Салт-дәстүрлер негізінде оқушыларды тәрбиелеудің психологиялық –педагогикалық жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 18:49, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу пәні: Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларға тәрбие беру барысы.
Зерттеу міндеттері:
• Педагогикалық, психологиялық, философиялық, арнайы немесе әдістемелік әдебиеттерді зерделеу.
• Қазақ салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашу.
• Оқу процесінде қазақ салт-дәстүрлерінің пайдалану барысын айқындау.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................4
1. Бөлім Салт-дәстүрлер негізінде оқушыларды тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық мәселелері………………………..10
1.1. Оқушыларға салт-дәстүрлер негізінде тәрбие берудің теориялық негіздері……………………………………………………………………10
1.2. Қазақтың салт-дәстүрлері негізінде оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу мүмкіндіктері мен педагогикалық –психологиялық шарттары……….23
2. Бөлім Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің мазмұны, формасы және әдіс-тәсілдері…………….45
2.1. Қазақ салт-дәстүрлерінің материалдарын қолдану арқылы оқушыларға имандылық тәрбие берудің психологиялық ерекшеліктері…………………45
2.2 Қазақ салт-дәстүрлері бойынша тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру барысында оқушыларға тәрбие берудің бағдарламасы мен әдістемесі……..57
Қорытынды………………………………………………………………...66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………68

Прикрепленные файлы: 1 файл

АбдырахмановаСымбатАбиловнадАААА.docx

— 156.06 Кб (Скачать документ)

Тәрбиенің жеткізілу тәсілі бүгінгі күнгі мектептердегі  оқу-тәрбие үрдісінің жаңа технологиялармен ұйымдастырылуына да байланысты. Бұған  енді ғана тұсауы кесіліп, алғашқы қадамдарын жасай бастаған „Өзін-өзі тану”  бағдарламасында адамның рухани-адамгершілік құндылықтарының дамуы, өркендеуі  тәрбие мәселесімен тығыз байланыстырыла қарастырылатыны дәлел.

Өзін-өзі танудың қайнар көзі өзін-өзі тәрбиелеуден басталса, ал жоғарыда атап көрсетілген „Балбөбек”бағдарламасында  өзінің ұлттық тәрбие берудегі мәні рухани-адамгершілік құндылықтарды оқушылар бойына қалыптастырумен  маңызын арттырмақ.

Қазақстан Республикасының  1993 жылғы қабылдаған “Білім туралы”  заңында “қазақ халқының мәдениеті  мен дәстүр салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау керек” деп көрсетеді. Сондықтан оны ғылыми негізде  пайдалану және даму жолдарын іздестіру  көкейтесті мәселелердің бірі.

Қазіргі кезде жаңа жасалып  жатқан оқулықтар мен бағдарламада ескертетін жайт – бұл бастауыш буыннан бастап, білім мазмұны, қазақ  халқының өмір тәжірибесі, салт-дәстүрі, шаруашылық жүргізу тәсілдері, рухани байлығы, саяси, әлеуметтік, экономикалық ерекшелігін ескеру.

Сонымен қатар, дүниежүзілік мәдениет, ғылым, техника жетістіктерін  әлем халықтарының озат тәжірибесі мен  дәстүрлерін пайдалану.

Бүгінгі күнде мектептерімізде  ұлттық тәрбие беру мақсатын көздеген арнайы пәндер болады. Олар:

  • “Өнер және әдеп” (6-7 сыныптарға арналған)
  • Ұлттық өнер мен әдеп жайында жүйелі білім беру. Өнердің әрбір

саласының ішкі мазмұнын ашу, баланың жеке қабілеті мен дарынын  ояту, іскерлікке үйрету, халқымыздың  игі қасиеттерін баланың бойына сіңіріп, имандылық мінез-құлқын қалыптастыру.

  • “Қазақ халқының салт-дәстүрі” (8-9 сыныптарға арналған)

халқымыздың ұлттық ерекшелігін, психологиясын, дүниетанымын, салт-дәстүрін, ойын, тұрмыс-тіршілігін олардың санасына сіңіру арқылы халқымыздың ұрпақты тәрбиелеудегі, әулет жалғастырудағы өмір тәжірибесінен түсінік беру.

