Тулга теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 19:01, реферат

Краткое описание

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.
Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.
Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.

Содержание

1. Алғы сөз …….…………………………………………......................................
2. Жалпы мәліметтер …………………………….……….....................................
3. Курстың мақсаты мен міндеті .....……………………………………...............
4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері .....…………...............................
5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме .……................................................ ............
6. Оқу сабақтарының құрылымы .…………………………..................................
7. Студентке арналған ережелер ..……………………..........................................
8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып
бойынша бөліну кестесі .………..............................................................................…….
9. Лекция сабақтарының мазмұны .........................................................................
10. Семинар сабақтарының жоспары ........................................................................
11. СӨЖ жоспары және орындау кестесі ..................................................................
12. ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі ......................................................…..
13. Студенттердің білімін бақылау түрлері: ............................................................
а) бақылау сұрақтары
б) жазбаша бақылау жұмысы
в) тест сұрақтары
14. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі ...................
15. Пән бойынша оқу процесінің картасы ...………………....................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

тулга теориясы.doc

— 1.06 Мб (Скачать документ)

-Адам мотивациясының шығу тегі  әлеуметтік сипатта болады.Оның қажеттіліктерінің заттылығы қоғамдық өндірісінің нәтижесі болып табылады(А.МЛеонтьев,Мильман);

-Адам мотивациясының биологиялық  мотивациядан айырмашылығы қоғам  қажеттілігінде жауап береді;

-Адам мотивациясына онтогенез  барысында арнаулы бағытталған негізгі мазмұнын тәрбие процесі белгілейтін қалыптастырушы әсері зор (Иванчук,Семенов);

-Адам мотивациясы интеллектпен, сөйлеумен тікелей байланысты.(Ковалев,Хекхаузен);

-Адам мотивациясы ерік процестері  көмегімен жүзеге асырылады;

-Адам мотивациясының тұрақтылығы,ситуациялығы,функционалдық дербестігі организм қалпына байланысты болады;

-Адам мотивациясының өмірлік  алыс мақсаттарға бағытталуы;

-Іс-әрекеттің полимотивациялық  сипаты мотивтердің қажеттіліктерге  поливалентті қатынасы(Додонов,Имедадзе);

-Икемділігі,өзара ауыспалылығы(Дилитекский).

Осы айтылған негізгі  белгілердің арасында маңызды сипатқа  ие жеке адамның мотивациялық сферасына  оның жүріс-тұрысының полимотивациялық феноменділігі болып табылады. 

Полимотивация феномені. Бұлұғым негізінде адам жүріс-тұрысындағы бірнеше қажеттіліктерді анықтау тенденциясы жатыр. Л.И.Божович пікірінше,түрлі обьектіні бір ғана қажеттілік емес,сол обьектіге әртүрлі өзара әрекеттесуші,шиеленісуші,көп жағдайда бір-біріне қарама-қарсы  қажеттіліктерді мұғалімдердің қоштауы,өзіндік бағалауының жоғарылауы,жолдастарының назарына ілігуі,болашақ жұмысында шығармашылық жоғары жетістікке жету нақтылы іске асыра алады.

А.Н.Леонтьев концепциясы  бойынша; мотивтердің қалыптасу  процесі бірқатар қажеттіліктердің затталынуы анықтамасын береді. А.Н.Леонтьевтің қажеттіліктердің дамуы олардың обьектілерінің дамуы арқылы өтеді, деген пікірі қажеттіліктердің бөлек түрі ғана емес,бүкіл жүйесін сипаттайды. Бірқатар қажеттіліктер өз шығу тегі жағынан экзогенді болып табылады.

Полимотивация түрлері. Жүріс-тұрысты анықтайтын түрлі  талаптану күштерінің өзара әрекеттестігі  мен жиынтығы бірқатар түрлер мен  формаларға бөлініп кетеді. Белсенділіктің полимотивациясы кем дегенде  екі түрлі жағдайды қамтиды. Біріншіден,нәтижесінде  тіркелген тұрақты полимотивацичлық және поливалентті қажеттіліктердің онтогенетикалық орталықтандырылуы және олардың негізінде тікелей дамитын жаңа мотивациялық құрылымында мотивациялық қатынас болады (В.С.Магул). Екінші, нақты ситуациялық жағдайда адамның бір мезгілдік өзара әрекеттесуде немесе қарама-қарсы қажеттіліктерді бастан кешіруде оларды бірден-бір мәмілеге келтіруде қалыптасатын молимотивация.

