Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Мая 2013 в 14:32, дипломная работа
Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке тұлғаның потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда тұлға қабілетін қарым-қатынас арқылы дамыту қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлға қабілетін, оның басқаларымен қарым-қатынасы, жан-жақты, дербес шешім қабылдауға бейім маманды тәрбиелеу- бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр.
Сөздік ақпараттың адам психикасына әсер ету дәрежесі мен сипаты қандай болуына байланысты келесілерді бөледі: хабарлау, сенімін жеткізу және сендіру [16, 3 б.]. Осы сипаттамалар бойынша А.А. Леонтьевтің ізінше лекцияны «онда қолданатын құралдар сипаты және әлеуметтік жанамалануы бойынша тұлғааралық қарым-қатынасқа таяу (әңгіме) түрлі психологиялық динамикалы» әлеуметтік бағдарланған қарым-қатынас ретінде анықтауға болады [2.].
Аталғандарға қарым-қатынастың тағы екі сипаттамасын қосуға болады: тұлғалылық, өкілділік көрнекіліктік және көп ақпараттылық. Біріншісімен сөйлеушінің (мұғалімнің немесе оқушының) мәтіндегі субъектілік көрінісі белгіленеді, екіншісімен - тілдік қарым-қатынастың көп жоспарлылығы белгіленеді, мұнда бір мезгілде оның барлық сипаттамалары жүзеге асырылады (мазмұндық, мәнерлік, әсер етушілік), түрлі деңгейлері бейне-ленеді (пәндік, мағыналық, т.б.).
Көрнекіліктің әлеуметтік табиғаты былайша анықталады: адамдар арасында пәнсіз қарым-қатынас болмайды, ол әрқашанда мазмұнды, тарихи нақты болып келеді және де «... тек қоғамдық іс-әрекет пен қатынастардың белгілі бір түрінде - өндірістік-техникалық, экономикалық, саяси, адамгершіліктік және т.б. қандай да бір нақты себеп бойынша бола алады».
Іс-әрекеттің осы түрлеріне қарым-қатынас әсер етеді және одан көрінеді. Көрнекілік кез-келген қарым-қатынасқа араласушылардың, мысалы, мұғалімнің және оқушылардың даралық-тұлғалық ерекшеліктерін, олардың мәдениет деңгейін, жасын, жынысын және қызығушылықтарын, қажеттіліктерін, талғамдарын, бейімділігін және т.б. бейнелейтінін ұйғарады. Тілдік қарым-қатынасты, оның негізгі формаларын, қарым-қатынас өнімін талдау ерекше мәнге ие, ол осы қарым-қатынасты жүзеге асырушы адамдар қатынасатын әлеуметтік-қоғамдық қатынастарды да, олардың тұлғалық ерекшеліктерін де ашуға мүмкіндік береді [2].
Қарым-қатынастың көп
ақпараттылық сипаттамасының да маңыздылығы
кем емес. Ол вербалды қарым-қатынас
жасау процесінде берілетін тілдік
хабарлама күрделі
Қарым-қатынас немесе коммуникация деп аталатын процесс — аса кең және сиымды түсінік. Бұл саналы және саналанбаған вербалды байланыс, ақпарат алу мен беру, оның өзі барлық жерде және үнемі байқалып отырылады. «Әлемнің кең алқабында коммуникация алып аспан денелерін бір-бірімен байланыстырады деген жорамал бар және Лермонтовтың «жұлдыз жұлдызбен тілдеседі» деген метафорасы осылайша жаңа күтпеген мағынаға ие болады» [3].
