Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 18:49, дипломная работа
Зерттеу пәні: Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларға тәрбие беру барысы.
Зерттеу міндеттері:
• Педагогикалық, психологиялық, философиялық, арнайы немесе әдістемелік әдебиеттерді зерделеу.
• Қазақ салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашу.
• Оқу процесінде қазақ салт-дәстүрлерінің пайдалану барысын айқындау.
Кіріспе..................................................................................................................4
1. Бөлім Салт-дәстүрлер негізінде оқушыларды тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық мәселелері………………………..10
1.1. Оқушыларға салт-дәстүрлер негізінде тәрбие берудің теориялық негіздері……………………………………………………………………10
1.2. Қазақтың салт-дәстүрлері негізінде оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу мүмкіндіктері мен педагогикалық –психологиялық шарттары……….23
2. Бөлім Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің мазмұны, формасы және әдіс-тәсілдері…………….45
2.1. Қазақ салт-дәстүрлерінің материалдарын қолдану арқылы оқушыларға имандылық тәрбие берудің психологиялық ерекшеліктері…………………45
2.2 Қазақ салт-дәстүрлері бойынша тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру барысында оқушыларға тәрбие берудің бағдарламасы мен әдістемесі……..57
Қорытынды………………………………………………………………...66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………68
Сабақты пысықтау мақсатында:
Балалар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты не?
Намыс деген үш нәрсені қорғау болып табылады, олар мыналар:
- иман;
- отбасы;
- Отан.
Оқушыларға Кендебайдың имандылығын, отбасын және Отанын қорғайтындығына дәлел болатын оның істеген әрекеттерін баяндайтын жерлерін айтып беретіндей жағдай туғызу керек.
Адам бойындағы жақсы және жаман мінез-құлық ислам діні бойынша әмір етілген немесе тыйым салынған іс-әрекеттер болып келеді. Бұл жақсы және жаман іс-әрекеттер төмендегіше нұсқалады.
Кесте4. Адам бойындағы жақсы және жаман мінез-құлықтар
Адам бойындағы жақсы және жаман мінез-құлықтар | |
А. Жақсы мінез-құлықтар |
Б. Адам бойындағы жаман қасиеттер |
1. Әділетті болу. 2. Кешірімшіл болу. 3. Екі кісінің арасын жарастыру. 4. Жолдастық пен ынтымақтастық. 5. Жомарт болу. 6. Еңбекқорлық. 7. Кеңпейілділік. 8. Тіл тәрбиесі. 9. Шыншылдық пен әдептілік. 10. Аманатқа қарайлау. 11. Ұялу. 12. Жұмсақ мінезді болу. 13. Арлы, намысты болу. 14. Ықыласты болу. 15. Ихсан (жақсылық жасау және шын ниетпен орындау.) 16. Сауатты, білімді болу. 17. Қайырымды және қанағатшыл болу. 18. Бауырмашылдық. 19. Қонақжайлылық. 20. Нәпсіге ие болу. 21. Сабырлы болу. 22. Сәлемдесу. 23. Сыр сақтау. 24. Уәдеде тұру. 25. Шүкір ету. |
1. Мазақтау мен лақап ат тағу. 2. Алдау. 3. Біреудің айыбын ашу. 4. Жасаған жақсылығын міндетсіну. 5. Сараңдық. 6. Араздасу. 7. Қайыр сұрау. 8. Бүлік шығару мен көре 9. Ғайбат айту. 10. Хақсыздық ету. 11. Ішімдік қолдану. 12. Жала жабу. 13. Ысырап ету. 14. Тәкәппарлық. 15. Кек сақтау мен қорқақтық. 16. Өсек тасу. 17. Құмар ойнауға әуес болу. 18. Ұрлық жасау. 19. Орынсыз сөйлеу. 20. Екі жүзділік. 21. Рия. 22. Пәре алу. 23. Балағатта мен қарғау. 24. Өтірік айту. 25. Күмәндану. 26. Зина жасау. |
Адам бойында кездесетін осы қасиеттерді оқушыларға түсіндіре отырып, жақсы қасиеттерді өз бойына жинауға, өзін тәрбиелеп отыруға үйретуіміз қажет.
Қорыта келе, батыр ағамыз Б.Момышұлы айтқандай “Әрбір үйде отбасы реликвиясының бұрышы болғаны жөн. Бұрындары жасалған ерліктерді сыйламай, қадірлемей тұрып, жаңа ерлікке шақыру бекершілік”.
Сондықтан жас ұрпақты ата-баба дәстүрі рухында тәрбиелей отырып, оларды адамгершілікке, инабаттылыққа баулыған абзал. Ол үшін әр отбасында қалыптасқан тұрмыс, салт-дәстүрі жүйелі тәртіптің болуы тиіс.