Полимотивацияның екі  жағдайы да өзара тығыз байланысты. Бұл онтогенезде қалыптасқан  поливалентті мотивацилық қатынас ситуативті өзара әрекеттестік нәтижесі болып табылады. Бұдан басқа іс-әрекеттің күрделі түрлеріндегі мотивтер арақатынасының толығырақ сызбасын Б.И.Додонов (1978)ұсынды. Бұл схема бойынша іс-әрекет мотивтері келесі шекті құрамымен жүзеге асады:

  • Іс-әрекет процесінің өзінен қанағат алуы,
  • Іс-әрекеттіңғ тікелей нәтижесі,
  • Іс-әрекет үшін сыйлық беру (еңбек ақы,атақ,даңқ),
  • Іс-әрекет дұрыс орындалмаған жағдайларда жазаланудан қорқу-депривация.

Бұл мотивтердің әрқайсысы  іс-әрекет мотивациясының жиынына өздерінің үлес салмағын (жағымды,жағымсыз) қосады. Осыған сәйкес полимотивация феноменологиялық сипатқа ие болады.

Сонымен, мотивация-бұл  іс-әрекеттің бірнеше түрлерінде  жүзеге асатын,адамның қажеттіліктерін  анықтайтын мотивтердің жиынтығы ретінде  қарастырылатын күрделі психологиялық құбылыс. Адамның іс-әрекетінің әрбір түрі көп мағыналы мотивтерден тұрады. Мотивтердің пайда болуы, өзара қатынасқа түсуі құрылымдық деңгейі нақты адамның тұлғалық ерекшеліктеріне және іс-әрекеттің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады.

-Жеке адам мотивациялық  сферасының кеңдігі; Бұл мотивациялық  факторлардың (қажеттілік,мақсат,мотив)әртүрлі  сапалығы,яғни адамда әртүрлі  қажеттілік,мақсат,мотивтер неғұрлым  көп болса,оның мотивациялық сферасы  соғұрлым кең болады.

-Жеке адам мотивациялық сферасының икемділігі; Бұл қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыру барысында түрлі мотивациялық талпыныстарды пайдалана алумен сипатталады.

-Жеке адам мотивациялық  сферасының иерархиялылығы; Бұл  жеке адам бойында болатын  қажеттілік,мақсат,мотивтердің әрқайсысы өз алдына мотивациялық диспозиция ретінде өмір сүрмейтінін,керісінше олардың бір-біріне бағыныштылығы немесе басымдылық белсенділігімен сипатталынады.

 

 

 

17-лекция

Мотивтелген мінез-құлық  жеке тұлға сипаттамасы ретінде

(1 сағат)

 

Жоспары:

1. Табысқа жету және сәтсіздіктерден қашу мотивациясы;

2. Өзіндік бағалау  мен талаптану деңгейі;

3. Билік және аффиляция  мотивтерінің көріну ерекешеліктері;

4. Агрессивтілік мотиві  мен агрессиясы;

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1.  Ананьев Б. Г.  О проблемах современного человекознания / АН СССР, Ин-т психологии. — М.: Наука, 1977.

2.Братпусь Б. С. Психологические  аспекты нравственного развития  личности. — М.: Знание, 1977.

3. Гиппеирейтер Ю. Б.  Введение в общую психологию: : Учебное пособие для вузов. — М.: ЧеРо, 1997.

4.  Ильин Е. П.  Мотивация и мотивы. — СПб.: Питер, 2000.

5. Немое Р. С. Психология: Учебник для студ, высш. пед. учеб. заведений:  Кн. 1: Общие основы  психологии. — 2-е изд. — М.: Владос, 1998.

6. Леонтьев Л. Я.  Деятельность. Сознание. Личность. — 2-е изд. — М.: Политиздат, 1977.

7. Рубинштейн С. JI. Основы общей психологии. — СПб.: Питер, 1999.

8.  Теплое Б. М.  Избранные труды: в 2-х т.  Т. 1. — М.: Педагогика, 1985.

 

Лекцияның мәтіні:

Қарастырылған мотивациялық факторлар уақыт өте келе жеке адамға етене болатыны соншалық, оның тұлғалық бітістеріне айналады. Олардың қатарына : табысқа жету немесе сәтсіздіктен қашу мотиві, мазасыздану, локустық қадағалау, өзіндік бағалау, талаптану деңгейін жатқызуға болады.

Сонымен қатар жеке адамды тұлға ретінде сипаттайтын оның қарым-қатынасқа деген қажеттілігі (аффилиация мотиві), билік мотиві, басқаларға жәрдемдесу мотиві (альтуризм) және өшпенділік сияқты адамның басқа адамдарға дген қатынасын реттейтін әлеуметтік маңызды мотвтеріне кеңірек тоқтала кетуге болады.

1) Табысқа жету  және сәтсіздіктен қашу мотиві. Табысқа жету мотиві теориясы бойынша, адамда іс-әрекет пен функционалды байланыста болатын, табысқа жетуге бағытталған екі түрлі мотив болады. Бұл екі мотивке ие жеке адамдардың жүріс-тұрысының қозғаушы күштері арасында елеулі айырмашылықтар болады.

