Салт-дәстүрлер негізінде оқушыларды тәрбиелеудің психологиялық –педагогикалық жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 18:49, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу пәні: Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларға тәрбие беру барысы.
Зерттеу міндеттері:
• Педагогикалық, психологиялық, философиялық, арнайы немесе әдістемелік әдебиеттерді зерделеу.
• Қазақ салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашу.
• Оқу процесінде қазақ салт-дәстүрлерінің пайдалану барысын айқындау.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................4
1. Бөлім Салт-дәстүрлер негізінде оқушыларды тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық мәселелері………………………..10
1.1. Оқушыларға салт-дәстүрлер негізінде тәрбие берудің теориялық негіздері……………………………………………………………………10
1.2. Қазақтың салт-дәстүрлері негізінде оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу мүмкіндіктері мен педагогикалық –психологиялық шарттары……….23
2. Бөлім Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің мазмұны, формасы және әдіс-тәсілдері…………….45
2.1. Қазақ салт-дәстүрлерінің материалдарын қолдану арқылы оқушыларға имандылық тәрбие берудің психологиялық ерекшеліктері…………………45
2.2 Қазақ салт-дәстүрлері бойынша тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру барысында оқушыларға тәрбие берудің бағдарламасы мен әдістемесі……..57
Қорытынды………………………………………………………………...66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………68

Прикрепленные файлы: 1 файл

АбдырахмановаСымбатАбиловнадАААА.docx

— 156.06 Кб (Скачать документ)

Өкінішке орай, ұзақ жылдар ұлттық салт-дәстүрді аяқ асты ету, ана тілі мен ұлт мәдениетіне  менсінбей қарайтындардың көбеюі, сонымен  қатар кісі өлтіріп, үй тонап, бас  еркінен айрылып, еңбек түзеу  колонияларында отырғандардың көпшілігінің жастар болуы ұлттық тәлім-тәрбиенің  мектептер мен арнайы оқу орындарында  пәрменді түрде жүргізілмеуінен  туындаған сорақы, жат көріністер еді.

Осы тәрбиенің дәстүрмен  тығыз байланысын тұңғыш қарастырушы  К.Д.Ушинский болды [44]. Ол өз еңбектерінде тәрбиенің халықтық сипатына  және тәрбиедегі адамгершілік мәселелеріне көңіл бөле отырып “тәрбие көзі – халықтық педагогика” деген тұжырымға келген. Осы идеяны қазақ жерінде жалғастырушы педагог Ы.Алтынсарин [45]. Ол қазақтың қыз ұзату, бесікке салу дәстүрлерін арнайы зерттей отырып халықтық тәрбиенің өзегі ұлттық салт-дәстүр екендігін көрсетеді.

Салт-дәстүр халықтың белгілі  бір әдет-ғұрыптарымен байланысты туады. Мысалы, бала тәрбиесімен байланысты: шілдехана өткізу, тұсау кесу, атқа мінгізу тойлары; үй болумен байланысты: құда түсу, есік-төр көрсету, ұрын келу, жасау беру т.б. салт-дәстүрлер, кәде-ырымдар  қазақ халқында ежелден сақталған. Міне, осының бәрі өміршең ұлттық тәрбие.

Осылардың ішінде бесік жырының  тәрбиелік мәніне  келер болсақ. Тұрмыс салт әуендерімен айтылатын  бесік жыры бөбекті жұбату үшін ғана шығарылған емес.

Біріншіден, бесік жырының  ырғағы тәрбиесіне сәйкес келетін сабырлы  екпінде айтылатын қоңыржай әуен бөбектің сезім мүшелері арқылы оған сүйкімді әсер етіп, жан жүйесін  жадыратады.

 Екіншіден, баланың  келешегіне үміт артып, тілек  айта отырып, оны жұбатушы ана  болашақтың шамшырағымен нұр  сәулесінен қуат алғандай әсер  етеді.

