Тұлға қабілеттерін қарым-қатынас процестері арқылы артырудың теориялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Мая 2013 в 14:32, дипломная работа

Краткое описание

Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке тұлғаның потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда тұлға қабілетін қарым-қатынас арқылы дамыту қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлға қабілетін, оның басқаларымен қарым-қатынасы, жан-жақты, дербес шешім қабылдауға бейім маманды тәрбиелеу- бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тұлға қабілеттерін дамыту.doc

— 748.00 Кб (Скачать документ)

6. Метатілдік - өз айтуларын  нақтылау, реттеу.

Тілдік функцияларды М. Холлидей біршама басқаша анықтады. Өз баласының тілінің дамуын бақылай  отырып, ол сөздік тілдік мінез-құлықтың жеті функциясын бөледі: инструменталды (материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру); реттеуші (айналадағылардың мінез-құлқын қадағалау); өзара әрекет (контактіні қолдау); жеке өзіндік (өзін-өзі анықтау); эвристикалық, ізденушілік (неге?); қиялдаушы (ішкі дүние); ақпараттық (жаңа ақпаратты беру). Тілдік функциялардың атауы мен мазмұнының көпжақтылығы айқын. Олардың барлығы да, коммуникативтік өзара әрекеттесудің түрлі жақтарын бейнелей отырып, педагогикалық қарым-қатынасқа түсініктеме беруде кеңінен қолданылады .

 

 

1. 2 Қарым-қатынас жеке тұлға қабілетін дамуының негізгі факторы ретінде

 

 

          Қарым-қатынаста тұлғаның жеке  психологиялық ерекшеліктері мен  моральдық қасиеттерін ескеріп,  есте ұстаған жөн. Адам психологиясын  білу серігің туралы дұрыс  көзқарастың қалыптасуына, не оның  бйындағы кері, жағымсыз қылықтарды  анықтауға, оның осы ұжымда жұмыс істеуге дайындығын білуге көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда, адамның нақты іскерлік қарым-қатынасын анықтауға болады.

          Қазіргі заман – іскер адамдар  заманы. Іскерлік қарым-қатынас дегеніміз  - өзара байланыстылық сипаты, қызмет барысында келісе отырып тіл табысуға әрекет жасау. Іскерлік қарым-қатынастарды білуге тәрбиелеу болашақ азаматтардың интелектуалдық қаблеттерін арттыру болып табылады. Жалпы іскерлік қарым-қатынас күнделікті іс-әрекетпен бойға сіңіп, тұлғаның өміріне қалыптасып кететін әдетке, дағдыға айналуы керек.

          Қаблеттілік – адамның өз білімділігі  арқылы, шығармашылықпен іс-әрекет арқылы қалыптасатын қасиет. Қабілетті адам шығармашылықпен айналспаса, тіпті талантты деген тұлғаның өзі қаблетінен айрылады. Адам қандай іс-әрекетпен айналыспасын, күнбе-күнгі істі тыңғылықты тындыру арқылы, өз қаблетін дамытып, қалыптастырып отырады.

         Тұлға – қоғамдық тіршілік иесі ретіндегі адам, әлемді тану және белсенді түрде өзгерту субъектісі. Еңбек іс-әрекетіне қаблетті және сөйлеу қаблетіне ие, ақылды тіршілік иесі ретіндегі адам ғана тұлға болып табылады.

          Адам қабілетінің анатомиялық-физиологиялық  негізі, тек нышан емес, нышанның  дамуы болып табылады, яғни оның  организмінің (шартсыз рефлекстерінің) тек табиғи ерекшеліктері ғана емес, сондай-ақ өмір барысында меңгерген шартты рефлекстер жүйесі болып табылады.

