Тұлға қабілеттерін қарым-қатынас процестері арқылы артырудың теориялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Мая 2013 в 14:32, дипломная работа

Краткое описание

Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке тұлғаның потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда тұлға қабілетін қарым-қатынас арқылы дамыту қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлға қабілетін, оның басқаларымен қарым-қатынасы, жан-жақты, дербес шешім қабылдауға бейім маманды тәрбиелеу- бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тұлға қабілеттерін дамыту.doc

— 748.00 Кб (Скачать документ)

    Екінші бөлімнің үшінші сұрағында тұлға қабілеттерінің дамуын экспериментке дейінгі және кейінгі нәтижелері және оларды статистикалық өңдеу үшін Фишердің х аргументін тандап алдық.

    Ғылыми техникалық  процестің дамуы басқа ғылым  салалары секілді психология  ғылымынан да сандық және сапалық көрсеткіштерді талап етуде. Әдетте, қандай да нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу оңай іс емес екені белгілі. Сондықтан да алынған нәтижелерге дұрыс математикалық талдау жасау мәселелеріне бүгінгі таңда айрықша көңіл бөлінуде. Математикалық өңдеу- зерттеушіден алынған көрсеткіштер мәнін түрлі операцияға ұшырату болып табылды.

     Зерттеу  жұмысымыздың нәтиже көрсеткіштерінің  корреляциялық коэффиценттерін  Фишер формуласы арқылы қайта  жасау үшін келесі кезекте  жүргізілген барлық әдістемелер бойынша ең төменгі нәтиже көрсеткіштерін жинақтау кестесін жасау қажет болды.

Кестеде тәжірбиелік және бақылау  топтарының төменгі нәтиже көрсеткіштері  жинақталды. Дамытушы эксперименттен кейінгі нәтиже көрсеткіштері корреляциялық  талдау үшін Спирменнің корреляциялық рангілеу әдістемесін таңдадық.

 

      Кесте 2- Тәжірбиелік және бақылау  топтарының дамытушы экспериментке  дейінгі нәтиже көрсеткіштері

 

Әдістемелер

 

 

Дамытушы экспериментке дейінгі  корреляциялық нәтиже көрсеткіштері

Дамытушы эксперименттен кейінгі корреляциялық нәтиже көрсеткіштері

Теориялық бірліктер

Rs

n1

n2

n1

 №1

0.19

0.22

0.72

0.23-0.36

 №2

0.21

0.23

0.78

0.23-0.36

 №3

0.18

0.20

0.58

0.23-0.36

  №4

0.20

0.18

0.64

0.23-0.36

  № 5

0.21

0.23

0.68

0.23-0.36

  №6

0.18

0.21

0.78

0.23-0.36


 

   Кестеде белгіленгендей, дамытушы экспериментке дейінгі корреляциялық көрсеткіштер мен дамытушы эксперименттен кейінгі корреляциялық көрсеткіштер арасында едәуір даму динамикасы байқалады. Мәселен, дамытушы экспериментке дейін №1 әдістеме бойынша тәжірбие тобында мәнділік жоқ болса, дамытушы эксперименттен кейін 0,72 яғни мәнділік көрсеткішін береді. Демек, дамытушы эксперименттің тиімділігін осы көрсеткіштердің даму динамикасынан көруге болады. Сол сияқты қалған әдістемелер бойынша да дамытушы экспериментке дейінгі корреляциялық нәтиже көрсеткіштері мен дамытушы эксперименттен кейінгі нәтиже көрсеткіштері аралығында дамудың жоғары деңгейін байқауға болады.

 

 

 

 

Сурет 4- Тәжірибелік  топтардың дамытушы экспериментке  дейінгі нәтиже көрсеткіштері бойынша салыстырма диаграммасы

 

    Сонымен, дамыту  экспериментіне дейінгі жүргізілген  анықтау жұмыстарының нәтиже  көрсеткіштерінің негізінде тәжірибеге  алынған топтарда дамыту экспериментін  жүргізу қажеттігі туралы қорытындыға  сәйкес, дамытушы эксперимент жүргізілгеннен кейінгі көрсеткіштердің аралығында едәуір даму динамикасын жоғарыда бейнеленген кестеден көруге болады.

