Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 18:49, дипломная работа
Зерттеу пәні: Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларға тәрбие беру барысы.
Зерттеу міндеттері:
• Педагогикалық, психологиялық, философиялық, арнайы немесе әдістемелік әдебиеттерді зерделеу.
• Қазақ салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашу.
• Оқу процесінде қазақ салт-дәстүрлерінің пайдалану барысын айқындау.
Кіріспе..................................................................................................................4
1. Бөлім Салт-дәстүрлер негізінде оқушыларды тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық мәселелері………………………..10
1.1. Оқушыларға салт-дәстүрлер негізінде тәрбие берудің теориялық негіздері……………………………………………………………………10
1.2. Қазақтың салт-дәстүрлері негізінде оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу мүмкіндіктері мен педагогикалық –психологиялық шарттары……….23
2. Бөлім Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің мазмұны, формасы және әдіс-тәсілдері…………….45
2.1. Қазақ салт-дәстүрлерінің материалдарын қолдану арқылы оқушыларға имандылық тәрбие берудің психологиялық ерекшеліктері…………………45
2.2 Қазақ салт-дәстүрлері бойынша тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру барысында оқушыларға тәрбие берудің бағдарламасы мен әдістемесі……..57
Қорытынды………………………………………………………………...66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………68
Табиғаттану сабақтарында әр өсімдік атауына тоқтап кетудің маңызы зор.
Сабақта көп қолданылатын халық педагогикасының бір түрі - өлең-жырлар. Өлең-жырларды әсіресе жабық тұқымдылар, гүлді өсімдіктер, өсімдіктерді қорғау т.б. тақырыптарда қолданған жөн. Мысалы, І.Жансүгіровтың Жетісу суреттері өлеңін 50 жолында 30 түрлі ағаш, 60 түрлі шөп атаулары енгізілген.
Тауқонақ, шайшөп, маңға, құлынембес,
Сүттіген, еңлік, мейіз, киізкиік.
Ақшалғын, көкемарал, бетеге, раң,
Жапырақтеге, бұйра, қисық иық… -
ақын өлеңінде өсімдіктер табиғат сұлулығы ретінде суреттеледі.
Табиғаттану пәнінде мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді де қолданудың пайдасы көп. Қына тастан шығады, білім жастан шығады; Өсер жастың алдын кеспе, өсер ағаштың бұтағын кеспе; Ата – бәйтерек, бала – жапырақ т.б. Әсіресе мақал-мәтелдерді барлық тақырыптарда қолдануға болады.
Тақырыптарды өту барысында көкті жұлма – көктей соларсың, тал кескенше - қолыңды кес, қарағай кессең қаңғырып қал т.б. ырымдар мен тыйымдар және өркеннің өссін баталы сөзін қолданудың мәні зор.
Қорыта айтқанда, табиғаттану пәнінде халық психологиясының қай дәстүрлерін қолдансақ та алдымызға қойған мақсатымыз біреу. Ол – ой-санасы жан-жақты дамыған, білімді оқушыларды тәрбиелеп шығару.
Математика пәнін оқытуда және сыныптантыс жұмыстар жүргізгенде шәкірттерге ұлттық тәлім-тәрбие беруге, қазақтың тұрмыстық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы түсінік беруге әбден болады.
Матемтика сабағын халық
педагогикасымен
Математика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Ойынды сабақтың барысында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді.
Егер ойын сабақтың ортасында қолданса, онда мұғалімнің мақсаты оқушылардың көңіл-күйлерін сергіту, шаршағанды ұмыттырып ерік-жігерін дамыту.
Ойын сабақтың соңында болса тақырыпты бекіту не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланылады.
Математика сабағында
ұлттық ойындарды пайдалану
Қазіргі таңда жалпы білім беретін орта мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде басшылыққа алатын түрліше сабақ үлгілері мен қосымша оқу құралдары да жарық көруде. Соны бірі – халықаралық „Бөбек” қорының төрайымы Назарбаева Сара Алпысқызының „Өзін-өзі тану” сабағы.
Бұл пәннің мақсаты - әрбір адам өзінің жеке басындағы құндылықтарды қоғам мен өз елін дамыту игілігіне жұмсау мақсатында ұлттық, жалпы адамзаттық және адамдық құндылықтармен ұштастыра алатын Қазақстан азаматын тәрбиелеу. Сондай-ақ жеке тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарының даму жөніндегі отандық бағдарламасын жасап, оны балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі аралықтағы үздіксіз білім беру үрдісімен үйлестіру болып отыр.
Егер бұрын базалық білім беру ұғымы аясында жас ұрпақтың сауатын ашу мен оларға ғылым негізін игеру әрекеті түсіндіріліп келсе, қазіргі кезде бұл ұғым оқушылардың бойындағы адами құндылықтарды, қайырымдылықты, имандылықты, сүйіспеншілікті дамытуды, сондай-ақ әділдікке, зорлық-зомбылық жасамауға, бақытты бағалай білуге тәрбиелей отырып оқытуды талап етеді.
Сондықтан білім беру жүйесінің негізін оқушылардың имандылық, рухани – адамгершілік тұрғысынан кемелденуіне назар аудару қажет. Жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер үлгісі мен берер тәлім-тәрбиесі мол болмақ. Ал оның бәрі адамның бойында жас кезінен бастап қаланса тұрақты қалыптаспақ. Сонда ғана дұрыс бағыт алып, бағдарын ерте айқындаған баланың бойында бұл құндылықтардың қатары көбейіп, сапасы арта түседі.