Республикамыздың түкпір-
Түптеп келгенде ата-анадан кейінгі бала, яғни оқушы тағдырының арқауына айналатын да осы мұғалімдер.
Жалпы әр ұлттың өсіп, жетіліп келе жатқан жастардың, жауқазын ұл-қыздарының өз елінің тілін, дінін, әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын, мәдениетін жете меңгерулеріне де бірден-бір атсалысатындар да осы тәлімгерлер.
Жастар - қоғам дамуындағы зор күш. Бұл кезең адамның өмірінің албырт, әрі мөлдір, ізденгіш талапкер кезі. Жастар біздің білімімізді, ғылымымызды дамытушылар.
2 Бөлім Қазақ
салт-дәстүрлері арқылы
2.1. Қазақ салт-дәстүрлерінің материалдарын қолдану арқылы оқушыларға имандылық тәрбие берудің психологиялық ерекшеліктері
Мектептегі оқу-тәрбие процесінде
қазақ салт-дәстүрлерінің
Ал, сол мектептердің оқушыларынан алған сауалнаманың қорытындысы бойынша сұралѓан 100% оқушылардың 70 % толық қазақ салт-дәстүрлерін қолдайтынын айтса, 30% қазақ салт—дәстүрлері оларды онша қызықтырмайтынын атап өткен.
Жас ұрпақты өнер сүйгіштікке, адамгершілік қасиеттерге баули отырып, елді қорғау, ар-намыс үшін күресе білуге, өзінің дінін, салтын сақтауға тәрбиелеу – біздің бірініші кезектегі міндетіміз.
“Адам ұрпағымен мың жасайды”, - дейді қазақ мәтелі. Ұрпақ жалғасытығымен адамзат баласы мың емес, миллиондаған жылдар жасап келеді және ол өлі жалғастық емес, сәт сайын өзгеріп, өрлей дамыған саналы тірлік. Адамзат еншісіне ғана тиісті сол тірлік дамыуының бағбаншысы – тәрбие. Демек, ұрпақ тәрбиесі қай заманның болмасын көкейтесті мәселесі болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейті нәрсе.
Қазақтың өзіндік салтындағы “Той бастар” айтқан жігіт, алтыбақан тепкен қыз-бозбала, … - бәрі-бәрі көкейіндегі ойын-сырын, мұңын тыңдаушысына ән әуезімен әрлендіріп, тас жүректің өзін елжірететіндей етіп жеткізген.
Қазіргі таңда қазақ салт-
Білім беру жүйксіндегі ұлттық және адамзаттық қазыналар мыналар:
жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен имандылық өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
қоғамның және мемлекеттің алдындағы және құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысуы.
Қазақ халқының зиялы азаматының бірі – Мағжан Жұмабаев қазақтың ұлттық мектебінің моделін ұсынған болатын. Онда „Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті десе, Міржақып Дулатов мектептің мақсаты туралы „...Жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру...” деп тамаша айтқан [50,51]
Оқыту – тәрбиеден
бір елі де бөлінбейтін
Кесте 6 Қазақ салт - дәстүрлерін оқу - тәрбие процесінде пайдалану сипаты
Жалпы азаматтық тәрбие – ұлттық ерекшеліктерден бас тарту емес, қайта оларды анығырақ тану, зерттеу, олардағы алдыңғы қатарлы элементтерін барынша пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады.
Ұлттық салт-дәстүрлерді зерттеу төмендегі міндеттерді шешуге бағытталуы қажет:
Бұл мәселені шешу үшін салт-дәстүрлерді оқу-тәрбие процесінде пайдалану әдістемесіне талдау жасалу қажет:
А) салт-дәстүрлерді
оқу-тәрбие процесінде
Ә) сан алуан әдістемелік жолдарын қарастыру;
Б) практикалық жаттығулар, яғни салт-дәстүрлерді іс-жүзінде пайдалану, қолдану;
В) салт-дәстүрді әдетке айналдыру, яғни мінез-құлық көрінісіне жеткізу.
Олай болса, халқымыздың ұлдарымыз бен қыздарымыздың санасына сіңіріп, салт-дәстүрін сақтауға, әдет-ғұрпын кеңінен қолдануға үйрету үшін әр сабақта тиісті жерінде пайдалана отырып қалыптастыруымыз керек.