Үшіншіден, ата-ана жатқа  айтқан әуендерді тілі шыққан балдырғандарда жаттап әрі тілі дамиды, әрі сол  сөздерден тәлім алады.

Бесік жырларын мазмұнына  қарай: шілдехана, бесік тойы, жұбату және тілек айту деп топтауға болады.

Жаңылтпаштардың тәрбиелік  мәніне келер болсақ. Халық баланың  тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған.

Жаңылтпаштарды жаттап, жатттыға айту арқылы баланың ана тілін  ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім  алады.

Жаңылтпаштар тек жас  балалардың тілін ширату үшін ғана қолданылмайды, сонымен қатар жаңылтпаш  айтысып, тіл ұстартуды үлкендер де салтқа айналдырған болатын.

Шілдехана рәсімінің әдептілік  мәні зор. Шілдехана – нәресте  туған күннен бастап, үш күнге дейін, нәрестені әрі күзетіп, әрі ананы  қуаныш-шаттыққа бөлеп, ойын-сауық өткізу рәсімі.

Жарық дүниеге жаңа келген нәрестенің әсем әуен, күмбір күй, анасының үні қосылған дабыр арқылы сезім  жүйесі ояна түседі.

Халық салтында шілдехана  тойында ішімдікке жол беру - әрі  обал, әрі күнә, әрі қылмыс болып  табылады.

Балаға ат қою рәсімі, көбінесе, шілдехана ойын-сауық кешінде  орындалады. Ертеде нәрестеге ат қою  рәсімін жанұядағы ең үлкен ұлағатты кісі орындаған. Балаға ат қоюда қазақ  халқы, көбінесе, атақты адамдардың атын қоюды дәстүрге айналдырған. Мысалы: елін сүйген ерлердей болсын деп халық  ұл балаларын: Алпамыс, Төлеген, Бауыржан, Тоқтар десе, қыз балаларын Мәншүк, Әлия деп атайды, мөлдір махаббат пен  асқан сұлулықты қастерлеген  халық қыз балаларын көбінесе: Баян, Жібек, Ақтоты, Қарашаш деп  атайды.

Аттың атау кезінде жан  жүйеге әсер ететін, әдептілікке бейімдейтін  қасиеттері сол аттың өз мәніне байланысты болады.

Бата, тілек тілеудің тәрбиелік  мәні. Бата – адам баласына жақсылық ойлау, оған тілек айту қазақ халқының дінге байланыссыз алғашқы қауымда  қалыптасқан дәстүрі. Бата мен тілектің мағынасы бірдей, яғни бата дегеніміз  – тілек, тілек дегеніміз –  бата. “Үйің құтты болсын”, “Сапарың оң болсын”, “Жақсы жатып жайлы  тұрыңыз” деген тілектер қысқа баталық  сөздер.

Бата – адам баласына жақсылық ойлау, ол жастарды бірлікке, әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді.

Батаның түрлері өте көп, ал оның негізгі ой-мақсаты –  жақсылық тілеу, жеке адамды адамгершілікке тәрбиелеу.

Тілек - батаның “ұсыныс” түрі. Тілек айтушы өз тілегін ризашылықпен айтып, “Тәбетіңіз тартымды болсын”, “тату-тәтті тұрыңдар” дейді.

Бата, тілек жақсылық ниетпен  айтылып, жеке адамды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелейді, алға бастап арман биігіне көтереді, сенімділік пен батылдыққа баурайды.

Сауап, кесір, обал, ысырап, ырымның  тәрбиелік мәніне келер болсақ. Сауап, кесір, обал, ысырап – халық педагогикасының  күнделікті тәрбиелік тәсілдеріне  қолданылатын уәжімдері.

Сауап – басқаға жақсылық істеу. “Балам, анау қарияның жүгін  көтерісіп сауабын (батасын) алшы”, - дейді. Қазақ дәстүрінде “сауап жасау”, “сауабын алу” әрбір адамның адамгершілік борышы болып табылады.

