Салт-дәстүрлер негізінде оқушыларды тәрбиелеудің психологиялық –педагогикалық жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 18:49, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу пәні: Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларға тәрбие беру барысы.
Зерттеу міндеттері:
• Педагогикалық, психологиялық, философиялық, арнайы немесе әдістемелік әдебиеттерді зерделеу.
• Қазақ салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашу.
• Оқу процесінде қазақ салт-дәстүрлерінің пайдалану барысын айқындау.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................4
1. Бөлім Салт-дәстүрлер негізінде оқушыларды тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық мәселелері………………………..10
1.1. Оқушыларға салт-дәстүрлер негізінде тәрбие берудің теориялық негіздері……………………………………………………………………10
1.2. Қазақтың салт-дәстүрлері негізінде оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу мүмкіндіктері мен педагогикалық –психологиялық шарттары……….23
2. Бөлім Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің мазмұны, формасы және әдіс-тәсілдері…………….45
2.1. Қазақ салт-дәстүрлерінің материалдарын қолдану арқылы оқушыларға имандылық тәрбие берудің психологиялық ерекшеліктері…………………45
2.2 Қазақ салт-дәстүрлері бойынша тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру барысында оқушыларға тәрбие берудің бағдарламасы мен әдістемесі……..57
Қорытынды………………………………………………………………...66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………68

Прикрепленные файлы: 1 файл

АбдырахмановаСымбатАбиловнадАААА.docx

— 156.06 Кб (Скачать документ)

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер қазақ салт-дәстүрлерінің оқушыларда имандылық қасиетті қалыптастыруы тәлім-тәрбиелік тұрғыдан сұрыпталып, оқу-тәрбие процесі не ендірілсе, онда оқушылардың иманды қасиеттерін қалыптастыру нәтижесі артады.

Зерттеу көздері: психология, әлеуметтік психология, психологиялық менеджмент  туралы еңбектер.

 Ғылыми жаңалылығы: оқу-тәрбие процесінің нәтижелі болуы салт-дәстүрге тікелей байланысты екені айқындалды, сонымен бірге институттарда, теледидар мен үнқағаз беттерінде салт-дәстүр үлгісін ұсыну арқылы жастардың тәрбиесіне әсер ете аламыз.

Зерттеу жұмысының  практикалық мәні: Тәрбие сағаты бойынша әдістемелік нұсқау ұсынумен, зерттеуден алынған нәтижелермен, олардың негізінде құрылған ұсыныстарды мектеп практикасында қолданумен ерекшеленеді.

Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған мәселеге байланысты рухани, психологиялық, педагогикалық және ғылыми әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, озат педагогикалық тәжірибелерді жинақтау, психологиялық эксперимент жүргізу, оқу - тәрбие процесін бақылау, оқушылармен әңгіме жүргізу, пікірталас, сауалнама алу, психологиялық бақылау, эксперимент нәтижелерін өңдеу және қортындылау.

Диплом жұмысының құрылымы

Диплом жұмысы  кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған  әдебиеттер  тізімінен, қосымшалардан  тұрады.

Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, зерттеу көздері, ғылыми жаңалығы, практикалық мәні, зерттеу әдістерінен тұрады.

  Салт-дәстүрлер негізінде оқушыларды тәрбиелеудің  психологиялық-  педагогикалық мәселелері бірінші бөлімде  оқушыларға салт-дәстүрлер негізінде тәрбие берудің теориялық негіздері мен қазақтың салт-дәстүрлері негізінде оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу мүмкіндіктері мен   педагогикалық –психологиялық шарттары анықталды.

Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің  мазмұны, формасы және әдіс-тәсілдері атты екінші бөлімде қазақ салт-дәстүрлерінің материалдарын қолдану арқылы оқушыларға имандылық тәрбие берудің психологиялық ерекшеліктері мен

қазақ салт-дәстүрлері бойынша тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру барысында оқушыларға тәрбие берудің бағдарламасы мен әдістемесі қарастырылады.

Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесінде оқу-тәрбие процесінің нәтижелі болуы салт-дәстүрге тікелей байланысты екені айқындалды. Оның ішінде қазақ салт-дәстүрлерінің имандылық тәрбие берудегі мән-мағынасы жоғары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Бөлім   Салт-дәстүрлер  негізінде оқушыларды тәрбиелеудің  психологиялық-педагогикалық мәселелері 

    1. Оқушыларға салт-дәстүрлер негізінде тәрбие берудің  теориялық негіздері

Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады. Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтықмәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі [13].

Қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік және экономикалық өзгерістер мектеп мұғалімдерінің білім беру қызметінде жаңаша қарауды, яғни, имандылық тәрбиенің  ғылыми-педагогикалық негіздерін қызмет барысында қолдануды талап етеді. Имандылық тәрбиесін бала жүрегінде  дарытатын оның пәрменділігін арттыратын ұстаз қауымы. Жастайынан адамгершілік, имандылық қасиеттерді бойына сіңіріп, жүрегіне дарытқан баланы жамандыққа әуес болады деп ойлаудың өзі қиын.

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдаған 2050 бағдарламасында да жас ұрпақты ұлттық педагогика негізінде имандылыққа тәрбиелеуге баса назар аударған. Сонымен қатар елбасымыз өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек, онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ. Жалпы, дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді. Жалғыз-ақ, бізге қауіп төндіретін діни біліміміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғаны» - деп жазады [14].

Әрине, осы жүктелген міндеттерді  болашақта іске асырушылар қазіргі  жастарымыз. Олай болса, сол жастардың  білім деңгейі, ата-анадан алған  тәлім-тәрбиесі қандай дәрежеде деген  сұрақ туындайды. Бұл сұраққа  қанағаттанарлық жауап айту әзірге қиындау. Оған дәлел бүгінгі қоғамымыздағы  күннен-күнге көбейіп отырған  сан алуан қылмыстар.Қоғам өміріндегі қазіргі терең өзгерістер ұлттық тәрбие адамгершілік, имандылық қасиеттерін  бүкіл адамзат жинақтаған тәжірибемен  ұштастыра отырып дамыту, қазақ мектебінің жаңа белеске көтерілуіне жағдай туғызады. Имандылық тәрбиенің көптеген қырлары, рухани байлықтары бүгінгі  мектептердің білім мен тәлім-тәрбие мазмұнынан берік орын алуы тиіс.

Әрбір халықтың өз ерекшелігі бар. Сондай ерекшеліктердің бірі – салт-дәстүрі. Салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын ұмытқан  халық тарихтан өз орынын таба алмайды.

Ендеше сол тарихқа  көз жіберсек, біздің қазақ халқы  екі ғасырдан астам уақыт отаршылдық саясаттың астында болыпты. Жүздеген жылдар отарлық езгіні көп ұлттар басынан кешкенімен, тап біз сияқты тіл мен әдет-ғұрпына, мәдениетіне  орны толмас зиян келтірген ел жоқ  шығар.

Халқымыз ежелден өз ұрпағын  адамгершілікке, инабаттылыққа, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеуді ең басты  мақсаты санаған. Сондықтан ата-бабамыз  көшіп-қонып жүріп-ақ ұрпақ қамын  жеп, оның болашағына жеткілікті мән  берген. Сонау “Жеті жарғыдан”  бастап ата-салт, әдет-ғұрпымыз бұған  дейінгі талай ұрпақ үшін теңдесі  жоқ, тәрбиелік маңызы зор адамгершілік  кодексіміз болды. Оған айғақ шетел  оқымыстылары, ойшылдары біздің салт-дәстүрімізге ерекше назар аударып, зерттеп тамсана  жазғаны [15].

Әдет-ғұрып пен дәстүрді идеалды форма ретінде түсіндіру  Маркстік философияға дейін үстемдік еткен көзқарас болды.

Капитализмнің дамуына байланысты археология, антропология, этнография, географиялық жорықтар мен жаңа ашылулар аймақтарында қарқынды зерттеулер жүргізіліп, дәстүр мен әдет-ғұрып этнографияның, этиканың, лингвистиканың, өнертану, әдебиеттанушы  ғылымдарының зерттеу нысанына айналды.

А.Ампер өзінің “Философиялық  ғылымдар тәжірибесі” еңбегінде  адамзат білімін табиғи классификациялауды бере отырып, ұлттың заңы мен әдет-ғұрпын қарастыратын ғылымды этнолицей деп ұсынады [16].

