Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 18:49, дипломная работа
Зерттеу пәні: Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларға тәрбие беру барысы.
Зерттеу міндеттері:
• Педагогикалық, психологиялық, философиялық, арнайы немесе әдістемелік әдебиеттерді зерделеу.
• Қазақ салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашу.
• Оқу процесінде қазақ салт-дәстүрлерінің пайдалану барысын айқындау.
Кіріспе..................................................................................................................4
1. Бөлім Салт-дәстүрлер негізінде оқушыларды тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық мәселелері………………………..10
1.1. Оқушыларға салт-дәстүрлер негізінде тәрбие берудің теориялық негіздері……………………………………………………………………10
1.2. Қазақтың салт-дәстүрлері негізінде оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу мүмкіндіктері мен педагогикалық –психологиялық шарттары……….23
2. Бөлім Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің мазмұны, формасы және әдіс-тәсілдері…………….45
2.1. Қазақ салт-дәстүрлерінің материалдарын қолдану арқылы оқушыларға имандылық тәрбие берудің психологиялық ерекшеліктері…………………45
2.2 Қазақ салт-дәстүрлері бойынша тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру барысында оқушыларға тәрбие берудің бағдарламасы мен әдістемесі……..57
Қорытынды………………………………………………………………...66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………68
Ғылыми-педагогикалық
Салт-дәстүрлер жеке адамға қатысты немесе көпшілікке қатысты болып келеді.
Салт-дәстүрлердің мынандай негізгі сипатына қарап ерекшеленеді.
Салт-дәстүр дегеніміз – ұжымдық символдық іс-қимыл, адамдардың көңіл қошының көрінісі, оларды ұжымға тартудың бір түрі, белгілі идеялар мен ойын-сауықтарды символдық түрде ұсыну [31].
Қорытындылай келе, қазақ салт-дәстүрлері бүгінгі күнде арнайы зерттеуді қажет ететін мәселе екендігіне көз жеткіземіз. Ол үшін мынандай міндеттерді шешу қажеттігі туып отыр.
Ұлттың бүгіні де, болашағы
да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Толық
жетіліп қалыптасқан ұлттың сана-қабілетінде,
түсінік-талғамында, мінез-құлқында, өзіне
тән ерекшелік менталитеті
Дұрысы, оны ұлтымыздың өзек-мәйегі, ұлттық ерекшелігіміздідің негізі деп қарастырсақ жөн болмақ. Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргіміндеттердің бірі. Имандылық, ізгілік, адамгершілік, елжандылық және де толып жатқан кісілік қасиеттер мектеп қабырғасында қалыптасады. Бұлар арқылы оқушыны алға талпындыруға, Отанды сүюге, ата-аналарға, үлкендерге дегенг кішіпейілділікті бойына сіңіруге, салауатты өмір сүруге, залалды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеуге тиіспіз.
Сонымен бірге “дәстүрдің озығы бар, дәурені жеткен тозығы бар” дегендей, “жылтырағанның бәрі алтын емес”. Қазіргі заман талабына тура келмейтін, мән-мағынасы өзгерген, ескірген салт-дәстүрлердің кейбіреулеріне сын көзімен қарап, тәлімдік мәнін жоймаған салт-дәстүрлерді бүгінгі талғамы мен пікірі жоғары жастардың кәдесіне жарату қажет.
1.2. Қазақтың салт-дәстүрлері
негізінде оқушыларды
Қоғамның қазіргі даму
кезеңінде болып жатқан әлеуметтік,
саяси және жаңа технологиялық өзгерістерден,
ұрпақ тәрбиесіндегі
Әр жасөспірімнің қалыптасып дамуына өзі күнбе-күн өмірден сезінетін, еститін, көретін заттары мен құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Соның негізгісі – халықтық педагогикасы мен психологиясы.
Қазіргі кезде республикамыздағы
жалпы білім беретін
Бұл мәселелерді қарастыратын – халықтық психология және педагогіка.