          Қабілеттің сапасы іс-әрекет пен  оныңнәтижелі орындалу жағдайымен  анықталады. Сапасы бойынша қабілеттер, математикалық, техникалық, көркемдік, әдеби, музыкалық, ұйымдастырушылық, спорттық және т.б.қабілеттер болып бөлінеді. Қабілеттер көлемі бойынша: жалпы және арнайы қабілеттер болып бөлінеді. Арнайы қабілеттер іс-әрекетінің қандай да бір нақты түрінде нәтижелі орындау үшін қажеттілік жағдайы болып саналады. Көптеген зерттеулерде арнайы қабілет, кәсіби іс-әрекет саласында тәжірибе жинақтау кезеңдерінде көрініп, мамандыққа байланысты машықтана түсетіндігі көрсетілді. [8].

           Қазақстандық профессор С.М.Жақыпов  субъект–объект қатынасында

қабілеттіктің онтогенезін  анығырақ түсіндіреді. Жаңа туған нәресте  адамның тқарым-қатынас жүйесіне енгенде ғана қабілетке белсендіріліп өзгере алатын, анатомиялық-физиологиялық тұрғыда нышандар жүйесі менадамдық потенциалды мүмкіндіктер болып табылады. Іс жүзінде адам баласы өзінің алғашқы күндерінен-ақ міндетті түрде үлкендермен бірлескен іс-әрекетке енеді. Бұл жағдайда жадған бірлескен іс-әрекет туралы айтылады. Мұнда қажеттілікке мотивациялық компоненттер болады, ал оны іске асыру ересек адамда шоғырланған. Тек кейін ғана белсенділік үлкен адамның позициясынан баланың позициясына ауысады. Бірлескен іс-әрекеттің индивидуалды іс-әрекетке интериоризациясы өтеді.Осы қабілеттің құрылымы болып табылады.Осыдан мынадай тұжырымдамаға келеміз,нышнның қабілетке өзгеруінің негізгі шарты олардың бірлескен іс-әрекетке енуі болып табылады.

            Көрнекті психолог В.Н.Дружинин  атап айтқандай, жалпы қабілеттіліктер  туралы түсініктерді психосемантикалық  зерттеу 1991-1993 жылдары жүргізілді.Зерттеуде  шешілген негізгі мәселе жеке тұлғалық және топтық санадағы жалпы танымдық қабілеттіліктерді қайта ашу құрылымы қандай екендігі болды. Адамның тұлға туралы түсініктерінің жалпы ауқымындағы қабілеттіктер туралы түсініктердің орны, сонымен қатар оның танымдық іс-әрекетінің құрамы қабілеттіліктер туралы түсінікке қаншалықты ықпал ететіндігі туралы мәселе айтарлықтай маңызды.

             Қабілеттіліктерді зерттеудегі  тұлғалық бағыт «тұлға және  қабілеттіліктер» мәселесін шешудің  анағұрлым болашағы бар бағыты  ретінде қалыптасады.

             «Қабілеттіліктер-бұл тұтастай тұлғаның  белгілі бір іс-әрекетке сәйкес  келу деңгейі, ол рсы тұлғаның  және оған іс-әрекеттің аталмыш  түрі қоятын талаптардың құрылымы  арқылы ашылады». Басқа сөзбен  айтқанда, қабілеттіліктер-бұл тұлғаның  сыртқы түрі емес, оның сол құрылымы, бірақ бұл құрылым белгілі бір іс-әрекет талаптарына қатысты. Сондықтан тұтастай тұлғаның жалпы құрылымын түсінгенде  ғана тұлға мен қабілеттіліктер арақатынасын түсінуге болады. Және керісінше, нақты тұлғаның қабілеттіліктерін зерттеу үшін бұл тұлғаның өзін осы іс-әрекет түріне мейлінше тән қасиеттерін бөліп көрсете отырып, жеткілікті деңгейде жан-жақты зерттеу қажет. Осы тұрғыдан алғанда, қабілеттіліктер «құрылымы» сәйкес іс-әрекеттің бейнесін білдіреді.

