Салт-дәстүрлер негізінде оқушыларды тәрбиелеудің психологиялық –педагогикалық жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 18:49, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу пәні: Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларға тәрбие беру барысы.
Зерттеу міндеттері:
• Педагогикалық, психологиялық, философиялық, арнайы немесе әдістемелік әдебиеттерді зерделеу.
• Қазақ салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашу.
• Оқу процесінде қазақ салт-дәстүрлерінің пайдалану барысын айқындау.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................4
1. Бөлім Салт-дәстүрлер негізінде оқушыларды тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық мәселелері………………………..10
1.1. Оқушыларға салт-дәстүрлер негізінде тәрбие берудің теориялық негіздері……………………………………………………………………10
1.2. Қазақтың салт-дәстүрлері негізінде оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу мүмкіндіктері мен педагогикалық –психологиялық шарттары……….23
2. Бөлім Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің мазмұны, формасы және әдіс-тәсілдері…………….45
2.1. Қазақ салт-дәстүрлерінің материалдарын қолдану арқылы оқушыларға имандылық тәрбие берудің психологиялық ерекшеліктері…………………45
2.2 Қазақ салт-дәстүрлері бойынша тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру барысында оқушыларға тәрбие берудің бағдарламасы мен әдістемесі……..57
Қорытынды………………………………………………………………...66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………68

Прикрепленные файлы: 1 файл

АбдырахмановаСымбатАбиловнадАААА.docx

— 156.06 Кб (Скачать документ)

Ата-ананы құрметтеу біздің халқымыздың қанында барлығын дінімізде, салтымызда, ақынымызда, жырымызда  қолдап бірін-бірі толықтырып дәлелдей түседі деп тілге тиек ете аламыз.

Ендігі жерде отбасының  жеміс берер гүлі, алтын тіреу  діңгегі – бала. Сондықтанда қазақ  халқының көптеген салт-дәстүрлері баланың  дүниеге келуімен байланысты туған. Олар: сүйінші, балаға ат қою, бесікке  бөлеу, бесік тойы, тұсау кесу, атқа мінгізу тойы, сүндет тойы, құда түсу, ұрын келу, ұзату, келін түсіру т.б.

Әрбір отбасы ұлы мен қызына жеті атасын білуге үйретіп, жұртын білуге баулыған.

      “Әке көрген  оқ жанар,

        Шеше  көрген тон пішер ” – дегендей  отбасында ұлын әкесі, қызын  шешесі тәрбиелеген.

Тәрбиенің негізгі қағидаларының  бірі ретінде “Қазақстан Республикасының  тәлім-тәрбие тұжырымдамасында” әке-ананың отбасындағы ролін қарастырған. Онда:

  • Біріншіден, баланы кішкене кезінен анасының сүт ақысын өтеуге баулу,

бүкіл қоғамда әйелге, анаға  ерекше ілтипат қалыптастыру.

  • Екіншіден, бала тәрбиесіндегі әкенің жауапкершілігін, тәрбиешілік

мүмкіндіктерін арттыру. Отағасы шаңырақтың қорғаны, асыраушысы, ақылшысы. Сондықтан қазақ әулетінің  ер-азаматты бағалау, пір тұту дәстүрін одан әрі жалғастыру – деп жанұядағы  ата-ана тәрбиесінің маңыздылығын айқындайды.

Адамгершілік салт-дәстүрлерінің  мынандай ерекшеліктері бар. Адамгершілік қоғамдық өмірдің тарихи - әлеуметтік заңдылықтарына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болатын, халықтық игі іс-әрекеттер, мінез-құлықтағы имандылық пен инабаттылықты, әдептілік қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым.

Халық келер ұрпағын өзіне  дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиелік  жақсы дәстүр атаулыны жинақтап пайдалана  отырып, шынайы адамгершілік қасиеттерге  баулып тәрбиелеуді мақсат еткен.

Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі әдістеріне түсіндіруді  жатқызуға болады. Оның құралдары  ретінде мақал-мәтелдер, әңгімелер  мен ертегілер, аңыздар, халық әндері сезім мен санаға ықпалды әсер ету құралдары болып табылады.

Халық пеадгогикасына адамгершілікке тәрбиелеудің аса бай жолдары  белгілі болғанына көз жеткізу  үшін келесі әдістер мен құралдарды атап өтуге болады. Олар: көрсету, үйрету, жаттықтыру, сендіру, өтіну, тиым салу, ант беру, күшейту, сөгіс беру, кінәлау  және т.б.

