Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Мая 2013 в 14:32, дипломная работа
Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке тұлғаның потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда тұлға қабілетін қарым-қатынас арқылы дамыту қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлға қабілетін, оның басқаларымен қарым-қатынасы, жан-жақты, дербес шешім қабылдауға бейім маманды тәрбиелеу- бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр.
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік болымысын қалыптастыру, оның егемендігін нығайтуп, ұлттық санамен тәрбиемізді қалпына келтіру және өркениетті елдер қатарынан орын алу ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты шарттардың бірі.
Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке тұлғаның потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда тұлға қабілетін қарым-қатынас арқылы дамыту қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлға қабілетін, оның басқаларымен қарым-қатынасы, жан-жақты, дербес шешім қабылдауға бейім маманды тәрбиелеу- бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр.
Қарым-қатынас білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адамзаттық дүниетанымы мен сана-сезімін жетілдірудің ерекше жолы. Тұлғаның қарым-қатынасы және қабілеті, саналы көзқарастары, ізгілікті қарым-қатынас орнатуына, рухани адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына, жүйелі іс-әрекет жасауына, дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік береді.
Шет ел және отандық психологияның бағыты ең алдымен қарым-қатынас мәселесі екендігі бәрімізге белгілі. Оларды зерттеуде көптеген ғалымдардың еңбектері бар, олар: Б.Г. Ананьев, А.А. Бодалев, Э. Берн, Г.А. Ковалев, А.А. Леоньтев, б.Ф. Ломов, Л.А. Петровская, К. Роджерс, М. Форверг, А.У. Хараш және т.б. Аталған ғалымдардың еңбектерінде қарым-қатынас психологиясының жалпы методологиялық және теориялық негізі болатын зерттеулердің нәтижелері көрсетілген.
Қарым-қатынас мәселесі жөніндегі маңызды пікірлер М. Жұмабаева, Ж. Аймауытов, М. Дулатов т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Қазіргі таңда әсіресе
жалпы білім беру саласының
дамуында жағымды өзгерістер
мен оқыту мен тәрбиелеу
Сонымен қатар, қазіргі кезде отандық білім жүйесінде қабілетті тұлғаны анқтауға, олардың дамуына көңіл қойылуда.
Қабілетті тұлғамен жұмыс жүргізу өзектілігі кейбір жағдайлармен анқталады: қоғамда өз дамуының негізгі ресурсі және маңызды алғышарты ретінде, «адам потенциолдар» ретінде саналуы, өмір динамикасының жылдамдығы, көптеген интеллектуалды, әлеуми жауапкершілігі мол, белсенді, қабілетті болатын, қоғам талабына сай тұлғаның кәсіби іс-әрекеттері. Мұндай тұлғаны қалыптастыруда қабілетті жастармен жүргізілетін психологиялық зерттеулердің маңызы орасан зор.
Тұлға қабілетін
қарым-қатынас арқылы дамыту
Ал отандық ғалымдарға келетін болсақ, Қ.Б. Жарықбаевтың тұлғаның этнопсихологиялық ерекшеліктері, С.М. Жарықбаев бірлескен диалогті танымдық іс-әрекет жайлы тұжырымдамасы, Ә. Алдамұратовтың тілдік конструкцияларды меңгеру психологиясы, Б.А. Әмірованың Тұлғаның әлеуметтену процесіндегі этностық жаңсақ нанымдардың генезисі мен динамикасы, Қ.Т. Шерьязданованың балалардың қарым-қатынастарын тренингтік жұмыстар арқылы дамыту мәселесі, С.Қ. Бердібаеваның творчествалық іс-әрекетінің құрылымы туралы еңбектері және т.б. зерттеу мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Әрбір жеке адамның қарым-қатынастағы қабілетінің дамуының жоғарғы жетістігі, тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткіші емес, бұл қоғам дамуында да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді.