     Зерттеу  жұмысымыздың статистикалық талдау  бөлімін қорыта отырып,төмендегі  тұжырымдарға тоқталдық;

  • біріншіден, түрлі практик-психологтардың қарым-қатынастағы коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуда, дамыту жұмыстары үйлесімде және жүйелікте жүргізілсе, тыңдаушылар нәтижелерінің корреляциялық көрсеткіштерінің даму динамикасының өсуіне қол жеткізуі мүмкін;
  • екіншіден, сыналушылардың коммуникабелділік қабілеттерінің нәтижелерінің корреляциялық көрсеткіштерін көтеру үшін, олардың тұлғалық бағдарына әсер ететін дамыту жұмыстарын жүргізу қажет;
  • үшіншіден, психолог мамандарының қарым-қатынасқа түсу барысындағы тіл табысқыштық, коммуникативтік іскерлік және қажеттіліктерін дамытуда қарым-қатынас психологиясы бойынша арнайы бағдарламаларды тиімді қолданған жағдайда, аталмыш мәселелер бойынша нәтижелердің корреляциялық көрсеткіштерінің едәуір жоғары динамикасына жету мүмкін.

       Адамның қарым-қатынас қабілеттілігі тікелей оның таңдаған мамандығына байланысты емес, ол адамның дара ерекшеліктеріне байланысты. Қарым-қатынас субъектілері арасындағы өзара немқұрайдылық, тікмінезділік, қарым-қатынастағы суықтық өзге субъектілердің өзін-өзі бағалау деңгейінің төмендеуіне тікелей әсер етеді. Қарым-қатынасқа тұлғаның бағыттылығы тікелей субъектілердің қажеттіліктерінің ерекшеліктеріне байланысты. Қарым-қатынас қажеттілігінен туындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қорытынды 

 

 

     Зерттеу жұмысының мақсаты тұлға қабілеттерінің қарым-қатынас арқылы дамуын зерттеп және соның негізінде қабілеттілікті қарым-қатынас арқылы дамуын зерттеп және соның негізінде қабілеттілікті қарым-қатынас арқылы дамытудың психологиялық ерекшеліктерін көрсетуіне болды. Қабілетті тұлғалардың мәселесі жөнінде ғылыми әдебиеттердің теориялық талдаулары, аталған мәселенің генезисіне деген қатынасты анықтауға мүмкіндік берді. Қарым-қатынас мәселесі әрқашанда өзекті болды.

  Тұлға қабілетін қарым-қатынас арқылы дамытудың психологиялық ерекшеліктері мәселелерінің теориялық концепциялары мен эксперименттік зерттеулерін талдау және дербес жүргізілген эмпирикалық зерттеуде ғылыми жұмыстың болжамдары толығымен дәлелденәп,нәтижесінде бірқатар тұжырымдарды жасауға мүмкіндік берді.

Осыған орай аталмыш зерттеу  жұмысымыздың барысында алынған  деректер негізінде төмендегідей қорытындылар жасалды:

  1. Тұлғаның белгілі бір қабілеттілігінің артуы олардың қарым-қатынасқа түсуінің нәтижелі болуына тікелей байланыстылығы айқындалды. Зерттеу барысында анықталған төмен нәтиже көрсеткіштерінің негізінде тәжірибеге қатысқан мамандардың коммуникативтік біліктіліктерін дамытуы жүзеге асырылды.
  2. Тұлғаның қарым-қатынасының тиімділігіне тілбасқыштық қабілеттілік деңгейлері және өзара қатынасқа түсу жағдайында өзіндік бағалау деңгейлері тікелей әсер ететіндігі анықталды. Тұлғаның қарым-қатынас қабілеттіліктерін , соның ішінде: тіл табысқыштық, түсініспеншілікпен қарай білу, шыдамдылық, коммунмкабельділік  және т.б. іскерліктерін дамыту процестерін зерттелінді.
  3. Тұлға қабілеттерін қарым-қатынас арқлы дамыту нәтижесінде тәжірибелік эксперимент жағдайында анықталған нәтиже көрсеткіштерінің  өсу динамикасын қамтамасыз ететін,яғни практик-психолог мамандарының қары-қатынас қабілеттіліктерін арттыруға жағдай жасайтын белсенді дамыту моделі (тренингтер топтамасы) ұсынылды. Практик-психологтардың өзара қарым-қатынасқа түсу барысында мамандарға қарым-қатынас қабілеттілігінің қажеттілігі және олардың коммуникативтік іскерлік деңгейлерінің жоғары болуы маңызды ықпал етеді.
  4. Жалпы кез-келген мамандық иелерінің қарым-қатынас қабілеттіліктерін дамытуда тренинг модулдердің маңызы зор болып табылатындығы анықталды.

