Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Мая 2013 в 14:32, дипломная работа
Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке тұлғаның потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда тұлға қабілетін қарым-қатынас арқылы дамыту қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлға қабілетін, оның басқаларымен қарым-қатынасы, жан-жақты, дербес шешім қабылдауға бейім маманды тәрбиелеу- бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр.
1.3 Жеке тұлғаның қабілеттерінің - қарым-қатынасы арқылы дамыту мәселесі
«Қарым-қатынас- бұл
Дарындылық тұлғаның ерекше
Қаблетті тұлғалар – бұл,
С.И. Богданова өзінің
Қаблетті тұлғаның даму
Қарым – қатынас іс-әрекеттік келісі тұрғысынан бұл – бірлескен іс - әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын және ақпарат алмасуды, өзара әрекеттің, басқа адамды қабылдау мен түсінудің ортақ стратегисын өндіруді қамтитын, адамдар арасында байланыс орнату мен оны дамытудың күрделі, көп жақты процесі. Қарым – қатынастың мұндай түсіндірмесі келесі әдіснамалық жағдайларға сүйенеді. Біріншіден, ол қоғамдық, тауар-ақша және тұлғааралық қатынастардың ажырамас-тығын мойындаудан туындайды да, олардың құралдары немесе өзара әрекеттесу құралы ретінде «... тіл және ақша» /11,92-93 б./. Бұл – бір жағынан, қарым – қатынастың өндірістік, қоғамдық қатынастар жүйесіне қосылып кеткендігін білдірсе, екінші жағынан, осы қатынастардың сипаты мен мазмұнының қарым – қатынастың өзінен көрініс табуын білдіреді. Бұл жерде, осы вербалды қарым – қатынастың күделілігі мен кемеліне жеткендігі оны келесі форма түрінде қарастыруға мүмкіндік береді, « мұнда қарым-қатынас прцесінің жалпы заңдылықтары зерттеуге неғұрлым жеңіл, неғұрлым жалаңжәне неғұрлым оған тән түрінде беріледі» [11.].
Екіншіден, бұл процесті осылайша түсіну қарым-қатынас пен іс-әрекет бірлігіне негізделеді, ол «қарым-қатынастың кез-келген формалары бұл адамдардың бірлескен іс-әрекетінің ерекше формалары» деп ұйғарады. Берілген жағдай педагогикалық процесс үшін ерекшк болып табылатын қарым-қатынастысубъектілердің бірлескен оқу іс-әрекетінің формасы ретінде санауға мүмкіндік береді.
Іс-әрекет пен қарым-қатынас бірлігі жайлы пікір, сонымен бірге, осы құбылыстар байланысының сипатын түсіндірулерінің біржақтылығын ұйғармайды. Олар адамның әлуметтік болмысы жағынан (Б.Ф. Ломов), қарым-қатынас іс-әрекет түрі сияқты тек (род) – түр (вид) қатынасында болатын құбылыс ретінде қарастырылуы мүмкін ( яғни, Г.П. Щедровицкий, А.А. Леонтьев, В.В. Рыжов, Г.В. Гусев және т.б.). Соңғы жағдайда ол қандай іс- әрекет, даралық па әлде ұжымдық па деген сұрақ туындады. Біз іс- әрекеттің екі формасы да мүмкін деген негізге аламыз, бірақ қарым-қатынастың іс- әрекет емес, ол қоғамдық-еңбектік қатынаста әр түрлі іс-әрекетпен айналысатын адамдардың өзара әрекеттесу формалары болып табылады. Мұндай түсіндірме Б.Ф. Ломовтың жалпы позициясымен сәйкес келеді, бұл позиция бойынша қарым-қатынас – «бір-бірімен қатарлас (симметриялы) дамушы іс- әрекеттердің бірінің үстіне бірі қосылуы, жапсырылуы емес, ол оған серіктестер ретінде қатысушы субъектілердің өзараәрекеті». Алайда, түсіндірмелердегі айырмашылық мынада: Б.Ф. Ломов үшін қарым-қатынастың өзі өзара әрекеттесуболса, оқулықта келтірілген анықтама бойынша қарым-қатынас оның формасы болып табылады.
Өзара әрекеттесу формасы,адмның
қошаған ортамен, басқа адамдармен
өзара әрекеттесуінің үш жоспарының
бірі ретіндегі адамдар іс-әрекетіні
Іс-әрекеттікпен қатар
басқа да келістер бар. Мысалы, вербалды
қарым-қатынасқа деген
Жүйелі коммуникативтік-
Коммуникацияның екі
жағы ретінде, оның
Коммуникативтік келіс, бүгінгі педогогика қолданатын педагогикалық өзара әрекеттесу схемасын, оған енетін буындардың бүкіл алуан түрлілігімен (бастау, ситуация, байланыс арнасы, кері байланыс, т.б.) көрнекті көрсетуге мүмкіндік береді. Бірақ берілген келіс бойынша осы өзара әрекеттесудің ішкі табиғатын, оның объектілерінің екі жақты белсенділік сипатын және т.б. ашпайды. Осы табиғатты ашу үшін сөйлеуші мен тыңдаушы байланысын орнататын ғана емес, сонымен бірге оның психологиялық механизмдерінде анықтай алатын келіс қажет. Мұны тек іс-әрекет қажеттіліктері мен түрткілерін, мақсат пен міндеттерін, оның психологиялық құрылымын, субъектілер ерекшеліктерінталдағаннан кейін ғана, басқаша іс-әрекеттік келіс негізінде ғана жасауға болады.
