Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 18:49, дипломная работа
Зерттеу пәні: Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларға тәрбие беру барысы.
Зерттеу міндеттері:
• Педагогикалық, психологиялық, философиялық, арнайы немесе әдістемелік әдебиеттерді зерделеу.
• Қазақ салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашу.
• Оқу процесінде қазақ салт-дәстүрлерінің пайдалану барысын айқындау.
Кіріспе..................................................................................................................4
1. Бөлім Салт-дәстүрлер негізінде оқушыларды тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық мәселелері………………………..10
1.1. Оқушыларға салт-дәстүрлер негізінде тәрбие берудің теориялық негіздері……………………………………………………………………10
1.2. Қазақтың салт-дәстүрлері негізінде оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу мүмкіндіктері мен педагогикалық –психологиялық шарттары……….23
2. Бөлім Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің мазмұны, формасы және әдіс-тәсілдері…………….45
2.1. Қазақ салт-дәстүрлерінің материалдарын қолдану арқылы оқушыларға имандылық тәрбие берудің психологиялық ерекшеліктері…………………45
2.2 Қазақ салт-дәстүрлері бойынша тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру барысында оқушыларға тәрбие берудің бағдарламасы мен әдістемесі……..57
Қорытынды………………………………………………………………...66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………68
А) өзгермелі және үнемі
даму үстінде болатын қарым-
Ә) адамдар қарым-қатынасын ретке келтіру қызметі;
Б) адамдардың біріккен іс-әрекетін ұйымдастыру қызметі;
В) әлеуметтік тәжірибені сақтау және келесі ұрпаққа жеткізетін қызметі;
Г) адамдарды әлеуметтендіру қызметі;
Д) тәрбиелік қызметі.
Дәстүрлердің қызметін талдай
келе олардың қоғам дамуындағы рухани
және материалдық өміріндегі алатын
орны, адамның дүниетанымына
Бұдан шығатын пікір ұлттық
салт-дәстүрлер белгілі бір
Иман ұғымына келер болсақ, Ислам энциклопедиясында: „Иман – сенім, мұсылман дінінің құрамдас бөлігі. Иман ұғымы – исламдағы ең қасиетті нанымдардың бірі.” – деп анықтама береді [24].
Қазақстан ұлттық энциклопедиясында:
„Имандылық” – адамның
„Иман” – арабша „сенім” деген мағынаны білдіреді.
„Иман” дегеніміз – иланған көңілмен ықтияр болушылық” делінген ислам дінінде. Иман дегеніміз – сенім. Имансыз сөзі – сенімі жоқ дегенді білдіріп, мұсылмандарда, соның ішінде біздің түбі бір, діні бір бауырлас халықтарымызда ар-ұяттан ада, азғын мағынасын береді. Шынында да, ешнәрсеге сенбейтін, яғни сиынбайтын, ешбір шарапаттылықты, ізгілікті мойындамайтын адамнан асқан азғын, қауіпті нәрсе бола ма.
Ал осы имандылық қасиеттерді жастардың бойына біз қазақ халқының салт-дәстүрлері негізінде сіңіруіміз керек.
Бүгінгі күнге дейін келіп жеткен қазақ салт-дәстүрлерінен өнегелік қасиеттер, ғұрпы, әдет, жөн, жоралғы т.б. қазақ халқының асқан даналығы мен ғажайып зердесі, ақыл-парасаты анық көрінеді.
Жас ұрпақ тәрбиесінде
таптырмас тәрбие құралы болып саналатын
қазақ этнопедагогикасының
Бұл жөнінде Ш.Уәлиханұлы былай деп жазады: “Далалық орданың тұрғыны – қазақ өзінің моральдық қасиеті, ақыл-ой қабілеті жөнінен отырықшы татар немесе түркі шаруаларына қарағанда әлдеқайда жоғары тұр…” [26]. Халық қазынасының қайнар бұлағымен сусындап өскен, халқымыздың дана перзенті Абайдың шығармасы инабаттылыққа, имандылық пен ізгілікке тәрбиелейді.
Олай болса, адамгершілігі
мол, иманды азамат тәрбиелеу ісінде
Абай еңбектері теңдесі жоқ
Адам баласының бойындағы әділеттілік, мейірімділік, рақымдылық, жомарттық тәрізді адамгершілік қасиеттерді басты орынға қоя білді. „Толық адам” тәрбиелеуде Абай жастарды оқу-білімге шақыра отырып, білімді де жан-жақты, саналы, ақылды, парасатты кеудесінде жастық қуаты тасып тұрған қайратты жастың жүрегі ізгі қасиеттерге толы болсын дейді. Абай сомдаған „толық адам” немесе жүрек тәрбиесі туралы ой қозғауы – қазақ халқының ертеден келе жатқан ұлттық тәрбие ойларын, халық даналығынан бастау алған [27].
