Тұлға қабілеттерін қарым-қатынас процестері арқылы артырудың теориялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Мая 2013 в 14:32, дипломная работа

Краткое описание

Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке тұлғаның потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда тұлға қабілетін қарым-қатынас арқылы дамыту қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлға қабілетін, оның басқаларымен қарым-қатынасы, жан-жақты, дербес шешім қабылдауға бейім маманды тәрбиелеу- бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тұлға қабілеттерін дамыту.doc

— 748.00 Кб (Скачать документ)

Сіз келешекте бес  жылда алда қандайсыз? Соған мәнді  назар аударыңыз...

Сіз қайда тұрасыз...

Сіз немен айналысасыз...

Сіз өзіңіздің өміріне  өте қанағатсыз. Қандай іс-әрекетімен айналысасыз? Не үшін жауап бересіз? Кім боп жұмыс істейсіз? Сіздің жанында кім бар? Қандай адамдар сізді қоршап жатыр?..

Түстің бөлек бейнелерін көруге көңіл бөліңіздер. Кей уақытта  менің достық дауысымды сіз естисіз. Кейбір бөлек сөйлемдерді ажыратуға  болады: «Сен өте жақсы адамсың... Біз сені сүйеміз... Сенде бәрі болады... Сен бәрін істей аласың...»

Бұл сөздер сізге жақсы  түсін көруге көмектеседі.

(1 минутына тынышталу  керек.)

Енді бізге қайтадан келу керек екендігін сіз сезінесіз...

Қашан мен үшке дейін  санасам, сіз оянасыз, өз-өзіне сенімі жоғары болады және өз-өзіңізді өте жақсы көретін боласыз. Осы түсте өзі туралы көрген барлық жақсылығын есінде сақтауды тырысыныз. Бір – екі – үш. Енді қағаз бен қалам алып, бес жылдан кейін сіз қандай болатынын жазыңыз: қайда тұрасыз, кім боп жұмыс істейсіз, жанынызда кім болады, осының бәріне қалай жетесіз? (10 минут).

Рефлексия

— Көрген келешек бейнесіне  қанағаттандыңыз ба?

—  Не ең күшті ұнады?

—  Ұнамаған бірдеңе  болды ма?

—  Келешек бейнесінде нені өзгерткісі келеді? Ол үшін қандай қадамдар жасалу қажет?

Сабақ № 5.

1. Жаттығу «Алдына  қойған мақсатына жету».

Әр оқушы қағазды  алып, соған өз алдына қойған белгілі  бір мақсат қояды. Кейін топ мүшелерінен  мақсатына жетуге кедергі болатын  кедергілер мен өз бойындағы мінез  бітістері мен қасиеттерін таңдайды. Оқушының міндеті – бүкіл кедергілерден өтіп, өз мақсатына жету. Ал таңдалған топ мүшелерінің міндеті – оны жібермеу.

Талдау:

  • Бұл жаттығу сіздерге не берді?
  • Сіз өз үшін не алдыңыз?

2. Жаттығу «Мен өсемін»

Оқушылар шеңбер құрып, жерге түсіп тырады.

Сіз кішкентай өсімдік екенін көз алдына елестетіңіз. Сіз жаңа ғана жерден шығып жатырсыз. Әлі кішкентайсыз. Сіз ақырын өсесіз, гүлденесіз, жоғарыға ұмтыласыз. Мен сіздерге өсуге көмектесемін. Мен онға дейін санаймын. Санау бойынша өсуге ұмтылыныз. «Сегіз» санына дейін өсіпп бітуге тырысыңыз да, «тоғыз» бен «он» санау кезінде өкшеге тұрып, тағы да кішкене өсіңіз.

Жаттығуды орындағаннан кейін қатысушылар орындықтарға отырады да, максималды түрде босаңсанады.

Талдау:

- Қазіргі көңілдеріңіз  қандай?

     - Бүгінгі  күн сіздерге не берді?

     - Қандай  жаңалық болды?

3. Жаттығу «Мейрамхана»

Тақтада аспаз суреттелген  ватман қағазы жабыстырылады. Сонымен  бірге ватман қағазында «Тойдыңыз  ба?» деген жазуы бар. Кейін  қағаздарда жазылған сұрақтар мен аяқталмаған  сөйлемдер оқушыларға таратылды.

Олар:

—  Тойдыңыз ба?