  • “Ұлттық мәдениет тарихы” (10-11 сыныптарға арналған) оқушылардың

жас шамасын ескере отырып, қазақ халқының бай тарихынан  жүйелі түрде мәлімет беру. Ұлттық санасын, азаматтықтың негіздерін қалыптастыру.

Қазір педагогика тәжірибесі орнымен жете ұғынып пайдаланылған  салт-дәстүр, педагогикалық идеялар  зор тәрбиелік әсер беретініне көз  жеткізуде.

Қазір Республикамызда халқымыздың  ұлттық мәдениетін, өнерін, тілін, салт-дәстүрін дамыту мәселесі алдыңғы қатарға  қойылып отыр. Осыған орай, халқымыздың ұлттық мәдениетін, өнерін, тілін салт-дәстүрін мектепте оқытып, үйретуді дұрыс жолға қойып, көбірек насихатталғаны жөн.

 

2.2. Қазақ салт-дәстүрлері  бойынша тәрбиелік іс-шаралар  ұйымдастыру барысында оқушыларға  тәрбие берудің бағдарламасы  мен әдістемесі

Қазақ салт-дәстүрі туралы материалды тек сабақ барысында  немесе тәрбие сабақтарында ғана қолданбай  сыныптас тыс тәрбиелік іс-шараларды  жүзеге асыру барысында қолдануға  көңіл бөлу қажет.

Мысалы, “Салт-дәстүрді білесің  бе?”, “Бүгінгі таңдағы жастардың  салт-дәстүрге деген көзқарасы”, «Имандылық»  дегенді қалай түсінесің? деген  тақырыптарда пікірталастар, дебаттар өткізуге, ата-аналар арасында жарыстар ұйымдастыруға, театрдағы салт-дәстүрге қатысты қойылымдарға апаруға, оқушылар конференциясын өткізуге, “Қыз сыны”  байқауын өткізуге, сыныптар арасында жарыстар ұйымдастыруға, оқушыларды тарихи жерлерге апаруға болады.

Сонымен қатар, “Ата мұраң  – асыл қазынаң”, деген тақырыпта  сыныптар арасында жарыс өткізуге, “Ал, кәнекей әжелер” тақырыбын  ала отырып мектептегі оқушылардың  әжелері арасында жарыс ұйымдастырып, сол әжелеріміздің көмегі арқылы оқушыларға ұлттық салт-дәстүрді түсіндіріп көрсетуге болады.

Негізінен жастардың бойында  ата салтын қалыптастыруда ерекше рөлді  отбасы атқарады. Сондықтан да ата-аналардың  арасында “Шаңырақ”  сайысын өткізеге болады.

Осы іс-шараларды ұйымдастыра  отырып, біз оқушыларды қазақ салт-дәстүрі  негізінде тәрбиелеп, өз ата салтын құрметтеуге үйретеміз.

Осыны негізге ала бірнеше  іс-шараның үлгісін ұсынып отырмыз.

“Ата мұраң – асыл қазынаң”

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың бойында  салт-дәстүрге деген сүйіспеншілікті  одан әрі дамыту, оны әрқашанда  құрметтеуге баулу.

2. Оқушылардың білім деңгейін  байқау.

3. Өз отбасын, Отанын  сүюге, әдепті болуына бағыт-бағдар  беру.

- Құрметті ата-аналар, ұстаздар, сайысқа қатысатын ұландар.

Бүгінгі екі топ аралығында өткізгелі отырған “Ата мұраң  – асыл қазынаң” сайыс мерекесін  ашуға рұқсат етіңіздер. Бұл сайысқа  екі топтан да өздерінің ұлттық намысын  топ алдында көрсете алатын оқушылар қатысып отыр.

Қазақ халқының салт-дәстүрі  ежелден ұмытылмай сақталып келді. Ендігі жалғастырушы келешек – жас  ұрпақтар. Сол салт-дәстүрді жалғастырушы ұландарды ортаға шақырамыз. Ұландарға  сәттілік тілейік.

“Ата мұраң – асыл қазынаң” сайысы тоғыз бөлімнен тұрады.

1. Топ таныстыру.

2. Ата тәлімі (сұрақ-жауап).

3. Өнер сайысы (ән, би).

4. Мақал-мәтел сайысы.

5. Тыйым сөздер, ырымдар.

