдебиетте “тұлға” ұғымының мазмұнына кейде адам ұйымдасуының генетикалық және физиологиялық деңгейлері қосылатынын айта кету керек.

Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психолгиялық өзіндік  түсініктері қалыптасады. Б.Г.Анантев  бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі  ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субьектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған.

Адам – бұл бір жағынан  биологиялық құбылыс, санасы бар  жануар, қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті. Жоғары ұйымдасқан жануар ретінде адамға денемсімен тік жүру, дүниені тану және өзгерту құралы ретінде қолдың дамуы, ерекше дамыған ми сияқты дене ерекшеліктері тән.

Екінші жағынан, адам қоғамдық құбылыс. Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір және қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамның биологиялық , дене құрлымын өзгертіп және өзіне бағындырды. Адам туралы айтқанда, психология және философия ғылымдары “жеке тұлға” ұғымымен түсіндіреді.

Жеке тұлға адамға қарағанда  тар мағынада қолданылады. Жеке тұлға  – бұл сол адам, бірақ тек қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады.  Бұл жағдайда зерттеушілер оның биологиялық, табиғи жағын ескермей, адамды қоғамдық қатынстардың нәтижесі, қоғамдық дамудың белсенді қайраткері ретінде қарастырады.

Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллектің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкнідік береді, т.с.с. осы белгілер адам баласын хайуаннан ажыратады. “Индивид” ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленушіретінде сипаттайды.

Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер  жүйесінде қосылады, нәтижесінде  ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Бұндай болу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесінде қосылған адам – субьект, іс-әрекет процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші.

Психологияда “адам” және “жеке  тұлға” ұғымдарымен қатар “даралық”  ұғымы да қолданылады. әрбір адамның  мәні, оның өмірі мен қызметі жағдайларының өзіндік қайталанбайтын рекшелігі бар, сондықтан да тіптен екі бірдей жеке тұлға болмайды және болуы да мүмкін емес.

Өз кезегінде, осы үш деңгейдің  даму ерекшеліктері нақты адамның  қайталанбастығын сипттап, оның жеке даралығын анықтайды. Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешілігі айтылады.

Сонымен, “тұлға” ұғымы адамды әлеуметтік тіршілік иесі ретінде сипаттау үшін керек. мәскеулік және Санкт-Петербургтық психологилық мектеп өкілдерінің әдебиеттерінде адам ұйымдасуының иерархиясына әр түрлі көзқарас берілген. Мысалы, Мәскеулік мектеп өкілдері “субьект” деңгейін бөлмей, адамның биологиялық және психикалық қасиеттерін “индивид” ұғымына біріктіреді. Бірақ бұған қарамастан, “тұлға” ұғымы адамның әлеуметтік ұйымдасуымен ұштасқан.

Жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн:

Біріншіден, жеке тұлғаның қасиеттерінің тұрақтылығы. Жеке тұлғаның психикалық көріністерінің өзгермелілігіне қарамастан, оның психикалық келбетінің салыстырмалы тұрақтылығы анық байқалады.

Екіншіден, бұл – жеке тұлғаның бірлігі, жеке тұлғаның психикалық  үрдістерінің, психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. Жеке тұлға біртұтас бірлікті білдіреді, әрбір қасиет басқалармен тығыз байланысты. Мәселен, табандылық мақсатқа жету ептілігі ретінде қиындықтар мен кдергілерді жеңе отырып, жо,ары моральдық сезімдерімен, дамыған ұжымдық сезімдермен бірлікте ғана жағымды мәнге ие болады. Сондықтан да жеке тұлға “жеке бөліктерге” бөлініп қалыптаспайды, тәрбиеленбейді, әруақытта да жеке тұлға тұтас, бірлікте қалыптасады, тәрбиеленеді.

Үшіншіден, бұл – жеке тұлғаның белсенділігі, қоршаған дүниені өзгертуге,  түрлендіруге бағытталғагн көптеген және жан-жақты іс-әрекетте бейнелейді.

Психологияның басқа ғылымдардан  ерекшелігі (философия, этика, заң және т.б) жеке тұлғаның рухани бейнесін, оның қылықтары мен мінез-құлқын зерттейді. Психология ең алдымен жеке тұлғаның себептерін, сезімін, қажеттілігн, қызығуын зерттейді. Психология іс-әрекетті ойдағыдай орныдаудың  психологиялық алғы шарттарын және темпераменті мен мінез-құлқының психолгиялық еркешеліктерін қарастырады. Сонымен қатар психология жеке тұлғаның қалыптасу және даму үрдісін зерттейді. 

2. Кез-келген құбылыс сияқты жеке тұлғаның психикалық өмірі белгілі құрылымнан тұрады. Адамның дара психологиялық ерекшеліктеріне байланысты және жеке тұлғаның өзіне тән құрылымын белгілеуге болады.  Тұлга кұрылымын карастырғанда оған кабілеттерді, темпераментті, мінезді, мотивацияны және әлеуметтік нұскауларды енгізеді.