Табысқа жету мотивін  ұстанған адамдар өз іс-әрекеті алдына нәтижесі сөзсіз табысқа әкелетін іс-әрекет түрлерін, әдіс-тәсілдерін таңдап алып, оған жетуге белсенді ат салысады. Мұндай адамдардың когнитивті сферасында табысты күту, яғни табысқа жету сенімділігі болады. Олар өз іс-әрекетін басқалардың қолдауын, құптауын сезініп, осыған сай іс-әрекеті жағымды эмоцияларға толы болады. Оларға өз ісіне бар күш-жігерін жұмсау, қойған мақсатына бар зейінін шоғырландыру тән болып келеді.

Керісінше, сәтсіздіктен қашу мотиві басым адамдарда іс-әрекеттегі негізгі мақсат табысқа жету емес, сәтсіздіктен қашу болып табылады. олардың бар күш –жігері осы  мақсатқа жұмылдырылғандықтан, оларда сенімсіздік, сынға ұшырау, сәтсіздік қорқынышы нәтижесніде жағымсыз эмоция басым болады. Олардың бойында сәтсіздікке ұшырау қаупін үнемі сезінгендіктен іс-әрекетке деген ықыласа төмендейді.

Табысқа жету мотиві бар  адамдар, әдетте, өз мүмкіншіліктері  мен іскерлік дағдыларына сай  іс-әрекет түрлерін таңдап алады. Талаптану  деңгейі мен мүмкіндіктері арсында  толық теңдік орнаған. Ал сәтсіздіктен қашу мотиві бар адамдар өз мүмкіндігін  бағалауда жоғары өзіндік бағалау және төменгі өзіндік бағалау нәтижесінде ең қиын немеес ең оңай іс-әрекет түрін таңдап алады. Олардың бойындағы талаптану мен мүмкіндік деңгейі арасында сәйкестік болмайды.

Табысқа бағытталған  адамдар  өз алдына қойған мақсаттарына жету үшін барлық мүмкіншіліктерді пайдаланады. Ал басынан сәтсіздікке бағытталған адам өзіне сенімсіздік білдіріп, сыннан қорқады.

2) Аффилиация  мотиві.  Бұл мотив адамдардың өзара қарым-қатынас кезінде адамдармен жағымды, эмоциялық тұрғыда жылы қарым-қатынас  жасауға талпыну реніде көрінеді. Бұған қарама-қарсы адамның басқа адамдар тарапынан шеттетілуінен, өзін қабылдамауынан қорқу мотиві де байқалады. Адамдардың жеке адам аралық қарым-қатынастағы белсенділіг немесе  енжарлығы оның бойында аталмыш мотивтердің басымдылығымен айқындалады. Аффилиация мотиві көбіне жеке адамның қоршаған орта тарапынан қлодауға ие болуы және өзіне деген сенімділікті қалыптастырумен қатар өз-өзін бекітуге деген талпынысымен байланысты жүзеге асады.

3) Билік мотиві. Бұл мотив адамның басқа адамдарға үстемдік немесе билік көрсетуге талпынуы.

4) Альтуризм  немесе көмек көрсету мотиві. Альтуристік мінез-құлықты адамның қоршаған ортадағы басқа адамдардың жағдайын жасауға бағытталған әрекеттері ретінде түсіндіруге болады. Мұнда қамқорлық көрсету, басқаларды қолдау, қорғау, жайландыру, талпыну мотивтері ретінде көрінеді.

5) Агрессия  мотиві. Адамға моральдық , материалдық немесе физикалық зақым келтіретін әрекеттерді агрессия деп атайды. Агрессия тек фрустрацияға деген реакция ретінде ғана емес, басқа адамдарға бөгет жасау, оларға әділетсіздік көрсету, оларды кеміту, зақым келтіру ретінде көрінуі мүмкін.

 

18-лекция

Базалық қажеттіліктер (физиологиялық  қажеттіліктер)

 

(1 сағат)

Жоспары:

1. Физиологиялық қажеттіліктер;

2. Соматикалық қажеттіліктер аумағындағы Ян зерттеулері;

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Асмолов А.Г. Психология личности:
  2. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.
  3. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.
  4. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.
  5. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.
  6. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.
  7. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.
  8. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.
  9. Маслоу А.Г. Мотивация и личность. Санкт – Петербург., 2001.