Зерттеу мәселенің шеңберінде В.Я.Ляудистың еңбектері ерекше назарды аудартады, оның еңбектерінде оқыту процесінде өзін- өзін дамытуға қабілетті тұлғаның қалыптасу мәселелері қарастырлады. Оның еңбектерінде оқу іс-әрекеті метабілімдердің – меңгерілетін білім туралы, оқу процесінің өзі туралы білімдер - әртүрлі жүйелерін реттеу және түрлендірудің белсенді формалары енетін, көп деңгейлі жүйе ретінде нақтыланады. [8.].

С.М.Джакуповтың еңбектері  зерттелініп мәселені өңдеуге мол  үлесін қосты, онда тиімділіктің қалыптасу  негізі болып табылатын оқытушы және оқушының бірлескен-сұхбаттық танымдық іс-әрекетін құру және дамыту процесі көп деңгейлі психологиялық жүйесі ретінде зерттелінді. Ол ұсынған оқыту процесінің концептуалды сызбасы, бұдан бұрын жазылған экологиялық сәйкестілікпен ерекшелінетін оқытудың жаңа технологиясының құру мүмкіндігін қамтамасыз етеді .

С.Л.Рубенштейнге сәйкес адам іс-әрекетінің өзгеше ерекшелігі оның мақсаттылығы мен саналылығында. Оның ішінде және сол арқылы адам өз мақсаттарын іске асырады, өз ойы  мен идеяларын дәлеледейді.. Іс-әрекеттің маңызы субъекті мен объектінің шын бірлігі мен сіңісудің нақты бірлігі ретінде көрінеді, соның арқасында адам және әлем арасында әсерлі байланыс белгіленеді [8]..

А.Н.Леонтьевтың ойынша, іс-әрекетті өз-өзін және өмір сүру жағдайларын қоса қоршаған әлемді тануға және шығармашылықпен қайта құруға бағытталған адам белсенділігінің ерекше түрі ретінде анықтауға болады. Адам іс-әрекетінің шығармашылық сипаты өз генотипикалық негізделген мүмкіншіліктерінен артып, өз табиғи шектелген шегінен шыққандығымен анықталады. Адам қызметі оның шығармаларында ашылады да жалғасын табады, ол тек қана тұтынушылық сипатқа емес, сонымен қатар өндірушілік сипатқа ие болады. 

В.В.Давыдовтың ойынша, субъекті жүзеге асырған кез-келген іс-әрекетке мақсат, құрал, өзгерту және оның нәтижесі енеді. Іс-әрекетті орындау барысында субъекті елеулі өзгереді және дамиды. Адамда іс-әрекет мақсаты алдын-ала жасау нәтижесінің бейнесі сияқты шығады. Іс-әрекеттің түрлендіруші және мақсатты сипаты оның субъектісіне қоғамдық-тарихи болмыстың әлдеқайда кең контекстіне енгізе отырып, кез-келген жағдайдың шеңберінен шығып, өзі қойған детерминациясынан жоғары тұруына мүмкіндік береді, және сол арқылы осы детерминация мүмкіншілігінің шегінен шығатын құралды табу. Іс-әрекет ұдайы және шексіз оның негізінде жатқан «бағдарламаларды» жеңіп отырады, сондықтан қалыптасқан мәдени нормалар бойынша шындықты қайта құрумен шектеуге болмайды. Бұнда іс-әрекеттің принципиалды ашықтығы мен әмбебаптылығы анықталады, оны тарихи мәдени шығармашылықтың нысаны ретінде ұғу қажет. Сонымен қатар жасау немесе адамның өз іс-әрекетін жасау сол жеке тұлғаның бастауы болып табылады. [9].

Соңғы жылдары Б.Ф.Ломов  және бір қатар психологтар іс-әрекет ұғымы мен қарым-қатынас ұғымдарының  арақатынас мәселесін талқылап жүр. Кейбір философтар мен психологтардың адамдардың қоғамдық өмірінде іс-әрекеттің ролін ұлғайту және абсолюттеуге болмайды, өйткені оның маңызды мағынасы қатынаста екендігін айтады. Маңыздылығы бойынша тең екі ұғымының негізінде адам болмысы теориясын құру ұсынылып отыр [10].