Қазіргі кезде тұлғаның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейлеріне өмірдің өзі биік талаптар қойып отыр.
Әсіресе, жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны белгілі. Жеке тұлға кәсіби даму барысында, оның шыңына жету үшін көптеген жағдайларға кездесетіні белгілі. Тұлғаның табиғи қалыптасуындағы оған әсер етуші қоғамдық факторлар әр алуан.
Адамның тұлғалық және шығармашылық потенциалының сарқылмас қайнар көзі үнемі өзін-өзі дамыту болып табылады. Алайда өзінің қабілетін, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту арқылы басқа адамның ішкі жан - дүнейесіне үңілуге болады. Әрбір адамның ішкі жан- дүниесі космос тәрізді шексіз-шексіз, сарқылмайтын тылысым құбылыс. Яғни осындай мәселелермен айналысатын мамандардың бірі – практик-психологтар. Біз зерттеу жұмысымызда осы мамандарды алуымыздың да себебі осында.
Зерттеу мақсаты: қарым-қатынас процесінде тұлға қабілеттерінің даму динамикасын зерттеп, олардың дамуының психологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу мақсаты мен ұсынылған болжамдарға сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:
Зерттеу нысаны: тұлғаның қарым-қатынас қабілеттерінің даму процесі.
Зерттеу пәні: тұлға қабілеттерінің даму процесінде қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері.
Зерттеу болжамы: егер тұлғаның қарым-қатынасын арнайы ұйымдастырылған психологиялық бағдарламалар арқылы дамытса, онда ол тұлғаның түрлі қабілеттерінің дамуына әсер етеді.
Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негізі: : Б.Г. Ананьев, В.А. Куртецкий, К.К. Платонов, С.Л. Рубенштейн, Б.М. Теплов, С.М. Жарықбаев қабілет табиғаты мен құрылымының түбегейлі мәселесін және олардың даму жағдайлары туралы мәселелері жұмысымыздың зерттеу мәселесін шешуге мүмкіндік берді.
Зерттеу әдістері:
- теориялық ( талдау және синтез, зерттеу болжамын моделдеу, нәтижелерді жобалау);
- эмпирикалық (сұрақнама,
сұхбат, әңгімелесу, кеңес беру, тестілеу,
тәжірибелік-эксперименттік
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Зерттеуден алынған нәтижелерді кәсіби мамандардың қарым-қатынасын дамыту мақсатынада жалпы білім жүйесінде, психологиялық орталықтарда, сондай-ақ психолог, педагог- мамандарының кәсіби біліктілігін жетілдіруде қолдануға болады. Алынған нәтижелер тұлға қабілеттерін қарым-қатынас арқылы дамыту мүмкіндігінің тиімділігін жоғарлатады. «Қарым-қатынас орната аламыз ба?» тренингтік модулін оқытушыларға, педагог мамандарына, халыққа қызымет көрсету орталықтарында, психологтардың тәжірибесінде қолдануға болады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі: Жұмыстың құрылымы зерттеу тақырыбымен, оның орындалу, жасау дәрежесімен, зерттеудің пәні мен объектісімен шарттандырылып, оның мақсат міндеттерін бейнелейді. Жұмыстың көлемі 58 бет. Кіріспеден, 2 бөлімнен, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады
1 Тұлға қабілеттерін
қарым-қатынас процестері
Қарым-қатынас мәселесі
Қарым-қатынастың болуының арқасында адамдар өмір сүреді және шынайы байланыстарда, бір-бірімен қатынастарда іс-әрекет жасайды. Қарым-қатынас түбегейлі адамдық сұраныс бола отырып, дербес құндылық болады, себебі адам басқа адамды әрдайым қажетсінеді. Ол үшін маңызды дүние – бұл басқа адам, онымен қарым-қатынас процесінде және тек сол арқылы адамның мәні көрініс табады. Қарым-қатынас адамның құрылуының маңызды факторларының бірі болып, оның әлеуметтенуінің қажетті шарты ретінде қалыптасуына теориялық ьталдау жасалды.
