Тулга теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 19:01, реферат

Краткое описание

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.
Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.
Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.

Содержание

1. Алғы сөз …….…………………………………………......................................
2. Жалпы мәліметтер …………………………….……….....................................
3. Курстың мақсаты мен міндеті .....……………………………………...............
4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері .....…………...............................
5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме .……................................................ ............
6. Оқу сабақтарының құрылымы .…………………………..................................
7. Студентке арналған ережелер ..……………………..........................................
8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып
бойынша бөліну кестесі .………..............................................................................…….
9. Лекция сабақтарының мазмұны .........................................................................
10. Семинар сабақтарының жоспары ........................................................................
11. СӨЖ жоспары және орындау кестесі ..................................................................
12. ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі ......................................................…..
13. Студенттердің білімін бақылау түрлері: ............................................................
а) бақылау сұрақтары
б) жазбаша бақылау жұмысы
в) тест сұрақтары
14. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі ...................
15. Пән бойынша оқу процесінің картасы ...………………....................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

тулга теориясы.doc

— 1.06 Мб (Скачать документ)

Моралдік немесе адамгершілік идеал  – бұл адамның өз іс-әрекеті  мен қылығының үлгісі. Әрбір тарихи кезеңде идеал, үлгі болатын адамдар  аз болған жоқ. қазақ халқының тарихы мен мәдени өмірінде идеал, үлгі боларлық қайраткерлер мен ғылымда академик Қаныш Сатпаев, әдебиет пен өнерде Абай, Мұхтар, Махамбет, Құрманғазы т.б. есімдерін ерекше атауға тұраралық. Жеке тұлғаның қылығының негізгі түрткісі сенімдер болып табылады.

Сенімдер – бұл өздерінің көзқарасына, қағидаларына, дүниетанымына сәйкес итермелейтін жеке тұлғаның мақсатты қажеттіліктер жүйесі. Сенімдер түрінде байқалатын қажеттіліктер мазмұны – бұл қоршаған дүние табиғат пен қоғам туралы білімдер, оларды түсіну. Бұл білімдер ішкі ұйымдасқан көзқарастар жүйесін құрайды (философиялық, эстетикалық, этикалық, ғылыми-жаратылыстану және т.б.), ол адам-дүниетанымы болып қарастырылады.

Ұмтылу – мінез-құлық түрткілер (мотивтер), онда қажеттілік түрінде аңғарылады, қазіәргі жағдайда берілмеген, бірақ жеке тұлғаның арнайы ұйымдасқан іс-әрекетінің нәтижесі түрінде жасалуы мүмкін. Ұмтылу түрінде берілген қажеттілік ерекше ұйымдасқан іс-әрекет арқылы қанағаттандыра алмайды, бұл түрткілер категориясы ұзақ мерзімге жеке тұлғаның белсенділігін қолдауға қабілетті.

Мәселен, бір топ студент қайықпен среуенге шығу туралы жоспар жасап, пайда болған ұмтылу нәтижесінде жоспарды іске асыруда өзінің іс-әрекетінің белсенділігін арттырады, сол жоспарды орныдауда студенттер әртүрлі даярлық жұмыстарын жүргізеді. Ұмтылу әртүрлі психологиялық түрде іске асады.

Барлық түрткілер туралы айтқанымызда (қызығу, сендіру, ұмтылу) ең алдымен олар саналы, мақсатты түрде сипатталады. Басқа сөзбен  айтқанымызда, адамда ол пайда болғанда, өзіне-өзі есеп береді, іс-әрекетке итермелейді, оның қажеттілігінің мазмұны болып табылады. Сонымен қатар бұл категорияға түрткілердің барлығы кіре бермейді. Адамдардың іс-әрекеттері мен қылықтарының ерекше саласына саналы емес талпынулар жатады. Саналы емес талпынуларды психологияда зертеу ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қолға алынды.

Ұстаным мәселесі, ұстаным теориясының біздің елімізде негізінен грузин психологы Д.Н.Узнадзе және оның әріптестері негізін салған болатын.