Іс-әрекет нысаны ол тікелей  айналысқан іс болып табылады. Мысалы, ақпарат танымдық іс-әрекеттің нысаны, оқу іс-әрекетінің нысаны – білім, икемділік пен дағды, еңбек іс-әрекетінің нысаны – жасалған материалдық өнім болып табылады .

70 – ші жылдардың басына дейін әлеуметтік жоспарда ұжымның маңыздылығын дұрыс түсіну барысы айқындалған ( ұжым мүшелерінің әлеуметтік маңызды мақсаттарына, жалпы қауымдастыққа назар салынған).

Ұжымдық тұлғаралық қатынастарды ғылыми тұрғыда болжауды әлеуметтік – психологиялық міндеті әдістемелік мәселеге әкеліп тіреген : ұжым арасындағы тұлғаны және ұжым түрлерін зерттегенде эксперименталды әдістемелерді қолдну және оларды әзірлеу қажіттігі туындаған. Эксериментады тәсілдердің жетіспеушілігі барлықтарымен сезілген. Зерттеушілердің қызығушылығын әлеуметтік – психологиялық үлгілерге басым болып табылатын сандық мінездемелердің негізінде топтық үрдістерді зерттеудің өлшемдік әдістемелері құрылған. Осы жағдайларға орай еліміздің әлеуметтік – психологиялық орталықтарының ғалымдары американдық және еуропалық психологтардың жұмыстарына сүйеніп, экспериментке қажетті құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілген. Шетелдік ғылым осы орайда қандай көмек көрсете білді? Шетелдік ғылымда кіші топтар аясын зерттеуде қандай психологиялық теорияларға сүйенген?

Кіші топ эмоционалдық сипаттағы қарым – қатынас  негізінде қарастырылған  ( ұнату, ұнатпау, немқұрайлылық, шеттетілу, белсенділік, бағыну, басқыншылық және т.б.).Ең басты  объективті өлшем ретінде өзара  әрекеттесудің жиілігі танылған. Қабылданған ұғымдардың ерекшелігі бір жағынан – кіші топтардың сипаттары әлеуметтік қоғамнан жұлынып алынған психологиялық  бағыт ретінде, екінші жағынан – анықтаманың, психологиялық бөлімі топ арасындағы үстіртін қарым – қатынастарымен байланыстарының жеңілдетілген түріне жатқызылуымен сипатталады. Осындай кіші топтың сипаты ұжымның әлеуметтік – психологиялық тұжырымын құруға негіз бола алмайды. Берілген бағыт тұлғааралық байланыстарды зерттеу барысында бірнеше нақты әдістемелердің қоры жинақталған, әлеуметтік психологтар дәл осы әдістемелердің көмегіне жүгінген, яғни олар ұжымдарды зерттеу үшін американдық әріптестерімен әзірленген эксперименталды тәсілдерді қолдануды көздеген ( ең алдымен, топтық қосылу, топтық бірігу және қызығушылықтарының ұштасуы, конформизм және топтық қысымға, топтағы көшбасшылыққа деген тұлғаның тұрақтылығы және т.б. жағдайлар).

Берілген мәселені толық  зерттеу А.В.Петровский әзірлеген  тұжырым көмегімен жүзеге асырылған. Алғаш аталған «топтық белсенділікті  зерттеудің тұжырымы» үш буын аралығынан тұратын топты құрайды, оның әрқайсысы оның мүшелері арасында құрылатын қағидамен сипатталады. Топтық құрылымның орталық негізін топтық әрекет, оның мазмұнды, қоғамдық – экономикалық, әлеуметтік – саяси сипаттары құрайды. Бұл психологиялық білімдердің жиынтығы емес, ұжым немесе топтың қоғамдық біртұтас бөлігі болып табылатын – пәндік – қызметтік қатынастардың сипаттамасы. Қазіргі уақытта эмпирикалық индекстердің тізбегі, жиынтығы анықталған: ұжымдағы топтың үрдістердің жалпы сипатын беретін пәндік – ұжымдық әрекеттерін бағалау блогының жалпы көрсеткіштеріне негізделген жүйе.