Халық мұрасының қыр-сырын жақсы білген Абай - өзінің шығармаларында халықтың мақал-мәтелдерін, нақыл сөздерін, салт-дәстүрлерін орынды пайдалана отырып, адам бойындағы надандық пен зұлымдыққа, жалқаулық пен менмендікке қарсы шыға білді.
Абайдың 13 қара сөзінде: «Иман деген – алла табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәсәлләм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанмақ. Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек. Әуелі – не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел – испат қыларға жараса, мұны якини иман десе керек. Екіншісі – кітаптан оқу бірлән яки молдалардан есту бірлән иман келтіріп, сол иман келтірген нәрсесіне соншалық берік боларға керек. Біреу өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де, соған айнып, көңілі қозғалмастай берік болу керек. Бұл иманды иман таклиди дейміз», - деп жазады [28].
Ағартушы-демократ Абай шығармаларынң құндылығы – халық қазынасының озығын ақылды да әдепті, жан-жақты жетілген, адамгершілігі мол азамат тәрбиелеуде таптырмас тәрбие құралы.
Олай болса, қазақтың ақыл-ой
дамуының деңгейін көрсететін, болмысының
өзіндік бейнесі болатын рухани
жеңіл материалдық мұраны өзіне
біріктіре алған қазақ салт-
Қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлерін топтауға болады. Кейбір авторлар, (С.Қалиев және т.б.) оларды үш үлкен топқа бөледі:
Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелік дәстүрлерден (шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет тойы т.б.) бастап қыз бала мен ұл баланы келешек отбасы-жанұя құруға, шаруашылыққа, өмірге, еңбекке бейімдеуге арналған азаматтық жөн-жоралғылар кіреді.
Ал тұрмыс-салт дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, киіз үйдің жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылыққа қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді.
Сондай-ақ әлеуметтік мәдени
салт-дәстүрлерге: қазақ ауылы, ауыл
адамдарының туыстық қарым-
Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлердің мынандай ерекшеліктері бар. Жұбайлар отбасын құрған соң, олар баласы болуын арман етеді. Себебі, бала өмірдің жалғасы.
Жас келіннің бойына бала біткенін сезген ене оны өз қамқорлығына алып, пәле-жаладан, тіл-көзден сақтаудың шарасын істей бастайды. Абысын-ажын, ауыл әйелдерін жинап, “құрсақ тойын” өткізеді. Оған жиналған әйелдер шашуларын әкеп шашып, келінге бата-тілектерін білдіріседі.
Дүниеге жаңа келген жас нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-той, салтанатты жиындар мен рәсімдер көп. Соның ең алғашқысы – жарыс қазан. Жарыс қазан атанатыны – мұндайда аяу, ірку деген болмайды. Бұл дәм – перзент ас піскенге дейін немесе астың пісуімен қоса тусын деген ниетпен жасалған.
Нәрестенің дүниеге келген
құрметіне арналатын салт-
Сүйінші. Жас нәрестенің, әсіресе ұл баланың өмірге келуі отбасы мүшелеріне үлкен қуаныш әкелген. Жас нәресте дүниеге келсе, қуанышты хабарды тез жеткізу үшін сүйінші сұрайтын болған.
Балаға ат қою. Бала туғаннан
кейін қырық күн өткен соң
ел ішіндегі аузы дуалы қарияға немесе
баланың атасына, әжесіне немересінің
атын қойғызады. Кейде “Қырықтың
бірі қыдыр” деп құдайы қонаққа
да баланың атын қойғызады. Адамға ат
қоюдың себептері алуан түрлі
тілек мақсаттарға орайлас
Бесік. Қазақ баласын ағаш бесікке салып асырайды. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы. Бала бөлеген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабады. Бесікке салғандарға бірнеше білезік, сақина, жүзік үлестіреді.
Бесік той. Бала қырқынан шыққан соң атасы мен әжесі немесе әке-шешесі ауыл-аймақты жинап, баланың қарын шашын алып, бесікке салу тойын жасайды.
Бесікте бала емшектен шыққанша жатады. Ит көйлегі тозып, еңбектеп жүре бастаған кезде баланы бесіктен мүлде шығарады.
Бесікті қазақтың құрмет тұтуы сонша, кейде атасы жатқан бесікке немерелері жатады.
Енді тұсау кесерге келетін болсақ. “Қаз баса ғой қарағым
Тұсау кесетін адамды үй иесі өзі қалап алады. Тұсауға кезінде қойдың тоқ ішегін пайдаланса, қазірде жіңішке ала жіпті байлап жүр. Тұсау кескен адамға үй иесі көйлек кигізіп, сый-сияпат жасаған.
Атқа мінгізу тойы. Бала 4,5-5-ке толғанша әке-шешесі ұл балаға арнайы ат, ертоқым даярлайды.
Ел жиналғаннан кейін баланың өзіне арналған құнанына ер салып, баланы киіндіріп, атқа отырғызып жетектеген.