Қарым-қатынас сан
алуан сипатта; оның көптеген формалары,
түрлері бар. Педагогикалық қарым-қатынас
адамдар қарым-қатынасының
Сөз, сөйлеу, елдің алдына шығып сөйлеу, сөйлеушінің тыңдаушыға әсер ету өнері, екі ғасырдан астам байырғы тарихқа ие екені белгілі. Осы проблеманың көптеген маңызды сұрактарын, жалпы түрде, тіпті Цицеронның өзі қойып, қарастырған. Дәл осы Цицерон сөйлеушінің негізгі коммуникативтік міндеттерін (оларды қазір солай атайды) анықтайды: «не айту керек, қай жерде айту керек және қалай айту керек». Осы міндеттердің әрқайсысын қарастыра отырып, Цицерон сөйлеудің орындылығы сияқты сапасын атайды, себебі «небір лауазым, небір шен, небір абырой, небір жас, небір орынды тіпті санамағанда, уақыт пен жұртшылық барлық жағдайлар үшін бір ғана ойлар мен лебіздер түрін ұстануға жол береді» [3]. Біздің заманымызда бұл қарым-қатынастың негізгі ережелерінің бірі — сөйлеудің формасы мен мазмұнының нақты аудитория ерекшелігіне тәуелділік ережесі. Шешеннің үш міндетті — «не, қайда және қалай сөйлеуді» сақтауының негізінде, Цицерон шешендер түрлерін анықтаған, кімнің сөзі «орынды болса», сол шырқау шегіне жеткен шешен болған.
Сонымен бірге, қарым-қатынас - XX жүз жылдықтың мәселесі. Өйткені, егер Көне Греция мен Көне Римде шешендік өнер риторика, эвристика жэне диалектика шеңберінде зерттелінсе, ал біздің уақытымызда тілдік қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынас, бірқатар басқа ғылымдар көзқарасы тұрғысынан зерттеледі: философия, әлеуметтану, социолингвистика, психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика және педагогикалық психология, олардың әрқайсысы осы жалпы кешендік мәселенің қандай да бір қырын қарастырады.
Тілдік қарым-қатынас бүкіл дүние жүзінде кеңінен зерттелінеді. АҚШ-тың өзінде ғана осы проблемамен ондаған мың ғылыми қызметкерлер айналысатынын айту жеткілікті. Қарым-қатынасты зерттейтін арнайы орталықтар кұрылған (мысалы, Карнеги орталығы). Соның өзінде, осы уақытқа дейін «қарым-қатынас» түсінігінің өзін, оның салаларын, механизмдерін түсіндіруде бірлік жоқ. Әрине, зерттеушілердің түрліше, түрлі көзқарас бойынша осы процеске түсініктеме беруі, оның түрлі моделін жасаулары, оны зерттеуде коммуникативтік-ақпараттық, интерактивтік, іс-әрекеттік, т.б. түрлі келістерді ұсынулары орынды.
Қарым-қатынас іс-әрекеттік келісі тұрғысынан бұл - бірлескен іс-әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын және ақпарат алмасуды, өзара әрекеттің, басқа адамды қабылдау мен түсінудің ортақ стратегиясын өндіруді қамтитын, адамдар арасында байланыс орнату мен оны дамытудың күрделі, көп жақты процесі. Қарым-қатынастың мұндай түсіндірмесі келесі әдіснамалық жағдайларға сүйенеді. Біріншіден, ол қоғамдық, тауар-ақша және тұлғааралық қатынастардың ажырамастығын мойындаудан туындайды да, олардың құралдары немесе өзара әрекеттесу құралы ретінде «... тіл және ақша» болады [3 б]. Бұл - бір жағынан, қарым-қатынастың өндірістік, қоғамдық қатынастар жүйесіне қосылып кеткендігін білдірсе, екінші жағынан, осы қатынастардың сипаты мен мазмұнының қарым-қатынастың өзінен көрініс табуын білдіреді. Бұл жерде, осы вербалды қарым-қатынастың күрделілігі мен кемеліне жеткендігі оны келесі форма түрінде қарастыруға мүмкіндік береді, «мұнда қарым-қатынас процесінің жалпы заңдылықтары зерттеуге неғұрлым жеңіл, неғұрлым жалаң және неғұрлым оған тән түрінде беріледі» [4].