     Қарым-қатынас процесі қоғамда қандай да мамандық иелерінің бірігуінің тәсілі болуымен қатар, олардың тұлғалық және кәсіби тұрғыда өсуінің жолы болып табылады. Тұлғаның қабілеттерінің қалыптасуына субъектінің білімдері мен шеберліктерінің жүйесі, оның қандай да бір топқа,тапқа, кәсіпке жатуы, оның психикалық қасиеттерінің,ойлау, қабылдау, сонымен қатар қарым-қатынас ауқымының, іскерлік, коммуникативтік, тіл табысқыштық, өзін бағалай білу қабілеттерінің дамуы және т.б. өз әсерін тигізетіндігі белгілі болды. Өз білімін көтеруге келген мамандардың алғашқы күннен белсенді әрекет жағдайына жеткізу өзара әрекеттестік мәселесінің тиімді шешуге ықпалын тигізді.

     Зерттеу жұмысымыздың тұлғаның қарым-қатынасын арнайы ұйымдастырылған психологиялық бағдарламалар арқылы дамытса, онда ол тұлғаның түрлі қабілеттерінің дамуына әсер деген болжамымыз толығымен дәлелденді.

     Зерттеу  жұмысында алынған нәтижелер  төмендегідей ұсыныстар жасауға  мүмкіндіктер берді:

  1. Жоғары оқу орындарында практик-психолог мамандарды даярлауда практикалық жағынан көбірек жұмыстардың болуы, олардың қарым-қатынас қабілеттерін дамытуына себебін тигізер еді;
  2. Тұлғаның қарым-қатынас заңдылықтары мен психологиялық әсер ету техникалары олардың болашақта кәсіби әрекетінің табыстылығына, қабілеттерінің ашылуына қамтамасыз ететін талаптар;
  3. Тұлғаның қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және дамыту;
  4. Кәсіби мамандардың психологиялық және тұлғалық негіздерін танытуға қатысты бағдарламалар қажет.

         Сонымен ғаламдық тапсырыс деңгейінде жүргізілетін осы зерттеу жұмысында қарастырылып отырған мәселенің қаншалықты күрделі де, терең екендігі айқындала түсті. Олай болса қарым-қатынас тұлғаның жан-жақты дамуы мен қалыптасуының негізгі факторы болып табылады.

            

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

  1. Коломинский Я. Л. Психология общения. М., 1984.- 235 б.
  2. Леонтьев А. А. Педагогическое общение. М., 1979.- 21 б.
  3. Жакупов С.М Психология познавательной деятельности.-Алматы,1992.-194 бет.
  4. Обозов Н. Н. Межличностные отношения. Л., 1979.- 320 б.
  5. Агеев В. С. Межгрупповое взаимодействие. Социально-психологические проблемы. М., 1990.-450 б.
  6. Асмолов А. Г. Личность как предмет психологического исследования. М., 1984.-Б. 258-235.
  7. Гомелаури М. Л. Ролевое поведение и установка//Проблемы социальной психологии. Тбилиси, 1976.-46 б.
  8. Дичев Т. Г., Тарасов К. Е. Проблемы адаптации и здоровье человека. М., 1976.- 45 б.
  9. Донцов А. И. Проблемы групповой сплочённости. М., 1979.- 145 б.
  10. Донцов А. И. Психологическое единство коллектива. М., 1982.- 125 б.
  11. Донцов А. И. Психология коллектива. М., 1984.- 258 б.
  12. Ковалев А. Г., Мясищев В. Н. Психологические особенности человека. Л., 1960. Т. 2.- 74 б.
  13. Коломинский Я. Л. Психология взаимоотношений в малых группах. Минск, 1976.- Б. 125-128.
  14. Жакупов С.М. Психологическая структура процесса обучения. Авторреф.  дисс. Психол. Наук.-М.:1998.35 бет.
  15. Лефевр В.А. Конфликтующие структуры. М., 1973.- 38 б.
  16. Либин А. В. Стилевые и темпераментные свойства в структуре индивидуальности человека. М., 1993.- 85 б.
  17. Линчевский Э. Э. Психологические аспекты взаимопонимания: Прогнозирование в процессе общения. Л<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" font-size: 14pt; te

Информация о работе Тұлға қабілеттерін қарым-қатынас процестері арқылы артырудың теориялық негізі