Ұстаным дегеніміз қажеттілікті қанағаттандыруға белгілі дәрежеде даярлықты айтады.

Ұстаным – бұл белгілі бір  іс-әрекетке жеке тұлғаның саналы емес талпыну дайындығы, оның көмегімен белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруы мүмкін.

Д.Н.Узнадзе зерттеуі бойынша ұстаным  орталық жүйке жүйесінде пайда  болады және оның перифериялық бөлімінің  қызметінің жемісі болып есептелмейді. Мәселен, бірінші сынып оқушыларының мұғаліміне ұстанымын жатқызуға болады: ұстаным мұғалімнің кез-келген тапсырмасын мүлтіксіз орындау даярлығы түрінде аңғарылады. Қоғамдық өмірдің әртүрлі деректері бойынша ұстанымдар (оқиғаларға, адамдарға және т.б.) жағымды болуы да (ауру дәрігердің барлық айтқандарын дәл орындауы, оны емдеген доктордың ұстанымын басшылыққа алуы), жағымсыз болуы да мүмкін.     

Мотивтер жоғары не төмен деңгейде, саналы немесе санаға тіпті де байланыссыз  болуы мүмкін. Адам бағыт-бағдарының басым болуынан саналы мотивтер туындайды. Айта кету керек, қажетсінулер мен мотивтер адам бағыт-бағдарының белгілі бір бөлігін ғана сипаттап, оның бастау түйіні, іргетасы ғана іспеттес. Осы ірнетас негізінде адамның өмірлік мақсат, мұраты қаланады. Мақсат нақты іс-әрекеттік және өмірлік болып ажыратылады. Адам өмір барысында көптеген, сан қилы іс-әрекеттерді орындауына тура келеді, ал олардың әрбәрә өзінің нақты мақсатына ие. Дегенмен, әрбір дара іс-әрекеттің мақсаты және адам бағыт-бағдарының осы әрекетте көрінетін қайсы бір қырына ғана сәйкес болуы ықтимал. Өмірлік мақсатқа келетін болсақ, ол дара іс-әрекеттермен байланысқан барша жекелеген мақсаттарды біріктіруші фактор. Жеек мақсаттардың әрқайсысы өз орнымен орындалып баруы жеке адамның жалпы өмірлік мақсатының біршама іске асуын қамтамасыз етеді. Адамның жетістік деңгейі өмірлік мақсаттарға байланысты. Осыған орай адам өз келешегін санадағы болмысын жобалайды. Мақсатты айқын түсіну мен сол мақсаттың  іске асу жолдарын сезінуден қоғамдық тұлғаның болашағы айқындалады.

Өз болашағын көрегендікпен  тани білуге қажет адам қасиеттеріне кедергі болатын жан күйзелістері мен түңілулері психологияда – фрустрация делінеді. Мұндай психикалық қалып адамда оның мақсатқа жету жолында бой бермес кедергілері кезіккенде туындайды. Фрустрациялық жағдайдың белгілері-мақсатқа ерісудің кедергі бары да көрініп тұр. Адам мұндайда фрустрациияға түспей, үлкен қиыншылықтарды да жеңе алуы мүмкін. Ал кейбір сындарлы кезеңдерде қиыншылық басымдау келіп, фрустрация өрістеп, ол адамның мақсат жолындағы әрекетінің берекетсіздікке ұшырауына себепші болады. Мақсатты әрекет бұзылысының келесі түрлері (Ф.Е.Василюк) белгілі а) қозғалысты қозу – мәнсіз қимыл әрекеттер; б) түңіліс; в) ашуға беріліп, әрекеттен қалу; г) сереотипия - үйреншікті әрекеттерді ойсыз қайталай беру; д) регрессия - өмірдің алғашқы кезеңдерінде игерілген үлгілерге еліктей, ойсыз қимылдау (қазақта “балалығына түсті”).   