Осылайша топты ұжым ретінде бағалаудың үш өлшемі анықталған :1) ұжымның негізгі қоғамдық қызметті орындауы ( еңбекті қоғамдық тұрғыда  бөлуге қатысуы ); 2) топтың әлеуметтік нормаларға сәйкес келуі; 3) топтың әр мүшесіне толыққанды дамуына мүмкіндік тудыру қабілеті.Ұжымның барлық психологиялық сипаттамалары әлеуметтік тұрғыда анықталған құрылымдарға тәуелді болып келеді. Жоғарыда аталған ұжымдық пәндік қызметті бағалау блоктары әр түрлі даму деңгейіндегі топтардың әлеуметтік – психологиялық өлшемдерін анықтауға көмектеседі.

Екінші психологиялық  сипаттағы деңгей әр топ мүшесінің  топтық қызметке, оның мақсаттары, міндеттеріне, қағидаларына қатысуын қадағалап отырады.

Үшінші сипатта бірлескен іс - әрекет мазмұны негізінде құрылған тұлғааралық қатынастардың дамуын, сонымен қатар топта қабылданған қағидаларды, ой – пікірлерді, құндылық бағдарларды зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Дәл осыған әр түрлі тұлғаралық қатынастардың түрлерін жатқызуға болады (мысалы, ұжымдық тұрғыда өзін - өзі анықтау ). Қызметтік әрекеттестік - әрекет ету қағидасы және екінші психологиялық сипаттың үлгілерін түсіну қағидасы.

Тұлғаарлық қатынастардың  ең соңғы үстіртін сипаты байланыстардың орнығуын (әсіресе, эмоционалдық байланыстарды) көздейді. Екі адам арасындағы қарым – қатынас жүйесінде қызығушылықтарының, талғамдарының, эмпатикалық құлшыныстарының, күнделікті дағдыларының ұқсас болуы байқалады. Бірақ топтың қызметтік мазмұны осы байланыстарға тәуелді емес.

Үшінші сипатта да ұжым қатысушыларының әлеуметтік тұғырын, олардың іс - әрекет түрткілерін  білу өте қажет. Сонымен, ұжым дегеніміз  – бірлескен іс - әрекет мазмұнының тұлға және қоғам үшін өте маңызды  болып табылатын тұлғаарлық қатынастардың  тобы. Ұжымды тек қана ұжымдық тұрғыда өзін - өзі анықтау көріністері ерекшеленбейді. Бүгінгі таңда көптеген зерттеушілер ұжым анықтамасының негізгі сипаииарын қолдайды. Біріншіден, бұл нақты әлеуметтік мақсатқа қол жеткізу үшін біріккен адамдар тобы. Екіншіден, өз еркімен құрылған адамдар тобы, яғни адамдардың жалпы қызмет негізінде тұлғааралық қатынастарын белсенді, саналы түрде қалыптастыруы деп білеміз. Үшіншіден, ұжымның маңызды сапаларына оның біртұтастығы, ұйымдастырылуы, міндеттерді бөлуі, жетекшілік ету және басқарудың нақты құрылымдары жатады. Төртіншіден, ұжым дамуымен қатар тұлғаны дамыту қағидасын жүзеге асыратын, оның мүшелері арасындағы байланыстарды қамтамасыз ететін топты ұжым деуге болады.

Топтық байланыстардың көп деңгейлі құрылымын анықтай  келе, олардың осы байланыстарға тереңінен енуін қарастыра аламыз. Әрине, нақты бір топтың әр даму кезеңін байланыстардың көрсеткіші ретінде қарастыра алмаймыз. Керісінше, топтың ұжымға қарай қозғалысын анықтай аламыз. Берілген ережелерді қолдана отырып, топтың түрлерін құрастыру үшін оның дамуындағы кеңістікті зерттей білуіміз қажет.

Информация о работе Тұлға қабілеттерін қарым-қатынас процестері арқылы артырудың теориялық негізі