—  Мен тағы да мынаны жеуші едім

—  Маған ең ұнағаны 

—  Мен толымды түсіндім

—  Бұл мейрамхана

—  Мен тойдым

          —  Маған қосымша беріңізші 

Төменде біз осы жүргізілген  тренингтік жаттығуларды топтастырып  оларды сызба түрінде көрсеттеміз.

 



 



 


 

 

 


 

 


 

 


 

 


 

 

 



 

 

Сурет 5-Қарым-қатынас  тренингтерінің топтастырылуы

 

     Төмендегі  берілетін кеңестер практик-психолог  мамандарының іс-әрекеттерінде пайдаланумен қатар, басқа маман иелерінің тәжірбиесінде қолдануға болады, сонымен қарым-қатынастың негізгі бағдарлары:

     Әңгімелесушіңізді сөйлетуге тырысыңыз. Ол түсінетін, қызықты тақырыпта әңгіме айтыңыз. Оған өз пікірін, тұжырымын білдіруге итермелейтін сұрақтар қойыңыз.

     Ақпаратты қызықты түрде жеткізуге тырысыңыз. Қызықты оқиғалар жинастырып, есте сақтап оларды айта білуге үйреніңіз: жалпы өмір туралы, қоршаған ортаңыз туралы. Ауыз әдебиет, шығармашылық- бұл өнер, әрқашан бізбен бірге болады.

    Әрбір адам «жылылықты» қажет етеді. Сіздің әңгімелесушіңіз өзін ақылды, қызықты, яғни, мықты болып сезіну керек. Әрбір адамды есімімен атаңыз. Бұл оған өзін жақсы сезінуге мүмкіндік береді. Онымен ең қызықты тақырыпта әңгімелесіңіз оның өзі туралы, мәселелері, жетістіктері, табыстары туралы. Оған сізден гөрі өзі туралы қызығырақ. Ол жақсы білетін тақырыптарды қозғай отырып, оған жақсы жағынан көрінуге мүмкіндік беріңіз. Оның пікірін сұраңыз және кеңес алыңыз.

     Зор қызығушылықпен және ынтамен тыңдай біліңіз. Сыйластық пен қызығушылықпен тыңдаңыз және сұраңыз. Тәуір әңгімелесуші- жақсы сөйлейтін кісі емес, керісінше жақсы тыңдай алатын адам.

     Тыныш, байсалды атмосфера сақтауға тырысыңыз.Үндемей қалуға еркіңіз бар. Өз пікіріңізді айтуға да еркіңіз бар. Сырттан қарағанда бет әлпетіңізден байсалдылық, жайсндық, жылылық байқалсын. Ешкімді дөрекі сөздермен балағаттауға тырыспаңыз.

     Өзіңізді ашық - жарқын адам ретінде көрсетіңіз. Сіз тұйық болсаңыз, әңгімелесушіңіз де тұйық болып шыға келеді. Өзіңіз естіген жайлар, оқиғаларға пікіріңізді, қатынасыңызды жалтармай жеткізіңіз, шыншыл болыңыз. Ашық мінезді кісінің сырқы көрінісі: қол мен аяқтың ашық түрде болуы, яғни тұлғасы тырысып, бүрісіп қалмау, ара қашықты жақындату қарым-қатынас барысында көзқарасыңыздың әңгімелесушіге бағытталуы, бет әлпетінің айтар ойға сәйкестігі.

     Әңгімелесушіңіздің ашық-жарқын, емін-еркін  сөйлесуін қолдап отырыңыз. Зерттеу жұмысының үшінші бөлімінің екінші сұрағында тұлға қабілетін қарым-қатынас қабілеттіліктерін дамытуда психологиялық тренингтердің әсері көрсетілген. Қатысушылардың қарым-қатынас қабілеттіліктерін дамыту мақсатында тренинг модульдер бойынша жүзеге асырылды.

     Қарым-қатынас  тренингтері барысында адамдар  өзі және басқалар үшін өзіндік  психологиялық ерекшеліктерді ашады, түсінеді. Адамның қарым-қатынас қабілеттері өзгелермен үздіксіз қатынасқа түсу барысында қалыптасады, өзгереді және дамиды. Топ мүшелерімен арақатынас жасай отырып, адам қарым-қатынас ережелерін, негіздерін, тәсілдерін, жалпы әлеуметтік тәжірибені өз бойына сіңірді.

