Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Мая 2013 в 14:32, дипломная работа
Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке тұлғаның потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда тұлға қабілетін қарым-қатынас арқылы дамыту қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлға қабілетін, оның басқаларымен қарым-қатынасы, жан-жақты, дербес шешім қабылдауға бейім маманды тәрбиелеу- бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр.
1.Әңгімені қалай бастауды білмеушілік.
2.Толық ұғынықты, әрі түсінікті айтып бере алмаймын-ау деген қобалжу.
3.Қарым - қатынас мақсатындағы еленбейтін өзгерістер.
4.Бұрын пайдаланылған қарым - қатынас амалдарын өзгерту қажеттігі жайлы түйсік.
5. Қарым- қатынас жүйесінде бір нәрсені өзгерту қажет деген түсінік, бірақ не екені-онша айқын емес.
6.
7. Бұрын табиғи болып келген дене қимылының, қозғалыстың, жалпы мінез- құлқының ерсілеу сияқты болыпсезілуі.
8.Қарым - қатынастың өзгерген формадағы, мәнерлі атқару компоненттерінқажететуі.
9. Өзіңді дұрыс түсінуі үшін, жоспарланған информацияны неғұрлым сол қалпында жеткізуге талпынушылық.
10.Тыңдаушыны қызықтыруға тырысу. Информацияны сұрыптауға, мазмұндауға және беру формасы жайында өзіне едәуір талап қоюдың пайда болуы.
Қарым- қатынас жасаудың әлеуметтік
және әлеуметтік психологиялық қызметі
төмендегі мақсат- міндеттерді жүзеге
асыруды көздейді: адамдардың ұжымдық
іс- әрекеттері мен олардың нәтижелі болуын
ұйымдастыру, өзара қатынас орнатып байланысқа
түсу, тіршілік ортасымен әлеуметтік жағдайға
икемделу, адамдардың тобына, олардың
іс- әрекеттеріне орай ыңғайлануы, өздерін
топтағы адамдармен салыстыра отырып,
жеке басының ерекшеліктерін аңғарып
білу, топтар арасындағы қарым- қатынасты,
байланыстарды нығайту сияқты әртүрлі
жағдайларға төзімділік көрсетуге бейімделуге
тиіс. Осы заманғы психологиялық зерттеулер-
әлеуметтік өмірдің әр түрлі өрісінде
болып отыратын талас- тартыстар мен дау-дамайдың
өрбуіне ерекше назар аударып, олардың
себеп салдарын анықтап отыруға ерекше
мән беріп отыруды қажет ететін өміртіршілігінің
шындығы. Біз бұл еңбектің алғы тарауларында
өнеркәсіп орындары мен мекеме ұжымдары
арасындағы әр алуан ситуациялар мен шиеленісті
жағдайлардың болып отыратындығына баса
көңіл аударып, ондай жәйттерді жеңудің
жол- жосығын, әдіс- тәсілдерін нақты жағдайлар
негізінде психологиялық тұрғыдан алып
іздестіріп көрдік.
Талас - тартысты мәселелердің
туындап отыруында әлеуметтік- психологиялық
заңдылықтардан болатындығына көз жеткіздік.
Ал бұл мәселенің теориялық және методикалық
негіздері мен сипаттарын ғылыми тұрғыдан
тереңірек ашып көрсету өз алдына зерттеліп
тиісті шешімін келешектен күтеді [16.].
Қарым-қатынас мәнін анықтау үшін соңғы он жылдарда дамытылған, оның функционалдық және деңгейлік ұйымдасуы жайлы ұсынулар маңызды болып шықты (Б.Д. Бодалев, А.А. Брудный, А.А. Леонтьев, Б.Ф. Ломов, Л.А Карпенко, В.Н. Панферов, Е.Ф. Тарасов, Я. Яноушек және т.б.). мысалға, қарым-қатынасты «мазмұны бірлескен іс-әрекет үшін қолайлы түрлі қатынастар көмегімен ақпарат алмасу мен өзара түсіну болып келетін адамдардың өзара әрекеттесуі» ретінде анықтай отырып [16.], В.Н. Панферов қарым-қатынастың төрт сәтін бөлген: байланыс, өзара әрекет, таным, өзара қатынас және осыған сәйкес қарым-қатынасты зерттеуде төрт келісті ұйғарады: коммуникативтік, ақпараттық, гностикалық ( танымдық) және реттеуші. Б.Ф. Ломов қарым-қатынастың үш жағын (функцияларын) сипаттайды: ақпараттық-коммуникативтік, реттеуші-коммуникативтік және аффективтік-коммуникативтік және де өзіндік коммуникативтік компоненттің хабарды алу мен беру ретінде, мінез-құлықты реттеу мен кабылдаудың, бастан кешулердің болуы ретінде, яғни аффективті компонент ретінде міндеттілігін атап көрсетеді.