Екіншіден, бұл процесті осылайша түсіну қарым-қатынас пен іс-әрекет бірлігіне негізделеді, ол «қарым-қатынастың кез-келген формалары бүкіл адамдардың бірлескен іс-әрекетінің ерекше формалары» деп ұйғарады. Берілген жағдай педагогикалық процесс үшін ерекше болып табылатын қарым-қатынасты субьектілердің бірлескен оқу іс-әрекетінің формасы ретінде санауға мүмкіндік береді.
Іс-әрекет пен қарым-қатынас бірлігі жайлы пікір, сонымен бірге, осы құбылыстар байланысының сипатын түсіндірулерінің біржақтылығын ұйғармайды. Олар адамның әлеуметтік болмысы жағынан (Б.Ф. Ломов), қарым-қатынас іс-әрекет түрі сияқты тек (род) - түр (вид) қатынасында болатын құбылыс ретінде қарастырылуы мүмкін (яғни, Г.П. Щедровицкий, А.А. Леонтьев, В.В. Рыжов, Г.В. Гусев және т.б.). Соңғы жағдайда ол қандай іс-әрекет, даралық па әлде ұжымдық па деген сұрақ туындайды. Біз іс-әрекеттің екі формасы да мүмкін дегенді негізге аламыз, бірақ қарым-қатынастың өзі іс-әрекет емес, ол қоғамдық-еңбектік қатынаста әр түрлі іс-әрекетпен айналысатын адамдардың өзара әрекеттесу формалары болып табылады. Мұндай түсіндірме Б.Ф. Ломовтың жалпы позициясымен сәйкес келеді, бұл позиция бойынша қарым-қатынас - «бір-бірімен қатарлас (симметриялы) дамушы іс-әрекеттердің бірінің үстіне бірі қосылуы, жапсырылуы емес, ол оған серіктестер ретінде қатысушы субьектілердің өзара әрекеті» [4]. Алайда, түсіндірмелердегі айырмашылық мынада: Б.Ф. Ломов үшін қарым-қатынастың өзі өзара әрекеттесу болса, оқулықта келтірілген анықтама бойынша қарым-қатынас оның формасы болып табылады.
Өзара әрекеттесу формасы, адамның қоршаған ортамен, басқа адамдармен өзара әрекеттесуінің үш жоспарының бірі ретіндегі адамдар іс-әрекетінің қоғамдық коммуникативтік аясында пайдаланатын құралдарына тәуелді. Адамзаттың іс-әрекетінің аясы, ең алдымен, адамның өмірлік іс-әрекетінің мақсаттарының бағыттылығының өзгеруіне байланысты жіктелінеді. Мысалы, өзі өзі үшін, өзінен тыс нәрсені басқалар үшін және өзі үшін жасау, жарату сияқты адамның іс-әрекетінің негізгі мақсаттарының ішінде мақсаттардың үш тобы бөлінуі мүмкін: материалдық және рухани мәдениет өнімдерін жарату; білімдерді қабылдау, жинақтау, меңгеру және ой алмасу, мақсаттардың алғашқы екі тобын қарым-қатынастағы рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жүзеге асыру. Осыған сәйкес, шартты түрде іс-әрекеттің өзара байланысты және өзара шартталған үш саласын реттеуге болады: қоғамдық-өндірістік (еңбек), танымдық (танып білу) және қоғамдық-коммуникативтік (қарым-қатынас). Іс-әрекеттің осындай формаларын Б.Г. Ананьев оған субъект құрылымы тұрғысынан келу негізінде бөлгені маңызды. Бұл келіс бойынша, адамда еңбек, таным мен қарым-қатынас субъектілері қасиеттерінің үйлесуі адамның жалпы іс-әрекет субьектісі және тұлға ретінде ұйымдасуын анықтайды.