     Сонымен  қатар қорытынды модульде қптысушыларға  өз ой-пікірлерін, алған әсерлерін  «ашық хат» деп қағаз бетіне  түсіру туралы тапсырма берілді.  Тренингке қатысушы психолог  мамандардың жазған пікірлерінен  мысал келтіре кеткенді жөн  көрдік. Мәселен, «В.М»-32 жаста:

     «А.Ж»-37 жаста:

     «...Өткізілген  модульдердің барлығына түгел  қатыстым. Барлығы жүйелі, өте пайдалы  болды. Тренингтер мазмұны, құрылымы  жағынан бірін-бірі өзара толықтырып  отырды. Сіздердің еңбектеріңізді  өте жоғары бағалаймын». 

     «Қ.Д»-41 жаста:

     «...Мен үшін  өткізілген тренингтер өте көп  энергия берді. Бұрын мен өзім  психолог болғаныммен, қарым-қатынасқа  түскенде ұялшақтық, өзімді өзгелерден  төмен санау сияқты қасиеттерімді  байқайтынмын. Ал қазір кез-келген ортада өзімді еркін сезініп, ортаны өзіме үйретіп әкететін жағдайға жеттім деп толық айта аламын». Осы тұрғыда жазылған ашық хаттардан ұйымдастырылған дамытушы модульдердің тиімділігі байқалды.

     Қабілетті  тұлғалардың бір-бірімен тілесіп,  қарым-қатынас жасауының күрделенуі мен маңызының артуы, мәселені шешіп отыру, олардың көпшілікпен тіл табысып, олармен қарым-қатынас орнату біліктілігіне байланысты.

    Қандай маман  иесі болсын іс-әрекетке, қарым-қатынасқа  психологиялық дайындығы жеткілікті  болмаса, ол қажетті білім мен мәліметтерді толыққанды меңгере де, оларды өмірде барынша қолдана да алмайды. Ал біздің тренинг барысында әрбір тұлға өзінің потенциалының барынша ашылуын, іске асырылуын қамтамасыз ететіндей жағдай жасалды.

    Олай болса,  қарым-қатынас дегеніміз-өнер. Қатынас жасау, өзгелермен тіл табысу әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапқырлығына, ақыл-ойына, қабілеттіліктеріне және т.б. байланысты жүзеге асады. Практик-психологтардың негізгі міндеті субъектілердің өзгелермен тіл табысып,өзгелермен қатынас орнату іскерліктерін дамыту, қалыптастыру болып табылады. Қарым-қатынасқа қабілеттілік нәтижесінде адамның өзгелерге деген қамқорлығы, жан ашу сезімі, ізгілік көзқарастары қалыптасты. Осы тұрғыдан алғанда қарым-қатынас тренингтерінің маңызы өте зор екендігін толық дәлелденді.

 

 

2.3 Тұлға қабілеттерін  арттыру процесіндегі психологиялық  ерекшенліктерінің маңызы

 

 

Бүгінгі таңдағы қоғамдық өзгерістердің  қарқындылығы жаңа сипаттағы кәсіби, іскер мамандарды қажет етіп отыр. Мұндай мамандар үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік-экономикалық процестердегі жеке адамдар арасындағы өзара ықпалдастықтың тиімді болуына жағдай жасауы тиіс.

Осындай мамандардың  бірден-бірі- практик-психологтар. Сондықтан  да практик-психологтардың кәсіби іс-әрекетінде қарым-қатынас қабілеттіліктерін зерттеу өте маңызды. Осыған орай, зерттеу жұмысымыздың нәтижелерінің дәйекті болуын қамтамасыз етуде тәжірбиелік жұмыстарға жалпы саны 40 сыналушы қарастырылды. Соның ішінде n-20; n1-20. Яғни алғашқы 20 адам эксперимент топтарына, ал кейінгі сонша сыналушы бақылау топтарына бөлінеді. Алғашқы әдістеме бойынша жекелеген талдау жұмыстарын жүргізу барысында төмен, ортадан төмен, жоғары және өте жоғары деңгейлер бойынша мәліметтер алынды.