Қазіргі кезде кең таралған келіс бойынша қарым-қатынаста оның коммуникативтік, интерактивтік және перцептивтік жақтары қарастырылады
[17]. маңыздысы, осы
қарым-қатынас жақтарының бәрі
бір мезгілде көрінеді. Коммуникативтік
жағы ақпарат алмасуда, интерактивті
қарым-қатынас серіктерінің, олардың
қарым-қатынасының таңбалық
Қарым-қатынас субъектілері өзіндік функционалды жүктемені алып жүреді және бұрыннан бері қарым-қатынастың түрлі функциаларын жүзеге асырушылар ретінде қарастырылады. Мысалға, А.А. Брудный бойынша, коммуникацияда (қарым-қатынаста) үш бастапқы функциялар: активациялық- әрекетке түрткілеу; интерактивті- тыйым салу, тежеу («болады-болмайды»); дестабилизациялаушы - -қоқан-лоққы, қорлау т.б. және де қарым қатынастың төрт негізгі функциялары бөлінуі мүмкін: инструменталды- іс-әрекеті қарым-қатынас жолымен үйлестіру; синдикативті - -қауымдастықты, топты жасау; трансляциялық. Соңғысы педагогикалық қарым-қатынас үшін ерекше қызықты, себебі «бұл функция оқыту негізінде жатыр: қарым-қатынас арқылы тұлға оқытылуы жүзеге асады, мемлекет тарапынан институтционалдық, санкцияланған және ұйымдастырылған да, қайталана беретін адамдармен контакт процесінде болатын, берілген кісіге өз білімдері мен дағдыларын беруге қабілетті, өзіндік даралық, формалды емес те» [18].
Қарым-қатынас функциясының неғұрлым жете талдауы контакттілік, ақпараттық, түрткі болушы, үйлестіруші, түсіну функциясын, қатынастар отнатудың эмотивті функцияларын және әсер ету функцияларын саралап жіктеуге мүмкіндік береді (Л.А. Карпенко). Тілдік қарым-қатынасты талдай отырып, Р. Якобсон 40 жылдардың басында Н.С. Трубецкий атаған (эксплекативті, апеллятивті, экспрессивті) тілдің негізгі төрт функцияларын мәнді толықтыра отырып, сөздің алты негізгі функцияларын бөледі. Р. Якобсон [250] бойынша, сөздің негізгі функциялары:
« Қалың қалай?»).
Тілдік функцияларды М. Холлидей біошама басқаша анықтады [19]. Өз баласының тілінің дамуын бақылай отырып, ол сөздік тілді мінез-құлықтың жеті функциясын бөледі: инструменталды ( материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру); реттеуші (айналадағылардың мінез-құлқын қадағалау); өзара әрекет (контактіні қолдау); жеке өзіндік (өзін-өзі анықтау); эвристикалық, ізденішілік (неге?); қиялдаушы (ішкі дүние); ақпараттық
(жаңа ақпаратты беру).
Тілдік функциялардың атауы
Қарым-қатынастың жалпы сипаттамаларын, ары қарай осы позиция тұрғысынан үйренушілердің (мұғалім мен оқушылардың, оқытушы мен студенттердің) қарым-қатынасын сипаттайтындай етіп қарастырайық.
Тілдік қарым-қатынас
процесінің формалды жағы А.А.
Холодович суреттеген тілдік
мінез-құлық типологиясының негізінде
сипатталынуы мүмкін. Ол тілдік
акттің сәйкестендірілуінің
Қарым-қатынасты, қалай дегенмен де, бір-бірімен психологиялық қатынаста байланысқан адамдар арасындағы мақсатты, тіра немесе қайсы бір құралдармен жанамаланған контакт орнату және қолдау процесі ретінде анықтай отырып, А.А. Леонтьев оның келесі сипаттамаларын бөледі: контактілік, бағдарланғандық, бағыттылық, арнайы семиотикалық пен процестің психологиялық динамикасы. Соңғы редакцияда олар, А.А. Леонтьев бойынша, арнайы семиотикалық және жанамалылық дәрежесі, қарым-қатынас бағдары мне психологиялық динамикасы ретінде анықталған [19]. Бұл жерже бұрынырақ аталған сипаттамалардың кейбіреуін ол жаңа мазмұнға толтырады. Мысалы, бағыттылықтың екі жақты табиғаты белгіленеді: адамдардың өзара әрекеттесу ерекшеліктерін өзгертуге және олардың өздерінің өзгеруіне бағыттылық.
Бағдарды анықтау кезінде ақпарат алмасу бағыты ғана емес, сондай-ақ бағдарланудың өзінің бағыттылығының әлеуметтік немесе тұлғалық табиғаты да белгіленеді. Осы негізде, А.А. Леонтьев, Б.Х. Бгажноков қарым-қатынастың екі типін бөліп көрсетеді-тұлғаға бағдарланған және әлеуметтік бағдарланған. Олар коммуникативтік, функционалдық, әлеуметтік-психологиялық және тілдік құрылыммен ажыратылады. Әлеуметтік бағдарланған қарым-қатынастағы айтулар көптеген адамдарға арналады және әркімге де түсінікті болуы керек. Сондықтан да оларға толыққандылық, дамығандық, ашықтық, дәлдік және жоғары мәдениет талаптары қойлады.