 Жеке тұлғаның құрылымының  бірінші бөлігі оның бағыттылығын сипаттайды немесе адамның шындық дүниеге таңдамалы қатынасы. Бағыттылық әртүрлі қасиеттердің өзара байланысты қажетттіліктер мен қызығулардың, идеялар мен тәжірибелік ұстанымдардың жүйесін қамтиды.

Ондай жағдайда бағыттылық бөліктерінің бірі үстемдік етеді және басты мәнге  ие болады, сол уақытта басқалары  тірек қызметін тақарады. Үстемдік ететін бағыттылық жеке тұлғаның бүкіл  психикалық қызметін анықтайды. Мәселен, танымдық қажеттіліктің үстемдік етуі  соған сәйкес еріктік өз кезегімен интеллектуалдық іс-әректтің белсенділігін арттырады. Бір уақытта табиғи қажеттіліктер біршама тежеліп, күнделікті тіршілік күйді кейінге, екінші кезекке ығыстырады.

Жеке тұлға өзінің айналысқан қызығуының мақсаттылығын негіздей бастайды, оған ерекше қоғамдық және жеке мән береді. 

Жеке тұлғаның психологоиялық құрылымының  екінші бөлігі жеке тұлғаның мүмкіншілігін  айқындайды және белгілі бір іс-әрекетті нәтижелі қамтамасыз ету үшін қабілеттіліктерді қамтиды. Қабілеттер дегеніміз - бұл тұрлі әрекеттердегі табыстарын анықтаушы адамның жеке басының тұрақты касиеттері. Қабілеттіліктер өзар байланысты және бір – бірімен өзара әректе етеді. Тәртіп бойынша қабілеттіліктердің бірі үстемдік етеді, басқалары оған бағынады. Мәселен, А.С.Пушкинде ақындық өнер үстемдік етеді, бірақ ол өзін тарихшы және талантты суретші ретінде де таныта білді. Сол сияқты М.Ю.Лермонтов туралы да айтуға. Қабілеттіліктердің арақатынасының сипатына бағыттылықтың құрылымы әсер етеді. Өз кезегімен қабілеттіліктерді даралау жеке тұлғаның шындыққа қатынасының таңдамалылығына әсер етеді.

Жеке тұлғаның құрылымының  үшінші бөлігі мінез болып табылады немесе әлеуметтік ортадағы адамның мінез-құлық стилі. Мінезде бір адамның басқа адамдарға катынасын анықтайтын касиеттер бар. Мінез күрделі синтетикалық құрылым, адамның рухани өмірінде мазмұн мен түр бірлігінде аңғарылады. Мінез жеке тұлғаны тұтас көрсете алмағанмен, бірақ оның қасиеттерінің, бағыттылығы мен ерік-жігерінің, интеллектуалдық және эмоциялық сапаларының, темпераментте байқалатын типологиялық ерекшеліктерінің күрделі жүйесін білдіреді.

Мінез жүйесінде сонымен  қатар басты қасиеттерді бөліп  көрсетуге болады. Олрға ең алдымен  – моральдық, екіншіден – ерік-жігер  сапалары жатады, олар белгілі мінез-құлық стилін және практикалық міндеттерді шешу тәсілін қамтамасыз етеді. Сондықтан да моральдық – ерік-жігерсапаларын мінездің негізін құрайды деп айт аламыз.

Мотивация дегеніміз - әрекет етуге деген ынтаның жиынтығы болса, әлеуметтік нұскаулар - адамдардың наным-сенімдері. Темперамент - адамның психикалык процестерінің динамикалық сипаттамасы.

Төртінші бөлігі басқару жүйесі болып табылады, көп жағдайда “мен” деген ұғымды білдіреді. “Мен” – жеке тұлғаның өзіндік сапа құрылымы, ол өзін-өзі реттеп отыруды іске асырады: іс-әрекетті күшейту немесе бәсеңсіту, өзін-өзі бақылау және іс-әрекет пен қылықты басқару, іс-әректті жоспарлап отыру, сонымен, өзін-өзі басқару жеке тұлғаның мақсаты ұйымдасқан өмірі мен қызметінде ерекше маңызы зор. Жеке тұлғаның құрылымы егер психикалық үрдістер мен қалыпты алып тастағанда толық болмай шығар еді.

Бұдан басқа, кейбір авторлар тұлга кұрылымына ерік пен эмоция түсініктерін қосады. Психикалық кұбылыстардың кұрылымының психикалық процестерді, психикалық күйлерді және психикалы қасиеттерді бөліп көрсету керек. Психикалық процестер, өз кезегін танымдық еріктік, эмоционалдык, болып бөлінеді. Ерік пен эмоция өзіндік кұбылыс ретінде психикалык, процестер шебінде карасты рылуға лайыкты.