Психологияның өзекті мәселелерінің  бірі мотивацияны іс-әрекет мәселесі және мотивтердің шығу тегін Х.Хеккаузен  “Мотивация және іс-әрекет” жұмысында қарастырған. Мотивация – бұл тұлғалық және іс-әрекеттік жүйелердің бірігуі негізінен пайда болған психологиялық ерекшелік.

Адам іс-әрекеті мотивациясының ең маңызды мәселелерінің бірі- оның қылықтарын себепті тұрғыдан түсіндіру. Психологияда осындай түсіндіру каузальды атрибуция деп аталады.

Каузальды атрибуция  адамның мінез-құлқы туралы қабылданған  ақпаратты мағыналауға, қылықтарының себебін анықтауға, адамның оларды алдын ала болжау қабілетін дамытуға бағытталған когнитивті түрдегі мотивацияланған мінез-құлық болып табылады. Бір адам басқа біреудің істеген қылығының себебін біліп жатса, оны түсіндірмек түгілі болжай да алады. Бұл адамдар арасындағы қатынастар мен әрекеттер үшін өте маңызды.

Бұған қоса каузальды  атрибуция адамның көріп жүрген құбылыстарын түсіндіруге деген қажеттілігі ретінде болып келеді. Каузальды атрибуция адам қатынастарын реттеумен тікелей байланысты болып, адамдардың қылықтарын түсіндіру, ақтау және кінәлау сияқты әрекеттерді біріктіреді.

Каузальды атрибуцияны зерттеу Ф.Хадердің 1958 жылы шыққан “Жеке адамның аралық қатынастар психологиясы” деген еңбегінен бастау алған. Осы кітаппен бірге баспада адам туралы ақпаратты көрсету арқылы адамдардың бірін-бірі қабылдау жайында маңызды зерттеулер пайда болған. Білімнің осы саласында Г.Келлидің жеке адамдық құрылымына адамның әлемді қабылдауға мүмкіндік беретін ұғымдар жүйесі болып табылатын тұрақты когнитивті-бағдарлама құрылымдар теориясы жөніндегі жұмыстары үлес қосты. Жеке адамдық құрылым деп айтатынымыз – бір адамның басқа бір адамға немесе айналасында болып жатқан жағдайларға беретін мінездемелерінде жиі кездесетін қарама-қарсы бағаламалық қос ұғым (мысалы, “ақ-қара, “жақсы-жаман”).  Бір адамға сай жеке адамдық құрылымдары арқылы оның әлемге деген өзгеше көзқарасын бейнелуге болады. Мұндай құрылымдар адамның мінез-құлқын болжау , оны мотивациялық-когнитивтік тұрғыдан түсіндіру (каузальды атрибуция) қызметін тақарады.

Мотивацияның Ресейлік теоияларында іс-әрекет пен жеке адам бірлігі принципі негізінде мотивтердің келесі қызметтері бөлініп сипатталған:

1. Мағына құрушы қызметі.  Бұл қызметті ең алғаш барлық  іс-әрекеттің анықтаушы негізгі  функциясы ретінде А.Н.Леонтьев  қарастырған. 

2. “Мен - әрекет” арасындағы  мағыналық байланыстарды реттеуші  қызметі (Рубинштейн С.Л., Шороховыа Е.В., Асеев В.Г.).

3. Мотивация әсерінің  белсенділігін сипаттайтын қызметі  (Божович Л.И., Рубинштейн С.Л., Леонтьев  А.Н.).

4. Селективті қызметі.  Бір ғана әрекет кем дегенде  2 мотив арқылы себептеніп, мотивтердің  біреуінің әрекеті, екіншісінің жетістігіне кедергі жасау мүмкіндігі.

5. Энергетикалық қызмет. Интенсивтілігін, орындау үшін  жіберілген іс-әрекет субъектісінің  энергиясының санымен шарттануын  сипаттайды. (Гальперин П.Я., Шорохова  Е.В., Асеев В.Г.).