Адамгершілік қасиеттің  негізі имандылық пен ізеттілікте. Ал ол отбасындағы тәрбиеден басталады. Осыны ұстам тұтқан қазақ халқы  жастарды отбасында кішіпейілдікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді  бірінші міндет деп санаған.

Адамгершілік қасиеттің  өзекті мәселесі – қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық және жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиетінің екі түрлі белгісі ретінде  салыстыра суреттелген.

Бала тәрбиесіне ежелден  ерекше көңіл бөлген халқымыз өздерінің  мақал-мәтел, нақыл сөздерінде адамгершіліктің  асыл белгілері: ар-ұят, ождан сақтау, сыпайыгершілікті, әдептілікті, үлкенді  сыйлауды, достықты уағыздай отырып, осы тамаша қасиеттерге қарама-қарсы адамды аздыратын өтірік, өсек, еріншек сияқты жаман әдеттен сақтандырып бақты [38].

Адамгершіліктің ең жоғары түрі – бауырмалдық, бүкіл адам баласын  бауыр, дос тұту, көпшіл болу.

Қазір тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлер шақ туды. Әрине, бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс  қалып көрген емес. Бірақ бүгінгідей қоғамның аласапыран шағында исі  адам баласын адамгершілік тәрбиеге баулу өте маңызды мәселе болмақ. Өйткені, тәрбиенің негізгі –  іргетасы адамгершілік тәрбиесіне байланысты.

Ал, еңбек салт-дәстүрлеріне келетін болсақ. “Адамды адам еткен - еңбек” , - деп айтқандай, еңбек - өмірдің  тұтқасы, тіршіліктің  көзі. Еңбексіз өмір жоқ [39].

Барлық халықтардың ең озат дәстүрлері еңбек саласында  орын алды. Қашанда ең озықты алып жүруші, ең кереметті жасаушы еңбекші  халық болды. Сондықтан алдыңғы  қатарлы озық дәстүрлерді зерттеу, ең алдымен халықтық еңбек дәстүрлерін  оқып үйренуді білдіреді.

Қазақ халқы:  “Еңбек –  адамның екінші анасы”, “Ердің атын еңбек шығарар” – деген мақал-мәтелдері  арқылы жастарды еңбек сүйгіштікке  тәрбиелесе, “Жалқаудың жаны тәтті”, “Еңбегі аздың өнбегі аз”, “Еңбексіз  өмір – сөнген көмір”, - деген мақалдар арқылы халық еріншектіктің, жалқаулықтың адамды аздырып-тоздыратынына жастардың  көзін жеткізуді мақсат етті.

Қазақ халқы ежелден ер бала мен қыз баланың тәрбиесін  отбасында өзара бөлісіп алған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, аң аулауға, мылтық атып мергендік құруға, қол  өнер шеберлігін үйретуге әкелері мен  аталары үйретсе, ал қыз балаларға  үй сыпыру, төсек жинау, ас пісіру, ою-өрнек  сияқты отбасының ішкі жұмысына үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған.

Еңбекті дәріптеу, жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге етіп ұсыну  “Аяз би” ертегісіндегі Аяз бидің, “Керқұла атты Кендебай” ертегісіндегі  Кендебайдың образдары арқылы берілген. Сонымен бірге ұлттық ойындардың да әсері мол.

Халық педагогикасының бұл  салаларын тиімді пайдалану ізденуге, ізгі іске жауапкершілікпен қарауға  байланысты.

Салт-дәстүрдің тәрбиеге қатысты тағы да бір түрі – ойын-сауық  салт-дәстүрлері. Ойын – тіршіліктің  нышаны, еңбекке бейімделудің белгісі [40]

Қазақ халқы “ойын баласы”  деп, жас баланың ойнауына мүмкіндік  туғызып отырған. Ойынның түрлері  өте көп. Әрбір ойынның тәрбиелік  мақсаттары болады. Мысалы, “асық” ойыны  бағдарлыққа, дәлдікке, мергендікке  үйретеді.

Қазақтың “Ақсерек-Көксерек”, “Ақ сүйек”, “Орамал тастамақ”, “Шілік”, “Арқан тарту”, “Аударыспақ” сияқты ұлттық ойындары қайрат-жігерді, байқмпаздық пен сезімталдықты, “Тоғыз құмалақ” ойыны ойлау қабілетін  арттырады.