Кесір – қалыптан тыс  анайы қылық, теріс әрекет, ақымақтықтың көрінісі. “Артылған нанды тастама  кесір болады” – деп айтады. “Асты қорлама, құстырады”, “Тойсаң  тоба қыл”, “Әр асқанға бір тосқан”  деген сияқты мақал-мәтелді халық  осы кесір-кесепатқа қарсы шығарған.

Обал – жақсы нәрсенің қадірін біл, оны тастам, түбінде  оның зарын тартасың деген ұғымды білдіреді. “Сүтті төкпе, обал болады”, - дейді әжесі. “Обал болады”  деп қатаң ескерту арқылы халық  ұрпағын адамның, жануардың, табиғаттың қадірін білуге тәрбиелейді.

Нанды баспа, нанды бір  қолмен үзбе, табалдырыққа тұрма т.б. Әрбір ырымның үлкен тәрбиелік  мәні бар. Халық осы ырым-тыйымдар арқылы өмір заңдылықтарын бұзбауға баурайды.

Жөн-жоралғы, кәде рәсімдердің  де өзіндік тәрбиелік мәні бар. Қазақ  халқының әдептілігі тарихи қалыптасқан  мәдени үлгі болып табылады.

 Әдептілік негіздері:  әдеп, рәсім, дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана. Халқымыздың салт-санасы – ұрпағына  берген үлгі-өнегесі, мәдени мұрасы.

Тұрмысқа байланысты әдет-ғұрыптарды орындау әрекеттері рәсімдер деп  аталады.

Халықтық әдет-ғұрып елдің  тұрмысына, кәсібіне, халықтық қасиеттеріне байланысты қалыптасты. Яғни, игілікті әдептердің ғұрыпқа, тұрмысқа еніп, қалыптасуы әдет-ғұрып көріністері болып  табылады. Жеке адамдар бір-бірінің  қуанышы мен сыйласымын сүйінші, шашу, көрімдік беру, байғазы беру т.б. рәсімдер арқылы көрсетеді, ортақ қуанышын білдіреді.

Қазақтың тыйым  рәсімдері  өте көп. Олар жас ұрпақты аруақты  сыйлауға, табиғатты қорғауға, әдепті болуға, қарапайымдылық пен имандылыққа  баулиды. Кітаптан аттама, кем балаға күлме, босқа үһілеме, пышақ кеземе, есікті керме т.б. тыйымдар ырымдық  ұғымдармен де байланысты.

Қазақта жасөспірімді тәрбиелеу  үшін, талап ету, талап қою рәсімдері  өмірлік, тұрмыстық ереже болып  қалыптасқан. Мысалы, қыз балаға: ізетті болу, таза жүру, әке-шешені күту, өнерлі болу, іс тіге білу, мейманды күте білу, үлкеннің жолын кеспеу, ұлттық дәстүрлерді құрметтеу т.б. талаптар қойылады. Сонымен қатар ер баланың да іскер, инабатты, батыл, ержүрек болып өсуіне қамқорлық жасалынады [46].

Міне, осы ата дәстүрлерін  сақтап, қазіргі таңдағы жаңаша тұрмысқа сәйкес ұйымдастыруымыз қажет. Сауап, кесір, ысырап, ырымдардың тәрбиелік  мәнін арттыра түсу үшін жанұялық ойындар әр түрлі қойылымдар қою  қажет. Бауырмашылдық, қайырымдылық, мейірімділік туралы балдырғандарға қызықты әңгімелер  оқып беріп, арнайы сұрақтар бойынша  әңгіме өткізіп, олардың бауырмашылдық  сезімдерін дамыту қажет.

Сонымен қатар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар мен айтыстар, өлең жырлар, ертегілер арқылы да оқушылардың  тәрбиесін жетілдіруге болады.