6. Сұрақ-жауап (салт-дәстүр  туралы).

7. Ребус шешу.

8. Айтыс өнері.

9. Көрініс.

2. Топ: “Жігіттің жақсылығы”.

Әділ қазылар алқасымен  таныстыру.

І. Бөлімінде “Ата тәлімі”  яғни, қарт ата мен жас жігіт  арасында болған әңгіме түрінде өткіземіз. Қарияның жігітке қойған сауалын  жігіттің жауап беру және қарияның ол пікірді  толықтырып, өз ойын айтып  беруін көрсетеміз.

ІІ. “Өнерлі өрге жүзер  демекші”, - қазір өнер сайысын тамашалап, көңіл сергітейік.

І. Топ. Ән: “Туған жер”.

ІІ. Топ. “Қазақы дастархан”.

Міне, әр топтың өнерлерін  тамашаладық, енді қазылар алқасы бағаларды  қойса дейміз.

“Ата – балаға сыншы”.

“Жас-кәрінің көзі, кәрі – жастың тезі”- дегендей мақал-мәтелдер де халықтың мұрамыз.

Келесі сайысымыз мақал-мәтел  сайысы.

  • Салт-дәстүрге байланысты.
  • Оқу-білім туралы.
  • Денсаулық туралы.
  • Туған жер туралы.

4-сайыс-мәнерлеп оқу.

5-сайысымыз ырымдар мен  тыйымдар.

6. Жаңарғаны санының,

  1. Ұмытады мұны кім?
  2. Ата-салтын бабамның,

Алып келді осы күн, - дей отырып “Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар” сайысын бастаймыз.

Қандай ырымдарды білесіңдер.

Тыйым  сөздерді ата.

Қазақы үйдің бөліктерін ата.

Ұлттық саз аспаптарын ата.

Мал сүтінен жасалған қандай тағамдарды білесіңдер?

Қандай салт-дәстүріміз бар?

Сайыс ребус шешу.

Сайыс айтыс өнері.

Көрініс «Әнет баба».

“Жігіттің жақсылығы”.

-Құрметті балалар! Міне, бүгін сендердің оындай өнерлі, талантты салт-дәстүріміздің жалғастырушы екендеріңді көріп, сүйсініп отырамыз.

Талаптарыңызға нұр жаусын!

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ал, кәнекей,  әжелер».

Сабақтың мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрімізді оқушылар санасына құю.

Көрнекі құралдар: Нақыл  сөздер, үнтаспа.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру  кезеңі.

А) Әділқазы алқасымен таныстыру.

Ә) Сайыстың шарты:

1. Әжелерсайысына қатысушылардың  ұлттық үлгідегі киім киюі.

2. салт-дәстүрді әжелердің  оқушыларға жете түсіндіруі.

ІІ. Кіріспе сөз.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, қадірменді қонақтар! «Ал, кәнекей, әжелер» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

ІІІ. Сайысты жүргізуге  алты әже қатысты.

Асылайын мойныңа,

Еркелейін қойныңда.

Шөпілдетіп сүйейін,

Әжелерімнің тойында, - дей  келе әжелерімізді ортаға шақырайық (күй  ойнап тұрады, немерелері әжелерін ортаға жетектеп әкеліп, орындарына отырғызады).

Әділ қазылар алқасымен  таныстыру.

Ал, кәнекей ағайын,

Асқақ әнге салайық

Басы болсын бұл тойдың

Шырқап әнге салайық, - деп  тойымызды «Әже» әнімен бастайық.

Сайысымыздың І бөлімі – Таныстыру.

Әжелер келіп жетті  танысуға,

Сыпырды томағасын осы  дұға.

Қызып келген қырандай керілтеді,

Әдеппенен, ізетпен танысуға, - дей келе әжелерімізді өзін-өзі  таныстыруға шақырамыз.

Сайысымыздың ІІ бөлімі - өз қолдарынан жасаған бұйымдарын таныстырып қорғайды.

Шеберлерім өнер тамып  қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетіп,

Біз айтайық төрелегіп  соңынан,- дей келе әжелерімізді жасаған  бұйымдарымен кезек-кезек ортаға шақырамыз.  

Сайысымыздың ІІІ бөлімі - өнерлерін көрсету.