Бүкіл халық ұстанатын тәлім – тәрбиелік нормаларды жан жүйесі тұрғысынан баяндау – барлық адамзатқа ортақ халықтық психологияның зерттеу нысанасы болып табылады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт – сана, әдет – ғұрып ұрпақтан ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл – ой, эстетикалық, еңбек, ден, т.б. тәрбие түрлеріне қатысты таптауырынды нормалар мен принциптер, яғни белгілі бір этностың , жалпы мінез – құлқы, іс – әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психология – психика мен мінез – құлықтың қанға «сіңген», тез өзгеріп, не не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі. Халықтық психология – адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі. Бұл – адам мінез – құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім – білімдердің жүйесі. Әйтсе де, бұлар арнайы ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, жеке тұлғамен этнос психологиясын ажыратуға жөнді жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек ғылыми психологияның деректеріне сүйенеміз. Халықтық психологияның теориялық мәселелрін зерттеумен этнографиямен астарласа дамыған этнопсихология атты ғылым саласышұғылданады. Этнопсихология – әрбір халықтың рухани әрекетін (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет – ғұрып, діл, дін, т.б), жемісін сол халықтың психологиясын, сана – сезімін көрсететін негізгі өлшемдер деп есептейді. Этнопсихология жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінірек Батыс Еуропа елдерінде (Лацарус, Штейнталь, Вундт, т.б) пайда болды [32,33,34]. Қазақ топырағында бұл мәселемен көбірек айналысқан Шоқан Уәлиханов еді. Оның еңбектерінде халық рухы дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны халықтық психология ұғымының синонимі деуге болады. Бұдан біртуар ғұлама ғалымның еуропалық этнопсихологтардың еңбектерінен біршама хабардар болғаны байқалады. Этнопсихология зертттейтін проблемалар (этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дәстүр, салт, т.б.) сан алуан.
Осы жәйтті жақсы аңғарған
Н. Назарбаев былай дейді: «Менің
ойымша, қазақтардың қайталанбас
этикалық, психологиялық әлемі әлі
жете зерттелмей, зердленбей жатқан тылсым
дүние» [35].
Ғасырлар бойы көшіп – қонып жүрген халық
өзі өмір сүрген ортаның әлеуметтік –
экономикалық жағдайларына, мәдениеті
мен тарихына, табиғатына орайлас жас
буынға тәлім – тәрбие берудің айырықша
талап – тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен,
бұлар жас адамның жұртқа танымал моральдық
– психологиялық нормасын «сегіз қырлы,
бір сырлы» делінетін қанатты нақыл сөздермен
қисындады. Осынау аталы сөздің мән –
мағынасы мыналар еді: көшпелі мал шаруашылығын
жете игенрі; еңбек сүйгіштікпен қиыншылыққа
төзе білу; жаудан беті қайтпау; сөз асылын
қастерлеу; тапқырлық пен алғырлық, ат
құлағында ойнау; ата салтын бұзбау (жасы
үленді сыйлау, құдайы қонақтың меселін
қайтармау, көрші хақын жемеу, т.б). Көшпелі
өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа
төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына
тез икемделгіш болумен бірге, жан – жүйесі
жағынан да жан – жақты жетілген, кемел
адамдарды қалыптастырды. Үйде де, түзде
де бала ес білгеннен бастап із кесіп,
жол қарап, жұлдыз санап өсті. Олардың
көзі қырағы, құлағы сақ, қияндағыны шалатын
болды. Аң аулап, мал бағып, күнделікті
күйбең тіршлікпен жүрсе де жас өскін
ақынның сөзін, жыраудың жырын, әншінің
әні мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел
аузындағы ұғымды мақал мен мәтінді, ертек
пен жұмбақты, терме мен шежірені жадында
сақтап, халық даналығын өзіне рухани
азық етіп отырды. Әрдайым көшіп – қонуға
дайын отырған қазақтар үшін аң – құс
аулау, мал күзету, жау түсіру – тұрмыстың
дағдалы машығына айналды. Әрбір көшпенді
әрі жауынгер, әрі малшы, әрі шаңырақ иесі
болып санлады. Осы айтақанымыздың дәлелі
болып табылатын кейіннен мақал болып
кеткен «өнерді үйрен де, жирен», «Жігітке
жетпіс өнер де аз», «Шебердің қолы ортақ»,
«Жауда жүрсе ат ойнатқан батырым, үйде
жүрсе, құрт қайнатқам батырым» сияқты
бесаспап адамның психологиясы жайлы
қанатты сөздер біздің заманымызға дейін
жетті [36]. Көшпелі қауым бірін – бірі жақсы
білді, әр адамның қадір – қасиеті, оның
жасына, жол – жоралғысына, әлеуметтік
ортадан алатын орнына қарай белгіленіп
отрырады. Мұндай қауымдастық адамаралық
қатынастарды қаршадайдан көріп өскен
бала да өсе, ер жете келе ортақ мүдделілікті,
көзқарас сәйкестілігін, кісілік белгісін
түсініп, жеке бастың өзіне бұра тартуына
мүмкіндік бермеді. Психологиялық тұрғыдан
«бірауызды» болып қауымдасқан жандар
үнемі өздерінің рулық одағына етене сіңіскен
салттар мен дәстүрлерді ұстанды. Осыған
орай көшпелі тұрмыс тәліміне лайықталаған
бата беру, ант ішіп ақталу, айтысқа, дау
– дамайға төрелік айту сияқты этностық
таптауырындар (стереотип) кең әріс алды.
Әриен, осы топтық санамен бірге әркімнің
жеке басының әлеуметтік және биосфералық
факторларға орайлас жеке – дара, жас,
жыныс ерекшеліктерінің де болатындығы
еске алынды. Мәселен, көшпелі халық қыз
баланы ерекше қадірлеп, қастерлеп, әлпештеді.
Оны әдемлік пен әдептіліктің, сұлулық
пен. Іңкәрліктің символы деп, ал мінезі
жайсаң, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт»
дейтін болды.
Қоғам өмірінде қазіргі кезде жүріп жатқан
терең саяси – экономикалық өзгерістер
халқымыдың баға жетпес рухани байлықтары:
тіл мен ділі, діні мен тарихы, өнері мен
әдебиеті, табиғи ортасы, күн көрісі мен
шаруашылығына (қолөнері, киім – кешегі,
ою – өрнегі, әуез аспаптары, үй жиһазы,
т.б.) байланысты небір асылдарды, қысқасы,
ұлттың бүкіл болмыс – бітімін (менталитетін)
жаңартып, жаңа мазмұнмен байытуда. Әриен,
еліміз бен жеріміздің түпкілікті иегері
– қазіргі қазақтардың психологиясында
осы этносқа ғана тән біртұтас ұлттық
ерекшелік бар деп айту қиын, өйткені,
қазақ этносының қазіргі бүкіл тыныс –
тіршлігінде, от басындағы әдет – ғұрпы
мен салт – дәстүр, жөн – жосық, жол –
жоралғысында кең байтақ өлкемізді біраздан
бері мекен етіп келе жатқан басқа этностар
мінездерінің элементтері де көрініс
беріп жүр. Десе де, бәз біреулер айтып
жүргендей, біз жылқы мінезділіктен айырылған,
«қой мінезді» момын, жуас, намысы жаншылған
халықемеспіз. Жеріміздің ұланғайыр кеңдігімен,
мұндағы табиғат сұлулығының әсерінен
ғасырлар бойы қалыптасқан дархан, жомарттық,
адамға деген мейірімдлік пен өнерпаздық,
қазақ биосферасының өзіндік ерекшелігінен
туындаған асқан қонақжайлылық, жойқвн
соғыс пен қуғын – сүргінге ұшырау салдарынан
тірнектеп жинаған рухани мұраны өсер
ұрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан
балажандық, үнемі мал шаруашылығымен
айналысудан қанымызға сіңген малжандылық,
ешуақытта басқа жұрттың жеріне көз алартпаған
бейбітшілік саясат, өзі тиген дұшпанның
қабырғасын қақсатқан көзсіз батырлық,
«мың өліп, мың тірілген» кездердегі керемет
шыдамдылық пен барға қанағатшылдық –
біздің ұлттық мінезіміздің жоталы бітістері,
халқымыздың ұлттық мақтанышы.