Қазақ баласы қарашадайынан атқа мініп шабуды, 5-6 жасынан бастап қозы, лақ қайыруды үйренген.
Сүндет той. Сүндетке отырғызу U II-UIII ғасырларда араб елдерінен шығып, бүкіл мұсылман жұртына тараған. Сүндетке отырғызу мұсылмандықтың белгісі болып саналған. Баланы сүндетке 5,7 немесе 9 жасында отырғызған.
Балаға ата тегін үйрету. Балаға 7-9 жасында әкесінен бастап ағайын-туысты, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыру, ата-тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген. “Жеті атасын білу” заң болған. Ер жігіттің үш жұрты бар, оның шығу тарихын, тегін білу әр азаматқа парыз деп ұққан. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, елі-жұрты үшін еткен еңбегі, өнегелі істері жайын да әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көзделген.
Тұрмыс салт-дәстүрлеріне мынадай іс-әрекет нормалары кіреді. Мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы киіз үй болған. Ол тез жығып, түйеге артып жүруге, шапшаң тігуге ыңғайлы.
Қазақтың киіз үйі сыртқы жабысына қарай: “үзікті”, “көтерме туырлықты”, сүйегінің уақ-ірілігіне қарай: 4 қанат, 6 қанат, 8 қанат, 12 қанат, 18 қанат болып бөлінеді.
Киіз үйдің сүйегі дегеніміз, ол – кереге, сықырлауық, уық, шаңырақ. Киіз үйдің сыртқы әбзелдері: туырлық, үзік, түңдік күн сәулесі мен тамшы өткізбеу, жылу сақтау қызметін атқарады.
Қазақтың киіз үйіне лайықталынып жасалған үй жиһаздары болған. Олар: кебеже, абдыра, кереует, жастық, ағаш, жүк аяқ, түс киіз, кілем, алаша, текемет, сырмақ, бірсалар, тулақ, құрақ, көрпеше, жер жастық.
Қазақтың тұрмыс-салт дәстүрлеріне: зергерлік өнер, дастархан мәзірі, төрт түлік малды бағу, аң аулау кіреді.
Әлеуметтік – мәдени салт-дәстүрлер мынандай іс-әрекет түрлерімен ерекшеленеді. Әлеуметтік – мәдени салт-дәстүрлер қоғамдық сана, қоғамдық болмыспен тығыз байланысты, бір-біріне зор әсерін тигізеді. Әлеуметтік -–мәдени салт дәстүрлерге: шешендік өнер, қазақтың музыкалық аспаптары, үй болуға байланысты салт-дәстүрлер, ұлттық ойындар, қонақ күту, мейрамдар, жерлеу және ас беру рәсімдері жатады.
Философия ғылымының докторы, профессор Н.Сәрсенбаев өзінің “Әдет-ғұрып, дәстүр және қоғамдық өмір” атты еңбегінде әдет-ғұрып, дәстүрдің қоғамдық өмірден алатын орнына, атқаратын қызметіне философиялық тұрғыдан талдау жасап: “Дәстүрге әдет-ғұрыптың өткен қоғамнан қалған озық түрлері мен тұрмыстық формалары, ырым-жоралары, рәсімдер жиынтығы кіреді ”, - дейді [30].
Дәстүр – тарихи тұрақтанған,
қоғамдық қарым-қатынастың нормада
бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып
жататын, көпшілік қоғам мүшелеріне
ортақ әдет-ғұрыптардың
Әдет-ғұрып – рәсім арқылы көрсетілетін әрекет, қимыл. Ол да көпшілікке ортақ іс-әрекеттен көрініс береді. Ал жол-жоралар, ырымдар - Әдет-ғұрыптың бөлшектері, сонан келіп салт пен дәстүр тоғысып туындайды.
Біздің пікірімізше, ырым, рәсімдер, жол-жоралар салттың құрамдас бөлшектері болып саналады да, дәстүр осылардың сұрыпталып, өмір өткелінен өтіп, тұрмыста орын алған синтездік формасы демекпіз. Ал әдет-ғұрыпқа салттың синонимі деп қарау керек.
Салт-дәстүрлер бір жағынан
халықтың тұрмыс-тіршілігімен байланыста
туған этнографиялық құбылыс
болып саналса, екінші жағынан ұрпақ
тәрбиесінің ритуалы болып
Қазақтың салт-дәстүрлерінің құрылымына келетін болсақ. Салт пен дәстүр ең негізгі басты бөлігі болып табылады. Соның ішінде, салтқа: ырым, жол-жора, кәделер кіреді. Олардың өзі: баланы күтумен байланысты, құда түсу, ќыз ұзату, келін түсіру, өлікті жөнелту, ұлттық тағамдар дайындаумен, қонақ күтумен, көшіп-қонумен байланысты.
Осы құрылымдарын негізге ала отырып, біз қазақ салт-дәстүрлерінің құрылымының схемасын ұсынамыз.
Кесте 2. Қазақтың салт-дәстүрлерінің құрылымы