Мәселен, мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда – ақыл-ой тәрбиесі, өлең, жыр-дастандарда - әсемдік тәрбиесінің негізгі  принциптері, ал ертегілер халықтық тәрбиенің сан-алуан мәселелерін  қозғайтын тәлімдік материал ретінде  пайдалануға болады.

Бүгінгі мектеп оқушылары  жоғары мәдениетті, ой-өрісі кең, мамандығын еркін таңдай алатын, білімді болумен  қатар, өз халқының, өз ұлтының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ата-баба мұрасын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тарихы мен  әдебиетін, өнерін адамгершілік пен  имандылықты дәріптейтін қарым-қатынас, мінез-құлық қасиеттерді бойында  қалыптастыру керек. Бұл қасиеттер  халықтық педагогиканы самғатып тұрған алып күштер. Сондықтан да біз халық  – тәрбиеші, тәлімгер деп айтамыз. Себебі өскелең ұрпақты тәрбиелеу  ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арман тілегі.

Е.Н.Ильиннің: „Оқушының  рухани дүниесі мұғалім үшін негізгі  зерттеу нысаны болып табылады”, - деген пікірі оқушының рухани-адамгершілігін ынтымақтастықта дамыта оқытуды  көздегенін байқатады [47]. Мұндай озық педагогикалық тәжірибелер оқушылардың рухани адамгершілігін дамыту мақсатында қазіргі кезде біздің оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен қолданылуда.

Мектептегі тәрбие жұмысындағы  негізгі мәселе – оқушылардың  „субъект-субъект” аралық қатынасын  дамыту, әрбір адамның құндылығын, даралығын, ерекшеліктерін, сезімін  және өзіндік баға беруін қалыптастыру. Мұнда баланың назарын өз өміріндегі елеулі өзгерістерге бұрып, оны саналы түсінуіне қасиет-сапаларына баулу  көзделеді. Рухани адамгершілік тәрбиені қалай іс жүзіне асырамыз? Олар мына қағидаларды сақтағанда нәтиже береді. Егер:

-тәрбие үрдісі оқушылардың  рухани қасиеттерді игеруіне  бағытталса;

- оқушылар рухани адамгершілік  қасиеттерді қалыптастыру мақсатында  имандылық, әрекеттік, іскерлік қасиеттер мен дағдыларды игерсе;

- оқушылар жеке тұлғаның  және әлеуметтік мәні бар рухани-адамгершілік  қасиеттерді өз іс-әрекетінде, мінез-құлқы  мен тіршілік әрекетіне көрсете  алу мүмкіндігін ерікті таңдаса.

Бұл қағидаларды жүзеге асыруда  мектептерде жүргізілетін Әдептану пәнінің орны ерекше. Өз халқының, елінің әдеп-инабатынан, салт-санасынан қол  үзген адам басқа бір елдің  әдеп-инабат, әдет-ғұрып талаптарын қабылдауға мәжбүр. Өйткені адам қашан  да әдеп-дәстүр ортасында өмір сүреді, соларды бойына дарытып,. Соларды  рухани байлығы етеді, солардан бағыт-бағдар алады.

Демек, әдептілік, ар-имандылық  байырғы ата дәстүрінен бастау алмаса, құр жағымызды жанып, тілімізді  безесек, халықтарымыз әуелоден әспеттеген ар-намыс, ұят, нысап, турашылдық, жанашырлық, адалдық, обал-сауап туралы ұғымдар  жанымыз бен тәнімізді түгел  көмкеріп берік орын теппесе, экономика  да, мәдениет де,білім беру де үделі  жерден шықпайды.

Әдептанудың негізгі мақсаты  адамға жамандықтың зияндылығын  түсіндіріп, одан бойын аулақ салуға үйретіп, тура жолды - әдептілік, адамгершілік жолын сілтеу. Өйткені қоғамдағы  ең бағалы адам – ол иманды, әдепті адам. Қай қоғамда да әдеп жолға  қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы да бақуатты.