Қабілеттіліктер мен тұлғаның
дамуы – екі бірдей процесс.
Сол арқылы кабілеттіліктер
Қарым-қатынас адамдардың тұлғааралық байланыстары мен өзара әрекеттерін тікелей қалыптастыру процестерінде нақты қоғамдық қатынастар жүйесімен анықталады.
Қарым-қатынас барысында мінез-
Қарым-қатынас процесінде
Қабілет дамуының психологиялық жағдайларына талдау жасау негізіне жататын талаптарды қарастыру – кеңес психологиясының классигі көрнекті ғалым Б.М.Тепловтың айтқан ілімдеріне тоқталуды қажет етеді. тОның ойы бойынша дарындылықтың жалпы теориясы «...нақты фактілер мен заңдылықтарды зерттеу бойынша үлкен жұмыстардың нәтижесінде жасалуы қажет». Ғалымның пікірі бойынша қабілет – бір немесе бірнеше іс-әрекеттерді нәтижелі орындауға сатысы бар жеке даралық психологиялық ерекшелік және өзінде бар дағды,ептілік пен білімдерге тсәйкестенбестен-ақ бұл білім мен дағдыларды жеңіл әрі тез меңгерумен түсіндіруге болады деп жазады. Қабілет бұл дамудың нәтижесі, ал нышан – қабілет дамуының негізінде туа пайда болған анатомиялық- физиологиялық ерекшелік.
Қарым-қатынастың жалпы сипаттамаларын, ары қарай осы позиция тұрғысынан үйренушілер мен үйретушілердің (мұғалім мен оқушылардың, оқытушы мен студенттердің) қарым-қатынасын сипаттайтындай етіп қарастырайық.
Қарым-қатынасты, қалай дегенмен де, бір-бірімен психологиялық қатынаста байланысқан адамдар арасындағы мақсатты, тура немесе қайсы бір құралдармен жанамаланған контакт орнату және қолдау процесі ретінде анықтай отырып, А. А. Леонтьев оның келесі сипаттамаларын бөледі: контактілік, бағдарланғандык, бағыттылық, арнайы семиотикалық пен процестің психологиялық динамикасы.
Соңғы редакцияда олар, А.
А. Леонтьев бойынша, арнайы семиотикалық
және жанамалылық дәрежесі, қарым-қатынас
бағдары мен психологиялық
Бағдарды анықтау кезінде ақпарат алмасу бағыты ғана емес, сондай-ақ бағдарланудың өзінің бағыттылығының әлеуметтік немесе тұлғалық табиғаты да белгіленеді. Осы негізде, А.А. Леонтьев, Б.Х. Бгажноков қарым-қатынастың екі типін бөліп көрсетеді - тұлғаға бағдарланган және әлеуметтік бағдарланған. Олар коммуникативтік, функционалдық, әлеуметтік-психологиялық және тілдік құрылыммен ажыратылады. Әлеуметтік бағдарланған қарым-қатынастағы айтулар көптеген адамдарға арналады және әркімге де түсінікті болуы керек. Сондықтан да оларға толықкандылық, дамығандық, ашықтық, дәлдік және жоғары мәдениет талаптары қойылады. Қарым-қатынастың арнайы семиотикалык мазмұны барлық құралдардың - вербалды және вербалды еместердің бірігуінің - тілдік әсер ету тиімділігін жоғарылату үшін маңыздылығын айрықша көрсетеді. Контактілік айтылып тұрған хабардың уақыт пен кеңістік бойынша жақындығы мен оның қабылдану дәрежесі бойынша қарастырылады. Қарым-қатынастың маңызды сипаттамасы оның психологиялық динамикасы болып табылады, ол сөздік әсер ету ерекшеліктерімен анықталады.
Информация о работе Тұлға қабілеттерін қарым-қатынас процестері арқылы артырудың теориялық негізі