 

Кесте 1.Этнопедагогикалық білімдер ұғымының ғылымда дамуы.

Реті

Ғалымның аты-жөні

Еңбегі, жылы

Этнопедагогикаға жақын ұғымдар

1

 

Виноградов С.

Народная педагогика. Иркутск. 1929г.

 

2

Жарықбаев Қ.Б.

Қалиев С.

Қазақ тәлім-тәрбиесі.

-Алматы 1995ж.

Халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін  қорытындылап, жүйелейтін теорриялық сипаттағы ғылым саласы.

3

Ұзақбаева С.

Тамыры терең тәрбие.

-Алматы, 1995ж.

Тәрбие мен оқыту саласындағы  халық бұқарасы білімдерінің,  іскерліктерінің, дағдыларының  жиынтығы.

4

Қалиев С.

Қазақ  этнопедагогика-

сының теориялық негіздері мен  тарихы.

....фольклорлық шығармалар мен  ұлттық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік  мән-мағынасы мен оны оқу-тәрбие  жүйесінде қолданудың әдіс-тәсілдерін  зерттейтін педагогика ғылымының  бір

саласы.

5

Ғаббасов С.

Халық педагогикасының негіздері. –Алматы, 1995ж.

...адамның жан дүниесін тәрбиелейтін  ілім...Этнопедагогика соның құрамындағы  бір ғана саласы.....

6

Табылдиев Ә.

Қазақ  этнопедагогикасы.

/Оқу құралы/ -Алматы, 1995ж. 

Жалпы педагогиканың бастау негізі, қозғаушы, түрткі түбі.

7

Қалеев Қ.

Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориясы мен практикасы. Алматы: Ғылым, 2001ж.

 

8

Қожахметова Л.Ж.

Казахская этнопедагогика: методология  теория, практика. Алматы. 1998г.

 




 

1945 жылы Қазақстанда Ш.Уәлиханов  атындағы Тарих, археология, этнографиялық  институттың ашылуына байланысты  қазақ ұлтының тарихын, мәдениетін, тынысын зерттеу дұрыс жолға  қойыла бастады. Ол кездегі  ғалымдар Х.Арғынбаев, И.Захаров,  М.Мұқанов, Ө.Жәнібеков, С.Ақатаев т.б. қазақ ұлты туралы этнографиялық білімді кеңейтуге атсалысты. Ал бүгінгі таңда қазақ мәдениетінің этнографиялық, философиялық, мәдени аспектілері бойынша Н.Масанов, Н.Шаханов, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев және т.б. ғалымдардың еңбектерін атап көрсетуге болады. Бұл жинақталған білім көздері, зерттеулер, саралаулар ұлт ұрпағын тәрбиелеуде қолдануды қажет етюді [17].

Біздің қарастырып отырған  тақырыбымыз салт-дәстүр, имандылық  ұғымдары болғандықтан, соның әрқайсысына  жеке-жеке тоқталып, мағынасын ашайық.

Салт ұғымына Қазақ  энциклопедиясында “Салт – халықтар кәсібіне, сеніміне, тіршілігіне байланысты қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрып, дәстүр. Уақыт  озған сайын оған жаңалық еніп, өзгеріп қоғамдық болмыс принципіне бейімделіп отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндері  жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайға ілгері дамиды” деп анықтама берілген [18].

 Ал, дәстүр ұғымына келетін болсақ, бұл көп мағыналы ұғым.  Оған әр түрлі сөздіктердегі анықтамалар дәлел. Сондай-ақ, ол – педагогикалық, психологиялық, философиялық, этнографиялық зерттеулердің де өзегі.

 Қазақ Энциклопедиясында  “Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа көшетін,  тарихи қалыптасқан әлеуметтік  нормалар мен принциптер. Дәстүр  – қоғамдық ұйымдар мен халықтың  мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінің  негізі” делінсе, философиялық  сөздікте “Дәстүр – тарих  барысыныда қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және т.б. қоғамда, ұлтта немесе жекелеген әлеуметтік топтарда ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік – мәдени мұра элементтері” делінген [19].