6. Мақсат құрушы қызметі. Қажеттілікті мотивациялық сферадағы иерархия, мотивацияның мәнділігі мен мазмұны, мақсаттың ерікті қалыптасуының құрылымын анықтаушы фактор ретінде шығады.

 

15-лекция

Мотивтің психологиялық  теориялары

(1 сағат)

Жоспары:

 

1. Антикалық зерттеушілер  жұмыстарындағы мотивация мәселелері;

2. Инстинктер теориясы;

3. А.Маслоу бойынша  адам қабілетінің классификациясы;

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1.  Ананьев Б. Г.  О проблемах современного человекознания / АН СССР, Ин-т  — М.: Наука, 1977.

2.Братпусь Б. С. Психологические аспекты нравственного развития личности. М.: Знание, 1977.

3. Гиппеирейтер Ю. Б.  Введение в общую психологию: : Учебное пособие для вузов.  — М., 1997.

4.  Ильин Е. П.  Мотивация и мотивы. — СПб.: Питер, 2000.

5. Немое Р. С. Психология: Учебник для студ, высш. пед. учеб. заведений:  Кн. 1: Общие основы психологии. — 2-е изд. — М.: Владос, 1998.

6. Леонтьев Л. Я.  Деятельность. Сознание. Личность. —  2-е изд. — М.: Политиздат, 1977.

7. Рубинштейн С. JI. Основы общей психологии. — СПб.: Питер, 1999.

8.  Теплое Б. М.  Избранные труды: в 2-х т.  Т. 1. — М.: Педагогика, 1985.

 

Лекцияның мәтіні:

Мотивті адамның белсенділігінің  себептері ретінде түсіндірудің алғашқы талпыныстары антикалық  дәуірден басталады. Аристотель өзінің “жан туралы” трактатында жан функцияларының ішінен “бір нәрсеге” деген немесе “бір нәрседен” адамның ұмтылысын бөліп көрсетеді. Платон мотивтердің шиеленісін жанның ақылды бөлігі мен ашкөз бөлігі арасындағы күрес ретінде қарастырылады.

Мотивация туралы теориялар  ежелгі грек философтары мен теологтары ілімдеріндегі рационализм және иррационализм бағыттары мен бірге дамыды . XIX –ғасырдың ортасына дейін ықпалы басым болған рационалистік позициясы бойынша, адам жануарларға еш қатысы жоқ ерекше жаратылыс ретінде қарастырылады. Тек адам ғана санаға, ақыл-ойға, ерік-жігерге ие бола алады. Бұл бағыт бойынша мотивацияның қозғаушы күші – адамның ақыл-ойы мен  санасы және еркі мен байланысты. Иррационализм негізінен жануарлар әлемі туралы ілім болды. Мұнда жануардың адамнан ерекшелігі оның жүріс тқрысы еріксіз, санасыз биологиялық жоспарда жүзеге асып, органикалық қажеттіліктерге сүйенеді.

Мотивация туралы психологиялық  теориялардың дамуында XVII – XVIII ғасырда  жоғарыдағы аталған идеялар (рационалистік, иррационалистік) негізіне құрылған екі теорияның маңызы зор болды.

Бірінші, адам іс - әрекеті  мен жүріс-тұрысын рационалистік  тұрғыдан түсіндіруші “шешім қабылдау” теориясы – экономика саласына математикалық білімдердің енгізілуіне байланысты адамның экономикалық жүріс-тұрыстық шешім қабылдауы. Кейіннен, бұл адам іс-әрекетінің барлық сферасында қатыстырылды.

Екіншісі, адам іс-әрекеті  мен жүріс-тұрысын иррационалдық тұрғыда түсіндіруші “Автомотизм” теориясы-осы ғасырдағы механика жетістіктері нәтижесінде пайда болып, кейіннен тірі организмнің сыртқы әсерге тума, автоматты, механикалық жауабын қарастыратын рефлекс идеясымен жалғасты. Бұл теориялардың бірі – адам, екіншісі-жануар жүріс-тұрысын түсіндіруге бағытталған, бір-біріне тәуелсіз, жеке және философиялық ілімдердің екі үлкен лагеріне негізделген, жеке адамның мотивациясының ғозғаушы күші туралы бұл  теориялар XIX – ғасыр аяғына дейін өмір сүрді.