«Бұрынғы уақытта - деп жазды Ж. Аймауытов,
«Қазақтың өзгеше мінездері» деген мақаласында;
- қазақ еліұйымшыл, ері жауынгер, биі әділ,
намысқор, адамы ірі, бітімді, қайратты,
сайықшыл ел болған екен. Досымен достасып,
жауымен жауласуға табанды, қайғыра да,
қуана да білгетін халық екен» [37]. Әрине,
патшалық отарлау мен большевиктік империялық
саясат тудырған ұнамсыз қасиеттердің
біразы бізде қазір де баршылық. Қанымызға
әбден «сіңіп» жағымпаздық пен жалтақтық,
даңғазалық пен күншілдік, арызқойлық
пен жалақорлық, бойкүездік пен салғырттық,
жалқаулық пен шалағайлық, т.б. Осы секілді
келеңсіз қасиеттер әлі күнге дейін алдымызға
оралып, заман талабына бейімделуге бөгет
болып отыр. Әсіресе, Кеңес өкіметі жылдарында
ұлттық мінезімізге дінсіздік, спирттік
ішімдікке әуестік, келеңсіз тіршілікке
құмарлық, бақталастық, т.б. (бұлар бұрын
– соңды қазақтың түсіне де кірмеген мерез
қасиеттер еді) осы сияқты жағымсыз қасиеттер
келіп қосылды. Бізде бұдан басқа еліктеп
– солықтаулар (батысшылдық, ермелік,
еліктеушілік, желөкпелік, т.б.) жетіп артылады.
Бұл жәйт еңсемізді көтертпей, құлдық
психологияның шырмауынан шығуға кесірін
тигізіп – ақ келе жатқанын естен шығармауымыз
қажет.
Қазапқ тхалқы сонау есте жоқ заманнан
өзінің қадір – қасиеттерін қызғыштай
қоғап, көздің қарашығындай сақтап, бұған
шаң жуытпай, өз ұрпағын ауыздандарып
келген ел. Сондықтан да қазіргі ұрпақ
осынау ұлттық қасиеттерімізді ерекше
қастерлеп, мақтан тұтып, жас өскіндер
осы рухта тәрбиеленуге тиіс.
Халықтық педагогика – халықтың өте ертедегі ата-бабаларымыздың өмір сүрген кезінен бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұрасының бірі. Халықтық педагогиканың бірнеше түрлері мен бағыттары бар.
Ғылыми әдебиеттерге үңілсек,
халықтық педагогикада өскелең ұрпақтың
еркіне, сезіміне, санасына әсер теудің
толып жатқан мүмкіндіктері бар
екен. Мәселен, көрсету, сенім, сыйыну,
игілік тілеу, жаттығу, үйрету, бата беру,
тілек айту, сәлем беру, тыйым
салу, өсиет, сөгу, үгіттеу, мазақ қылу,
сөз беру, айыптау, кіналау т.б. Олардың
көпшілігі классикалық
Кесте3. Қазақ халықтық педагогикасының құралдары
№ |
Қазақ халықтық педагогикасының құралдары |
Мазмұндық қыры |
Тәрбиелік мәні |
1 |
Халықтың ауызша шығармашылығы |
Фольклорлық жанрлардың халықтың сан ғасырлық әдептілік тәжірибесін, оның эстетикалық ұғымдары мен мұраттарын жинақтаған күрделі жүйесі. Халықтың ауызша шығармашылығы қазақ халқының тарихы өмірінің түрлі оқиғаларын бейнелейді. Халықтың ауызша шығармашылығына мақалдар мен мәтелдер, айтыс, ертегілер, аңыздар, жырлар, дастандар, хикаялар, әндер, т.б. жатады. |
Халық ауызша шығармашылығы бойында өз халқына барынша берілгендік, Отанға сүйіспеншілік, оны қорғауға әзірлік, еңбексүйгіштік, ақыл, дене күші мен сергектіктігі, жақсы көру және әдемілікті жасай білу ұштасқан жетік адамның жиынтық үлгісін ұсынады. |
2 |
Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар
|