Кейбір зерттеушілер дәстүрге әр түрлі әрекет формасы арқылы  анықтама беруге тырысады. Е.Попов “дәстүрді  сананың спецификалық жағдайы” деп  қарастырса,  И.Петров “тарихи дамудың  нәтижесінде пайда болған мінез-құлық  нормасын, ой мен әрекет бейнесін белгілеген үлкен қоғамдық құндылық және ол өскелең  ұрпаққа тапсырылуы қажет” дейді [20,21].

Дәстүр – адамзат есіндегілерді  және әлеуметтік тарихи тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізуші және жинақтаушы. Дәстүрде бірнеше ұрпақтың мәдениеті мен  мәдениеттілігінің көптүрлігі және бірлігі жинақталған. Дәстүр қоғамдық өмірдің барлық саласын, тәжірибесін  қамти отырып қоғамның әр деңгейіндегі ақылды даналықты бейнелейді.

Дәстүр әр қырынан әр түрлі  аспектіде қарастырылатындықтан және әр түрлі ғылымның зерделеу нысаны болғандықтан дәстүр классификациясы  да әр алуан. Мәселен, Д.Зеленин дәстүрді аймақтық (территориялық), ұлттық, отбасылық  деп жүйелесе, Е.Белоусова дәстүрді жалпы әлеуметтік – саяси, діни экономикалық, халықтық – ұлттық, отбасылық, ұжымдық, мемлекеттік – патриотизмдік, еңбектік, ерліктік деп жүйелейді [22,23].

Сонымен,  дәстүр ұғым ретінде  мәдениеттің маңызды категориясының бірі және ол дәстүр оқу-тәрбие үрдісінің  құралы да.

Салт пен дәстүрдің  айырмашылығы неде дегенге келсек, салт адам өмірінің күнделікті тіршілігінде жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас  ережелері мен жол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы.

Ал дәстүрдердің өрісі  салттан әлдеқайда кеңірек. Дәстүр қоғамдық сананың барлық салаларымен  байланыста дамыған, топтасқан қауымның қалыптасқан біріңғай көзқарасын, әдет-заңын  марапаттайтын ритуал. Дәстүр идеологияға  жақындау да, ал салт қоғамдық психологияға жақын.

 Салт-дәстүрлер ұлттың  ұлт болып қалыптасуымен  бірге  туып,  бірге дамып келе жатқан  тарихи және көне процесс. Ол  ұрпақ тәрибесінен, мәдени тұрмысы  мен шаруашылық тіршілігінен  көрініс бере отырып, адамның  дүниеге келуімен бірге өрбіп,  о дүниеге аттанып кеткенше  құндақтайтын, тербететін алтын  бесігі іспеттес.

Енді, осы дәстүрлердің бөліктерін қарастырайық, оған жататындар:

А) дәстүрлердің мазмұндарында  қоғамдық-экономикалық қарым-қатынастардың  белгілері болатындығында;

Ә) дәстүрлердің белгілі  бір дәуірдің қоғамдық-экономикалық қарым-қатынасын бейнелейтін идеялардан тұратындығы;

Б)  арнайы адамдар тобына ғана тән даралық қасиеттерді (темперамент, мінез-құлық т.б.) көрсететін дәстүрлердің айырмашылықтары.

Аталған дәстүрлердің элементтерінің мазмұны – салт пен ғұрыптар арқылы беріледі. Яғни салттар мен ғұрыптар дәстүрлердің нақты іс-әрекеті ретінде  қабылданып, дәстүрлердің (структуралық) түрлерін анықтауға қол жеткізеді.

Дәстүрлердің құрылымдарына  тоқталсақ, оларға:

  1. Дәстүрлер бірлігін анықтайтын мазмұн;
  2. Салттар мен ғұрыптар дәстүрлер элементтерінің түрлерін жалғастыратындығы;
  3. Ішкі сенімнен тұратын мотивке негізделген салт пен ғұрыптардың қимыл, іс-әрекеті арқылы дәстүрлерден көрініс табуы.

Дәстүрлердің атқаратын жалпы  және жеке қызметтерін талдай келе, жеке қызметінен жалпы қызметтің  ерекшелігі – дәстүрлер мәнінің  белгілі бір нақты тарихи жағдайлармен анықталатындығында. Дәстүрлердің жалпы  қызметін атап айтсақ:

Информация о работе Салт-дәстүрлер негізінде оқушыларды тәрбиелеудің психологиялық –педагогикалық жолдары