Іс-әрекеттікпен қатар басқа да келістер бар. Мысалы, вербалды қарым-қатынасқа деген келістердің бірі байланыс теориясы мен ақпараттар теориясымен ара қатынаста және өз көрінісін Дж. Миллер, Д. Бродбентгің жалпы психология бойынша еңбектерінен, Г.Гебнердің, Д. Берлоның және т.б. коммуникация бойынша жұмыстарынан табады. Бұл келіс Г. Лассвелдің, қарым-қатынасты зерттеу міндеттерін «кім, нені, қай арна бойынша, кімге, қандай әсермен берді» формуласымен анықтаған еңбектеріне дейін өрлей отырып, негізінен, ақпарат алудың (қабылдаудың) психологиялық ерекшеліктерін, коммуникатор мен аудиторияның сипаттамаларын, қарым-қатынас шарттарын, құралдарын және т.б. зерттеуге бағытталған. Коммуникация модельдерінде оларды зерттеу компоненттері (жалпы түрде: бастау - хабар - арна - алушы) мен аймақтары қарастырылады (коммуникатор мен ау-дитория ерекшеліктері, жағдайлары, ситуациялар, құралдары және т.б., қарым-қатынастың тілдік құрылымы, ұйымдасуы және стилі, оның мәндік және семантикалық мазмұны т.т.). эксперименталды зерттеулерден алынған қорытындылар негізінде аудитория реакцияларының әсерлері мен формаларына қатысты, яғни кері байланыс әсеріне, аудиторияның өзінің сипатына және де коммуникацияның реципиенттерінің әлеуметтік ұстанымдар жүйесіне, мысалы олардың конвергенциясына әсер ету аймағына қатысты. «Ақпарат», «жүйе», «кері байланыс» түсініктері осы келісте орталық түсініктер болып табылады [4].
Ю.А. Шерковиннің көрсетуінше, жүйелерді коммуникациялық тізбекке біріктіру кезінің өзінде ол олардың күйлерінің тәуелділігін білдіреді. Бұл жағдайда функционалды келісімделген жүйелер - коммуникатор психикасы мен реципиент психикасы (немесе реципиенттердің) өзара әрекеттеседі. «Коммуникация арқасында осындай жүйелер бірдей күйде болып және әрекеттене алады - эмоционалдық қозу немесе салмақты байыптылық, мазасыз сенімсіздік немесе біліміне сенімділік күйлері. Олар бағыттылығы мен қарқындылығы бойынша ұқсас ұстанымға ие болуға, ойлау материалы ретінде ұксас таптаурындарды пайдалануға кабілетті» [5.]. Осы жағдай педагогикалық қарым-қатынасты сипаттау үшін едәуір маңызды.
Қарым-қатынас мәнін анықтау үшін, соңғы он жылдарда дамытылған, оның функционалдық және деңгейлік ұйымдасуы жайлы ұсынулар маңызды болып шықты (Б.Д. Парыгин, Г.М. Андреева, А.А. Бодалев, А.А. Брудный, А.А. Леонтьев, Б.Ф. Ломов, Л.А. Карпенко, В.Н. Панферов, Е.Ф. Тарасов, Я. Яноушек және т.б.). мысалға, қарым-қатынасты «мазмұны бірлескен іс-әрекет үшін қолайлы түрлі қатынастар көмегімен ақпарат алмасу мен өзара түсіну болып келетін адамдардың өзара әрекеттесуі» ретінде анықтай отырып [6], В.Н. Панферов қарым-қатынастың төрт сәтін бөлген: байланыс, өзара әрекет, таным, өзара қатынас және осыған сәйкес қарым-қатынасты зерттеуде төрт келісті ұйғарады: коммуникативтік, ақпараттық, гностикалық (танымдық) және реттеуші. Б.Ф. Ломов қарым-қатынастың үш жағын (функцияларын) сипаттайды: ақпараттық-коммуникативтік, реттеуші-коммуникативтік және аффективтік-коммуникативтік және де өзіндік коммуникативтік компоненттің хабарды алу мен беру ретінде, мінез-құлықты реттеу мен қабылдаудың, бастан кешірулердің болуы ретінде, яғни аффективті компонент ретінде міндеттілігін атап көрсетеді.