Сондай-ақ, тілдік қарым-қатынасты
адамдардың өзара әрекеттесуі, интеракционизм
тұрғысынан түсіндіруге неғұрлым ортақ
әлеуметтік-психолигиялық
Қарым-қатынастың түрлі жақтарының (функцияларының) байланысы, олардың динамикасы Я. Яноушек ұсынған қарым-қатынастың деңгейлік схемасында неғұрлым айқын байқалады (1981). Осы схеманың бірінші деңгейіндегі коммуникация өз тарапынан ақпарат беру мен қабылдауды, контактқа түскен нидивидтердің басстапқы ақпараттылығында болатын айырмашылықтарды түзететін оның кодталуы мен декодталуын білдіреді. Алайда, осы деңгейдің өзінде коммуникация тек ақпарат алу мен беруге ғана теңеспейді, дасырын түрде ол қатысушылардың өзара қатынастарын да қамтиды. Мысалға, сөйлеуші жағынан тыңдаушының (рецепиент) беріліп отырған ақпаратты қалай қабылдауының аниципатциясы орын алады, өз кезегінде реципиент өзі алған ақпараттың контексін қайта құрылымдайды: сөйлеушініңбастапқы ниеті, оның тәжірибесі, білімдері және т.б. осы деңгейде бірлескен іс-әрекетпен тікелей байланыс жоқ.
Коммуникация екінші деңгейдегі нақ өзара сипатқа ие болады, мұнда ол қатысушылардың өзара мағыналарды беруі мен қабылдауын көрсетеді. Осы деңгейде коммуникация олардың ортақ міндеттерді орындаудағы бірлескен іс-әрекеттермен тікелей байланысты, ол тек қана іс-әрекеттегі емес, сондай ақ, моныменбайланысты коммуникациядағы функциялардың сараланып жіктелуіне әкеледі. Соңғысы бұл жағдайда ақпараттау, сұрастыру, оқыту, нұсқау беру,бұйыру және т.б. сипатқа ие бола отырып, бірлескен жұмыстың үйлесілімдігін қамтамасыз етеді. Берілген коммуникация бағытталған білімдермен, ойлармен, шешімдермен алмасу бұл жерде міндетті бірлесе орындауға бағынған – қажетмәліметтерді алуға, оқу метериалын меңгеруге, жаңа білімдерді ашуға, бұйрық беруге және т.б.
Үшінші деңгейде алдыңғы шепке коммуникацияүшін неғұрлым мәнділері: бір бірінің ұстанымдары мен көзқарастарынтүсінуге ұмтылу, басқалардың пікіріне құлақ асу, тіптіолармен келіспесе де және т.б. шығады, осы жағдайда коммуникацияжекеленген қатысушылардың қосқан үлестерін, жеткен табыстарын жалпы бағалауға ұмтылу кедергілерге тап болуы мүмкін, бұл кедергілер коммуникацияға түсуші жекеленген қатысушылардың негізгі мақсаттарының әр түрлілігінде болады. Коммуникацияның осы үшінші деңгейі өзара қатынастардың ұжымдық сипатымен байланысты [15.].
Бірқатар жұмыстарда (А.В. Бельский, В.А. Артемов, Л.Д. Ревтова, В.И. Кадомцев және т.б.) «хабарлау» мен «түрткі болу» сияқты тілдік әрекеттердің барлық сан алуандылығын бөлуге тырысқан. Бұл зерттеулер негізінен коммуникативтік міндеттерді жеткізудің интонациялық формаларын зерттеулерге бағытталғандықтан, олардың атаулары да төрт коммуникативтік (интонациялық) түрлерді бейнелейді: баяндау, сұрақ, ниеттену және лепті шығару (В.А.Артемов). Осыған сәйкес сөйлеушінің «хабарлау» сияқты жалпы коммуникативтік міндеті баяндау ретінде анықталады, оның кем дегенде он бір түрі болады: баяндаудың өзі, хабарлау, атау, хабарлама, санап тізбектеу, сөзді қақпалау, жауап, ақпар,баянат, әңгіме, ертегі. Тілдік әрекеттің түрткі болу сияқты түрінің спектірі одан да кең. А.В. Бельский, В.А. Артемов мәліметтері бойынша, оған кем дегенде он алты түрі жатады, олар-бұйрық, әмір, талап,ибұйыру,ескерту, қоқан-лоққы,тыйым, шақыру, сақтандыру, үндеу, кеңес, тілек, өтініш, өсиет айту, жалпылау [15].