Ж.Аймауытов 1918 жылы „Абай”
журналының 1,2 сандарындағы „Тәрбие”
деген көлемді мақаласында
Жалпы білім беретін мектептерде бұл мәселені шешуде әдебиет, саз, бейнелеу, тарих сияқты пән негіздері, әлемдік көркем мәдениет, кино өнерінің негіздері сияқты және басқа да эстетикалық циклдардың үлкен мүмкіндіктері бар. Аталған пәндер өзінің ішкі мазмұнындағы ерекшеліктеріне орай оқушылардың ішкі дүние сезімін қалыптастыруға қабілетті. Бұл циклдық оқу, үйірмелік қызметі өзара қатынаста болып, мектеп оқушыларына рухани-адамгершілік құндылықтары арқылы тәрбие базасын құрайды.
Қоғамымыздың бүгінгі
жетістіктерін келешекке
Мұнда „Имандылық тәрбиесі”
деген бөлім бар. Бұл бөлімде
құндылықтарды тану, ата-ана мен
туған ел, Отанға деген көзқарасты
қалыптастыру, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді
тану, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрстеу
сияқты тәрбиелік сабақтардың
Халықтық психология және педагогикада ертегілер жанрын бала тәрбиесінде кең пайдаланған. Ертек дегеніміз не? Анықтама беріп кетейік.
Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлықкөркем проза.
Оның мақсаты – тыңдаушыға
ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі
кең: ол әрі тәрбиелік, әрікөркем-эстетик. әдеби қазын
Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ.
Ертегінің поэтикасы мен композициясы көркем әрі жүйелі. Композициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама – эпикалық баяндау – аяқтау. Бастама, әдетте, өлең немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау, көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалып, біздің заманымызға жеткізген. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан.
Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:
1) жануарлар туралы ертегілер;
2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер;
3) хикаялық
ертегілер, сатиралық ертегілер;
Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән ертегілермен
қатар, басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған
ертегілер де бар. Олардың көбі тарихи-типологиялық
жағдайда пайда болған, біразы тарихи-генетик.,
яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады,
кейбірі тарихи-мәдени байланыс нәтижесінде
қазақ жұртына тараған. Сол себепті қазақ
ертегілерінде таза ұлттық та, халықар.
та, көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген.
Негізгі кейіпкер мен мазмұны және қияли
әдістердің қаншалықты пайдаланылуына
қарай бұл салалардың әр қайсысы тағы
бірнеше топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде: хикая, өсиет, мысқыл,
Ертегі жанрының пайда
болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ.
Оның түп-төркіні – алғашқы қауымда
туған өне мифтер, аңшылық әңгі
Миф – алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған
құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде
әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте
қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы
мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік
бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаhармандар
туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде
фантастикалық түрде баяндалған. Алайда
ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған,
мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп,
адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын
миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте «қасиетті»
сипатынан айрылған, құпия болудан қалған.
Осының нәтижесінде мифке сенушілік те
әлсіреген, ондағы оқиғалар мен кейіпкерлер
басқа сипат қабылдаған, тіпті мифті айтушы
бара-бара өз жанынан да қосатын болған.
Соның салдарынан іс-әрекеттердің де нәтижесі
баяғы мифтік сипаттан айырылған. Мифтің
себеп-салдарлық белгісі жоғалған. Бірте-бірте
мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме
жеке бір адамның тағдырын баяндайтын
жағдайға келеді. Сөйтіп, миф хикаяға,
содан соң ертегіге айналады. Ертегінің
тағы бір тамыры – алғашқы рулық қауым
адамдарының аңшылық әңгімелері мен хикаялары.
Алғашында шын болған оқиғалар негізінде
айтылған әңгімелер бірте-бірте ел арасына
тараған сайын қоспалармен толықтырылып,
хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен.
Осындай аңшы мергендер жайындағы әңгімелер
қазақ ертегілерінің құрамында аз емес.
Әрине, олар біздің ертегіде сол ежелгі
замандағы күйінде емес, көркем фольклорға
айналған формада көрінеді. Алғашқы қауымдағы
мифтік ұғымдар туғызған небір ғаламат мақұлықтар (жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, албасты,
жалмауыз кемпір, т.б.) бұрынғы аңшылар әңгімесіне кірігіп, хикая туғызады.
Хикая жанры мифтің өзімен бірге ертегіге
де айналады. Оның ертегі құрамында жүретіні
де сондықтан. Бірақ мифтің ертегіге айналу
жолында хикая мен ертегі қатар өмір сүреді,
сол себепті миф, әсіресе, хикая өзінше
жеке айтылып, елге жайылады.
Қазақ халқы прозасында осы процесс түгел дерлік із
қалдырған. Жалпы ертегілердің пайда болып,
қалыптасуының алғашқы кездерінде ел
оны қиял деп ойламаған, онда баяндалатын
оқиғаға сенген, себебі ол шақта ертегі
өз төркінінен алшақ кете қоймаған, сондықтан
көркемдік қызмет те атқармаған. Ал көркем
фольклорлық жанр болып қалыптасқан классик.
Қазақ ертегілерінің жиналуы мен жарияланып,
зерттелуі 18 ғ-дың 2-жартысында басталды.
Алғашқы жүз жылда, негізінен, Қазақстанға
Ресейден келген адамдардың кейбірі қазақ
жұртының тұрмыс-салты, әдет-