      Қарым-қатынас  адамдар арсында байланыстарды жасаудағы және дамытудағы өзара іс-әрекет қажеттілігінен туындаған және ақпараттармен алмасуды, басқа адамдарды қабылдауды және түсінуді қамтитын күрделі, көпдеңгейлі процесс. Сондықтан осы тұста сыналушылардың қарым-қатынасқа түсу барысында тіл табымқыштығы мен өзін-өзі бағалауын анықтаудың маңызы зор. Мақсатымызды жүзеге асыруда В.Ф.Ряховскийдің «Тіл табысқыштық деңгйін бағалау» темті және М.Сннайдердің «Қарым-қатынаста өзіндік бағалауын» анықтау әдістемесі пайдаланылды. Екі әдістеменің нәтиже көрсеткіштерін үш жақты салыстырып, қарастырдық:

  1. екі әдістеме бойынша тәжірбиелік топтардың өзара айырмашылықтарын анықтау (n1);
  2. екі әдістеме бойынша бақылау топтарының  өзара айырмашылықтарын анықтау (n2);
  3. тәжірбиелік және бақылау топтарының өзара айырмашылықтарын салыстыру (n1 және n2);

      Демек,  жоғарыда жүргізілген әдістемелердің  нәтижесі көрсеткендей экспериментке  қатысушылардың қарым-қатынас қабілеттіліктерін  дамытушы экспериментті жүзеге  асыру қажеттілігі туындайды.

       Қабілеттілік  тек даму арқылы өмір сүретіндігін қабылдай отырып, дамудың қандай да бір тәжірбиелік немесе теориялық іс-әрекет процесінен тыс жүзеге аспайтындығын назардан тыс қалдырмауымыз керек. Осыдан қабілеттіліктің сәйкес нақты іс-әрекеттен тыс туындауы мүмкін еместігі келіп шығады. Психологиялық талдау барысында ғана біз оларды бірінен-бірін ажыратамыз.

       Бағыттылық- бұл ең тұрақты тұлғаның өзіне  қажетті идеалдар мен өз қалауларынан  және тұлғаның ең басты жүріс-тұрыс  тенденциясынан тұрады.

       Тәжірбиеге  қатысушы мамандардың n1 тобы бойынша 50 пайыздан жоғарысы «іскерлік» шкаласына сәйкестігін көруге болады, ал n 2 тобы бойынша 52%-ды құрады (сурет -3). Олай болса, бұл топқа енетін адамдар жұмыс орнында істі өнімді орындайды, бірақ оларда еңбекке деген құмарлық, құштарлық бейімділігінің дамуы мүмкін (іске бар күш-жігерімен берілгендіктің салдарынан өмірінің басқа жақтарына мән бермеу, өзінің денсаулығының жағдайы төмендеуі, осының барлығы жұмысының сапасын төмендетеді) және жұмысқа немқұрайды қарайтын әріптестерімен қарым-қатынасы онша болмайды. «Қарым-қатынас» шкаласы бойынша пайыздық көрсеткіштер тәжірбиелік топта- 18%, ал бақылау тобында -19% ғана көрсетті. Әрине, алынған нәтиже көрсеткіштері «Мен» шкаласына қарғанда әлдеқайда төмен деңгейді көрсетті. Себебі, «Мен» шкаласы бойынша тәжірбиелік тобы-32%, ал бақылау тобы-29% болып шықты.

 

     

 

 

Сурет -3- Тәжірибелік  және бақылау топтарының тест шкалалары  бойынша пайыздық көрсеткіштерінің сызбасы

 

     Зерттеу  жұмысымыздың келесі кезеңінде  сыналушыларға «Қарым-қатынасқа қажеттіліктерін анықтау» тестін жүргіздік. Қарым-қатынасқа қажеттілік деңгейлері жоғары көрсеткіштерді анықтаған жоқ. Мәселен, тәжірбие тобында 56 пайыз сыналушы ғана қарым-қатынасқа қажеттілік білдірсе, ал бақылау тобында 60 пайызды көрсетті. Алынған көрсеткіштер 50 пайыздан жоғары болғанымен, толық қанағаттандырмайды. Егер алынған көрсеткіштер практик-психологтар емес, басқа саланың мамандары болса, онда бұл мәліметтерге ауытқу ретінде қарау қажет емес болар еді. Ал практик-психологтардың әрекетінің нәтижелілігіне бірден-бір әсер еткуші фактор- қарым-қатынасқа түсуге қабілеттілік. Алынған нәтиже көрсеткіштері бойынша сыналушыларға арнайы дамытушы қарым-қатынас тренингтерін ұйымдастыру туралы тұжырым жасадық.

Информация о работе Тұлға қабілеттерін қарым-қатынас процестері арқылы артырудың теориялық негізі