Қарым- қатынас әрекетінің өзекті мәселелері Қазақстан Республикасының орта білім даму тұжырымдамасында көзделгендей қазіргі мектептер көп қырлы міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым- қатынас жасау керек. Ол- ақылды адамға ғана тән табиғи қасиет және адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт. Әлеуметтік өмірде адамдардың іс- әрекеттерінің негізгі бір түрі- сөйлеу. Ол - күрделі психологиялық процесс. Сөйлеу - адамның қарым- қатынас жасау құралы. Ал қарым- қатынас жасаудың қуатты құралы- тіл. Осыған дәлел Лассуэли моделі. Кім (хабарлайды)- коммуникатор. Нені (хабарлайды)-хабар. Қалай (хабарды жеткізеді)-канал. Кімге (бағытталған)- аудиторияға. Қандай (нәтижеге жеткізеді)- хабардың тиімділігіне байланысты. Әр адамды қызықты әңгімелесуші ететін қарым- қатынас. Практикада адамдар қарым- қатынас әрдайым ұтымды қалыптастыру және үлкен нәтижеге қол жеткізу үшін өзін төмендегідей етіп ұстау керек:
- ол алыстан, сырттай ашық,
жарқын, тартымды болуы
- ол жақыннан түсінікті, жылы
лебізді, көңілді болуы
- оның ішкі дүниесі мәселені
терең түсінетін, адал, шыншыл, байсалды
болуы
- оның ішкі дүниесі мен сыртқысын
бөліп- жара қарамау керек.
Қарым-қатынастың
негізгі бағдарлары: Әңгімелесушіңізді сөйлетуге
тырысыңыз. Ол түсінетін, қызықты тақырыпта
әңгіме айтыңыз. Оған өз пікірін, тұжырымын
білдіруге итермелейтін сұрақтар қойыңыз.
Қызықты түрде информацияны
жеткізуге тырысыңыз. Қызықты оқиғалар
жинастырып, есте сақтап оларды айта білуге
үйреніңіз: жалпы өмір туралы, қоршаған
ортаңыз туралы. Ауыз әдебиет, шығармашылық-
бұл өнер, әрқашан бізбен бірге болады.
Әрбір адам «жылылықты» қажет етеді. Сіздің
әңгімелесушіңіз өзін ақылды, қызықты,
яғни, мықты болып сезіну керек. Әрбір
адамды есімімен атаңыз. Бұл оған өзін
жақсы сезінуге мүмкіндік береді. Онымен
ең қызықты тақырыпта әңгімелесіңіз, оның
өзі туралы, проблемалары, жетістіктері,
табыстары туралы. Оған сізден гөрі өзі
туралы қызығырақ. Ол жақсы білетін тақырыптарды
қозғай отырып, оған жақсы жағынан көрінуге
мүмкіндік беріңіз. Оның пікірін сұраңыз
және кеңес алыңыз. Жоғарыға көтеретіннің
негізі ол «төменнен жалғай салу» ситуациясы.
Зор қызығушылықпен және
ынтамен тыңдай біліңіз. Сыйластық пен
қызығушылықпен тыңдаңыз және сұраңыз.
Тәуір әңгімелесуші- жақсы сөйлейтін кісі емес, керісінше жақсы
тыңдай алатын адам.
Тыныш, байсалды атмосфера
сақтауға тырысыңыз. Үндемей қалуға еркіңіз
бар. Өз пікіріңізді айтуға да еркіңіз
бар. Сырттан қарағанда бет әлпетіңізден
байсалдылық, жайсаңдық, жылылық байқасын.
Ешкімді дөрекі сөздермен балағаттауға
тырыспаңыз. Өзіңізді ашық- жарқын адам
ретінде көрсетіңіз. Сіз тұйық болсаңыз,
әңгімелесушіңіз де тұйық болып шыға келеді.
Өзіңіз естіген жайлар, оқиғаларға, пікіріңізді,
қатынасыңызды жалтармай жеткізіңіз,
шыншвл болыңыз. Ашық мінезді кісінің
сыртқы көрінісі: қол мен аяқтың ашық түрде
болуы, яғни тұлғасы тырысып, бүрісіп қалмау,
ара қашықтықты жақындату сөйлескендегі
көзқарасыңыздың әңгімелесушіге бағытталуы,
бет әлпеттің айтаройға сәйкестігі. Әңгімелесушіңіздің
ашық - жарқын, емін – еркін сөйлесуін
қолдап отырыңыз. Көпшілік алдында сөйлеушіде
байқалатын ең негізгі сезім түсініктері
мынадай:
Информация о работе Тұлға қабілеттерін қарым-қатынас процестері арқылы артырудың теориялық негізі