Дегенмен де ойынның да орны бар, әркім ойынға, іске, оқуға, тынығуға уақыт бөлу керек. “Асық  ойнаған – азар, доп ойнаған  тозар, бәрінен де мал баққан озар”  деп, халық ойынға шек қоя мақалдайды. Қазіргі кезде ойынды еңбекпен ұштастырып ұйымдастыру тәсілдері қолданыла  бастады. Мысалы, әртістік ойын, “құрылысшы”  т.б. ойындар баланы ойнап, әрі кәсіпке  үйретіп, әрі пайдалы нәтиже шығаруға баулиды.

Ойын – халықтың баланы әдептілікке баулитын тәрбиелік  құралы. Сондықтан әрбір ойынның  мазмұнын, мәнін түсініп, қызыға, әдеппен, тәртіппен ойнау қажет.

Орынсыз ойнай бермей, оқуды  да, тұрмыс-тіршілкті де ойлай білу - әрбір баланың міндеті.

Әсемдік салт-дәстүрлері мынадай  іс-әрекет нормалары мен ерекшеленеді. Әсемдік тәрбиеде халық өнерінің алатын орны ерекше, өйткені өнер халықтікі, оны тудыратын да, бағалайтын да оның өзі.

Әсемдік тәрбиесі – адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай  білуге үйретеді, өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, жақсы мен  жаманды ажырата білуді қалыптастырып, ұсқынсыз, жағымсыз нәрсені танытады [41]

Халық педагогикасындағы  әсемдік тәрбиесінің негізгі  құралы - әдебиет, өнер. Өнер мен әдебиет  адам санасына белгілі көзқарастарды  әртүрлі құралдар арқылы баланың  санасына әсер етіп қалыптастырады.

“Өнерлі өрге бастырады” деп  халық көркем өнерді жоғары бағлайды да, “ақын - елдің еркесі”, “күйші –  қиялды, биші - зиялы” деп өнер адамдарын  ардақтайды.

Сәндік өнерді үйрету, халық  дәстүрінде негізінен, еңбек тәрбиесімен  ұштастырып жүргізіледі. Ішік, тон, шекпен, камзол тігу және оны ою-өрнекпен безендіріп, тігу өнері - әсемдік тәрбиенің нәтижелерін  бейнелейді.

Әсемдік тәрбиенің күрделі  мәселелерін айқындауда біз халықтың жинақтаған педгогикалық білімі мен  тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз қажет.

Тәрбиеге қатысты қазақ  салт-дәстүрлерінің бірі - өнер салт-дәстүрлері. Қазақ халқы - өнерпаз халық. Ойын-сауық, тойда қалыптасқан дәстүр бойынша  өнер көрсетпеген адам қалмайды.

Халық ұлдары мен қыздарын өнерпаздыққа баулу үшін, түрлі ойындарды  ойлап шығарған. Мысалы, “Алтыбақан”  ойыны. “Алтыбақан” ойыны кезінде жастар жиналып, өнер көрсету жарысын өткізеді. Мұндайда жұмбақ айтып, оны шеше білу, жаңылтпаштарды жаңылмай айту ескеріледі.

Өнерпаздық дәстүр көбінесе әулеттік дәстүр болып қалыптасады. Бір отбасындағы барлық адамдар  өнерпаз болып, ол дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып отырады.

“Қыз сыны”, “Жігіт сұлтаны” сияқты сымбат пен өнер жарысында  өнерпаздық дәстүрдің ұлттық мәйектері  сараланып, өнер үшін баға беріледі. Қазақ  қызы әрі сымбатты, әрі нұрлы, әрі  еңбекқор, әрі өнерпаз  болу керек. Қазақ жігіті жігіттің сұлтаны ретінде  өнерден де, ептілік пен күштіліктен  де, сымбаты мен сәні жағынан да елді елең еткізетін ерекше жан болуы  қажет.

Өнерпаздық дәстүрі бойынша  әркім бір ғана өнермен шектеліп қалмауға тиіс.

Ақыл-ой тәрбиесіне келер  болсақ. Қазақтың  халық психологиясы мен педагогикасы баланың пайымдауын қалыптастырып, ойлау жүйесін дамытып, үлгі-өнегелі іс-әрекеттерді үйретіп, кісілігін кемелдендіру арқылы ақыл-ой тәрбиесін іске асырады. Ол үшін халық мақал-мәтелдерді, өнегелі өсиет сөздерді, даналық уағыздарды, ешендік сөздерді пайдаланады.