Осы мақсатты жүзеге асыру
үшін әр пәнді өту барысында қазақ
салт-дәстүрлерінің
Мысалы, UI сыныптың қазақ тілі сабағында “Мақал-мәтел” тақырыбында оқушыларға төрт түлік малға, достыққа, бірлікке, еңбекке байланысты мақал-мәтелдерден білетінін айтқызып, олардың мағынасын түсіндіру қажет.
Оқушыларды екі топқа бөліп төрт түлік туралы өлең-жырлар, мақал-мәтелдерді көп айтқан топтың жеңімпаз болатындығы ескеріліп, ол малдардың бізге қандай пайдасының барын, олар туралы жұмбақтарын жасыртып, шешуін шешкізу қажет.
Сабақта қазақ халқының шашуды қай кезде шашатынын сұралып, білмейтіндеріне шашуды қай кезде, қалай шашатындығы туралы түсіндіріледі. Шашудың құдаларға, жаңа түскен келінге шашылатыны айтылады.
Арнаулы “Білім мен салт-дәстүр сыны” атты жасалған қалталардан оқушылардың өз қалауы бойынша карточкалар алынып, берілген сұрақтарға жауап алынады. Бірі – сабақтың негізгі тақырыбына байланысты сұрақ та, екіншісі – халықтық дәстүрге байланысты сұрақ.
9-сыныптың қазақ тілінен
сабақтас құрмалас сөйлемнің
түрлеріне байланысты
Оқушыларды екі топқа бөліп, әр топ өздерінің қалауы бойынша “Мұрагер” және „Шаңырақ” деген сияқты ат қояды. Әр топ өзінің білімін, тапқырлығын, жылдамдығын, шешендігін берілген тапсырмаларды орындау арқылы көкпар сайысына түсіп, жеңген топ өзінің көкпарын және бәйгесін алады.
Оған қосымша, оқушылардың білімі мен дәстүр сайысына байланысты “Хан талапай” ойынын ойнатуға болады. Бұл жерде оқушылар біріншіден, ұлттық ойынды үйренсе, екіншіден, өздерінің білімін сынаққа салады.
“Хан талапай” ойынында оқушылар дөңгелене отырады, ал ойын жүргізуші қолындағы асықтарды ортаға қарай шашады. Ойын кезінде кім аз асық жинап алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты – балалардың жылдамдығын күшейту, жұлын-жүйкелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілетін жетілдіру.
Бесінші сыныптың қазақ тілінен фонетика мен зат есімге байланысты саяхат сабақ өткізіледі. Дауысты, дауыссыз дыбыстарға байланысты Қожанасыр мен Алдар көсе,Төле би, Бөгенбай батырлардың ауылына жол тартып, сол жерлердегі сынақтардан өткізіледі. Сол сыннан өтсе билер мен батырлар ауылына жіберіледі.
Даусты, дауыссыз дыбыстар мен зат есімдердің тәуелденуі мен септелуіне байланысты “Сақина салу”, “Теңге алу”, “Аңға шығу” ойындарын ойнату арқылы оқушыларға өтілетін тақырыпты қызықты етіп меңгеруге әрі ойынды үйренуге болады.
Халық психологиясы – халықтың ең берекелі, ең парасатты тәжірибесі.
Халық педагогикасы дәстүрлерін өсімдіктер дүниесімен бірге қарастыратын болсақ, ортақ мүдделерін кездестіреміз.
Мысалы, мектеп жасына дейінгі балаларға өсімдікті жұлма, таптама деп айтсақ, ал мектепке келген оқушыларды білім бұлағымен сусындатып қана қоймай, халық арасында кең тараған аңыз-әңгіме, мақал-мәтел, жұмбақ, ырым мен тыйым сөздер, өлең-жырлар т.б. арқылы атамекеннің бір бөлшегі - өсімдіктерді қорғауға, аялауға тәрбиелейміз.
“Табиғаттану” пәнінің көптеген сабақтарында халық педагогикасының дәстүрлерін қолдану мүмкіндігінің мол екендігін байқауға болады. Халық педагогикасының дәстүрлері сабақ өту барысында тақырыптың мазмұнын ашуға, оқушылардың назарын сабаққа аударуға, өтілген сабақтың есте ұзақ сақталуына көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар оқуышларға экологиялық, эстетикалық тәрбие береді.
Халық психологиясы мен педагогикасының дәстүрлерін өсімдіктер әлемімен байланыстырғандықтан, ең алдымен осы өсімдіктердің атауының шығу тарихына тоқталу қажет.
Ат қоюда қазақтан шебер халық жоқ. Олар қойған атаулардан поэтикалық образдар мен нақтылы бейнелерді көруге болады. Мысалы, қарааспан, ақ келін, киізкиік, әсемсары, меңдіқара т.б.