Қазақ жұрты киелі,

Өнерліні сүйеді.

Сізді сонша аңсап ел,

Би биледе, ән салып бер,-дей  келе әжелерімізді өз өнерін көрсетуге  шақырамыз.

Сайысымыздың ІV бөлімі –  ұлттық тағамдар.

Қазақ халқы үшін дастарханнан үлкен нәрсе жоқ «Ас қадірін  білмеген аштан өледі, ат қадірін  білмеген жаяу қалар» демекші әжелеріміздің  алтын қолынан жасаған қазақтың дәмді тағамдарын таныстырады.

Сайысымыздың  V бөлімі  салт-дәстүрді көрсету.

Әжелерім асыл менен ақылды,

Ажыратар алыс пенен жақынды.

Үйретеді салт-дәстүрді әжелер, - дей келе салт-дәстүрге байланысты әжелер өздерінің ойға түйгенін көрсетеді.

Әже: «Тұсау кесер».

Әже: «Бесікке салу».

Әже: «Той бастар».

Әже: «Шілдехана».

Әже: «Сүндет той».

Әже: «Ат қою».

Сайымыздың VІ бөлімі –  нақыл сөздер.

«Жақсы сөз – жарым  ырыс» дейді ғой. «Көп білгеннен  емес, көпті көргеннен сұра» демекші, өнеге үлгілерін әжелеріміз мына отырған жас келіндерге,  оқушыларға қандай өсиет айтар екен, соны тыңдайық.

Өзім  ұйымдастыруымен оқушылардың ата-аналары арасында өткен «Шаңырақ» сайысының үлгісін ұсынамын.

Мақсаты: Халық психологиясы мен педагогикасының оқу-тәрбие барысында қолдану, оқушы, ұстаз, ата-ана байланысын арттыру. Ұлттық тәрбиенің мақсатын жүзеге асыру. Әдет-ғұрыпты терең сіңіру, имандылық, ізгілік, әдекптілік қасиеттерді қалыптастыру, өткенді біле отырып, болашақтан нәр алу.

Бағдарламада:

Таныстыру.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда  соын ілерсің».

Сіз білесіз бе? сұрақ-жауап.

Қол өнер (бірлігі ата-аналар ит көйлек пішу).

Көрініс (салт-дәстүр).

Мақал-мәтелдер айту. (Аналар дәлелдер беру).

Білімін анықтау оқушыларға тест беру.

Бала тілі бал.

Өз өнерін көрсету.

Шешенше сөйлеу.

Тыйым сөздер.

Қазақтың қонақ жайлылық кәдесі. (Анасы дайындап, баласы түсіндіріп береді).

Көрнекіліктер: Киіз үй жабдықтары: Сандық. ұлттық тағамдар, киім үлгілері, плакаттағы сөздер.

Басталу кезеңі:

1. Армысыздар ата-әже,  қариялар,

Елімнің шежіресі дариялар.

Армысыз ұстаздарым, әріптесім,

Жол нұсқап, ақыл берген кеңестерің,

Армысың құрбы-құрдас, достарым,

Өзіммен бірге жүрген құрдастарым,

Осындай көңілді топ сайысында,

Өзімше осылай бір топ  бастадым.

1-Кезең. Таныстыру.

2-Кезең. «Ата мұраң – асыл қазынаң» дегендей «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей сұрақ-жауап (Аналарға).

І. тапсырма: «Қазан жарыс» пен  «Қазақ шегелеу» салт-ырымдарының мазмұнына  тоқталсаңыз. Айырмашылығы неде?

Жауабы: «Қазақ жарыс». Әйел адам дүниеге нәресте әкелер сәтте  басқа әйелдер қазанға жеңіл-желпі  тамақ істеп, осы босанған әйелден  бұрын пісірмек болып жарысады. Сонда  бала дүниге тез келеді екен.

Қазан шегелек. Өздері бұрыннан араласып жүрген жолдас-жоралар бір-бірінің  үйіне  бас қосып, «осы үйдің қазанын  шегелей келдік» дейді. Сонда  бұл «Қазан шегелеу» қонақ бола келдік деген ұғымды білдіреді.

Информация о работе Салт-дәстүрлер негізінде оқушыларды тәрбиелеудің психологиялық –педагогикалық жолдары