Қазіргі кезде кең таралған келіс бойынша қарым-қатынаста оның коммуникативтік, интерактивтік және перцептивті жақтары қарастырылады . Маңыздысы, осы қарым-қатынас жактарының бәрі бір мезгілде көрінеді. Коммуникативті жағы ақпарат алмасуда, интерактивті - қарым-қатынас серіктерінің, олардың қарым-қатынасының таңбалық жүйелерін (вербалды, вербалды емес) кодтау мен декодтауларының бір жақтылы жағдайында өзара әрекеттерін реттеуде, перцептивті болса, - әңгімелесушіні салыстыру, сәйкестендіру, апперцепция, рефлексия сияқты механизмдердің көмегімен «оқу» кезінде жүзеге асырылады. Мұғалімнің коммуникативтік әсерінен үйренушілер тобының қалыптасушылық дәрежесіне байланысты осы процестің қандай да жағы көбірек айқындалуы мүмкін.
Қарым-қатынас субъектілері өзіндік функционалды жүктемені алып жүреді және бұрыннан бері карым-қатынастың түрлі функцияларын жүзеге асырушылар ретінде қарастырылады. Мысалға, А.А. Брудный бойынша, коммуникацияда (қарым-қатынаста) үш бастапқы функциялар: активациялық - әрекетке түрткілеу; интердиктивті - тыйым салу, тежеу («болады-болмайды»); дестабилизациялаушы - қоқан-лоққы, қорлау, т.б. және де қарым қатынастың төрт негізгі функциялары бөлінуі мүмкін: инструменталды - іс-әрекеті қарым-қатынас жолымен үйлестіру; синдика-тивті - қауымдастықты, топты жасау; трансляциялық. Соңғысы педагогикалық қарым-қатынас үшін ерекше қызықты, себебі «бұл функция оқыту негізінде жатыр: қарым-қатынас арқылы тұлға оқытылуы жүзеге асады, мемлекет тарапынан институционалдық, санкцияланған және ұйымдастырылған да, қайталана беретін адамдармен контакт процесінде болатын, берілген кісіге өз білімдері мен дағдыларын беруге қабілетті, өзіндік даралық, формалды емес те» [7].
Қарым-қатынас функциясының неғұрлым жете талдауы контакттілік, ақпараттық, түрткі болушы, үйлестіруші, түсіну функциясын, қатынастар орнатудың эмотивті функцияларын және әсер ету функцияларын саралап жіктеуге мүмкіндік береді (Л.А. Карпенко). Тілдік қарым-қатынасты талдай отырып, Р. Якобсон 40 жылдардың басында Н.С. Трубецкий атаған (эксплекативті, апеллятивті, экспрессивті) тілдің негізгі төрт функцияларын мәнді толықтыра отырып, сөздің алты негізгі функцияларын бөледі.
Р. Якобсон [250] бойынша, сөздің негізгі функциялары:
1. Эмотивті (экспрессивті, аффективті) - сөйлеушінің хабарлаушыға қатынасы («Қандай өкінішті, қандай келеңсіз!», «Тағы жауын жауды»).
2. Конативті - адресатты әрекетке итермелеу, өтініш, бұйрық.
3. Референциондық (когнитивті, денотативті) - ойды білдіру.
4. Поэтикалық - шынайы мен қияли демаркациясы.
5. Фатикалық - контактіні қолдау (мысалы, «Алло», «Сәлем», «Қалың қалай?»).
Информация о работе Тұлға қабілеттерін қарым-қатынас процестері арқылы артырудың теориялық негізі