 

Лекцияның мәтіні:

Роджерс те, Мослоу да  адамдардың өзін-өзі жетілдірудегі әлеуеті  шексіз деп санағнымен, бұлардың теориясының  үш басты айырмашылығы  бар. Роджерс – жеке  тұлға мен оның  мінез-құлқы  қоршаған ортаны  қабылдауына байланысты дамып қалыптасады десе, Маслоу адамның  мінез-құлқы мен тәжірибесі қажеттіліктер иерархиясымен реттеліп отырады дейді. Роджерстен бөлек, Маслоу  адам феноменалогиясын ерекшелемеген. Екіншіден Роджерс теориясы ,негізінен , психологиялық проблемалары бар адамдармен жүргізген жұмысының нәтижесінде қалыптасқан. Шындығында, Роджерс адамның өзіндік кемелденуіне негіз болатын терапиялық жағдайларға көңіл бөледі және терапиядан алынғандарын жеке тұлғаның жалпы теориясына ендіреді. Ал Маслоу, керісінше, ешқашан терапиямен айналыспаған және, психология өз назарын ауытқуларды  зерттеуден гөрі психикалық тұрғыдан сау адамдарға аударуы қажет дегенді қадағалап айтып отырған. Сонымен,  Роджерс адамдардың туа біткен әлеуетін жетілдіруге көмектесетін дамудың нақты формаларын анықтаса, Маслаудың теориясында адамның толық өзіндік кемелденуіне қарай қозғалысын реттейтін даму процестері мүлдем есептелмеген . Оладам өмір сүру желісінің белгілі “күрт өзгеретін кезеңдерінде” қажеттіліктер фрустрациясына ұшырайтынын мойындаса да, оның еңбектері,негізінен, тек ересектерге арналған.

Роджерс адамның бүкіл өмірлік  тәжірибесін өзіндік кемелденуіне қалай  қызмет ететіне байланысты бакғалайды. Родхжерс теориясындағы тірек ұғымдары:өзіндік  кемелдену, феномендік  бағдар (әрбір  адамның  ерекшелігі  оның  қабылдау   ерекшліктерін  тікелей байланысты ),субъективті  тәжірибенің үстемдігі және

“Мен”тұжырымдамасы.Роджерс  бойынша , “Мен”  тұжырымдамасы  “нақты  Мен-ді” және  “идеалды  Мен-ді”(адамдар қандай болғысы келеді және қандай болуы керек) қамтиды.”Мен” тұжырымдамасының дамуы, негізінен,әлеуметтену  процесі  арқылы

(мәнді басқалар – ата-аналар ,аға-іні, апа-сіңлі,басқа да  туысқандар)жүреді. Әрбір адам үшін ең маңыздысы – оны басқалардың түсінуі және жақсы көруі.

Маслоудың гуманистік тұрғысының негізінде  жатқан тезис - әрбір адамды біртұтас қайталанбас, ұйымдасқан тұтастық  деп  қарастыру. Мотивация мәселесі – Маслоудың бүкіл персонологиясындағы  ең  маңыздысы  болып  табылады, адамдар өздерінің  жеке мақсаттарын іздестіруге мотивтелген. Мотивтелген поцестер жеке тұлғаның гуманистік теориясының діңгегі іспетті. Маслоудың айтуынша, адамның қажеттіліктері иерархиялық жүйеге орналасқан, олар реттілігі бойынша:физиологиялық қажеттіліктер;. сақтану және қорғану қажеттіліктері;топ, қоғам мүшесі болуға, махаббат сезімдеріне деген қажеттіліктер; өзін-өзі сыйлау қажеттіліктері; өзіндік кемелдену немесе жеке тұлғалық жетілу қажеттіліктері.

 Маслоудың адам табиғатын зерттеу процесі арқылы ой тұжырымдамаларын төмендегідей сипаттауға болады:

адамдарға денсаулықтықтың , шығармашылықтың , өзін жүзеге асырудың біршама жоғары деңгейіне ұмтылу (тырысу) қасиеті  тән;

невроздар өзіндік  кемелдену жолындағы  бөгет (қоршау) ретінде  қарастырылады;

синергетикалық  қоғамның дамуы - табиғи және қажетті процесс. Бұл  барлық индевидуум бір-бірінің бостандығын  шектемей, тұлғалық дамудың жоғарғы  деңгейіне қол жеткізетін қоғам;

бизнес  және тұлғалық дамудың тиімділігі сәйкес болып табылады. Шын мәнінде өзіндік  кемелдену процесі  әрбір индевидтің өндірістік жетістігінің  жоғарылауына әкеледі.

Психологтардың еңбектеріндегі жеке тұлға психологиясына арналған III тарауда  Г.Оллпорттың “Личность в психологии”атты  еңбегінен және Г.Айзенктің “Структура личности” атты  еңбектерінен жекелеген үзінділер келтірілген.

Адам табиғатына деген көзқарастарды  ұсынатын  теориялар негізгі алты көрсеткіш ( снеімділігі; эвристикалық құндылығы; ішкі келісімділігі; үнемділігі ; қамту аймағының кеңдігі; функцияның  маңыздылығы) бойынша бағаланады.

Информация о работе Тулга теориясы