Алайда осы кұбылыстарды тұлға кұрылымы шебінде үшін де авторларда негіз бар. Мысалы, сезімдері жиі бағдары бар эмоцияның бір түрі, ал ерік қасиеттері қоғам болып табылатын адамның қылықтарын реттеуге қатысады. айтылғанның бәрі қарастырылып отырған мәселенін күрделі және тұлға мәселесінің кейбір аспектілеріне қатысты белгілі жетіспеушіліктердің болатындығын көрсетіп отыр. Көбірек келіспеушілік тудыратын мәселелері адам ұйымдасуы құрылымының иерархиясы, тұлғадағы биологиялылық пен әлеуметтіліктің қатынасы.

 

4-лекция

“Жеке тұлға” психологиялық мәселе ретінде

(1 сағат)

Жоспары:

1. “Жеке тұлға” барма?

2. Жеке тұлғаның өз  себептілік теориясы;

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Абульханова К.А. О субъекте психической деятельности. М.: Наука, 1973.
  2. Ананьев Б.Г. Психология и проблемы человекознания. Москва—Воронеж, 1996.
  3. Асмолов А.Г. Психология личности:
  4. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.
  5. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.
  6. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.
  7. Ланге Н.Н. Психический мир. Москва-Воронеж, 1996.

Қосымша:

  1. Леонтьев А.Н. Избр. психологич. произв. Т. I, 2. М., 1983.
  2. Ломов Б.Ф. Системность в психологии. Москва—Воронеж, 1996.
  3. Лурия А.Р. Мозг человека и психические процессы. Т. 1. М., 1963; Т. 2. М., 1970.
  4. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.
  5. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.
  6. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.

 

Лекцияның мәтіні:

Тұлға дамуының мәселелерін қарастырған авторлар адам дамуының шарты болып табылатын себептерді анықтауға тырысады. Көптеген зерттеушілердің ойынша тұлға дамуының қозғаушы күші - түрлі қажеттіліктердің кешені. Олардың ішінде маңызды орын алатыны өзін-өзі дамыту кажеттілігі. Бірақ ол қол жетпес идеалға ұмтылу деген сөз емес. Тұлға үшін нақты мақсатқа жету немесе белгілі әлеуметтік статус алу маңыздырақ.

Келесі меселе тұлға  қасиеттерінің тұрақтылық дәрежесі. Көптеген тұлға теорияларының негізінде  тұжырым- тұлға әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде негізгі көріністері тұрақты құрылу. Тұлға қасиеттерінің тұрақтылық дәрежесі әрекеттердің бірізділігін, мінез-құлықты болжау мүмкіндігін анықтап, оның қадамдарының заңдылықтарына сипат береді.

Алайда бірқатар зерттеулердің көрсеткеніндей, адамның жүріс-тұрысы өзгермелі. Сондықтан еріксіз туындайтын сұрақ адамның жүрісі-тұрысы, тұлға болуы қаншалықты тұрақты және неде?

И.С.Конның ойы бойынша  бұл теориялық сұрақта әркайсысы білек карастырылатын жеке сұрақтардың тұтас сериясы бар. Мысалы, 613 ненің тұрақтылығы жайлы әңгіме қозғап отырмыз, жүріс-тұрыстың ба, өзін-өзі ұстаудың ба, әлде психикалық процестердің, тулганың қасиеттері мен қырларының ба? Бұл жағдайда бағаланатын қасиет тұрақтылығы мен өзгеретінінің индикаторы не? Ол қасиеттер және өзгермелі екендігін көрсететін уақыт көлемі қандай? Осыған дейін жүргізіліп келе жатқан зерттеулер бірыңғай жауап бере алмағандығын айта кеткен жөн болар, олардың нәтижелері де әр түрлі, үнемі тұрақты болуы тиісті деп саналатын тұлғаның қырлары емес болып шыққан. Кейде, тіпті бір адамның бойындағы қасиетердің көріністері жағдайға байланысты елеулі түрде ауысады екен. Ал лонгитюд-п зерттеулер тұлғада тұрақтылықтың белгілі дережесі Р деп көрсетеді, муұдай тұрақтылықтың, өлшемі түрлі тұлға қасиеттері үшін бірдей емес. 35 жыл жүргізген осындай зерттеулердің бірінде адам белгілі тұлғалық  сипаттамаларының жиыны бойынша бағалан-ған. Олар алғашқы рет орта мектеп жасында тексерілсе, кейін мектептің жоғарғы сыныптарында, ал соңғы рет 35-45 жас шамасында тексерілген. Бірінші тексеруден кейін екінші тексеруге дейін 3 жыл аралығында сыналғандардың тұлғалық сипаттамаларының 58%-ы сақталғаны анықталған. 30 жыл бойы жүргізген зерттеулердің нәтижесі тұлгалық сипаттамалардың 31%-ы сақталатынын көрсетті.

 

5-лекция

Л.С.Выготский жеке тұлға  жайлы

(1 сағат)

Жоспары:

1. Жеке тұлға мәселесі  мен оның дамуы;

2. Интериоризация акттері;

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Асмолов А.Г. Психология личности:
  2. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.
  3. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.
  4. Выготский Л.С. Психология личности том.2.М.2000.
  5. Ломов Б.Ф. Системность в психологии. Москва—Воронеж, 1996.

Қосымша:

Информация о работе Тулга теориясы