XIX –ғ екінші жартысы  барлық ғылымдар саласы үшін  күрделі жаңалықтарға толы болды.  Соның бірі – Ч. Дарвиннің “эволюциялық теориясы”. Ч.Дарвин өз ілімі арқылы осы уақытқа дейін адам мен жануарды анатомиялық, физиялогиялық, психологиялық тұрғыда өзара сыйыспайтын екі үлкен топқа бөліп қарастырып келген бағыттар арасында ғылыми негізделген көпір орнатты. Ол алғаш рет осы екі тірі жаратылысты жүріс-тұрыстық және мотивациялық тұрғыдан бір-біріне  жақындастырып, әсіресе, қажеттіліктер менинстинктердің эмоционалды-экспрессивті түрде көрінуінде екеуіне де ортақ формалар болатынын анықтады. Осы теория ықпалымен адам және жануар жүріс-тұрысының формаларын зерттеу қарқыны есе түсті.

Жануарлардың жүріс-тұрысын  зерттеуде В.Келлер, Э.Торндайк, адамдардағы  инстинкті зерттеуде З. Фрейд, У.Макдауголл, И.Павловтың теорияларын айтуға болады. Бұл теорияларды бұрын  қажеттіліктерді тек жануар жүріс-тұрысына тән деп есептесе, енді оны адам жүріс-тұрысынан қарастырып, адамға тән қажеттіліктер түрін анықтау басты орын алды. Адамның мотивациялық қозғаушы факторы ретінде  органикалық қажеттіліктер мен инстинктерін сипаттады.

Біздің ғасырымыздың 20-шы жылдарында шетел психологиясында “инстинк” түсінігі, неғұрлым әйгілі түсінік болды. Осындай мәні бойынша биологи ялық иррационалдық теориялардың бірі – З.Фрейд пен У. Макдауголл негізін салған “инстинктер теориясы”

олар адам жүріс-тұрысыныңқозғаушы  күштерінің себебін тума инс тинктерден іздеуге батыл қадам жасады. З.Фрейд бойынша ,мұндай инстинктер саны үшеу: өмір сүру, өлім, агрессивтілік инстинктері.

У.Макдауголл инстинктінің негізгі  санына қатысты ретпен белгіленген  ұғымды кеңейтіп және оны инстинктіден тұратын жиынтықты ұсынды: өнертапқыштық, құрылыстық, әуестік, қашушылық, кезеңдік, төбелесушілік, ата-аналық, жек көрушілік, өзін кем тұтынушылық, өз-өзін сендірушілік инстинктісі. У.Макдаугоол өзінің кейінгі жұмысында негізінен органикалық қажеттілікке тиісті тағы сегіз инстинктіні қосты. Ұсынылған инстинктер санының көбеюіне қарамастан,  оның теориясының негізі жануар лардың жүріс-тұрысы менұқсастықта қолданылды.

З.Фрейд бойынша мотивация биоэнергетика  емес, психоэнергетиканы көрсетеді, бұл жүріс-тұрыстың психикалық себептілігін бейнелейтін оның динамикалық сипаттамасы. Ол құрастырған мотивацияның бастапқы 3 компаненті бар: “Ішкі Мен”-жеке адамның өзіндік санасы. “Сыртқы Мен”-санадан тыс құмарлық. “Жоғарғы Мен”-өмір әрекеті барысында жеке адамның санадан тыс игерген моральдік стандарттары тыйымдары, ынталандырулады. Жеке адамның бағытталған белсенділігі болып жоғарыда аталған компоненттердің арасындағы қарама-қайшылықтардың нәтижесі табылады.

Информация о работе Тулга теориясы