„Традиция” (дәстүр) латын тілінен аударғанда „ауысып беру”дегенді білдіреді. Бұл белгілі бір қоғамдық қағидалар, мінез-құлық ережелері, құндылықтар, идеялар, әдет-ғұрыптар, жол-жоралар т.б. Мәдени мұраның бөлшегі ретінде олар ұзақ уақыт бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. |
Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптартөмірді философиялық тұрғыдан пайымдауға жәрдемдеседі, сананы алдыңғы ұрпаққа құрметті қалыптастырады, жалпы адмзаттық, рухани-адамгершілік құндылықтарға жол сілтейді. Олар қоғамдағы мінез-құлықтың әдептілік ережелерін меңгеруге көмектеседі. |
3 |
Халықтық мейрамдар мен |
Ұлттық мейрамдар мұсылман дінінің ерекшеліктері болып табылады. Оларға мыналар жатады: Ораза айт, Құрбан айт, Наурыз, Ләйләт әл-қадр, Мирадж және басқалары. Адамдар жан тыныштығын мазалағанның бәрінен арылып, барлық туған-туыстары мен жақындарын еске алуы, қызғаныш, ашу-ызаны жүрегінен аластауы қажет. |
Жеке тұлғаның адамгершілік тазаруы,
сезім-жүйке саласының |
4 |
Ұлттық ойындар |
Ұлттық ойындар көшпелілердің дүниетаным ерекшеліктерін бейнелеген. Ойындар тәрбиелік, әскери-спорттық, әдет-ғұрыптық, сауықтық-эстетикалық және басқа қоғамдық қызмет атқарған. Ұлттық ойындар арасынан тоғызқұмалақты, аламан бәйгені, сайысты, аударыспақты, көкпар тартуды, қазақша күресті, т.б. атауға болады. |
Ойындар арқылы адамның дене және ақыл-ой қабілеттері қалыптасқан. Ерік-жігер сапалары шыңдалған. |
5 |
Қазақ халқының тұрмысы: тұрған үй, ыдыс-аяқ және үй жарақтары, киім-кешек, қазақтың ұлттық тағамдары |
Қазақ халқының тұрмысы оның жан
дүниесін, тарихын, әдет-ғұрыптары мен
дәстүрлерін айна-қатесіз |
Жеке тұлғаның сапалары: ашық-жарқындық, қонақжайлық, еңбексүйгіштік, т.б. |
Халықтық педагогикаға берілген
анықтамалардан, оның факторлары мен
негізгі бағыттарын схема түрінде
көрсетуге болады. Халықтық педагогиканың
негізгі бағыттары мен
Халықтық педагогиканы ауызға
алғнада ең бірінші салт-дәстүрлер,
әдет-ғұрыптар еске түседі. Яғни, халықтық
педагогиканың негізгі көзі-
Салт-дәстүрді тәрбие түрлеріне байланысты мынандай топтарға жіктеп қарастыруға болады:
Халықтық педагогикадағы тәрбиенің осы түрлеріне жеке-жеке тоқталайық. Себебі, оның әрқайсысының өзіндік атқаратын рөлі бар.
Отбасындағы салт-дүстүрлер болсын, адамгершілік салт-дәстүрлері болсын, еңбек салт-дәстүрлері болсын, өнер салт-дәстүрлері, дене тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер болсын барлығының да басты атқаратын қызметі жан-жақты жетілген, өз ойын ашық айта алатын, дені сау, еліміздің
болашағын ойлайтын ойлы, іскер, еңбекқор, білімді азамат етіп тәрбиелеу.
Отбасындағы салт-дәстүрлерге келетін болсақ. Бірінші отбасы дегеніміз не соған тоқталайық.
Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста болатын немерелер, ата-ана, ата-әже, балалар. Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана.
Отбасының қос шынары атасы және аналардың анасы - әже. Ата-береке, мейірім, даналықтың қайнар көзі, ата салтын алға апарушыларға үлгі беретін қадірлі қария. Сондықтан да отбасында әке мен ананы, ата менен әжені сыйлауға, құрметтеуге көп көңіл бөлінеді.