Сонымен бірге оқушыларға имандылық тәрбие берудің тағы бір  жолы – ертегі. Ертегі – имандылық  әліппесі  болып табылады.

М.Жұмабаев: „... Жан тұрмысы  өркендеу үшін, яғни ойы, ақылы кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баю үшін жас  балаға ертегі тым қымбат нәрсе” –  десе, атақты педагог Сухомлинский: „Бала кезде үш жастан он екі  жасқа дейінгі аралықта  - әр адам өзінің рухани  дамуына қажетті  нәрсенің бәрін де ертегіден алады”, - дейді [48,49].

Кез келген халықта ең алдымен  балаға тәрбие, білімді ертегі арқылы беруі – атам заманнан келе жатқан үрдіс. Ертегінің алғашқы мақсаты  – рухани-адамгершілік, имандылық  тәрбиесін беру, одан соң ол арқылы білім беру.

Мысал ретінде „Намыс”  ертегісінің үлгісін ұсынамыз.

Намыс („Керқұла атты Кендебай”  ертегісі бойынша)

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыны ертегі желісіне елтіте отырып, мазмұнын терең игерту;

б) ертегі арқылы оқушының бойындағы  адамзаттық құндылықтардың дамуына  ықпал ету.

Мұғалім „Керқұла атты Кендебай”  ертегісін әбден, мұқият оқып, жаттап,  сабақта кітапқа қарамай ауызша айта алатын жағдайға жетуі қажет.

Алдымен мұғалім ар-намыс  туралы түсінікті оқушылардың өздерінен  сұрайды. Оларға:

  • Намыс деген не?
  • Намыс сөзін қалай түсінесіңдер?
  • Намыс туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? – деп сұрақ қояды.

Айтқан мақалдарының бірнешеуін дәптерлерне жаздырады. Сонымен  қатар намыстың анықтамасын да жаздырады. – Намсы деген қасиет үш нәрсені қорғаумен болады. Олар мыналар:

  • иман;
  • отбасы;
  • отан.

Бірінші намыс – иманды жаман іс-әрекеттерден қорғаймыз;

Екінші намыс – отбасын  жаман адамдардан қорғаймыз;

Үшінші намыс – отанды жаулардан қорғаймыз.

„Бұл жазғандарымызды  талдап, терең мағынасын түсіну үшін ертегілер еліне саяхат жасап  келейік”, - деп, балаларды  ертегі әлеміне  аттануға даярлайды.

Ертегіні міндетті түрде  шын оқиғадай етіп айту шарт. Қойшы  баланың сөздерін аянышты, жыламсыраған дауыспен, ал Кендебай батырдың сөздерін нық сеніммен нақышына келтіріп айтса, көңілдері толқып, көздерінен жас  та ағады.

Ертегінің түйіні, аса назар  аударатын тұсы – Кендебайдың  алтын құйрықты құлындарды алып келіп, оған ханның қуанып, үлкен той жасап, батырды төрге отырғығзғандығы, қойған сұрағына жауабы:

„ – Мен хан баласы емеспін, адам баласымын. Өз атым Кендебай, ел мені Керқұла атты Кендебай деп  атайды. Сіздің еліңізге ерігіп келгенім жоқ, жұмыспен келдім. Екі бірдей жоқ  іздеп жүрмін... Намыс іздеп жүрмін, рұқсат болса айтайын”.

Ертегінің аяғын баяу, байыпты  сөздермен айтып аяқтаған соң, бір  сәттік үнсіздіктен кейін: „Ал, балалар, енді барлығымыз көздерімізді жұмып, қайтадан өз сыныбымызға оралайық”, - деп  ертегіні аяқтайды.

Информация о работе Салт-дәстүрлер негізінде оқушыларды тәрбиелеудің психологиялық –педагогикалық жолдары