Жастарға ақыл-ой тәрбиесін  беруде, ой-санасын өрістетуде ауыз әдебиетінің айтыс жанры, оның ішінде әсіресе жұмбақ айтыс ерекше роль атқарған [42].

Ақыл  - ерен еңбектің жемісі. Ақылды адам болу үшін көп үйреніп, көп білу керек.  Білім мен ақыл егіз.

“Алтын шірімейді, ақыл ірімейді”, “Ақыл – дария, алсаң да таусылмас” деп ақылды, есті адамдарды халық  үлгі етіп көрсетіп отырған.

Дене тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер. Қазақ халқының дене тәрбиесіне лайықталған дәстүрлері өте көп. Оларға: атқа отырғызу, күрес, ат жарыс, жаяу жарыс, көкпар, аударыспақ, найзаласу, жамбы ату жатады.

Аударыспақ – ер азаматтың  атқа шауып, күш сынасудағы артықшылығын көрсететін халықтық ойын.

Найзаласу, жамбы ату –  ер жігіттің күш-қуатын арттырып, ептілігі мен мергендігін қалыптастырады.

Қыз қуу – жігіттің жігерлілігін, батылдығын, атбегілік еңбегі мен  өнерін сынайтын дәстүрлік ойын.

Ерлік салт-дәстүрлері. Ерлік  – кісінің қайрат жігерінің, ақыл-ойының, ар-намысының ел қорғаудағы және еңбектегі  жемісті де, жеңісті көрінісі.

Баланы ерлікке тәрбиелеуде  халық ел игілігі болатын еңбекті, ел қорғайтын батырлықты мадақтап, жоғары бағалады [43].

Баланы ерлікке тәрбиелеудің сан алуан тәсілдерінің бірі –  балалар сахнасында ерлік өнегесін, насихаттап көрсету.

Сонымен қатар оқушыларды ұлттық тәрбие, имандылық қасиеттерді  бойына сіңіруге, жақсы мінез-құлыққа  бой ұруға, жаман мінезден аулақ  болуға және әркімнің өзінің мінезін  тәрбиелеу жолдары туралы түсінік  беру қажет.

Сонымен  қорыта келгендегі біздің мақсатымыз халықтық психологиясы мен педагогикадағы тәрбиенің осы түрлерін дұрыс жүргізе отырып еліміздің болашағы жастарды жастайынан жан-жақты дамыған, рухани байлығы мол, моральдық жағынан жаны таза, дене сұлулығы үйлесімді, өнегелі, өнерлі, “сегіз қырлы, бір сырлы” абзал азамат етіп тәрбиелеу.

  Оқушыларды рухани адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Имандылық тәрбиесін беру білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

Қазіргі уақыттағы оқушыларды тәрбиелеу  ісінде олардың ішкі жан дүниесі  мен рухани әлемін тану, дамыту, жетілдіруге  байланысты бірнеше іс-шаралар жүзеге асуда. Халықтық дәстү, рухани мәдениет негізінде баланы рухани адамгершілік, имандылық тәрбиесін дұрыс жолға  қою міндеттерін жүзеге асыру  басты мақсат болатыны белгілі.

Қай заманда болмасын адамзат алдында  тұратын ұлы міндеттің ең бастысы- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын  салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам  қамын ойлау болып табылады. Сол  келешек қоғам иелерін жан-жақты  жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу  біздің қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойлы-пайымды, білімді, мәдениетті, іскер азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере  отырып және оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп  сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға  болады.

Ал жастарды жан-жақты  қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор.

Өзге халықтар сияқты, қазақ  елінің де бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан бергі жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін-жерін сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен  жанына сіңіріп келеді. Адамның жарық  дүниеге келген күнінен бастап, оның есейіп, қартайып, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті  - салт-дәстүрлерден өзекті орын алып, адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі. Өз ұрпағының өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-бабамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін осы уақытқа дейін өлең-жырмен насихаттады.

Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін  тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш-керуеніне ілестіріп  отыру арқылы бүгінгі және болашақ  ұрпақ қамын қамдау өскелең өмір талабы болып отыр.

Информация о работе Салт-дәстүрлер негізінде оқушыларды тәрбиелеудің психологиялық –педагогикалық жолдары