Қарым-қатынастың арнайы семиотикалық мазмұны барлық құралдардың-вербалды вербалды еместердің бірігуінің-тілдік әсер ету тиімділігін жоғарылату үшін маңыздылығын айрықша көрсетеді. Контактілік айтылып тұрған хабардың уақыт пен кеңістік бойынша жақындығы мен оның қабылдану дәрежесі бойынша қарастырылады. Қарым-қатынастың маңызды сипаттамасы оның психологиялық динамикасы болып табылады, ол сөздік әсер ету ерекшеліктерімен анықталады.
Сөздік ақпараттың адам психикасына әсер ету дәрежесі мен сипаты қандай болуына байланысты келесілерді бөледі: хабарлау, сенімін жеткізу және сендіру [20]. Осы сипаттамалар бойынша А.А. Леонтьевтің ізінше лекцияны «онда қолданатын құралдар сипаты және әлеуметтік жанамалануы бойынша тұлғааралық қарым-қатынасқа таяу (әңгіме) түрлі психологиялық динамикалы» әлеуметтік бағдарланған қарым-қатынас ретінде анықтауға болады.
Аталғандарға қарым-қатынастың тағы екі сипаттамасын қосуға болады: тұлғааралық, өкілділік көрнекіліктік және көп ақпараттылық. Біріншісімен сөйлеушінің (мұғалімнің немесеоқушының) мәтіндегі субъектілік көрінісі белгіленеді, екіншісімен - -тілдік қарым-қатынастың көп жоспарлылығы белгіленеді, мұнда бір мезгілде оның барлық сипаттамалары жүзеге асырылады (мазмұндық, мәнерлік, әсер етушілік), түрлі деңгейлері бейнеленеді (пәндік, мағыналық, т.б.).
Көрнекіліктің әлеуметтік табиғаты былайша анықталады: адамдар арасында пәнсіз қарым-қатынас болмайды, ол әрқашанда мазмұнды, тарихы нақты болып келеді және де «...тек қоғамдық іс-әрекет пен қатынастардың белгілі бір түрінде - -өндірістік-техникалық, экономикалық, саяси, адмагершіліктік және т.б. қандай да бір нақты себеп бойыншабола алады» [21]. Іс- әрекеттің осы түрлеріне қарым-қатынасәсер етеді және одан көрінеді. Көрнекілік кез-келген қарым-қатынасқа араласушылардың, мысалы, мұғалімнің (оқытушы-ның) және оқушылардың (студенттердің) даралық-тұлғалық ерекшеліктерін, оладың мәдениет деңгеиін, жасын, жынысынжәне қызығушылықтарын, қажеттіліктерін, талғамдарын, беймділігін және т.б. бейнелейтінін ұйғарады. Тілдік қарым-қатынасты, оның негізгі формаларын, қарым-қатынас өнімін талдау ерекше мәнге ие, ол осы қарым-қатынасты жүзеге асырушы адамдар қатынасатын әлеуметтік-қоғамдық қатынастарды да, олардың тұлғалық ерекшеліктерін де ашуға мүмкіндік береді.
Қарым-қатынастың көп ақапарттылық сипаттамасының да маңыздылығы кем емес. Ол вербалды қарым-қатынас жасау процесінде берілетін тілдік хабарлама күрделі коммуникативтік пәндік мазмұнға ие, ол өзіндік мазмұндық, мәнерлік және түрткі болушы тұрғыдағы айтулардың бірлігі болып табылады. Әрине олардың әрқайсысы азды көпті мөлшерде айқын көрінуі мүмкін, бірқ олардың ішкі бірлігі вербалды (тілдік) қарым-қатынастың, адамдардың қоғамдық-коммуникативтік іс-әрекетіндегі көп ақпараттылығын анықтайды. Осылайша, тілдік (вербалды) қарым-қатынаскем дегенде жеті сипаттамамен суреттеледі: контактілік, бағдарлылық, бағыттылқ, семиотикалық мамандандыру, динамика, көрнекіліктік, көп ақпараттылық.
Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар
тобында өмiр сүредi және дамиды,
оның талаптарына сәйкес өз ойлары
мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа
мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi
байланысты сезiнедi. Қарым-қатынас психологиясы
мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың
бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу,
сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе
жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық
қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың
әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының
негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы
қарым-қатынас аймағы болып табылады.
Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани,
материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге
көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз
өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас
тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi,
жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар
арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы
қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк
әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа
түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.
Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi,
идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi
бар қоғам.
Микро және макроортаның кездесетiн жерi,
олардың өзара әрекеттесетiн шек – бұл
кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз
өтедi. Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма
болып табылады оның негiзiнде өркениет
дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың
басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша
қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан
кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз
адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс
iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге
тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа
түсемiз.
Егер бiз өз өмiрiмiздi
бақыласақ онда мынаны байқаймыз:
• басқа адамдармен өзара әрекеттесiп
оларды қабылдаймыз және бағалаймыз.
• Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен
қабылдаймыз.
• Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен
өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз.
• Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға
елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз.
• Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы
адамдардың пiкiрiн есепке аламыз.
Қарым-қатынас стратегиясы.
Информация о работе Тұлға қабілеттерін қарым-қатынас процестері арқылы артырудың теориялық негізі